Микоплазмалар және актиномицеттер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министірлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік Университеті

Аграрлық- техникалық институті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

Пәні: Ветеринарлық микробиология және вирусология

Реферат

Тақырыбы: Микоплазмалар және актиномицеттер

Орындаған: II- курс студенті Әтімбетова А. А.

Тексерген оқытушы: Ph. D- докторы Елеусизова А. Т.

Тобы: 18-700-21

Қостанай, 2019ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. 1. Микоплазмалар

1. 2. Актиномициттер

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Бізді қоршаған ортаның барлығы микроорганизмдерге толы. Олар табиғатта өте кең таралған. Осы тіршілік ортасы болмаса онда жер жүзі құрып кетер еді. Микроорганизмдердің пайдалы әрі зиянды жақтары болады. Микроорганизмдер көптеген аурулар туғызуы мүмкін. Мысал ретінде микоплазмалар мен актиномицеттер бұлар бактерия болып табылады. Көзге көрінбейтін болсада олардың өздерінің морфологиялық, физиологиялық құрылысында өзгешеліктер бар. Сонымен қатар олар тірі организмге түссе түрлі ауруға әкеліп соқтырады.

Микоплазмалар

Морфологиясы . Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.

https://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=413b3d28d786798&mb=imgdb_preview_1526 http://liqmed.ru/wp-content/uploads/2017/01/mycoplasma-genitalium.jpg

Микоплазма - ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жүқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері түрақты емес, бактериалық сүзғіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал :Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша қүрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазмалық мемранамен қатар қүрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан түрады. тазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозгалмайтын түрлері кездеседі. Минималды яланатын бірлігі - элементарлық денешіктері. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, алған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық боліну жолымен, терінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінді . Біртіндеп үзарып жіпшелер қүрастыруы мүмкін. Прокариотгар ішінде геномының көлемі бойынша ісі - микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей) . Микоплазма пенициллинге түрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді.

Микоплазмоз тобы адамдарда микоплазмалармен тудыратын ауру. Олар антропонозды бактериялық инфекция. Алғашқы рет 1898ж. микоплазмаларды Э. Нокар, Э. Ру, А. Боррель байқаған. 1910ж. Ж. Борде мен А. Боррель қоздырғыштың толық морфологиялық сипаттамасын берген. 1929ж. К. Новак «микоплаз­малар» деген атауды ұсынған. 1931ж. бактериялық сүзгіштердің көмегімен Эльфорд микоплазманың көлемін анықтаған. 1937ж. алғашқы рет Дианес пен Эдзалл бартолин бездерінің абцесінен бөлінген іріңнен адамдарға патогенді микоплазмаларды бөліп алған. 1944ж. М. Итон атипті пневмониямен ауырған науқастан микоплазмаларды бөліп алған. 1954ж. уретритпен ауырған науқастан Шепард патогенді Ureaplazma urealyticum бөліп алған. 1962ж. В. Д. Тимаков пен А. С. Про­зоровский респираторлы микоплазмоздың қоздырғышы Mycoplasma pneumoniaeекндігін дәлелдеген.

Қоздырғыштың түріне байланысты олар тыныс ағзаларын немесе несеп-жыныс жолдарын, өте сирек жағдайда басқа ағзаларды да зақымдайды

Медициналық маңызы бар Mycoplasma туыстастықтарының түрлері.

Түрлері
Орналасуы
Тудыратын аурулары
:
Түрлері: M. pneumoniae
Орналасуы: Тыныс жолдары
Тудыратын аурулары: Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынулары, трахеобронхит, атипті пневмония, респираторлы емес көріністер
:
Түрлері: M. hominis
Орналасуы: Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары
Тудыратын аурулары: Пиелонефрит, жанбас ағзаларының қабыну аурулары, туғаннан кейінгі қызба, даму ақаулары
:
Түрлері: M. genitalium
Орналасуы: Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары
Тудыратын аурулары: Гонококты емес уретрит (урогениталды микоплазмоз)
:
Түрлері: M. orale
Орналасуы: Тыныс алу жолдары
Тудыратын аурулары: Белгісіз
:
Түрлері: M. salivarium
Орналасуы: Ауыз қуысы
Тудыратын аурулары: Гингивит, периодонтит
:
Түрлері: M. primatum
Орналасуы: Тыныс жолдары, маймылдардың несеп-жыныс жолдары (адамда сирек)
Тудыратын аурулары: Маймылдарда - уретрит
:
Түрлері: M. fermentans
Орналасуы: Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары
Тудыратын аурулары: Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, ревматоидты артрит
:
Түрлері:
Орналасуы:
Тудыратын аурулары:

Таксономиясы

Класы: Mollicutes. (жұмсақ терілік деген мағына береді) .

Тұқымдастығы: Mycoplasmataceae.

Туыстастығы: 1. Mycoplasma

Түрі: M. pneymoniae, M. hominis, M. genitalium, .

«Микоплазма» термині Mycoplasmataceae және Acholeplasmataceae тұқымдастықтарына жататын барлық микробтар үшін қолданылады. Микоплазмалардың негізгі таксономиялық белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.

Соңғы жылдардағы зерттеулер барысында M. fermentans және M. penetrans ЖИТС дамуына белсенді түрде қатысатындықтары анықталған. M. pneumoniae - респираторлық инфекциялар қоздырғышы, M. hominis, M. genitalium, U. urealyticum - урогениталдық инфекциялар қоздырғыштары болып табылады.

Дақылдандыру . Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына байланысты микоплазмаларды дақылдандыратын қоректік орталар міндетті түрде күрделі болуы керек. Олардың қүрамына аминқышқылдары, нуклеин қышқьшдарының алғашқы қүраушы заттары, холестерин және т. б. заттар кіреді. 1, 3% агары бар табақшаларда микоплазмалар тек қана микроскоппен өтпелі жарық арқылы қараған кезде көрінетін колониялар түзеді. Колониялардың түрі «қуырылған жүмыртқаға» ұқсас болады. Микоплазмаларды сорпада өсіргенде сәл лайланады. Жартылай сүйық агарда (0, 3%) түтікше енген жолында ғана сәл «шаңдану» байқалады. Глюкозаны ферменттейтін микоплазмаларға (M. Genitalium, М. fermentans) өсіру үшін қоректік ортаға глюкоза қосады.

Микоплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін Хайфликтің модификацияланған ортасын, SР-4 сын, в-глобулинді фракциясының гидролизатының негізінде жасалған қоректік орталарға себеді. Ферментгік белсенділігі төмен.

Антигендік патогенділік қасиеті мен факторлары. Күрделі, жасуша мембранасында түрспецификалық антигені бар. Жоғарғы жиілікке ие мутация нәтижесінде антигендік полиморфизмі айқын байқалуымен ерекшеленеді. Химимялық полисахаридтер құрамында, ақуыздар, гликопептидтер болады. Ақуыздардың басым көпшілігі мен липидтер мембрана құрамына кіреді.

Резистенттілігі . Қоршаған ортада тұрақсыз. Жоғарғы температураға, ылғалдылыққа, ультракүлгін сәулелерге шыдамайды. Ортаның рн-шы-7, 5-8, 0. Микоплазмалар фторхинолондарға, цефалоспориндерге, азалидтерге, тетрациклиндерге сезімтал. Кең қолданылатын антисептиктер дезинфектанттарға мен сезімтал.

Эпидемиологиясы. Табиғатта микоплазмалар кең таралған. Инфекция көзі - ауру адам, тасымалдаушы. Механизмі Таралу - аэрогенді, негізгі жолдары таралу - ауа-тамшылы, жыныстық қатынас арқылы. Ауруға адамның сезімталдығы жоғары. Ауру оқиғаларының жиілеу мезгілі - жаз айларының аяғы мен күз айлары.

Микробиологиялық диагноз қою . Респираторлы микоплазмозға күдік туғанда материалы ретінде зерттеу қақырық, мұрын, жұтқыншақ шырышы, бронх шайындысы және түсік кезіндегі ұрық пен ана құрсағында өлген баланың ішкі ағзаларынан жағынды-препараттар алынады .

Дақылдағы микоплазмалардың титрін анықтау үшін он реттік сұйылту сериясын жасап, әр сұйылтуды (0, 5 мл) дақылдандырудың қоймалжың ортасына (0, 3%) себеді. Микоплазмалар өскен соңғы пробиркадағы колонияларды санайды және сұйылтудың дәрежесіне көбейтеді. Титрді КОЕ/мл-мен санайды. Уреаплазмаларды сұйық титрлеуді ортада жүргізеді. Ортаның түсі өзгергендігі байқалған соңғы пробиркадағы сұйылтудың кері өлшемін титр деп қабылдайды. Титрді түс өзгертетін бірліктермен көрсетеді. Микоплазмалардың ИФР антигендерін (төте немесе жанама тәсілдерімен) арқылы анықтайды.

Актиномицеттер

Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) - диаметрі 0, 4-1, 5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы - жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гр + және ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері - 60-75%.

C:\Users\Акбота\Desktop\img10.jpg C:\Users\Акбота\Desktop\img4.jpg

Ең кең таралған жері - топырақ: оның құрамында актиномицеттердің барлық туыс өкілдері кездеседі. Люминесцентті микроскопия көмегімен анықталатын прокариотты биомассаның 10-15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ суспензиясын егу кезінде өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін құрайды /2/.

Актиномицеттердің арасында аэробтар және анаэробтар, мезофилдер мен термофилдер бар. Көбінесе актиномицеттер сапрофиттер, алайда араларында адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіретін паразитті түрлері кездеседі. Actinomycetes классына қалыпты актиномицеттерден басқа, проактиномицеттер, микобактериялар және микококкалар жатқызылады Проактиномицеттер актиномицеттерден мицелийдің дамудың ерте кезеңінде ған болуымен ерешеленеді. Одан кейін жас жіпшелер коккалар мен таяқшаларға дейін үзіледі.

Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін қабілеттілігіне байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің көптеген дақылдарынан дәрілік препараттар - тағам өнеркәсібінде, өсімдік өнеркәсібінде, ветеринарияда, медицинада қолданылатын антибиотиктер. Актиномицеттер витаминдер, гормондар, ферменттер, токсиндер, өсу заттары, аминоқышқылдар және адам үшін қажетті басқа да биологиялық белсенді заттар түзуге қабілетті. Топырақ құнарлылығын қалыптастыру және топырақ шығару прцесстеріне актиномицеттер белсенді түрде қатысады. Оларға топырақты қалпына келтіруді жүзеге асыратын көптеген функцияларды жатқызады. Ең алғаш болып актиномицеттерді 1878 жылы Ц. Гарц анықтаған болатын. 1945 жылы С. Ваксман және А. Шатц актиномицеттер дақылдарынан медицинада кең қолданыс тапқан стрептомицин антибиотигін бөліп алды

Актиномицеттердің құрылымы

Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі - 0, 1-1, 0 мкм, ал айрықша жуан гифтер - 1, 5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар. Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Ұсақ колониялар мөлшері - 0, 5-2 мм, ал ірі колониялар 1 см-ге дейін жетеді. Колониялардың сыртқы көрінісі де алуан түрлі: тегіс, бұдыр, қатпарлы, түйіршікті. Актиномицеттердің ауалы мицелийі колонияның беткі қабатында қалыптасады.

Актиномицеттердің клеткалары негізгі бірнеше бөліктерден құралған. Клетка қабықшамен - 0, 01-0, 03 мкм көлемі бар қабырғасы болады /3/. Мицелий қабықшаларының бетінде шырышты капсула орналасқан, көбіне ол өте жұқа және тығыз емес жүйе болып келеді.

Актиномицеттердің классификациясы

Актиномицеттердің систематикасы үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды.

Жалпы, Actinomycetes класы 2 қатардан құрылған. Actinoplanales - қозғалмалы және Actinomycetales - қозғалмайтын. Класс 26 туысы бар 6 тұқымдасты біріктіреді /3/.

Тұқымдастары: ACTINOMYCETACEAE, MICROMONOSPORACEAE, STREPTOSPORANGIACEAE, ACTINOPLANACEAE, DERMATOPHILACEAE, PLANOSPORACEAE.

Streptomyces туысы - Actinomycetales қатары Streptomycetaceae тұқымдасына жататын топырақ актиномицеттерінің туысы, тұқымдастың ең үлкен туысы (500-ден астам түрі бар) . Көптеген антибиотиктердің продуценттері ретінде танымал.

Актиномицеттер - антибиотиктер продуценттері

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің бірі - мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды

1940 жылы актиномицетин (Вельш, 1937) және мицетин, сонымен қатар, пенициллин деген антибиотикалық заттар анықталды.

Streptomyces туысы актиномицеттердің ең ірі өкілі болғандықтан, бұл актиномицеттерден түзілетін антибиотикалық заттар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы
Өсімдіктердің тамыр шірік ауруларын қоздырушылардың терминдер
Бактериялар систематикасы
Өсімдік ауруларының белгілері
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Микроорганизмдер және қоршаған орта
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Өсімдіктерді жіктеу принциптері
Ауыз қуысына тұрақты тіршілік ететін стрептококтар
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz