ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Бет
: Абстракт
Бет: 2
: Кіріспе
Бет: 4
: І. Астрономияны білмесек, аспанды қалай игереміз
Бет: 6
: 1. 1. Астрономия ғылымы адамзат өмірінде ерекше алатын орны
Бет: 7
: 1. 2. Аспан күмбезi туралы алғашқы мәлiметтер
Бет: 10
: 1. 3. Шығыстағы жұлдызды аспан құрылымы жәйлі астрономия ғылымының дамуы
Бет: 10
: 1. 4. Қазiргi кезде астрономия ғылымы не туралы
Бет: 13
: 1. 5. Құсжолы-галактикасы
Бет: 15
: ІІ. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯНЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Бет: 18
: 2. 1. Қазақ астраномиясының пайда болу себептері
Бет: 18
: 2. 2. Практикалық астрономияның жалпы мiндеттерi
Бет: 20
: 2. 3. Жұлдыз шоғырларының атаулары мен кейбір түсініктемелер
Бет: 21
: 2. 4. Г. Рей тәсілі бойынша шоқжұлдыздарды белгілеу тиімділігі
Бет: 22
: 2. 5. Қазақ халқының астрономиялық ұғымдары, олардың мәнi
Бет: 23
: 2. 6. Халық астрономиясындағы күнтiзбе
Бет: 31
: Қорытынды
Бет: 34
: Қолданылған әдебиет
Бет: 36
: Қосымша
Бет: 37

КІРІСПЕ

Астрономия адамзат өмiрiнiң қажеттiлiгiнен туған ғылым. Космос дәуірінің жарты ғасырдай дүние-жүзілік тарихы және еліміздегі космонавтиканың күрт дамуы - жаратылыстану мен техника ғылымдарының дамуына себепші болса да, бізге - мектеп оқушыларына бұл ғылыми жаңалық аз жеткізіледі: астрономияны біз 9 сыныптан бастап физика пәнімен бірге ғана оқи бастасақ, пәннің өзі тек 11 сыныпта ғана берілді. Олай болса, астрономиялық білімнің резервтік мүмкіндіктері - ғылыми жобаларда, оларды іске асыру мүмкіндігінде. Сондықтан да өз ғылыми жұмысымызда біз білім алудың ең көкейкесті мәселесін қозғап, Космос және Әлем туралы кейбір қызықты мәліметтерді ашу және талдау мәселесін таңдадық: Орта Азия және Қазақ даласындағы астрономиялық білімдердің дамуы, тиімді пайдалана алуы қозғалып , жұлдыз-шоғырларын қалыптасқан Г. Рей тәсілімен салыстыру арқылы бейнелеп, араб атауларымен ұштастыра, қазақ бейнелеріне, атауларына сәйкес аңыздарды жинастырып, толықтырдық .

Әлем туралы ғылымның, дүниеге келуiне не себеп болған? Олардың пайда болуында белгiлi бiр тарихи және әлеуметтiк себептер бар. Голландияның ғалымы А. Паннекуктың былай деді: «адам аспанға жүлдыздардың әдемiлiгiне таң қалғаннан қарап, көңiл бөле салған жоқ; ол өзiнiң өмiр сүруi үшiн күрес кезiнде айналасындағы табиғат заңдарын жақсы және көп бiлуi керек болды, тек сондай бiлiм оның қүрып кетпеуiне кепiл бола алды. Табиғатты неғұрлым жақсы танып бiлсе, соғұрлым адамның қоршаған ортада өмiр сүруі жеңiлдеп, еңбек етуі де нәтижелi болады. Сөйтiп, тек өмiр үшiн күресте ғана, табиғат заңдарын көп бiлу барысында, адамзат ғылымдары пайда болды». Сонымен, астрономия да адамзат өмiрiнiң қажеттiлiгiнен туған ғылым екен.

Мәселен, көшпелi халықтар үй-жиһаздарымен, малымен көшкенде, шексiз далада адасып кетпес үшiн кеңiстiкте жер тараптарын бiлуi қажет еді. Су жағасында өмiр сүретiн халықтардың қайық-кемемен өзеннiң, теңiздiң, мүхиттың суларындағы саяхатында - барар-қайтар жолын тауып, адаспай жүру үшiн қажетті астрономиялық бiлімдер қажет болды.

Біздің Космос және Әлем туралы астрономиялық білімдерге деген құштарлығымыз орасан зор болса да, сол қызығушылығымызды кейде астрология мен оккульттік «білімдердің магистрлерінен» алып, «ғылымнан шыққан» деп ойлаймыз. Ол астрономия пәнін жете білмеуімізден ғой. Сондықтан да осы ғылыми жобамызды орындауда, білім алу ынталылығын қанағаттандырып, әуесқой әрі білімпаздардың «бұл не?» дейтін сауалдарына жауап бере алдық.

Қазақтардың ауыз әдебиетiндегi аспан объектiлерiнiң алатын орны ерекше. Көшпелi халық үшiн жыл мезгiлдерiнiң ауысуы - аспан жұлдыздарының орын ауыстыруымен байланыстырылды. Қазақтар да, басқа халықтар сияқты, аспан жұлдыздарының адам тағдырына әсер ететiнiне сендi. Өкiнiшке орай қазақтардың фольклорлық шығармашылықтарының көптеген құнды мәлiметтерi жоғалып, аман қалғандары өте аз зерттелгенге ұқсайды. Бiрақ халықтың көптеген аңыздарында, эпостары мен батырлар жырларында және өлеңдерiнде қазақтардың жұлдызды аспан туралы бiлiмдерi шоғырланып, жинақталды. Қазiр бұл тақырыпқа халық ауыз әдебиетiнен жиналған материалдар өте аз. Жұлдыздарды белгiлi бiр топтарға жинаған ыңғайлы, олар шоқ жұлдыздары деп аталды. Бiр кiтаптарда шоғырларды күрделi аллегориялық (бейне-елес) фигура түрiнде бейнелесе, ендi бiреулерiнде - геометриялық фигура түрiнде бейнелептi. Бүгiн ең кең тараған, әрi қарапайым тәсiлдерге Г. Рей тәсiлi жатады.

Біздің жұмысымыз жұлдыз шоғырларының Ислам елдерінде және көне қазақ халқының танымында қалған мәліметтерді жинау болғандықтан, оған қоса, жұлдыз және жұлдыз шоғырларын сала білу, тану мақсатын көздегендіктен, біз көне заманда пайда болып, бүгінгі күнге дейін қолданылып келген жұлдыз атауларын, шоғырлар атауларының мән-мағынасын зерттедік.

І. АСТРОНОМИЯНЫ БІЛМЕСЕК, АСПАНДЫ ҚАЛАЙ ИГЕРЕМІЗ

Кез-келген ғылымды зерттеуді бастамас бұрын оның даму тарихынан бастайды. Себебі бұл ғылыми сала неліктен пайда болды, қандай мәселеге байланысты туды, қалай қалыптасты - соны білу дегеніміз - ғылыми тақырыптың мәнін, маңызын түсіну деген сөз екенін кез-келген ғалым айтады. Міне біздің жұмысымызда да кейбір елдердің тарихи мәліметтері келтіріліп, қазақтардың ауыз әдебиетіндегі аспан объектілері туралы шығармаларымен салыстырып отырмыз.

Астрономияның бiзге белгiлi алғашқы отандарының бiрi - ежелгi Мысыр (Египет) болса, Қытай және Греция болса, ғұлама ғалымдар Аристотелден бастап, Г. Галилей мен И. Ньютон заманына дейін 2, 5 мың жыл бойында астрономия жаратылыс тану ғылымдарының iшiнде «басшысы», «көсемi» болып тұрды. Себебi негiзгi физикалық принциптер мен математикалық әдiстер тек астрономиялық зерттеулер кезiнде «өрлеп», дамыды. XIX ғасырда астрономия физикалық теорияның нәтижелерiн жиi қолданып, басқа ғылымдардан - философия, физика, химия, математиканың зерттеу тәсiлдерiн алып пайдаланды. Сонымен, бiраз уақытқа Астрономия ғылымы «бастаушы», «қозғаушы күш» ролiн бәсеңдетiп алған болатын. Астрономия «өзiмен өзi» болып қала бердi [1] .

