Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. ҚАЗАҚСТАН ПЕТРОГЛИФТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1. 1 Петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы . . . 13
1. 2 Жетісу-Қаратау тас бетіндегі таңбаларының зерттелуі . . . 27
1. 3 Сарыарқа және Шығыс Қазақстан тас бетіндегі суреттердің зерттелуі . . . 43
II. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ПЕТРОЛГИФТЕРІ
2. 1 Алтай, Тарбағатай тастағы таңбалары . . . 53
2. 2 Шыңғыстау, Абыралы тас бетіндегі суреттері . . . 65
III. «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ПЕТРОЛГИФТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН ТАРИХ КУРСЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
3. 1 Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі . . . 77
3. 2 Сабақ үлгілері . . . 87
3. 3 Сыныптан тыс жұмыстар . . . 95
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 101
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 103
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 107
ҚОСЫМШАЛАР . . . 108
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан жеріндегі тас бетіндегі бейнелер өзінің жасалу техникасы, мазмұны және композициясы жағынан әр түрлі дәуірлерді қамтиды. Қазақстанның түкпір-түкпірлерінеде жүргізілген археологиялық экспедициялар мен барлау жұмыстары мұнда өте ертеде-ақ өмір сүрген жергілікті мекендеушілердің белгілі дір дәрежеде дамыған, өзіндік мағыналы материалдық мәдениеті болғандығын дәлелдейді [16, 188] .
Әрбір хронологиялық дәуірлердің қол жеткен мәдени жетістіктерінің ескерткіштері өзара тығыз байланысып, өзіндік қасиеттерімен көрінеді.
Ал, аға буын өкілдерінің зерттеп білгендеріне қарағанда Қазақстан жерін қадым заманнан бастап-ақ мекендей бастаған дала тайпаларының түркі-қыпшақ, монғол қосындыларымен біте қайнасқан, түп-тамыры бірегей рухани жетістіктермен жасалған өзіндік көне мәдениеті болған.
Сурет тектес жазулар - петроглифтер Қазақстан жерінде өте көп таралған. Көне мәдениеттің қалдықтарынан, қазақтың дәстүрлі өнерінен, тасқа салынған суреттерден бізге дейінгі жеткен жазба деректерден халқымыздың жасампаздығы мен шығармашылығын аңғаруға болады.
Демек, біз тоқталғалы отырған тасқа қашалған суреттер (петроглифтер) көне дүние куәлары. Археологияда «көне дүние куәлары» деп ерте заманнан қалған заттық белгілерді айтса, жазба ескерткіштер рухани мәдениет мұралары болып табылады. Соның ішінде Шығыс Қазақстан территориясында кең таралғаны тасқа салынған суреттер - петроглифтер, көркем орындалуымен, әдемі нақышымен және салынған суреттердің жан-жақтылығымен зерттеушілерді қызықтырады.
Петро - «петро» - латынша тас, «глиф» - грекше жазу деген ұғымды білдіреді. Толық мағынасы - тастағы жазу. Тастағы жазулар тарихи-археологиялық ескерткіштердің бірі. Өйткені жартас суреттері бір жағынан адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, һәм ашық аспан астындағы галерея болса, ал екінші жағынан өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Яғни бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне, діни наным-сенімдері мен әдет ғүрыптарына, дүниетанымына, қоршаған ортасына және тағы басқа әрекеттеріне байланысты хабарды осы тасқа салынған суреттер арқылы ала аламыз. Бұл суреттер жеке бейнелерден бастап күрделі композицияға дейінгі туындыларды қамтиды.
Қазақ даласы осындай мағлұматтар беретін жартас суреттері жиынтық орындарының көптігі жөнінен Еуразия континентіндегі алдыңғы орындардың бірін алады. Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда әр тарихи кезеңді қамтитын тастағы суреттердің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Олардан табылған ескерткіштерге байланысты еліміз бен бірқатар шетелдердің баспа беттерінен арнайы еңбектер жарық көріп, өз орындарын әлем мәдениеті мен ғылымының алтын қорынан орын тапса, ал олардағы кейбір бейнелер − түрлі басылымдардың мұқабасын безендіріп, халықаралық конференциялар мен байқаулардың және басқада дүниелердің таңбасына айналып отыр.
Жоғарыда айтылғандай, ұлттық мәдениетіміздің бір тармағы болып саналатын - Шығыс Қазақстан петроглифтері бүгінге дейін жеткілікті әрі жүйелі түрде зерттелмеген, кең мағынада әлі де ескерілмеген дүние екенін айтамыз.
Және бұл тақырыпта қалам тартып, түбегейлі зерттеулер жүргізу бүгінгі қазақ ғылымының алдындағы жаңа міндет деп түсінеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақ жеріндегі тасқа салынған суреттерге 11-ғасырдың ортасында өмір сүрген атақты ғалым Әл-Бируни алғашқылардың бірі болып көңіл аударған, ел қалмақтардың жұмбақ тас суреттері бар жерлерге табынатынын айтқан [16; 37] .
Қазақстандағы тасқа салынған суреттер туралы алғашқы ғылыми мәліметтерді XҮIII ғасырда өмір кешкен ірі ғұламалар Д. Мессершмидт, Ф. Страленберг, И. Гмелин, Г. Миллердің зерттеулерінен табамыз [19, 11] .
Тас бетіндегі суреттерді ыждағатпен зерттей бастағандардың бірі көне дүниелерді жинаушы, ориенталист Н. Н. Пантусов болатын, ол 1879 жылы Талдықорған облысының территориясынан табылған тас суреттері туралы мақала жазды. Біршама уақыттан соң Қызылағша, Қапал ауылдарына жақын маңнан тасқа қашап салынған суреттердің жаңа тобын ашты [29. 23] .
1884 жылы А. М. Никольский мен Г. В. Фишердің экспедициясы Іле өзенінің бойынан Таңбалытас (Тамгалытас) шатқалынан ескерткіштер тобын ашты, оның жазбаларын академик В. Позднеев аударып, Н. Н. Пантусов зертеп мақала жазды. Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанның тасқа салынған суреттері туралы мәліметтерді жинай отырып Н. Н. Пантусов Шолақ тауларындағы Күрті Қапшағайының оң жағасында Қараеспе, Жалпақ шатқалдары өңірінде орналасқан Айыр кезең мен Тайғақ шатқалындағы аң суреттері мен жазбаларды, сондай-ақ Қора, Көкеу өзендерінің аңғарындағы Жалғызағаш ауылына жақын жердегі тас бетіне қашалған суреттерді қарап шыққан.
Оңтүстік Қазақстанның бейнелеу өнері ескерткіштері туралы бірқатар мәліметтерді Түркістан әуесқой археологтары үйірмесінің мүшелері берді. Топограф М. А. Кирхгофтың айтуы бойынша Қаратаудың өңтүстік беткейіндегі Бесарық шатқалынан табылған тас құралдар мен тасқа түскен суреттер жайлы В. А. Каллаур хабарлаған. Боралдай өзенінің сол жайылымындағы су айрығында Боралдай қақпасы деп аталатын ауданнан құз-жартасқа қашалған суреттер мен жазбалар туралы қызықты мәліметті 1904 жылы жазылған Л. А. Комаровтың жазбаларынан табамыз.
Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулерде тасқа түскен суреттер атүсті зерттелген. Табылған тастағы суреттердің жасын анықтау, олардың этникалық қажеттілігі жайлы ешнәрсе айтылмаған, суреттердің мәні ашып түсіндірілмеген. Ал одан кейінгі жылдары болашақтағы зерттеулердің негізгі бағыттарын айқындайтын қызықты мақалалар пайда болды. Солардың бірі 1926 жылы шыққан археолог В. А. Городцовтың Торғай облысының жартас суреттері туралы мақаласы [25, 29] . В. А. Городцов Байқоңыр өзенінің сол жағалауындағы Түйемойнақ жартастарында болмаса да Н. С. Воронец пен М. М. Пригоровскийдің мәліметтері мен олардың Мемлекеттік тарихи музейге өткізген фотосуреттері мен қашалған суреттері бар сынық тастары арқылы өз пікірін білдірген. Бұл ашылуларды В. А. Городцов жоғары бағалаған, қызығушылар мен ғалымдарды тасқа түскен суреттерді зерттеумен айналысуға шақырған және Қазақстанның басқа аудандарының петроглифтерін зерттегенде осы суреттермен санасуға тура келеді деп қорытқан. Осы еңбектерінде тастағы суреттердің идеясы мен бейнесі туралы, Байқоңыр петроглифтерінің мәні туралы маңызды мәселе көтерді. Ол Байқоңырдағы тасқа қашалған суреттердің датасын б. з. , б. ХІХ-І ғасырлардың аралығы деп белгілеген. Олардың ерте темір дәуіріне жатқызылуы жылқы мен түйенің қолға үйретілуімен байланыстырылады. Петроглифтерді қашап түсіру тәсілдері және тастың бетінде пайда болған жауыншашын, күн сәулесінің әсерінен түскен қақтарға химиялық талдау жасау туралы ескертпелері ден қоярлық.
1935-1936 жылдары Ертістің жоғары жағындағы тасқа салынған суреттерді С. С. Черников зерттей бастады [6, 84] . Нәтижесінде Қалба, Нарым жоталарынан тасқа салынған суреттердің он тоғыз орнын тауып, толық жариялады. Онда тас суреттердің стилі, мазмүны, мәні туралы айтылады, және де жартас суреттерінің хронологиясының екі кезеңін бөліп көрсетеді: б. з. б. I мың жылдықтың ортасынан б. з. б. VIII-Х ғасырлардың аралығын айтқан. Екі кезеңнің көнесі ерте темір дәуірі (б. з. б. УІ-І ғғ. ) .
1930-1950 жылдары тасқа салынған суреттер туралы хабарлар Қазақстанның түрлі аймақтарынан түсе бастайды [45. 121] . 1951 жылы Шу-Іле тауларының оңтүстік батысындағы Таңбалы сайынан А. Г. Максимованың экспедициясы тасқа қашап түсірілгеі суреттердің үлкен тобын ашты. Ескерткіш бай сюжеттерімен, өзіндік ерекшелігімен мамандардың көңілін аударды. А. Г. Максимова мыңға жуық тасқа түскен суреттерді зерттей келе үш хронологиялық кезеңді атап өтті:
бірінші - саққа дейінгі кезең,
екінші - сақтар кезеңі,
үшінші - түрік кезеңі.
Мақалаға А. А. Попов түсірген жоғары сапалы қырық үш фотосурет қосылған. Осылайша табысты басталған жұмысы толық аяқталмай қалды.
Жоғарыда айтылған С. С: Черниковтың еңбектерінен басқа тас суреттері толық суреттелген тағы екі еңбек жарияланған. Олар X. А. Алпысбаевтың және Т. Н: Сенигованың Шымкент облысының Бостандық ауданының Ходжакент жартастарының суреттері мен Созақ ауданының Баба-ата өзенінің оң жағалауындағы жартас суреттері туралы жазылған. Ходжакент жартастарының петроглифтері негізінен ешкі мен жылқы бейнелерінен тұрады. X. А. Алпысбаев оларды сақтар тобына жатқызады, стилі жөнінен араван петроглифтері мен сақтардың қола қазандағы скульптуралық статуэткаларымен жақын [3, 182] .
Баба-атаның тасқа қашалған суреттерін Т. Н. Сенигова екі кезеңге бөледі: б. з. б. УІ-У ғасырлар мен б. д. І-ІІІ ғасырлары. Төменгі тастағы суреттердің датасын белгілеуге бұғылардың Сібірдің ағаштан жасалған скульптуралық бейнелерімен дәл келуі және Ертістің жоғарғы ағысындағы суреттер, Таңбалы сайдың суреттерімен ұқсастығын негізге алған. Комплексті талдап-түсіндіру кезінде ғасырлармен уақыт белгілеуде ауытқулар кездеседі [7, 17] .
60-жылдары солтүстік-батыс Балхаш маңынан А. Т. Медоев тасқа қашалған суреттердің бірнеше комплексін ашты. Жеке бейнелер мен көріністер бойынша әр кезендегі топтарды бөліп көрсетті. Петроглифтердің ерте кезеңге жатқызған бөлігін өлген бизон бейнесін қашаумен байланыстырды [13, 21] . Балхаш маңынан кейінгі кезенді неолиттен түрік дәуіріне дейінгі кезеңді анықтады. Оған негіз болған өгіз турлардың бейнесі, неолит пен қола дәуірінің арбаларының суреттері олардың мәні мен стилін мұқият қарап түрік кезеңіне жататын суреттерді анықтау еді. А. Г. Медоевтың ашып, зерттеген жартастағы көркемсуретті галереясы даусыз, бірақ мұнда да басқа зерттеушілер сияқты тарихнама есепке алынбаған.
Соның ішінде бізге керектісі, бізді қызықтыратыны қазақстандық жартас суреттерімен жақын келетін Орта Азияның далалық және таулық-далалық тайпаларының тасқа қашалған суреттері туралы жариялымдары бар. Көзге түсетіні Оңтүстік Қазақстанның, Өзбекстанның тастағы суреттері туралы М. Э. Воронецтің және Памирдің қашалған суреттері жайлы В. А. Рановтың еңбектері. Бұл екі автор да ескерткіштердің хронологиясына көп мән береді, кезеңге бөлінген топтардың стильдік ерекшеліктер анализін басшылыққа алып, суретті қашау тәсілдерін, суреттердің қақтану дәрежесін зерттеп археологиялық ашылулармен салыстырды.
Оңтүстік Қазақстанның петроглифтері Солтүстік Қырғызстан-ескерткіштері мен ұқсас келеді, әсіресе Шу мен Талас өңірінің географиялық және тарихи-мәдени жақындығында. Бұл жерлерден б. з. б. ІІ-І мың жылдықтар мен одан кейінгі кезеңгі сай келетін тасқа қашалған суреттерді Н. Д. Черкасов пен В. М. Гапоненко ашқан.
Отырар оазисіндегі тарихи-археологиялық зерттеулерге байланысты 1969 жылы Үлкен Қаратау жотасына барлау жүргізіліп, келер жылы тасқа қашалған суреттердің үлкен орталығы ашылды. Ол кезде Қаратауды қадым заманда мекендеген бақташы қауымның тасқа салған суреттері туралы жалпы мағлұмат ала отырып, Қойбағар мен Арпаөзен шатқалының суреттері негізінде қолдан келгенше толық түсінік беру мәселесі қойылған болатын. Екі шатқалдың, яғни Қойбағар мен Арпаөзеннің көпсанды комплекстері бірінен-бірі онша алыс емес, сондай-ақ басқа да сурет орнын іздестіру жұмыстары жалғаса берді.
М. А. Кирхгоф кезеңінен белгілі Қаратаудың оңтүстік беткейінен Бесарық шатқалының тасқа ойып түсірілген суреттері зерттелді, Үшөзен өзеніндегі Майдантал шатқалынан суреттердің үш тобы табылып зерттелді және Кентау қаласына жақын Баялдыр сайынан бірнеше композицияны қарап шыққан.
Қаратаудың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жуалы шұңқырында орын тепкен Бурное селосынан 30 км. солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Габаевка, Новопокровка елді мекендерінің жанынан екі жана комплекс ашылды. Сондай-ақ Солтүстік Қаратаудан 120 км. аумақты егжей-тегжейімен қарап, тағы да бірнеше орындар-Сүйіндіксай, Қошқар-ата, Көкбұлак шатқалдарынан ашылды. Сонымен Қаратау жотасынан он бір ірілі-ұсақты таска салынған сурет орындары белгілі болды. [28. 49]
Көріп отырғанымыздай Қаратау жотасының жартас бетіндегі суреттері Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандарынан табылған көне ескерткіштерімен қатты ұқсас. Шу-Іле тауларындағы Шөміш шатқалына Талас Алатауының мұздыктарынан бастау алған Қасқабұлақ өзенінің жоғарғы ағысындағы 20-жылдары Д. Н. Кашкаров пен А. П. Коровин ашқан тасқа қашап салынған суреттерді қарап шығу үшін Қаратау отряды жорық ұйымдастырды. Сонымен қатар Шу-Іле тауларындағы Таңбалысай, Саймалы-таш, Орта Азиядағы Сармыш пен Шолақтаудағы кеңінен мәлім тасқа түскен суреттермен танысып, 1972 жылғы археологиялық қазба жұмыстары кезінде Ә. X. Марғұлан көрсеткен Теректі суреттері мен Жезқазған геология-минерология музейінде сақталған Байқоңырдың тасқа салынған суреттерінің көшірмесін қарап шыққан.
Далалық зерттеу жұмыстары кезінде көлемді суреттерді, композицияларды оқып, суреттеп жазу күрделі, әрі қиын жұмыс. Тек қана Қойбағар комплексінің үш тобы мен Арпаөзеннің сегіз тобының өзінен күнделікке быжынаған суреттер мен 2019 тасты жазуға тура келген. Және бұған Қошқар-ата мен Габаевканың 203 тақта тасын, Майдантал, Бесарық, Көкбұлақ, Сүйіндіксай, Кісен шатқалдарынан табылған бірнеше ондаған суреттерді қоссақ ұзын саны 2300-ге жуықтайды. Сондықтан отряд мүшелері түсініксіз суреттер кездескенде күнделікті қысқартып жазуға мәжбүр болған. [49. 125]
Қаратау жартастарының суреттері туралы бес жылғы жұмыстың
нәтижесін қорытындылай келіп М. Қ. Қадырбаев пен А. Н. Марьяшев
монография жазған. Онда Қазақстандағы осы типті ескерткіштердің
ірі орталықтарының бірі Қаратау жартас суреттеріне толық талдау
жасалған. Қаратауды мекендеген көне бақташы тайпалардың тасқа
салған суреттерін жіктей отырып сипаттаған. Бұл еңбек Оңтүстік
Қазақстан экспедициясының Қаратау отрядының Қойбағар, Кісен,
Арпаөзен, Қошқар-ата, Майдантал және т. б. сурет орындарындағы
ашылуларға негізделген. Сондай-ақ таска салынған суреттерді талдау
әдіс-тәсілдеріне, алғашқы қоғам өнерінің хронологиясын анықтауға
қаратаулық петроглифтерді түсіндіруге, суретті салған шеберлердің
көзқарасын, рухани өмірі туралы мәлімет береді. Қаратау жотасының
суреттерін Қаратау отряды зерттеп, еңбек етіп, жетекшісі
М. Қ. Қадырбаев болатын. Отряд мүшелері: Ж. Құрманқұлов,
Е. Бакунина, Л. Дробышева, Л. Концова, В. Зубков, М. Алибеков,
В. Чижиков, Г. Пивоварова. [22. 29]
Қазақстанның төрткүл аумағына таралған петроглифтік ескерткіштер әлі де болса толық зерттеле қоймаған. Негізгі зерттеген және сол зерттеу жұмыстарына оз үлестерін қосып жүрген Ә. Х. Марғұлан, М. К. Қадырбаев, А. Н. Марьяшев, М. Е. Елеуов, 3. Самашев басқарған топ мүшелері, Р. Сало және т. б.
Абыралы Таңбалытасындағы суреттерді зерттеуді алғаш Семей археологтары бастаған. 1973жылдың маусым айында Семей педагогикалық институтының оқытушысы, археолог Л. А. Чалая студенттермен бірге Таңбалытасты, тастағы 230 сурет, 77 компазицияны санап шықты, бірқатар сурет көшірмелері сол жылы және Абыралы Таңбалытасын картаға алғаш академик Әлкей Марғұлан түсірген, ол Кадырбаев М. К. Марьяшев А. Н. Наскальные изображения хребта Каратау, 1977 жылы шыққан монографияда Абыралы Таңбалытасы Айбас деген атаумен көрсетілген. [47. 29]
Абыралы Таңбалытасына екі рет барлау экспедициялары жүргізілді. Оның алғашқысы кіші барлау экспедициясы 2003 жылдың қазан айының 18-інде басталды. Жетекшісі Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарихшы - археолог т. ғ. к. Исин. А. И. және құрамында тарихшы геогрофтар болды. Қаржыландырушы аудандық қожалық басшысы Серікғали Молдабаев. Екінші барлау экспедициясы 2004 жылы маусым айында жүрді, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының мамандарымен жүргізілді, жетекшісі археолог З. С Самашев болған. Барлау жұмыстарында Абыралы Таңбалытасының орналасуы, көлемі, Таңбалытастардың саны және топтасуы, ескерткіштің суреттері зерттелді. [19. 89-93]
Ежелгі көшпенділердің көркем мәдениеті мен сол рухани мұрамыздың материалдық негіздерін зерттеуші көрнекті қазақ ғалымы Иманғали Тасмағамбетов өзінің «Ат жалындағы өркениет» («Берел», 2003 ж. ) атты кітабының кіріспесінде осылай деп жазады. Аталмыш зерттеуде археологиялық ізденістер нәтижесінде табылған көшпенділердің қолданбалы өнері үлгілерінің сан қилы суреттері берілген. Бұл ғажайып жәдігерліктер байырғы ата-бабаларымыздың эстетикалық талғамын, философиялық дүниетанымын, өзге елдермен мәдени қарым-қатынастарын танып-білуімізге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Республикамыздың кең байтақ жерінде 200-ден астам жартас суреттерінің жиынтық орны белгілі болып отыр. Сол суреттердің үңгір ішінде салынғандарымен, басқасы ашық аспан астында. Оның бұлай орналасуының жақсы да жаман да жақтары бар. Біріншіден, тасқа салынған суреттерді мыңдаған қызығушылардың тамашалауына мүмкіндігі болады, екіншіден сол мыңдаған көрермендердің бірі қолтаңба қалдырып көне ескерткіштерді бұлдіреді. Ал «тапқан қуанады, таныған алады» дегендей маман-археологтар суреттердің қалай салынғанын қадағалап қарайды, көрінген қалпын қағазға түсіреді, түсін анықтайды, суретті тастың төрт тарабын түгел аралап, жазып-сызып, жасанып-жабдықталып қайта оралып ақыры анықтап-танып алады. [49. 165-185]
Қарап отырсақ, кез келген мәселеге толық жауап беретін ешқандай археологиялық дерек көзі жоқ. Тұрақтар мен қорымдар кәне экономика мен демографияға жауап берсе, ақша және басқа да айырбас құралдары саудадан хабар береді. Ал қару-жарақтар мен әшекейлер жаугершілік миграция, өзара қарым-қатынасқа жауап береді. Сонымен алғашқы қоғамдағы ескерткіштердің ішінен тасқа қашалған суреттер (петроглифтер) басқа деректерге қарағанда көне уақыттағы адамдардың рухани өмірін жақсы көрсетеді. Және тағы бір ерекшелігі тасқа салынған суреттердің қозғалмай бір орында тұратындылығында.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері: Осы диплом жұмысын жазудағы алдыма қойған мақсат: Қазақ даласындағы тасқа салынған суреттерді зерттеуге байланысты жарыққа шыққан еңбектермен қоса археологиялық зерттеулерді басшылыққа ала отырып, оның зерттелу тарихын, тасқа салынған суреттердің құрылымын, олардың өзіндік белгілерін, таралу аймақтарын сондай-ақ хронологиясы мен мән-мағынасын, тарихи-мәдени сабақтастық негіздерін жан-жақты ашып көрсету. Қазақстандағы тастағы бейнелер мен таңбалар туралы зерттеу жұмыстарын жинақтап, жан-жақты талдау, осы саладағы ғылыми білімнің динамикасын көрсету және археологиялық зерттеулердің перспективасын анықтау.
Диплом жұмысының мақсатын ашуда мынадай міндеттерді іске асыру басшылыққа алынады:
- Қазақстан петроглифтерінің ерте кезеңнен бастап соңғы кездегі зерттелулерге дейінгі тарихы жайлы мәліметтердің басын біріктіріп, бір жүйеге келтіру;
- Жетісу - Қаратау аймақтарындағы петроглифтердің таралуы мен ерекшеліктерін айқындау;
- Жоңғар Алатауы және Қаратау таңбалы тастары жайлы жан жақты сипаттамалар жасау;
- Сарыарқа даласының және Абыралы, Сарыкөл петроглифтеріне қатысты тың зерттеулер мен тұжырымдамаларды жарыққа шығару;
- Алтай, Тарбағатай петроглифтеріне қатысты тың зерттеулер мен тұжырымдамаларды жарыққа шығару;
- Шыңғыстау, Абыралы петроглифтерін зерттеп, тың деректерді қолдана отырып талдау жасау.
- Шығыс Қазақстандағы (Тарбағатай өңірі) тастағы бейнелер мен таңбаларды зерттеу ісінің қалыптасу мен дамуын көрсету;
- Шығыс Қазақстан петроглифтерінің ерте кезеңнен бастап соңғы кездегі зерттелулерге дейінгі тарихы жайлы мәліметтердің басын біріктіріп, бір жүйеге келтіру;
- Шығыс Қазақстанның әр аймақтарындағы петроглифтердің жергілікті ерекшеліктерін айқындау;
- Шығыс Қазақстан таңбалы тастары жайлы жан - жақты сипаттамалар жасау;
- петроглифтерді зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелерін анықтау;
- тасқа салынған суреттермен (петроглифтермен) жұмыс жасау әдістемелерін саралау;
- петроглифтерде орын алған бейне суреттердің мән-мағынасын, адамдардың рухани дүниетанымдары мен тұрмыс-тіршілігіне шолу жасау.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: Соңғы палеолит дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі аралығы.
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Аталмыш тақырыпқа қатысты ғылыми зеттеулер мен соңғы жылдары жарық көрген зерттеулер, мақалалар және этнографиялық, археологиялық экспидициялардың қорытынды есептері мен тұжырымдамалары көне тарихымызды теориялық тұрғыдан талдауда кеңінен пайдаланылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz