Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты



Кiрiспе
I.ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
II.ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі
2.1 Кассадағы қолма.қол ақшаның есебі
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма.қол ақшаның есебі.
2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма.қол ақшаның есебі.
2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі
III.ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
Қолма .қолсыз есеп айырысуесебi

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кiрiспе
I-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты

II-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.

2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.

2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

III-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары

Қолма –қолсыз есеп айырысуесебi

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кiрiспе

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық
жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық
экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады.
Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк
нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым
бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең,
алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан
Республикасының Президентiнiң Қазақстан - 2030 деген халыққа жолдауында
да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы
күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк
есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және
талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл
қызметтердiң мәнi тiрi ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi
билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге
болады.

Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық
бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен
ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын
зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында
кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп
жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде
мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның
iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.

Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу
қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты
бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi
болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс
ұйымдастырудың рүлi зор.

Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген
кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың
қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым –
қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп
бiлуге болады. Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы
айтылып кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында
жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни,
кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге
асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың
құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күруге
болады. Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан
бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып,
курстық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.

Ι-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы Бухгалтерлiк
есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң №4 № Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi
бабында: Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi
операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша
қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы
ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни
субъектiнiң қаржы жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi
делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында: Заңды тұлғалар, субьектiлер
(банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi
кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге)
тапсырады делiнген.

Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi
төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр
кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн
сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден
сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен
материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып
табылады.

Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ
және берешек операциялар күбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу
жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке
сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп
айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:

1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп айырысу
шоттарын ;

2) Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу
үшiн заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттiк мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,
қоғамдық ұйымдарға, үндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке
тұлғаларға ағымдық шоттарды;

4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;

5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге корреспонденттiк
шоттарды ашады.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн
жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезiнде
есептеу.

2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi
пайдалануды бақылау.

3) Есеп айырысу, түлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе
фирманың ақшалай кiрiстерi мен шығындарын дұрыс есептеу.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:

1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп
айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.

2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу
опрацияларын есептiк тiркелiмдерде толықтай және жедел түрде күрсету.

3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын
мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.

4) Белгiленген мерзiмдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына
түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық және
кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн iздестiру.

5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегi басқа шоттардағы
ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.

6) Есеп айырысу – төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық құндылықтар мен
қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ несие тәртiбiнде
алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

ΙΙ-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі 45-"Кассадағы қолма-қол ақша”
бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

451- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 452-
"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында
жүргізіледі.

"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде
кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде
ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты
көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол
тізімдемеге: "Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс
ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді. Жалақы, уақытша еңбекке
қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі
бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша беретін мерзімі мен оның жалпы
сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен
жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам
болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу
жазылады.Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.

Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі, ол
нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын
басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың
бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады.;
екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол
кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса
операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан
басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай
келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін
жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып,
парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды
одан әрі жалғастырады.

Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды.
"Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен
шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да
көрсетіледі.

Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның
жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан
соң оның деректері 451 – "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша”
шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне
көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі
корреспонденциясы

1

Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары 451
701

2 Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті 451 334

3 Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары кассаға келіп түсті 451 411

4 Тауарларды сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары 451 702

5 Артық тұрған материалдарды сатқаннан қолма-қол келіп түскен ақша 451 727

6 Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кассаға қайтарылды
451 333

7 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алып,жұмсамаған сомасы
кассаға қайтарылды 451 333

8 Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақша
451 511

9 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы кассаға қабылданды 451
333,334

10 Енщілес, тәуелді серіктестіктердің берешек сомасы кассаға келіп түсті
451 321-323

11 Кассаға банк және банктен тыс мекемелердің несиелері келіп түсті 451 601-
603

12 Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан төленді 101-106 451

13 Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді 401-403 451

14 Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны кассадан төленді 201-208
451

15 Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан төленді 811,821 451

16 Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді 222 451

17 Кассадан есеп айырысу немесе валюталық шотқа ақшалай түскен түсімдер
аударылды 441,431 451

18 Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын қайта сатудан түскен
табыс кассаға қабылданды 451 521

19 Акционерлер мен үлес қосушыларға есептелінген дивидендтер сомасы
кассадан төленді 621-622 451

20 Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомасы кассадан
төленді 681 451

21 Субъектінің лауазымды тұлғалар алдындағы борышы кассадан төленді 682 451

22 Құнды қағаздарды сатуға байланысты шығындар кассадан төленді 843 451

23 Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан төленген сома 333 451

24 Субъектінің кассасынан жұмысшы қызметкерлерге берілген несие сомасы 333
451

25 Кассадан жұмысшы қызметкерлердің депонеттелген(уақытында алмаған)
еңбекақы сомасы төленді 687 451

26 Банк немесе банктен тыс мекемелерден алынған несиелер сомасы кассадан
қайтарылды 601-603 451

2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452 шотын
ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас
жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса
ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және
теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен
көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар
кредиттеледі:

431-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта шотынан
валюта түскен кезде;

301-"Алынуға тиісті қарыздар” шоты – кассаға алынған валюта түсімінің
сомасына;

725-"Бағам айырмашылығынан түскен табыс” шоты – тиісті шетел валюталарына
қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының
сомасына;

333-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есеп беретін
адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредиттеледі және мына
төмендегі шоттар дебеттеледі:

333-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есебіне
берілген шетел валютасының сомасына;

431-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта шотына
өткізілген валюта сомасына;

844-"Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар” шоты – тиісті валюталарға қатысты
теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары
сомасына.

2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.

Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне
байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша
қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін
жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында
орналасады.№1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің
қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық
жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден
өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз,
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі,
БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін
журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-
ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын
ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық
органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті
инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль
шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында
сақталады.

Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451”Операциялық кассадағы қолма-қол
ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:

701-"Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс”, 704-"Көлік ұйымдарының жүктер
мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс” шоттары және
басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

301- "Алынуға тиісті қарыздар” шоты – сатып алашылар мен тапсырыс
берушілердің кассаға алынған сомаға.

Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 451 шоты дебеттеледі де, ал
451 шотының "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” субшоты кредиттеледі.

2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және
басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша
жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім
мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары
берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін
қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан
келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның
жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол
үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын
растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты,
аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық
жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына
жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын
белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын,
өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе
оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп,
куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады.

Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылғаны жөн.

Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер
арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде
қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот
иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық
тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы
атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының
жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың
тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша
операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың
жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол
үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал
мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады. Заңды тұлға – шот
иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын
бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша
келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны
жабуға тыйым салынады.

Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы
Ақша теориясы және ақша қаражаты
Қолма қол ақшаларды кассадан беру
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты туралы
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақша қаражаттары есебінің қолданыстағы тәртібі
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептері
Тепе-теңдік прициптері,бухгалтерлік баланстың маңызы
Ақша қаражаттары есебі мен аудиті
Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру
Пәндер