ҚОҒАМНЫҢ КІТАП ОҚУЫН АРТТЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУІМІЗ ҚАЖЕТ


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: «ҚОҒАМНЫҢ КІТАП ОҚУЫН АРТТЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУІМІЗ ҚАЖЕТ?»
Орындағандар: Әзімбек Қойлыбай,
Нұрбол Жауынбаев
Қабылдаған: Садырова Мансия СапаргалиевнаАлматы, 2019-2020 оқу жылы
«ҚОҒАМНЫҢ КІТАП ОҚУЫН АРТТЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУІМІЗ ҚАЖЕТ?»
«Кітап - ұстаздың ұстазы» деген нақыл сөз бар. Тарихтың да төрінде тұратын кітап. Себебі, көне заманнан бері тасқа басылып, мұра болып қалып отырған. Кітап - адамзаттың ойына өзгеріс, санасына серпіліс алып келетін құрал десек, қазір кітапқа деген қоғамның көзқарасы қандай? «Бүгінгі жастар кітап оқымайды» деген қоғамда сөздер көбейіп кетті. Бұл қаншалықты шын және дұрыс екені беймәлім. Біреу келіседі, біреу келіспейді. Алайда, менің ағамның отбасында мынадай бір оқиға орын алды. Ағамның мектеп қабырғасында оқитын тұңғыш ұлы сабаққа көңіл аудармай, телефонға көп уақыт бойы телміріп отырды. Әкесі оны байқап, баласының қолынан телефонды тартып алды. Және оған: «Сабағыңды оқымайсың ба? Кітаптарыңды оқы. », - деп ұрысты. Бірақ, баланың кітап оқуға ынтасы жоқ. Осы негізде бүгінгі қоғамда кітаптың маңыздылығы мен рөлін анықтау және оқырманды кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға жағдай жасау үшін осы сауалнаманы жүргіздім.
Бұл сауалнаманың тақырыбы: «Қоғамның кітап оқуын арттыру үшін не істеуіміз қажет?» .
Сауалнаманың қалай жүргіземіз? Ол қалай болады? Анкеталық сұрақтар қалай дайындалады? Деген сынды сауалдарға жауап табу мақсатында әлеумматтануға қатысты бір қатар еңбектерді оқып шықтым[1] . Және де Қазіргі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде қолға алынған «100 жаңа оқулық» бағдарламасына сәйкес әлемнің үздік ең үздік университеттерінде оқытылатын кітаптардан қазақ тіліне аударылған Д. Бринкерхов пен Р. Уейтс және С. Ортеганың «Әлеуметтану негіздері» (9-басылым. Астана. 2018ж. ) кітабын парақтап, оқыдым. Осы кітаптарда көрсетілген әлеуметтанулық зерттеу әдіс-тәсілдерін білдім. Сол арқылы осы сауалнаманының сұрақтарын құрай бастадым.
Қандай жұмыстар жасау қажет, кітапқа қоғамның бет бұруы үшін қандай шараларды қолға алу қажеттігін білу мақсатында, 8 сұрақ дайындадым.
Бұл сұрақтарды құрудың өзі оңайға соқпады. Себебі, әрбір сұрақ бір-бірімен байланыста және ойды дамытатын болуы керек еді. Сонымен алғашқы сұрағым:
1-сұрақ: Қоғамның кітап оқуына не кедергі ?
Алғашқы сауалды бүгінгі оқырманның кітап оқуына қандай кедергілер бар екенін білу мақсатында қойылды. Және ол сұрақтың негіздерін «Жұмыс», «Интернет», «Уақыт тығыздығы» және адамның өз ойын білдірерлік «Өз нұсқасын» енгіздім. «Жұмыс» пен «Уақыт тығыздығы» жауап нұсқалары бір-біріне жақын болып көрінуі мүмкін. Бірақ, адамның бар уақытын тек қана жұмыс алмайтыны белгілі. Күнделікті тіршілік, той-томалақ, мереке-мейрамдар және әр түрлі шаруалар болатындықтан мен бұл жауап нұсқасын енгізген дұрыс деп санадым. Респонденттердің өз ой-пікірін ашық білдіретін нұсқасын енгізу арқылы тағы да біз білмейтін қандай кедергілер болатынын білуге қойылды.
2-сұрақ: Қоғамның кітап оқуын қалай арттырамыз?
Бұл сұрақ менің сауалнамамның басты тақырыбы және түп негізі болғандықтан қойылды. Осы ашық сауалға нақты жауап алу арқылы қоғамның ой-пікірін анықтау көзделді. Және көптеген адамдар жарнаманың көптеп қажет екенін айтқан болатын. Сол себепті, жарнаманың көптеген түрлерінен «кітап көрмесін ұйымдастыру», «кітап дүкендерін ашу», «көшеде кітап аралап сату» және «Өз ойыңыз» деген жауап нұсқаларын әзірледім. Бұл қоғамға жарнаманың қай түрі қажет екенін білуге мүмкіндік береді. Біз сол арқылы тиімді жарнама әдістерін жасай алады екенбіз.
3-сұрақ: Кітапты өткізу үшін қандай жеңілдіктер қажет?
Қарапайым халыққа тиімді әр түрлі жеңілдіктер жасау арқылы мен кітапты өткізіп, қоғамның қызығушылығын арттыру мақсатында осы сұрақты қойылды. Және оған сай «кітаппен қосып сыйлық беру», «аудиодискілермен беру» және «өз ойыңыз» деген жауап нұсқаларын дайындалды.
4-сұрақ: Тегін кітап тарату арқылы қоғамның кітап оқуын арттыруға болады ма?
Бұл сұрақтың негізі Алматы қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «КITAP FEST» атты кітап фестиваліне байланысты. Біз білетіндей, бұл фестивальде тегін кітаптар таратылады. Осы таратылып жатқан кітаптар арқылы «қоғамның кітап оқу мәдениетін қалыптастыра аламыз ба?» деген негізінде қойылды. Және соған сәйкес, «Ия, болады», «Жоқ, болмайды», «Дұрыс болар еді», және «Жауап беруге қиналамын» деген жауап нұсқалары болды. «Дұрыс болар еді» деген жауап нұсқасы «Ия, болады» дегенге жақын болғанымен, бұл қоғам мүшелерінің «болады деп санаймын» дегеніне саяды. Бірақ, нақты емес.
5 -сұрақ: «Кітаптың өтімділігін арттыру үшін не істеуіміз қажет?»
Яғни, қоғамды кітапқа қызықтыру үшін қандай жұмыстар жасау қажет. Кітапқа қандай өзгерістер енгізу және тиімділігін арттыру мақсатында қойылды. Және «дизайнерлік сәндеу», «акция арқылы бағасын көтеру», «қалтаға сиярлықтай кішірейту» және «электронды нұсқасын даярлау» қажет деген жауап нұсқаларын енгізілді. Бұл арқылы біз кітапқа енгізуі қажет деген өзгерістерді анықтаймыз.
6-сұрақ: Қоғамда кітап лотереясын ойнату қажет пе?
Қазір белгілі «Лотерея» ойынының негізінде кітаптарды ұйымдастыру арқылы біз оқырманға әйгілі кітаптарды ойнату. Ол Джекпоттқа тігілсе, қасына қосымша әр түрлі жанрдағы кітаптарды қосып жасалуы қажет. Міне, бұл ойынның түрі біздің қоғамымызға қажет пе? Осы сауалға жауап алу үшін «Иә, қажет» және «Жоқ, керек емес», «Дұрыс болар еді» сонымен қатар, «Жауап беруге қиналамын» деген нұсқалар енгізілді.
7 - сұрақ: Оқырманды кітапқа тарту үшін қай саланы дамыту қажет?
Нақты және қоғамға дәл қажетті кітап саласын дамытуға негіз болатын сұрақ. Біз бұл арқылы нақты ақпарат аламыз. Сондықтан да кітап саласының негізгілері «кітапхана», «кітап дүкені», «кітап жарнамасы» және «кітап саудасы» деп енгіздім. Қоғам үшін қай саланың ақсап тұрғаны осы сұрақпен анықталмақ.
8 - сұрақ: Сізге кітапты қай жерден алған қол жетімді?
Қоғамның әр түрлі мүшелеріне кітапты қай жерден алған тиімді және оған қолжетімді екенін анықтау мақсатында осы сұрақты қойдым. Бұл сұраққа «кітапханадан», «кітап дүкенінен», «интернеттен» деген нұсқаларды енгізілді. Сұраққа жауапты алу барысында біз оқырманға тиімді жерден кітап таратуды қолға аламыз.
Осы аталған сұрақтар арқылы әлеуметтанулық зерттеу жүргіздім. Сауалнама респонденттерінің 40 %-ы студенттер, 30 % - ы оқушылар, 10 %- мұғалімдер, 20 %-ы әр түрлі маман иелері. Сонымен бірге қатысушылардан оқушылардың жас ерекшелігі 15-17 жас , студенттер 18-19 жас , мұғалімдер 23-58 жас , әр түрлі маман иелері 22-26 жас аралығынан тұрады. Және географиялық ерекшеліктері: студенттер ҚазҰУ-дан, мұғалімдер ауыл мектебінен, оқушылар Түркістан облысынан Мақташы мектебінен, маман иелері Шымкент қаласының қызметкерлері болды. Яғни, бүгінгі қоғамның әр түрлі мүшелерінің пікірін білу арқылы өткіздім.
1-сұрақ: Қоғамның кітап оқуына не кедергі ?
Міне, оқырман қауымнан алынған жауаптар назарларыңызда көрсетілген. Респонденттер қауымының жауаптарына сәйкес 5% - жұмыс, 69 %-ы интернет, 19%-ы уақыт тығыздығын белгіледі. Сонымен қатар, оқырманның өз пікірлері мен ойларын жазғандары бар. Олар: «телефон кедергі», «Жалқаулық пен еріншектілік кедергі», «құлықсыздық», «адамның өзіне де байланысты» деген сияқты, тіпті «оқығым келмейді» деп ашық жауап бергендерде болды. Бұл арқылы біз қоғамның кітап оқуына ең негізгі кедергі интернет екенін білеміз. Интернетті кедергі болып жүр деген қауымның 28%-ын студенттер, 2 % - ын мұғалімдер, 24%-ын оқушылар, 13%-ын әр түрлі маман иелері құрайды. Бұл әрине біраз уақыттан бергі біз білетін - шындық. Расында, интернет - қоғамның дерті. Бұған қолданар шара жоқ. Дегенмен интернет арқылы да кітап оқуға түрлі цайттар, қосымша телефондық функциялар жасап қойылған. Электронды кітаптар да дамып келе жатыр. Сондықтан да, интернетпен де оқу жағдайы жасалынған. Бұл дертпен күресудің ең негізгі жолы болып саналады [2] .
2-сұрақ: Қоғамның кітап оқуын қалай арттырамыз?
Бұл сұраққа жауап берген респонденттердің көпр бөлігі кітап көрмесін ұйымдастыру арқылы деп жауап берді. Нақтырақ айтар болсақ, 57%-ы алғашқы нұсқаны таңдаса, 18%-ы кітап дүкендерін ашу, 8%-ы көшеде аралап жүріп сату деп белгіледі. Алайда, бұл сұраққа өз ойларын қосып жауап берген адамдар көп болды. Олардың негізгілері «жарнама мен жаңалық арқылы», «осы аталғанның барлығы», «әлеуметтік желіде кітап туралы белсінділікті арттыру», «көшеге кітап сөресін қою», «арнайы жаңа түрдегі кітап туралы бағдарламалар арқылы», «кітап түсінікті тілде жазылуы тиіс» дегендей жауаптар қайтарды. Тіпті, «адамның өз санасына байланысты», «ешкімді күштеп оқыта алмайсың» дегендей де жауаптар келіп түсті. Біз бұл арқылы қазіргі қоғамға негізінен кітап көрмелерін көптеп ұйымдастыру қажет екенін білеміз. Бұл нұсқаның 16%-ын студенттер, 2%-ын мұғалімдер, 27%-ын оқушылар, 12%-ын әр түрлі маман иелері белгіледі. Сауалнаманың кіріспесінде айтып өткендей респонденттердің 30%-ын оқушылар құрайды десек, оқушылардың 27%-ы кітап көрмесін ұйымдастыру қажет деп тауыпты. Мектеп кітапханасының бүгінгі атқарып жатқан ісі қандай дәрежеде көрініс беретіні осыдан-ақ белгілі[3] .
3-сұрақ: Кітапті өткізу үшін қандай жеңілдіктер қажет?
Бұл сұраққа жауап беру оқырман қауымға қиын соқпады. Себебі, әркім өз ойын еркін жеткізіп, нақты жауап нұсқаларын белгіледі. Мәліметтерге сүйенсек 41%-ы кітаппен қосып сыйлық беру қажет десе, 50%-ы аудиодискілермен қоса беру қажет дейді. Өз ойларын «сыртқы дизайны мен ішкі жазу стильін өзгерту қажет», «тақырыбы аса қызықты болуы керек» «бағасын арзандату қажет» деп білдірді. Яғни, бұл сұрақтың шешімі кітапты сатқанда оның жанына қосып сыйлық беру мен қатар аудионұсқалармен тарату қоғамға қажет болып тұр. Кітаппен қосып сыйлық берудің 16%-ын студенттер, 4%-ын мұғалімдер, 16%-ын оқушылар, 5%-ын әр түрлі маман иелері белгелесе, аудионұсқаны қосып беру 18 -ын студенттер, 6%-ын мұғалімдер, 14%-ын оқушылар, 12%-ын әр түрлі маман иелері керек деп тапқан. Біз кітапты өткізгенде осындай жеңілдіктер арқылы көптеп өткізе аламыз. Бірақ, бұл сапасыз, мән-мағынасыз кітаптарды бұлай өткізіп жібере алатындығымызды білдірмейді. Алдымен, қашанда қоғам үшін сапа екені мәлім. Екі жауап нұсқасын белгілеген деректерге сүйенсек, екі бірдей жеңілдіктің қолдануы керек екені мәлім болды [4] .
4-сұрақ: Тегін кітап тарату арқылы қоғамның кітап оқуын арттыруға болады ма?
Бұл сұраққа жауаптар нақты жүргізілді. Берілген төрт нұсқаны белгіленді. Олардың 53%-ы «Иә, болады» деп жауап берді. Алайда 21 %-ы «Жоқ болмайды» деп қарсы жауап берді. Сонымен қатар, «Дұрыс болар еді» жауап нұсқасын белгілегендер 22%-ды құрады. Бұл сұрақтарға жауап беруге қиналатын 4% оқырман табылды. Яғни, бұл сұрақтың қорытындысы: тегін кітап тарату арқылы оқырманның кітапқа деген қызығушылын арттырып, оқуына мүмкіндік жасаймыз. Жыл сайын дәстүрлі түрде болатын «КITAP FEST» жобасын еліміздің барлық қалаларында, аудандарында қолға алумыз керек. Тек қана Алматы да ғана емес. Сол арқылы да кітап оқуға деген сұранысты арттыра аламыз. Тек кітап өлтірушілер көп болмаса болғаны. Бұл сұрақта «Ия, болады» деген нұсқаны 18% - ын студенттер, 2%-ын мұғалімдер, 19%-ын оқушылар, 14%-ын әр түрлі маман иелері құрады. Әсіресе жастар қауымының бұл шараға қолдауға ықыласы бар. Тегін қазынаға қол жеткізу үшін шараны жастар арасында кеңінен ұйымдастыру керек[5] .
5 -сұрақ: «Кітаптың көптеп өтуі үшін қалай жасауымыз қажет?»
Сұрақтарға жауаптардың 32 -ы «акция арқылы бағасын төмендету қажет» десе, 20 %-ы «дизайнерлік сәндеу қажет» деп тапты. Сонымен бірге «қалтаға сиярлықтай кішірейту» деп жауап берген оқырман 12%-ды құраса, «электронды нұсқасын даярлау» деп 36%- жауап берді. Міне осындай көрсетілген мәліметтер бойынша бүгінгі қоғамда кітаптың көптеп өткізу үшін электронды кітаптар шығару қажет деген шешімге келеміз. Электронды кітаптар қазіргі уақытта сұранысқа ие болып келе жатыр. Мұның себебі неде? Себебі, адамның қолдануына, оқуына ыңғайлы, кез-келген жерде кітап ұстамай-ақ телефон, гаджет, планшеттер арқылы көруге болатындығы. Бұл жауаптың 12 %-ын студенттер, 2%-ын мұғалімдер, 11%-ын оқушылар, 11%-ын әр түрлі мамандық иелері белгелеген болатын. Яғни, біздің қоғамның барлық мүшелеріне қажетті бұл сұраныстың орнын толтыру қажет. Қоғамға кітап бағалары қымбат соғып жатқаны осы деректерден-ақ белгілі болып отыр[6] .
6-сұрақ: Қоғамда кітап лотереясын ойнату қажет пе?
Бұл сұраққа жауап берушілердің 50%-ы «Ия, қажет» дегенді, 19%-ы «Жоқ, керек емес» деген нұсқаны, 21%-ы «дұрыс болар еді» нұсқасын және 10%-ы «Жауап бере алмаймын» деген жауаптар қайтарды. Яғни, бұл оқырман арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру үшін қазіргі қоғамда лотерея ойынын ойнату арқылы жүзеге аспақ. Бұл сұраққа көбісі, «Ия, қажет» деп жауап айтқан болатын. Соған сәйкес, бұл ойынды дамыту қажет. Бұл жауаптың 17%-ын студенттер, 2%-ын мұғалімдер, 14%-ын оқушылар, 17%-ын әр түрлі маман иелері құрап отыр. Біздің негізгі мақсатымыз қазіргі заманда сұраныста болатын әр түрлі лотерея ойындары арқылы үлкен жүлделерге қол жеткізетіні сияқты. Бізде, дәл осындай негізде джекпот ретінде белгілі, сапалы кітапты тігіп, оның қасына әр түрлі жанрдағы кітаптарды ойнатуды ойлап отырмыз. Міне, осы негізде оқырманға кітаптың жол тартуы артып, адамның қызығушылық ниетін арттырғымыз келеді[7] .
7 - сұрақ: Оқырманды кітапқа тарту үшін қай саланы дамыту қажет?
Бұл сұраққа жауаптардың мәліметтер бойынша 48%-ы кітапхананы белгілесе, 15%-ы кітап дүкенін, 29 %-ы жарнаманы, 8 %-ы кітап саудасын дамыту қажет деп жауап берді. Осы сұраққа жауап алу арқылы қазіргі кезде қандай сала дұрыс дамымай жатыр. Қай саланы дамыту қажет екенін анықтайды. Бұл мәліметтерге сүйенсек біз кітапхананы дамытуымыз қажет екені белгілі болды. Бұл жауаптың 12%-ын студенттер, 5%-ын мұғалімдер, 20%-ын оқушылар, 11%-ын әр түрлі мамандық иелері белгіледі. Қоғамның кітапхана жұмыстарына көңілі толады ма?Кітапханалар қалай қызмет көрсетуде? Бәлкім, оқырманға дұрыс қызмет көрсете алмай жатқан шығар. Сондықтанда, 48%-ы кітапхананы дамыту қажет деп тапты. Дегенмен, қазірде барлық қолайлы жағдай жасалған кітапханалар көбейіп келеді. Мысалы, Жамбыл атындағы, Ұлттық кітапхана және Әл-Фараби кітапханалары. Бұл кітапханаларда арнайы электрондық құжаттар, оқырманға тез табылатын жүйе жасалынған. Міне, осындай кітапханалар жүйесін көбейте түсу қажет-ақ[8] .
8 - сұрақ: Сізге кітапты қай жерден алған қол жетімді?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz