Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті
Соөж №3
Пікірталас
Пәні: «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар
Дайындаған: УмирбаеваГулмира
Тобы: Успмно-19-1
Ақтау қаласы 2020ж
«Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі
«Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі» курсы болашақ мұғалімдердің ғылыми жаратылыстану және педагогикалық мәдениетін дамытуды, бастауыш мектепте қоршаған ортамен танысу бойынша оқутәрбие үдерісін тиімді және компетентті іске асыруға дайындауды жүзеге асыруды мақсат етіп қояды. «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесін» меңгеру деңгейі студенттердің оқытудың инновациялық технологиясын практикада қолдануымен, оқушылардың табиғатпен әсерлесуінің экологиялық, денсаулық сақтау тәсілдерін дамыту дайындығымен сипатталады.
Бастауыш мектепте «Дүниетану» пәнін оқытудың міндеттері.
- Табиғаттану бойынша қазіргі бағдарламалар.
- Табиғаттану туралы ұғымдар мен түсініктерін қалыптастыру және дамыту.
- «Дүниетану» пәнін оқытудың материалдық базасы.
- «Дүниетану» пәнін оқыту құралдары.
- Оқыту әдіс-тәсілдері.
- Бастауыш мектепте «Дүниетану» пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары.
- Шағын жинақты бастауыш мектепте «Дүниетану» пәнін оқыту ерекшеліктері.
- «Дүниетану» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар. Адам, қоғам, табиғат.
Күтілетін нәтижелер:
- бастауыш мектеп балаларын дүниетанумен таныстырудың, олардың дамытудағы маңызын саралау;
- студенттерді түрлі сабақтар типтерін ұйымдастыруға жаттықтыру, қоршаған ортамен таныстырудың әдіс-тәсілдерінбілуі керек;
- бақылау түрлерін оны ұйымдастырудың әдістерін және бақылау нәтижелерін қорытындылауды үйрету, топсаяхатты, серуенді ұйымдастыру түрлерімен әдістерін үйрету, бастауыш мектеп оқушыларының қоршаған дүниені танып білу дағдыларын қалыптастыру жолдарынмеңгеруі тиіс.
Құзіреттіліктер:
- бастауыш ғылыми-жаратылыстану білімінің теориялық негіздері мен технологиясынан білімдерін қолдана алады, қазіргі әлемдегі экологияның маңызын түсінеді, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі ұстанымдарын ұстанады және насихаттай алады, кіші мектеп жасындағы оқушылардың ғылыми дүниетанымын игерген.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту - өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Сабақ - қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үрдіс. Сабақ - білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді.
Мұғалім - сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог- ғалым Ахмет Байтұрсынов «Мектепке бірінші керегі - мұғалім, екінші - оқыту ісіне керек құралдар, үшінші - бағдарлама және оқулықтар керек», - деп айтқан өйткені оқыту ісінің сапасы осы - үш қажеттілікке байланысты. Әсіресе мұғалім бағдарламаны оқыту құралдарын оқулықтарды, әдіс тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды білімен қамтамасыз етеді. Олай болса, оқу - тәрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты.
Мұғалім ең адымен өз пәнінің оқу жоспарымен, педагогика және психология пәнінің бағдарламасымен танысып бір жылға күнтізбелік және жұмыс жоспарын жасайды. Сонымен қатар әр сабақтың тақырыптық жоспарын дайындайды. Онда ол тақырыптық және пән аралық байлынсты ғылым жаңалығын, алдыңғы қатарлы озат тәжірибені ескеріп, әр сабақтың мақсат - міндеттерін оқу жадығатың дербес жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі және техникалық құралдарын анықтайды
Мұғалім осылайша оқу жадығатын анықтап алып, сабақ жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды.
Мұғалімнің аталған талаптарды терең біліп, оларды сабақта кешенді тұрғыда пайдаланса еңбегі нәтежелі болмақ.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып жалаң сөздік әдістерінен арылуы, техникалық құралдарды басым пайдаланып, жаңашыл педагогтардың әдіс - тәсілдерін шығармашылықпен қолдануы - өмір талабы.
Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс - тәсілмен, тынымсыз еңбектің арқасында баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді.
Мұндай толық дербестікке жеткеннің өзінде де мұғалім әлі де болса оқушының танымдық қызығушылығын бағыттап отырады, себебі ол терең білімнің шешендіктің оқу әрекетін ұйымдастырудың үлгісі ретінде танылады.
Мұғалім мен оқушы бір - бірінің әрекеттерін толықтырып, байытып отырады. Оқушылардың белсенділігі мен дербестігіне сүйеніп, мұғалім олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне сенім артады, нәтежесін болжайды. Оқушыда оқуға талпыныс күшейеді, белгілі бір стандартқа сүйенбей-ақ өз тәжірибесін енгізіп шешім табуға тырысады. Бұған, сөз жоқ оқу үрдісінде енгізілген әртүрлі әдіс - тәсілдер себебін тигізеді: еңбек, ойын, таным, көркемдік және қоғамдық іс - әрекеттер.
Оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдерді ғылыми негізінде меңгерту және терең білімді, ұлтжандылық ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау ету мұғалімнің мақсаты.
Жаңаша әдістерді жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу, оларды пайдаланудың жолдарын үйрету. Бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрету, меңгеру, өмірге ендіру, дамыта оқыту.
Сабақта жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып педагогтердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Оқытудың басты міндеттері:
- Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуына қамтамасыз ету;
- Қабілеттерін ашып, дамытып, оқуға деген ықыласын іскерлігін қалыптастыру;
- Оқу, жазу, санау қарым - қатынасын ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту.
Оқытуға қойылатын талаптар:
- Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде біртұтас үйлесімді (білім мен тәрбие беру) түрде дамыту.
- Осы іс - әрекеттердің негізінде компонеттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін - өзі басқару, өзін - өзі бағалау, өзін -өзі бақылау, айналасындағылармен дұрыс қарым - қатынаста болу. )
- Адам тұлғасына тән азаматтыққа рухани және адамгершілікке құндылықтарға танымдық іс - әрекетке өздігінен іс - әрекет жасауға, оқуға және тәрбиелеуге ұмтылу.
Міне, осындай мақсат - міндетті қолдай отырып:
Баланың ойын, тілін, дыбыстық есту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымен интеллекті мен қарым - қатынас дағдыларын яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамыту.
Міне, осындай мақсат - міндетті қолдай отырып, жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың әдіс - тәсілдерін, жаңа білім беру жүйесінің технологиясын ізгілендіруді қажет етеді. Баланың жеке қасиетін ашу арқылы оның жан дүниесіне жылылық ұялату, танымдық қабілеттерін қалыптастыру білім мен біліктерін кеңейте отырып, тереңдетуге жағдай жасап, тұлға етіп тәрбиелеуді көздейді. Баланың біліп ұққанын тексеру оңай шару емес. Ол мұғалімнің жеке басының шығармашылық шеберлігіне байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерге оқушылырға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс - әрекеттерінің берік негізі әдіс -тәсілдері болатындай етіп оқытудың, оқу тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр алуан құралдардың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді талап етеді.
Қазіргі танда «Мұғалім оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдерді ғылыми негізде меңгерту» мәселесін өз жұмысына арқау еткен әр мұғалімнің міндеті деп түсінемін. Бүгінгі таңда педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас пайда болуымен жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын жеке меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс - әркетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Педагогикалық технологияның негізгі әдіс - тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай таңдап қолдануда.
Ұстаз естен шығармайтын негізгі мемілекеттік стандарттың талаптарын толық басшылыққа ала отырып, жұмыс істеуінде.
Олай болса педагогикалық технология - оқу тәрбие үрдісінің шығармашылық пен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Осыдан келіп әр мектепке, мұғалімге оқушылардың оқу танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу даму дағдыларын қалыптастыру. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу міндеті жүктеледі.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын, оқуға деген қызығушылығын арттыру барысында мынадый жолдар өз тиімділігін көрсетеді:
- Баланың бойындағы пәнге қызығушылық па немесе ынта ма соны ажырату керек.
- Оқушы бойында қай пәнге қызығушылығы жоғары, қай салаға қабілетті екенін анықтау. Мұғалім оқыту жүйесінде үрдісті шебер басқара білуі және оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын, таным процестерін дамытып отыру керек.
- Баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен қызығушылығын, жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты қызықты етіп ұйымдастыру, яғни сабақта жаңа, озық технологияларды пайдалану ( ойын арқылы оқыту, деңгейлеп саралап оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан оқыту технологиясының кейбір элементтері т. б ) .
- Сабақты өткізу барысында мақсатты нақты, айқын белгілеп, соған жетудің жолдары мен тәсілдерін көрсету. Сабақтың уақытын бөлу барысында мұғалімдердің осыған назар аударғаны жөн. Сабақты «қызығушылықты ояту» тәсілімен басталуы да маңызды болып табылады.
- Сабақ барысында тақырыпқа қатысы жоқ болса да, балаларға «жаңалықтар» айту. Бұл жаңалық хабар немесе болған оқиға, әлемдегі қызық жайттар түрінде болуы мүмкін.
- Баланы мадақтау, ынталандыру, баланың күшіне қабілетіне сенім білдіру, ынталандыру (бағалау барысында балаларға қолдан жасаған суреттер, фигуралар тарату ) баланың жұмысын бүкіл сыныпқа көрсетіп үлгі ету, дәптер тексеру соңында ынталандыру сөздерін жазу.
- Шығармашылықпен жұмыстандыру. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік көп. Дүниетану, математика, сурет, музыка сабақтарында жеке тапсырма беру арқылы балада ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы оны шешу, оның логикалық дамуы көрінеді. Баланың сабақ бойында ынта, ықыласы жоғары болады.
- Оқу белсенділігін арттыруға арналған ойындар мен тренингтерді қолдану. Баланың оқуға ынтасын ояту үшін оған эмоциянальды жағымды көңіл - күй сыйлаудың маңызы зор.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz