Қан кету және электр жарақаттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қан кету және электр жарақаттары

Қан ағу Қан кету (грекше -- қан, -- ағу) -- қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан). Ерте дүниеден бастап-ақ адамдар қан кетумен ұшырасқан және оны тоқтату керек екенін түсінген. Сондықтан қан кетумен күрес бастауын ертеден алады. Сол кездің өзінде қан кетуді тоқтату үшін тұтқыш заттарды, салқынды, күлді, қыздырылған металды, ыстық майларды пайдаланған, қысатын таңғыштар салған. Ежелгі дүние ғалымдары қан тоқтату жолдарын эмпириялық жолмен іздеді, себебі олар қан айналысының мәнін түсінген жоқ. Қан кету мәселесі шұғыл хирургияның маңызды бөлімінің бірі, себебі көп қан кезінде айналыстағы қан мөлшері азаятындықтан, тіндердің қоректенуінің бұзылуынан, оттегімен қамтамасыз етілуі нашарлайтындықтан науқастың өміріне қауіп төнеді. Тез және көп мөлшерде қан кетсе науқас өліп кетуі мүмкін. Қан кетуде 3 түсінік бар: қан кету, қан құйылу және гематома. Қан кету деп қанның тамырдан сыртқы ортаға, қуысты ағзаға, организм қуыстарына қарқынды ағуын айтады. Қан тамыр ішінен шығып қоршаған тіндерге сіңсе, оны қан құйылу деп атайды. Әдетте, қан көлемі азғантай, қанның шығу жылдамдығы тез азаяды, қанның тамырдан сыртқа ағуы өздігінен тоқтайды. Сыртқа шыққан қан тіндерді ажыратып, ағзаларды ығыстырған кезде ол жерде жасанды қуыс пайда болады және ол гематома деп аталады. Қан кету мәселесінің маңыздылығы келесі факторлармен анықталады: Қан кету көптеген дерттер мен жарақаттардың асқынуы, кейде хирургтің қимыл-әрекетінің салдары болуы мүмкін. Қанның тоқтамай ағуы науқастың өміріне төнген қауіп. Қан кету кезінде шешімді дер кезінде қабылдау мен медициналық көмекті тез көрсетудің маңызы ерекше. Қан кетіп жатқан науқасқа жедел хирургиялық көмекті дұрыс көрсету хирургтің кәсіби шеберлігінің жоғары екендігінің көрсеткіші. Қан кетудің жіктелуі Қанның сыртқа шығуының себептеріне, механизміне байланысты қан кетуді 3 топқа бөледі: қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі. қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік, ферменттередің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну, өліеттену) салдарынан қан кету. қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия, сепсис, скарлатина және т.б.). Қанның үю жүйесінің де қан кетуде өзіндік ролі бар. Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі. Артериялық қан кету -- өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды. Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара -- көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады. Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін. III. Сыртқы ортаға, ағзаларға және тіндерге қатынасына байланысты тін ішілік, сыртқы және ішкі қан кету деп бөлінеді. Тін ішілік қан кету. Қан тамырдан шығып оның айналасындағы тіндерге сіңгенде, қан құйылу пайда болады, егер қан тіндерді ажыратса гематома түзіледі. Сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға ағады және оны анықтау қиынға түспейді. Қан ішкі қуыс ағзалардың ішіне немесе организмнің табиғи қуыстарына құйылатын болса ондай қан кетуді ішкі қан кету деп атайды. Егер қуыс сыртқы ортамен тікелей байланыста болып қан сыртқа ағатын болса ондай қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды (мұрын қуысынан қан кету, асқазаннан қан кету, несеп жолдарынан, іш қуысына, кеуде қуысына, буын ішіне, үлпершек ішіне). Ішкі қан кетулер айқын және астыртын қан кетулер болып екіге бөлінеді. Қан өзгеріске ұшыраған түрде болсын, белгілі бір уақыт өткеннен соң, сыртқа шығатын болса мұндай қан кетуі ішкі айқын қан кету деп аталады және күрделі тексеру жүргізу мен арнайы белгілерді анықтауды қажет етпейді. Мұндай қан кетулерге асқазан -- ішек жолдарының қуысына қан кету жатады (кофе тұнығы түстес құсықпен, нәжістің қара түске (мелена) боялуымен көрініс береді). Ішкі қан кетуге сонымен қатар, өт жолдарынан қан кетуді, бүйрек пен несеп жолдарынан қан кетуді жатқызады. Астыртын қан кету кезінде қан ішкі қуыстарға құйылады, сондықтан көзге көрінбейді. Олардың қан құйылған жерге байланысты арнаулы атаулары бар. Серозды қуыстарға қан кетудің бір ерекшелігі қанның фибринінің серозды қабықтарға шөгуі. Сондықтан, серозды қуыстардағы қанның құрамында фибрин болмайды да қан ұйымайды. Астыртын қан кетулерді анықтау өте күрделі.

Қан ағуды тоқтату

Жәрдем көрсету шараларына және медицина қызметкерлерінің мамандығына байланысты, қан ағуды тоқтату уақытша және біржолата тоқтату болып бөлінеді. Әдетте қан ағуды уақытша тоқтатуды науқасты ауруханаға жіберердің алдында, жарақат алған жерде орта медицина қызметкері іске асырады. Қан ағуды біржолата тоқтатуды аурухана жағдайында және операция жасау жолымен істеледі. Қан ағуды уақытша тоқтату. Қан ағуды уақытша тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар. Таңғышпен қысып байлау. Қысып таңғыш салу және аяқ қолдардың көтеріңкі жағдайлары көк тамырлардан және кішкене қызыл тамырлардын қан ағуды уақытша тоқтатудың жақсы әдісі болып есептеледі. Жараға зарарсыздандырылған мәрліні бірнеше қабаттап, оның үстіне зарарсыздандырылған мақта салынады, ол мәрлімен бірге аяқ-қолдарды орап бинттеу арқылы бекітіледі. Аяқ-қолдардың буынынан бүгілуі. Тақым артериясының, шынтақтың бүгілуінде иық артериясының, шат иілісіндегі сан артериясының жарақаттануда пайда болатын қан ағу, кейде аяқ-қолдарды осы жағдайда қатты иіп бекіту немесе оларды керу арқылы тоқтатылуы мүмкін. Жара ішіндегі тамырды қысу. Бұнда залалсыздандырылған резеңке қолғап киіледі немесе қол спирт, йодпен тазаланады және жараға кіргізілген сұқ саусақпен қанның ағымы сезіліп, тамыр қысылады. Жараның қуысын тығындау (тампонада). Бұл үшін тампон алынады және корнцангпен бүкіл жара қуысын тығыз етіп тығындайды. Әдетте бұл тереңдегі жараларда қолданылады. Қан ағып тұрған тамырға қысқыш салу. Бұл аяқ-қолдардың, жамбастан, іш қуысындағы тамырлардан қан ағуын тоқтату мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Тамырды бойлап қысу. Бұл кейбір ірі тамырдан қан ағуды тоқтатуға мүмкіншілік береді: а) бұғана сүйек асты артериясы басты бұрушы бұлшық еттің төс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы жәрдем
Ауылшаруашылық жануарларының жарақаттары
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Буын шығуы және сынықтар
Жарақаттар түрі
Адамдарға зақым алу күю және үсік шалған жағдайда көмек көрсету
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Әйел жыныс мүшесінің жарақаттары
Ми-жұлын жарақаттары жайлы ақпарат
Пәндер