Еуропадағы «қайта өрлеу» заманында астрономияның маңыздылығы өсiп, оны дұрыс пайдалана алудың ролi артты - мектептер мен оқу орындарындағы астрономиялық бiлiм беру үрдiсi жаңа оқулықтар, жаңа бiлiм қосты. Астрономиялық зерттеулер орта ғасырлардағы «тоқыраудан» кейiн, қайта жанданып, дамыды. Содан берi астрономиялық ғылымдардың (астрофизика, астрохимия, оптикалық астрономия, сфералық астрономия, т. б. ) дамуы үдемелi қарқында болды.

Актуалдылық туралы . Ғарыш дәуірінің жарты ғасырдай дүниежүзілік тарихы және еліміздегі ғарышкерліктің күрт дамуы - жаратылыстану мен техника ғылымдарының дамуына себепші болса да, бізге - мектеп оқушыларына бұл ғылыми жаңалық аз жеткізіледі: астрономияны біз 9 сыныптан бастап физика пәнімен бірге ғана оқи бастасақ, пәннің өзі тек 11 сыныпта ғана беріледі.

Біздің пікірімізше, астрономиялық білімнің резервтік мүмкіндіктері - мектептің ғылыми жобаларында, оларды іске асыру мүмкіндігінде. Сондықтан да өз ғылыми жұмысымызда біз білім алудың ең көкейкесті мәселесін қозғап, Ғарыш және Әлем туралы кейбір тақырыптарды ашу мәселесін талдадық. Атап айтқанда, Орта Азия және Қазақ даласындағы астрономиялық білімдердің дамуы, тиімді пайдалана алуы қозғалды.

Әрбiр ғылым абстрактiлi ой және абстрактiлi бiлiм түрiнде пайда болмайды - олардың пайда болуына белгiлi бiр тарихи және әлеуметтiк себептері бар. Әлем- Ғарыш туралы ғылымның, дүниеге келуiне не себеп болған? Әрбiр ғылым бөгде ой және әлде-бір бiлiм түрiнде пайда болмайды - олардың пайда болуына белгiлi бiр тарихи және әлеуметтiк себептер бар. Голландияның ғалымы А. Паннекук былай деді: «адам аспанға жүлдыздардың әдемiлiгiне таң қалғаннан қарап, көңiл бөле салған жоқ; ол өзiнiң өмiр сүруi үшiн күрес кезiнде айналасындағы табиғат заңдарын жақсы және көп бiлуi керек болды, тек сондай бiлiм оның құрып кетпеуiне кепiл бола алды. Табиғатты неғұрлым жақсы танып бiлсе, соғұрлым адамның қоршаған ортада өмiр сүруі жеңiлдеп, еңбек етуі де нәтижелi болады. Сөйтiп, тек өмiр үшiн күресте ғана, табиғат заңдарын көп бiлу барысында, адамзат ғылымдары пайда болды» [5] . Сонымен, астрономия да адамзат өмiрiнiң қажеттiлiгiнен туған ғылым екен.

Мысалы, көшпелi халықтар үй-жиһаздарымен, малымен көшкенде, шексiз далада адасып кетпес үшiн кеңiстiкте жер тараптарын бiлуi қажет еді. Су жағасында өмiр сүретiн халықтардың қайық-кемемен өзеннiң, теңiздiң, мүхиттың суларындағы саяхатында - барар-қайтар жолын тауып, адаспай жүру үшiн қажетті астрономиялық бiлімдер қажет болды.

Мектеп оқушыларының Ғарыш және Әлем туралы астрономиялық білімдерге деген құштарлығы орасан зор. Бірақ сол сұранысты кейде астрология мен оккульттік ғылымдар магистрлері қанағаттандырып, өз пайдасына жұмсайтыны мәлім. Ол астрономия пәнін жете білмеуімізден ғой. Сондықтан да осы ғылыми жобамызды орындауда, 8-9 жастағы балалардың білім алу ынталылығын қанағаттандыруға бағыттадық, сол жаста бала әуесқой әрі білімпаз, «бұл не?» дейтін жасқа сәйкес келетін кезеңі.

Біз жоғары аспанға көз тіккенде, сансыз көп жұлдызды көреміз, «бұл не?» сауалына жауап іздейміз, содан кейін «ол қашан пайда болды?», «бұрын болды ма?», «осыдан кейін не болады?» сұрақтар мазалайды. Бұл сауалдарға жауап іздеу барысында «планетарлық көлемде ойлау» мүмкіндігі пайда болады. Біздің ұйғаруымызша, жаңа «планетарлық көлемде ойлау» [2] мүмкіндігінің пайда болуы - астрономияны игеру барысында жаңа талаптарын қояды. Ал ХХI ғасырда «планетарлық тұрғысынан ойлау» мүмкіндігінің ғарыштық көлемділікті талап етеді [2] . Ал бұл жәйт Әлем туралы ғылымды зерттеуде жаңа, әрі жоғары дәрежедегі талаптар қояды. Бірақ Ғарыштық дәуірде және космонавтиканың қарқынды даму дәуірінде астрономия пәніне қызығушылықты туғызып қана қоймай, оны қалай зерттеу амалдарын, қызығушылықты сарқытпау амалдарын жасауымыз қажет.

1. 1. Астрономия ғылымы адамзат өмірінде ерекше алатын орны

Жұлдызды аспанға қарап, бұл дүниеде оның әдемiлiгiне және айбындылығына таң қалмаған адам жоқ шығар. Бұл сезiмдер әдетте сұрақ туғызады, ал сұрақтан - құпияны ашуға талпыныс, тiлек туады. Ғылымдардың ең кәрiсi де, ең жасы да - астрономия . Ол басқа ғылымдардан әлде қайда ерте шығып, Шығыста да қазiргi зерттеулер, ғарышқа ұшырылып жатқан жасанды серiктер мен ғарыш кемелерi «кәрi» астрономияны жасартқандай: бұрын көрмеген, немесе бiлмейтiн құбылыстарын танытып, ал бұрыннан көрiп, кең танымал құбылыстарды қайта тануды талап етедi. Сөйтiп, жұлдыз туралы ғылым - астрономия - ерте замандарда, мал жайылған жазық далаларда, жойқын өзендердiң егiн салынған аңғарларында туған. Ол әрқашан да өмiр талабына сай, өндiрiс процестерiнiң дамуын үдететiн ғылым болатын. Жаратылыстанудың жеке салаларының жүйелi дамуын зерттеп, бiлуiмiз үшiн - табиғи ортада өмiр сүре алуымызды, табиғаттың құрылымын өзгертпеу үшiн және өз қажетiмiзге жұмсау үшiн бiз басқа ғылымдармен қатар астрономияны да жақсы бiлуiмiз керек [3] .

Қазiргi кезде астрономия ғылымы қажет пе? Бүгiнгi астрономияның физика, химия, биология және басқа да ғылымдардан көп айырмашылықтары бар. Физика мен астрофизиканың қалыптасуы теориялық және практикалық астрономиямен қалай байланысты болса, қазiргi астрономияның дамуы теориялық және эксперименттiк физикамен солай дамиды. Жылдың әр мезгiлiнде аспан денесiнiң көрiнiсiнiң өзгеруiн бақылау өте қызықты.

Астрономия адамзат өмiрiнiң қажеттiлiгiнен туған ғылым. Мысалы, көшпелi халықтар үй-жиһаздарымен, малымен көшкенде, шексiз далада адасып кетпес үшiн кеңiстiкте дұрыс ориентацияны («ориентация» - латын тiлiнен «ориенс» -«шығыс» деген сөз) бiлуi керек. Су жағасында өмiр сүретiн халықтардың қайық не кеменiң үстiнде өзеннiң, теңiздiң, мүхиттың суларымен жол кешкенде - барар жолын, қайтар жолын бiлу, саяхат кезiнде адасып кетпес үшiн ориентациясын бiлу өте қажет болды [5] . Айта кетейiк, ең басты ориентация - Күн, оның шығуы мен батуы. Одан кейiн екi бағыт - солтүстiк және оңтүстiк . Түнгi кезде күннiң шығысы мен батысын айыру қиын, бұл жерде тек жұлдыздар туралы бiлiм көмектеседi. Жұлдыздар, жердiң қозғалысы салдарынан, аспан сферасында орын ауыстырады, сондықтан таң атқандағы жұлдыз кешке қарай аспан сферасының басқа жерiнен көрiнедi. Ерте кездерден-ақ адамдар жұлдызды аспандағы ориентациясын жетiлдiру үшiн, аспан сферасында жиi көзге көрiнетiн жұлдыздарды жұлдыз шоғырларына бiрiктiре алды. Ол жұлдыздарды оңай еске сақтау үшін қажет болды. Сонымен қатар ел аузында ірі астрономиялық апатты уақиғалар ертегілер түрінде қалыптасқан. Оған қоса, жыл мезгiлдерiне сай қайталанатын ірі апатты құбылыстар немесе кездейсоқ жойқын апаттар, не басқа да елеулі уақиғалар да ел аузында қалған [5] . Сөйтіп, біз ғарыштық Әлемді танудан бастап, Ғарыш туралы және астрономия білімдерімізді толықтыруға жұмысымыз арқылы мүмкіншілік береміз деп үміттенеміз.

Жерге егiн және дәндi дақылдар егетiн, жемiс-көкөнiс, бидай өсiретiн халықтар үшiн күннiң аспан сферасындағы нақтылы, дәл жүретiн жолын және уақытын бiлу, яғни, жыл мезгiлiндегi ориентация - адамның қорек тауып, аман қалу жолындағы табиғатпен күресте маңызы зор едi. Сондықтан, Месопотамия, ежелгi Мысыр (Египет) және Қытай, Грекия жерлерiн мекендеген халықтар арасында астрономия ғылымы ерте заманда пайда болып, жақсы дамыды. Бұл халықтардың ауызша әдебиетінде, жазбы түрінде жинаған және келер ұрпаққа қалдырып кеткен мұралық білімдері орасан зор, ал астрономиялық, Ғарыш туралы мәліметтер осы күнге дейін қазіргі ғалымдар зерттеуде. Ел аузында аңыз болып қалыптасып қалған астрономиялық құбылыстар, уақиғалар бүгінгі ғалымдар мен астрономияға қызығушы кез-келген білімпазды қызықтырып қана қоймай, білімдерімізді еселейді, аспан объектілерін еске сақтауға көмектеседі.

Оның үстіне ертегілер мен аңыздар түрінде қалыптасқан уақиғалар Жер бетінде бұрын-соңды шынында да болып кеткен астрономиялық апаттарды, жыл мезгiлдерiне сай қайталанатын ірі апатты құбылыстар немесе кездейсоқ жойқын апаттарды бізге мәлім қылып, қалай болғаны туралы таныстырады. Ел аузында қалған елеулі уақиғаларды зерттеу арқылы ғалымдар қай уақиғаның қашан болып өткенін, қандай жағдайда болғанын, қандай табиғи құбылысты суреттегенін анықтап, астрономиялық ғылыми мәліметтерін толықтыруда.

Астрономияның бiзге белгiлi алғашқы отандарының бiрi - Ежелгi Мысыр. Нiл өзенiнiң тасуы мысырлықтарды үнемi күйзелiске ұшыратып отырғанын тарихтан жақсы бiлемiз. Бертiн келе Мысыр абыздары Нiл өзенінiң Сүмбiле жұлдызы туғаннан кейiн көп ұзамай таситынын аңғарды. Айта кетейiк, бұл жұлдыздың Еуропа ғылымындағы атауы - Сириус болса, басқа аты Сотис , ал қазақ даласындағы ел оны Сүмбiле дейдi екен [4] . Жұлдыздар мен жұлдыз шоғырларының бұндай көп атаулылығы кездейсоқ та емес және өте жиі кездесетін әдет екен. Ол туралы төменде айтылады.

Мысалы, бiздiң эрамызға дейiн 4 000-шы жылдары мысырлық абыздар су тасууның дәл алдында, аспанда біраз көрiнбей, 70 тәулiктен соң алғаш рет аспанда сол Сүмбiле жұлдызы шығатынын байқаған. Нiл өзенi шiлде-қыркүйек кезiнде суға толып, Нiл жазығын топан су басып кетеді екен. Су оңтүстiктегi Виктория көлiнен келіп, су тасқынының енi 20 километрлік үлкен көлге айналады екен. Су тасқынының басталу уақытын айыра бiлу - адамдардың аман қалу үшін маңызы зор едi. Нiлдiң суы тартылғанда, мысырлықтар жеріне қайтып келіп, егiн, дәндi дақылдарын еге бастайды екен, ал 4 айдан соң өсірген өнімді жинайды. Наурыздан бастап 4 айға су тартылып, жердiң бетiн шөл басып кететiн. Сөйтіп, келесi шiлдеден бастап жаңағы табиғи үрдiс қайтадан басталады екен [3] .

Сүмбiленiң көрiнуi мен Жер бетiнiң топан су басып кету үрдiсiнiң әрбір 360 тәулiкте қайталанатынын мысырлық абыздар жақсы бiлiпті. Бiр қызығы: бұл құбылыс алғашқы календарьдың да пайда болуына себепкер болыпты [5] . Бұл жәйт аспан денелерiн бақылау календарының дамуына да елеулі септiгiн тигiзiп, «мұхиттар мен теңiздердегi саяхаттар орта ғасырларда астрономияның күрт дамуын қамтамасыз еттi» [6] . Міне, табиғаттың осы құбылыстарының дәл басталуын және аяқталуын мысырлық абыздар жұлдыздарға, Күнге қарап дәл анықтай алғанын айттық.

Сүмбiлеге сай календарь жасалып, астрономиялық бақылау мен зерттеулер нәтижелерiнiң қоры жинала басталыпты. Нiл суының деңгейінің көтерiлiп, тартылуы кезеңдерiн есептеу жұмыстары - Мысыр астрономиясының пайда болуына себепкер болса, екiншi жағынан егiншiлiк кәсiбiнiң дамуына өз елеулі ықпалын тигiзді, оған қоса, солардан пайда көргiсi келген абыздар кастасы өз үстемдiгiн нық орнатты. Басқаша айтқанда, қай заманда болмасын аспан жұлдыздары адамзаттың өмiр үшiн күресiнде адамзатқа серiк болып, аман қалуына мейлiнше көмегiн көрсеттi. Мысырдан кейiн астрономия ежелгi Вавилон, Үндiстан, Қытай елдерiне тарап, мыңдаған жылдар бойындағы зерттеулердiң арқасында жиналған астрономиялық бiлiм ежелгi Грекия ғалымдары белгiлi бiр жүйеге келтiре бастады. Мiне сонда ғана астрономия ғылым деп танылды, алғашқы кiтаптар мен қағидалары пайда болды. Әсiресе Гиппарх пен Птолемейдiң еңбектерi зор. Клавдий Птолемей «Әлмагест» - «Әлемнiң ұлы құрылысы» атты әйгiлi шығармасы ІV ғасыр бойы дүние жүзiндегi астрономдардың ең басты арқауы болды.

1. 2. Аспан күмбезi туралы алғашқы мәлiметтер

Жұлдыздар бір-бірінен және Жерден әртүрлі қашықтықта орналасқан. Бір-бірінен орасан зор қашықтықта болса да, Жердің бетінде орналасқан бақылаушының көзіне барлық жұлдыздар бір сфералық бетте орналасқан тәрізді және Жер қозғалған сайын белгілі бір жұлдыздар тобы бір-бірінен «айрылмайды», құрмаласып, аспандағы орнын сол тобымен бірге қосақтап өзгертетiндей. Сондықтан бұл топ - жұлдыздар шоғыры деп аталды. Жұлдыз шоғыры көрер көзге аспан күмбезiнiң (сферасының) сыртында қапталып, бiзге «шардың» сыртқы бетiне жабысып орналасқандай көрiнедi, ол шардың біз ішкі бетін ғана көреміз, ал «шардың» сыртында жұлдыз шоғырлары және космос әлемі - орналасқан тәрiздi. Аспан күмбезiнде жұлдыздардан басқа планеталар, кометалар, метеорлар мен метеориттер, планета-аралық шаң-тозаң мекендейдi.

Қолайлы түндері жәй көзге 2000-ға жуық жұлдыз көрінсе, соның ішінде жарығы ең күштiлерi 30-ға жуық жұлдыз, мысалы: Сүмбiле (Сириус), Капелла, Вега, Темiрқазық (Полярлық жұлдыз), т. с. с. Аспандағы көзге көрiнетiн жұлдыз шоғырларының түгел саны - 88, бұл тұтас аспан күмбезiндегi түгел көзге көрінетін жұлдыз шоғырлары. Біздің ендікте солтүстiк жартышарда көрінетіндері - 60-қа жуық. Ал аспан күмбезiнде бір мезгiлде ғана көрінетіндері - 20-шақты жұлдыз шоғырлары. Оларға:

а) жануарлар аттары қойылды - үлкен аю, Арыстан, Айдахар, . . .

б) мифология кейiпкерлерiнiң аттары - Кассиопея, Андромеда, Персей, . . .

в) жұлдыз шоғырларына ұқсас фигуралардың аттары - Солтүстік Тәж (Северная Корона), үшбұрыш (Треугольник), Жебе (Стрела), . . .

XVII-ші ғасырдан бастап жеке-жеке жұлдыздарға грек алфавитіндегі әріптер қойылып, біраздан кейін тіпті оларды нөмiрлей бастады. Мысалы:

Үлкен арланның -жґлдызы ( -Большого пса) - Сүмбiле (Сириус) ;

Возничийдiң -жұлдызы - Капелла;

Лираның -жұлдызы - Вега;

Орионның -жұлдызы - Бетельгейзе;

Ориона -жұлдызы - Ригель;

Персея -жґлдызы - Алгол; т. с. с.

Аспан күмбезiн үнемі қозғалып- бір жұлдыз шоғырларынан екіншісіне үнемі көшіп отыраты аспан денелерiнiң бiзге ең елеулiсi Ай. Яғни, Ай Батыстан Шығысқа қарайқ қозғалғанда, тәулігіне шамамен 13 0 -қа ығысады. Сөйтiп 12 жұлдыз шоғырларын аралап өткенде, Ай аспанды толық айналып өтеді (ол 27, 32 тәулік iшiнде болатын толық бiр ұрдiс) .

Күн де, Ай секiлдi, 12 жұлдыз шоғырын аралап өткенде де, бір тәулікте 1 0 -қа ығысады сөйтіп 12 жұлдыз шоғырын Күн бір жылда өтеді.

1. 3. Шығыстағы жұлдызды аспан құрылымы жәйлі астрономия ғылымының дамуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік философиялық мұра
Бастауыш қазақ мектебіндегі математиканы оқыту тарихы
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы туралы
Қазақтың тәрбие ұғымы
Ислам дінінің таралу ерекшеліктері
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақта
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz