Түйсіктің психофизикалық теориясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ - ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Түйсіктің психофизикалық теориясы
Орындаған: 2 курс, Сматов.Н.А.
Қабылдаған: Асылханова Меруерт
Алматы 2022ж.
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік сезгіштік түйсік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Мысалы, біреу алақанындағы салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу салмақты алты грамнан бастап сезеді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4грамм қосу керек.
Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді. Адаптация құбылысы сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қаранғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын тұғызады.
Сенсибилизация. Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының, төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылыды. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады.
Синестезия. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін.
Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Мысалы, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады.
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемделеді. Бұл құбылысты адаптация деп атайды. Адаптация - латын сөзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацияны қарастырайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл - қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17 есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді. Олардың әлсіз жарықты да сезгіштік қасиеті мол. Мысалы, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Адаптация құбылысына шеткі жүйке жүйесімен бірге ми қабығы да қатысады. Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. Мысалы, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез төселеді де, адамның терісі тітіркенбейтін болады.
Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мысалы, камфраның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, қыша мен нашатыр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының бұзылғандығын, оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация - үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
Сенсибилизация - латын сөзі, қазақша мағынасы - сезгіш. Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz