ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
Тұщы сумен емдеуде (гидротерапия) су құбыры, өзен, көл сулары
қолданылады.
Су емдеу мақсатында ежелгі Рим және Грецияда қолдана басталған. Бірақ
сумен емдеу XІX ғасырда ғылыми дәлелденіп, физиотерапияда мықты орынға ие
боды.
Судың емдік әсерін оның жылулық (термиялық) және механикалық
(гидростатикалық) факторлары қамтамасыз етеді.
Сумен емдеу процедураларының температуралық әсері маңызды
болғандықтан оның әсер ету механизмін дұрыс түсіну үшін жылудың физиклық
механизмінің негізгі ережелері мен жылу алмасудың физиологиясын қысқаша
қарастырайық.
Әртүрлі температуралы денелер өзара әсер еткенде олардың арасында
жылу қуаты алмасады және де денелер қызады немесе, керісінше, салқындайды.
Жылу мөлшері джоуль немесе калориямен өлшенеді (1 кал= 4,2 Дж). Әртүрлі
денелердің жылу қабылдау қабілеті олардың жылу сыйымдылығына байланысты,
яғни белгілі дененің температурасын 1 С қа көтеру үшін қажет жылу мөлшері.
Жылу алмасу бұл физикалық процесс және ол жылу өткізу, конвекция, жылу
сәулелендіру, булану арқылы іске асады. Адам организміндегі орталар мен
ұлпалардың жылу өткізгіштігі әртүрлі. Сұйық орталар жылу өткізгіштігіне
қарай суға жақын, тығыз ұлпалар жылуды жақсы өткізбейді. Сондықтан тері мен
тері асты клетчаткалары жылу изоляциялық қасиетке ие болуына байланысты
жылу организмнің ішкі орталарында сақталуын қамтамасыз етеді. Адам
денесінің әр бөлігінің жылу беру жағдайы әртүрлі болғандықтан
температуралары бірдей болмайды. Конвективті жылу беру сұйық және газды
орталарға тән. Жылудың конвекция жолымен жоғалуы ауаның қоршаған қабықтары
немесе судың организммен қозғалу нәтижесінде болуады.
Булану арқылы жылу тек қана теріден емес, тыныс арқылы өкпе
альвеолаларында да жоғалады.
Өзінің физикалық қасиеттерінің күштілігіне байланысты су
температуралық тітіркендіруді тарататын қолайлы өткізгіш болып табылады. Су
барлық қатты және сұйық денелерге қарағанда ең жоғары жылу сыйымдылыққа ие,
яғни көп мөлшерде жылу топталады. Судың жылу өткізгіштігі өте жоғары,
ауамен салыстырғанда 28-30 есе жоғары.
Су ең жоғары конвекциялық қасиетке ие, сондықтан тез салқындап өзіне
батырылған денеге жылу қуатын өткізеді.
Жылу қуаты биологиялық белсенділікке ие физикалық фактор. Жылу
организмнің энергетикалық балансына әсер етеді және соған әртүрлі
биологиялық жауапты реакциялар пайда болады. Организмдегі жылу алмасу жылу
өндіру мен жылу беру процестерінің бірлігі. Жылу беру – физикалық процесс
болса, жылу өндіру ұлпалардағы тотығу реакцияларына байланысты химиялық
процесс. Адам жылы қанды организмге жатады, яғни өзінің ішкі ортасында
тұрақты температураны сақтайды. Сондықтан сыртқы ортадан алынатын артық
жылу дененің жылу беруін жоғарылатады және керісінше, жылу төмендесе
дененің жылу өндіруі күшейеді. Организмге жылу процедураларымен әсер етудің
мәні осында.
Судың жылу әсері дәрежесі оның температурасына байланысты. Осы
көрсеткіш бойынша тәжірибеде сумен емдеу процедуралары суық (200С тан
төмен), салқын (20-330С), индифферентті (талғаусыз) (34-360С), жылы (37-
390С) және ыстық (400С тан жоғары)болып бөлінеді. Мұндай температуралық
градация (басқыштаушылық) шартты болады. Себебі ол қоршаған ортаның
жағдайына, организмнің жеке сезімталдығы мен ішкі ағзалардың
температурасына қарағанда әрқашан төмен тері температурасына байланысты.
Сонымен, су процедуралары суық және жылы болуы мүмкін. Суық су
процедураылар аэротерапия мен талассотерапияда да (емдік шомылу)
қолданылады. Суық процедуралар организмде үш фазалы жауапты реакция туады.
Бірінші фазада суық сезіледі және капиллярлар тарылып тері бозарады. Тері
температурасының төмендеуіне қарай рефлекторлы түрде жылу өнімі
жоғарылайды, теріде қан ағысы күшееді және екінші фаза басталады – жағымды
жылу сезіледі, тері қызара бастайды. Ұзақ уақыт және қатты салқындатқанда
жылу өнімі жеткіліксіз болады да үшінші фаза басталады. Үшінші фазаның
белгілері: екіншілік қалтырау, тері бозару, суықтау қаупі туралы белгі
беретін “қаз терісі” түрінде пиломоторлы реакция. Сондықтан суық
процедураларды үшінші фаза басталмастан аяқтау керек.
Суық процедуралар рефлекторлы механизмі бойынша вегетативті жүйке
жүйесіне әсер етіп зат алмасу қарқындылығының өзгеруіне септігін тигізеді,
ішкі ағзалар қызметін реттейді. Жалпы суық процедуралар организмді
шынықтырады, оның температуралық тербелістерге тұрақтылығын жоғарылатады,
организмді сергітеді. Жергілікті суық процедуралар ауырсынуды басу әсерін
тигізеді.
Индифферентті су процедуралары жылы да, суық та болмайды. Олар жалпы
тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек соғуын баяулатады.
Жылы, әсіресе ыстық су алдымен терідегі қан тамырларын қысқа уақытқа
тарылтады, соңынан олар кеңейіп гиперемия пайда болады, жылу сезіледі, тер
бөлінуі күшейеді, тамыр соғу мен тыныс алу жылдамдайды, қан қысымы
төмендейді. Ішкі ағзалардың тегіс бұлшық еттері тырысуына және ауырсынуына
қарсы әсер етеді, бездердің секреторлы қызметін жоғарылатады. Орталық жүйке
жүйесін тыныштандырады.
Әрбір сумен емдеу процедураларында температуралық тітіркендіру
механикалық тітіркендірумен бірге әсер етеді. Процедураның механикалық
әсеріне судың қозғалысы себепші болады. Душ, құйын ағымды қозғалысы, су
асты душ-массаж механикалық әсер етеді. Мұндай тітіркендіру шомылғанда
теңіздер мен өзендерде болады.
Механикалық әсердің басқа түрі суға батырылған денеге сумен
гидростатикалық қысым жасау. Мұндай жағдайлар ашық суаттар мен ванналарда
болады. Толы ванналарда аяқ немесе қолға 40-60 см су бағ., іш пен көкірекке
5-15 см су бағ. қысым жасалады. Гидростатикалық қысым қан тамырлары мен
көкірек қуысын тарылтады, тыныс алу және қан айналысына оң әсер етеді.
Жүрек - қан тамыр ауруы бар адамдарға мұндай құбылыстарды жеңілдету үшін
арнайы 2 немесе 4 камералы ванналар қолданылады.
Газды көмірсутекті, радонды, оттекті, “маржан” ванналарда суға
батырылған денеге газ көпіршіктері қосымша механикалық әсер етеді. Олар
теріні қаптап, соңынан теріден ажырап микромассаж жасайды және тері
микроциркуляциясын жақсартады.
Сонымен бірге механикалық факторларға суға батырылған дене
ауырлығының төмендеуі де жатады (Архимед заңы бойынша). Бұл құбылыс емдеу
тәжірибесінде бұлшық ет тонусы әлсіз ауруларда суда емдік жаттығулар
орындау үшін қолданылады.
Сумен емдеу процедуралары
Тұщы сумен емдеу әдістері өте көп. Жергілікті процедуралармен қатар
(ыстық басу, булау,компресс) жалпы процедуралар да қолданылады – су құю,
орау, ванналар, душтар. Процедуралар әртүрлі жағдайларда - үйде, аурухана
бөлмелерінде жүргізілуі мүмкін. Бірақ сумен емдеу үшін қолайлы
мүмкіншіліктер арнайы су емханаларында жасалады.
Қазіргі заманғы су емханалары бұл тұщы су, және де жасанды минералды
сулармен емдеу процедураларын жүргізуге арналған емдік-профилактикалық
мекеме. Су емханаларында қолданылатын тәсіліне қарай ванна, душ, орау
процедураларына арналған бөлмелер болуы тиіс. Газды ванналар үшін арналған
көмірсутек, оттегі және азот баллондары ванна бөлмелерінен тыс жерлерде, ал
маржан ванналар үшін қолданылатын компрессорлар үй астында (төледе) сақталу
керек. Су емханалары ауа тартқыш вентиляциямен жабдықталу керек. Жасанды
газды ванналармен жұмыс істеу қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды талап
етеді.
Су емханалары душ-массаж, ішек жуғыш аспаптар, субаквалды ванналар,
суды газбен қанықтыруға арналған аспаптармен жабдықталу керек. Судың
температурасы мен қысымын реттеу үшін гидротехникалық жабдықтар қажет.
Көп кездесетін сумен емдеу процедураларына су құю, ысқылау, ылғалды
орау, душтар және ванналар жатады.
Су құю
Су құю процедурасы жергілікті және жалпы болады. Жалпы су құю
процедурасында жалаңаш науқастың үстіне шелектен (2-3 шелек) су құйылады.
Алғашқыда судың температурасы 34-330С болу керек. Кейінгі процедураларда 1-
20С-қа төмендеп, ең соңғы процедурада судың температурасы 22-200С болады.
Процедура аяқталған соң ннауқас денесін шүберекпен ысқылап терісі
қызарғанша қыздыру керек. Кейін науқас 30-40 минут дем алады. Процедура
күнде немсес күнара жүргізіледі. Емдеу курсы 15-30 процедура.
Жергілікті процедурада резина шлангыдан, қумырадан немесе басқа
ыдыстан су құйылады. Судың температурасы жалпы процедурадағы суға қарағанда
төмен (16-200С) болу керек. Су құю процедурасы организмді сергітеді. Ол
жүйке және жүрек-қан тамыр жүйелері ауруларында, сонымен бірге шынықтыру
үшін қолданылады.
Жалпы су құю және ысқылау
Ысқылау
Ысқылау жалпы және жергілікті тәсілімен жүргізіледі. Бұл күрделі және
белсенді процедура. Ысқылау процедурасында жалаңаштанған науқасты ағаш
тордың үстіне тұрғызып оның денесін температурасы 20-280С суда сығылған
шүберекпен орайды. Науқастың қалпы – екі көтеріп тұру керек. Шүберекті
қолтық астынан бір орап, кейін қолын түсіріп екінші рет иықтың үстінен
орайды. Шүберек денені тығыз орап тұру керек. Денені шүберектің үстінен
қолмен 1-2 минут жылдам ысқылау керек. Кейін ылғал шүберекті құрғақ
шүберекке алмастырып оның үстінен де ысқылау керек. Процедура аяқталған соң
науқас жылы оранып 20-30 минут кушеткаға жатып дем алады.
Процедура науқасқа жағымда болған жағдайда оны күшейтуге болады –
науқас денесін ысқылап болған соң ылғал шүберекті алмай тұрып оның үстінен
салқын су құю керек (судың температурасы алдыңғыдан 1-20С төмен болу
керек).
Ысқылау процедурасы организмді сергітеді, қуаттандырады. Ол
неврастенияда, зат алмасуы төмендеген ауруларда, және де шынықтыру үшін
қолданылады. Процедураның ұзақтығы 3-5 минут, күнде немесе күнара. Емдеу
курсы 20-30 процедура.
Жергілікті ысқылау тәсілі әлсіз ауруларға, әдетте үйде немесе
аурухана бөлмелерінде жасалады. Науқас денесі бөліп-бөліп ысқыланады,
мысалы, алдымен қолдары, кейін арқасы мен көкірегі, соңында аяқтары
ысқыланады. Дене бөліктері ылғал шүберекпен қызарғанша ысқыланады. Судың
алғашқы температурасы 30-320С, біртіндеп 18-200С -қа дейін төмендейді.
Процедура ұзақтығы 3-5 минут. Емдеу курсы 20-30 процедура.
Жартылай ысқылау
Ылғалды орау
Ылғалды орау салқын және жылы тітіркендіргіштермен әсер ететін
күрделі термиялық процедура және ысқылау процедурасына қарағанда ұзақтығы
үлкен. Бұл процедура негізінен су емханаларында, кейбір жағдайларда
аурухана бөлмелері мен үйде де жүргізуге болады. Процедура жалпы және
жергілікті тәсілімен жүргізіледі. Процедураның маңызы науқасты ылғал
шүберек және көрпемен орауда. Процедура орындалу әдісі мынадай: кушеткаға
немесе кереуетке екі жүн көрпе жайылады. Олардың үстінен температурасы 20-
250С сумен ылғалданып сығылған шүберек жайылады. Жалаңаш науқасты
шалқасынан кушеткаға (екі қолы жоғары қаратылады) жатқызып, шүберектің бір
шетін қолтық астынан, екінші шетін науқастың қолын түсіріп орайды.
Шүберектің үстінен көрпемен орайды, мойнына алдынан құрғақ сүлгі, маңдайына
суық компресс қойылады.
Процедураның ұзақтығы емдеу мақсатына байланысты: организмді сергіту
және дене ыстықты түсіру үшін 10-15 минут, науқасты терлету үшін 40-60
минут.
Процедурадан кейін науқас су температурасы 34-350С ванна немесе душ
қабылдап, 30-40 минут дем алу керек. Процедура күнде жүргізіледі. Емдеу
курсы 15-20 процедура.
Процедураның басында науқас денесі аз уақыт салқындайды. Кейін
шүберек жаймен жылынып, науқастың денесі бір тегіс жылы сезеді, тыныштанып
ұйықтайды. Нақуас денесі біртіндеп қызып терлей бастайды. Бұл процедура
семіздікте, подаграда, бұлшық ет пен буындардың созылмалы ауруларында
қолданылады.
Жергілікті орау әсері компресске ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы
жылуды айыру қабаты болмайды. Жергілікті орау көкіректі, ішті, белді,
денені, аяқтарды, мойынды салқан, жылы және ыстық орау түрінде қолданылады.
Бұл процедура әртүрлі әсер етеді: тері және ішкі ағзалардың қан айналысына
әсер етеді, қабыну процестерінің қалдықтарын сорытады, ауырсынуды басады.
Ылғал орау
Душтар
Душтар денеге белгілі бір температуралы және қысымды су ағысының әр
түрімен әсер етуге негізделген сумен емдеу процедуралары. Душ организмге
механикалық және термиялық әсер етеді. Барлық сумен емдеу процедураларының
ішінде ең күшті механикалық фактор душқа тән.
Медициналық душтар емдік душтар және душ кафедраларымен – белгілі
температурадағы және қысымдағы су беретін арнайы құрылғылармен
жабдықталған су емханаларында қолданылады.
Емдік душ кафераларында суды беретін және ағызып алып кететін түтікше
жүйелері мен суық (су құбырынан) және ыстық (су ысытатын ыдыстан) суларды
араластырғыш аспап болады. Судың температурасы мен қысымы термометр және
монометрлермен қадағаланады. Кафедра панелінде әрбір су араластырғыш аспап
пен суды алып кететін түтік үшін арналған вентиль орналасқан. Вентильді
айналдырып қажет душ түрінің құбырын ашады.
Душтардың мынадай түрлері бар: а) пішіні мен су ағу бағытына қарай,
және де судың механикалық әсерінің күшеюіне байланысты – жаңбыр тәрізді,
шаң тәрізді, ине тәрізді, жоғары көтерілуші, айналмалы, шапшып ағатын
(Шарко душы), желпуіш тәрізді және шотланд душы; б) судың температурасына
қарай – суық 8-180С, салқын 25-320С, индифферентті 33-350С, жылы 36-380С;
в) су қысымының дәрежесіне қарай – төмен қысымды (1 ат-ға дейін), орта (1,5-
2 ат.) және жоғары қысымды (2,5-4 ат.); г) әсер ету жеріне қарай – жалпы
және жергілікті.
Шаң тәрізді душ адам денесіне майда тесіктері бар шар тәрізді арнайы
шаңдатқыш арқылы берілетін су шаңымен әсер етеді. Су науқас денесіне
ауырлық күшінің әсерімен тамшылайды. Бұл душ түрінің механикалық әсеріне
қарағанда температуралық әсер көп.
Жаңбыр тәрізді душта су арнайы тор арқылы ағып науқас денесіне жаңбыр
тәрізді тамады, механикалық әсер етеді. Су ағысының бағыты тік болады.
Ине тәрізді душ жаңбырлы душтың бір түрі. Онда диаметрі жаңбырлы
душтан майда (0,5-1 мм) тесіктері бар құрылғы қолданылады. Душтың бұл
түрінде денеге көптеген инелермен шаншып жатқан тәрізді болады. Су ағысы
тік.
Жаңбырлы және ине тәрізді душта су қысымы 1-1,5 ат, температурасы 25-
360С, процедура ұзақтығы 2-5 минут, күнде немесе күнара. Емдеу курсы 10-12
процедура.
Айналмалы (циркулярлы) душта су көлденеңінен ағып науқас денесіне
біріңғай әсер етеді. Су айналмалы түтік тесіктерінен жоғары қысыммен ағып,
денеге шаншып күшті механикалық әсер етеді, организмді сергітеді және
қуаттандырады. Судың температурасы процедура барысында біртіндеп 360С -тан
250С -қа төмендейді, су қысымы 1-1,5 ат. Процедура уақыты 2-5 минут, күнде
немесе күнара. Емдеу курсы 15-20 процедура.
Шапшып ағу душында (Шарко душы) су душ кафедрасынан шлангы арқылы
беріледі. Шлангының көмегімен тығыз су ағысы жасалып, ол кафедрадан 3-3,5
м ара қашықтықта тұрған науқас денесіне бағытталады. Су қысымы жоғары (2,5-
3,5 ат), температурасы процедура барысында 360С -тан 15-200С-қа төмендейді,
процедура уақыты 1 минуттан 3-5 минутқа дейін, күнде. Емдеу курсы 12-15
процедура.
Су қысымы мен ағу түрін өзгертуге болады, шлангының ұшына арнайы
ұштық кигізіп немесе саусақпен басып желпуіш тәрізді душ жасауға болады.
Процедура уақытында судың күшті ағысымен науқас денесінің бұлшық ет
қабаттары мен сүйекті жерлеріне (аяқ пен қолдар, арқа, көкірек қуысынң
жаны) біртіндеп әсер етеміз және дененің сезімтал жерлеріне әсер (бет,
мойын, сүт бездері, жүрек аймағы, омыртқа, жыныс ағзалары) етуге болмайды.
Науқас денесіне мына тізбек бойынша әсер ету керек: 1) желпуіш
тәрізді су ағысымен бастан аяққа дейін 1-2 рет; 2) тығыз су ағысымен аяқтың
артқы жағына белге дейін 2-3 рет; 3) жеңіл шаңдатылған су ағысымен арқаға;
4) тығыз су ағысымен қолға 1-2 рет; 5) дененің жанынан белден қолтыққа
дейін (қолдарды жоғары көтеріп); 6) аяқтың алдыңғы жағынан төменнен жоғары
қарай 2-3 рет; 7) ішке; 8) жалпы денеге (алды мен артына) жеңіл желпуіш
тәрізді су ағысымен әсер ету.
Дұрыс жүргізілген душ процедурасы науқас денесін қызартады.
Шарко душы
Айналмалы душ Желпуіш
тәрізді душ
Желпуіш тәрізді душ шапшып ағу душының бір түрі. Шлангының ұшына
арнайы ұштық кигізіп немесе саусақпен басып желпуіш тәрізді су ағысын
жасауға болады. Желпуіш тәрізді су ағысымен кафедрадан 3,5-4 м аралықта
тұрған науқастың денесінің алдына, артына және жанына төменнен жоғары
қарайсу себеді. Процедура кезінде науқас 2-3 рет айналады. Судың
температурасы 32-200С, процедура ұзақтығы 1,5 минут, күнде.
Шотланд душы суық және ыстық су ағысының қосындысы. Бұл процедурада
күшті механикалық әсер жоғары қарқынды термиялық тітіркендірумен бірге әсер
етеді. Ыстық және суық су кезектестіреді. Судың екі түрінің қысымдары
бірдей және тұрақты (2-3 ат).
Процедура жүргізу әдісі Шарко душы сияқты. Алдымен ыстық сумен (37-
450С) 30-40 сек, кейін суық сумен (25-100С) 15-20 сек әсер етеді. Осылау су
температурасы 1-3 минут ішінде 4-6 рет алмастырылады. Емдеу курсының
басында су температурасының айырмашылығы 2-30С болады, кейін бұл
айырмашылық біртіндеп өседі, курстың соңында 30-350С болу керек. Процедура
күнде немесе күнара жүргізіледі. Емдеу курсы 15-20 процедура.
Шотланд душын жергілікті процедура ретінде де қолдануға болады. Бұл
жағдайда емдеу курсы 30 процедураға дейін.
Су асты душ-массажда суға батырылған науқас денесіне шланг көмегімен
массаж жасалады. Процедура үлкен көлемі 400-600 л ваннада немесе арнайы
микробассейнде жүргізіледі. Су асты душ –массаж аппараты насостың
көмегімен ванна ішіндегі суды тартып қайтадан қажет қысыммен (1-4 ат)
жіберіледі.
Ваннадағы жылы су науқастың бұлшық еттерін босаңсытып, ауырсынуды
басады. Процедура тері мен тері асты ұлпалардың қан және лимфа айналысын
жақсартады, қалдық қабыну процестерін жояды.
Ваннадағы судың температурасы 350С болу керек. Массажды науқас
ваннаға жатқаннан кейін 5 минуттан соң бастау керек. Негізінен массаж
науқастың аяқ және қолдарына жасалады. Процедура уақыты 5-20 минут, күнде
немесе күнара. Емдеу курсы 15-30 процедура.
Емдеудің бұл түрі тірек-қимыл аппараты, перифериялық жүйке жүйесі
аурулары мен травмалары зардаптарында, перифериялық қан айналу бұзылғанда
қолданылады.
Су асты душ массаж
Жоғары көтерілуші немесе шат аралық душы су ағысы төменнен жоғары
қарай бағыттылған душ (жаңбырлы душ тәрізді). Душтың үстінде арнайы үшаяқты
отырғыш орнатылған. Суық процедураның уақыты қысқа, ал жылы процедураның
уақыты ұзағырақ болады. Процедураның уақыты 2-5 минут күнде. Емдеу курсы 15-
20 процедура. Душтың бұл түрі простата безі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz