Ақша қаражаттарының сипаттамасы



Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап . тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма.қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма.қол ақшаның есебі

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап - тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Кіріспе

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол
ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын
және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету,
Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп
айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүр-
гізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
Есеп айырысу - төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін шаруашылық субъектісі өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шот ашуға арналған - өтініш;
2) қойылатын қол мен мөртанба белгісінің үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) Жарғы мен құрылтай шартының (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) көшірмесі.
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды , беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
1. Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.
2. Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда - чек рәсімделеді.
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда - төлем талап-тапсырмасы жасалады.
5. Шаруашылық істері жөніндегі алқаның (комиссияның) бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.
Есеп айырысу нысандары.

Барлық шаруашылық жүргізіші субъектілер өз ақша қаражаттары банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бүл келтірілген мәлемет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да , әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттары сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк мен клиентер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететің әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағамдық, жинақтық және корреспондентік болып бөлінеді.
Корресмпонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктіқ шоттар, бірақ олар жеке және занды тұлғаның оқшаланған бөлемшелері үшін де ашылады.
Шетелдіқ валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртықы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімнін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат лардындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұксатынсыз және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазакстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынады; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-тапсырма төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарың инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім - шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетка да жатқыза алады.

5.1. Вексельдер арқылы есеп айырысу.

Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін камтитын қатан нысанда белгіленген төлем құжаты,яғни бұл қатаң белгіленген жазбаша үлгіде көрсетілген ақшалай борышты міндеттеме.
Вексель - өзінің иесіне төлеу мерзімі келуі бойынша онда аталған ақшалай соманы талап етудің сөзсіз құқығын береді. Вексель бойынша оны берген немесе төлеуге келісім берген (акцепттеген) тұлға төлеуге борышты. Вексельді жазып беруші кәсіпорын (тұлға) борышкер болып саналады. Сатылған тауарлардың төлем ақысы есебінен вексельдің қабылдаушы кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз беруші) болып саналады.
Вексель қаражаттары бойынша есептесудің есебі. Вексель (қарыздық қолхат, міндеттеме) - бұл вексель берушінің вексель ұстаушыға (вексель иесіне) белгілі бір соманы мерзігілі жеткен бойда қарыздық міндеттемені сөзсіз төлеуді куәландыратын бағалы қағаз.
Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі (вексельдің бір иегерден басқасына берілуін ақша алмастырады).
Вексель заңмен ұйғарылған үлгіде жазылуға тиісті, тек соңда ғана ол өзінің заңды күшіне енеді. Дұрыс жазылған вексель бойынша төлеуден бас тарту сотқа шағымдануға және борышкердің мүлкі есебінен онда көрсетілген соманы мәжбүрлі түрде өндіруге негіз береді. Вексель жеткілікті дәрежеде сенімді бағалы қағаз болғанымен, ол ақшаны толық қайтарып алуға кепілдік бере алмайды.Борышкер кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық жағдайына түсіп және оның мүлкі барлық вексельдер бойынша төлемдер үшін жетпей қалуы мүмкін.
Вексель жай және аударма болып келеді:
Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады. Жай вексель кредитордың (вексель ұстаушының) пайдасына борышкерге (вексель берушіге) төлеу міндеттемелерін мойындатады.Оны борышкер жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады; вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе % төлеу жөніндегі міндеттеме бөлек түрде төлемнің мерзімі мен орны, алу-шының атауы, екі тараптың қойған қолдары көрсетіледі
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (реминтентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вескельде көрсетілген ақшаны тілейтіні туралы басқаша ешбір шарт койылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша бұйрыққа ұқсас болып келеді.Аударма вексель(тратта) үшінші тұлғаға (ремитентке) көрсетілген соманы төлеу туралы борышкерге (қарыздарға) бұйрықты мойындатады.Бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленгеи мерзімде ұсынушыға немесе үшінші тұлғаға (эмитентке) төлеу жөнінде кредитордың (трассанттың) борышкерге (трассатқа) берген бұйрығы. Аудармалы вексельді төлеуші (трассәнт) табыстау қолының (индосаменттің) көмегімен акцепттеуге тиіс. Аударма вексельдер мен коммерциялық қызметтің бірқатар варианттары бар. Сатушы траттаны несиенің мерзімі біткенше ұстап тұрып, онан соң олардың төлеуін талап етуі мүмкін. Бірақ ол вексельді банкіге белгілі мөлшерде кемітумен сатып, оны кепілдіке қойып банкіден ссуда алып немесе оны бағалы қағаздар нарығында сатып, дереу ақшасын алуды артық көреді. Қазіргі уақытта жеткізушілер мен алушылардың арасында есептесу түрлерін таңдауда шектеулер жойылған.кәсіпорындар несиеге өнім жіберу, жұмыстар орындау және қызметтер атқаруы мүмкін.
Мұндай жағдайда алушылар мен тапсырысшылар кәсіпорынға тек қана өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің)құны емес, оған қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім - коммерциялық несие үшін процентін аударады. Дәл осындай мәмілелерді жасау үшін вексельді пайдалану өте қолайлы.
Вексель бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін, сөйтіп әмбебап несиелік - есеп айырысу құжатының рөлін атқарады. Вексель қаражат-тардың айналымын, банктегі вексельдердің есебін (дисконттеуді) жылдамдатады. Мұндай жағдайда вексель ұстаушы индосаменттің көмегімен вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін банкке табыстайды және банк пайдасына берілетін есептік процентті (дисконтты) шегеріп тастап, вексель сомасын алады. Бухгалтерлік есепте вексель емес, вексельді қамта-масыз ететін берешек сомасы көрсетіледі. Ал вексельдің өзі баланстан тыс 1070 - "Қатаң есеп беру бланкілері" шотында ескерілуі мүмкін. Алынған (жөнелтілген) өнімдер, жұмыстар мен вексельге алынған қызметтер үшін сатып алушылармөн және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі 1210 - "Алынған вексельдер" шотында жүргізіледі.
Кәсіпорындар қолма қол ақша қаражаттарын есеп айырысу шотына немесе субъектінің басқа шотына есептеу үшін банктердің, халықтық банктің немесе пошта бөлімшесінің кассасына өткізу арқылы операция жасайды. Ақша қаражатын табыстау мен оларды есеп айырысу шотына есептеу уақыты бойынша сәйкес келмейді. Кейде есепті кезеңнің соңында мынадай жағдай кездесуі мүмкін: ақша қаражаты пошта аударымы арқылы, халықтық банктің немесе банк мекемесінің кассаларына еткізу жолымен аударылған, алайда ай соңына дейін олар есеп айырысу шотына есептелмеген. Мұндай сомалар жолдағы ақша аударымдары деп аталады және олар 1030-"Жолдағы ақша аударымдары" шотында ескеріледі

5.2. Чектермен есеп айырысу.

Есеп айырысу чегі - чек берушінң шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі.
Чектер лимиттік және лимитсіз кітапшалардың чектері болып бөлінеді. Лимиттік кітапшалардың чектерімен тауарлар мен қөлік және байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар жасалады. Кітапшада лимиттің сомасы мен оған белгіленген мерзімі көрсетіледі.
Лимитсіз кітапшалардың чектерін банкіден жолдағы есепті құжаттар есебінен несиені қолданатын кәсіпорындар алады. Олар бойынша сомалар шектелмейді. Олар жіберу стансасынан қабылдау стансасына дейін жүктеррді тасымалдау үшін темір жол тарифінің сомасына сәйкес темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барсыс бойынша жасалады.
Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) өзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгілі бір сомасын аудару жөнінде өзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді.
Чектер алынған өнімдер, кәрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқанда және "Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесінде" көзделген басқа жағдайларда қолданылады. Чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш беріледі. Лимиттелген чек кіталшасы иесінің жеке шотындағы қаражатты депоненттеуге арналған, субъектінің шоты бойынша операциялар жасауға арналған құжаттарға қол коюға құқығы бар адамдардың қолы қойылған төлем тапсырмасы мөртаңбасы қойылып, оған қоса беріледі. Чек кітапшасының лимиті чек жазып беріле алатын және банк төлеуге тиіс шекті соманы білдіреді. Ол банк белгілеген сомадан кем болуы мүмкін емес, бірақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған қаражаттардың айлық тутынысынан әдетте көп болуы да мүмкін.
Есеп айырысу чектер кітапшасын алу үшін дағдылы чек кітапшасын алу үшін жазылғандай үлгіде өтініш жазылады. Одан басқа есеп айырысу чектер бойынша шығыс ету үшін арнайы шотқа есеп айырысу шотынан белгіленген сомасы аудару нұскауымен банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған қәсіпорынның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайдалану үшін типтік үлгідегі сенім хат беріледі.
Қазіргі уақытта жалған істелген чектердің көбеіп кетуіне байланысты елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылып тұр.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстауға беру жолмен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалаай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны жазуға болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі- депозиттермен қамтылған, ал екіншісі- қамтылған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім- шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім- шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндеті өзіне алынады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгіленген ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады.Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайдщы. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекті және чектің түбіртегінде қиғашынан бүлінген деп жазу жазылады, мерзімі және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушыға төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылданған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшпсынан алынған чектің күшінде боуы мерзімі, жазылған күгіг есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

1.3 Төлем карточкарының есебі

Инкссациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын женілдету, Қазақстаннаң әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем қарточкалары- ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және коорпоративтік болып бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасың шегінде оның ұстаушысына ( иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы қөлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсңпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Коорпоративтік карточкалар - бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстауышыға банк пен занды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегігі (инструменті)ретінде 2 млн. Карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде Viza және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. Кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті оміріне пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лицензиялауымен шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
төлем карточкаларын берудің жағдайы;
төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың (блокирования) жағдайы;
төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
тараптардың құқықтары мен міндеттері;
тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының аймағында төлем карточкалары теқ теңгемен төленеді.
Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте немесе телефон байланыстары арқылы жүреді.
Төлем құжаттары эквайерге көрсетілген қызметке немесе сатып алынған тауарға ақша төлеу нұскау береді. Қолма-қол ақша алған кезде төлем құжаттары карточка ұстаушыларға төлемдердің берілгені бойынша банк эквайері қолма-қол ақшаның орнын толтыру туралы нұскау береді.
Төлем карточкаларымен операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде не қағаз, не электрондық нысанда жасалса, онда ол: электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады.
Қазақстан Республикасында тауар мен қызметін төлеу үшін төлем карточкасының пайдаланғаны слиппен немесе сатып алынған сомасына екі данада берілген сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип үш данада рәсімделеді: біріншісі банкке, екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі.
Төлем карточкадан қолма-қол ақшаны алған кезде есеп беретін адамған ақша қаражатын берген сияқты рәсімделеді,операциялар одан әрі қарай жалпы қабылданған тәртіп бойынша көрініс табады.
Мысал. Қолма-қол ақшаны және оны есептеумен байланысты уақытың және басқа да шығындарын қысқарту мақсатында кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек ақысын төлем карточкасында төлеуді ұйғарған.
Сонымен, пластикалық карточканың,яғни төлем карточкаларының бірқатар артықшылықтары бар: сатып алушы клиент үшін пайдалануға ынғайлы; сауда ұйымының тауар айналымын арттырады; банк шоттарында ақша қаражаттының әжептеуір сомасы жинақталады, бірақ осы артықшылықтардың бәрі бухгалтерді қуантып отырған жоқ, өйткені жаңа проблемалар туындауда.
Төлемнің бұл түрі - касса арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есем екенін , демек кассир - операционист кітабында нақты өткізілген
төмен сома көрсетіле ме немесе оның банкке немесе кәсіпорын кассасына өткізілген сомаға сәйкес келмеуіне бола ма? - деген сұрақ пайда болатының бәрі де жақсы түсінеді.

1.4 Төлем талап - тапсырмалары арқылы есеп айырысу.

Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу. Мүндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап - тапсырмасын ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі.
Төлем талап-тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметі көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттары
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-на қарыз нысанында қаржыландыру алуға өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын инвестициялық жобаларға арналған бизнес-жоспар
Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша қозғалысы
Төлем талап тапсырмалары
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
Қаржылық есептілікті ұсыну
Пәндер