ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ


ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ ОБЛАСТИ
2006 жылғы қаңтар-тамыз
январь-август 2006 года
Усть-Каменогорск, 2006
СОДЕРЖАНИЕ
1. 2006 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-тамызда ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫлары 5
2. ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРІСІ 7
2. 1 Өнеркәсіп өндірісі 7
2. 2 Ауыл шаруашылығы 12
2. 3 Құрылыс 15
2. 4 Көлік және байланыс 16
2. 5 Сауда және басқа да қызметтер көрсету 17
3. Шағын бизнес мониторингі 19
4. Негізгі капиталға инвестиция жұмсау 24
5. БАҒАЛАР 26
5. 1. Тұтыну бағалары 26
5. 2. Экономиканың нақты секторындағы бағалар 28
6. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ 31
6. 1 Ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметі 31
6. 2 Ірі және орта кәсіпорындардың өзара есеп айырысу жағдайы 33
7. ЕҢБЕК РЫНОГІ 36
8. халықтың табысы 38
8. 1 Ақшалай табыс 38
8. 2 Еңбек ақы 39
9. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮрдіСТЕР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА 43
9. 1 Демографиялық ахуал 43
9. 2. Халықтың ауруға шалдығуы 45
9. 3 Қылмыстылық 47
1. КРАТКИЕ ИТОГИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ОБЛАСТИ
В ЯНВАРЕ- АВГУСТе 2006 года 49
2. ПРОИЗВОДСТВО ТОВАРОВ И УСЛУГ 51
2. 1 Промышленное производство 51
2. 2 Сельское хозяйство 56
2. 3 Строительство 59
2. 4 Транспорт и связь 60
2. 5 Торговля и прочие услуги 61
3. мониторинг малого бизнеса 63
4. Инвестиции в основной капитал 68
5. цены 70
5. 1. Потребительские цены 70
5. 2. Цены в реальном секторе экономики 72
6. Финансовая система 75
6. 1 Финансовая деятельность крупных и средних предприятий и организаций 75
6. 2 Состояние взаимных расчетов крупных и средних предприятий 77
7. Рынок Труда 80
8. доходы населения 82
8. 1 Денежные доходы 82
8. 2 Оплата труда 83
9. ДЕМОГРАФИЧЕСКИЕ ПРОЦЕССЫ И СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА 87
9. 1 Демографическая ситуация 87
9. 2 Заболеваемость населения 89
9. 3 Преступность 91
Әдіснамалық түсіндірмелер 93
методологические пояснения 93
ОБЛЫСТЫҢ жӘне оның Өңірлерінің ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 113
СТАТИСТИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО
РАЗВИТИЯ ОБЛАСТИ И ЕЕ РЕГИОНОВ 113
1. ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРІСІ 114
Производство товаров и услуг 114
1. 1 Өнеркәсіп 114
Промышленность 114
1. 2 Ауыл шаруашылығы 123
Сельское хозяйство 123
1. 3 Құрылыс 132
Строительство 132
1. 4 Көлік 134
Транспорт 134
1. 5 Сауда және өзге де қызметтер 135
Торговля и прочие услуги 135
2. институционалдық қайта құрулар 136
ИнституционАЛЬНЫЕ преобразования 136
3. ИНВЕСТИЦИЯЛАР 145
Инвестиции 145
4. Бағалар 146
Цены 146
5. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ 155
финансовая система 155
6. халықтың табысы 161
Доходы населения 161
7. ЕҢБЕК РЫНОГЫ 162
Рынок труда 162
8. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮрдіСТЕР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА 168
Демографические процессы и социальная сфера 168
8. 1 Демографиялық ахуал 168
Демографическая ситуация 168
8. 2 Халықтың ауруға шалдығуы 170
Заболеваемость 170
8. 3 Қылмыстылық 171
Преступность 171
1. 2006 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-тамызда ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫлары
Экономиканың нақты секторы. 2006 жылғы қаңтар-тамызда 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5, 9%-ға артты, оған кен өндіру өнеркәсібінде 11, 1%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 3, 2%-ға, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда өндіріс көлемінің 3, 8%-ға өсуі әсер етті. Республикалық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 6, 0%-ы облыспен өндірілді.
Ауыл шаруашылығында облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара малдың, жылқының, қой мен ешкінің саны өсті. Ет өндіруде - 7, 7%-ға, сүт өндіруде - 3, 2%-ға өсім алынды. Сүт өндіру көлемінің үлес салмағы (13, 2%) бойынша облыс республикада екінші, жұмыртқа (10, 8%) алудан - үшінші, ет (10, 8 %) өндіруден - төртінші орын алады.
Қаңтар-тамызда жүк тасымалының жалпы көлемі 167, 8 млн. тоннаны құрады және 2005 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 3, 5%-ға артты.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 94646 млн. теңгені құрады және 2005 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда қолданыстағы бағалармен - 14, 3%-ға, салыстырмалы бағалармен - 7, 6%-ға өсті.
Инвестициялардың республикалық көлемінің (3, 4%) үлес салмағы бойынша облыс республикада 8 орын алды. 2006 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 48195, 9 млн. теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 51, 4%-ға артты. Өндірістік салаға 42004, 4 млн. теңге, әлеуметтік салаға - 6191, 5 млн. теңге инвестиция жіберілді. Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты 55, 9%-ды, республикалық бюджет қаражаты - 6, 7%-ды, жергілікті бюджет - 3, 0%-ды, шетел капиталы - 16, 5%-ды, қарыз қаражаттары - 17, 9%-ды құрады.
Қосымша бағалауды есепке алғанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 24265, 7 млн. теңгені немесе 2005 жылдың қаңтар-тамызының деңгейіне қатысты алғанда 146, 8%-ды құрады. Мердігерлік жұмыстардың облыстық көлеміндегі негізгі үлес (97, 2%) жеке меншік нысандағы кәсіпорындарға, 2, 1%-ы мемлекеттік кәсіпорындардың, 0, 7%-ы - шетелдік кәсіпорындардың үлесіне келеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының республикалық көлеміндегі облыстың үлес салмағы 4, 7%-ды құрады.
2006 жылғы 1 қыркүйекке облыс бойынша заңды тұлғалардың Статистикалық тіркеліміне 16658 шаруашылық жүргізуші және басқа субъектілер, соның ішінде 15440 (92, 7%) - шағын, 1044 (6, 3%) - орта, 174 (1, 0%) - ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъектілердің 15, 6%-ы, жеке меншік - 83, 1%-ы, шетелдік нысанда - 1, 3%-ы тіркелді. 2557 филиал есепке тұрғызылды.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2006 жылғы қаңтар-тамызда 105, 0%-ды құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0, 3 п. п-ке төмен. Азық-түлік тауарлары 5, 0%-ға, азық-түлік тобына жатпайтын тауарлар - 3, 9%-ға, қызмет көрсетулер - 6, 2%-ға қымбаттай түсті. 2006 жылғы тамызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші-кәсіпорындардың бағалары 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 42, 2%-ға артты.
Қаржы. 2006 жылғы 2 тоқсанда облыстың ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық нәтижесі 26, 7 млрд. теңге сомасындағы табыс ретінде анықталды, бұл 2005 жылдың 2 тоқсанына қарағанда 15, 3 млрд. теңгеге (2, 3 есеге) көп. Залалды кәсіпорындардың үлесі есеп тапсырғандардың жалпы санының 37, 0%-ын құрады.
2006 жылғы 1 шілдеге дебиторлық берешек 162, 3 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткені - 8, 5 млрд. теңге. Міндеттемелер бойынша берешек 241, 1 млрд. теңгені құраса, мерзімі өткені - 7, 1 млрд. теңге.
Еңбек рыногы. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінде есепте тұрған жұмыссыздар саны 2006 жылғы 1 қыркүйекке 11, 2 мың адамды құрады, бұл 2005 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 16, 8%-ға аз. 2006 жылғы 1 қыркүйекке облыстың жұмыспен қамту қызметтеріне 26, 7 мың адам барды, олардың 16, 3 мыңы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша. 12, 5 мың адам жұмысқа орналасты, жұмысқа орналасу деңгейі 76, 9% -ды құрады.
Халықтың табысы . Алдын-ала бағалау бойынша 2006 жылғы шілдеде облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 17329 теңгені құрады, бұл 2005 жылдың шілдесімен салыстырғанда 20, 1%-ға көп. Орташа жан басына шаққандағы нақты ақшалай табыс индексі 111, 9%-ды құрады.
2006 жылғы қаңтар-шілдеде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 31135 теңгені құрады және 2005 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 23, 6%-ға артты. 2006 жылғы шілдеде жалақы деңгейі бойынша республиканың басқа өңірлерінің ішінде облыс 10 орында болды.
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2006ж.
тамыз
2006ж.
тамыз
2006ж.
шілдеге,
%- бен
2005ж.
қаңтар-тамызына
2005ж.
тамы-зына
2006ж.
қаңтар-шілде
2005ж.
қаңтар-шілдесіне,
%- бен
2006ж.
қаңтар-шілде
2006ж. қаңтар-маусымға,
%- бен
2006ж.
шілде
2006ж. шілде
2005ж. маусымына,
%- бен
2. ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРІСІ
2. 1 Өнеркәсіп өндірісі
2006 жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағалармен (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторларын және ұйымдаспаған экономикалық қызмет бойынша қосымша есептеуді қосқанда) 250013, 0 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл республикалық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 6, 0%-ын құрады. Қаржылық емес бірлестіктер секторымен 242099, 9 млн. теңгенің өнімі шығарылды.
Өнеркәсіптің салалық құрылымы және
өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі қызмет түрінің үлес
салмағы, %-бен
Кен өндіру өнеркәсібінде 2006 жылғы қаңтар-тамызда 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексінің 11, 1%-ға өсуі “металл кенін өндірудің” (10, 9%-ға), кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салаларының (40, 9%-ға) есебінен артты.
Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда өңдеу өнеркәсібінде 2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден өндірістің нақты көлемінің 3, 2%-ға артуы “резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде” (74, 6%-ға), “металл емес өзге де минералды өнімдер өндіруде” (17, 5%-ға), “машина жасауда” (12, 5%-ға), “тамақ өнімдерін өндіруде” (7, 1%-ға), “металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіруде” (1, 7%-ға), «химия өнеркәсібінде» (0, 3%-ға) көлемнің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, өнім көлемінің төмендеуі «былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар, аяқ киім өндіруде» (55, 2%-ға), «тоқыма және тігін өнеркәсібінде» (38, 2%-ға), «сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндіруде» (15, 8%-ға), «целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, баспа ісінде» (4, 7%-ға) байқалды.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлуде өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2005 жылдың қаңтар-тамызының деңгейіне қатысты алғанда 103, 8%-ды құрады, бұл “электр энергиясын өндіру мен бөлудің” (4, 5%-ға), “бумен және ыстық сумен қамтамасыз етуде” өнім көлемінің (1, 4%-ға) өсуіне байланысты болды.
Өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі ең жоғары үлес (91, 2%) жұмыс істейтіндердің саны 50 адамнан жоғары кәсіпорындарға келеді. Жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан аз кәсіпорындармен облыстық көлемнің 2, 1%-ы, қосалқы кәсіпорындармен - 3, 5%-ы, үй шаруашылығы секторларымен - 3, 2%-ы өндірілді.
Қызметтің жекелеген түрлері бойынша өнім өндіру
2006 жылғы қаңтар-тамызда кен өндіру өнеркәсібінде 46597, 4 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 11, 1%-ға жоғары. Қорғасын-мырыш кенін өндіру 30%-ға, қорғасын концентратын 74, 4%-ға, мырыш концентратын - 16, 5%-ға, мыс концентратын - 9, 8%-ға өндіру артты.
Сонымен қатар, құрамында алтыны бар концентраттар (8, 9%-ға) және құрамында алтыны бар кенді (33, 5%-ға), мыс-мырыш (11, 4%-ға), мыс (2, 8%-ға) кендерін өндіру көлемі төмендеді.
Кен өндіру өнеркәсібінің қызмет түрлері
бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі
2006 жылғы қаңтар-тамызда өңдеу өнеркәсібінде 184717, 2 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2005 жылдың сәйкес кезеңінен 3, 2%-ға жоғары. Өңдеу өнеркәсібі өндіріс көлемінің 62, 2%-ы - “металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеуге”, 8, 9%-ы - “машина жасауға”, 10, 9%-ы - «ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге», 5, 8%-ы - “өзге де металл емес минералды өнімдер өндіруге” және т. б. келді.
Өңдеу өнеркәсібінің қызмет
түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі
2006 жылғы қаңтар-тамызда металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарын өндіруде 114970, 2 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Осы қызмет түрі бойынша тұтастай алғанда нақты көлем индексі 101, 7%-ды құрады, соның ішінде “түсті металл өндіруде” - 100, 9%, “дайын металл бұйымдарын өндіруде” - 141, 1%. 2005 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда өңделмеген алтын өндіру - 15, 3%-ға, өңделмеген күміс өндіру - 13, 8%-ға, тазартылған қорғасын өндіру- 0, 7%-ға төмендеді.
2006 жылғы қаңтар-тамызда 20156, 2 млн. теңгенің тағам өнімдері өндірілді, бұл 2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қатысты алғанда 107, 1%-ды құрады. ”Ұн-тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру” 29, 2%-ға, “ауыл шаруашылық малдарына арналған дайын азық өндіру” - 17, 6%-ға, «өсімдік майы мен тоң май өндіру» - 14, 3%-ға, «ет және ет өнімдерін өндіру» - 11, 0%-ға, «басқа да тамақ өнімдерін өндіру» - 0, 8%-ға артты.
Сонымен қатар, «сусын өндірудің» - 12, 0%-ға, «сүт өнімдерін өндірудің» 14, 1%-ға, «балық және балық өнімдерін консервілеу және қайта өңдеу» көлемі 10, 0%-ға төмендеді.
Машина жасауда 16519, 9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2005 жылдың қаңтар-тамызында қол жеткен деңгейден 12, 5%-ға асып түсті. Өнім шығару «көлік құралдары мен жабдықтарын өндіруде» - 16, 2%-ға, «машиналар мен жабдықтар өндіруде» - 4, 7%-ға артты. «Электр жабдықтарын, электронды және оптикалық жабдықтар өндіруде» өндірілген өнім көлемі 8, 5%-ға төмендеді.
Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінде 10777, 9 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Нақты көлем индексі 2005 жылдың сегіз айының деңгейіне қатысты алғанда 117, 5%-ды құрады. Цемент өндіру - 13, 2%-ға, силикат және қож кірпіш - 12, 9%-ға, құйматастан құрама құрылыс құрылғылары - 3, 4%-ға, әк өндіру - 3, 1%-ға артты.
2006 жылғы қаңтар-тамызда целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісінде 1789, 4 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 4, 7%-ға төмендеді, бұл кітап, кітапша, үндеу парақтары мен жеке беттердегі баспа материалдарының (4 есеге), аптасында кемінде 4 реттен аз шығатын газеттердің (14, 2%-ға), қағаздан немесе бедерленген қатырма қағаздан қораптар, жәшіктер, сөмкелер шығарудың (1, 7%-ға) төмендеуіне байланысты болды. Сонымен қатар қағаз және бедерленген қатырма қағаздарды бума және парақ түрінде шығару 3, 3%-ға артты.
Химия өнеркәсібінде 1494, 3 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2005 жылдың қаңтар-тамызындағы деңгейге қарағанда 0, 3%-ға өсті, бұл тазалайтын пасталарды, ұнтақтарды және басқа да тазалау құралдарын (32, 3%-ға), күкірт қышқылын (6, 9%-ға), балқыту қышқылын (0, 6%-ға) шығарудың артуына байланысты болды.
2006 жылғы қаңтар-тамызда тоқыма және тігін өнеркәсібінде 990, 5 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңіндегі өндіріс деңгейінен 1, 6 есеге аз. 5, 9%-ға - киізден және фетрден аяқ-киімдер өндіру, 9, 2%-ға - үй шаруашылығына арналған киімдерден басқа, дайын тоқыма бұйымдарын, 20%-ға - ерлердің жұмыс киімін, 43, 4%-ға - сырт киім, тоқымадан басқа, ерлер немесе ұлдарға арналған киімдер және т. б. шығару азайды.
Сонымен қатар, 43, 9%-ға әйелдер немесе қыздарға арналған тоқымадан басқа сырт киімдер, 66, 6%-ға - қалпақтар мен бас киімдер, 81, 3%-ға - қолдан немесе машинамен тоқылған бұйымдар өндіру өндіру артты.
Былғары, былғарыдан бұйымдар мен аяқ-киім өндіруде 243, 8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2005 жылдың қаңтар-тамызындағы өндіріс деңгейінен 55, 2%-ға төмен.
2006 жылғы қаңтар-тамызда сүрек өңдеу және ағаштан бұйымдар өндіру көлемі 587, 7 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 84, 2%-ға бағаланды. Индекстің төмендеуіне ағаштан құрылыс құрылғыларын шығарудың - 5, 8 есеге, бойлай тілінген немесе жарылған ағаш материалдарын шығарудың - 34, 5%-ға, ағаш ыдыстар өндірудің - 38, 1%-ға төмендеуі әсер етті.
Сонымен қатар, ағаш талшықты тақталар өндірісі 32, 5%-ға артты.
2006 жылғы қаңтар-тамызда резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 1243, 7 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Өндірістің нақты көлемі 74, 6%-ға өсті, бұл пластмассадан құбыр, құбыршалар, жеңдер мен шланг өндірудің - 2, 1 есеге, полиэтиленнен қап және сөмкелер шығарудың - 2 есеге, пластмассадан есік, терезе, есік пен терезе жақтауларын және соған ұқсас бұйымдар шығарудың - 56, 1%-ға, пластмассадан үй тұрмысына қажетті заттардың - 2, 2%-ға көп өндірілгеніне байланысты болды.
Өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларында 2006 жылғы қаңтар-тамызда өндірілген өнім көлемі 15943, 6 млн. теңгені құрады. Ағаштан кеңсе жиһаздары - 6, 8%-ға, қаңқасы негізінен металдан жасалған отыруға арналған жиһаз өндіру- 10, 0%-ға, зергерлік бұйымдар өндіру - 28, 7%-ға артты.
Бірақ, асханалық және қонақ бөлмесі жиһазын өндіру- 32, 4%-ға, ас бөлмесі жиһазын өндіру - 27, 7%-ға, ағаштан ұйықтайтын бөлмеге арналған басқа да жиһаз өндіру - 6, 0%-ға төмендеді.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 18698, 4 млн. теңгеге өнім өндірілді және өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетілді, бұл 2005 жылдың қаңтар-тамызындағы деңгейге қатысты алғанда 103, 8%-ды құрады. Жылу энергиясын өндіру 1, 3%-ға, электр энергиясын өндіру 0, 6%-ға артты. Табиғи су өндіру 2, 6%-дан аз шамаға көтерілді.
Электр энергиясын, газ бен суды
өндіру мен бөлудегі нақты көлем индексі
2005 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 2006 жылғы қаңтар-тамызда өндіріс көлемінің өсуі Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Тарбағатай аудандарын және Курчатов қаласын қоспағанда облыстың 11 өңірінде байқалды.
2006 жылғы қаңтар - тамызда 2005 жылдың қаңтар - тамызына
қатысты алғанда өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі (төмендеуі), % - бен
2. 2 Ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығы. 2006 жылғы 1-қыркүйектегі жағдай бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен 90 кәсіпорын, 2, 7 мың шаруа қожалығы және 123, 8 мың жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтары айналысты. Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 86, 9 мың тоннаны (2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қатысты алғанда 107, 7%), сүт өндіру - 466, 0 мың тоннаны (103, 2%), жұмыртқа алу - 188, 6 млн. дананы (98, 6%) құрады.
Сүт өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша (13, 2%) облыс Республикада екінші, жұмыртқа (10, 8%) алуда - үшінші және ет өндіруде (10, 8%) - төртінші орын алады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру индекстері
Облыстың 17 өңірінің шаруашылықтары ет өндіруден, 16-сі сүт өндіруден, 12-сі жұмыртқа алудан 2005 жылдың қаңтар-тамызындағы деңгейден асып түсті. 9 өңірдің шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімінің барлық түрлерін өндіру көлемінің артқаны байқалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz