дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда мамандандырылған дене тәрбиесі жүйесі мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған мамандық болып табылады. Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене тәрбиесі жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене тәрбиесіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға ықпал жасады.
Дене шынықтыру, спорт саласында мұғалім кадрларды даярлау бойынша көптеген ғылыми жұмыстар (Т.Ш.Қуанышев, К.И.Адаімбеков, Т.А.Ақпаев. Н.А.Құрышева, Е.Ю.Шуберт және т.б.) болды. Ал дене тәрбиесінің ілімі, педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін дамыту мәселесін М.Сапарбаев, Е.Уаңбаев, Ж.Оңалбек, С.Тайжанов, Б.А.Тойлыбаев, Т.Ж.Бекбатчаев, Б.Төтенаев, Э.Ж.Тлеуов т.б. зерттеген. Бұл тақырыпты әлі де зерттеу өзектілігін жойған жоқ.
Зерттеу нысаны: мектеп оқушыларының дене тәрбиесі пәніне даярлығы және қатысуы.
Зерттеу пәні: дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларының теориялық және практикалық сабақтарының педагогикалық іс-шаралары.
Зерттеу мақсаты: дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу. Оқушыларды спорт жаттығуларына үйрету, спорттық ойындарға баулу арқылы денелерін шынықтыру және тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету.
Зерттеу міндеттері:
- оқушыларды спорт жаттығуларына үйрету процессінде моральдық және жігерлік сапасын ұйымдастыру түгелдей пайдалану қолайлы мүмкіншілік туғызу.
- денесінің гармониялық жағынан дамуына, сымбаттылығына, ептілігіне және өздерінің қозғалыстарына сенімдіктерін арттыру.
- оқушылардың қозғалыс эстетикасын дұрыс көрсетуі. Сабақта дене жаттығуларының жүйесін толық бағалы шешімге келтіру.
Зерттеу гипотезасы. егер мектепте баскетбол, волейбол, қол добы, футбол ойындары ойнатылса оқушылардың спортқа деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Бұл ойындардың ережесін жете түсіну арқылы балаларға өзінің қарым-қабілетін крсетуге және шыңдауға мүмкіндік туады. Ойын барысында оқушы жаңа білім мен білік дағдыларының қайнар көзіне жетеді.
Теориялық жаңалығы.
Баскетбол, волейбол, футбол, қол добы ойындарының ережесі мен мәні айтылды, білім берудің теориялық негіздері анықталды;
жасөспірімдердің осы ойын түрлеріне қызығушылығы мен білік-дағдысын қалыптастыра отырып, білім берудің шарттары ұсынылды;
айтылған ойын түрлерінің ерекшелігі мен ережелері жіктеліп, мазмұны айқындалды;
Практикаға пайдасы: дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттері үшін, спорт мектептері мен жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларында олимпиада ізбасарларын даярлайтын жоғары кешенді спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарында болашақ жаттықтырушы мамандығына кәсіби бейімделудің жолдарын арттыруға ұсынылды. Жұмыстың саралануы мен талқылануы.
Зерттеу әдістері: зерттеудің туындаған мәселелері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, әңгімелесу; байқау, бақылау, қорытынды бағалау, оларды статистикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің дерек көздері: дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы бойынша ғылыми басылымдар, дене тәрбиесінің теория және ілімі курстары, материалдары, революцияға дейінгі анатомия, физиология, медицина өкілдері мен педагогтардың ғылыми тұжырымдамалары; жоғары оқу орындары дене тәрбиесі мен спорт факультеттерінің озық оқу-тәрбие, оқу - әдістемелік үрдістеріндегі бағдарламалық материалдарды ұтымды іске асыру тәжірибелері.
Зерттеу базасы: Ақсай қаласының №1 мектеп балабақша кешенінің 6-7 сынып оқушылары
Курс жұмысының құрылымы: Кіріспе, негізгі және теориялық бөлімдер, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. СПОРТ ТУРАЛЫ ТАРИХИ МАҒЛҰМАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Спорттық ойындардың шығу тарихы және мәні
Спорт (фр. desport -- бекершілік (leisure)) -- белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Cпорт сөзінің арғы төркіні Көне Француз тілінен басталады, desport - көңіл ашу дегенді білдіреді екен. Ағылшын тіліне бұл сөз 1300 жылдары еніпті, кейін басқа тілдерге таралып, 19ғ. соңына таман қазақ тілінде қолданысқа ене бастапты.
Оның басқа мағынасы ұтысу, аулау, ойын, көңіл ашу, шынығу деген мағыналарды береді. Рогеттің анықтамасы бойынша, зат есім күйіндегі спорт сөзі "босау мен көңіл ашу үшін жасалатын әрекет" дегенді білдіреді. Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.
Ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан.
Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушылар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды.
Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға шахмат және карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Шахмат ойынында патша (король), патшаның таңдаулы әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері (офицер), кеме әскері (ладья) және жаяу әскерлер бір - біріне соғыс жүргізеді. Бертінге дейінгі шахмат ойыны соғыс өнерін үйрететін бірден - бір құрал ретінде саналып келді. Тек ХVІІ ғасырдан кейін ғана бұл ойын бүкілхалықтық сипат алып, өзінің бұрынғы кейпін жоғалтып, адамзаттың қисынды ойлауын дамытатын сүйікті ойын түріне айналды. Карта ойындарының қай ғасырда пайда болғанын ешкім дәл кесіп айта алмайды. Бұл ойын адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер, В. Фриге, Р. Ван дер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т. б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктеріне аса зор мән берген. Мәселен, сол дәуірде өмір сүрген грек ойшылдары Гераклит пен Платон ойынның философиялық жақтарын ашқан және олардың көзқарастары бірін-бірі толықтырған. Гераклит ойынды шексіз әлемге теңесе, Платон өзінің Мемлекет еңбегінде жас өскінге өмірлік қажетті іс - әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге жалпы ғарыштық әлемге теңеген.
Антик ойшылдары ойынды адам мен өмір арасындағы байланысқа балайды. Себебі, философия Дүниені, оның құрамына енетін бөлімдерін жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін, жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады.
ХVІІ - ХХ ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнықты. К. Гросс адамдар мен жануарлардың ойындарын олардың бойында ген арқылы қаланған инстинкттің әсері деп түсіндіре келе, олар келешек өмірге қажетті дағдыларды ойын негізінде меңгереді деп пайымдаса, Г. Спенсер ойын балалардың ағзасындағы басы отын энергияның әсерінен, күшінің тасуынан пайда болады деп түсіндіреді.
Ойын -- өмірдегі, іс-әрекеттегі пайдасыз және сонымен қатар аса қажетті маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Кеңестік педагогика және психология ғылымдарында ойын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылды. Ойынды шетел зерттеушілері -- К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, З. Фрейд, Ж. Пиаже және т.б. зерттеді.
Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.
Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері -- күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.
Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.
1.2. Баскетбол, волейбол, қол добы және футбол ойындарының тарихы, зерттелуі
Спорттық ойындар дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасына енген басқа да дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен бірге оқушылардың адамгершілік-ерік және қимыл сапаларын жақсартуға көп көмегін тигізеді. Спорттық ойындарды үзіліссіз жүйелі түрде ойнау төзімділік, ептілік және қимыл - әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын қалыптастырады. Спорттық ойындардың түрлеріне бадминтон, баскетбол, волейбол, қол добы, регби, теннис, футбол, хоккей жатады.
Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасы бойынша төмендегі өткізілетін спорттық ойындар:
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) - ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. Баскетбол алаңының өлшемі 26х14 м. Салмағы 600-650 гр, диаметрі 75-78 см.
Қазақстандағы баскетбол ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап дами бастады. Ірі облыстармен қалаларда өздерінің құрама командалары болғанымен республиканың құрама командалары КСРО чемпионаттарына (1940 жылдан ерлер, 1946 жылдан бастап әйелдер қатыса бастады. Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін республикамыздың чемпионаттары өз алдына өткізіліп келеді. Біздің еліміздің баскетболшылары - Жанғожин Болат Рашатұлы, Жиенбаев Марат Хасанұлы, Жуконенко Юрий Александрович, Зазулин Сергей Александрович, Қойайдаров Жанша Әзбергенұлы және Жармұхамедов Әлжан Мүсірбекұлы. Әлжан Мүсірбекұлы - бойы 207 см. 1967-80 жылдары КСРО құрама командасында ойнады. 1972 жылы ХХ Мюнхенде өткен олимпиада ойындарының чемпионы.
Баскетбол ойынының әдістері - допты алып жүру, допты ойынға қосу, допты лақтыру, допты ұстау, доппен қозғалу негізгі әдістер болып табылады.
Волейбол ( volleyball , volley -- қалқып ұру, ball -- доп) - спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Ертеде Мысырда волейболға ұқсас ойын болған екен. Ауданы 18х9 м. Доп диаметрі 65-68 см., салмағы 250-300 гр., сетканың биіктігі ерлерда 2,45 м, әйелдерде 2,24 м. 5 партия 25 ұпайдан ойнатылады.
Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет.
Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясы. Қазақстандағы алғашқы жарыс 1926 ж. Қызылорда қаласында ұйымдастырылған. Қазақстан волейболы ХХ ғасырдың 60 жылдары жақсы дамыды. Ол КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Ол құрған Буревестник ерлер құрама командасы 1970-71 жылдары Европа чемпионатының кубогін жеңіп алды. Волейболшылардың халықтар одағы 1924 жылы құрылған, Қазақстан республикасының волейбол бірлестігі (федерация) бұл одаққа 1992 жылдан мүше.
Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.
Волейбол маңыздылығы: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.
Волейболдың бірнеше түрі бар:
oo жағажай волейболы,
oo мини-волейбол,
oo пионербол,
oo саябақтағы (парктегі) волейбол.
Футбол -- (ағылш. foot -- аяқ, ball -- доп) спорттың командалық ойыны. Ойын алаңының ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см. Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.
Футболдың тарихы сандаған ғасырларға созылды. Қазіргі футболға ұқсас ойындарды көне шығыс елдерінде Мысыр (Египет) мен Шында (Қытай) ойнаған екен, мұндай ойынның түрлері көне француздарда Ла суль, латындарда кольчно деп атаған. Бірақ, Рим империясы құлағаннан кейін бұл ойын да V ғасырда бірте-бірте ұмытыла бастады.
Спорт ойындарының ішін­дегі кеңінен тарағаны және көпшіліктің ерекше ықыласқа бөленген түрі футбол десек ар­тық айтқандық болмас. Оның бір дәлелі әлемдік футбол федерациясы ФИФА-ға кіретін елдердің саны Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер­дің санынан артық екен.
Қазақстанда да футбол айрықша орны бар спорт түрі санатында. Ол әсіресе егемен ел атанғаннан бері еліміздің құрама командасы мен таң­даулы футбол клубтары шетел­дерге жиі шығып, УЕФА-ға мүше болып, қанатын кеңге жая бастады. Осындайда халық ұнатқан ойынның біздегі тарихи бастауы қалай болып еді деген сауал спорт сүйер қа­уым­ның көке­йінде тұратыны бар.
Бір қызығы Қазақстанда ұйымдастырылған тұңғыш футбол командасының сапында атақты жазушымыз Мұхтар Әуезов те ойнапты. Қаламгердің жас кезінде қазақ футболының негізін қалаушылардың бірі болғанын замандастары Қасымхан Мұхамедов, Әбдінасыр Миршанов, Салих Хисматуллин, ағасы Ахмет Әуезов, ғалым Қайым Мұхаметқанов, тағы басқа адамдардың мақалаларынан кезінде оқығанымыз бар.
1913 жылдың күз айында Семейде мұсылман жастарынан тұңғыш "Ярыш" футбол командасы құрылып, оның құрамына қазақ, татар, өзбек балалары кіреді. Мұхтар ағаның бірден алғашқы ұйымдасқан футбол командасына алынуы ол кісінің бұған дейін де доп ойнап, шеберлігін ұштап, футбол өнеріне деген шын ықылас танытқандығының куәсі болса керек. Бұл туралы Салих Хисматуллин: "Мұхтар "Ярышқа" 1913 жылы келді, екеуміз жасөспірімдер командасына кірдік. Ол 16 жаста, мен 15-те болатынмын. Мен шабуылшы, Мұхтар жартылай қорғаушы міндетін атқарды. Ол ерекше ынтамен өте жақсы ойнайтын. 1914 жылдың күзінде біздің команда гимназистердің орыс жастарынан құралған ең күшті командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Сонда қарсыластар қақпасына бірінші допты түсірген Мұхтар болатын", деп жазыпты ("Семей таңы", 29.04. 1977 ж.).
Қол добы (гандбол). (дат. hаndbold, англ. handball от hand -- қол және ball -- доп) -қол добы, аса қызықты атлетикалық спорт ойынын Ордуб қаласының тұрғыны Хольгер Нильсон 1898 жылы ойлап тапқан. Алғашқы секциялары 1917 жылы Германияда пайда болды. 1928 жылы халықаралық қол добы федерациясы құрылды.
1936 жылы Берлинде өткен Олимпиялық ойындар бағдарламасына енді. Қол добының әр командада 7 немесе 11 адам ойнайтын екі түрі бар. Доптың салмағы 425 - 475 грамм, диаметрі 54 - 56 сантиметр, қақпаның ені 3 метр, биіктігі 2 метр.
Ойыншылардың қақпа алдындағы 6 метрлік алаңға енуіне болмайды. Ойын 30 минуттық (әйелдер үшін 25 минут) екі таймнан тұрады. Қазақстандағы гандбол 1925 жылдан бастап дами бастады. Осы жылы Жетісу губерниясының спорттық ойындары өтті, оның бағдарламасына басқа спорт ойындары түрлерімен қоса гандбол ойыны енді. Бұл республикамызда гандбол ойынының дамуына ерекше әсер етті. Қарағандыда, Ақмолада, Атырауда, Семейде, Өскемен қалаларында секциялар құрылып, жарыстар өткізіле бастады. 1984 жылы Ереванда өткен Бүкілодақтық Универсиадада Қазақстанның студент қыздары 3 орынға ие болды.
Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін гандболдан еліміздің құрама командасы жеке команда болып Азия чемпионаттары мен Әлем чемпионаттарына қатыса бастады. 2002 жылы әйелдер құрама командасы Азия чемпионатында жеңіс тұғырында көрінді. 2008 жылы Пекинде өткен ХХІХ Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану - ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
Спорт туралы айтқан кезде, көпшілікке арналған спорт пен дене тәрбиесінің мақсаттары бір екенін байқаймыз. Жоғарғы дәрежедегі спорт пен кәсiби спортпен шұғылданушылардан жоғары талаптар талап етіледі, себебі ол дененің және психика­ның күшін қажет етеді.
1.3.Баскетбол, волейбол, қол добы және футбол ойындарының дене тәрбиесіндегі рөлі және оларға сипаттама
Спорттық ойындар адамға тән ойын әрекеттері негізінде қалыптасты. Ойын адам өмірінде үлкен орын алады. Балалық шақта ойын - бұл негізгі әрекет, өмірге, жұмысқа дайындалу құралы, дене тәрбиесінің тиімді құралы. Спортпен байланысты ойындар бәсекелестік негізінде жеке топқа бөлінді - спорттық ойындар немесе ойын спорттары.
Спорттық ойындардың ерекшелігі оларды басқа спорт түрлерінен ерекшелейтін бәсекелік қызметтің ерекшелігімен анықталады. Ойындағы бәсекелестік қақтығыс белгілі бір ойынға - ойын техникасына (техникасына) ғана тән бәсекелестік әрекеттерді қолдана отырып, белгіленген ережелерге сәйкес жүреді. Бұл жағдайда қарсыластың болуы міндетті. Командалық ойын түрінде жарыстың әр бөлігінің мақсаты - жарыстың тақырыбын қарсыластар сайтындағы белгілі бір орынға жеткізу және өзіне қатысты мұндай нәрсеге жол бермеу. Бұл бәсекелестіктің бірлігін анықтайды - қорғаныс-шабуыл түріндегі әрекеттер жиынтығы, оған барлау, ақпараттандыру және т.б.
Командалық ойындарда команда жеке спортшыларды емес, тұтасымен жеңеді және ұтылады. Жеке спортшы қаншалықты жақсы ойнаса да, команда жеңіліп қалса, ұтылады. Керісінше, спортшы қаншалықты жаман ойнаса да, егер команда жеңсе, онда ол жеңеді. Осылайша, спорт командасы - бұл жеке спорт түрлеріндегі спортшы сияқты бірдей спорттық бірлік.
Командалық ойындардың бұл ерекшелігі спортшыларға қойылатын бірқатар талаптарды, олардың көзқарастарын, көзқарастарын, жеке қасиеттерін, жарыстардағы іс-қимылдардың сипатын анықтайды.
Ең дұрысы, спортшының ойынға деген негізгі психологиялық бағыты өз іс-әрекеттерін команданың мүдделеріне толық бағындыруға деген ұмтылыс болуы керек (жеке басының әл-ауқатына қарамастан, ол өз-өзіне зиян тигізуі мүмкін). Мұндай көзқарас болмаған кезде команданың әр спортшысы жеке, техникалық, физикалық және тактикалық тұрғыдан дайындалған ойыншылардан тұрса да, тұтасымен мықты, үйлесімді командаға ие бола алмайды.
Сондықтан ұжымшылдыққа тәрбиелеу, команданың жеңісі үшін өз мүдделерін құрбан ету қабілеті, жарыстың кез-келген сәтінде ұжымдық қызығушылықты көруге және түсінуге ұмтылу командалық ойындардағы дайындық процесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, командалық бәсекеге қабілеттіліктің жағдайлары команданың ойын қатысушыларына әсер етуі арқылы осы көзқарасты тәрбиелеуге ықпал етеді. Көбінесе бұл әсер өте қатал, күшті, тиімді, ол адамның сәйкес жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Осыған байланысты командалық ойындар тиімді тәрбие құралы болып табылады, әрине, жаттықтырушылардың, тәрбиешілердің, мұғалімдердің және т.б.
Бәсекелестік ойын әрекетінің күрделі сипаты үнемі өзгеріп отыратын жағдайларды жасайды, жағдайды бағалауды және іс-әрекеттерді, әдетте, шектеулі уақытты таңдауды қажет етеді. Маңызды фактор спортшының жанжал жағдайында нәтижеге жету үшін команданың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ететін стратегияларды оңтайландыруға мүмкіндік беретін кең техникалық және тактикалық әрекеттердің арсеналында болуы. Спорттық ойындардың маңызды ерекшелігі - бәсекелестік әрекеттердің көп саны - ойын техникалары. Спорттық нәтижеге жету үшін (жиналыста, жарыста) бәсекеге қабілетті қызмет процесінде бұл әдістерді бірнеше рет орындау қажет (жиналыста, жарыста) - демек сенімділік, дағдылардың тұрақтылығы және т.б.
Командалық ойындарда бірнеше спортшылар бәсекелік белсенділікті жүзеге асырады және көп нәрсе олардың әрекеттерін үйлестіруге, қарсыласты жеңуге жету үшін жарыс әрекеті процесінде спортшылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларына байланысты.
Спорттық ойындардың ерекшелігі - спорттық нәтижеге қол жеткізудің сатылы сипаты. Бірыңғай бәсекелестік әрекеттері бар спортта (мысалы, секіру, лақтыру) екі фактордың оңтайлы үйлесімі - моторлы потенциал мен ұтымды техника (шын мәнінде, бір талпыныс болса да) спорт нәтижесін анықтауға әкеледі (секірудің биіктігі, лақтыру ауқымы және т.б.). Ойындарда бұл тек алғашқы қадам - ​​техникалық және физикалық. Сондай-ақ спортшылардың - жеке, топтық және командалық іс-әрекеттерін бәсекеге қабілетті қызмет түрлеріне тән ойындарда техникалық және физикалық әлеуетті іске асыру тәсілі ретінде ұйымдастыру қажет.
Спорттық ойындардағы бәсекелестік белсенділіктің басты өлшемі - қарсыласты жеңу. Жеңіс саны барлық қатысушылардың мәртебесіндегі орнын анықтайды. Ұзақ мерзімді спорттық практикада спорттық нәтиже - жарыста алатын орны - команда мен оның мүшелерінің спорттық шеберлік деңгейін бағалау критерийі екендігі белгілі болды. Зерттеулер көрсеткендей, спорттық нәтиженің ойын түрлеріндегі жайғасым бойынша көрсетілуі сандық тұрғыдан объективті индикаторлардың болмауына байланысты спортшының шеберлік деңгейін толық көрсетпейді.
Жарысқа қатысатын барлық командалардың шеберлігі бірдей деңгейде болғандықтан, олардың турнирдегі әр түрлі орындары (бірінші және соңғы орындар) сөзсіз болады. Турнирге әлсіз командалар қатысқанның өзінде, ел чемпионы анықталады (теориялық тұрғыдан), жеңімпаз команданың ойыншылары жоғары спорттық атаққа ие болады. Осылайша, дайындық процесін ойдағыдай жоспарлауға және бақылауды жүзеге асыруға болатын объективті индикаторларды белгілеу қажет.
Спорттық ойындардағы объективті көрсеткіштерге мыналар жатады: ойын техникасының қарапайым жиынтығы (тактикалық аспект); жағдайды тез және дұрыс бағалау, нақты ойын жағдайына оңтайлы болатын шабуылшы немесе қорғаныс әрекетін таңдау және тиімді қолдану мүмкіндігі (техникалық аспект); іс-әрекетті тікелей орындау тиімділігі байланысты болатын ерекше қасиеттер мен қабілеттер (орындалудың уақытша, кеңістіктік және қуат параметрлеріне қойылатын талаптар); спортшының энергетикалық режимі; сенсорлық-қозғалтқышты басқару және т.б. Мұның бәрін сандық жағынан білдіру өте маңызды.
Мұндай ақпараттың болуы спортшыларды даярлаудың мазмұнын анықтауға және осы процесті басқаруға, модельдік сипаттамаларды, бағдарламалар, жоспарлар, стандарттар және т.б. әзірлеу үшін негіз болады.
Спорттық ойындардың ойын және бәсекеге қабілеттілік ерекшелігімен қатар басқа да бірқатар ерекшеліктері бар. Командалық және жеке командалық спорттық ойындар ойынға қатысушылар арасындағы қарым-қатынас сипатында әр түрлі болады: серіктестер - бір команда ойыншылары арасындағы; қарсыластар - қарама-қарсы командалардың ойыншылары.
Спорттық ойындарды халықтың барлық санаттарының - мектеп жасына дейінгі балалардан бастап үлкен жастағы адамдарға арналған дене тәрбиесінің әмбебап құралы деп атауға болады. Олардың көмегімен мақсатқа қол жеткізіледі - жеке тұлғаның физикалық және рухани мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, денсаулық сақтау ресурстарын құндылықтар жүйесі ретінде арттыру, салауатты өмір салтында белсенді және ұзақ мерзімді жүзеге асыру.
Спорттық ойындар жалпы және кәсіби білім беру мекемелерінде дене тәрбиесінде кеңінен ұсынылған. Оқу жұмысында бұл баскетбол, волейбол, гандбол, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Дене мәдениеті теориясы мен әдістемеснің жалпы негідері
Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінен ОБСӨЖ мәтіндері
Пәндер