Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

2. Дәрістер тезистері

Дәріс № 1

Тақырып: Қазақстанның өсімдіктер ресурстары пәніне кіріспе

Мақсаты: Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау

Жоспары :

1 . Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы

2. Пайдалы өсімдіктер классификациясы

3. Ботаникалық ресурстану ғылымының зерттелуінің деңгейлері

Қазақстан флорасында 6 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері бар. Олардың ішінде пайдалы өсімдіктер өте мол. Адамзаттың даму тарихы қоршаған әлемді танып-білумен және табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалануға ендірумен тығыз байланысты. Адамдар өзінің күнделікті шаруашылығында өсімдіктер әлемі байлығын ерте заманнан бері пайдаланады. Өздерінің дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап өздерін қоршаған өсімдіктерді сипаттап, олардың пайдалы жақтарына көңіл аударған. Бұл мәліметтер бірте-бірте бір жүйеге келтіріліп, практикалық тұрғыдан ерекшелікгеріне байланысты топтастырыла бастады. Сондықтан өсімдіктер туралы ғылымда ботаникалық мәліметтермен қатар, өсімдіктердің практикалық маңызы туралы да мәліметтер жиналды. Кейіннен пайдалы
өсімдіктер туралы ғылыми тұрғыдан маңызды еңбектер жазыла бастады. Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық ботаника деп аталды. Тек XX ғасырдың бірінші жартысында КСРО-ның атақты ботаниктері М. М. Ильин, А. Федоров және Н. В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық
дәлелдеме берді. Осы жылдары, яғни 1948 жылы ғылымның осы
саласында алғашқы іргелі еңбектер, мысалы "Методика полевого исследования растении" деген өте кұнды еңбек жарияланды.

Қазақстан Республикасында академик Н. В. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының докторы В. Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан Ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника институтының құрамында арнайы «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті. Академиктер Н. В. Павлов, Б. А. Быков және проф. В. П. Михайлованың еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаник-ресурстанушылар мектебі құрылды. XX ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған жетекшісі
биология ғылымдарының докторы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, проф. М. Қ. Кукенов болды. Профессор М. Қ. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады және оның жазған «Ботаническое ресурсоведение Казахстана» деген оқулығы (1999) Қазақстандағы ботаника ғьлымының дамуындағы маңызды жетістік деп атауға болады. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі XX ғасырдың басында «Шаруашылық ботаника» деп атала бастады. Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді.

Пайдалы өсімдіктер классификациясы

Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып, пайдалы өсімдіктер бір жүйеге келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1966 жылы профессор А. Федоров осы саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін ұсынды.

Шикізаттық өсімдіктер дегеніміз не?

Профессор М. М. Ильин бойынша (1948), «Шикізаттық өсімдіктер деп завод немесе ауыл шаруашылық практикасында тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына өндірілетін табиғи флора өкілдерін айтамыз».

Егер біз профессор М. К. Ильин анықтамасын қабылдайтын болсақ, онда өсімдіктер ресурстары туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғыдыми-зерттеу конференциясының маңызы өте зор. Өндірістік, ауыл шаруашылық, көгалдандыру, астық және фитомилоративтік ресурстар.

Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынадай 3 топқа бөлінеді:

1. Өндірістік өсімдіктер ресурсының ішіндегі:

  1. Тағамдық өсімдіктер тобы бес топ тармақтарымен.
  2. Құрамында техникалық экстракт заттары бар өсімдіктер тобы 12 топ тармақтарымен.
  3. Талшықты өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.
  4. Қағаз-целлюзалы өсімдіктер тобы.
  5. Құрылыс және бұйымдық өсімдіктер тобы 3 топ тармағымен.
  6. Отындық жэне орман-химиялық өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.

2. Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсындағы

2. 1. Тағамдық өсімдіктер тобы 3 топ тармақтарымен.

2. 2. Малазықтық өсімдіктер тобы 5 топ тармақтарымен.

3. Көгалдандыру, астық және фитөмелиоративтік ресурстар

3. 1. Сәндік-көгалдандыратын өсімдіктер тобы.

3. 3. Мелкоративтік өсімдіктер тобы болып жіктеледі
Сонымен, 1935 жылы Өзбекстанда, Ташкент қаласында болған конференцияда қабылданған шикізатгық өсімдіктер классификациясы жабайы өсетін және мәдени өсімдіктерді қамтиды. Бұл үшін топтар әртүрлі шикізаттық өсімдіктер
тармақтарына бөлінеді. Топтар тармақтарының жалпы саны - 37.

1942 жылы акад. Н. В. Павлов «Дикие полезные и технические растения СССР» деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа классификациясын ұсынды. Н. В. Павловтың классификациясында барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.

  1. Дәрілік өсімдіктер
  2. Көксағызды (каучук) өсімдіктер
  3. Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер
  4. Шипалы майлы өсімдіктер
  5. Эфир майлы өсімдіктер
  6. Тоқымалық өсімдіктер
  7. Щеткалық өсімдіктер
  8. Ірі-талшықты өсімдіктер
  9. Қағаз-целлюзалы өсімдіктер
  10. Тағамдык өсімдіктер
  11. Крахмалды өсімдіктер
  12. Қант-инулинді өсімдіктер

ХІІІ Сергітл ші ынталандырушы өсімдіктер

  1. Витаминді өсімдіктер
  2. Балды өсімдіктер
  1. Илік затты өсімдіктер
  2. Сабынды немесе сапонинді өсімдіктер
  3. Қарамайлы өсімдіктер
  4. Бояуы бар өсімдіктер
  5. Мал азықтық өсімдіктер
  6. Уландырғыш заты бар өсімдіктер
  7. Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер

А. А. Приступа (1973) дүние жүзі флорасындағы пайдалы өсімдіктер туралы мәлімет берді. Бұл мәліметте 118 тұқымдасқа жататын 1000 өсімдік түрлерінің сипаттамасы берілген. А. А. Приступа классификациясында барлық пайдалы өсімдіктер 19 топқа біріктірілген. Жоғарыда келтірілген барлық классификациялардың кемшіліктері - классификация жасауда белгілі бір принциптің жоқтығы. Кейбір классификацияда өсімдіктердің топтары олардың химиялық құрамына, ал басқа топтары олардың практика жүзіңде пайдалануына негізделген. Сонымен, өсімдіктер әлемі биоресурстарының зерттеу объекгілері шикізаттық өсімдіктердің жеке түрлері және өсімдіктер қауымы болып табылады.

Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері

Пайдалы өсімдіктер туралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай, Египет, Рим, Греция және Шығыс Арабия тарихына, мәдениетіне тығыз байланысты. Ресейде әртүрлі пайдалы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтер дәрілік және хош иісті өсімдіктерге байланысты екендігіне әдебиеттегі
мәліметтер айқын көрсетеді. Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану, олардың ішінде, әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс
және Батыс елдерінің медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарына Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдердің әсері бар. Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттар да қолданылады. Сондықтан шетелдерден әкелінетін шикізаттарды алмастыру қажет болды, осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында көксағызды (каучук) илік заттары бар шырышты өсімдіктер табылды. Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық қасиеті бар өсімдіктерді, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өт айдайтын, ісікке қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге үлкен көңіл бөлінді. Сонымен, ресурстануды өз алдына дербес ғылым саласы екендігі дәлелденген деп санауға болады. «Өсімдіктер ресурсы» деген терминді А. Федоров (1966) былайша түсіну керек деп санайды. «Өсімдіктер ресурсы дегеніміз - бүкіл флорадағы және жер шарындағы өсімдіктер жамылғысында бар потенциалдық байлық». Д. С. Ивашиннің (1969) анықтамасы бойынша «Өсімдіктер ресурсы» - ботаникалық ресурстанудың зерттеу объектісі, ол объект өсімдіктер құрамындағы заттарын, яғни бүкіл флора және өсімдіктер жамылғысындағы бар байлықты қамтиды. Әрине, А. Федоровтың (1966) өсімдіктер ресурсына берген анықтамасы Д. Р. Ивашиннің (1969) анықтамасымен салыстырғанда анықтау, айқын және қысқаша, сондықтан қолайлылау. «Ресурстар» деген терминді (өсімдіктер ресурстары емес) пайдалы өсімдіктердің жеке топтарына қатысты пайдалануға болады. Мысалы, «дәрілік өсімдіктер ресурстары». «Ресурс» деген терминді «Қоры» деген түсінікпен шатастыруға болмайды. Яғни, «Ресурс», «Қоры» синонимдер емес. «Ресурс» термині кеңірек, толығырақ ол пайдалы өсімдіктердің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды.

Ал Федоров (1968) ботаникалық ресурстану ғылымына кеңірек сипаттама береді. Ботаникалық ресурстану:

  1. халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі өсімдіктерді тауып айқындайды;
  2. өсімдік кұрамындағы әртүрлі заттарды, қосылыстарды зерттейді;
  3. пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын (массивті) зерттейді;
  4. мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды.

«Ботаникалық ресурстану» өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді. Мысалы, молекулалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық, түрлік, ценотикалық, биогеографиялық. Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі.

Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия, гистохимия және эмбриология көмегімен шешіледі.

Мүшелер деңгейінде - морфология көмегімен, организм деңгейінде - физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, популяция деңгейінде - тәжірибелік систематика көмегімен, түрлік деңгейде -систематика және филогения көмегімен, ценогенетикалық деңгейде - фитоценология көмегімен зерттеп шешіледі.

Бұл жоғарыда айтылғандардан «Ботаникалық ресурстануда» өте кең спектрде өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланатынын айқын көруге болады.

Дәріс №2

Тақырыбы: Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және зерттеу жұмыстарының бағыттары мен кезеңдері

Мақсаты: Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдаланып, зерттеу жұмыстарының бағыттарымен танысу

Жоспары:

1. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарының бағыттары

2. Өсімдіктер биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері

3. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары

Ресурстану - ботаника ғылымының жас бір саласы. 1917 жылға дейін Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ деп айтуға болады. Қазақстанда ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарын екі
кезеңге бөлуге болады:

  1. бірінші кезеңге Ресейдің Европа бөлігінен келген (Петербург, Мәскеу және т. б. ) ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген жұмыстарын жатқызуға болады;

Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады. Бұл кезеңге жергілікті Орта Азияның және Қазақстанның ғылыми мекемелерінің, әсіресе КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы ашылған филиалының жұмыстарын жатқызуға болады. 1917 жылға дейін Ресейде өсімдіктер байлығы өте аз және тиімсіз пайдаланылды. Ол кезеңде Ресейде белгілі дәрежеде тек
орман өндірісі дамыған еді. Ресейде табиғи шалғындықтар және жайылымдықтар кеңінен зерттелді және іргелі еңбектер жарияланды. Мысалы,
бұл саладағы іргелі еңбектерден «Шабындық және жайылымдық» деген кітап 1950-1958 жылдары ғана жарияланды. Авторлары - И. В. Ларин, И. В. Цаценкин, Т. А. Работнов. Басқа топтардың өсімдіктері салыстырмалы аз зерттелді және
пайдаланылды. Дәрілік өсімдіктер аз зерттелгенімен жиналды, тіпті кейбір түрлері екпе жағдайда өсіріледі. 1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеу және игеру жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілді. Мысалы, 1921-1962 жылдары химия-технология анықтамасының 12 томы баспадан шықты. 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында (Ленинград) алғаш рет «Өсімдіктер ресурстары» деген бөлім ашылды. Ол бөлімді Б. Н. Кропотов басқарды. Алғашқы кезде бұл бөлім талшықты өсімдіктерді іздеумен айналысты, ол үшін арнайы технологиялық лаборатория ашылды. Кейінірек бұл бөлім нағыз ресурстармен айналысатын болып одақтық республикаларда осы салада жұмыс жасайтын топтар, содан кейін лабораториялар ашылды. Мысалы, Әзірбайжанда А. А. Гросгеим және т. б., Түрікменстанда О. А. Эндем, В. Н. Минервин, Л. В. Бегезин және т. б., Өзбекстанда В. С. Титов, Ф. И. Русаков және т. б., Қырғызстанда И. В. Выходцев, М. М. Советкина, Е. В. Аикитина, Қазақстанда Н. В. Павлов, В. П. Михайлова, Сібірде В. В. Ревердатто және т. б., Украинада М. И. Котов және т. б. ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді. Сол ғалымдардың еңбектерінің нәтижесіңде өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға қарқынды дамып, ботаникалық ресурстану саласында әртүрлі мектептер, коллективтер және жаңа зерттеу орталықтары өмірге келді. 1935 жылы Ташкент қаласында ғылыми-зерттеу конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда қабылданған пайдалы өсімдіктер классификациясы туралы жоғарыда айтылды. 1938 жылдан бастап КСРО Ғылым академиясының (Ботаника Институтының) өсімдіктер шикізаты бөлімі «Растительное сырья» деген атпен ғылыми еңбектер сериясы шығарыла бастады.

1917-1941 жылдар арасында зерттеушілер, негізінен пайдалы өсімдіктердің келесі топтарына көңіл аударылды. Көксағыз, гуттаперчалы, қарамайлы, эфир майлары, шипалы-майлы, талшықты, бояулы, целлюлоза-қағазды, сүректі, дәрілік, инсектицидті және т. б. барлығы 19 топ. Осы бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде жаңа отандық өсімдіктер табылып анықталды. Ресурстанушы мамандардың жаңа ұрпағы өмірге келді. Әсіресе, атақты ғалымдар Н. И. Вавилов, П. М. Жуковский, М. Г. Попов басшылық еткен Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты үлкен үлес қосты. Шикізатты зерттеу сипаты және бағыты алға қойған міндеттерге тікелей байланысты. Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді іздеуге көбірек көңіл бөлінді. Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми мекемелердің жұмыстары бұрынғыдан жандана түсті. Бірнеше ірі іргелі жинақтар, монографиялар жарияланды. Мысалы, 1948 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің қызметкерлері «Методика полевого исследования сырьевых растении» деген әдістемелік құралды баспадан шығарды. Бұл еңбекте пайдалы өсімдіктерді зерттеудің негізгі тәсілдері келтірілген. 1950 жылы КСРО-да бірнеше рет ірі-ірі экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедициялар негізінен:

  1. тропикалық астрагалды, илік өсімдіктерді зерттеумен айналысты. Бұл жұмыстарды, мысалы Өзбекстанда - В. П. Дробоков, X. Чеврениди, К. З. Закировтар, Қазақстанда - В. П. Михайлова және т. б., Украинада - А. И. Закордонец, В. С. Харкович, Белоруссияда - Н. В. Смолзско, Литвада -И. А. Титинс, Сібірде В. И. Кузьмин жүргізді.
  2. дәрілік өсімдікгерді зерттеу ауқымы кеңейді. Әсіресе, шипалық қасиеттері бар табиғи қосылыстарды зерттеу күшейтілді. Мысалы, алкалойдтарды, флавоноидтарды, кумариндерді, сесквитерпенді, лактондарды және т. б. Бұл жүмыстар, негізінен, Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер институтында А. Г. Кондратенко, И. А. Губанов, В. Б. Куваев, А. И. Шретер, М. Г. Пименов және т. б., Харьков фармацевтикалық институтында М. А. Антарсков, Л. И. Хаджай, Д. Г. Колесников, И. Г. Зоз, И. Ф. Комиссаренко және т. б., Өзбекстанда Ғылым академиясының өсімдік заттарының химиясы институтында Н. С. Абубакиров, Ю. Юнусов және т. б., КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында Г. В. Пигелевский, Н. П. Кирьяков, И. С. Катина және т. б., Армения ботаника институтында Г. З. Золотинцкая, Әзірбайжан ботаника институтында И. М. Исмайлов, Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника институтында Л. К. Клышев, А. С. Алюкина және т. б. Ленинград химия-фармацевтика институтында А. Ф. Гаммерман жүргізді. Мұндай бағыттарда жұмыстар ботаника бақтарында, жоғары оқу орындарында жүргізілді.
  3. көптеген жұмыстар мияның глициризинді түрлерін зерттеуге арналады. Мысалы, Т. П. Надеждина (Ботаника институты, Санкт-Петербург), М. М. Михаилов (Әзірбайжан ботаника институты), А. И. Исембаев, Э. В. Кузьмин, Б. Н. Сауранбаев, Д. К. Абдрахманов (Қазақстан ботаника институты), К. З. Закиров, С. Х. Нугманов, А. Б. Бахиев, О. А. Ашурметов (Өзбекстан ботаника институты) .
  4. 1950-1960 жылдары эфир майлы өсімдіктерді табу компоненттік кұрамын зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Мысалы: 1) М. И. Горяев 1952 жылы «Эфирные масла флоры СССР» деген еңбегін жариялады (Алматы, 312 бет) ; 2) Н. Л. Гурвич 1960 жылы «Опыт классификации эфирно-масличныхрастении» деген еңбегін жариялады (БИНАН СССР) .
  5. малазықтық жэне сүрлемдік өсімдіктерге көп көңіл бөлінді. 1958 жылы Ленинградта Бүкілодақтық кеңесте ресурстар туралы жасалған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Одан кейін кеңестерде жаңа пайдалы өсімдіктерді мәденилендіру туралы мәселелер талқыланды.

Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері

Шикізаттық өсімдіктер және олардың қауымдары геоботаникалық, систематикалық, экологиялық, фитохимиялық фармакологиялық әдістер негізінде комплекстік зерттеледі. Ресурстанулық зерттеу жұмыстарының геоботаникалық жұмыстардан ерекшелігі ресурстану зерттеу жұмыстары жалпы өсімдіктер жабыны емес, тек қажетті пайдалы өсімдіктерді
зерттеуді мақсат етеді. Қазіргі заманда пайдалы өсімдіктер ресурстарын бағалауда картографиялық әдістің перспективасы мол. Өйткені бұл әдіс
зерттеу объектісінің географиясын, экологиясын және күйін бағалауға мүмкіншілік береді. Көптеген пайдалы өсімдіктердің топтарын зерттегенде оларға қосымша биохимиялық анализ жасалуы қажет. Сонымен, ресурстанудың жалпы қабылданған ботаникалық әдістерімен қатар ерекшеліктері бар, ресурстану әдістері пайдаланылады. Ботаник-ресурстанушы систематиканы, флораны, геоботаниканы, экологияны, өсімдіктер химиясын, интродукцияның ғылыми теориялық негізін білуі және
экономикалық түсінігі болуы керек. Шынын айтқанда, ботаник-ресурстанушы шектес ғьлым салаларында эрудициясы жоғары болып далалық және лабораториялық зерттеулерді жүргізе алатын әмбебап ғалым болуы керек.

Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары

Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі екі жолын көрсетуге болады:

1) шетелдерден сатып алынатын өнімдерді алмастырушыларды Қазақстанда табу;

2) зерттелуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамында белгілі жаңа заттарды ашу.

Бірінші жағдайда ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері лабораторияға байланысты, өйткені ол аналитикалық химияны қолданып шетелден алынатын өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын заттарды Қазақстанда өсетін өсімдіктерден де табуға бағытталған. Бұл бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, мысалы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда көксағызды және илік затты өсімдіктердің кеңінен зерттелуін айтуға болады. Өйткені Ұлы Отан соғысы кезінде шетелдер КСРО-ға көксағыз және илік заттары бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған байланысты оларды алмастыратын заттарды тезарада өзімізден табу қажет болды. Қазақстанда көксағызы (каучук) бар өсімдік (таусағыз) тұқымдасынан табылды. Илік заттарды іздеуде өз нәтижесін берді, табиғи флорадағы
өсімдіктер ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Олар туралы арнайы илік заттарға арналған тарауда айтылады. Екінші жағдайда медицина және ауыл шаруашылығына қажеттілігін ескере отырып, флораға инвентаризация жасалып, керекті белсенді заттар ізделді. Бұған жатқызуға болады, мысалы:

1) этноботаникалық мәліметтерге анализ жасауды жатқызуға болады. Яғни, жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланатыны туралы мәліметгерді жинап, анализ жасау;

2) ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін зерттеу. Өйткені ол өсімдіктерде сондай биологиялық белсенді заттарды синтездеуі мүмкін.

Кез келген жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу мынадай мәліметтерді қамту керек.

  1. ең алдымен дәрілік өсімдік туралы және оның қасиеттері туралы мәліметтер жиналады, мысалы әртүрлі әдебиеттерден оның таксономиясы анықталады;
  2. өсімдік түрінің немесе оған жақын түрлердің химиялық құрамы, фармакологиясы туралы мәліметтер жиналады;
  3. өсімдік түрінің экология-фитоденологиялық ерекшеліктері туралы, географиясы туралы мәліметтер жиналады;
  4. табиғатга өсімдік немесе оның жеке мүшелерінің үлгілері алынып олардың құрамындағы шипалық қасиеттері бар заттарға химиялық анализ жасалады;
  5. фармакологиялық сынақтан өткізіп, препарат өндірудің технологиясы жасалды;
  6. табиғи фитоценоздар жағдайында өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері жан-жақгы зерттеледі, әсіресе өсімдіктің экология-фитоценотикалық бейімдеушілігіне көңіл аударылады;
  7. табиғаттағы фитоценоздарда қажетті өсімдіктің доминант екендігі анықталып, фитоценоздарға және өсімдік популяцияларының жастық құрамына сипаттама беріледі. Экологиялық және фитоценотикалық оптимумдары анықталады.
  8. биологиялық және өндірістік қорлары анықталады.
  9. табиғаттағы қоры тиісті категорияға жатқызьшады.

Негізгі үш категориялар бар: 1) Зерттелуші түрдің жер бетін жабу процесі 20% болса сор 3 (пайдалануға ыңғайлы жерде) ; 2) 5-14 % болса сор 2 (пайдалануға №1 қарағанда ыңғайсыз-дау) ; 3) 1-4 % болса сор 1 ( жинауға өте қиын жерде) .

Өте жиі медицинада немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға перспективалы кейбір өсімдік түрлері табиғатта қалың болып өспейді, яғни әр жерде біреуі жинауға қолайсыз жерлерде өседі. Мұндай жағдайларда ол өсімдіктерді екпе жағдайда өсірумен айналысу керек. Екпе жағдайда өсіру де оңай емес, ол үшін тұқымды себу нормасын, кезеңін және алғашқы агротехникасын игеріп білу керек. Бірнеше жыл осы өсімдіктің өсу және даму ерекшеліктерін зерттегеннен кейін, оның шикізатының және тұқымының химиялық құрамы табиғи фитоценоздарда және екпе жағдайында салыстырмалы зерттеліп, оның таза жағдайда бейімдеушілік мүмкіншіліктері
анықталады. Тек содан кейін оң мәлімет алынса, өндірістік плантациялар жасауға, көшуге болады. Сонымен, өндірістік плантациялар жасау - көпжылдық еңбек сіңіруді қажет ететін процесс.

Дәріс №3

Тақырыбы: Қазақстанда жабайы өсетін тағамдық өсімдіктер

Мақсаты: Қазақстанда жабайы өсетін тағамдық өсімдіктерге жалпы сипаттама беру

Жоспары:

1. Жабайы өсетін өсімдіктерді зерттеу тарихы

2. Тағамдық өсімдіктердің жіктелуі

3. Халық шаруашылығында, медицина саласында қолдануы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістеме және зерттеу әдістері
Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы
Рекреациялық әлеуетті экономикалық тұрғыдан бағалау
Минералдық ресурстар
Қазақстанның шөлді аймақтары туралы
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Табиғатты пайдаланудың экономикалық негіздері
Жерді экономикалық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz