Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты


МАЗМҰНЫ
қысқартылған сөздер тізімі . . . 3
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ ТАРАТПАУДЫҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ . . . 10
- Ядролық қару-жарақты тараптау мәселесі - халықаралық және аймақтық деңгей . . . 10
- Иранның қазіргі кездегі ядролық саясаты . . . 17
- Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты . . . 26
ІІ ТАРАУ ИРАН-РЕСЕЙ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОРНАУЫ ЖӘНЕ ИРАНЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ РЕСЕЙ САЯСАТЫ . . . 32
2. 1 Қазіргі таңдағы Ресей-Иран саяси қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы . . . 32
2. 2 Ядролық саладағы Ресей-Иран өзара әрекеттестігі . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
ҚОСЫМШАЛАР . . . 67
қысқартылған сөздер тізімі
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АҚХА - Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі
АЭС - атом электр станцияларын
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ ҚК - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі
ГФР - Германия Федеративті Республикасы
ЕО - Еуропалық Одақ
ИИР - Иран Ислам Республикасы
ИКҰ - Ислам Конференциясы Ұйымының
ИАЭҰ - Иран атом энергия ұйымы
КСРО - Кеңестік Социалистік республикалар одағы
КХДР - Корея Халық Демократиялық Республикасы
МАГАТЭ - Халықаралық атом қуатына қатысты агенттігі
МҚК - Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің
РФ - Ресей Федерациясы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
ЯҚТК - Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ядролық мәселесі - барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның бәрін ойластыру біздің ұрпаққа жүктеліп отыр. Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері - ХХІ ғасырдағы аса көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.
Менің көзқарасымша, таратпау саласындағы бүгінгі ахуал көңілдегіден көп төмен жатыр. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім (ЯҚТК) өзіне артқан сенімді ақтай алмай отыр. Өйткені, ол асимметриялы болып табылады және ядролық қаруы жоқ елдерге қатысты санкцияларды ғана қарастырады. Ол МАГАТЭ мен БҰҰ-ның мемлекеттердің ядролық нысандарға халықаралық инспекторлардың жіберілуінен ауытқу фактілеріне нақты да түсінікті ықпал ету тетіктеріне ие емес. Ақыр аяғында ЯҚТК өзінің қатысушыларына қол қоюшылар қатарынан ешқандай салдарсыз шығып кетуіне мүмкіндік береді. Осы жағдайлардың барлығы келісімнің тиімділігі мен нақтылығын әлсіретіп отыр.
Сондықтан, ЯҚТК-нің әмбебап режімін нығайтуға және бекемдеуге ықпал ете отырып, Қазақстан сонымен бір мезгілде ядролық қаруды таратпаудың жалпыға ортақ горизонтальды және вертикальды жаңа да әмбебап келісімін жасау идеясын алға тартты. Аталған құжат “қосарланған стандарттарды” қолданбауға кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар, тараптардың нақты міндеттемелерін және оның ережелерін бұзғандарға санкция қолдану тетіктерін қарастыруы қажет.
Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлем назарында ең күрделі, ең қатерлі мәселе болуда. Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы қатысып келген. «Қырғи қабақ» соғыс кезіндегі бәсекелестікте бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі өмірге шексіз қауіп төндіргені белгілі. Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын атасақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресей ресми мәліметтері жобалайды [1] .
Кейінгі жылдары Иран елінің ядролық бағдарламасы халықаралық сахнада дау туғызып, аймақтағы тыныштыққа өз әсерін тигізуде. Ол туралы, әсіресе АҚШ және Израиль тарапы дүркін-дүркін Иранды бомбалау керектігін «дәлелдеп» келді. Олар жақын арада Иран атом қаруын игеріп, басқа елдерге қарсы қолданудан тайынбайды-мыс деген мәліметтерді таратып, Орталық Азия, Парсы шығанағындағы елдерді шошындырды. Дж. Буш бастаған Вашингтон әкімшілігі кейінгі 4-5 жыл ішінде неше рет осы мәселені БҰҰ ҚК талқыға салғызып, 3 қарар қабылдатқызған. Иранның Бушердегі атом электр станциясын салғызуын, оған жарамды уранды байытуға арналған жабдықтарды іске қосуын атом қаруын жасауға бағытталған жоспар деп Тегеранды кінәлаған. Иранға Халықаралық атом қуатына қатысты агенттігінің (МАГАТЭ) өкілдерін жібергізіп, бақылау шараларын да жүргізген. Олар көптеген орталықтарды тексеріп, қазіргі кезде ядролық қару жасауға кіріспегені, керек болса шамасыздығы да ескерілмеген. Ол туралы МАГАТЭ басындағы М. Бараден бірнеше рет мәлімдеген. 2008 жылы 15 қыркүйектегі баяндамасында осы Агенттік Ирандағы ядролық заттар есептеулі және әскери бағытта пайдаланбағандығын жария еткен болатын [2] .
Иран болса ядролық ізденістерді 40 жылдан астам бұрын бастаған еді. 1950 жылдары ол бағытта АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция сияқты елдер өздеріне дос болғандарға осы салада зерттеу жүргізуге көмектескен. КСРО-ның ынтымақтасуымен ядролық реакторлар Қытайда, Солтүстік Кореяда, басқа социалистік және дамушы мемлекеттерде салынған. Дубно қаласында олардың мамандары даярланған.
1957 ж. Иран үкіметімен АҚШ ядролық қуатты бейбіт мақсаттарда қолдану туралы келісімшарт жасасқан болатын. Содан кейін Америкадан Иранға қажетті ядролық жабдықтар жеткізіліп, оларды игеретін мамандар жіберілген. Иран жастары мен ғалымдары АҚШ-тың оқу орындарында, арнайы зерттеу орталықтарында тәжірибе алуға мүмкіндігі болды. Он жыл өткенде батыс елдерінің көмегімен (оған АҚШ жағынан берген жәрдем басым болғаны мәлім) Тегеран университетінің физика факультетіндегі ғылыми-зерттеу орталығында шағын қуатты (5 Мвт) реактор іске қосылған. Ол әр жылы 600 г плутоний игеруге шамалы еді. Алғашқы кезде оған жарамды шикізатты Аргентина жіберіп тұрған. Бұл іс-шаралар МАГАТЭ бақылауында болып, заңды түрде жүргізіліп жатты.
Иран 1968 ж. өмірге келген ядролық қаруды таратпау шартын қолдап, мәжілісте ратификациялады. 1974 ж. мамырда Иранның ядролық зерттеулері бейбіт бағытта болуын мойындай, МАГАТЭ кепілдік келісімге қол қойды. Иран атом электр станцияларын (АЭС) салу арқылы ядролық қуатын пайдалануды ойластырған. Алғашқы кезекте Батыс Германия, Франция, сондай-ақ АҚШ фирмалары оған атсалысқан. АЭС жұмыс істеу үшін байытылған уран қажет, елде оны өңдеу де қарастырылған. Алғашқы бағдарлама бойынша Иранда 20-дан астам энергоблок салу көзделген. Үкімет тұсында атом қуаты бойынша арнайы орган құрылып, оған уран қорларын іздестіру, ядролық отын өндіру мәселелерін жүктеген. АҚШ бастаған бір топ Батыс елдерінің компаниялары Бушерде және Азвазда екі-екіден төрт энергоблок құруға кірісіп, оларды 1980-1981 жж. және 1983-1984 жж. аяқтауды жоспарлаған. Аталған құрылыстар қыза түскенде Иран халқы сатқын шаһ билігін құлатып, елде жаңа тәртіп орнатты. Ұлттық мүддені алға тартқан күштер өкіметті қолға алды. Оның саясаты АҚШ-қа мүлдем ұнамады. Батыс елдері Иранмен ынтымақтастығын үзуге кірісті. Шеттен келген мамандар кетіп қалды. Бушер түбіндегі бірінші энергоблоктың дайындығы - 90%, онда орнатылған жабдық көлемі - 60%, ал екіншісі 40-75%-ға дейін дайын болған еді. Олар аяқтаусыз қалды. Ал 1980 ж. күзде Ирак Иранға қарсы соғыс ашып, ядролық кешендерді бомбалай тастады. Сегіз жылға соғыс кезінде Иран басшылығы қазіргі кездегі қару-жараққа ие болуды өзекті мәселе ретінде қарастыруға барған. Содан бері зымырандарды игеруге қол жеткізді. Аймақтағы Израиль 1970 жылдары, Үндістан мен Пәкістан 1990 жж. атом бомбаларын иеленгені бұл елге өз әсерін тигізбей қоймаған, әрине Парсы шығанағында орныққан АҚШ әскери базалары мен жүздеген мың әскери бөлімшелері де Иранды сескендіріп тұрғаны белгілі. Бұл жағдай 1991 ж. Ирактық Кувейтке қарсы шабуылынан кейін одан әрі қарай шиеленісіп кеткен. Батыс елдері Иракты тырп еткізбей ұстап, анда-санда оны жазалап тұруы бүкіл Таяу және Орта Шығысты үрейлендірді.
Келешекте Иран тағы да бірнеше атом станциясын салуға ниет білдіруде. Оларды салу, уран отынымен жабдықтау өте көп пайда беретіні белгілі және ол саланы игеріп алу саяси-әскери қауіпсіздікке тікелей қатысы бар. Иран әрекеттері жалпы бейбіт істер, оған әр егемен мемлекет құқылы. Жақында Иран президенті М. Ахмединежад Астанаға ресми сапар жасағанда осы мәселені қарастырған. Екіжақты келіссөздер кезінде Қазақстан президенті Н. Назарбаев «Иран басқа елдер сияқты бейбіт атом қуатына толық құқықты» дегені көпшілік арасында қолдау тапты [3] .
Аймақтағы Ирак пен Ауғанстанның тағдырын, Палестина, Ливан, Сирия жағдайларына талдау жасай, өзін отыз жыл бойы қысымға алып, әне шабуылға шығымыз, міне шабуылға шығамыз деп шошындырып жүрген елдер саясатына тізе бүкпей, қарулы күштерін нығайтып келген Иранды түсінуге де болады. Әрине, ядролық қарумен ойнауды, оған талпынуды қолдау керек емес. Қазақстан басшылығы ол қарудың таралмауын біртіндеп қысқартып, түбінде жоюды қолдап отыр. АҚШ-тың Барак Обама бастаған жаңа әкімшілігі Ресеймен келіссөз бастай, стратегиялық қаруларды қысқарту туралы ұсыныс жасады. Ядролық қаруды таратпауды бейбіт жолдармен реттеу аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігін ұмытпаған жөн. Сондықтан оны тек саяси-дипломатиялық жолдармен реттеу - күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты - жаңа ғылыми білім алуға қажетті Иранның ядролық саясатының қалыптасуы мен дамуы және ондағы Ресей Федерациясының ұстанымын жөніндегі өзара ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің даму эволюциясына кешенді сараптама болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа сай төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі туындады:
- Халықаралық қатынастар мәселесіндегі ядролық қауіпсіздік мәселесін карастыру;
- Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұйымдардың рөлін қарастыру;
- Қазіргі өркениеттегі ядролық қаруға ие мемлекеттердің саясатын анықтау;
- Иранның ядролық саясатын қарастыру;
- Иран-Ресей дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауы;
- Ираның ядролық бағдарламасына қатысты ресей саясаты;
- Ядролық мәселені шешудегі тиімді жолдарын анықтау.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың екінші жартысынан, яғни ядролық қарудың алғашқы сынақтарының жүргізілген кезеңі, Ядролық қаруды таратуға тыйым салу келісімінің қабылдануынан бастап бүгінгі күнгі ХХІ-ші ғасырдың екінші онжылдығы аралығындағы ХХ және ХХІ ғғ. деректермен дәлелденген халықаралық қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі, Иранның ядролық саясаты және ондағы Ресей ұстанымының ерекшелігі мен болашағын қамтиды.
Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі.
Зерттеу жұмысының тақырыбын зерттеу мақсатында отындық, ресейлік және батыстық зерттеушілер еңбектері қаралды.
Қазақстандық тарихнамада Иранның ядролық саясаты, аймақтағы қауіпсіздік мәселесі контекстінде зерттеу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің ғалымдар ұжымының зерттеу пәні болып табылады. Иран және аймақтағы ядролық қауіпсіздік мәселесі К. Кожахметовтың мақаласында қарастырылған [4] . Иран мен Ресейдің стратегиялық одақтастығы, оның тарихы мен қазіргі жағдайы М. С. Мырзабековтың [5], Иранның яролық бағарламасының негізгі мақсаттары Т. Н. Махмұтовтың [6], Иранның бүгінгі саясатындағы өзекті мәселелер Қ. Ә. Жүністің [7] еңбектерінде қарастырылған.
Ресейлік тарихнаманы саралай келе кеңестік және ресейлік ірі Иран-шығыстанушылардың бірі А. З. Арабаджян [8] өзінің «Сверхдержавы и ИРИ» деген мақаласында: «Қазіргі кезде «ИИР мен ұлы державалар» арасындағы аспект Иранның оларға ядролық держава ретіндегі қатынасын анықтау аспектісі болып табылады. Бұл аспект ИИР-ден батысқа да, шығысқа да ядролық қаруы бар елдердің болуымен күрделенеді. Қалыптасқан жағдай ИИР-ның ядролық қаруының болмауына мазасыздығын түсіндірді» деп жазды. Яғни Ядролық қару мәселесі бүгінгі күні Ресейдің зерттеу пәніне де айналып отыр. Израильдің ядролық бағдарламасы И. А. Новиковтың [9], ядролық энергияны бейбітшілік мақсатта қолдану туралы Е. С. Мелкумянның [10] еңбектерінде аталып өткен. Сонымен қатар, Денчев К. [11], Агаев С. Л. [12], Воскресенский А. О. [13] және т. б. аталмыш мәселе туралы бірқатар зерттеулер жүргізген.
Ядролық қаруды таратпау мәселесі, Иранның қазіргі кездегі ядролық саясаты батыстық зерттеушілердің де назарын өзіне аударады, оларды біз батыстық тарихнамаға жатқызамыз.
Иранның ядролық құралдау жасау технологиясы туралы бірқатар батыстық зерттеушілер еңбектерін жариялады. Солардың қатарында Кордесман А. [14], Коен А. [15] сынды батыстық зерттеушілерді атап өтуге болады.
Қазіргі таңда Ресей Федерациясымен қарым-қатынас Иран сыртқы саясатының маңызды бағытының бірі болып табылады. Осыған байланысты Иранның ядролық бағдарламасындағы Ресей ұстанымы бірқатар ирандық ғалымдардың зерттеу пәніне айналды. Мехди С. [16], Акбари А. Р. [17], Ноурузи Н. [18], Вартанян А. М. [19], Балуджи Г. А. [20], Сахими M. [21] сынды зерттеушілер өз еңбектерін жариялады.
Осылайша, жұмысты жазу барысында иран-ресей қатынастар тақырыбына арналған зерттеулер қатары талдауға жеткілікті болды деуге болады. Жұмыста қызықты және маңызды қорытындылар мен мазмұндар қолданылды.
Отандық, ресейлік және батыстық зерттеушілердің жұмыстарын зерттеу Иранның ядролық саясатының мәні мен қисынын, Ресеймен ядро саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуын түсінуге мүмкіндік берді.
Зерттеудің деректік негізі.
Бітіру жұмысы аясы кең қайнар көздердің негізінде ашылды және оларды төмендегідей 4 топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын ядролық қаруды таратпаудың жаһанды мәселелері, Иранның ядролық саясаты, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Ресей ұстанымын құқықтық негізін заңнамалық, нормативті-құқықтық сипаттағы құжаттар құрайды.
Дерек көздердің екінші маңызды тобын саяси-дипломатиялық құжаттар - келісім-шарттар, келісімдер, хаттамалар екіжақты декларациялар құрайды.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ядролық қаруды таратпауға байланысты бірқатар келісімдер қабылданды. Ең негізгілері мыналар болып табылады: 1967 жылғы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім [22], Тегеран келісімі [23], Париж келісім-шарты [24], 2001 жылы 12 наурыздағы Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығының өзара әрекеттестігі негіздері мен принциптері жөніндегі Келісімі [25] және т. б. Сонымен қатар бітіру жұмысында екі елдің СІМ шығаратын құжаттар, материалдар және дипломатия хронологиясы пайдаланылды.
Дерек көздердің үшінші тобы екіжақты қатынастың қазіргі жаңа кезеңіне жатады және ядролық саясатқа қатысты мемлекеттердің ресми позициясына қөзқарас білдіру арқылы маңызды. Бұл мемлекеттік және саяси жетекші қайраткерлердің, ресми тұлғалардың шығармаларында, баяндамаларында, өзара сапарлар барысында сөйлеген сөздерінде және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында айшықталады және екіжақты ынтымақтастықтың приоритетті бағытын аша түседі.
Ирандық мемлекеттік қайраткерлер - М. Ахмадинежад [26], вице-президент Парвиз Давуди [27], Израиль Премьер-министрі Бен-Гурион [28] және т. б.
Келесі төртінші топты Иранның жылдық статистикалық жинақтарында көрсетілген ресми статистикалық мәліметтер мен Ресейдің мемлекеттік статистикалық мәліметтері құрайды. Олар Иранның ядролық әлеуетін анықтауға көмектеседі.
Сонымен қатар бітіру жұмысын жазу барасында бірнеше мерзімді басылымдар қолданылды. Олардың қатарында: The Military Balance, Nucleonics Week, «История востока», Middle East Review of International Aff airs, Азия и Африка сегодня және т. б.
Бітіру жұмысының теориялық және әдістемелік негізі - жаппай қырып жою саласындағы қауіпсіздік интеграцияның, атап айтқанда, ядролық қаруды таратапау мәселелерімен айналысатын ТМД-ның және шетел ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне негізделеді.
Зерттеу кезінде әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: абстрактілі -логикалық әдістердің ғылыми тәсілдердің жиынтығы, экономика-статистикалық, бағдарламалық-мақсатты әдістер, сонымен қатар салыстыру, жинақтау, экспертті бағалаулар мен болжау әдістері.
Зерттеу үрдісі кезінде Иранның, Ресей Федерациясының cтатистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, жаппай қырып жою қару-жарақтарын таратпау туралы халықаралық ұйымдардың нормативті-құқықтық актілері мен басылымдары пайдаланылды.
Бітіру жұмысының құрылымы зерттеу мақсаттары және талаптарымен анықталады. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан, жалпы көлемі 69 беттен тұрады.
І ТАРАУ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ ТАРАТПАУДЫҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. 1 Ядролық қару-жарақты тараптау мәселесі - халықаралық және аймақтық деңгей
Ядролық қару-жарақты таратпаудың қазіргі іс-әрекеттегі халықаралық тәртібі Ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі келісімге қол қойған күннен бастап, яғни осыдан 35 жыл бұрын қалыптасты. Оған қол қойған ядролық қарудан азат елдер Келісімнің ІІ бабына сәйкес «ядролық қрау немесе басқа да жарылғыш ядролық құрылғыларды алмауға, және де осындай түрдегі қару-жарақтарды немесе жарылғыш құрылғыларды тікелей түрде де, жанама түрінде де бақыламауға; қандай да бір әдіс-тәсілдер арқылы ядролық қару жарақты шығармауға және ие болмауға, ядролық қару жарақтарды шығаруға қатыспауға және көмек көрсетпеуге» міндеттенді [22] .
ЯҚТК 1967 жылдың 1 қаңтарына дейін ядролық қару-жарақ немесе ядролық жарылғыш құрылғыларды шығарған және жарып үлгерген санатындағы ядролық қаруы бар державаларға ядролық қару-жарақты иемденуге және оны әрі қарай жетілдіру құқығын бекітті. Сол кезеңде мұндай мемлекет 5 болды - АҚШ (ядролық қару-жарақ шығарды және 1945 жылы оны сынақтан өткізді), КСРО (ядролық қару-жарақ шығарды және 1949 жылы оны сынақтан өткізді), Ұлыбритания (ядролық қару-жарақ шығарды және 1952 жылы оны сынақтан өткізді), Франция (ядролық қару-жарақ шығарды және 1960 жылы оны сынақтан өткізді), Қытай (ядролық қару-жарақ шығарды және 1964 жылы оны сынақтан өткізді) .
Сонымен қатар, ЯҚТК қол қойған ядролық қарудан азат елдерге IV бабына сәйкес «бейбіт мақсаттарда ядролық энергияны зерттеуді дамытуға, өндіруге және пайдалануға» құқық берілді [22] .
Алайда ЯҚТК-ге қол қою кезеңінде бұл келісімнің әмбебап сипатқа ие болмайтындығы белгілі болды. Себебі бірқатар елдер келісім дискриминациялық сипатқа ие және ұлттық мемлекеттік мүдделере жауап бермейді деп келісімге қол қоюдан бас тартты. ЯҚТК-ның бес басты сыншылары - Үндістан, Израиль, Пәкістан, ОАР және Бразилия - ядролық қару-жарақ шығару жұмыстарын бастады. Бразилиядан басқа 4 мемлекет ядролық қару шығарды (ОАР-дағы апартеид тәртібі өзінің ядролық арсеналын 1980-жылдардың соңында таратты), ал әлемдік қауымдастық, соның ішінде 5 ядролық держава бұған тосқауыл бола алмады.
Олар қарапайым себептердің арқасында мұны істей алмады, себебі жаңа ядролық мемлекеттер ЯҚТК аясынан тыс болды, сол себептен олар халықаралық-құқықтық шектеулермен шектелмеді. Осындай жағдай бірқатар ядролық қарудан азат елдерде ЯҚТК аясынан тыс қалған елдер ЯҚТК қол қойған елдерге қарағанда ұтыс жағдайында болатындығы туралы ой қалыптасты. Мұндай ой соңғы 20 жылдар бойы орын алған оқиғаларда барынша нығайды:
- 1986 жылы Израильдің ядролық бағдарламасын әшкерелеген соң, оның артынан бұл елге қарсы ешқандай да халықаралық санкция салынбады.
- 1993 жылы КХДР ешқандай да салдарсыз ЯҚТК құрамынан шықты;
- 1998 жылы Үндістан мен Пәкістан ядролық сынақтар жүргізді. Бұл елдерге қатысты халықаралық қауымдастық тарыпанан ешқандай санкциялар салынбады;
- 2005 жылы КХДР ядролық қаруы бар екенін жариялады, бұл елге қатысты ешқандай халықаралық санкция салынбады.
Осылайша, көптеген елдерде объективті себептерге байланысты дербес ядролық қару құру ешқандай ауыртпалықсыз үдеріс деген ой қалыптасты. Мұндай көзқарас Израиль мен Пәкістанның әскери ядролық бағдарламасының тарихы мен жағдайын зерттеу кезінде ушыға түседі. Бұл елдерде ядролық қару-жарақтың болуы Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азия аймағының онсыз да күрделі геосаяси жағдайын күрделендіріп жіберді.
Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азия аймғындағы жаңа ядролық державалардың пайда болуы ядролық қару-жарақты таратпау жүйесіне ғана емес, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке де қауіпін тудырды.
Егер Израильде (өзінде ядролық қару-жарақтың бер екендігін мойындамай оны ядролық держава деп атауға болмайды) басқа елдерге дербес қару-жарақ жасауға мүмкіндік беретін технологияларды бақылаудың тиімді ұлттық жүйесы жұмыс жасаса, Пәкістанда бұл жүйенің тиімділігі күмән тудырады.
Локалды қақтығысты аймақтардағы елдердің ядролық қару-жарақты қолдану мүмкіндігі аймаққа және әлемге барынша көп қуаіп тудырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz