ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫН БӨЛШЕКТЕП КӨРСЕТЕТІН ДЕРЕКТІ КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаманұлы Ұ., Алимханова А.С., Сарсенбаев М.М.
ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫН БӨЛШЕКТЕП КӨРСЕТЕТІН ДЕРЕКТІ КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛ
ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Прометей бағдарламасы шеңберінде
Павлодар 2008

УДК 595.7(07)
ББК 28.691.89я7
Ж 70
Пікір жазғандар: б.ғ.д., профессор Ж.М. Есенбеков
б.ғ.к., профессор Т.С. Рымжанов
Ж 70 Қаманұлы Ұ., Алимханова А.С., Сарсенбаев М.М. Жәндіктердің
дене құрлысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті құрал
жасау әдістемесі оқу-әдістемелік құрал С. Торайғыров
атындағы ПМУ – Павлодар, 2008, - 68б.
ISBN
Бұл оқу-әдістемелік құрал осы күнгі биология пәнінің мұғалімдеріне
табиғаттағы жәндіктерді қалай жинау, олардан препарат, көрнекті құрал жасау
және жәндіктердің құрылымы, тіршілігі туралы толық түсіндіруге арналған
методикалық оқу әдістемесі жоқ болғандықтан, осыған көмекші құрал ретінде
жасалды. Әдістемелік құралға көбінесе Павлодар облысында жиі кездесетін,
орта мектептің биология пәнінің мұғалімдері оқушыларды экскурцияға алып
жүргенде оңай жинап алуға болатын ең кең тараған және шаруашылыққа маңызы
зор жәндіктер таңдалынып алынды. Мұнда жәндіктердің сыртқы құрылысы, оларға
сипаттама, қалай ұстап, қалай сақтау жоспары жөнінде және осы жәндіктерден
қалай көрнекті құрал жасау керектігі жөнінде мағлұматтар берілген.
ISBN
УДК 595.7(07)
© Қаманұлы Ұ. және т.б.
© С. Торайғыров атындағы
Павлодар Мемлекеттік
Университеті, 2008ж.
КІРІСПЕ
Жәндіктерді оқушыларға, студенттерге үйретудің методикасын
құрастырып, орта және жоғарғы мектептерде өтетін жәндіктерге толық мағлұмат
беру. Бұл әдістемелік құралға көбінесе Павлодар облысында жиі кездесетін,

зор жәндіктер таңдалынып алынды. Оқушылардың әсіресе, орта мектеп
оқушыларының орта және жоғарғы мектепте өтетін жәндіктер туралы бөлімге
толық мағлұмат бере келіп, абстракциялы ойлау жүйесі әлі жетіле
бермегендіктен, олар қандай бір объектіні көзбен көріп, қолмен ұстап
қарайтын болса, жақсы түсінеді, ол ұмытылмайды. Сондықтан, жергілікті
жердегі оқушылар мен мұғалімдерге оңай табылатын денесі үлкен,
морфологиялық сипаты көзге айқын көрінетін және шарушылыққа тигізер пайдасы
зор, буынаяқтылардан объективті көрнекті құрал жасап, үйрену әдістемесін
құрастыруды мақсат еттік. Көрнекті құрал жасау үшін біздің облысымызда кең
таралған және маңызы зор мамыр зауза қоңызы, шегіртке, инелік, судың жүзбе
қоңызы, долана көбелегі және оның дернәсілі, тарақан тәрізді жәндіктерді
тандап алдық. Жоғарыда көрсетілген барлық жәндіктердің бөліктерінен
препарат, көрнекті құрал жасалынды.
Бұлардың әрбіреуінен көрнекті құрал жасау әдістемесін оқушылар мен
мұғалімдерге арнап құрастырылған. Мұнда:
А) оның қайда, қандай жерде мекендейтіні;
Б) қайтіп іздеп табу;
В) қандай құралмен, қалай ұстау;
Г) ұстаған жәндіктерді қалай өлтіру;
Д) қалай сақтау;
Е) дене мүшелерін қалай ажыратып, бөлшектеу, сонымен қатар оқушыларға қалай
таныстырып көрсету әдістері кешенді түрде беріледі және әрбіреуінен
көрнекті құралдар жасап, үлгі ретінде көрсетілген. Бұл көрнекті құралдарға
қосымша суреттер беріліп, түсінік талдау жасалынады, сол сияқты
жәндіктердің мұртшасының, қанатының, аяғының тіршілік ететін ортасының
экологиялық жағдайына қарай және әрбірінің атқаратын міндетіне қарай
түрленіп, өзгеріп, алуан-түрлілігі жекеше көрсетілген.
ЖӘНДІКТЕРДІ ЖИНАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕРІ
Жәндіктердің бірнеше тұқымдасы мен отряд өкілдері және басқа да
өрмекшілер, кенелер мен қырықаяқтылар сияқты буынаяқтыларды бір мезгілде
жинайтын ыңғайлы әдістер бар. Мұндай әдістер, кейін лабораториялық
сабақтарда жөнге келтіріліп, анықталатын көлемді фауналық материал алуға
мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сачокпен шабылған орым, топырақ қазбалары,
ағаштар мен бұталарды сілку және кейбір жағдайларда жарық арқылы аулау
сияқты әдістерді ескерілген. Сонымен қатар жәндіктердің белгілі бір тобын
немесе жекелеген түрлерін аулауға бағытталған жинаудың арнайы әдістерін
қолдану қажет. Мұндай әдіспен алынған жәндіктердің түрлік құрылысы туралы
мәліметтер жеке түрлердің санын белгілі бір деңгейде көрсетеді, өйткені
жәндіктерді жинауда сирек кездесетін және саны аз түрлер болмайды дерлік,
ал керісінше саны көп түрлер жиі кездеседі. Бірақ көп жағдайда алынған
мәліметтерді арнайы санақ барысында алуға болатын деректермен толықтыру
керек. Санақтар көп еңбекті қажет ететіндіктен студенттік тәжірибеде
олардың кейбіреулері ғана, көбінесе топырақ –биологиялық және
биоценологиялық зерттеулерде қолданылатындары іске асырылады.
Әдетте, табиғатта жәндіктермен алғаш танысқаннан-ақ, оларды жинау
жұмысы бақылағыштық пен мұқият болуды талап етеді. Жәндіктерді ашық, шуақты
күндері жинаған оңай, өйткені осы уақытта олар белсенді қоректенеді, ұшып-
қонып жүретіндіктен бірден көзге түседі. Олар, әсіресе, орман
алаңқайларында, жайылымдық шалғындарда және суқойма жағалауларында көптеп
кездеседі. Жәндіктерді энтомологиялық сачоктың көмегімен аулаған оңай,
энтомологиялық сачок металды шеңбер мен дәкеден жасалған қапшықтан тұрады.
Жәндіктер сачоктан абайлап морилкаға, яғни эфир немесе хлороформ буларына
көшеді. Шөп үстінде, бұталар мен ағаштарда сачокпен бірнеше рет сермегенде,
өсімдіктің осы ярусында мекен ететін жәндіктер мен өрмекшілерді көп
мөлшерде аулауға болады. Бұл жағдайда сачокқа ересек жәндіктермен қатар
дернәсілдер де түсуі мүмкін. Толық түрленіп дамитын жәндіктердің
көпшілігінде имаголық және дернәсілдік сатыларының мекен ету ортасы әр
түрлі болады. Сондықтан оларды жинайтын орындары мен әдістері де өзгеше.
Оған барлығына мәлім заузақоңыз мысал бола алады; заузақоңыз ағаш
жапырақтарымен қоректенеді, ал дернәсілдері топырақтағы тамырларда тіршілік
етеді де, тек топырақ қазбаларында ғана кездеседі.
Шабу үшін, әсіресе сандық жинақ үшін арнайы сачок қолданылады. Сачок
шеңберінің диаметірі 30 немесе 3,5 см, қапшығы бөз немесе диірмен газынан
жасалған. Диірмен газы ауа сачоктары үшін де жақсы материал бола алады.
Ағаш діңгектерін, бұталарын жапырақтарын, әсіресе кемірілген іздері
барларын, зақымдалған жемістер, тұқымдар мен гүлдерін мұқият тексерсе де
айтарлықтай нәтижеге жетуге болады. Кез-келген ұзақ уақыт бойы жерде жатқан
тастар, діңгектер мен бұталар астынан түрлі қоңыздар мен олардың
дернәсілдерін, Murmica latr тұқымына жататын құмырысқа, аяққұйрықтылар мен
қырықаяқтыларды табуға болады. Ұсақ объектілерді сумен ылғалдандырылған
кисточканың көмегімен жинайды да, дернәсілдермен бірге 70%-қ этил спирті
бар пробиркаға салып қояды. Топырақтың төсеніш және жоғарғы бетінде өмір
сүретін жәндіктердің фаунасы алуан түрлі. Жалпы жәндіктерді жинау барысында
топырақтың төсенішін, кейін жоғарғы қабаттарын да ашық түсті клеенкаға,
мата немесе үлкен кюветке апарып, қолмен іріктейді немесе арнайы топырақ
елегінен өткізеді. Мұндай тәсілмен тек үлкен объектілер – мезофауна ғана
ауланады. Ұсақ буынаяқтыларды табу үшін арнайы қондырғылар – электорларды
қолданады, олар төсеніш пен құрғап кетуге икемді топырақтың барлық ұсақ
жәндіктеріне негізделген. Топырақ жәндіктері құрған төсеніштің жоғарғы
қабаттарынан төмен қарай жылжып, ең алдымен торға, кейін шұңқырға түседі.
Шұңқыр фиксерлеуші сұйықтыққа толы пробиркамен жалғасқан. Төсенішті
полиэтиленді қапшыққа орнатқаннан кейін лабораторияда тексеру жұмысын
жүргізуге болады. Қабыршаққанаттылардың кейбір топтарын, ең бастысы сұр
көбелектерді жинау үшін сірне, бал және сыраның ашыған қоспасы бар
астаушаны қояды, сонымен қатар үстіне осы қоспа сіңірілген аушы белдік
қойылып, шүберектер ілінеді. Фауналық жинау жұмыстарында бұл әдіс тиімді
бола бермейді, өйткені көбелектер көп жағдайда қоспаға батып кетеді немесе
жабысып қалады да қабыршақтарын жоғалтады. Мұндай әдістер бойынша
жәндіктердің түрлік ерекшелігін анықтау қиынға түседі, сондықтан, арнайы
дайындықты талап ететін копулятивті қосымшалар құрылысын қолдануға тура
келеді. Кейде жеке, көбінесе зиянды түрлердің жаз динамикасын зерттеуде
ашыған еліктіргіштер қолданылады.
Қабыршыққанаттылардың кейбір тұқымдастары (тауыскөзділер – Attacidae)
және шартылдақ қоңыздың (Scarabaeidae) еркегі ұрғашысының иісіне еліктейді.
Ұрғашысы бөлетін жыныстық феромон иісін еркектер үлкен, кейде өте алыс
қашықтықтан сезінеді. Мұндай жағдайда ұрғашысын дәкеден жасалған қапшыққа
салып, қапшық өз кезегінде тұтқыр типтес құрылған үлкен қамбаға бекітіледі.
Ағаш сүректерін зақымдайтын жәндіктерді еліктіру үшін (қаяз-
cerumbycidae, қабық құрты – Ipidae) құлатылған немесе жарым – жартылай
қабығы ғана бар, бірақ кесілмеген аушы ағаштарды қолданады. Мұндай
әлсізденген немесе тіршілігін жойған ағаштарда жәндіктердің жұмыртқа салу
үрдісі қарқынды жүреді, ал біраз уақыттан кейін мұнда дернәсілдер мен
ересек жәндіктерді жинап алуға болады.
1-сурет. Жәндіктерді жинау, өлтіру, сақтау және монтаждауға арналған құрал
жабдықтар.
1 – сачок;2 – морилка (өлтіретін сауыт); 3 – қысқыш; 4 – сақтайтын
матрасша; 5 – жаймалағыш тақта
Гүлденген өсімдіктерге баратын жәндіктерді аулау үшін сары гүлдің көз
тартарлық ерекшелігін пайдаланады. Ұшып келген жәндіктерді жинау үшін сары
түсті Лирике шыны ыдысын қолданады. Ондай ыдыстарды дайындау қиын емес.
Эмальданған таяз ыдыс ішінен ыдыстың түбін және қабырғасының төменгі
бөлігін жабатындай етіп сары түске бояйды. Ыдыстың сары түске боялған
белдеуіне дейін су құйып, гүлденген өсімдікті учаскелерге мысалы, түрлі
шөпті шалғындар, орман алаңқайларына, бағы да басқа жерлерге орналастырады.
Ыдыстарды гүл шоғырбастарының деңгейінде орналасу керек. Ұшып келген жәндік
суға құлайды, ал бақылаушы адам әр ыдыстағы жәндіктерді пинцетпен теріп
алады. Жәндіктерді кешенді түрде жинап, сақтау үшін арнайы құрылғылар
қажет. Бұл құрылғылар жоғарыда бейнеленген 1 – суретте көрсетілген.
Жәндіктерді жинауға арналған құралдардың бірі – энтомологиялық тор
немесе сачок. Осы энтомологиялық тор немесе сачок ұшқыш жәндіктерді ұстауға
арналған таяқтың басына керген торлы дорба түрінде келеді. Оның таяққа
шығырланып орналасқан, диаметрі 30-40см торы болады. Көбелек, қоңыз, маса,
және тағы да басқа жәндіктерді ұстауға дәкеден жасаған сачокті қолданса
тиімді болады. Ұзын өсімдік, ағаштардағы жәндіктерді аулау үшін, өсімдіктің
астына үлкен мата немесе клеенканы төсеп, одан соң ағашты сілку арқылы
жинайды. Сілкегенде өсімдіктегі бар жәндіктер клеенкаға құлап түсіп, соңыра
оларды біріктіріп, жинап алады. Ал тығыз матадан жасалған сачокпен қалың
өсіп тұрған өсімдіктің арасындағы жәндіктерді жинауға болады. Тығыз маталы
сачокты алға ақырын жылжу арқылы өсімдік бойымен және ағаштар түбіріне 20-
30 рет сермегеннен кейін сачоктың ішінде сол өсімдіктің маңындағы ұшып-
қонып жүретін жәндіктерді аулауға болады. Мұндай әдіспен ұсақ жәндіктермен
қатар, көптеген қосқанатты, тікқанатты жәндіктерді көптеп аулауға болады.
Жәндіктерді жинауда түрлі қақпандар қолданылады. Түнгі уақытта
белсенді қозғалыста болатын жәндіктер кез-келген жарық көздеріне ұмтылады,
олар арнайы жарық-қақпан арқылы ауланады. Жарық қақпан қуаты электр шамы –
шағылдырғыштан және астынан бекітілген металды воронкадан тұрады; воронка
фиксерлеуші сұйықтық ретінде спирт, бензин немесе керосинге толтырылып,
аузы кең банкаға жалғанған. Жарыққа ұшып келген жәндіктер прибордың металды
бөліктеріне соғылып, воронкаға құлайды да аулағыш банкаға түседі. Қақпандар
жер бетінен 2-3 м-ден аса биіктікте орнатылу керек. Жылы, айсыз түндерде
жарыққа қабыршаққанаттылар, қоңыздар, қосқанаттылар және жарғаққанаттылар
ұшып келеді. Жақын учаскелерден жарыққа ұмтылған күндік жәндіктер жиі ұшып
немесе өрмелеп келеді. Автоматты жарық шығаратын қақпанда ұшып келетін
жәндіктер зақымдануы мүмкін, әсіресе қабыршаққанаттылар, бірақ күнде таңғы
уақытта жүргізілетін іріктеулерде материал одан әрі өңделуге әбден жарайды.
Кейбір жәндіктер түрлі хош иісті еліктіргіштерге сезімтал. Ызылдақ
қоңыз (Carabidae), бірқатар (Staphylinitae) тұқымдасы қоңыздарының түрлері
және шыбындар шіріген еттің иісіне еліктейді. Омыртқалы жануарлардың
шірінді, өлік, сүйектерінің маңында оларды мол мөлшерде жинап алуға
болады. Жиектеріне дейін топырақпен жабылған, аузы кең ыдыстың түбіне
еліктіргішті салып, ыдысқа түскен жәндіктерді қайта-қайта іріктеп
отырады. Бос цилиндр мен шыны банкаларда да жәндіктерді жинауға болады,
онда көбінесе топырақ бетінде және мекендейтін жәндіктер түрлері түседі.
Цилиндрге кейде жиекетері сәйкес келетін воронка және фиксаторы ретінде
2-4 %-ң формалин бар банканы орнатады.
Топырақ жәндіктерін жерде жатқан кез-келген тастың астынан жинауға
болады немесе топырақ бетімен біркелкі етіп көмілген банканың түбіне
еліктіргіш зат ретінде бұзылып, сасыған ет немесе жәндіктерді еліктіретін,
кез келген иістене бастаған затты салып қойса да болады. Оны түнімен қойып,
ал таңертеңгілік барып қарасаңыз, түбінде түнде жүретін жәндіктердің
бірнеше түрін көруіңізге болады.
Сонымен қатар көптеген жәндік түрлерін саңырауқұлақтарда, жануарлар
өліктерінде, ағаш қабығының астында, өлі ағаштардың діндерінде, қоқыстар
астында т.б. жерлерден тауып алуға болады.
Одан соң жәндіктерді қатты жабылатын тығыны бар шыны банкаларға яғни
өлтіретін сауытқа саламыз. Өлтіретін сауыт деп – ағаш тығыны бар, тығынында
әрбірінің диаметрі 14мм-дей болатын екі тесігі бар, осы тесіктерінен
түтіктер жалғасатын шыны банкаларды айтамыз. (суретті қараңыз)
2-сурет. Өлтіретін сауыттың жалпы көрінісі (ішінде улы затты
буландырмай ұстап тұратын сорғыш қағаз орналасқан).
Түтіктердің біріне уландырғыш заты бар сұйықтық сіңірілген мақта
салынады, ал екінші түтігі арқылы ұсақ жәндіктерді салуға арналған. Мақтаны
хлороформмен немесе эфирмен сіңіреміз. Осы сіңірілген заттардың буы ондағы
жәндіктерді өлтіреді. Жәндіктерді зақымдалудан және буланудан сақтау үшін,
банкаға жұмсақ немесе одан да жақсы артық ылғалды сіңіріп алатын
фильтровальді қағазды саламыз. Банканың орнына пробирканы да қолдануға
болады. Жәндіктерді, әсіресе қоңыздарды, өлтіретін сауытта 5-6 сағатқа
немесе 1 тәулікке дейін салып қою керек. Егер бір уақытта әр түрлі
жәндіктерді жинаса, онда бірнеше өлтіретін сауыт болған дұрыс. Ол мысалы,
қоңыздарды, көбелектерді, масаларды жеке-жеке салып қойғанға ыңғайлы.
Қарбалас жазғы кездердегі жәндіктерді жинау барысында, жәндіктерді
соңына дейін сақтау жұмыстарына уақыт жетпейтін кездер де болады. Сөйтіп,
оларды біз қысқы уақытқа қалдырамыз. Ондай жағдайда, уақытша сақтау үшін,
жәндіктерді жіңішке етіп салынған мақтаға саламыз. Бұл мақта матрасша деп
аталады.
3-сурет. Матрасша
Матрасшаны дайындау үшін қалыңдығы 3-5мм болатын мақтаны қорапқа
саламыз. Ол үшін жіңішке мақталарды қораптың көлемімен сәйкес келетіндей
етіп кесіп, сосын қорапқа орналастырады. Мақтаның үстінен ақ қағазбен
жауып, жәндіктерді орналастыра отырып, қағазға барлық мәліметтерді
(жиналған жер мен жиналған уақыты, осы жәндіктердің жиналған орнының
ерекшеліктері, т.б.) жазамыз. Сонымен қатар, жәндіктер туралы мәліметтер
сондағы жәндіктермен сәйкес келіп, нақты болуы тиіс.
Матрасшалар салуға арналған қораптарға оңай сиып тұруы керек. Көбінесе
ондай қораптардың көлемі 25 × 15см, ұзындығы 8-10см болғаны дұрыс. Оларға
сәйкес, матрасшалардың көлемі де 24 × 14 болғаны жөн.
Жәндіктерді мақтаға пинцет арқылы мұртшалары мен аяқтарын денесіне
жабыстыра, тік қатармен орналастырады. Күндіз ұшатын көбелектердің
қанаттары қабатталып сақталу керек. Матрасшаларға жәндіктерді
орналастырғаннан кейін, жабын парағында әрбір жәндіктер туралы толық
мағлұмат жазылады. Оған жоғарыда көрсетілген мәліметтер жазылады.
Матрасшалы қорапты ұзақ уақыт сақталатын болса, онда оған жинақты
бүлдіретін зиянкес жәндіктерден қорғау үшін нафталин салу керек.
Жәндіктерді түйреу. Коллекцияларды ұзақ уақыт сақтауда түйреп қоюға
қолайлы болу үшін арнайы энтомологиялық түйреуіштерді қолданған абзал.
Түйреуіштердің жуандықтары алуан-түрлі болады. №000 болатын түйреуіштер ең
жіңішкелері, олардың жуандығы 0,25мм, №00 болатын түйреуіштердің жуандығы
0,3мм, №0 болатын түйреуіштердің жуандығы 0,35мм, ал №1 болатын
түйреуіштердің жуандығы 0,4мм, №2 болатын түйреуіштердің жуандығы 0,45мм,
№3 болатын түйреуіштердің жуандығы 0,5мм, №4 болатын түйреуіштердің
жуандығы 0,55мм және де №5 болатын түйреуіштердің жуандығы 0,6мм болып
келеді.
4-сурет. Әр түрлі топтың жәндіктерін қай жерінен түйрейтінін нүкте
арқылы көрсетілді.
Коллекцияларды құрғанда көбінесе №3 түйреуіштері қолданылады. Өйткені,
олармен көптеген жоғарғы сатылы қабыршаққанаттыларды және көптеген
қоңыздарды түйреуге болады. Түйреуіштермен түйреп, орналастырар алдында
құрғақ жәндіктерді алдын-ала жібіту керек. Ол үшін жеке түрлерді немесе
бүкіл матрасшаны ылғалды камерада ұстау керек. Көбінесе бір тәулік өткен
соң, жәндіктер жұмсақ болып, оларды түйреуге болады, қажет етсе кей
майысқан жерлерін түйреуіштің көмегімен түзулеп жөндеуге де болады.
Жәндіктерді жоғарыда көрсетілген суреттегідей түйрейді. Түйреуішті
қадағанда жәндіктің денесінің ұзындығының 23 бөлігіне тік бағытта қадайды.
Көбінесе кеудесіне (көбелектер, шыбындар, жарғаққанаттылар, т.б.) немесе оң
жақ үстіңгі қанатының алдыңғы ширегіне түйрейді. Қалқаны жақсы дамыған
қандалаларды суретте көрсетілгендей, қалқанының орта шенінен түйрейді.
Жәндіктердің мұртшалары мен аяқтарын денесіне жабыстыра орналастырады,
өйткені, жан-жаққа тарап орналастырылған аяқтары мен мұртшалары уақыт өте
сынып қалады. Тікқанаттылардың көбелектердің қанаттарын арнайы қондырғы –
жазылғы, жаймалағыш қондырғыларында жайып, түзулейді.
5-сурет. Жаймалағыш.
А – жаймалағыш өлшемдері.
Б, В – көбелекті жаймалағышқа орнату үлгісі.
Тікқанаттылардың қанаттарын жайғанда, орынды үнемдеу мақсатында тек
қана оң қанатын жаяды. Ал көбелек, жарғақанаттылардың қос жұп қанатын да
жайып көрсетеді. Ұсақ жәндіктерді үшбұрыш пішіндес келген тіреуішке немесе
бұрыштап кесілген қатты қағазға мұртшалары мен аяқтарын жая отырып
жабыстырады.
6-сурет. Ұсақ жәндіктерді картон қағазға желімдеп жабыстырып түйреу
үлгісі.
Ұсақ жәндіктерді түйреу үшін минуция деп аталатын қысқа және өте
жіңішке энтомологиялық арнайы түйреуіш болады.
Түйреуішке түйрелген әрбір жәндіктер жиналған географиялық орны мен
жиналған күні, сонымен қатар, жәндіктің тіршілік ортасының ерекшеліктері
және коллекцияны жинаған адамның аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы,
төмендегі суреттегідей:
7-сурет. Жәндіктерді жинаған мекенжай, және коллекционердің аты жөнін
көрсететін анықтауыш қағаз.
Осы мағлұматтарды үшбұрыштап кесілген қатты ақ қағазға тушьпен ұсақ
және анық жазумен жазу керек. Ал оның астынан дәл сондай үшбұрышқа
жәндіктің түрлік атауы мен жинап, материалды анықтап, жинаған маманның
фамилиясы жазылып, түйрелу керек.
Сандық тіркеу әдістері. Жекелеген түрлердің немесе түр топтарының
белгілі бір биоценоз үшін биологиялық баға беру үшін арнайы сандық тіркеу
арқылы алынған мәліметтер қажет. Біз энтомофаунаны сандық бағалаудың ең
ыңғайлы екі әдісімен танысамыз.
Шөптесін өсімдіктер мекендіушілерін санын анықтаудың ең қарапайым
тәсілі – сачокпен шабу; сачоктың өлшемі стандартты (шеңбердің диаметірі
30см, қапшық тереңдігі 60-70см және сабының ұзындығы 1,0- 1,5м) болу керек.
Жинаушы адамның қимылдары бірқалыпты болу керек, сачокпен сермеген сайын
белгілі бір қашықтық алыну керек. Әрбір сермеуден кейін ілгері қарай бір
қадам жасалынады. Санақ 50-100 рет сермеуге дейін жүргізіледі. Шабуды
аяқтағаннан кейін ауланған жәндіктер сачоктың түбіне түсіріледі де қапшықты
алып, баумен байлайды, ал сосын жәндіктерді бар өлтіргіш сауытқа салады.
Одан әрі олар зертханада іріктеліп, саны анықталады. Әр бір үлгіге этикетка
ілінеді. Төменгі ярус мекендеушілердің бір бөлігі ғана алынатындықтан,
мұндай әдіс апсоменттік сандарды көрсетпейді. Бірақ әртүрлі биотоптарда, не
бір биотопта бірақ әртүрлі уақытта паралельді санақтар жүргізілгенде, осы
әдісті салыстырмалы мақсатта қолдануға өте ыңғайлы. Аудан бірлігіне алғанда
жәндіктер санын жуықтап білу үшін Л.Г. Динесман (1966) ұсынған формуланы
пайдалануға болады: x=N2Rln, x-1м2 аумақтағы жәндіктер саны, N-шабу
нәтижесінде ауланған жәндіктер саны, R-метрмен алғанда сачоктың радиусы, h-
шөптің бойымен әрбір сермеген сайын сачок шеңбері өткен жолдың орташа
ұзындығы, n-сачоктың сермеу саны. Дегенмен, бұл сандар жәндіктердің жуықтап
қанша алған санын ретінің және жеткіліксіз екенін естен шығармау керек.
Жәндіктер санын аса нақты анықтайтын – биоценометрлер. Олардың жұмыс
істеу принципі топырақ, төсеніш және шөп учаскесінін изоляциясы белгілі бір
өлшемді металдан жасалған рамканың көмегімен сәйкестендіріледі, рамканың
төменгі шеттері сүйірленген және үстінен қапшық бекітілген (18-с).
Топырақтың жоғарғы қабатымен бірге субстрактың да толық іріктемесі
жүргізіледі, ал кейін мұқият тексертіледі. Бір үлгіні талдауға кейде
бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін уақыт жұмсалады. Бұл жұмысты орындау қиын
болғандықтан, оқу тәжірибелерінде биоценометрлер қолданылмайды.
Биоценозбен жұмыс барысында төсеніштің және топырақтың жоғарғы
қабатында мекендейтін жәндіктер саны ескеріледі. Топырақты қабат-қабатымен
ала отырып және оларды тіпті жәндіктер болмайтын топырақтың қабатына дейін
тексере отыра жұмысты жалғастыруға болады. Санақ нәтижесінде алынған
мәліметтер кейін жер беті бірлігіне есептеп шығарылады. Нәтижесінде топырақ
жәндіктерінің саны олардың кездесетін тереңдіктеріне дейін ауданы 1м2
топырақ бағанасының жануарлар көлемімен анықталады. Жеке түрлер мен
топтардың санын да осы жолмен анықтауға болады. Көп жағдайда топырақ
энтомофаунасының анализі шөп мекендеушілерінің санағын алдын ала анықтамай
жүргізіледі, оған қоса ағаштар мен бұталар астындағы төсеніш қалың болса
шөптер сирек кездеседі немесе мүлдем болмайды. Арнайы топырақ қазбаларында
өлшемі 50x50 см болатын тегіс жер көлемі алынады (ауданы 0,25м2). Алдымен
төсенішті жинап, тексереді, кейін топырақтың бөліктерін бүйір жағында
төселген клеенка немесе фанера бетіне күрекпен абайлап суырып алады да
қолмен үйкелеп, мұқият тексереді. Санақтар жәндіктер мекендейтін тереңдікке
дейінгі қабат бойымен жүргізіледі. Әдеттегідей келесі горизонттар кездеседі
(см-мен алғанда): 0-5, 5-10, 10-20, 20-30, 30-50. Көктемде және жаздың
алғашқы жартысында ылғалдық жоғары болғандықтан барлық топырақ
мекендеушілері дерлік осы қабаттарда шоғырланады. Әрбір горизонт бойынша
мәліметтер жеке жазылады.
БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПІНІҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ, ОЛАРДЫ АЖЫРАТЫП ТАНУ БЕЛГІЛЕРІ
Жәндіктер буынаяқтылар типіне жатады. Буынаяқтылар типіне жәндіктерден
басқа шаян тәрізділер, өрмекшілер және қырықаяқтылар жатады. Бұлардың
денесіндегі сыртқы құрылысындағы айырмашылықтарды ажырата білудің маңызы
зор. Денесінің сыртқы мүшелеріндегі негізгі ұқсастық пен айырмашылықатрына
қарап қандай класқа жататынын ажыратуға болады.
Ажырата білу үшін судан, орманнан, далалық өлкелерден, топырақтан,
өсімдік жамылғысынан әртүрлі буынаяқты жануарлардың коллекциясымен мұқият
танысу қажет.
Мұндай коллекциялық материялдарға мысалы, өзен шаяны, есекқұрт,
құршаян (скорпион), өрмекші, кене, әртүрлі қырықаяқтылар, қоңыз, қандала,
шегіртке қатарлы жәндіктерді атауға болады. Бұл коллекцияларды 70%-дық
спиртте немесе инемен түйреп қорапта сақтайды.
Олардың сыртқы құрылысымен танысып, зерттеу үшін 10 рет үлкейтетін
лупа, қышқыш, препараттық ине, Петр табақшасы және әртүрлі буынаяқтылардың
суреттері қажет.
Берілген қандай бір буынаяқты жәндіктің осы буынаяқтылар типіне
жататынын дәлелдейтін белгілерін ажыратып, оны дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Егер буынаяқтылар типіне жататын жануар екені рас болса, аяқтары және
аузының мүшелері бірнеше буыннан құралған, денесі көптеген бунақтардан
(сегменттерден) бөлінген, денесінің сыртын қатты хитин қабығы қаптаған
болуы шарт. Төмендегі кестеде берілген белгілері арқылы буынаяқтылар
типінің негізгі кластарын ажыратыңдар. Кестедегі белгілерді оқып, оны
қолдарыңдағы жәндіктердің сыртқы мүшелерінің белгісімен салыстырып
қараңдар. Егер белгі сендердің қолдарыңдағы жәндіктің белгісімен сәйкес
келсе, онда кесте бойынша берілген санды аттамай, келесі санға көшесіз.
Егер белгі сәйкеспесе, жақшаның ішінде қандай сан көрсетілсе, сонда
көрсетілген белгіге көшіп, анықтаңдар. Егер екеуі де сәйкеспесе, онда
сіздің жоғарыда сәйкеспеді деп есептеген белгіңіз қате болғаны. Материалды
қайтадан мұқият салыстыру қажет болады.
8 – сурет. Буынаяқтылар типіне жататын кластардвң өкілдері
А – шаян, Б – есекқұрт, В - өрмекші, Г – кене, Д – қырықаяқ.
БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫНЫҢ ЕРЕСЕК САТЫСЫНДА АНЫҚТАУҒА
АРНАЛҒАН КЕСТЕ
№ Сипаттамасы
1 (2) Денесі баскеуде және құрсақ деген екі бөлімнен құралады.
Басында екі жұп мұртшасы бар, олардың бірінші жұбы екі
айыр, ал екіншісі айырланбаған жалғыз жіпшеден тұрады.
Денесінің басқа сегменттерінде де айырланып біткен қимыл
мүшелері бар.
ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР – CHRUSTACEA (8-сурет, А, Б)
2 (1) Бас қаңқасында бір ғана жұп мұртшасы бар немесе ешбір
мұртшасыз болады.
3 (4) Мұртшасыз, денесі екі жұп ауыз өсінділері және төрт жұп
буын аяғы бар баскеудеден және ешбір қимыл мүшелерінсіз
құрсақтан тұрады. Кейбірінің құрсағы баскеудемен тұтасып
біріккен.
ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР – ARACHNOIDEA (8 - сурет, В, Г)
4 (3) Жалғыз жұп мұртшасы бар.
5 (6) Денесі бас және бірнеше бунақтан құралған тұлғадан
тұрады. Барлық бунақтарынан шыққан қимыл мүшелері (аяқ)
бар. Аузынан екі немесе үш жұп өсінді шығады.
ҚЫРЫҚАЯҚТЫЛАР – MYRAIPODA (8-сурет, Д)
6 (5) Денесі бас, кеуде және құрсақ деген үш бөліктен тұрады.
Басында әрдайым бір жұп мұртшасы және көбінесе үш жұп
ауыз өсінділері болады. Үш бунақтан құралатын кеудесінде
үш жұп аяқ және кеудесінің арқа жағында орналасқан екі
жұп қанат немесе қанаттың өсінділері бар. Құрсағында
қимыл мүшесі жоқ.
ЖӘНДІКТЕР – INSECTA
ЖӘНДІКТЕР КЛАСЫ
Жәндіктер туралы жалпы мағлұмат.
Жәндіктерді буынаяқтылардан оңай ажыратудың бірнеше әдістері бар.
Олардың денесі үш бөлікке бөлінген: басы, кеудесі, құрсағы. Жәндіктердің
басында көзшелері, мұртшалары және ауыз мүшелері бар. Кеудесінде үш жұп
аяғы бар, көптеген ересек жәндіктердің басқа омыртқасыз жануарларда
болмайтын 1-2 жұп қанаттары болады, құрсағы мүшеленген, қимыл мүшелері
болмайды, бірақ соңғы жағында мүшеленген церка, жұмыртқасалғы, тірек
мүшелері және т.б. сияқты қосымша мүшелері болады (9-сурет).
9-сурет. Сүңгуір-қоңыз (жартылай ашылған)
1 – мұртшалары, 2 – алдыңғы арқа алды, 4 – үстіңгі қанат, 5 – артқы арқа
арты, 6 – тыныс тесігі, 7 – жүрегі, 8 – қанат тәрізді бұлшықеттері.
Жәндіктер барлық жануарлар әлемінің ішінде ең көп топтарды құрайды,
себебі онда миллионнан аса түрлерді кездестіруге болады. Бүгінгі таңда өте
жақсы зерттелген Европа елдері мен Америкада жыл сайын жәндіктердің бұрын
кездеспеген жаңа түрлері ұшырасып жатады. Ал жан-жануары өте көп тропикалық
елдердегі жәндіктер әлі толық зертеле қоймағандықтан жер бетінде кем
дегенде 1,5 миллион әр түрлі жәндіктердің түрлері бар. Сондықтан есептей
келе алуан түрлі топтармен салыстырып қарағанда жәндіктер өкілдері едәуір
көп деп есептеген жөн. Осыған қоса жәндіктердің көптеген түрлерінің
табиғатта кездесетін сандық көрсеткіштері: аралар мен масалардың үйірі,
орман жамылғысына, шалғындықтарға, саяжай, бақтарға зиянын келтіретін алуан-
түрлі зиянкес жәндіктер бар екенін естен шығармау керек. Бір ағылшын
зоологы материктер мен құрлықтардағы жануарлардың көп бөлігі жәндіктер
өмірінің формасына сай келеді деп айтқан. Ал қазіргі француз энтомологы
Шовен былай жазады: энтомологияға өмірінің көптеген жылдарын арнамаған
адам жәндіктердің инстинктісімен құрылымының таң қаларлық алуан-түрлілігін
біле бермейді. Сондықтан жәндіктердің өмірлік әрекеті табиғат өмірінің сан
түрлі жағдайларында кездесіп отырады.
1793 жылы Христиан Конрад Шпренгель деген немістің мектеп мұғалімі
Гүлдің құрылысы мен оны тозаңданудағы табиғаттың құпиясы деген кітабында
гүлдерге жәндіктердің қонуын мүлтіксіз қадағалап, бақылаған Шпренгель
Гүлдердің барлығы дерлік гүлдің шірнесімен қоректенетін жәндіктер арқылы
тозаңданады. Бұл жағдайда жәндіктердің гүл шірнесімен қоректенуі гүлдің
тозаңдануының бірден-бір жолы болып табылады деген. Шпренгельдің керемет
жаңалық ашқаны өз замандастарының назарына ілінбеді. Тек өткен жүзжылдықтың
жартысында Дарвин ұмыт болған неміс ботанигінің негізгі ой-түйінін дұрысқа
шығарып қана қоймай, сонымен қатар гүл және оған ұшып-қонып жүрген
жәндіктердің арасындағы өзара бейімделгіш қасиетінің туындайтынын
түсіндіріп берді. Дарвиннің айтуы бойынша біздің шалғындықтарымызда
жайқалған алуан түрлі гүлдер және олардан тарайтын хош иістер біздің
рахатымыз үшін немесе безендіру әшекейі ретінде жаралған емес, тарихи
тұрғыдан қалыптасып, эволюция барысында жәндіктердің қатысуымен жүретін
процесс – тозаңдануға бейімделіп қалыптасқан. Яғни жәндіктер ежелден гүлді
тозаңдандырмаған болса, өсімдік жамылғысы қазір біздің көз алдымыздағы түр-
тұрпатына қарағанда тіптен өзгеше болар еді. Егер табиғатта сансыз мөлшерде
тарап жатқан жәндіктер болмаса, онда көптеген тұқымды ұсата алмайтын,
немесе үлкен жәндікті қорегін бөлшектеп жей алмайтын, бірақ жәндікті ұстап
алуға өте ыңғайлы жіңішке тұмсығы бар жәндіктермен қоректенетін
жәндікқоректі құстар да болмас еді. Жәндіктер болмаса, жарқанаттар және
кесірткенің көптеген түрлері өмір сүре алмас еді. Сонымен қатар құрбақалар
да аштықтан қырылатын еді. Жәндіктердің қызметін табиғаттың өмірінің басқа
да жақтарынан көруге болады. Осы ой-толғамдар Линнейдің тосын
пайымдауларында да жылқы өлігін үш шыбын арыстаннан бұрын жеп бітіреді
деп тұжырымдауына себеп болған еді. Осы тұжырымдамасында Линней үш шыбын
туралы айтып отырған жоқ, ол осы үш шыбыннан қалатын аса жылдамдықпен
өрбитін ұрпақтарын айтқан. Шынында да өте көп ұрықтылығы және ұрпақтарының
тез ауысуы жемтігін қысқа мерзімде арыстанның жылдамдығына тең жылдамдықпен
құртып жіберуі абзал.
Жәндіктердің әр түрлілігімен қоса, олардың көп ұрпақтылығы мен
санының көптігі адамзат шаруашылығына көптеген пайдалы және зиянды әсерін
тигізеді. Адамдар ауыл шаруашылық дақылдарына, мал шаруашылығына да, орман
шаруашылығына да көптеген зиянын келтіретін сансыз көп зиянкес жәндіктермен
күресіп келеді.
Ағылшын табиғат зерттеушісі Альфред Рассел Уоллес Дарвинмен бірге
табиғи сұрыпталу заңдылығын зерттей отырып, тропикалық елдердегі
жәндіктерді бақылауды негізге алып, қорытындыға келді. Жәндіктерді зерттеу
түраралық өзгерістерді зерттеуде кең қолданылып келді (көбелектің маусымдық
диморфизмі, жылу сүйгіш және салқын, суық формаларды жасанды жолмен шығарып
алу, шегірткенің үйірлік немесе даралық кезеңі).
Сондықтан, жануарлар әлемінің әртүрлі топтарымен танысарда жәндіктер
класы көптеген зоологиялық мәліметтер арасынан өте маңызды орынға ие. Мұнда
қоршаған табиғаттағы жүргізілген бақылаулар, тірі ағзалар әлемінде тарихи
қалыптасқан күрделі қарым-қатынасты түсінуге жол ашады. Сонымен қатар,
астыққа қауіп төндіретін сансыз зиянкес жәндіктерден ойдағыдай қорғау үшін
көптеген шараларды қолдануға негіз болады. Осындай топтарды толық және
тереңдетілген түрде зерттеу ерекше ғылым – энтомология, яғни жәндіктер
туралы арнайы ғылымды туындатты.
Жәндіктер жануарлар әлемінің ішінде ең көп түрді қамтитын класты
құрайды. Қазіргі кезде ғылымға белгілі 1 миллионға таяу жәндіктің түрі бар.
Олар құрлық пен тұщы судың барлық дерлік биотобында кездеседі және
экологиялық алуан-түрлі орта, алуан-түрлі экологиялық қуысты иеленіп
орналасады.
Осылайша, аса көп экологиялық жағдайда тіршілік етуге
бейімделгендіктен, жәндіктердің дене құрылысы, даму сатысы, тіршілік
деңгейі барлығында бірдей емес. Осыған байланысты жәндіктерді екі класс
тармағына және 34 қатарға (отряд) бөліп жіктейді. Жәндіктердің екі тармақ
класының бірінші тармақ класы ежелден қанатсыздар (Apterygota) деп аталады.
Бұған жәндіктердің төрт қатары жатады. Екінші тармақ класс – қанатты
жануарлар класы (Pterygota), ол 30 қатарға бөлінеді және шала түрленіп
дамитын жәндіктер, толық түрленіп дамитын жәндіктер деген екі топқа
бөлінеді.
Жәндіктер осылайша алуан-түрлі болғандықтан, оларды бір-бірінен
ажыратып тану және қандай қатарға жататын жәндік екенін білу оңай емес.
Сондықтан, төменде жәндіктерді қатарға жіктеп ажыратуға арналған кесте
берілді.
Бұл кестеде аяққұйрықтылар (Collembola), тікенқұйрықтылар (Thysanura),
және айырқұйрықтылар (Diplura) ежелден қанатсыздардың тармақ класына
жатады. Олардың тарихи даму дәуірінде ешқашан қанат болмаған, қазіргі
заманда да қанатсыз жәндіктер кездеседі. Кестедегі бұлардан басқа барлық
қатардың жәндіктері қанаттылар тармақ класына жатады және олардың
ересегінің 1-2 жұп қанаты бар. Кейбіреуі ересек сатысында да қанатсыз болуы
мүмкін, бірақ олар тарихи даму кездерінде қанатты болған. Кейінгі даму
дәуірінде тіршілік ортасы немесе тіршілік ету жағдайының өзгеруіне
байланысты ұшпайтын болып жаратылған, ұшу міндетін атқарудың қажеті
болмағандықтан, қанаттары кішірейе келіп жойылып кеткен (мысалы, бүрге,
бит, кейбір қандала, жұмысты құмырысқалар және т.б.).
10-сурет. Жәндіктер қатары
Ересек жәндіктердің қатарын (отрядын) ажыратып тануға арналған кесте.
№ Сипаттамасы
1 (42) Қанаты бар (кейбірінің қанаты қысқа, өскін тәрізді болуы
ықтимал).
2 (3) Құрсағының ұшында әрбіреуі көп бунақтан құралған 2-3 ұзын
жіпшесі бар. Бұл жіпшелердің ұзындығы денесінің
ұзындығынан да ұзын болып келеді ( 10-сурет, 2). Мұртшасы
әдетте бас қаңқасынан қысқа. Артқы қанаты алдыңғы
қанаттарынан қысқа немесе артқы қанаты мүлдем жоқ. Ауыз
аппараты жойылған, ол жеу, шайнау қызметтерін атқармайды.
Біркүндіктер қатары – Ephemeroptera
3 (2) Құрсағының ұшында көп бунақты жіпше болмайды. Кейбіреуінде
қысқа ғана (денесінің ұзындығынан әлдеқайда қысқа) өскіні
бар болуы мүмкін.
4 (5) Жалғыз алдыңғы қос қанаты ғана бар, осы қанаттарында
жүйкелер айқын дамыған (10 – сурет, 3) . Арқасының артқы
буынында шоқпар тәріздес ызылдауық аппарат бар (бұл түр
өзгеріске түскен артқы қанат). Ауыз аппараты еттұмсықтан
тұрады, кейбіреуінде шала дамыған.
Қосқанаттылар қатары – Diptera
5 (4) Жәндіктерде қос жұп қанаттары бар, ал кейбіреулерінда тек
қатты қабыршаққа айналған алдыңғы жұп қанаттары ғана бар.
6 (7) Қанаты және жалпы денесі оңай сүртіліп түсіп қалатын
қабыршақтармен қапталған және қанаты мүйізденіп
қатаймаған. Дене пішіні және қанаты - 10-суреттегі 26-27
суреттердегідей. Ауыз аппараты оралып ширатылған түтік
тәріздес тұмсық.
Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер қатары – Lepidoptera
7 (6) Қанаты қабыршақсыз тақыр жалаңаш немесе өңезшемен
қапталған немесе мүйізденген.
8 (9) Алдыңғы және артқы қанаттарының алдыңғы және артқы шеті
ұзын қылшықтармен шашақталған (10-сурет, 37). Денесі өте
кішкене (0,5-2мм), пішіні ұзыншақ формалы болып, аяқтары
өте қысқа болып келеді.
Шашаққанаттылар немесе трипстер қатары – Thysanoptera
9 (8) Қандай жағдайда да алдыңғы қанаттарының алдыңғы шетінде
ұзын қылшықтардан құралатын шашағы жоқ. Егер шашақты
болса, денесі ұзынша емес, басқадай пішінді болып келеді.
10 (13) Ауыз аппараты сезгіш мұртшасыз болады және бірнеше буыннан
құралған тұмсықша түзеді (10 – сурет, 27).
11 (12) Алдыңғы қанаттары біркелкі, жарғақ тәріздес немесе көн
тәріздес болып келеді. (10-сурет, 35), қонып отырған кезде
қанатын денесіне шатыршалап қомдайды, яғни, қанаты
құрсағын үстінен ғана емес, бүйірінен де жауып, қомдалады
(10-сурет, 36). Тұмсықшасы тура алдынан емес, басының
астыңғы жағына таман тапқы бекінген.
Тең қанаттылар қатары – Homoptera
12 (11) Алдыңғы қанаттары біркелкі емес: қанатының ұшы мөлдір,
жұқа, жұмсақ, қалған бөлігі қатты, мөлдір емес, қалың, көн
тәріздес (10 – суреттер, 33-34). Егер алдыңғы қанаты қысқа
болса, тек қана қатты, қалың бөліктен құралады. Тыныш
кезінде, яғни қонып отырған кезінде қанаты құрсағының
үстінен жауып тұрады. Тұмсықшасы басының тура алдыңғы
ұшына бекінген (10-сурет, 32).
Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар қатары –
Hemiptera
13 (10) Ауыз аппараты буынды тұмсықша емес: күйсеуіш (мандибула)
бар кеміргіш немесе кеміре-жалағыш аузы бар (10 – сурет,
5-6).
14 (17) Алдыңғы қанаты жүйкеленбеген, мүйізденіп қатаймаған
үстіңгі қанатты түзеді. Бұл үстіңгі қатты қанаттары құрсақ
бөлігін тұтастай немесе жартылай жауып бұрады. Бұл алдыңғы
қанаттары ешқашан бір-бірінен айқарылып, бірін-бірі
жаппайды (10 – сурет 7, 8, 9).
15 (16) Құрсағының ұшында тістеуік тәріздес өсіндісі болады
(10-сурет, 7). Үстіңгі қанаты өте қысқа, құрсағының
аздаған бөлігін ғана жауып тұрады.
Айырқұйрықтар қатары – Dermaptera
16 (15) Құрсағының ұшында тістеуік тәріздес өскіні болмайды.
Үстіңгі қанаты құрсағын тұтастай (10-сурет, 8) немесе
жартылай (10-сурет, 9) жауып тұрады.
Қаттықанаттылар немесе қоңыздар қатары – Coleoptera
17 (14) Алдыңғы қанаты мүйізденбеген, жарғақ тәріздес болып
келген, немесе біршеме қатайып, көн (тері) тәрізденген,
жүйкелері бар.
18 (19) Мұртшасы басынан қысқа болып келеді (10-сурет, 10).
Инеліктер қатары – Odonata
19 (18) Мұртшалары басынан да ұзын болып келеді.
20 (23) Аяғының жамбастары өзара алшақ орналасқан (екі жамбасы
бір-бірімен жанаспайды), олардың аралығында кеуде
сегменттерінің бөлігі орналасқан. Алдыңғы арқасы ірі (10 -
сурет 11-14, 38).
21 (22) Артқы аяғының саны жуан, секіруге бейімделген (10 – сурет,
11-13). Егер артқы аяғының саны сонша жуан болмаса,
алдыңғы аяқтарының буыны жуандап және қысқарып келген.
Қазуға бейімделген өткір тұяқтары бар (10-сурет, 14).
Тікқанаттылар қатары – Orthoptera
22 (21) Артқы аяқтары әдеттегідей, барлық аяқтарының саны
жуандалмаған. Денесі біраз жалпақтау келген. Тыныш отырған
кезінде (ұшпаған кезінде) қанаты денесінің арқа жағын
жауып тұрады (10 – сурет, 38, 39).
Көктемшілер қатары – Plecoptera
23 (20) Барлық жұп аяқтарының жамбасы үлкен және екі жақ
жамбастары тұтасып, жанасып келеді.
24 (27) Алдыңғы қос қанаты көн (тері) тәріздес, артқы қанатымен
салыстырғанда қалыңырақ және қаттырақ болып келеді. Артқы
қанаты жарғақ тәріздес, алдыңғы қанатының астыңғы жағына
желпуіш тәрізді қатарлана бүктеліп орналасады. Қанаттары
құрсағының үстінен жауып немесе оны орай орналасады (10 –
сурет, 15, 16).
25 (26) Алдыңғы аяғы жармасып, ұстауға бейімделген, ортан жілігі
мен жіліншігінде көптеген тісшелері және тікенектері бар
(10-сурет, 15). Денесі ұзын, алдыңғы арқасы да ұзарып
келеді.
Дәуіттер қатары – Mantoptera
26 (25) Барлық аяғы жүгірумен қатар, жорғалауға да бейімделген (10
- сурет, 16). Денесі жалпақ. Басын үстіңгі жағынан
жартылай немесе тұтастай жауып тұратын алдыңғы арқасы
үлкен болып келген.
Тарақандар қатары – Blattoptera
27 (24) Жәндіктің алдыңғы қанаттары және артқы қанаттары жарғақ
тәрізді болып келген.
28 (29) Қанатының үсті ұсақ жүнмен қапталған, сондықтан, күңгірт
түсті (тұнық немесе мөлдір емес). Ауыз аппараты әлсіреп,
жойыла бастаған және соруға бейімделген түтік тәріздес
болып келеді. Пішіні көбелекке ұқсас, қанаттары жіңішкелеу
(10-сурет, 30). Ұшпай, қонып отырған кезде қанаты шатыр
тәрізденіп қомдалады (10-сурет, 31).
Түкқанаттылар немесе құндақтылар қатары – Trichoptera
29 (28) Жәндіктің қанаттары ұсақ жүн түктерімен қапталмаған.
30 (33) Алдыңғы қанаты артқы қанатынан ұзын және ол түбінен ұшына
қарай жалпайып (кеңейіп), артқы қанатының ұшының деңгейіне
жеткенде кеңею шегіне жетеді (10 - сурет, 23, 25, 26).
Артқы қанаты алдыңғы қанатына ілініп тіркеледі. Құрсағы
көкірегіне тығыз жабысып бекінген.
31 (32) Ұшпай, қонып отырған кезінде қанаты шатыр тәрізденіп
қомдалады (10 сурет, 24). Денесі өте жұмсақ, қанатының
жүйкелері иіліп, қисайған, Құрсағы көкірегіне тығыз
жабысқан 5 мм-ден аспайтын ұсақ жәндіктер.
Шөпжегілер қатары – Psocoptera
32 (31) Қонып отырған кезде қанаты денесінің үстін жауып немесе
ораңқырай жауып тұрады. Жәндіктердің денесі қатты болып
келіп, мөлшері жағынан әртүрлі болады. Құрсағы көкірек
бөлігіне жабысып, (10-сурет, 25) немесе жіңішке сабақша
арқылы қосылады (10-сурет, 26).
Жарғаққанаттылар қатары – Hymenoptera
33 (30) Қанаты басқаша пішінде болып, көбінесе алдыңғы және артқы
қанаттарының пішіні мен мөлшері ұқсас болып келеді.
Қанаттары өз арасынан ілініп, тіркелмейді.
34 (35) Ұшында кеміргіш аппараты бар басы алдына қарай тұмсық
тәрізденіп созылған жәндіктер (10 – сурет, 17).
Мекоптерлер қатары – Mecoptera
35 (34) Жәндіктердің басы тұмсық тәрізденіп созылмаған.
36 (41) Қанаттары тор көзденіп жүйкеленген: көптеген бойлық және
көлденең жүйкелерден тұрады. Қанаты арқасына шатыр
тәріздес қомданады (10 – сурет, 18, 21). Жалқы тіршілік
кешетін жәндіктер.
37 (40) Мұртшасы көзінің алдында орналасқан жәндіктер (10 – сурет,
18, 19).
38 (39) Ілкікөкірегі ұзын. Ұрғашысында ұзын жұмыртқасалғысы бар.
Қанаттары тұнық, мөлдір түсті (10 - сурет, 18).
Түйемойындар қатары – Raphidioptera
39 (38) Ілкікөкірегі ұзын емес (10-сурет, 19). Ұрғашысында
жұмыртқасалғысы болмайды. Қанаттарының реңі қоңырлау
түсті.
Салпықанаттылар қатары – Megaloptera
40 (37) Мұртшалары екі көзінің аралығында орналасқан жәндіктер (10
– сурет, 20, 21).
Торқанаттылар қатары – Neuroptera
41 (36) Алдыңғы және артқы қанаттарының жүйкесі тек бойлық
жүйкелерден құралады, көлденең жүйке болмайтындықтан,
жүйкеленуінде бітеу көзше түзілмейді. Қанаты қонып отырған
кезде құрсағының үстінен жалпая жауып орналасады. Басы
үлкен (10 - сурет, 22). Қауымдасып тіршілік ететін
жәндіктер.
Аққұмырысқалар немесе термиттер қатары – Isoptera
42 (1) Қанатсыз жәндіктер.
43 (44) Мұртшаларының ұзындығы өте қысқа, олар басының ұзындығынан
артылмайтын денесі жалпақша болып келетін жәндіктер.
Қосқанаттылар қатары – Diptera
44 (43) Мұртшаларының ұзындығы басынан асып түсетін жәндіктер.
45 (48) Құрсағының бунақтарының (сегменттерінің) саны алтыдан көп
емес жәндіктер.
46 (47) Кеуде бөлігіне жабысып бекінген құрсағы қондырмалы болып
келеді. Денесі ұзынша, цилиндр тәрізділеу (10-сурет, 40)
немесе қысқа болса, құрсағы домалақ пішіндес болады
(10-сурет, 41).
Аяққұйрықтылар қатары – Collembola
47 (46) Құрсағы сабақшалы (құрсағы кеуде бөлігіне жіңішке қоспа –
сабақша арқылы қосылады 10-суреттің, 42 суретіндегідей,
қауымдасып тіршілік ететін жәндіктер.
Жарғаққанаттылар қатары – Hymenoptera
48 (45) Құрсағы 6-дан көп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz