БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ФИТОНЦИДТІК ҚАСИЕТІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ФИТОНЦИДТІК ҚАСИЕТІ

Аннотация

Өзектілігі: бөлме өсімдіктері жəне олардың құрамындағы ұшатын заттар - фитонцидтер мөл- шерін анықтау жəне фитонцидті өсімдіктердің сан алуан түрін сипаттап көрсету. Құрамындағы фитонциді бар бөлме өсімдіктерін анықтау, зерттеу. Құрамындағы фитонцидті заттары бар өсімдіктер қоршаған орта мен тірі организмдердің денсаулығына өте пайдалы екендігін дəлелдеу.

Мақсаты: Бөлме өсімдіктердің түрлерін анықтай отырып, олардың құрамындағы фитонцидтік заттардың бір-бірінен айырмашылық үлестерін байқау.

Түйінді сөздер: бөлме өсімдіктері, фитонцидті заттар, фитонцидті бөлме өсімдіктері, бактерия, вирустар

Аннотация

Актуальность: комнатные растения и летучие вещества в них - для определения количества фи- тонцидов и описания различных видов фитонцидов. Выявление и изучение комнатных расте- ний, содержащих фитонциды. Докажить, что растения, содержащие фитонциды, очень полезны для окружающей среды и здоровья живых организмов.

Цель: Обратить внимание на разные пропорции фитонцидов в их составе, определяя виды комнатных видов.

Ключевые слова: комнатные растения, фитонциды, фитонциды комнатные растения, бактерия, вирусы.

Abstract

Relevance: indoor plants and volatile substances in them - to determine the amount of phytoncides and describe various types of phytoncides. Identification and study of indoor plants containing phytoncides. Prove that plants containing phytoncides are very beneficial for the environment and the health of living organisms.

Goal: Pay attention to the different proportions of phytoncides in their composition, determining the types of indoor species.

Keywords: indoor plants, phytoncides, phytoncides indoor plants, bacteria, viruses.

Адамзат қоғамының бүкіл тарихында гүлді өсімдіктер əрқашан адамдардың өмі- ріндемаңызды орын алған. Бөлме өсімдіктері - бұл үйді, кеңсені, оқу бөлмесін безенді- ретін интерьер бөлшектері. Олар біздің көзімізді қуантады, көктемнің сəн-салтанатын еске түсіреді, жанды жəне əр түрлі түстерімен таң қалдырады, тіпті денсаулығымызға да оң əсерін тигізеді. Қазіргі заманғы адамның өмірінде жабықтұқымды өсімдіктердің маңызы зор. Олардың жартысынан көп үлесінде фитонцид заттары болады. Маңызды санитарлық-гигиеналық рөл атқаратын құрамында фитонцидтік заттар бар өсімдікте- рауаны көмірқышқыл газынан, шаңнан жəне басқа зиянды заттардан тазартады [1] . Ғалымдардың зерттеулері бойынша, қалалық жерлерде ауада 200-ден астам түрлі улы заттар болатындығын анықтады. Формальдегид, ацетон, метанол, бензол буларының болуы - мұның бəрі өркениеттің нəтижесі. Сондықтан өнеркəсіп, завод, өндіріс, фабри- калар салынған жерлерде, жабық бөлмелерде ұзақ уақыт жүретін адамдарда жүрек айнуы, аллергия, жоғарғы тыныс жолдарына зиянды əсерін тигізіліп жатқандығы сезі- луде. Əдеби көздермен жұмыс істей отырып, біз өсімдіктердің көпшілігінде, оның ішін- де жабықтұқымды өсімдіктердің де фитонцидтік белсенділігі бар екенін анықтадық, мысалы, жабықтұқымды өсімдіктер спатифиллум ацетонды сағатына 19 мг дейін сіңі- руге қабілетті, нефролепис пен фикустар формальдегидті сəйкесінше сағатына 20 жəне 10 мг дейін сіңіреді.

Фитонцидті заттар - негізінен өсімдіктерде кездеседі, түрлі микробтар мен вирус- тарды жою қабілеті өте жоғары. Қазіргі уақытта бактериялар мен бір клеткалы орга- низмдердің өлуіне себеп болатын бактерицидтік жəне простоциттік қасиеттері бар жа- бықтұқымды өсімдіктердің түрлерін таңдау бойынша зерттеулер жүргізілуде. Фитон- цидтік қасиеттер жылыжайда өсетін (жабық) өсімдіктердің 40-тан астам түрлерінде анықталған [2] . Өсімдіктердегі фитонцидтік қасиет жылыжайларда қарқынды болса, де- мек бөлме өсімдіктерінде де біршама жақсы қасиет көрсетеді. Бөлме өсімдіктері бөлме- де кездесетін микробтар мен вирустар санын 61%-ын төмендетеді. Бөлме өсімдіктерін мектепте де сыныптарға арнайы əкеліп өсіруге болады (Кесте 1) .

Кесте-1. Бөлме өсімдіктерінің бөлмені тазарту үлесі

Бөлме өсімдіктерінің атаулары

Бөлмені тазарту үлесі

(100 %-дан)

Микробтар мен вирустарды . . . %-ға

төмендетеді

Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Бегония өсімдігі

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың - 60%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 43%
Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Герань

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың - 39%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 26 %
Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Хлорофитум

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың-73%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 53%
Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Фикус

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың-35%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 31%
Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Пеларгония

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың-29%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 15%
Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Циперус

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың-62%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 39%
Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Монстера

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың-44%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 26%
Бөлме өсімдіктерінің атаулары:

Спаржа

Бөлмені тазарту үлесі(100 %-дан):

100%-дың-32%-на

Микробтар мен вирустарды . . . %-ғатөмендетеді: 54%

Бөлме өсімдіктерінің фитонцидтік қасиетін анықтау. Фитонцидтер- микроорга- низмдерді құртуға ыкпал ететін қорғаныш химиялық құрамы жағынан əртүрлі, олардың ішінде патогендік микроорганизмдерге қашықтан əсер ететін ұшпа фракциясы жəне ұласа əсер ететін ұшпайтын ұлпа шырындары бар. Ұшпа фитонцидтерге эфир майлары жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары бар эфир майлары немесе ерек- шелігі жоқ заттар - альдегидтер, төменгі ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фи- тонцидтер химиялық жағынан əлі зерттелген жоқ. Ұшпайтын заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау қиынға соғады. Төменгі жəне жоғарғы сатыдағы өсім- діктердегі фитонцидтерден медициналық тəжірибеде кең қолданылатын антибиотиктер алынады [3] . Фитонцидтердің микробқа қарсы жоғарғы белсенділігіне көптеген мысал- дар дəлел бола алады. Себебі дəрі - дəрмек 1: 1 000 000 эквивалентпен үйлестіріп жа- салған немесе мойыл бұтағындағы фитонцидтер бірденнен микроағзаларды өлтіреді. Фитонцидтің микробқа қарсы əсерінің спектрі өте кең, олар дизентерия, туберкулез, тұ- мау вирустарының қауіпті қоздырушыларына əсер етеді. Ең алғаш бөлме өсімдіктері- нен фитонцидтер табылған кезде олардың түрлері өте аз еді, ал уақыт өте келе олардың саны, көбейіп арта түсті.

Жабықтұқымды өсімдіктердің көпшілігі субтропикалық жəне тропикалық аймақ- тан шыққан, сондықтан фитонцидтердің максималды өндірілу кезеңдері қыс-көктем ке- зеңінде болады. Бұл өте маңызды, өйткені дəл осы уақытта əсіресе жедел респиратор- лық аурулардың жиілігі өте жоғары болады. Күндізгі фитонцидтік белсенділікті зерт- тегенде оның күндіз максимум, ал түнде минималды мөлшерде бөлінетіндігі анықтал- ды. Фитонцид өндірісінің қарқындылығы тыныс алу қарқындылығымен байланысты екендігі туралы дəлелдер бар - қараңғыда өсімдіктер іс жүзінде фитонцидтер шығар- майды. Фитонцидтердің бөлінуіне бөлмедегі топырақтың құрамы мен ауа температу- расы да əсер етеді. Өсімдіктің нашар қоректенуі жəне температураның төмендеуі өсім- діктерде ұшпа заттардың бөлінуін азайтады.

Сурет-1. Құрамында фитонцидтері бар өсімдіктердің алуантүрліліг

Бөлме өсімдіктері бөлмедегі зиянды ауа мен пайдалы емес микробтардың көзін біршама жояды. Фитонцидтік қасиетті көрсететін жасыл өсімдіктерді 3 мақсатпен бөл- меге, кабинетке, сыныпқа отырғызады. Олар:адамдардың денсаулығынсақтауға, зиян- кестерден жəне қоршаған ортаның химиялық заттары мен əсерлерден қорғау үшін бөлмеде өсіріледі [4] . Бөлмедегі ауаны жақсарту үшін фитонцидтік белсенділігі жоғары өсімдіктер қолданылады.

Қазіргі уақытта жабық өсімдіктердің 40-қа жуық түрлерінің фитонцидтік қасиет- тері зерттеліп, олардың ішіндегі ең фитонцидті-белсенділері мыналар екені анықталды: хлорофитум, шегіргүл, драцена, юкка, монстера, арабика жəне араб кофесі, каланхоэ, гибискус, лимон жəне тағы басқалары жатады. Бұл өсімдіктердің 54%-ы бөлмеде өсі- руге қолайлы. Бөлмедегі микробтар ересек адамдарға да, балаларға да əсері қауіпті, өйткені организмнің иммундық жүйесін төмендетуі мүмкін. Əрине, арнайы техникалық құралдардың көмегімен ауаның белгілі бір тазалығына қол жеткізуге болады, бірақ олардың барлығында жəне күнделікті өмірде қолдануға шектеулер бар. Сол себепті бөлме өсімдіктерінің тигізер пайдасы өте мол.

Бөлме өсімдіктері жəне олардың құрамындағы фитонцидті заттар медициналық тұрғыда адам өміріне пайдасы болғандықтан, медицина да кеңінен қолданылады. Үй жағдайында бөлмеде өсірілетін өсімдіктер кейбір адамдарда аллергия тудыруы мүмкін. Бірақ, негізінен бөлме өсімдіктерінің ешқандай тигізер артық зияндықтары жоқ. Негі- зінен, аулада өсетін өсімдіктер мен бөлме жағдайында өсетін өсімдіктердің фитонцид- тері əртүрлі мөлшерде бөлініп отырады. Мəселен, дала жағдайында өсетін өсімдіктерде фитонцидтер өте ұшқыш келеді, олар өсімдікте пайда болып, кейіннен бірден ауаға та- ралады. Дала жағдайында өсетін фитонцид бөлетін өсімдікке мысал келтіретін болсақ, сарымсақ өсімдігін алсақ болады. Сарымсақ өсімдігінің фитонцидтері басқа өсімдіктер- дің фитонцидтеріне қарағанда ертегірек зерттелген. Сарымсақ құрамындағы фитонцид- тік ұшқыш заттар бактериялардың өсуі мен дамуын біршама басады. Кейбір мəлімет- терге сəйкес олардың химиялық табиғаты гликозидтерге жақын болып келеді - ал гли- колизді өсімдіктер - өсімдіктер əлемінде кең таралған заттар болып есептеледі [5] . Со- нымен қатар сарымсақ, пияз, желкек, қызыл бұрыш фитонцидтері алғашқы минуттарда ақ көптеген қарапайымдыларды, бактерияларды жəне микроорганизмдер түрлерін өлтіреді.

Ал бөлме жағдайында өсетін өсімдіктерде фитонцидтер ауаға баяу тарайды, деге- німен олар сол бөлмеге жеткілікті мөлшерде қажетті фитонцидті уақытылы бөліп оты- рады. Бөлме жағдайында 2 жағдайда ғана өсімдіктер фитонцид бөлмейді:

  1. түнгі уақытта, күн түспеген кезде;
  2. өсімдіктің жапырақтары мен сабағына дұрыс күтім жасалмағанда, жапырақ- тарының қурауы, уақытылы судың құйылмауы жəне т. б. [6]

Бөлме жағдайындағы өсімдіктердің фитонцидтік қасиетінің бар екендігін растай- тын факті (Кесте 2) .

Кесте-2 . Бөлме өсімдіктерінің фитонцидтік қасиетінің микроорганизмдерді жоюға қатысуы Бұл микроорганизмдер берілген бөлме өсімдіктерінің қатысында жойылады

Өсімдіктер атауы

(дəлелденген)

Стафилококтар

Стрептококктар Сарцина

Ішек таяқшасы

Саңырауқұлақ споралары

Өсімдіктер атауы:

Алоэ

(дəлелденген)Стафилококтар:

-

Стрептококктар Сарцина:

-

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Пеларгония

(дəлелденген)Стафилококтар:

Иə

Стрептококктар Сарцина:

Иə -

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Лавр

(дəлелденген)Стафилококтар:

Иə

Стрептококктар Сарцина:

-

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Мирт

(дəлелденген)Стафилококтар:

Иə

Стрептококктар Сарцина:

Иə Иə

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Сансевьера

(дəлелденген)Стафилококтар:

Иə

Стрептококктар Сарцина:

Иə Иə

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Бегония

(дəлелденген)Стафилококтар:

Иə

Стрептококктар Сарцина:

-

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Каланхоэ

(дəлелденген)Стафилококтар:

Иə

Стрептококктар Сарцина:

- Иə

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Лаванда

(дəлелденген)Стафилококтар:

Иə

Стрептококктар Сарцина:

Иə Иə

Ішек таяқшасы:

Иə

Саңырауқұлақ споралары: Иə
Өсімдіктер атауы:

Муррайа

(дəлелденген)Стафилококтар:

-

Стрептококктар Сарцина:

- Иə

Ішек таяқшасы:

-

Саңырауқұлақ споралары: Иə

Бөлме өсімдіктерінің құрамындағы фитонцидтер көптеген жəндіктер мен қара- пайымдыларды жояды. Фитонцидтер шығаратын көптеген өсімдіктерде өздерінің арнайы хош иісішығатын жапырақтары болғандықтан, хош иістің өсуін сезіну үшін оларды саусақтармен сүрту жеткілікті болады. Жапырақтардажапырақ түктері болады, жапырақ түктері жасушадан тұрады жəне бір жасушалы көпіршікті бөліктен тұрады. Бұл «фитонцидті бездер». Бұл көпіршіктің құрамында хош иісті эфир майы болады, көпіршік жарылып, май буланып кетеді. Жапырақтары немесе нəзік гүл жапырақтары шығаратын эфир майларының буы (азалия, хризантема, бөлме қалампырлары сияқты) ауаны керемет тазартқыш болып табылады [7] .

Фитонцидтерді көп мөлшерде бөлетін бөлме өсімдіктерінің алуантүрлілігі

Жабықтұқымды өсімдіктердің бөлмедегі зиянды заттардың ең белсенді сіңіретін өсімдік хлорофитум болып табылады. Хлорофитум 24 сағат ішінде 20 шаршы метрлік бөлмені толықтай тазарта алады [8] .

Сурет-2. Бөлме өсімдігінің ішіндегі фитонцидтік қасиеттері ең жоғары өсімдіктер- хлорофитум жəне пеларгония өсімдіктері

Хлорофитум көміртегі оксиді, формальдегид, аммиак, никотин, ацетон сияқты заттарды сіңіре алады. Бөлменің ауа кеңістігінде тұратын əртүрлі патогендік бактерия- лар мен микробтар да хлорофитум жояды. Хлорофитумның тазарту қасиеттерін артты- ру үшін активтендірілген көмірді өсімдігі бар ыдысқа салған жөн. Пандемия кезеңінде халық бұл өсімдікті тəж-вирусынан ем ретінде таптырмайтын бірден бір құрал деп тап- ты. Дегенімен, медициналық тұрғыдан тəж-вирусын жоятын өсімдік ретінде нақты дə- рігерлер тарапынан айтылған жоқ. Бірақ, фитонцидтік, бактерицидтік қасиетінің мол екендігі барлығына белгілі.

Жабық ауа кеңістігін жақсартуға белсенді қатысатын тағы бір танымал бөме өсім- діктері - герань немесе пеларгония. Пеларгониядан бөлінетін ең белсенді фитонцидтер стафилококктар мен стрептококктар сияқты анаэробты бактериялармен күреседі [8] . Бұл бактериялар көптеген ауруларды тудырады: тыныс алу жолдарының түрлі инфекцияла-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа микрофлорасы
Өсімдік фитонцидтерінің емдік қасиеттерін зерттеу
Кейбір өсімдіктердің фитонцидтік белсенділігін және практикалық маңызын сипаттау
Дәрілік шалфей құнды дәрілік өсімдік
Микроорганизмдерге сыртқы факторларының әсері
Қазақстандағы сəндік бақ шаруашылығы
ӨСІМДІКТЕР АНТИБИОТИКТЕРІ
Жабайы өсімдіктердің сыры
Сарымсақтың химиялық құрамы
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz