Балдырлар — төменгі сатыдағы су өсімдіктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Балдырлар -- төменгі сатыдағы су өсімдіктері.Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом (қатпаршақ) деп атайды. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігін таллом дейді. Балдырдың жасуша қабықшасы жақсы жетілген. Жасушасы көбіне бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары және вакуолі болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды - хроматофор дейді. Хроматофордың түстері әр түрлі. Соған байланысты жасыл, қызыл, қоңыр, сары балдырлар деп бөлінеді.
Балдырлар талшықты немесе талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде де кездеседі.

Біржасушалы Хламидомонда Көпжасушалы Спирогира Улотрикс

Балдыр жасушасы қабықшасының сыртын сілемейлі қабық қаптайды. Ол суда жеңіл қозғалуына, төсемікке жеңіл бекінуіне көмектеседі. Балдырлар өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді.
. Жыныс жасушаларын гаметалар деп атайды.. Жыныс жасушаларының қосылуының нәтижесінде зигота пайда болады. Кейбіреулерінде жыныссыз көбейетін спорофит ұрпағы мен жынысты көбейетін гаметофит ұрпағы ауысып отырады.
Жасыл балдырдың жасушасы - бір ядролы, кейде көп ядролы болады. Хроматофорында фотосинтездің нәтижесінде түзілген крахмал жиналады. Хроматофорларының пішіні тақта, білезік, жұлдыз, астауша, дән, таспа тәрізді болып келеді.Жасыл балдырлар біржасушалы және көп жасушалы болады.
Жасыл балдырлардың бір өкілі - хламидомонада. Ол тоқтау суларда тіршілік етеді. Хламидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан (целлюлозадан) тұрады. Жасушасында цитоплазмасы, ядросы, терең астау тәрізді жасыл түс беріп тұратын хроматофоры бар. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуолі және қызыл көзшесі болады.
Хламидомонада
Балдырлар судағы минералды тұздар мен көмірқышқыл газын бүкіл денесімен сіңіреді. Ол күн сәулесі арқылы ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Сонымен бірге оттегі газын бөліп шығарады. Оттегімен тыныс алады.
Жыныссыз көбейгенде хламидомонаданың жасушасы 2-ге, 4-ке, 16-ға, 32-ге бөлініп, әрқайсысы сонша есе кішірейген хламидомонадаға айналады. Оларды зооспоралар деп атайды. Зооспоралары аналық жасушадан бөлініп, әрқайсысы кәдімгі балдырға айналады.Хлорелла да біржасушалы жасыл балдырларға жатады.Құрылысы: 1 - вакуоль; 2 - хлоропласт; 3 - қабықша; 4 - цитоплазма; 5 - ядро.
Хлорелланың тағы бір айырмашылығы ол тек жыныссыз көбейе алады.
Хламидомонада мен хлорелла балдырларымен суда тіршілік ететін жәндіктер және балықтар қоректенеді.
Біржасушалы жасыл балдырларға - хлорококк та жатады. Ол топырақта, ағаштың діңдерінде өседі. Бөлмедегі гүл құмырасы сыртының, топырақ бетінің жасыл болып тұруы осы хлорококк балдырларына байланысты. Оның жасуша құрылысы хламидомонаданың жасуша құрылысына ұқсас. Тек талшығы мен қызыл көзшесі болмайды. Хлорококк балдырларының қалдықтары шіріп, топырақ түзуге қатысады.

Спирогира -жіп тәрізді көпжасушалы жасыл балдырлар жібі бірқатар болып орналасқан ұзынша жасушалардан тұрады. Басқа балдырлармен бірге жиналып, суға жасыл түс береді. Оны қолға ұстағанда, жібек сияқты жұмсақ болады.

Спирогира және оның құрылысы: 1 - вакуоль; 2 - цитоплазмалық жіпше; 3 - хроматофоралар; 4 - ядро.Ол тек өсімді және жынысты жолмен көбейеді.

Көпжасушалы жіп тәрізді жасыл балдырдың екінші түрі - улотрикс. Су түбіндегі қайыр - балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Балдырлар су жәндіктерінің тіршілік ортасы және қорегі болып саналады.
Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған - қоңыр және қызыл балдырлар жатады.

Ламинария Саргассум
Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1 500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетеді. Ең ірілерінің талломы (денесі) тарамдалып тұрады. Жасушасы - бір ядролы, вакуольдері біреу немесе көп болады. Хроматофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары (пигменттері) болады. Бұл бояу қоңыр балдырларда жүретін фотосинтезге күннің ультракүлгін сәулесін тиімді пайдалануға көмектеседі. Қоңыр балдырға ламинария жатады. (20 - 30 метр тереңдікте өседі) Оның сыртқы құрылысы гүлді өсімдіктерге ұқсас.
Қоңыр балдырлардың кейбір түрлерінің таспа тәрізді өсінділерінің ұзындығы 60 метрдей болып, биіктігі құрлықтағы кейбір ағашты өсімдіктердің биіктігінен асып түседі.
Теңіздің терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы пәні бойынша қысқаша дәрістер мазмұны
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Балдырларға жалпы сипаттама
Төменгi сатыдығы өсiмдiктер
Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы
Балдырлар туралы
Шардара су қоймасының маңызы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Пәндер