Музыкалық аспаптарда жұмыс істеу негіздері
Ќысќаша теориялыќ мєліметтер
Сырнайдың шығу тарихы
(гармон - баян)
Қазіргі сырнай (баян) — тілшікті гармон түріне жататын барынша
жетілдірілген аспап. Гармондағы дыбыс көзі былғары көрік қозғалысының
көмегімен ауа толқынын тербеліске келтіретін темір тілшіктер болып
табылады.
Түңғыш шыққан қол гармонның отаны Германия деп есептеледі. Гармондардың
атасы ерінмен тартылатын гармон (ауыз-сырнай) деп саналады. Оның жасалуы
өте қарапайым, яғни ол ұяларға бөлінген ұзынша қораптардан тұрады. Белгілі
бір әуезге (дыбыс) үйлестірілген тілшіктер орналастырылады, ауызбен үрлеген
кезде дыбыс шығады. Бұл аспапты 1821 жылы неміс шебері Фридрих Бушман
жасаған. Бұдан кейін, 1822 жылы Ф.Бушман гармонға былғары ыдысша орнатып,
екі қақпақ қойған. Қақпақтың біріне бірнеше құлақшалар орнатып, екіншісіне
былғарыны созуға арналған тұтқа жасаған. Сөйтіп, қол гармоны өмірге келген.
1829 жылы австриялық шебер Кирилл Демиан қол гармонын жетілдірді. Мұның
кейбір түрлері біздің күнге дейін жетті. Айталық, ол оң және сол қол үшін
жасалған клавиатуралары бар екі жартыдан құралған қорап және былғарыдан
тұрады. Гармонға оң қол үшін жеті, ал сол қол үшін екі клавиша орнатылды.
Мұндай гармондар Германия мен Австрияда, бүкіл Батыс Европада, сондай-ақ 30-
жылдары Ресейде де кең тараған. Ресейдің ірі қалаларына саудагерлер,
теңізшілер және өртістердің әкелуімен көріне бастаған шетелдік қарапайым
гармондарды орыс шеберлері алғашында сол қалпында жасап, кейіннен
жетілдіруді қолға алды.
Бір қатарлы гармондарды бұдан әрі жетілдіру жұмысы оның сапасын
айтарлықтай жақсарта алмады. Сөйтіп орыс шеберлері екі қатарлы гармондар
жасап шығарды. Олар бүгінге дейін пайдаланылып жүр. Осындай гармондар
Ресейдің көптеген қалалары мен губернияларында жасала бастады. Олар
тулалық, саратовтық, касимовтық, елецкілік, вяттық (татар) деп, жасалған
жеріне қарай аталады. Татар гармондары сол кездің өзінде-ақ қазақ жеріне де
тарай бастады. Бұлар диатоникалық құрылымды гармондар еді.
Гармонды одан әрі жетілдіруде Н.Белобородов көп еңбек сіңірді. Ол 1870
жылы шебер Л.Чулков әзірлеген хроматикалық қос қатарлы гармон құрастырды.
Бұдан кейін шеберлер қолынан үш қатарлы, төрт қатарлы гармондар дүниеге
келді. Іс жүзінде, бұлар құрылымы әр түрлі алғашқы баяндар еді.
Гармоншы-орындаушы Я.Орланский-Титаренконың сұрауы бойынша Петерборлық
шебер П.Стерлигов ежелгі атақты орыс жыршысы Боянның құрметіне баян деп
аталған аспап жасап шығарды. Бұл баянның сол клавиатурасында "бас" және
дайын сүйемелдегіштері болды (4-ші қатар 1-ші қатарды қайталайды).
Кейінірек сол жақ тандамалы клавиатурасы бар баяндар іііығарыла бастады.
1929 жылы П.Стерлигов сол жақтағы орналасқан "термелі" жүйені сүйемелдеуге
дайын аккордтарға ауыстыратын кұрама клавиатураны жасады.
XIX ғасырдың екінші жартысының өзінде-ақ гармон тек орыс халқы емес, көп
ұлтты Ресейдің барлық аймақтарындағы халықтардың арасына да кеңінен тарады.
Гармон жоне оның басқа да түрлері Кавказ, Балтық, Украин, Белорус
халықтарына, Орта Азия мен Қазақстандағы халықтарға бірте-бірте тарай
бастады.
Тулада, Новгород жоне Вятск губернияларында аспапты шығару жақсы жолға
қойылып, XIX ғасырдың 40-жылдарының соңында гармон бүкіл Ресейге тарағаны
белгілі. Ұлттық гармондар көп мөлшерде шыға бастады. Мысалы: "шығыстық"
немесе "азиялық", "татар" гармондары. Бұл гармондар қазақтардың да
түрмысына еніп, "сырнай" деген атпен халық арасына кеңінен тарады, гармон
ойнайтындар "сырнайшы" деп аталды. Сырнай деп аталуына қазақ халқының
ежелгі үрлемелі саз аспабының гармон дауысына ұқсас болғандығы себеп.
Қазақтардың сазгерлік тұрмысына үңілсек, ұлт үшін сырнай әншілік-аспаптық
орындаушылық құралына айналғанын көреміз. Оған тиісті ырғақтық еркіндік,
жұмсақтық жөне өзіндік дыбыс бояуын бере отырып, дәстурлі әншілік өнерді
танимыз. Сырнайдың қазақ халқының сазгерлік салт дәстүріне сіңіп кету
себебі онын эстетикалық, атап айтқанда, аспаптық құрылыс, үнқатар, тембр
(дыбыс бояуы) мен ырғақтық-дыбыс жүйелілігі. Өйткені сырнайда миксолидийлік
құрылымды диатоникалық үйлесім бұрыннан бар.
Профессор Б.Сарыбаев көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу үстінде
ежелгі үрлемелі саз аспаптарының бірнеше атауларын анықтады, солардың
арасынан біз "сурунуді", яғни "сурнай", "сырнайды" кездестіреміз. Айталық,
мұндай атау әл-Фараби еңбектерінде де кездеседі. Осыған қарағанда "сырнай"
үрлемелі аспаптардың да, клавишті үрлемелі аспаптардың да қатарына жатады.
Бұған қазақ аспаптарының мына атаулары да дөлел. Мысалы: қамыс сырнай,
мүйіз сырнай, қос сырнай, саз сырнай.
Кейіннен "сырнай" немесе "желсырнай" сөзінің астарында "гармон" мен "ерін
гармоны" деген ұғым туды. Қазақстанның солтүстік облыстарында гармон деп,
республиканың оңтүстік облыстарында тілқобыз немесе қылқобыз деп атала
бастады. "Қобыз" - ежелден саз аспабын білдіретін ұғым, ал тіл сөзі бір
қатарлы гармонның көлденең орналасқан тілшелерінен алынған. Бұл гармон
былғарысының орнына қатты қағаз қолданылғанын аңғартады. Еріндік гармон -
ауыз сырнай. Осыдан барып аспаптың сипатын және халықтың эмоциялық-
эстетикалық талғам^шан туындаған атау оның генетикалық мәнін ашады.
Гармонның диатоникалық үн қатары, оның үрлемелі аспаптармен үндестігі,
сондай-ақ оның орындаушылық мүмкіндігі мен қазақ әндерінің сипатына өте
жақын дыбыстық сапасы аспаптың қазақ халқы тұрмысындағы өміршеңдігін
танытадъі. Халқымыз дарынды әншілерге сүйсініп, олардың даусын !гармон
үніне теңеген:
"Көмейің жез сырнайдай,
Шырқатқанда әсем ән,
Ұйып әлем тыңдайды-ай"...
Сырнайдың тұрмыстық ортасы мен сипаты әуездік сүйемелдеудің ұлттық түрін
пайдалануға жол ашты: кварто-квинталық үндесу, унисондық қайталау, штрихті
амалдар -мұның барлығы - домбыра орындау дәстүрінің, күй шығармашылық
дәстүрі әсерінің көрінісі. Аспаптың тұрмысқа кең тарап, атқарған қызметінің
бір түрі - ақындар, әншілер, халықтың саз өнерін дамытушылар слеттері мен
жарыстары (айтыс) болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан аумағында (негізінен Шымкент, Қызылорда облыстары)
өмір сүрген ақын, жыршылардың, әнші-сырнайшылардың орындаушылық дәстүрі әлі
де сақталған. Олардың арасынан көрнекті халық сазгерлері Шашубай
Қошқарбаев, Майра Шамсутдинова, Нартай Бекежанов және басқалар ерекше
бағаланады. Қызылорда облысында туған Нартай Бекежанов бүкіл Оңтүстік
Қазақстан аймағында халықтың сазгерлік шығармашылығының дамуына үлкен ықпал
жасады. Қазір де көптеген қарт ақын-сырнайшылар Нартайды өздерінің ұстазы
тұтады.
Егер ақын-сырнайшылардың шығармашылығын осы кезеңнің тарихи даму
тұрғысынан алып қарасақ, онда өткен ғасыр дәстүрін жалғастырушы
өнерпаздардың үш ұрпағын байқауға болады. Бірінші ұрпаққа осы ғасырдың 20-
сыншы жылдары басында өз өнерін көрсете бастаған Нартай Бекежанов жатады.
Соғысқа дейінгі уақытта өнерін танытқан көптеген ақын-сырнайшы екінші ұрпақ
шоғырын құрайды. Ерекше көзге түскендері: Белгібай Бектұрғанов, Келімбай
Серғазиев, Құтбай Дүрбаев, Көпбай Әлімбетов, Садық Кәрімбаев. Біздің
замандағы ақындар: Құлжабай Төлеуов, Тұрарбек Байсариев, Қысыралбек
Амантаев та осы ұрпаққа жатады. Шығармашылығын соғыстан кейінгі уақыттан
бастаған қазіргі ақындар үшінші ұрпақ болып есептеледі. Олардың арасынан
Көпбай Омаровты, Тұрғанбай Егізбаевты, Оразқожа Бекахметовты, Аспандияр
Келімбетовті, Кұлбараш Мұқаханованы, Мұхаметжан Рүстемовті және басқаларды
атауға болады.
Қазіргі қазақтың сазгерлік мәдениетінде (гармоңика) сырнай ауызша үйрену
дәстүрінде де қызмет етуде. Бұл аспап ертеректегі халық әншілерінің,
жыршылары мен ақындарының шығармашылығында қолданылады. Сонымен бірге,
тұрмыста, гармонның әр түрі баяндар, аккордеондар да жиі пайдаланылады.
Әсіресе көркемөнерпаздық және әуесқой сазгерлік үйірме кештерінде кең
қолданылады. Сырнай аспабы тұрмыста фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер
мен оркестрлерде, жеке орындаушылық, сүйемелдеуші қызметін атқарады.
Сырнайда (баянда) ойнауға барлық мектептерде, өнер және эстетикалық
ыңғайдағы мектептерде, музыкалық колледждер, Құрманғазы атындағы Қазақ
Ұлттық консерваториясында, сондай-ақ университеттер мен педагогикалық
институттардың музыка факультеттерінде, педагогика және мәдени-ағарту
колледждерінің музыка бөлімшелерінде оқытып үйретеді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сырнайда орындау мен оқытушылық
кәсиби деңгейге көтерілді. Орындаушылық саласында Д.Тұяқбаев, О.Абдуллаев,
С.Сейітханов, С. Кожахметов, П.Сапожников, Б.Еркенов, В.Брусенцов,
В.Романюк, В.Демченко сияқты және басқа да жаңа буындар өсіп жетідді.
Бұлардың бәрі де — арнайы кәсіптік білім алған мамандар. Әлемге танылған
қазақстандық сырнайшылардың қатарына Н.Собачевский, П.Гертер, А.Гайсин,
Д.Султанов, А.Ефременко, М.Габдиев және т.б. орындаушыларды жатқызуға
болады. Бұл саладағы жоғары жетістік қазақстандық сырнайшы А.Ғайсиннің
Гамбургте (ГФР) өткен баяншы-аккордеоншылардың халықаралық XXXV байқауына
қатысуы да болып табылады. Ол өзінің баянға өңдеген халық композиторы,
күйші Құрманғазының "Адай" күйін байқау бағдарламасында орындап, күміс
медаль мен әлем байқауының жүлдесін жеңіп алды.
Сырнайдың құрылысы
Сырнай үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – оң жақ бөлігі деп аталады.
Оң жақ бөлігінде әуенді ойнауға арналған оң қол клавиатуралары, мойын, иық
белдіктері және шарбақ орналасқан. Екінші бөлігі – сол жақ бөлігі деп
аталады. Сол жақ бөлігінде сол қол клавиатурасы, ауыстырғы қосқыш, жұмыс
белдік және шарбақ орналасқан. Үшінші бөлігі – көрік (мех). Бұл бөлігі
Мех деп, орысша атауында қөрсетілгендей былғарыдан жасалған.
1 - сурет
2 - сурет
Сырнаймен отыру үлгісі
3 – сурет 4 -
сурет
Отыру үлгісі дұрыс. Отыру үлгісі дұрыс
емемс.
5 – сурет 6 -
сурет
Отыру үлгісі дұрыс емес. Оң қолдың дұрыс қойылымы
Сырнай үйренуге қойылатын талаптар
Студенттердің талдау арқылы ойлау қабілетін дамыту және білімнің
көкейге қонымдылығын тәрбиелеу үшін, төмендегі жүмыс түрлерін ұсынамыз:
Үй жүмысын орындағаны жөнінде оқушының ауызша есебі. Үй жүмысындағы
кездескен қиындықтарды жою үшін қолданылған әдіс-тәсілдер.
Студенттің өзі орындаған шығармаға талдау жасауы; жіберілген қателіктерін
тауып, оның дұрыстау жолдарын белгілеуі, өз жүмысына баға беруі, бұрын өзі
ойнап кеткен шығармаларды орындаған жолдасының орындаушылығына талдау
жасауы.
Оқытушының қадағалауымен, аудиторияда өткен жаңа тапсырмаға аспапта ойнау
арқылы, өз бетінше ауызша талдау жүргізуі.
Музыкалық шығармадағы жеткізейін деген негізгі ойын, көңіл-күйін баяндап,
қолданған музыкалық анықтамаларына талдау жүргізуі.
Шығарманың ерекшелігін оның сипаты (ән, би, марш т.б.) лад, өлшем,
сөйлемдер, кіші аумақты, үлкен аумақты эмоциялық өрлеу шыңы, бір түрлі
немесе қайталанатын бөліктер т.б. анықтауы.
Музыкалық шығармаға талдауды шағын (шығармалардан) әндерден бастаған жөн.
Әуен мен сөз қосылғанда мағынасын анықтайтын, әннің көркемдік мазмұнын
бейне арқылы қабылдауға көмектесетін тәсілдің бірі - музыкалық тілге назар
аударған жөн, себебі, ол студенттің көркемдік ойлау қабілеті мен талғамын
дамытады.
Сабақ жоспарын құрғанда, оқудың алғашқы кезеңінен бастап студенттің
психологиялық және физиологиялық дамуында болатын үлкен өзгерістерді
оқытушы естен шығармағаны жөн.
Студенттің бұлшық еттерінің шұғыл дамуы көптеген түрлі қимыл-қозғалысты
талап етеді, себебі, музыка сабағы негізінен рухани және бір сарынды
физикалық жүмыстан (көрік жүргізгендегі қол күші) тұрады. Сондықтан да,
сырнай сабағында студентке аса бір физикалық күшке төзімділік қажет.
Төзімділікке үйренбеген студент тез шаршайды, ойлау қабілеті нашарлап, жаңа
ғана жақсы ойнаған жерлерде қателесе бастайды. Студенттің шаршағанын
оқытушы дер кезінде байқап, шағын үзіліс жасағаны жөн. Бұл үзілісте оқытушы
үй тапсырмасына беретін шығарманың нотасын жаздырып немесе сол шығарманы
өзінің орындауында оқушыға тыңдатқызып, әңгімелеткізгені жөн. Студент
аспапты қойып, аудиторияда біраз жүріп, демалса да болады.
Сонымен, сабақ екі кезеңнен құралады:
1- кезеңде үй тапсырмасы тексеріледі.
кезеңде жаңа тапсырма түсіндіріліп, талдау жасалады, кездесетін қиын
үзінділерге жаттықтыру жүмыстары жүргізіледі.
Баќылау с±раќтары:
1. Сырнай қандай аспаптың түріне жатады?
2. Сырнайдың құрылысы қандай?
3. Сырнаймен қалай отыру керек?
4. Сырнай ойнаумен қалай шұғылдану қажет?
Аудиториялыќ тапсырманы орындау тєртібі:
Студент Сырнайдың шығу тарихымен, оның дамып жетілдірілуімен сырнайдың
құрылысымен танысады. Сонымен қатар сырнайды қалай дұрыс ұстау және
сырнаймен дұрыс отыру тәртібімен танысады.
Студенттіњ аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
Студент сырнайды дұрыс ұстап отыруға; көрікті бір, екі, үш, төртке
санап жазуға (созу) және жинауға (қысу) жаттығады.
‡й тапсырмасы:
Сырнайды дұрыс ұстап отыруға; көрікті бір, екі, үш, төртке санап жазуға
(созу) және жинауға (қысу) жаттығу.
Сабаќ таќырыбына сєйкес єдебиеттер жєне Web сайттар тізімі:
1. Б.Мұстафин, Т.Мұстафина, Т.Алыбаев, З.Смақова Сырнай үйрену мектебі А.
білім 2004
2. Лушников “Школа игры на Баяне”М-1970г
3. Қ.Қойшыбаев” Сырнай баян аспаптарында ойнау тәсілдері”
3-сабақ. Тақырыбы: Аппликатура. Дыбыстың ұзақтығы (бүтін жарты). Көрік
(мех). Жаттығулар.
Сабаќ жоспары: 1. Аппликатура жайында түсінік.
2. Музыкалық дыбыстардың қасиеті.
3. Дыбыстардың ұзақтығы
4. Көрікті жүргізуге жаттығулар.
Сабаќ маќсаты: Сырнай үйренуде аппликатураны дұрыс қалыптастырудың маңызды
екенін түсіндіру. Музыкалық дыбыстардың қасиеттері жайын дүсінік беру.
Көрікті дұрыс жүргізуге үйрету.
Ќысќаша теориялыќ мєліметтер
Музыкалық аспапты меңгеруде аппликатураның маңыздылығы
Сырнай аспабында кез келген шығарманың, мінезін, көркемдік
суретін, мазмұның жоғары деңгейде орындалуы, ол аппликатураға
байланысты. Бірақ, біз шығарманы орындау барысында тек қана
аппликатурамен шектелмейміз, бұған қатарлас біз көп нәрсені ескеріп
отыруымыз керек. Мысалы: оқушының отырысы, қол қойылымдары, ырғағы, есте
сақтау қабілеті т.с.с..
Аппликатура дегеніміз – кез келген аспаптардың клавиатурасында,
саусақтардың дұрыс орналасуы, ыңғайласуы.
Қысқаша музыкалық сөздікте, аппликатура (л.applicare – басу,
орналастыру) – музыкалық шығармаларды ойнау үшін музыкалық аспаптардың
тіліне, пернелеріне саусақты дұрыс орналастыру тәртібі (тәсілі) мен
оның нотадағы белгілері (1·2·3·4·5=саусақ) (13 б). Ал Смакованың
Сырнай үйрену мектебі атты кітабында, аппликатура – музыкалық
аспаптарда саусақтардың түймелерді орынды реттілікпен басуы, тәртібі.
Аппликатура – нота жазуында саусақтар цифрмен таңбаланып, нота үстіне
немесе астына жазылады. Алғашқы кездері екі қолдың белгіленетін
саусақтары былай:
Бас бармақ –
б.(большой палец)
Сұқ саусақ – 1
Ортан саусақ –
2
Аты жоқ саусақ
– 3
Шынашақ – 4
және де сол қолда осылай.
Ал қазіргі кезде олар былай белгіленеді:
Бас бармақ–1
Сұқ саусақ – 2
Ортан саусақ –
3
Аты жоқ саусақ
– 4
Шынашақ – 5
7- сурет
Ойнау барысында саусақтар ыңғайсыз болса, шығарманың көркем, өнерлі
орындалуы мүкін емес.
Саусақтардың ыңғайлы ретті қозғалуы сенімділікті, нақтылықты, мықты есте
сақтауды қамтамасыз етеді. Үйрену кезеңінің басында орындаушыға, оқушыға
алғашқы жаттығулар мен шығармаларды, саусақтарды өз еркімен таңдап
орындауына мүмкіндік беру. Орындаушыны, оқушыны аппликатуралық тәртіпке
үйрету жұмысы, ғамма, арпеджио, аккордтар, түрлі жаттығуларды жүелі
орындап, жаттықтыру барысында, шығармалардың ноталы текстінің біртіндеп
күрделенуі барысында жүргізіліп отырады. Орындаушыға саусақтарды
еркін таңдап, орынды пайдалана білуге үйрету мәселесіне баса назар
аудару керек. Осындай мақсатпен оқытушы өз басқаруымен оқушының
бойына төменде көрсетілген негізгі заңдылықтар мен тәжірибелік
дағдыны қалыптастыра білу қажет:
1. Ең алдымен оң қол қойылымын дұрыстығына көз жеткізу керек.
Егер шығарма дыбыстары клавиатура бойымен төмен, болмаса, жоғары
жүретін қатарының тәртібімен (гамма түрінде) кездессе, оның қолдың
алғашқы жағдайында орындаған ыңғайлы.
Қолдың екінші жағдайында арпеджио, аккордты, қос ноталы әуендерді
орындау ыңғайлы.1
Үшінші жағдайда түймелерді саусақтармен алма кезек басып
орындаған ыңғайлы болады.2
2. Орындау барысында әртүрлі дыбыстар шығаруға байланысты қолдың
клавиатура үстіндегі жағдайы қатаң ережеге тәуелді болып
қалмайды. Мәселен: Білезіктің шектен тыс қимылын тежек үшін
аппликатурасы бірыңғай гамма, арпеджио қолдануға болады. Ал, кей
шығармаларда саусақ басу ретіне байланысты қолдың тез бұрылуы
керек болса, ал білезіктің жеңіл, икемді қимылымен орындалады.
Саусақтардың қызметіне қарай ыңғайлы, әрі икемді қимылдаған
білезік, шығарманың ойдағыдай орындалуына мол ықпалын тигізеді.
3. Қатар орналасқан түймелерді тек бір саусақпен басуға болмайды.
Саусақтардың алма – кезек қимылдауы орындау техникасының дамуында
рол атқарады. Саусақты бір түймеден екінші түймеге сырғыту
әдісі қажетті жағдайда ғана қолданылады.
4. Жылдам орындалатын шығармаларда дыбыс біліктігі бірдей нотаның
қайталануы да саусақтар алмасады (репетиция).
5. Әлсіз шынашақ пен аты жоқ саусақтың қозғалыстары тежеу
болғандықтан, қол бұлшықеттеріне күш түсіріп, шаршатпау үшін,
оларды алдын ала жаттығу жұмыстарын жүргізіп, ыңғайға сай
өолдану керек.
*─ 3. Смакова Сырнай үйрену мектебі кітабында: Оқушының оң
қолының қойылу қалпының 3 жағдайын түсіндіреді (положение).
Қазір біздің талқылап жатқанымыз 1-ші жағдайы:
1. Бірінші жағдайда бірінші, екінші, үшінші, төртінші саусақтар
түймелер қатарына гамма ойнау қалпында орналасып, қол бірінші
саусақсыз гамма тәріздес үзінділерді орындауға ыңғайлы қалыпта
сақталады.
8 - сурет
Сол қол саусақтар ретінің негізгі шарттарын еске сақтаған жөн.
Саусақтар бас пен аккорд түймлерін кезектестіріп, ал
көлденең қатардың қатардың төменгі жағындағы негізгі және көмекші
қатардағы бас түймелерді төртінші, бесінші саусақтармен басып
орындайды. Оқушы гаммалар орындағанда, негізгі көмекші қатар
түймелерінің орналасу ара қашықтығын ескеріп, саусақтар реттілігін
ыңғайлы қолдана білуі керек.
7. Шығармамен жұмыста неғұрлым ыңғайлы, тұрақты болатын саусақтарды
бірден анықтаған жөн. Оқушы шығармадағы саусақ реттілігін өзі
таңдағанда, бірнеше түрінің жобасы болуы мүмкін, соның ішінен өзіне
ыңғайлы түрін оқытушының көмегімен таңдап алады. Саусақ ыңғайлығы
белгілі бір нота топтарында ғана емес, бүкіл шығарманы орындағанда
да қолайлы болған дұрыс.
Міне біз негізгі заңдылықтармен таныса отырып, сырнай аспабында
аппликатураның маңызды роль атқаратынын білдік.
Сондықтан оқытушы оқушының алғашқы күндерінен бастап, гамма,
шығармалармен жұмыс істеу барысында оқушының саусақтарына назар
аударып, мұқият болуы керек. Неге десек, алғашқы кездері оқушының
аппликатурасына назар аудармасақ, оқушының саусақ тәртібі дұрыс
қалыптаспай, оның ары қарай өсуіне қиын болады.
Аппликатураның тағы бір маңызды жері, оқушы шығарманы орындау
кезінде шығармаға саусақтар дұрыс қойылса, шығарманың мінезіне сәйкес
штрихтармен әрі шығарманы жеңіл ойлануына себеп болады.
Штрих дегеніміз – дыбыстың шығу әдісін орындау штрихтың 3 түрі
болады: легато, нон – легато, стаккато.
Легато – дыбыстардың бір–бірімен созылма жалғастырылып орындалуы.
Легато ойнаған кезде қолдың салмағын сезініп, әрі қолдың буындарын
босатып, саусақтар мен түймелерді бауырлай басып қимылдатамыз. Әрбір
келесі түйме алдыңғы басқан түймені жіберер мезетте басылады.
Шығарманың ноталы мәтінде legato деген жазумен белгіленеді.
Нон – легато – бұл дыбыстарды бір-бірімен жалғастырмай, жекелеп
ойнау түрі. Саусақтар әрбір түймені терең батыра отырады. Нота
мәтінінде дыбыстың бұл түрі шет тілінде non legato деп жазылады
немесе арнай белгілермен көрсетіледі, яғни бірнеше нота лига
сызығымен біріктіріліп, әр нотаның үстіне белгілермен көрсетіледі,
яғни бірнеше нота лига сызығымен біріктіріліп, әр нотаның үстіне
нүкте қойылады.
Стаккато – дыбыстарды қысқа үзіп ойнау түрі, яғни олардың
ұзақтығы берілен ұзақтықтан екі есе қысқа. Оны ойнаудың екі түрі
болады. Қолдың буынымен (кистевое стак) және саусақтармен
(пальцевое). Орындау әдісі шығарманың жылдамдығы мен сипатына
байланысты. Баяу екпінді шығармаларда стаккато қолдың білезік
буынынан бастап түгел қимылдауы арқылы ойналады. Буын мен
саусақтардың қимылы сырт көзге онша білінбейтін, бірақ нық, әрі
нақтылы болуы керек. Ноталы мәтінде staccato деген жазумен
белгіленеді.
Жоғарыда аталған штрихтардан басқа да штрихтар бар. Олар:
акцент, деташе т.с.с.. Осы штрихтарды пайдалана отырып, кез келген
шығарманың мінезін ашуға, көрсетуге болады. Мысалы: Легато штрихы
көбінесе полифониялық шығармаларда көп қолданылады.
Келесі мәселе, оң қолдың аппликатурасына байланысты туатын
кемшіліктерді анықтайық.
Дұрыс таңдалмаған, кезектесу реттілігі сақталмаған саусақтар
төмендегідей кемшіліктерге әкеліп соғады:
1. Саусақтар дұрыс таңдалмағандықтан, позиция ауысқанда қолдың басы
бір қалыптан екінші қалыпқа икемсіз, күрт бұрылады.
2. Әртүрлі саусақпен ойнаудың орнына бір ғана саусақпен
ойнағандықтан, керексіз глиссанды (сырғу) пайда болды.
3. Легато белгісімен белгіленген бірнеше нотаны бір саусақпен
орындағанда лиганы орындау тәртібі бұзылады.
4. Оқушының үнемі 2,3,4 саусақтарды ғана қолдануы 5-ші саусақтың
орындаушылық дамуын тежейді.
5. Берілген аппликатурамен бір сөйлемді қайталап ойнағанда басқа
саусақ ретілігімен орындау, аппликатуралық тұрақсыздықты,
немқұрайлылықты, саусақтардың реттілігіне көңіл аудармаушылықты
туғызады.
Музыкалық дыбыстардың қасиеттері
Музыкалық дыбыстардың төрт қасиеті бар.
1. Дыбыстардың биіктігі
2. Дыбыс ұзақтығы
3. Дыбыс күші
4. Дыбыс тембрі
Музыкалық дыбыстардың биіктігі деп – белгілі бір жиіліктегі
дыбыстардың тербелістерін қабылдап, түйсінуді айтамыз. Музыкалық
дыбыстардың биіктіктері дыбыс шығарған дененің тербелісіне және сол
тербелістің жиілігіне тікелей байланысты.Яғнифизикалықтербеліс жиілігі
көбейген сайындыбыстың биіктігі де жоғарылап, жіңішкелене береді.дененің
тербеліс жиілігі азайған сайын биіктігі төмендеп,жуандай түседі.
Музыкалық дыбыстардың ұзақтығы деп – дыбыстардың уақыт шамасымен
өлшенетін созылу қашықтығын айтамыз.Дыбыстың ұзақтығы дыбыс тербелісінің
созылымына байланысты.Дыбыстардың ұзақтық негіздері уақыт шамасымен
өлшеніп, белгіленеді.Музыкада қолданылатын дыбыс ұзақтықтарының шамасы
салыстырмалы болып келеді. Өйткені олардың абсолюттік шамасы шығарманың
қозғалыс екпініне яғни жылдамдық қарқынына байланысты.Әр түрлі жылдамдықта
ойналатын шығармалардағы ұзақтықтардың созылымдары әр түрлі болады.
Дыбыс күші – біздің есту сезімдеріміздің дыбыстың қатты немесе жай
шығуын қабылдауы. Дыбыстың күші дыбыс тербелісінің шегіне – амплитудасына
немесе тербелу қимылының серпілісіне байланысты. Серпіліс көлемі неғұрлым
кең болса, дыбыс соғұрлым күшті болып келеді, серпіліс тарылған сайын –
дыбыс жай шығады.
Дыбыс тембрі – дыбыстық бояу, оның жағымдылығы, әсемдігі, жұмсақ немесе
ащы, ашық үнділігін танытатын айыру белгісі, әр-ажары. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz