БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН КӘМЕЛЕТКЕ ДЕЙІНГІ ӨСІПДАМУЫ, ТӘН-ЖАН ТӘРБИЕСІ МЕН ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 201 бет
Таңдаулыға:   

Жандар Керімбектің Ермаханы

Керімбек Ақмарал Ермаханқызы

БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН КӘМЕЛЕТКЕ ДЕЙІНГІ ӨСІП-ДАМУЫ, ТӘН-ЖАН ТӘРБИЕСІ МЕН ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті

Жандар Керімбектің Ермаханы

Керімбек Ақмарал Ермаханқызы

БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН КӘМЕЛЕТКЕ ДЕЙІНГІ ӨСІП-ДАМУЫ, ТӘН-ЖАН ТӘРБИЕСІ МЕН ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мектепке дейінгі бала-балабақша тәрбиешілері және мектеп жасындағы бала-мектеп мұғалімдеріне арналған оқулық

Түркістан-2008


ББК…

К…

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Редакция алқасы: Ташимов Л., Ергөбек Қ., Райымбердиев Т., Айменов Ж.

Пікір жазғандар:

Жарқынов Есмұқан Жарқынұлы - медицина ғылымдарының

докторы, профессор

Кошкумбаева Мадина Асқарқызы - медицина

ғылымдарының кандидаты

Қ. А. Ясауи университетінің Ғылым орталығында қаралып ұсынылған.

Жандар Керімбектің Ермаханы, Керімбек Ақмарал Ермаханқызы. Баланың туылғаннан кәмелетке дейінгі өсіп-дамуы, тән-жан тәрбиесі мен гигиенасының жас ерекшеліктері. Түркістан, 214 бет. 50 суретпен, кестелермен безендірілген.

ISBN….

Оқулыққа нәрестенің кәмелетке жеткенге дейінгі тәнтанулық (анатомиялық), тәнтірлігінтанулық (физиологиялық), мінез-құлық қалыптасулық (психологиялық) және жүйке мүшелерінің алдын-алу, тазалық сақтау (гигиеналық) жас ерекшеліктері бірінші рет баяндалған.

Осындай жасөспірімдік морфология ілімінің негізінде балалардың дені сау, ақыл-есті, парасатты, мейірімді, иманды, биязы мінезді ұрпақ тәрбиелейміз.

Оқулық мұғалім, тәрбиеші, жантанушы-педагогтерге және гигиенистер мен балаемгері - педиаторларға, 050101 - мектепке дейінгі балаларды оқыту педагогикасы, 050102 - мектеп жасындағы балаларды оқыту педагогикасы, 050103 - педагогикалық психология мамандықтары бойынша оқитын тәлімгерлерге, сонымен қатар жас ана-әкелерге арналған.

К… © Жандар Керімбектің Ермаханы

Керімбек Ақмарал Ермаханқызы

ISBN…. © Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университеті, 2008

КІРІСПЕ

Нәрестенің кәмелетке жеткенге дейінгі тәнтануы (анатомиясы), тәнтірлігінтануы (физиологиясы), жантануы (психологиясы), педагогикасы және гигиенасы өзара тығыз байланысты. Өйткені, жасөспірім тәнтануы баланың жаңа туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін оның тәні (дене) және әрбір мүшелерінің құрылысын зерттеп үйренсе, тәнтірлігінтануы - ағза тірлігінің қасиеттері мен заңдылықтарын оның өмірлік барысын зерттеп оған қоса жантануы - мінез-құлықтың қалыптасуындағы жан тәрбиесін үйренеді, ал гигиена - өз алдына ғылым саласы болып, жасөспірімдердің денсаулығын сақтауды ұйымдастырады да түрлі аурулардың (дерттердің) алдын алады. Бұл жағдайдың барлығында да жалпы биологиялық заңдардың даму барысын кең қолданып, медициналық және педагогикалық ғылымдарына тығыз байланысты жүреді.

Балабақша тәрбиешілері - мектепке дейінгі балалардың өсіп-дамуына, ал мұғалімдер - мектеп жасындағы балалар ағзасына дұрыс өсіп-дамуы мен біргелікте олардың оқу-тәрбиесіне нендей нәрсе нұқсан келтіретінін және нендей нәрселер пайдалы екенін білу қажеттігі туындайды. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерін және мектеп жасындағы оқушылар оқу орындарының мұғалімдерін даярлайтын колледждер мен педагогикалық университеттердің оқу жоспарына “Балалардың өсіп-дамуы мен мінез қалыптасуы және олардың гигиенасы” (Анатомо - физиологические и гигиенические особенности детей и подростков) енгізіліп отыр.

Соңғы жылдарда жасөспірімдердің тәнтануы (анатомиясы) мен тәнтірлігінтануы (физиологиясы) және жантануы мен гигиенасы бойынша арнайы журналдарда және монографияларда зерттеу жұмыстардың жаңа ғылыми деректердіњ басылып шыққандары баршылық, өкінішке орай олар педагогикалық тұрғыдан қолдануға пайдаланылмайды.

Жүсіпбек Аймауытұлы (1889-1931) “Психология” (1929) кітабында көрсеткендей: “Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі болуынан…. Тәрбиенің екі түрі бар: бірі - дене тәрбиесі болса, екіншісі - “жан”, “рух тәрбиесі”.

Көрнекті жантанушы ғалым Л. С. Выготский (1896-1934) теориясының түпкі мәні - баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру, үнемі оның табиғи деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстырады. Зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары керек. Баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шыњдығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренуі делінген.

Оның осындай бала тәрбиесіндегі жантану (психология) ғылымы саласынан жазған еңбектерін қазақ еліне 30 жылдары алғаш таныстырып түсініктер берген осы ғылым бойынша докторлық диссертациясы мен ғылыми жинақтарын қалдырған Төлеген Тәжібаев (1910-1964) болатын.

Осыған байланысты ұсынылып отырған оқулықтың мақсаты: әлгі айтылған ғылыми деректерді балалардың, нәрестенің кәмелетке толғанға дейінгі күнделікті өсіп-дамуын бақылап, мінез-құлқының адамдық қасиетке, мейірімді, иманды, қазақ этножантануын (этнопсихологиясы) негізінде қалыптастыру.

Оқулықта жаңа туылған нәресте адам онтогенезіндегі ең жауапты кезең екеніне тоқтай отырып, яғни ана құрсағында бала сулы ортадан, құрғақ ауа ортаға өтеді. Соған байланысты нәрестенің қанайналымы, жүрек- қантамырлар ќ±рылымдыќ жүйесі қайта өзгеріп күрделенеді. Оларға тыныс, асқорыту және қалдық (зәр) шығару жүйелері қосылуынан нәресте ағзасына өкпе арқылы оттегі (О 2 ), ішек-қарындар арқылы қажетті қоректік заттарын жеткізіп беру ағзада сіңбей қалған қалдықтарды көмірқышқыл газы (СО 2 ), өкпеден; зәр - несеп-жыныс бойымен, нәжіс - ішек бойымен шығаруы өз алдына басталады. Тыныс, асқорыту және несеп-жыныс жүйелері арқылы көп мөлшерде қарапайым жәндіктер (микроағзалар), олармен қабат түрлі ауру туғызатын не? (патогенді) өтеді.

Оның үстіне нәрестенің ағзасы жетілмеген. Оның көптеген жүйелері мен мүшелері күрделі дамудан өте бастайды. Ағза тек көлемі және массасы жағынан үлкейіп қана қоймай, әрбір мүше - жүйелердің атқаратын әрекеттеріне машықтанып жетілуі (дифференциациясы) жүреді. Жалпы ағза мүддесіне лайықты, әрбір жеке мүшелер бір-бірімен үйлесімді болып ішкі және сыртқы ортаға бейімделіп отырады.

Жетіліп туған баланың денесінің ұзындығы 48-52 см, ұл баланың дене салмағы (массасы) орташа 3400-3500 г., ал қыз балада - 3250-3400 г. болады. Дене массасы 3000 г. кем болса, қалыптасудан төмен, ал 2500 г. кем болса жетілмеген қатарына қосылады (А. Тур, 1955) . Сонда нәресте денесінің массасы орташа 3400 г. болса, 25 жаста орташа, шамамен 18 есе ±лѓаяды.

Оқулықта осы айтылған бағытта бала ағзасының кәмелетке толғанға дейінгі; тірек-қимыл (сүйектер, буындар, бұлшықеттер), жүйке - жоғары (ұлы) дәрежелі жүйке, асқорыту, тыныс, зат алмасу (энергия), тамақтану, қалдықтары (зәр шығару), ішкі (эндокрин) бездері, қан - қанайналым, жүрек - қантамырлары, сезім (сенсорлық) талдау жүйелерінің құрылысы (анатомиясы) мен тәнтірлігі (физиологиясы) және жүйедегі әрбір мүшелердің гигиенасы мен олардың түрлі ауруынан сақтандырып алдын алуды ұйымдастыруы айтылған.

Ұсынылып отырған оқулықтан әрбір мұғалім - тәрбиеші, балаемгер - гигиенист өздерінің тәжірибелік қызметтеріне күнделікті балалардың тәнтанулық (анатомиялық), тәнтірлігінтанулық (физиологиялық), жантанушылық (психологиялық) және балаемгерлік (педиатрлық) пен тазалық - аурудың алдын алулық (гигиеналық) мағлұматтар алады.

Автор ұжымы оқулықты жазу барысында құнды материалдар беріп, кеңес, пікірлерін аямаған С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің қалыпты тәнтану кафедрасының профессоры Мұқанова Светлана Мүсіпқызына, Єл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің адам және жануар физиология кафедрасының профессоры, марқұм Бейсен Төлбаевқа, Ресей Санкт-Петербургтегі академик И. П. Павлов атындағы физиология институтының профессоры Е. Н. Знаменскаяға, сондай-ақ жұбайы, мед. колледждің түлегі шын мәнінде оң қолы болған Перімбек Сыздыққызы Зиягүлге және алтын уақытын бөліп пікір жазған кісілерге мың бір алғысын білдіреді.

Жазушы-дәрігер, фантаст, медицина ғылымдарының

кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы,

Махамбет сыйлығының лауреаты, МЕМ

“Ана құрсағындағы тәрбие” рухани орталығының

Президенті Совет-хан Ғаббасов

І ТАРАУ

БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ӨСІП-ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Өсу дегенде ағзадағы жасуша-лардың бөлініп, жаңаланып, көбеюі-нен олардың массасының (көлемі-нің) ұзындығы мен көлденеңіне қарай үлкеюін түсіну керек. Өсуде мүшелердің (ағзаның) денесі үлкейеді.

Өсумен бірге ағзаның дамуы да жүреді. Ағзаның жеке дамуы деп тұқым қуалау белгілерінің қалып-тасу әсері және сыртқы ортаның әсері арқасында ағзадағы жасуша, мүшелер және жалпы жүйелердің сан және сапа жағынан жетіліп қызметке кірісуін айтамыз.

Екінші сөзбен айтсақ, даму деп бір ағзаның өмірінде қалыптасатын морфо-физиологиялық өзгерісін, нәтижеде ұлпалардың мамандануын және мінездің қалыптасуын айтамыз.

Өсу мен даму бір-бірінен ажыратылмайтын жағдай. Өйткені өсу мен даму тұқым жасушасының аталануынан бастап өмірінің ақыры-на дейін созылады. Сонда да болса бұл екеуін бөліп қарау керек. Өйткені түрлі жағдаймен өсу тез болып, даму кеш болуы, кейде даму тез жүріп, өсу кешеуілдеп қалу жағдайлары көп кездеседі. Даму мен өсу бірдей жүрсе де олардың тез не баяу болатыны да ғылымға мәлім.

Адамның өсіп-дамып жетілуін-де мынадай кезеңдер бар. Балалық шақ, жасөспірім, ержеткен (жігіттік) дәуір, толу дәуірі және қартаю (кәрілік) дәуірден өтеді. Бұл айтылған дәуірлердің жас жағынан жетілуі түрлі тұрмыс жағдайына байланысты ерте не кеш өтеді. Мысалы: әрбір отбасыларда, түрлі мемлекеттерде, материктерде.

Қазір балаларды жан-жақты зерттеп тексеру арқылы Мәскеудегі балалар және жасөспірімдердің ғылыми-тексеру институты 1968 ж. төмендегідей өсу-даму ерекшелік-терін ұсынады (1-кесте) .

ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Өсу мен даму үздіксіз жүріп отырады. Бірақ олардың жүру темпі (шапшаңдығы) бір қалыпты болмай-ды, бірде өсу, бірде даму озып не не қалып отырады деген едік. Осындай өсу мен дамудың толқындалып (булығып) жүруін және жастық дәуірлерге бөлуді ағзаның гетерохронды дамуы деп атайды.

Мысалы: 1 жасқа дейін өсу арта-ды. 1-3 жасқа дейін даму артады, 3-7 жасқа дейін және тез өседі (әсіресе 6-7 жаста), ал 7-10-11 жаста қайтадан даму артады.

Ер жетуге (жыныстық), жетілуге байланысты (11-12-15 жастарда) өсу мен даму екеуі де өте тез жүреді.

Өсудің артуын - бойдың өсу дәуірі (1 жасқа дейін, 3-7 жаста, 11-12-15 жастарда) ал, өсудің баяулауын - дененің жұмырлану дәуірі (1-3, 7-10-77 жастардың арасы) .

Дененің әрбір бөліктерінің өзі де бірқалыпты өсіп дамымайды. Мыса-лы: бас, жас өскен сайын дене қаты-насына қарағанда көп кішірейеді, қол-аяқ өте ұзарады. Ішкі мүшелерде де осындай.

1-кесте

Дамудың жас ерекшеліктері

1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте)
1-10 күн
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 2. Емізулі дәуірі - (бөбек)
:
1-10 күн: 10 к-1жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 3. Ерте бала шақ - (сәби)
:
1-10 күн: 1-3 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 4. Бірінші бала шақ
:
1-10 күн: 4-7 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 5. Екінші бала шақ
: бала
1-10 күн: 8-12 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте):
: қыз
1-10 күн: 8-11 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 6. Жасөспірім (бозбала)
: бала
1-10 күн: 13-16 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте):
: қыз
1-10 күн: 12-15 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 7. Жетілу (ер жету)
: бала
1-10 күн: 17-21 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): (бой жету)
: қыз
1-10 күн: 16-20 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 8. Толудың І кезеңі
: ер кісі
1-10 күн: 22-35 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте):
: әйел
1-10 күн: 21-35 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 9. Толудың ІІ кезеңі
: ер кісі
1-10 күн: 36-60 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте):
: әйел
1-10 күн: 36-55 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 10. Орта жасар дәуірі
: ер кісі
1-10 күн: 61-74 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте):
: әйел
1-10 күн: 56-74 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 11. Кәрілік дәуірі
: ер кісі
1-10 күн: 75-90 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте):
: әйел
1-10 күн: 75-90 жас
1. Жаңа туылған дәуірі - (нәресте): 12. Ұзақ жасаушылар
:
1-10 күн: 90 ж. жоғары

Өсу мен дамуда жыныстық ерекшелік күшті. 10-жасқа дейін бала мен қыздар бірдей өсіп дамиды. Қыздар 11-12 жаста-ақ өте тез өсіп кетеді де, балалар 13-14 жастан бастап тез өсе бастайды. 14-15 жаста бала мен қыздардың бойы бірдей болса, балалар 15 жасқа толғанда және тез өсіп кетеді.

Сонымен қыздарда өсу 16-17 жаста тоқтайды, балаларда 18-19 жаста баяулап, 22-25 жастарда тоқталады (1-сурет) .

Кеуде шеңберінің жыныстық ерекшелігі 7 жаста біліне бастайды. Бұл жаста балаларда кеуде шеңбері үлкен болады да 12 жасқа келгенде қыздарда үлкен болып, 14 жастан қайтадан балаларда үлкейеді. Бұл айырмашылық сол күйінде қала береді.

Өсудің жас ерекшелігін және денесінің дамуын антропометрия-лық көрсеткіштермен анықтайды. Оларға: салмағы, бойының ұзындығы, кеуде шеңбері, өкпенің сыйымдылығы т. б. жатады.

Мектепке дейін және мектеп жасындағы жастарды морфо- физиологиялық және жантану (психология) санасының жетілуіне қарай былай етіп бөледі.

2-кесте

Нәрестелік жасы

10 күн

Нәрестелік жасы: Бөбектік
10 күн: 1 жасқа дейін
Нәрестелік жасы: Балалық шақ (мектепке дейінгі жас)
Нәрестелік жасы: А) алғашқы балалық шақ
10 күн:

1-3 жас

Нәрестелік жасы: Б) екінші балалық шақ
10 күн:

3-7 жас

Нәрестелік жасы: Мектеп жасы
Нәрестелік жасы: А) төменгі сынып жасы
10 күн:

7-12 жас

Нәрестелік жасы: Б) ортаңғы сынып жасы
10 күн:

12-14 жас

Нәрестелік жасы: В) жоғарғы сынып жасы
10 күн:

15-18 жас

Қазіргі ғылым жетістіктері жоғарыдағы жас ерекшеліктері бойынша олардың морфологиялық, физиологиялық, әсіресе, жантанулық (психологиялық) дамуы ерекше екендігін дәлелдеуде. Сыныптағы оқушыларға жеке-жеке бақылау жүргізу керек. Өйткені дене өсуімен жантанулық (психология-лық) дамуы бір-біріне өте тығыз байланысты болғанымен кейбір ±л-қыздарда туылмалы кемшіліктер болуы ықтимал. Мысалы, үлкен ми жарты шары, оның қыртысындағы жасушалардың қызметі нашар болуынан балада ақыл деген аз болулығы да кездеседі. Ішкі секреция бездерінің қызметі де түрлі ауру т. б. жағдаймен өзгеруінен жалпы оқушының қабілеттілігіне дұрыс не бұрыс әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайлардың барлығы тілдің (сөйлеудің) шығуына көп әсерін тигізеді. Тіл болса бүтін ой пікірді білдіретін құрал болып есептеледі.

Мысалы: сөз арқылы төменгі сынып оқушылары тек көрген заты бойынша ғана айтатын болса, ортаңғы, жоғарғы сыныпта ойлап, сөз арқылы көрген, есіткен нәрселерін толық бейнелеп айтуға көшеді. Сөздегі көптеген жиынтық сөздің (атаудың) мағынасын түсініп, оны қолдана бастайды. Мысалы: көгершін - біреу, құстар көп, жануарлар одан да көп мағынаны білдіреді.

1-сурет . Жасына қарай дене қатынасының сәйкестігі

Осы жағдайлардың барлығы ұстаздардан балалардың тәнтану (анатомия), тәнтірлігінтану (физио-логия), жантанулық (психологиялық) ерекшеліктерін жете меңгеруді талап етеді.

Жантану (психология), жансы-рының (психиканың), тәнтірлігін-танудан (физиологиядан) айырмашы-лығы бар ма? Бұны былай түсіну керек. Жантану (психология) дегенде біз көбінесе адамның жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің қызметіне көңіл аударамыз. Сонда жансыры (психика) мидың жауап беру (рефлекторлық) қызметінің қоры-тындысы болады. Тәнтірлігінтану болса, мидың жауап беру рефлекторлық механизмінің қызметі қалай іске асырылатынын ғана тексереді. Сондықтан да қазіргі жантану (психология) тек тәнтірліктік заңдылықтарға сүйене отырып дамиды.

Өсу мен даму өмірдегі тұрмыс жағдайына, үй жағдайына, тамағына, гигиеналық жағдайына, еңбегіне түрлі ауру түріне т. б. қарай тез не баяу болуы мүмкін.

Өсу мен даму жыл мерзіміне, климатқа, географиялық жағдайға да байланысты. Мысалы: шілде, тамыз айларында, жазда тез өседі. Күзде салмағы өзгермейді. Мамыр, маусымда салмақтың кемуі де байқалады. Бұл экзогенді фактор делінеді. Енді эндогенді фактор да өсу мен дамуға әсер етеді. Эндогенді факторға тұқым қуалау, жүйке жүйесінің күйі, ішкі секреция бездерінің қызметі жатады.

ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУІ

В. С. Соловьева (1964) 5400 оқушыларды тексеріп мынадай қорытындыға келген (3-кесте) .

3-кесте

Жыныстық белгілердің пайда болуы

Қыздарда:
Қыздарда:: 1.
Сүт бездерінің өсуі

10 ж. 5 ай

Қыздарда:: 2.
Қолтыққа жүндердің шығуы

10-11 жас

Қыздарда:: 3.
Етеккір (менструация) келуі

13 жас

Қыздарда:: Ұлдарда:
Қыздарда:: 1.
Дауыстың өзгеруі

12 ж. 6 ай

Қыздарда:: 2.
Жүн шығулар

13-14 жас

Қыздарда:: 3.
Мұрт

15 ж. 3 айда

Қыздарда:: 4.
Сақал

16 ж. 4 ай

Қыздарда:: 5.
Көкіректі жүн басу
18 ж. 8 ай

Акселерация. Жастардың дене (тән) өсулерінің тездеуін, ертерек өсіп жетілуін акселерация дейді.

Акселерацияға тез өсу, салмақ-тың артуы және жыныстық ерте жетілулері жатады. Бұл мәселелер-мен дүние жүзінің дәрігерлері, педагогтері, антропологтері, социо-логтері шұғылдануда.

Баланың өсіп-дамуын бағалау. Оған баға бергенде мынадай көрсеткіштерді қолданады. 1) Ұзынөлшемкөшірме (соматомет-риялық) - дененің салмағы мен ұзындығы, кеуденің шеңбері, отырғандағы бойы, тұлға мен қол-аяқ ұзындықтары; 2) Пішінөлшем-көшірме (соматокөшірмелік) - кеуде пішіні, арқа пішіні, аяқ пішіні, табан пішіні, сымбат, дене бедері (рельеф), бұлшықет шымырлығының бедері, май басушылығы, жыныстыќ жетілуі; 3) Тәнтірлікөлшем (физио-метриялық) - өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қолмен сығымдау күші т. б.

Баланың денсаулығын есепке алып бағалау. Ол үшін екі әдіс қолданылады. Біріншісі - жалпы-лама қарау (генерализация) әдісі, екіншісі - жеке-дара зерттеу әдісі. Оның жалпылама қарауы жылына бір жарым ай бойына, арасын бес, он жыл аралатып жүргізсе, баланы жеке-дара зерттегенде әр жылы бір рет, бір мезгілде өткізіледі.

Сонда бала ағзасының қайсы кезеңінде өзгешелік болғанын бақылап, оған дұрыс ақыл-кеңес беруге мүмкін болады. Ол кеңесте ағзадағы кейбір заңдылықтар мен қасиеттердің өз уақытында болма-ғанын (булыѓу-гетерохронизмді) байқап айтуға болады.

Соңғы жылдары отандық және шетелдік әдебиеттерде жастардың дене (тән) өсулерінің тездеуі - акселерацияға (латынша acceleratio - тездеу) ұшырауы туралы мәліметтер көптеп жазылып жүр. Акселерацияға ұшыраған балалардың өсіп-дамуы тездейді, әсіресе ұзынөлшемкөшірме (соматометрия) көрсеткіштері бо-йынша қарқынды жүреді. Сондықтан да алдыңыздағы баланың сорайған бойына қарап үлкен адамдай мәміле қылсаңыз, ол әлі бала мінезді, ақыл ойы да сондай. Егер, “қандай қызметте істейсіз? - десеңіз, - мен әлі мектеп оқушысымын” деген жауабын аласыз. Бұл акселерация мәселелерімен дүние жүзінің емгерлері (дәрігерлері) ; педагогтері, антропологтері, әлеуметтанушылар (социологтері) шұғылдануда дедік.

Қазіргі бар, акселерация теория-сы мыналар: гелиоген тездеуінің теориясы, конституционалды сұрып-талу теориясы, урбанизация теория-сы, нәсілтаптық теориясы, тамақтану (нутритивті) теориясы, тұрмыс деңгейлік теориясы т. б. деп аталады. Солардың кейбіріне тоқталайық.

Акселерация теориясы. Гелиоген теориясы. Бұл теория 1936 жылы көтерілген. Ол акселерацияға себепші күн нұрының әсері. ХІХ-ХХ ғасырларда балалар күн нұрының астында көбірек жүрген, соның нәтижесінде олардың өсіп-дамуы артқан.

Гетерозия теориясы. ХІХ ғасырдың соңы, ол ХХ ғасырдың ерекшелігі болып саналады. Өйткені адамдардың (балалардың) әлеумет-тік, түрлі діндердің және ұлтаралық некелесу географиясы да кеңейді. Осының барлығы тұқым қуалау қасиеттерін өзгерте бастады. Нәти-жеде акселерацияның дамуына әкелді.

Қоныс аудару (урбанизация) теориясы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе ХХ ғасырда ауыл адамдары қалаға шоғырланды. Үлкен қалаларда (Қытай, Индия, АҚШ, Франция, т. б. ) халық саны бірнеше миллионнан асты, яғни қалаға қоныс теуіп шоғырлануы - халықтың урбанизациясы артты. Осы жағдайлар да балалардың жыныстық ерте жетілуіне, бойы мен салмағының артуына әкелді.

Тамақтану (нутритивті) тео-риясы. Бұл теория авторларының айтуынша акселерацияның дамуы тамақтану деңгейіне, әсіресе дәруіштік (витаминдік) тамаққа тікелей байланысты дейді.

Сәулелену теориясы. Бұл теория бойынша рентген қондырғы-лар торының жер шарына кең жайылуы, онымен бірге атом және сутек (водород) бомбаларыныњ жарылып адамдардыыњ радиоактивті сәулелену асқынуынан балалар ағза-сы түрлі өзгеріске ұшырайды. Ол жағдайлар акселерация дамуына апарады. Келтірілген теориялардың негізі, белгілі ғылыми қызығушылық туғызса да, шын мәнінде акцелера-ция құбылысын жете шеше алмайды. Біздің талдаған теориямыз тек акселерацияның даму себептерін пайымдатады.

Теориялық талдаудан байқала-тыны акселерация құбылысы тәнтір-лігінің механизмі мен жантану барысын (процесін) қамтиды. Бірақ бұл құбылыстың тәнтірлігінтану және жантануы әлі зерттелмеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру нұсқаушысының кәсіби шеберлігін шыңдау жолдары
Жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік ауытқушылық, оның факторлары
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балабақшадағы бала тәрбиесі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Оқыту жүйесі және орта білімді басқару пәнінің cтуденттерге арналған лекциялар жинағы
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын әр жас ерекшелік топтарда үйрету жолдары
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz