ҚАЗІРГІ БАСПА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: ТАЛАП ПЕН ТАЛҒАМ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық Университеті Журналистика

факультеті Баспагерлік-редакторлық

және дизайнерлік өнер кафедрасының

2-курс студенті

Қойлыбай Әзімбек Әбдіқұлұлы

Ғылыми жетекшісі - Ақмөлдір Тілепберген

Аға оқытушы

ҚАЗІРГІ БАСПА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: ТАЛАП ПЕН ТАЛҒАМ

Руханияттың ежелден іргетасы нарықпен қатар қалыптасқан. Олай деуіміздің негізгі себебі де кітап ісіне барып тіреледі. Ақпарат таратудың атасы - кітап. Бұл пікірді ғылыми негізде дәлелдеген кітаптанушы ғалым Шериаздан Елеукенов еді. Орхон-Енисей бойынан табылған тас кітаптардың тарихи жәдігерге айналуы, онда халық тағдырының бейнеленуінен еді. Одан кейінгі ғасырларда қолжазба кітап - ғылым-білімнің негізгі құралы, ақпарат алмасудың алғашқы нұсқасы екені хақ. Демек, руханияттың бастауы кітап ісіне негізделгені аңғарылады.

Ұлы Жібек Жолының салынуынан-ақ әлемдік нарық жүйесі қалыптаса бастады. Демек, қолжазба кітаптың да нарықта атқарар рөлі мен маңызы ерекше болған. Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» туындысында әл-Фараби ғұмыр кешкен ІХ-Х ғасырларда бір кітаптың құны бір өгізге теңелгені жазылады. Сонымен қатар, қолжазба кітаптарға тек ақсүйектердің, сарай қызметшілерінің ғана қолы жеткендігі айтылады[1] .

Нарықтың жолында еңбек бөлінісі мен сауда-саттық, қызмет ерекшеліктері айқындала бастады. Мысалы, орыс қолжазбаларының жолға қойылуында мынадай дерек келтіріледі: «Орыс қолжазбаларының біздің заманымызға аман-есен жетуінде, ұқыпты сақталуында Ресей монастырьлерінің рөлі айрықша. Тройце-Сергиева Лавра, Соловецский, т. б. монастырьлерде кітап көшіріп жазатын арнайы палаталар жұмыс істеген. Қайсыбір палаталардағы монах-көшірмелердің саны жиырмадан асып жығылатын. Олар өздерінше еңбек бөлінісін жасап, біреулері көшіретін мәтіндерді дайындаса, екіншілері көшіріп жазумен шұғылданатын. Сол сияқты кеткен қателерді түзететін корректорлары, кітап беттерін әшекейлеп өрнек салатын суретшілері, даяр қолжазбаны түптеушілер болған. Осының арқасында еңбектің өнімділігі артқан. Чудов монастырьіндегі 22 монах XVII ғасырдың бас кезінде 300-ден 1220 бетке дейін тұратын шіркеу кітаптарын көшірген. Олар нарық заңы бойынша ақшаға жалданып көшірумен, сурет салумен, кітап түптеумен айналысқан, сөйтіп өз уақытындағы кітапқұмарлардың тілегін қанағаттандырып отырған» [2. 25-б]

Баспа құрылымының алғашқы қолжазба кітаптың шығуынан бастап бүгінге дейін түрліше өзгергені анық. XV ғасырдағы Гутенбергтің баспа станогын ойлап тапқаннан кейін кітап басу ісі жолға қойылды десек, соған сәйкес қызмет құрылымы да бірізділікке көше бастады. Яғни, адамзаттың дамуына тікелей түрткі болған кітаптың енді қолжазба түрі көптеген қажеттіліктерге сәйкестенбеді. Бұл туралы: «Күн өте қолжазба кітап қоғам дамуының былайғы әжеттеріне жарамай қалды. Адамзат ілгері басқан сайын ел-елдің экономикалық және мәдени байланыстарын күшейту қажеттігі туды. Қолжазба кітап сол қажеттілік үдесінен шыға алмады. Таралымының аздығы, қолмен көшірудің ұзақ мерзімге созылатындығы, көшірушінің бәрі бірдей сауаты жеткілікті, ыждағатты бола бермейтіндіктен сапаның төмендейтіндігі, қате көптігінен кей қолжазба кітапты оқу оңайға соқпайтындығы, бағасының удай қымбаттылығы, - осының бәрі қосылып келіп адамзатты бұл тығырықтан шығу жолын жатпай-тұрмай іздестіруге мәжбүр етті. Іздеген - табады. Ақыры, кітапты ел игілігі етудің жолы табылды. Дүниеге баспа кітап келді», - деп баспа кітаптың дүниеге келуін Шериаздан Елеукенов сипаттайды [2. 27-б. ]

Тарих бетінде бедерленген кітаби өнердің жай-күйінен талдап, талғам таразысына салып қарар болсақ, алғашқы қазақ жеріндегі баспаның құрылуы тікелей 1920 жылға негізделеді. 1920 жылдың қараша айында кеңестік Қазақстанның (сол кезде Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының) бірінші астанасы болған Орынбор қаласында мемлекеттік баспа орнының құрылуы туралы Ереже қабылданды. Ол баспаның Киргосиздат, онан кейін Казгосиздат, яғни Қазақ мемлекеттік баспасы деп аталған [3. 5-б. ] . Дәл осы кезеңдер біздің нарықтың да өзгеріске ұшыраған уақыты. Жеке автономиялық мемлекетке ұмтылудың жөні бөлек, экономикалық дамудың жолы кеңестік ат арбаның ізімен жалғасты. Сөйте отырып, қазірге дейінгі негізгі қызметтік нұсқаулықтың діңгегі болған еңбек бөлінісі орнықты.

Зерттеу мақаламыздың басты мақсаты - қазіргі уақыттағы баспа саласының қызметтік өзгерістері. Яғни, бұл сала мамандарының өзгеруі және заманауи баспалардың нарыққа шығуымен тікелей байланысты. Нарық пен экономика кез келген жүйені өзгертуге қауқарлы. Олай дейтініміз, нарықтың талабына ешкім де қарсы тұра алмақ емес. Бұған мысал, кешегі 90-жылдардың экономикалық дағдарысқа ұшыратқан елдің нарықтық жүйеге бейімделіп кетуі. Соның әсерінен, қаншама баспалардың есігіне қара құлып салынып, қызметкер бас сауғалап кетті. Тарихтың парағын аша берсек, бітпейтініміз белгілі. Десек те өткеннен өнеге алып, бүгінгі хәлімізге оралсақ оң өзгерістерге бағыт алуға болады. Бүгінгі таңда дәстүрлі баспалардың саны 114-ті құрайды [3. 10-б. ] . Дәстүрлі дейтініміз, кеңестік кезеңнен бері ошағының оты сөнбеген «Қазақстан», «Жалын», «Қайнар», «Мектеп» сынды елге белгілі баспалар. Әйтсе де бұрындары альманах болған «Жалынның» бүгінгі күйін көріп таңырқауыңыз мүмкін.

Зерттеу жүргізудің бір дерегі өз көзіңмен көру болатын болса, осы көктемдегі «Баспалар үйінің» табалдырығын аттағанымда бірталай жәтқа куә болдым. Біз ойлаған дәстүрлі баспалардың бүгінгі күйі жалғыз кабинет аумағында қалып қойған. «Жалын», «Жазушы», «Өнер», «Қайнар» тағы да басқа біршама баспалардың жұмысы тек бір ғана қызметкермен шектеліп қалды. Демек, бұл нарықтық экономикаға бейімделе алмағандығының бір белгісі. Әсте мұнымен баспаның болашағы бітеді деп ұқпауымыз қажет.

Шіритін тамырдан жас өркен өніп шығатыны бар емес пе? Ендігі баспа ісінің ғұмыры да өзгеше болмақ. Өйткені, замана сипатымен, ғылыми өркениеттің, адамзаттық эволюцияның орын алуы өзгеріс алып келуі анық дүние. Баспаның құрылымының да жаңаша өрбуін байқап жүрміз. Оған дәлел баспа қызметкерлерінің саны мен сапалық түрленуі. Бұрындары редактордың 3 түрі болатын, олар әдеби редактор, техникалық редактор, көркемдеуші редактор. Олардың негізгі қызметтері:

  • Әдеби редактор - басылым мәтінінің тілдік-әдеби нормаға сәйкестігі, көркемдік баяндалуының сапалы болуына жауапты.
  • Техникалық редактор - бітаптың өндіріске дайындалуында қателіктерге жол бермей, рет-ретімен кітаптық беттелуіне жауапты.
  • Көркемдеуші редактор - басылымның элементтері ерекшелене отырып, көркемдік сипат беруіне жауапты.

Ал, қазіргі уақытта басылым редакторы тек әдеби редактормен немесе редактормен ғана шектеледі. Өйткені, мұнда тек басылым мәтінін ғана қарайтын редактордың қызметі барлығы жеткілікті есептеледі. Екіншіден, мұнда беттелуіне жауапты қызметкер ғана болады. Ол яғни, техникалық редактордың қызметін атқара отырып, басылымды көркемдеуге құзіретті маман.

Сонымен қатар, корректор мамандарының қызметі баспа саласында ерекше рөлге ие болатын. Өйткені, әріптік қатенің де жіберілмеуіне кеңестік кезеңде ерекше мән берілген. Сондықтан да келген қолжазбаның алғашқы тексерістен өткізетін корректор маман болатын. Қазіргі баспа саласында корректор мамандарының жұмыстан шеттетіліп қалуының себебі, бұл қызметті редакторды өзі де атқара алатындығын көрсетті. Сағат Медеубекұлы «Басылымды редакторлық даярлау кітабында редактордың қолжазба оқылымының түрлерін көрсетеді. Алдымен, ой қуалап оқу, сосын, сөз қуалап оқу, буындап оқу, әріптеп оқу сынды оның редакциялауын шыңдай түсу жолдарын жазады. Сол себепті де редактордың талғам таразысында мәтінді екшеп қана қоймай, оны түбегейлі қатеден сүзіп қарауы орынды. Басылым редакторы оның корректуралық қызметінде атқаруы кейінгі баспаларда жүзеге асып жатыр.

Көптеген баспалардан соңғы жылдары жарық көрген кітаптарға назар аудара отырып, баспа қызметіндегі мамандардың қысқартыла түскені, бір кітаптың шығуына 2-3 маманның өзі қауқарлы екендігін көрсетеді. Бұл дегеніміз нағыз сала білгірлерінің ғана жұмыс жасауға тиістілігін айқындап келеді. Уақыт өте келе барлық саланың іргесінде нағыз білікті мамандар ғана қалатыны көрініп келеді. Бір кітаптың шығуына қатысатын мамандардың қатарында редактор, беттеуші, суретші ғана болып жүргендігін мысал етуге болады [4] .

Кейінгі уақытта құрылған біршама баспалардың еркешелігіне тоқталсақ. Мысалы, BRK баспасы кейінгі уақытта маркетинг-менеджменттік, тұлғалық даму, әлеуметтік интеграциялық туындыларды баспы шығаратын бірегей баспа. Мұнда, басты назар аударатынымыз, баспаның тақырыптық жоспарлауы, авторлық тапсырысты беруі, басылымды көркемдік әзірлеу және жарнамалау қызметтерінде баспаның дамуына тікелей себеп болды. Соның арқасында ашылғанына 2 жыл толмастан ілгерілеу байқалады. «Тұлға болам десеңіз» атты кітап адамның өзін-өзі жетілдіруге, психологиялық-мотвациялық бағытта жазылғандығымен көпшілік оқырманның назарын аудартады. Бұл қазіргі оқырманның талғам-таразысына сай шығарылған басылым екені анық. Кітаптың оқырманға жетуі де барынша жолға қойылған, олай дейтініміз қазіргі нарықта қазақ кітаптарының шаңырағы болған Qazyna кітап үйінде сатылымға қойылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі кітап сыны және жарнамасы
Қазіргі заманғы кітап жарнамасы
Бастауыш сынып оқушыларын балалардың эстетикалық тәрбиесінде табиғат мағынасын ашу
Тұтынушыларды зерттеу
Кітапқа қойылатын техникалық талаптар
Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Менеджерлердің қақтығыс жағдайының туындау себебі
Бизнес жоспар жасау
Толық циклді жарнама агенттіктеріне сипаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Ұлттық баспа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz