Нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік-инвестициялық қызметтері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1. Нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік-инвестициялық
қызметтерінің теориялық негіздері мен рөлі
1.1 Инвестиция түсінігі, мәні, қажеттілігі және оның
жіктемесі ... ... ... ... ... ..10
1.2 Несиенің мәні, мазмұны, қажеттілігі және
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3 Несиелік – инвестициялық операцияларды ұйымдастырудың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
4. Инвестициялық-несиелік операцияларды жүргізудің шетел
әдіснамасы және оны Қазақстан экономикасы жағдайында
қолдану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...35
2 Екінші деңгейлі банктердің несиелік-инвестициляқ операцияларды жүзеге
асыруның қаржылық мүмкіндіктерін талдау
2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банктердің несиелік-
инвестициялық операцияларды жүргізуінің қаржылық
қамтамасыздандырылуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2. Коммерциялық банктердің несиелік-инвестициялық операцияларын
экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 49
Екінші деңгейлі банктердің ин.вестициялық-несиелік
операцияларының тиімділігін арттыру мен бағалау әдістерін
жетілдіру
1. Инвестициялық-несиелік операцияларды жүргізуде маркетингтік
зерттеулерді ұйымдастыру және қолдануды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... 58
2. Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық-несиелік операцияларды жүзеге
асыруында клиенттерінің қаржылық жағдайын IT технологиясы арқылы
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77
Кіріспе
Әлемнің кез келген мемлекетінің экономикасының қызмет етуі және дамуы
адамзат өмірінің көптеген факторларының өзара байланысының күрделі де, көп
қызметті механизмі болып табылады. Бұл механизм жөніндегі қазіргі ғылым
терең және де толық емес, кей тұсында жалпылама, сондай- ақ, күрделі де
қарапайым.
Қазіргі кездегі экономиканың шындылығы, өзгерме ортада өтуде және
өзгеру жылдамдығы оның зерттелуінен озық. Ендеше, экономикалық теорияның
қазіргі жағдайы ғылыми экономистердің қанағаттанбаушылығына негіз бола
отырып, көптеген өзекті проблемалардың шешілмеуіне және күрделі шындықтың
барлық талаптарына жауап бере алмауда.
Нарық механизмінің қызметі жөнінде, нарықты зерттеу әдістері мен
принцптері, экономикалық конъюктура жөнінде, еркін нарықтық экономикада
кәсіпорынның бәсекелік позициясына әсер ету шараларының жиынтығы жөнінде
терең білімді нарықтық басқару концепциясы ретінде маркетинг береді.
“Бізге экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік
орталықтарын айқындап алып, олардың дамуын тұтастай алғанда еліміз
экономикасының мүдделеріне бағындыру керек” деп Президент 2007 жылы
Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, қазіргі таңда инвестициялық-
несиелік операциялар, экономика ғылымының өзекті салаларының бірі болып
табылады. Егер нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде инвестициялық
салымдыр маңызды орынға ие болса, қаржыландыру көзі де, бизнестегі өз ойын
қалыптастыру үшін де, ұсынылып отырған жобаның өміршеңдігін бағалау үшін де
қажетті осы жоспарларды жасау тәжірибесі Қазақстанда әлі жиналуда1.
дамыған
Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және
орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығымен бекітілген
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік
экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.
Бірақ отандық кәсіпкерлікті дамыту жолында бар кедергілер толық жойылды
деп есептеуге болмайды, сондықтан кәсіпкерлік сферасының динамикалық даму
және оның функционалдау тиімділігін жоғарылатуға ықпал жасайтын механизмдер
қалыптастырылуда және әрдайым жасалуда.
Инвестициялық процестiң белсендiлiгiн арттыру әлеуметтiк-экономикалық
қайта құрудың ең бiр әрекеттi механизмдерiнiң бiрi болып табылады.
Нарықтық жағдайды және микро-, макро деңгейде инвестициялық қызметтердiң
механизмдерiн жан-жақты теориялық зерттеу қазiргi кезде өзектi мәселелердiң
бiрi.
Инвестициялық шығындардың тиiмдiлiк белгiлерiн, несиелер мен
экономикадағы құрылымдық өзгерiстердiң өзара байланысы мен өзара
негiздiлiгiн, инвестицияның салалық құрылымдағы, сонымен қатар
халықшаруашылығының негiзгi салаларындағы: негiзгi өндiрiс, өндiрiс пен
әлеуметтiк инфрақұрылымдағы басымдылығын анықтау маңызды мәселе болып
табылады.
Жаңа коммерциялық мүмкiндiктерге байланысты банктің шаруашылық iс-
әрекетiнiң түбегейлi өзгеруi капитал салымдық стратегияны жасаудың
алғышарты болып табылады. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру өнім
ассортименттердi өзгертудi, жаңа өндiрiстiк технологияларды енгiзудi,
өнiмдi өткiзудiң жаңа нарықтарын игерудi және т. б. талап етедi. Мұндай
жағдайда ұйымның капитал салымдық белсендiлiгiнiң едәуiр артуы және оның
капитал салымдық iс-әрекет аясын кеңейту нақты капитал салымдық
стратегияларын жасауды қамтамасыз ететiн болжамды сипатта болады.
Маркетинг нарық және өндіріс облысындағы кешенді, кең жақты және
мақсатты бағытталған қызмет ретінде, нақты нарықтық міндеттерді тиімді де,
жағдайға сай жолмен шешілуін қамтамасыз етеді.
Нарықты зерттеу әдістерінің әлемдік тәжірибеде өңделген жиынтығы
ретінде, тауарларды, қызметті өндіру және өткізу бойынша жаңа идеяларды
іздеуде, клиенттердің, тұтынушылардың қажеттіліктерін терең зерттеу және
оларды жаңа қызметтер, өнімдер арқылы тұтынушылар мен өндірушілер
арасындағы байлантысты тиімді ұйымдастыруда, өткізу жүйесін жетілдіре
түсуде Қазақстан нарығының барлық шаруашылық қатынастарын қайта құру рөлін
алады.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың мақсаты экономиканың қазіргі
жағдайындағы банктердің инвестициялық-несиелік операцияларының рөлі мен
мәні терең ұғына отырып, шетелдік әдістеме негізінде Қазақстан экономикасын
қазіргі жағдайына қолдану мүмкіндіктерін теориялық және практикалық
тұрғыдан зерттеу.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
1. Нарық жағдайындағы инвестициялық-несиелік операциялардың теориялық
негіздерін терең талқылау;
2. Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық
мекемелерде инвестиция iсiн жетiлдiру үшiн нақты ұсыныстарды
өңдеп шығару.
Жұмыстың мәнi мен объектiсi. Жұмыстың мәнi реттiнде банктердің
қаржылық iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтаудың
құралдарымен және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық
сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының банк
жүйесінің қызметi болып табылады.
Диплом жұмысынын әдiстемелiк негiзiн: Қазақстан Республикасының
заңдары, ережелерi, шетелдiк және отандық экономистердiң ғылыми еңбектерi,
оқулықтар мерзiмдi басылымдардың, статистикалық анықтамалықтардың
мәлiметтерi құрайды.

1.1 Инвестиция түсінігі, мәні, қажеттілігі және оның жіктемесі
Инвестицияны тар мағынасындағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны
өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін
әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар
инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол
ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау
банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы
салым кепілденген табыс береді.
Көбінесе инвестиция деп – пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу
мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әр түрлі экономика салаларының
обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық
түрлері түсіндіріледі. Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк
несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және
қозғалмайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, т.б.), жерді пайдалану
құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны “тірі және
затталған еңбектің өндірістік қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс
үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған
салымдар үрдісі”. М.И. Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың
өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді, пайда
алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады2.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы
кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық
табыстың тұтынылмаған бөлігі.
Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзепге асыратын жеке адам,
ұйым немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) –бұл қарапайым және өндіріс
қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры,
машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды.
Олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның
дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі
техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану
және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестиция – алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік
және жеке, тура және портфельді (қоржынды) болып негізгі
материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен
жабдықтарға, тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Портфельді инвестиция (қаржы инвестициясы) деп кәсіпорынның құнды
қағаздарын сатып алу сияқты жобалар тобына капиатал салуды айтады. Ол
мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы
қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция
жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін
құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды
қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған
орай портфельді инвестициялар көбінесе, қысқа мерзімді қаржылық операциялар
түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп - өндіріс процесіне тікелей қатысатын
инвестицияларды айтамыз. Олар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа т.б. жұмсалымы. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалды
қорына салынатын инвестициялар.
Нақты инвестиция инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Портфельді немесе
қаржы инвестициясы жағдайында инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу
арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау”
Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік
кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған
инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар –
қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік
бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың
атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші
рөлге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді
резервтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негігі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір
бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске
асырудағы жіберілген ақша қаражаттары.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
3. Мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
4. Қаржылық инвестициялар;
5. Материалдық емес инвестициялар.
Мүліктік инвестициялар – бұл нақта инвестициялар. Қаржылық
инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың
жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да
құнды қағаздарды сатып алу3.
Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға зерттеу
мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын
инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды
негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
2) өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағыттылған, кеңейту
инвестициялары (экстенсивті инвестициялар).
3) қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын
қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып
алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты
инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған
ауысттыру инвестициялары;
- рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық
жабдықтарды немесе роцестерді жетілдіруге жұмсалады;
- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар
- девирсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің
номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және
жаңа сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
- болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған инвестициялар.
Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға жарнама, қоршаған ортаны
қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
- капитал салымын қаржыландыру;
- инвестициялық объектілерін анықтау;
- аталғандардың орындалуын бақылау.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті
болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы
тиімді шараның бірі.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел
салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде
нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да
өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз
ететін жобаларға жұмсалады.
Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Жобалау класына қарай:
- мегожоба;
- мультижоба;
- моножоба деп бөлінеді.
Мегожоба, бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара
байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын
мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады
және басқарылады.
Мысалы:
- халық шаруашылығының құрылымдық рефорса жасау;
- нарыққа өту және нарық үлгілерін жасау;
- сондай-ақ экономиканың жекелегкн секторлары мен түрлері өрістерін
дамыту бағдарламасы.
Бағдарламалар:
- халықаралық;
- салалық;
- сала аралық;
- аймақтық болуы мүмкін.
Мультижоба – ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберңнде жүзеге асырылатын жоба.
Моножоба бұл – нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
- техникалық;
- ұйымдық;
- экологиялық;
- әлеуметтік жобалар.
Бизнес – ақшаны бөлу, пайда алуға бағытталған стратегиялық және
тактикалық тәсілдердің жиынтығын құрайтын адам қызметінің күрделі түрі
болып табылады.
Несиелік салымдар жүзеге асыру жоспарлары шет ел тәжірибіесінде бизнес-
жоспар деген атқа ие болды.
Бизнес (ағылшыннан аударғанда business: іс, қызмет, коммерция дегенді
білдіреді) – пайда беретін, табыс немесе басқа түсімдер әкелетін
экономикалық қызмет немесе басқа қызмет түрі. Бизнес-жоспар бұл іскерлік
жоспарлауды білдіреді.
Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде оның алуан түрлі анықтамалары бар,
біразы шетелдік тәжірибеден алынған. Түрлі дерек көздерінен алынған бірнеше
инвестициялық-несиелік жоспардың анықтамаларын қарастыра көрелік:
Инвестициялық-несиелік салым банктің ішкі жоспарлау құжаты болып
табылады, мұнда банктің коммерциялық қызметінің барлық негізгі
жоспарларының аспектілері баяндалады, қаржы шаруашылық міндеттерді шешуге
тиімді тәсілдер мазмұндалады.
Инвестициялық-несиелік салым – банктің өзіндік кәсіпкерлік қызметіне
берілетін шынайы баға, сонымен қатар ол нарық қажеттіліктерімен қалыптасқан
жағдайға сәйкес инвестициялық–инновациялық шешімдерінің қажетті құралы.
Нарықтық экономикада инвестициялық-несиелік салымдар жұмыс істеп
тұрған банктер үшін кәсіпкерліктің барлық саласында пайдаланылатын жұмыс
бағдарламасы болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан экономикасында
инвестициялық-несиелік салымдар жасау қажеттілігі туып отыр, себебі
инвестициялық-несиелік операциялар керекті кәсіби тәжірибесіз кәсіпкерлік
қызметтің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін құрал болып отыр.
Инвестициялық-несиелік операциялар тек инвестиция, несие алу үшін ғана
емес, сонымен қатар ойдың өміршеңдігін анық көре алу үшін де керек4.
Инвестициялық несие шеңбері 1-суретте көрсетілген.
Еркін кәсіпкерлік пен бизнесті жоспарлаудан құралады. Ешкім де
бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін несие алуға немесе жоспар
жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын-
ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.
1-сурет. Инвестициялық несие шеңбері
Нарықтық экономикада инвестициялық несиелеу операцияларының түрлері,
мазмұны, құрылымы және тағы басқа белгілері бойынша көптеген үлгілері бар
(2-сурет).
Инвестициялық несиелік операциялар тұлғаның негізгі ойын, пайда
әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді.
Жоспарда белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп,
негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. Әдетте, инвестициялық несиелер:
ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды
мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де
жеткілікті.
Әр түрлі белгілерге қарай инвестициялық жобаларды келесідей ажыратуға
болады:
• соңғы тұтынушы бойынша – ішкі пайдаланушыға, банктерге, жергілікті
әкімшілікке, бизнес-серіктеске (сатып алушылар, несие берушілер),
акционерлерге, инвесторларға арналған инвестициялық жобалар;
• жасау мақсаттары бойынша – сыртқы қаржыландыруды алу; даму
стратегиясын құру; компания іс-қызметін жоспарлау үшін арналған
инвестициялық жобалар;
• ресімдеу бойынша – қосымшасы бар және қосымшасыз инвестициялық
несиелер;
• көлемі бойынша – қысқартылған және жайылыңқы инвестициялық
несиелер;
• пайдаланатын әдістемелер бойынша – ЮНИДО (UNIDO) халықаралық,
қазақстандық, ресейлік немесе жаңа батыс әдістемелерді пайдаланып
жасалған инвестициялық несиелер;
• жоспарлау көкжиектері бойынша – ұзақ мерзімді, орта мерзімді,
қысқа мерзімді инвестициялық несиелер;
• қаржылық моделдеу бағдарламаларын пайдалану бойынша – Project
Expert; АльтИнвест; Excel негізінде жасалған есептеулер;
finmodel.ru сайтының бағдарламасын пайдалану арқылы жасалған
инвестициялық несиелер;
• жоспарлау объектісі бойынша – инвестициялық несиелер келесі
субъектілердің қызметі жоспарлану мүмкін: компаниялар; компания
тобы; шағын кәсіпорын; жоба; бизнес-бірлік (бизнестің бағыты).
2-сурет. Инвестициялық салым түрлері
Инвестициялық-несиелік операциялар негізінде іс-әрекет бағдарламасы
немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді.
Бірқатар жағдайларда инвестициялық несиелік іс-әрекеттер бағдарламасы
мен жоспар біріктірілген. Операцияның инвестициялық несиені дайындау
кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер
инвестициялық несиелік құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда
кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат инвестициялық
несиелер жасау үшін, операция басталғанға дейін инвестициялық жоспарды құру
қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек. Егер сіздің
инвестициялық жосапрыңыз болмаса, онда бизнес-операцияны қаржыландыруға
несие беруге келісім беретін адамды таба қоюыңыз қиын болады5.
Инвестициялық-несиелік операция процесі 3-суретте көрсетілген.
3-сурет. Инвестициялық-несиелік процес
Инвестициялық-несиелік операциялар құрылымы мен мазмұнында қатаң тәртіп
жоқ, бірақ теория мен экономикалық тәжірибелермен белгіленген талаптар мен
ережелерге бағынады.
Сіз өз бетіңізше алдын-ала инвестициялық жоспар жасай аласыз. Ол үшін
мынаны ескеру қажет, капиталды инвестициялардың бастапқы шарты – болашақта
алғаш инвестициялаған капитал шығынының орнын толтыруға жеткілікті болатын
ақша түсімдері түріндегі экономикалық қайтарым алу, белгіленген мерзім
ішінде инвестициялық жоспарын іске асыру.
Кез келген инвестициялық жоспардың тартымдылығы туралы әңгімелегенде,
төрт элементті қарастыру қажет:
- шығындар көлемі – инвестициялар (investment);
- шаруашылық қызметтен келетін ақша түсімдері түрлеріндегі әлеуметтік
пайдалар (operating cash teows);
- инвестициялар өмірінің экономикалық мерзімі, яғни инвестициялық
жоспардың кіріс әкелетін уақыт кезеңі (economic);
- инвестицияның экономикалық өмір сүру мерзімі соңында капиталдың кез
келген босатылуы – ликвидтік құн (termina value).
Төрт элементке жасалған экономикалық талдау инвестициялық жоспардың
тартымдылығына баға беруді мүмкін етеді.
Инвестициялардың жалпы түсініктемелері бір-бірінен онша ерекшеленбейді.
Мәселен, инвестициялар дегеніміз – капиталдың орналасу тәсілі, ол капитал
құнының сақталуын немесе ұлғаюын қамтамасыз етеді немесе кіріс көлемін
әкелуі тиіс.
Мәселен, макроэкономикада инвестиция өндірістің жаңа құралдарына
арналған, жаңа тұрғын үйге арналған шығындардың жиынтық шығыны болып
табылады, тауар қорларының өсімін білдіреді. Басқаша айтсақ, инвестиция
дегеніміз – ағымдағы кезеңде тұтынылмаған, бірақ экономикадағы капитал
өсуін қамтамасыз ететін ішкі өнім үлесінің бір бөлігі.
4-суретте гипотезалық инвестициялық-несиелік операциялардың қаржылай
профилі келтірілген.
шаруашылық қызметтен келетін
ақша түсімдері ликвидтік құн
инвестициялардың
өзін сақтау мерзімі интегралдық
экономикалық
нәтижелілік
уақыт
бастапқы инвестициялар
инвестициялардың экономикалық өмір сүру мерзімі
4-сурет. Гипотезалық инвестициялық-несиелік операцияның қаржылай
профилі
Микроэкономикада инвестиция жаңа капитал жасау процесі (өндіріс
құралдары мен адам капиталын қоса алғанда) ретінде анықталады.
Қаржы теориясында инвестиция деп шынайы немесе қаржы активтерін жасау
процесі ұғынылады, яғни ол бүгінгі таңдағы белгілі бір құнның шешімін емес
болашақтағы құнына алмасу болып түсіндіріледі.
Қаржылық – экономикалық сөздікте келесі анықтама беріледі: Инвестиция
дегеніміз – кіріс алу мақсатында негізгі және айналым капиталына салым
салу. Материалдық активтерді инвестициялау деп жылжитын және жылжымайтын
мүлікке (жер, ғимарат, жабдықтар т.б.) салым салуды айтамыз. Қаржылай
активтерді инвестициялау – құнды қағаздарға және басқа қаржы құралдарына
салым салу болып табылады6.
Жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз – пайда алу және (немесе) басқа да
пайдалы нәтижелерге қол жеткізу мақсаттарында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет объектілеріне салынатын ақша қоры, құнды қағаздар, ақшалай бағаға ие
басқа да құқықтар.
2. Несиенің мәні, мазмұны, қажеттілігі және рөлі
Несие құннының, белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді.
Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі
жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес
қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс
сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада
несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы
қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік
қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының
мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде
өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері йндивидуумдардың қолдарына тиместен
бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт,
өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен
және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала
алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс
көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің
өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен
ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестіруімен
байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі
маңызды жағдай 1 - үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір
индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2 - ол қоғамнан келіп шығатын көз
ретінде анықталады. Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол
индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі
бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген
қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге
индивидуумнан шығатын кез ретінде аңықталады. Үлестіру фазалары және
айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары
арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп
есептеуге мүмкіндік көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді
үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінін
иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті
дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі.
Несиенің ұя айы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы
өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында
субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған басқа
субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама-қайшылық
пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс
пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің
дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде
болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн
қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде
мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату
мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші
болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату
мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың
арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды
өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің
қайтарылуы кейінге қалдырылады. "Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды
шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнынымен және ақшаның тұтыну құнын
жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны
иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын
өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді7.
Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді
қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды
өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыға тек идеалды түрде ғана
белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек
кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы
функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының
кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық
жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып
алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып
алу-сату мәмілесі олардың арасында кездей-сок, өткінші байланысты жүзеге
асырады. "А" тауарды "В"-ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында
тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана
орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда
барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл
мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты
жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осын-дай
мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан
тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді.
Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн
мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну
құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. "Біз жай тауар туралы, тап осындай
тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр
түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың колында
иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында,
басқасында ақшалай формада болады. Қарыз кезінде "акшалай капиталист бұл
мәміледе кұнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан
оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана
құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді".
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық
табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық кажетін және
жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрыдыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы
нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп,
біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі
өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық
(ростовщический) несие деп аталды.
Өсімкорлық несиеге тән белгілер: несие, берушілер -көпестер,
саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу іиелері мен үлкен діни
ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен
феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын
өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-
әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы
ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр
етті. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі
қалаларында өсімкорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21
процентте;н 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200%-
ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несисе капиталистік
өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі
өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістін пайда болуына негіз дайындады.
Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда
болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.
Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз
капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің
өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім
өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені,
негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша.
Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал
ретінде өсім ақы түсіреді, капиталиста несиені, керісінше, несие беруші де,
қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің
құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістін өсуіне, ал
екінші жағынан капиталист нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне
жағдай жасады.
Төртіншіден, өсім шығу көзіне байланысты. Капиталистік несие үшін өсім
ақының көзі - жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлык несие
үшін өсім ақының көзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім
өндірушілердін қосымша еңбегі.
Бесіншіден, ақының деңгейі бойынша. Өсім-қорлық несие үшін өсім ақыны
өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды,
капиталиста несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі
кетеді.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист-меншік иесінің жұмыс істеуші
капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау
негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық капитал
капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы -
капиталиста өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының
қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие
қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы
маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін онын
заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші
өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады.
Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда
болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне
алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан-қолға
өтетін айырбас процесі-несие қатынастарының туындайтын көрінісі8.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: "А" тауарды
"В"-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік "А"-дан "В"-ға
өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: "А" "В"-
ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн "А"-дан тауар "В"-ға орын
ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік "А"-да сақталады.
Осылайша, сатып алу-сату мәмілесі меншіктің оны пайдалануымен сәйкес келуін
ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне
негізделген. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес
келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу-сату
мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз
актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу-сату мәмілесінде сатушы ақшаның
көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға
айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты
болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа
қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша
белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және
олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін
бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп
түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасын осы
формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас
арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде
өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік
байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын
өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр
түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді,
ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атауымен -несие - бекітіледі, бірақ әр
түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр
түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып
отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің
алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы
шаруашылық жүйесіндегі несиені женуші және жоққа шығарушы болып табылады.
Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының
әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан
бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі,
тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар
шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы
қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының
өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын
әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық
шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық
өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар
талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына
тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп
алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын
әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының
алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар
болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады:
біріншіден, оның техникалық-зандылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер
тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және
себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің
экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардын белгілі бір
формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес,
өндірістік қатынастырдың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза
техникалық тұрғыда, машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне
анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан
қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік
жағынан да қарастыруын, ягни машина өндірісі негізінде пайда болатын және
дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір
жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші
жағдайда - біз машина өндірісін техникалық-экономикалық категория, ал
екінші жағдайда - экономикалық категория ретінде қарастырамыз.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-заңдылық
белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің
белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың
алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені
құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан
қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым
категориясы ретінде қабылданады9.
Несие теориясы оны техникалық-заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық-
экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңдылық
белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы
әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар.
Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше
техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін эко-номикалық
категория. Несие экономикалық категория ғана емес,сонымен қатар тарихи
категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи
категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек
натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады.
Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады.
Біріншіден олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды;
екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы
үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі
тауарды иелігінен шығара отырып басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар
меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген
экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады,
біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы
көбінесе объектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын
ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама
қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден
тұрады.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері беруші және қарыз алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы
негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай
эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы
тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-
қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның
өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы - қарыз беруші, ал
сатып алушы -борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте
эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын
жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы
өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор - саудагер, көпес
тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен
тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілерінін едәуір байлықтарын жинақтайтын
шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік
үйлер болды10.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі
ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған
қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру
арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа
барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола
отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды
жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда
босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі.
Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз
алушыға береді.
Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы
эквивалент төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына
жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу-сату, тауарды жіберу мен оны
төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің
кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт
өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің
мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс
процесінің барысына байланысты. Қарыз алушы - несиелік қатынастың,
несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді.
Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы
бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең
түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы
туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік
танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз
еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған
еді. Өсімкорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердің
көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз
берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекетгің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие.
Біріншіден ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды,
олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің
ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған
қаражатгарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да
пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы
кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын
аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы
кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық
өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден,
қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен
қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің
кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз
алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған
қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін
орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз
мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді.
Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары
ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі
сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және
қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор - қарызды беруші
жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шенберінде олардың
әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты
өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі
болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі. Сондай-ақ, несиелік
қатынастар құрылымынын элемент, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін
және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып
табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі
ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында,
ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен қарыз алушы
арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше
қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы - оның авансылану
сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып,
қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз
алушының шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде онда
жасалуы тиіс табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға
несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай
қаражаттың болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі
екендігі және сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz