МЕДИАБІЛІМДІ АРТТЫРУДАҒЫ КІТАПТЫҢ РӨЛІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық Университеті Журналистика
факультеті Баспагерлік-редакторлық
және дизайнерлік өнер кафедрасының
1-курс студенті
Қойлыбай Әзімбек Әбдіқұлұлы
Ғылыми жетекшісі - Смаил Дәрмен
МЕДИАБІЛІМДІ АРТТЫРУДАҒЫ КІТАПТЫҢ РӨЛІ
Ақпараттық төңкерістерді артқа тастап, алға қарай қарыштап өскен заманның қол жеткізген мүмкіндіктері ұшан теңіз. Адамзаттың жер бетінде өмір сүре бастаған шағынан бері қарым-қатынас жасауға деген талпыныс көп болды. Бейнелеу өнерінен жазудың пайда болуы, сөздердің тууы, хат алмасу, хабар айту сынды еркін қарым-қатынас ғасырлар өткен соң да дамуын тоқтатқан жоқ.
1450 жылы Гутенберг баспа станогын ойлап тапқан кезден бастап сауаттылық, материалдық және технонологиялық даму жақсарды. Баспа станогы әлемдегі барлық радикалдық өзгерістерге сүйенді. Еуропа, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Азия және Африка арқылы империялық тәртіптің күштілігіне қарамастан, төңкерістер мен көтерілстер ұйымдастыруда жазбаша ақпаратты тарату арзан және тиімді әдіс болды. Орта ғасырдағы әлеуметтік және саяси ережелер болмаса, Гутенбергтен басталған баспасөз журналистикасы өз деңгейінде дамымас еді және дәл өз кезеңіндегідей көп полярлы үнге ие болмас еді.
Радио мен телевидение технологиясының пайда болуының баспасөзден айырмашылығы онда мемлекет өндірісті тарату мен реттеуді мұқият бақылап, белсенді рөл атқарды. Әрбір жаңа пайда болған ақпарат таратушы құралдар - телеграф, радио, телевидение немесе қазіргі интернет, ұялы телефон болсын бұрынғыдан өзгеше. [1]
Ғылыми-техникалық прогресс, интернеттің қиял-ғажайыбы, әлемнің кез келген түкпірінен мобильді телефон, компьютер, теле және радиобайланыс арқылы көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алдырған коммуникацияның алғырлығы. Бұл - ХХІ ғасырдың кереметі. [2]
Қазіргі таңда ақпарат саласы экономиканың төртінші секторына айналды, осы шаруашылықпен шұғылданатындар саны Батыс елдерінде елу пайызға таяп қалды. [3]
Ыбырай Алтынсарин айтқандай: Өнер білім бар жұрттар, Тастан сарай салдырды. Айшылық алыс жерлерден, Көзді ашып жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Яғни, ақпарат таратудың жаңа кеңістігі көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізіп, хат-хабар алмасудың ашық та еркін түріне көшті. Осы уақытқа дейін қарапайым халық кез келген мәселеге байланысты өз ойларын арнайы хат жолдап, дауыс беріп қана білдіретін еді. Енді адамзаттың ойын ашық білдіруге интернет желісі қызмет жасай бастады. Бұл дегеніміз осы уақытқа дейін мәселе көтеріп, хабар таратып келген журналистиканың өзін жаңа қалыпқа алып келді. Бұрынғыдай белгілі бір саяси оқиға жөніндегі хабарды көпшілікке жеткізу үшін газет-журнал бетіне жариялаусыз да, оқиғаның дәл уақытымен сол мезетінде ақпарат сайттарда, блогтарда жазуға жол ашылды. Осы тұрғыдан алғанда, көпшілік бұқараның шексіз ақпарат кеңістігінде талдау мен талғамды, ақпарат ақиқатына көз жеткізерлік сауаттылығы қажет. Әйткен күнде қоғамның ой-сана, жан-жақты қарым-қатынасында жалған ақпараттың қауіпті екені белгілі. Жәй ғана бір ұғым-түсінік жайында түрлі шатасулар мен адасуларға алып соғатындығынан бастап белгілі бір мәселені одан әрі ушықтырып жібере алады.
Осындай түсініспеушілік пен ұғынбаушылыққа апарып соқпас бұрын адамдардың медиасауаттылығын қалыптастырып, медиабілімін арттыру қажет. Бұл бағытта негізінен көпшілікті нақты әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ететін журналистер қызмет атқаруы тиісті. Себебі, бүгінгі мультимедиялық және цифрлық үстемдікте хабар тарататын төртінші билік өкілі - журналистер. Ақпарат таратудың еркіндігінде өмір сүргендіктен бүгінгі қоғамды мультимедиялық, цифрлық, технологиялық материалдармен ақпараттандыру тек қана журналистердің еншісінде қалмады. Бұл бағытта интернет бетінде жалған немесе шынайы түрде жазатын блоггерлер, әр түрлі мультимедиялық материалдар дайындайтын медиақызметкерлер жұмыс жасауда. Ал, масс-медианың өмірімізден алар орны айшықталып, күнделікті қолданысқа еркін түсетіндігі мен қатар, ғылым-білім мен даму негіздеріне айналып отырғандығы рас. Және де ұрпақ тәрбиелеу мен қалыптастыру жолында медианың атқарар рөлі артып келеді.
Сондай-ақ, ғылыми-педогогикалық әдебиеттерде адам өмірінде әсіресе жасөспірімдердің қалыптасуы мен дамуында бүгінгі күні басты орынды алатын БАҚ-тың атқаратын негізгі функциялары, яғни қызметтері көрсетіліп, олар әртүрлі топтастырылып жүр. Атап айтқанда, қазіргі кезде БАҚ-тың ақпараттық, білім берушілік, сын және бақылау, қоғамдық қажеттіліктерді артикуляциялау (сөйлеу органдарының жұмысы) сияқты функциялары жиі айтылады. БАҚ жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпарттық қажеттіліктерін қанағаттандырады дегенді негізге алған В.Д.Сошников бұқаралық ақпарат құралдары функцияларын жүйелей отырып, оның ішінде электронды ақпарат құралдарының, яғни теледидардың төмендегідей функцияларын бөліп қарайды: ақпараттық, мәдени-ағартушылық, интегративті (қалпына келтіру, толықтыру) коммуникативті, әлеуметтік-педогогикалық, ұйымдастырушылық, білім берушілік, рекреативті. [4]
Медиа - 1. Бұқаралық қоғамдық ақпаратты тарату құралдарының ағылшын-америкалық атауы. 2. Ақпарат жасау, жазу, көшіру, көбейту, сақтау, тарату, қабылдау және субъект (агенттік автор) пен объект (көпшілік аудитория, адресат) арасында оынмен алмасуды жүзеге асыратын техникалық құралдар. [5] Арнайы сөздікте осындай анықтама берідген, ал қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша аударылған Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас кітабында мынадай тұжырымдамалар келтіріледі.
Медиаға қатысты біле жүретін кейбір дүниелер:
Жалпы медиа термині кез келген нәрсені тарату мүмкіндігін білдіреді.
Бұл анықтаманы қолданған себебіміз - медианың нақты түрлеріне тоқталамыз: көбінде хабар таратушы БАҚ пен медиа, баспасөз, телерадио, кион және интернет көмегімен үлкен аудиторияны қамтуды көздейді.
Біз қарастыратын медианың кез келген түрі коммуникация арқылы қызмет атқарады. Херст пен Харрисон еңбегінде жазылғандай, коммуникация мен медианың басты айырмашылығы мынада: коммуникация - хабарды тарату жіне қабылдау процесі болса, ал медиа - қарым-қатынас және ақпарат алмасу құралы. Сондықтан медиа - өзге адамдармен қарым-қатынас жасау механизмі.
Медианы медиа деп атаудың сыры - тура мағынасында байланыс ортасы деген сөз (латынша: media - бел ортасы - деген мағынаны білдіреді). Бұл - хабарды жөнелтуші мен алушының ортасындағы дәнекер әрі таратушы механизм.
Журналистика - меианың маңызды формасы ретінде жаңалықтарды (сөзбе-сөз аударғанда жаңа ақпарат) қоғамға жеткізуші. Мәселен, үкіметтің таратылуы, лаңкестік оқиғалар, салабрити тұлғалардың тұрмыс-тіршілігі, жаңа альбомның жарық көруі немесе спорт жарыстарын қоғамға таныстырады.
Медиа терминіне БАҚ ретінде екі себепке байланысты сирек назар аударамыз. Біріншіден, аудитория біркелкі емес, яғни бұқаралық аудитория мүшелері жасына, жынысына, нәсіліне, әлеуметтік, мәдени және экономикалық факторларға сәйкес алуан түрлі болып келеді. Екіншіден, медианың дәуірі цифрлық медианың (кейінірек қарастырылатын интернет, әлеуметтік медиа, ойындар мен смартфондарды қамтитын термин) және медианың түрлі формалары арасындағы конвергенцияның қарқынды дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі медианың конвергенциялануы мен жаңа иновациялардың бірігуі нәтижесінде медиа бұқаралық деп саналмайды.(20-21 беттер) [6]
Медиа: ақпарат және ойын-сауық бағдарламаларын ұсынуды қамтамасыз ететін контент және тарату механизмі. (35 - бет) Өміріміздің көп бөлігі медиамен қоршалған. Бүгін өзіңізді ойлайтын уақыт жетті. Таңғы жаңалықтарды қарайсыз. Содан кейін радио тыңдарсыз, журнал ақтарарсыз немесе iPod-тан әуен тыңдауыңыз мүмкін. Мұның мәні өмір сүру салтымызды: күн сайын медиаға телміруді, медиаға шырмалуды яки медиамен интерактивті байланысқа түсуімізді анықтайды. Медиа сөйлеу мәдениетімізге, қалай ойлауымызға және өмірге бейімделуімізге жөн сілтейді.(35-бет)[7]
Белгілі бір бағытта адамның білімін арттырудың алғашқы сатысы - сауатын ашу. Яғни, сол бағытта білімнің әліппесін үйрену. Алдымен, медиа және ақпараттық сауатылығымызды көтеріп алуымыз шарт. Медиа және кітапхана, мұрағат және интернет сияқты өзге де ақпараттық қызметтер адамдарға ақпараттың толықтығын ескере отырып, шешім қабылдауға көмек беретін бүкіл әлемдегі маңызды құралдар екендігі айқын. Медиа және ақпараттық сауаттылықтың міндеті - білімді қолданушыларға бере білуде.(4, 20 - бет). Ақапараттық сауаттылық ақпаратқа қол жеткізуге, оны бағалау мен этикалық қолдану маңыздылығына баса назар аударады. Ал, медиа сауаттылық - медианың функцияларын түсіне отырып, сол функцияларды бағалауды басты назарға қояды. [8]
Медиабілімнің басты мақсаты - жаңа ұрпақты қазіргі ақпараттық заманның жағдайында өмір сүруге, әртүрлі ақпараттарды қабылдай білуге, түсінуге, оның психикаға әсері бар екендігін сезіне білуге дайындау. Демек, медиабілім бұл балаларға және жастарға бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануды үйретуді мақсат ететін педоагогиканың ерекше бөлігі деп түсіну керек. [9]
Медиабілім беруде балалар мен жасөспірімдердің интернет желісін сауатты әрі пайдалы қолдануы маңызды. Себебі, өскелең ұрпақтың смартфон, телефон, компютер құрылғыларына көп телміруі тек қана денсаулыққа емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информациялық оқыту құралдардың комплекс түрінде пайдалану
Медиабілім беру білім беру саласының арнайы бағыты ретінде
Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Электрондық ақпарат құралындағы интернет көші
Математиканы көрнекі түрде оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Даярлық топта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Пәндер