Музыкалық дыбыстар мен нота сауаттылығы: альтерация белгілерінің теориясы мен әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті

Соөж №1

Эссе

Тақырыбы: «Музыкалық дыбыстар, нота сауаттылығы. Альтерация белгілері»

Пәні: «Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі»

Дайындаған: Умирбаева Гулмира

Успмно-19-1

Ақтау қаласы 2020

Көркем өнердің əр түрінің өзіндік табиғи ерекшеліктері жəне заңдылықтары бар екені белгілі. Мысалы, поэзия сөзден құралса, кескіндеме, бейнелеу өнері түрлі бояулардан тұра ды. Мүсін өнері мен архитектуралық ғимараттар əртүрлі құрылыс материалдарынан тұрғызылып, салынады. Ал музыка дыбыстардан тұрады.

Дыбыс - физикалық құбылыс. Ол екі дененің бір-бірімен үйкелісінен не соғылысынан пайда болады. Мысалы, домбыраның шегіне қолымыздың жанасып, үйкелісуінен тербеліс пайда болып, дыбыс шығады. Ішек тербелістерінің қуаты домбыраның ша нағына жəне ондағы ауаға таралады. Сөйтіп, домбыраның шанағында еріксіз тербеліс - резонанс пайда болады (лат. тілінде резонанс - тербелістің сыртқы күш əсерінен күшеюі, жаңғырық беруі деген мағынада) . Шанақпен ауаның тербелісінен пайда болған дыбыстар жағымды естілетін жүйеге (резонаторға) түседі де, қайта кері шығып, ішектен шыққан жай дыбысқа қа рағанда жақсы əсер беріп, дыбыстың тербелу шегін - амплитудасын күшейтеді (лат. тілінде амплитуда - көлем; тербеліп тұрған де ненің ең үлкен ауытқу шегі; дыбыс толқының көлемі деген мағынада) . Үрлемелі аспаптардан шығатын дыбыстар ондағы қуыс ор ынға ауа үрлеу арқылы пайда болады. Осы дыбыстар ауа тол қыны арқылы жан-жаққа тарайды. Алғашқы ауа толқы ны келесі ауа толқынына ұласа келіп, біздің құлағымызға, яғни есту мү шемізге жетеді. Сол арқылы біз дыбысты сезініп, түйсініп, қабылдаймыз. Бізді қоршап тұрған табиғатта көптеген дыбыстар кезде седі. Сол көптеген дыбыстарды тыңдап, байқап отырсақ, əрқайсысы өзінше мағына беріп, қасиеттерін сезініп, тануға жетелейді. Үйрен шікті тіршілігімізде біз неше түрлі дыбыс құбылыстарын тез анықтап, тани аламыз. Адамның даусын музыкалық аспаптардың үнінен оп-оңай бөліп ажырата ала мыз, т. с. с.

Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:

1. Музыкалық дыбыстар;

2. Музыкалық емес дыбыстар, яғни шулы дыбыстар.

Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан негізгі айыр- 5 машылығы - оның бойында белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында. Бұл - музыкалық дыбыстың ең қажетті ерекшелік қасиеті.

Музыкалық альтерация (лат. alteratio өзгерту), музыкада

  1. кез келген дыбыс атауын өзгеріссіз жарты тонға жоғарылату немесе төмендету. Музыкалық альтерация таңбалары: диез (#) жарты тонға жоғарылату; бемоль (Ь) - бір тонга төмендету; дубль диез (х) - бір тонға жоғарылату; дубль бемоль - бір тонға төмендету. Музыкалық альтерация таңбасының бітуі - бекар. Кездейсоқ музыкалық альтерация таңбалары тек бір такт бойы қолданады. Кілттік музыкалық альтерация таңбалары ноталық сызықтардың басында жазылып, барлық октаваларда шығарманың соңына дейін сақталады;
  2. гармония жасауда негізгі тұрақсыз дыбыстардың хроматикалық өзгеруі. Осындай дыбыстары бар аккордты "Музыкалық альтерация аккорды" дейді.

Нота (лат. nota ) - музыканың қағазға жазып түсіруде қолданылатын графикалық шартты белгілер. Грекия, Мысыр, т. б. елдерде музыка жазуының әріптік, буындық, сандық, график., т. б. түрлері пайдаланылды. Бірақ олардың ешқайсысы да музыкалық дыбыс биіктігі мен созылымын нақты көрсете алмады. Ғасырлар бойы ізденістер нәтижесінде, 17 ғасырда Еуропада қазіргі нота жазу жүйесінің негізі қалыптасты.

Нота жазу жүйесінде музыкалық әр дыбысты сопақша келген дөңгелек, ашық - және қара - ! таңбамен белгілеу қабылданды. Осы қос таңбаға қосымша: таяқша, жалауша (құйрықша), арқа (байлағыш) секілді белгілерді біріктіріп жазу арқылы музыкалық дыбыстардың ұзақтығы (созылуы) дәлме-дәл анықталады. Дыбыс ұзақтығын көрсететін ноталарға сайма-сай келетін музыкалық тыныс (пауза) белгілері де бар: Музыкалық дыбыстардың биіктік деңгейі олардың нота сызықтарының астына, үстіне, араларына орналасуына қарай айқындалады: Халықаралық дипломат. қатынас термині. Бір елдің екінші бір елге наразылық көрсетуі мен қарсы ұстанымдары, көзқарастары қажет болған жағдайда сол елдің Сыртқы істер мин-не немесе елшілігіне нота тапсыру арқылы білдіріледі.

Дыбыстарды жарты тонға немесе бүтін тонға жоғары- төмен өзгертуді альтерация деп атаймыз ( Альтерация лат. тілінде - өзгерту деген мағынада) . Қара клавиштерден шығатын қосалқы дыбыстарды жазу үшін альтерация белгілері деп аталатын шартты таңбалар қолданылады. Оларға жататындар:

1) диез - жарты тонға жоғарылату белгісі;

2) бемоль - жарты тонға төмендету белгісі;

3) дубль диез - екі жарты тонға немесе бір бүтін тонға жоғарылату белгісі;

4) дубль бемоль - екі жарты тонға немесе бір бүтін тонға төмендету белгісі;

5) бекар - альтерацияға қарама-қарсылық белгісі (қайта орнына келтіру белгісі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық және шулы дыбыстар: классификация, нотация және мектептегі педагогикалық қолданылуы
Судың әуені: табиғи дыбыстар мен музыкалық аспаптардың үндестігін зерттеу
Орта буын оқушыларына арналған дауысты дыбыстар емлесін оқыту: теориясы мен әдістемесі
Балалардың музыкалық зейінін дамыту: теориясы мен әдістемелік тәсілдері
Педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениеті: музыкалық білім беру педагогикасының теориясы мен әдістемесі
Музыкалық білім беру әдістемесі: оқушылардың музыкалық қабілеттері мен шығармашылығын дамыту
Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі: 5B010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының оқу-әдістемелік кешені (силлабус)
Мектептегі музыкалық тәрбие: әдістемесі мен ұйымдастыру формалары
Бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың математикалық сауаттылығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастырудың теориясы мен әдістемесі
Музыкалық терапия: теориясы, әдістемесі және психо-педагогикалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz