Тахауи Ахтановтың Боран атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық Институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Мақала.

Тахауи Ахтановтың «Боран» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы.

Қостанай, 2020 жыл

Диалектология туралы жалпы түсінік

Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар- халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар.

Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы - диалектология ( диалектос - сөйлеу, говор, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармаұтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі юір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

Говор - жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жайғдайында диалект екі - үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі - үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай говорлар ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып, бірнеше говор енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне қарай кейбір тілдерде говорлар подговорға бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғай болып келген говорлардың жиынтығы наречие деп те аталады.

Шынында, диалект, говор, наречие деген терминдер бірінен - бірі сонша алыс кеткен ұғымдар емес. Бәрінен де жергілікті тіл ерекшеліктері негіз болады.

Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалект бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы, әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі, заты деудің орнына сойы, талаушы - шабаған, беймаза - бейана, кебек - буыз, үнемі - бойлай, әрең - шаққа, табалдырық - тебелдірік, есік ілгегі - тепкі, шұлғау - байтаба болып айтылады. Тіпті әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше варианты кездеседі: сіріңке - кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын - ләген, жам, кірлен, шылаужын, тас; кесе - самал, пиялай, кісе, тас аяқ, ақпыр, ақпар, кардон, жанан, ; күрке - балағаш, балаған, шайла, шабра, кәпе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа; известь - әк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш т. б. Бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер жеке сөздердің мағыналарында да кездеседі. Әдеби тілде де, диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналары әр түрлі болып келеді, мысалы көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада, бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқты там деген сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әр түрлі ұғынылады. Тәте бір жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке мағынасында қолданылады. Тәртіп - қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында айтыла береді.

Диалектологияның қалыптасу тарихы этнографиямен тығыз байланысты. Өйткені диалектілер мен диалектілік ерекшеліктер этнографиялық белшілермен ұштасады. Шынында, жергілікті халықтың әдет - ғұрап, тұрмыс - салтындағы заттар мен ұғымдардың атауы болып келетін диалектиздер аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, диалектілік ерешеліктер аса маңызды этнографиялық белгі болып табылады. Мысалы, Қостанайдың Жанелдин ауданында тайтұяқ деген сөздің жалпы халық білетін мағынасынан басқа мұз оятын құрал деген мағынасы тағы бар. Бұл атау жергілікті халықтың мұз оятын құралдытайдың не аттың тұяғынан жасау әдетінен туған. Тандыр (нан) - кейбір оңтүстік аудандарда қабырғаларына нанды қарып пісіруге арналған пеш атауынан шыққан.

Кейбір елдерде диалектология осы күнге дейін белгілі дәрежеде этнографияға көмекші қызмет атқарады. Совет тіл білімінде диалектология ұлт тілінің, жалықтың жергілікті диалектілерін зерттейтін жеке саласы ретінде қалыптасты. Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден - ақ белгілі. Тіпті көне замандардағы грамматикаларда вкльгаризм (тұрпайы сөздер), провинциализм (аймақтық, облыстық тіл ерекшеліктері) сияқты терминдердің кездесуі - диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шыққан. Бірақ ХІХ ғасырға дейін диалектілік ерекшелік тілдегі «қате сөйлену», дұрыс сөздің «бұрмалануы» сияқты болып көрініп келді. ХІХ ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада, Россияда халық мідениетіне, этнографияға, фольклорға, сол сияқты тілге де ерекше назар аударыла бастады. Содан былай этнография мен фольклордан әлі толық жіктеле қоймаған диалектология жеке сала ретінде дами бастады. Диалектологияның жеке сала ретінде қалыптасуында революция дейінгі орыс ғалымдары И. И. Срезновский, А. А. Потебия, А. И. Соболевский, әсіресе А. А. Шахматов көп еңбек сіңірді.

Диалектология тіл ғылымының бір саласы болып қалыптасуымен байланысты оның маңызы артып, зерттеу обьектісінің шеңбері кеңейе түсті. Зерттеу ісі халық тіліндегі ерекшеліктерді жинаумен, анықтаумен тынбай, тіл тарихын жасауда да ойдағыдай роль атқарды. Зерттеу обьектісінің саралауына және сипатына қарай диалектология - сипаттама (описательная) диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның міндеті - тілдегі диалектілер мен говорлардың дыбыстық грамматикалық және лексикалық құрылысын сипаттау, сол жайында жүйелі тсінік беру. Тарихи диалектологияның міндеті - тілдегі диалектілер мен говорлардың, диалектілік ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш «Қазақ диалектологиясы» 4 - 7 бет )

Қазақ диалектологиясының ғылым ретінде қалыптасуындағы қазақ ғалымдарының рөлі

С. Аманжоловтың қазақ диалектологиясы ғылымында алатын орны.

Профессор С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілерді 3 топқа бөліп қарастырған:

а) оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды;

ә) батыс диалектісі - Батыс Қазақстан, Гурьев (Атырау), Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды;

б) солтүстік - шығыс диалектісі - Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 142-143 бет)

Ғалым қазақ тілінің солтүстік - шығыс диалектісін жан - жақты зерттеген.

С. Аманжолов қазақ тілінің солтүстік - шығыс диалектісіне бұрынғы керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызған. С. Аманжолов солтүстік - шығыс диалектісін қазақтың әдеби

тілінің негізінде жатқан диалект деп есептеген. Ғалымның зерттеуінше, Қостанай облысында мынадай өзгешеліктер кездеседі:

а) Дыбыстық ерекшеліктер. Ұ мен о алмасуы: ұятсыз - оятсыз; ш мен ж алмасуы: быршу - быржу; ү мен ө алмасуы: мүштік - мөштік (батыс диалектісінің әсері) ; п мен б алмасуы: пайда - байда; ж мен й ауысуы: бұл жақ - бұ йақ (оңтүстік диалектісінің әсері) ; с мен ш алмасуы: ұқсас - ұқшаш, тысқары - тышқары (оңтүстік тілдердің әсері) т. б. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 144 бет)

ә) Грамматикалық ерекшеліктер. - Дама, - лама қосымшалары арқылы туған, әдеби тілде кездеспейтін сөздер бар: жұлдыздама - календарь, наурыздама - наурыз көже, жылулама - қашқалақтау.

- Шық, шік қосымшалары арқылы туған, әдеби тілде кездеспейтін сөздер бар: өзеншік - өзеннің қолтығы, шарашық - кішкене шара.

Етістіктің келер шағы көсемшеге -шақ жұрнағы жалғану арқылы жасалады: барашақ, қояшақ.

Барар - бармасым, баратын-бармайтыным деудің орнына барар - жоғым, барым жоғым формалары қолданылады: менің ол жаққа барым - жоғым белгісіз. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 145 бет)

б) Лексикалық ерекшеліктер. Аналық тіл - ана тілі, дабыл жол - даңғыл жол, долаң - епсіз, дөкет - өтпейтін үлкен пышақ, күйенте - иінағаш, маңдайғыш - маңдайға тартатын орамал, мойынша - шарф, бөкебай, сықпырт - суайт, туысы жарты - нашар туған, шағар - сіріңке жыне т. б.

Ғалым С. Аманжолов қазақ тілінің оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр тайпа одақтарының тілін жатқызған. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 145 бет)

С. Аманжолов оңтүстік диалектісінің негізгі ерекшеліктерін көрсеткен. Ғалым көрсеткен оңтүстік диалектісінің фонетикалық ерекшеліктері төмендегідей:

С мен ш алмасуы: мысық - мышық , есек - ешек , масқара - машқара ;

Ш мен ч алмасуы: шұрқырау - чұрқырау , шана - чана , шеге - чеге , шикі - чикі , шүберек - чүберек . С. Аманжоловтың зерттеуінше, бұл өзгешелік Қазақстанның шығыс аудандарында да кездеседі.

Д мен л алмасуы: теңдік - теңлік , тыңда - тыңла , маңдай - маңлай , аңдамау - аңламау ;

Б мен п алмасуы: болат - полат , бітіру - пітіру , бейнет - пейнет , бақыр - пақыр , байқау - пайқау ;

Ң мен н ауысуы: ертең - ертен , өлең - өлен, көбең - көбен ,

қалың - қалын ;

М мен п алмасуы: маңай - паңай , мақта - пахта , мешпет - пешпент ;

К мен г алмасуы: күріш - гүріш , көң - гөң т. б. С. Аманжолов оңтүстік диалектісіндегі оғыз тілдерінің әсерінен пайда болған алмасулар деп төмендегі алмасуларды көрсеткен:

Б мен у ауысуы: кебіс - кеуіш , кәпір - кәуір, шылапшын - шылаушын//шіләужін;

А мен ә алмасуы: қатты - кәтті, қайтып - кәйтіп, керісінше,

әйел - айал , едәуір - адауір. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 148 бет)

Ғалым грамматикалық ерекшеліктердер ді жан - жақты зерттеген. Оның көрінісі төмендегідей:

Етістіктің жекеше 2 - жақ бұйрық райының -ғын, -гін, -қын, -кін, -ың, -ің қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: суғырғын (суыр), айтқын (айт), келгін (кел), барың (бар), көрің (көр) .

Бұйрық райлы етістіктің көпше 1 - жағының -лы, -лі қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: баралы -барайық, келелі - келейік.

Қалау райдың бар, жоқ сөздері арқылы жасалған түрлері кездеседі: барғым бар - барғым келеді, барғым жоқ - барғым келмейді.

Қалау райдың қысқарған тұлғалары кездеседі: барса кетті - барса игі еді, келсе кетті - келсе игі еді.

Көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы жасалған түрлері кездеседі: атпынан келу - атпен келу, пойызбынан бару - пойызбен бару.

Септік жалғауларының қызметінде ауысушылық байқалады: мұғалімге оқыдым - мұғалімнен оқыдым. Арысқа тұрамын -Арыста тұрамын. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 148 бет)

Ғалым оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін бірнеше топқа бөліп қарастырған. С. Аманжолов оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 20 салаға бөлген. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 149 бет)

Оңтүстік диалектісіндегі лексикалық ерекшеліктердің бәрін бірдей беру мүмкін болмағандықтан, төменде кейбір мысалдар ғана келтірілген: айуан, дәліз, далаң - ауыз үй, алдыңғы үй, аташ - пойыз, ауқат - тамақ, жұмыс, ашық - машық, топша, тұрым -топса, әтешкер, әтешкі - қысқаш, әтубер - абырой, байқуат -қуатты, бәдірең - қияр, бігі з - біз, білік//пілік - білте, бітпе - жазба, дава - таба, табадан, дақыл - нәрсе, зат, дарбаза - қақпа, дарын -жаршы, датқой - өсекші, дәке - марлі, дәс орамал - қол орамал, дуал - қабырға, дүр - шебер, маман, діт - ой, арман, еге - ие, егер -ер, екше - кимешек, етмал - ықтимал, жаған//жағлан - қайыс сандық, жам, кірлен, ләгөн - леген, шылапшын, жемелек - шашбау, жоғырмақта - жуықта, жозы - аласа үстел, зәңгі//зеңгі - басқыш, саты, зерен - тостаған, зілмендей -зілдей, кәттә - зор, үлкен, кепсер - сүзгі темір, кеуірт - күкірт, кеуіш - кебіс, мұқым - тіпті, мүлде, мұттайым - қу, өтірікші, пая - сабақ, парбоз//паруаз - үй төбесіне салатын ағаш, пахнатты - күйлі, пешене - маңдай, бақыт, пісентті - жинақты, ұқыпты, сыйлықтау - сыйлау, таға - нағашы т. б. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 149 бет)

С. Аманжолов оңтүстік диалетісіндегі лексикалық ерекшеліктерід зерттегенде, идиомалық, фразалық сөз тіркестеріне де баса назар аударған:

алағаудан болу - алаң болу, амалкесін іздеу - амал іздеу, аяқ қылып тастау - аяқсыз қалдыру, әбден тысқары - шамадан тыс, бәз уақытта - кей уақытта , белі ауыру - жаны ашу, жүзі қайту - беті қайту, зыбан ұру -әлек салу, кеуім тарту - қараңғы тарту, күгім бату - қас қараю, күмәнға шығу - күмән болу, қаза біту - қаза болу, қазан боп біту, пұшайман жеу - уайым жеу, сауатын шығару - сауатын ашу, табым жоқ - көңілім соқпайды, тән алмау -мойнына алмау, тәнті болу - риза болу т. б.

3. С. Аманжолов қазақ тілінің батыс диалектісі алшын тайпалар одағының тілі жатқызған. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 150 бет)

Батыс диалектісінің С. Аманжолов көрсеткен негізгі диалектілік ерекшеліктері төмендегідей.

Ғалым қарастырған фонетикалық ерекшеліктер:

Ш мен с алмасуы: шекер - секер , келешек - келесек//кележақ,

шоқаю - соқаю , шұжық - сүжік;

Ш мен ж алмасуы: келешек - кележақ, берешек - бережақ,

шаң - шұң - жаң - жұң, қиыр - шиыр - қиыр - жиыр;

Д мен б алмасуы: додалау - бодалау, жедеғабыл - жебеғабыл;

Д мен ж алмасуы: домалау - жұмалау;

Н мен й ауысуы: қайда сұрау есімдігі қанда болып айтылады;

О мен ө алмасуы: сорақы - сұрақы, домалау - жұмалау, ойран - ұйран, сонар - сұнар, шойнақ - шұйнақ, қолдану - құлдану, қорытынды - құрытынды, шошқа - шұшқа;

Ө мен ү алмасуы: өгей - үгей, мөңіреу - мүңіреу, дөнен - дүнен, нөсерлеу - нүсерлеу;

Е мен і ауысуы: бәйге - бәйгі, ерегес - ерегіс, келін - кепшік -келін - кепшек, кесертке - кесіртке;

Ы мен а ауысуы: құдағый - құдағай, қажырлы - қажарлы, айқыра - айқара ;

А мен ө алмасуы: болар - болұр , машақат - мұшақат , аз - маз- аз - мұз, (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 151 бет)

Ғалым батыс диалектіснің негізгі грамматикалық ерекшеліктері ретінде төмендегідей мысалдарды көрсеткен:

Жіктеу есімдігінің 1, 2 - жақтарының сыпайы түріне ілік жалғауы қысқарған түрде қосылады: бізің - біздің, сізің - сіздің. Бұл есімдіктердің тәуелденген түрінде де ерекшелік бар: бізікілер -біздердікі, сізікілер - сіздердікі.

Кейбір сілтеу есімдіктері ерекше тұлғаларда кездеседі: анаусы - анасы, мынаусы - мынасы, тонау, тона - сонау, анау.

Етістіктің өткен шағының -улы, -улі қосымшалары арқылы жасалған түрлері кездеседі: барулы - барды, келулі - келді.

Көптеген етістіктердің тұлғасында ерекшелік бар: біткеру - бітіру, жеткеру - жеткіру, жүрту - жүргізу, кішірту - кішірейту, сандалу - сандалау, жаду - жадылау, ортаю - орталау, қойыру -қойылу.

-ын, -ін, н жұрнағы арқылы әдеби тілде өздік етіс тумайтын кейбір сөздерден өздік етіс жасалады: оқыну - оқу, шығыну -шығу, болыну -болу.

Қос сөздердің жасалуында ерекшелік бар:

а) кейбір қос сөздердің құрамында ескі тұлғалар сақталған. Мыс: түйе - теге -түйе - мүйе, қойшы - қойманшы - қойшы - қолаң, сиыр - сыбыр -сиыр - миыр;

ә) көптеген қос сөздердің екінші сыңары әдеби тілде м дыбысынан басталса, батыс диалектісінде п дыбысынан басталады: ат - пат - ат - мат, үй - пүй - үй - мүй, кісі - пісі - кісі -місі, жігіт - пігіт - жігіт - мігіт,

б) әдеби тілде кездеспейтін қос сөздер бар: ерсен - қарсан -ерсілі - қарсылы, еңку - еңку - еңіс - еңіс, қауқыл - қауқыл, ырп -ырп, ырқ - ырқ;

-ай қосымшасы кейде барыс септігіндегі - қа орнына айтылады: (он бір) жасай келгенде - жасқа келгенде. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 151- 152бет)

С. Аманжолов батыс диалектісіне тән лексикалық ерекшеліктерді 19 салаға бөліп берген. Ғалым зерттеген лексикалық ерекшеліктер төмендегідей:

аданас - туысқан, айлақ -кеме тоқтайтын жер, алқа - құлып, ату - мәсі, ауыт - түйе қамыты, әйдік - үлкен, бел - темір күрек, бойлай - ылғи, үнемі, бостан -бостандық, бөтеке - бөтеге, бұйдай - бидай, бүйде - бұйда, далбай -күн өтпеу, маса шақпау үшін киетін бас киім, даң - даңқ, дере -науа көтеріңкі болу үшін қойылатын шым, тас, долы - құдықтан лай шығаруға арналған ыдыс, дулыға - нар өркешінің биік қыры, дүзін беру - өлген адамды жүз күн өткен соң еске түсіру, дырау -үлкен , ергежейлі - ергежелі, жалт - найзағай, жандық -ұсақ мал, жолай - жолшыбай, көзгелдек -тостақан, көпшік - жастық, көрт - лөк пен кердеріден шыққан түйе тұқымы, көрім - жаман, күбірткейлі - күбіртке, мойсапат - дөрекі, нобайы - түгел, бәрі, ойнарқы - ойнақы, өтпек - піскен нан,

рабайда - анда - санда, рә - өте, тіпті, сірә, сой - тұқым, тек,

сүйүсмал - күйісті мал, татасыз - уайым - қайғысыз, іңкәл - етке салатын жұқа нан т. б. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 153 бет)

Ғалым батыс диалектісіне тән идиомалық тіркестер мен фразалық тіркестерді де қарастырған: адал зат жоқ - мал жоқ, ақ көз - даңғой, ақтан ішкен - туа болған, ақтарылып тұру - аң - таң болу, аулына ат жайлайтын кісі - аулына қонақ түсетін кісі, ауыз жармаған -

үйретілмеген, бараны қашу - үрейі қашу, беделіне сыймау - беделіне сатылмау, беті ақ айран тарту - өңі қуқыл тарту, дауасын түсіру - дауасын табу, жаду беру -жадылау, жан созу - жанталасу, жар газет - қабырға газет, көңілі біту - көңілі толу, күн баю - күн бату, қадам ұру - қадам басу, құдаған өскен - құдағидай сыйлы өскен, құлағым жоқ - малым жоқ, ләпей таптырмау - қоныс таптырмау, мұрады мұң болу - мұратына жету, сып - сипан ету - түк қалдырмау, сырт көзінен таныту - сыртынан таныту, т. б. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы», 153- 154 бет)

Ж. Досқараев қазақ тіліндегі говорлар туралы

1. Ж. Досқараев қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетеді:

1. Оңтүстік-шығыс говорлар тобы. Бұған оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары, сондай-ақ Талдықорған облысының оңтүстік-батыс аудандарындағы (Талдықорған, Киров, Қаратал т. б. ) және Қызылорданың оңтүстік-шығыс аудандарындағы халық тілін жатқызады.

2. Солтүстік-батыс говорлар тобы. Бұған Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Целиноград, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Қызылорда облысының батыс аудандарындағы (Қазалы, Арал т. б. ) және Семей облысының солтүстік-батыс аудандарындағы халық тілін жатқызады. Бұл говорлық топтардың өзара айырмасын білдіретін мынадай тілдік белгілерге тоқталады.

Фонетика саласында. 1) Оңтүстік-шығыс говорлардағы кейбір сөздерде дауысты дыбыстардың ауысып отыруы: мәзмұн-мазмұн, кәйтеді-қайтеді, кәрия-қария т. б.

2) Солтүстік-батыс говорларда еріндік дауыстылар айтылатын жерде оңтүстік-шығыста езулік дауыстылардың басым айтылуы: бықтыру-бұқтыру, кебе-көбе, інемі-үнемі, кеуірт-күкірт т. б.

3) Солтүстік-батыс говорларда ш айтылатын жерде оңтүстік-шығыста ч дыбысының айтылуы: чеше-шеше, чал-шал, чабын-шабын, әнчі-әнші, малчы-малшы т. б.

4) Солтүстік-батыс говорлардағы д айтылатын сөздерде оңтүстік-шығыс говорларда л айтылуы: таңлай-тандай, тынлау-тындау, тенлік-тендік т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Тахауи Ахтановтың Қаһарлы күндер романының тілі
Парсы тілінен енген сөздер
Боран романы енді
Тахауи Ахтановтың драмалық шығармаларына ғылыми талдау
Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері
Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Т. Ахтанов прозасындағы қаһарманның адамгершілік әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz