ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛУ ЖЕРЛЕР ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУ


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Туристік-демалыс қызметі - дүниежүзілік және қазақстандық экономикадағы белсенді дамып келе жатқан салалардың бірі. Бұл құбылыстың ерекшелігі - аймақтағы демалатын жерлер потенциалынан туындайтын демалу түрлерінің көп болуында.
Демалатын жерлер потенциалын зерттеу оның жалпы туризм мен демалудағы алатын орнымен түсіндіріледі. Оның негізінде туристік-демалыс қызметінің барлық түрлері қалыптасады және іске асырылады. Оның табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық компоненттерді қамтитын күрделі құрылымын ескере отыра зерттеуді кешенді түрде жүргізу қажет. Демалудың әр түрлі әдістерін іс жүзіне асырып, демалуға деген сұранысты неғұрлым толық өтеуге мүмкіндік беретін қолайлы жерлерді анықтау өте маңызды болып табылады.
Павлодар облысының демалатын жерлер потенциалы өте бай, оның аймағында туристік-демалыс қызметінің бірнеше түрін іске асыруға мүмкіндік беретін ресурстар бар.
Сондықтан жалпы демалыс саласының даму ерекшелігі, сонымен қатар, демалыс объектілерін тиімді пайдалану және сақтап қалу мәселелері облыстағы демалыс жерлер потенциалын географиялық тұрғыдан талдаудың өзектілігін анықтайды. Аумақтық талдау, бағалау, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы болашағы бар бағыттарды анықтау демалыс саласының дамуының географиялық негізін қалыптастырады, бұл оны басқарудың, қолданылу тиімділігін көтерудің құралы болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі - Павлодар облысының туристік саланы дамытуға жасалған шараларды орнықты орындау. ҚР Заңымен қабылданған бірқатар туризмді дамытуға арналған бағдарламаларды өңдеу, іске асыру.
Практикалық маңыздылығы - бұл жұмыстың практикалық маңызы өте зор. Қала бойынша жасалған экологиялық туристік маршруттар болашақта қала өркениетін, экономикасын жақсартады деген сенімдемін .
Павлодар облысы - Қазақстанның электр және жылу қуатын, мұнай өндеу, машина жасау, азық-түлік өнімдерін шығаратын көп салалы өндірістік кешенді құрайтын ірі индустриалды орталығы (1-сурет) . Облыстың мәдениеті мен ежелгі мәдени дәстүрі өте бай.
Көптеген тарихи, археологиялық, өнер ескерткіштері, сонымен қатар Баянауыл - Ұлттық табиғи паркі, Мойылды емдеу-сауықтыру курорты, жылы және тұнық көлдер - осының барлығы Павлодар облысының байлығы.
Зерттеу объектісі - Павлодар қаласының туристік-демалатын жерлер потенциалын анықтау.
Зерттеу мәні - қаладағы туризмді ұйымдастырудың өзекті мәселелері мен келешегі.
Зерттеу мақсаты - келешекте іске асыру үшін Павлодар қаласындағы демалатын жерлер потенциалын географиялық тұрғыдан талдау және бағалау. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді іске асыру қажет:
- Қаланың табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын зерттеу;
- Аймақтағы демалатын жерлер потенциалын зерттеу;
- Қаладағы туризм дамуының қазіргі жағдайы мен демалатын жерлер потенциалын пайдалану деңгейі;
- Қаладағы туризм дамуының өзекті мәселелері мен келешегін анықтау.
Алға қойылған міндеттерді орындау үшін келесі әдістер қолданылды: салыстырмалы-тарихи және жүйелі-құрылымдық талдау. Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи принциптер, туризмнің дамуы, тарихи құбылыс туралы түсініктер мен оны түсіну мүмкіндіктері құрайды.
Бұл жұмыс келесі авторлардың еңбектеріне негізделген: С. Р. Ердавлетов, А. Г. Царегордцева, Ж. Н. Алиева, Н. Т. Ержанов, Қ. Т. Сапаров, А. А. Қалиева, В. А. Камкин, Л. Г. Багрова, Н. В. Багров, В. С. Преображенский, В. В. Власов, Л. И. Мухина, Е. Н. Гладышева, В. Д. Томилин, А. В. Афанасьев, А. М. Беляев, Н. Н. Пальгов, И. В. Зорин, Т. Н. Смағұлов, Г. Ю. Пересветов, В. С. Волошин.
1 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛУ ЖЕРЛЕР ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУ
1. 1 Туристік-демалатын жерлер ресурстары
Туристік-демалатын жер ресурстарын зерттеу кез келген аймақтың туризм үшін пайдалануға қолайлы болуын анықтау мақсатына қызмет етеді. Бұл ресурстар туристік-экскурсиялық қызметтер мен емдеу, спорттық-сауықтыру және танымдық туризмге деген сұраныстарды қанағаттандыруға жарамды табиғи және жасанды объектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы болып табылады. Мұнда «туристік-демалатын жерлер ресурстары» деген терминді келесідей түсіну керек: қоғамдық қажеттілікке байланысты белгілі мөлшерде өзгерген табиғи және антропогендік ланшафттар мен оларды туристік-экскурсиялық қызметте пайдалану мүмкіндіктері [1] .
Турситік-демалатын жерлер ресурстар жиынтығын екі үлкен топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық.
Л. А. Багрова, Н. В. Багров пен В. С. Преображенскийдің (1977) пікірлері бойынша «табиғи демалатын жерлер ресурстары» - ол демалу қызметіне қолайлы қасиеттері бар және біраз уақыт бір топ адамдардың демалысы мен емделуін ұйымдастыру үшін пайдалануға жарайтын табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, табиғи заттар мен құбылыстар» .
Демалатын жер ресурстарының кешенінде тұрғылықты жерлерде және тұрғылықты жерлер арасында орналасқан әлеуметтік-экономикалық ресурстар өте маңызды орын алады. Олар экскурсиялық бағыттардың ағымын шектеп, танымдық туризмнің алғышарттарының қызметін атқарады.
«Әлеуметтік-экономикалық ресурстарға» тарихи-мәдени объектілер (ескерткіштер, музейлер мен галереялар, т. б. ) мен құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік) жатады. Бұл ресурстар өз кезегінде материалдық және рухани ресурстарға, жылжымайтын және жылжымалы ресурстарға бөлінеді [2] .
Материалдық ресурстар - қоғам дамуының әр кезеңіндегі өндіріс құралдары мен материалдық құныдылықтар жиынтығығы, ал рухани - қоғамның білім берудегі, ғылымдағы, өнер мен әдебиеттегі, қоғамдық және мемлекеттік өмірді ұйымдастырудағы, жұмыс пен тұрмыстағы жетістіктер жиынтығы. Жылжымайтын ресурстарға тарихи, ескерткіштер, сәулет және құрылыс, археология және басқа да ғимараттары, соның ішінде өнер ескерткіштері жатады. Жылжымалы ресурстар тобына алып жүруге келетін өнер ескерткіштері, археологиялық қазбалар, минералогиялық, ботаникалық және зоологиялық жиынтықтар, деректі ескерткіштер мен құжаттар жатады. Бұл топтағы ресурстарды музей, мұражай, кітапхана, архивтерге бару арқылы пайдалануға болады.
Негізгі ерекшеліктеріне байланысты тарихи және мәдени ескерткіштер бес негізгі түрге жіктеледі: тарихи, археологиялық, сәулет және қалақұрылысы, өнер, деректі.
Тарихи ескерткіштерге халық өміріндегі маңызды тарихи оқиғалармен, мемлекет пен қоғамның дамуымен, революциялық қозғалыстармен, халықаралық ынтымақтастықпен, сонымен қатар техниканың, ғылымның, мәдениет пен тұрмыстың дамуымен, танымал мемлекет, әскери, ғылым, өнер, әдебиет қызметкерлерімен, халық қаһармандарымен байланысы бар ғимараттар, имараттар және тарихи жерлер жатады.
Археология ескерткіштері - ежелгі қала орындары, обалар, ежелгі елді мекендердің, бекіністердің, өндірістердің, құбырлардың, жолдардың қалдықтары, тас мүсіндері, жартасқа салынған суреттер, көне заттар, ежелгі елді мекендердің тарихи, мәдени көрсеткіштерінің бөлшектері.
Сәулет және қалақұрылысы ескерткіштеріне тән объектілер: сәулет кешендері мен ансамбльдері, тарихи орталықтар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа елді мекендердің ежелгі құрылыстарының қалдықтары, азаматтық, өндірістік, әскери, мәдени сәулет өнерінің құрылыстары, оларға байланысты алып, өнер, сәндік-қолданбалы және бау-бақшы өнері.
Өнер ескерткіштеріне алып, өнер, сәндік-қолданбалы, бау-бақшы және басқа да өнер түрлерінің ескерткіштері жатады.
Деректі ескерткіштер - мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарының актілері, басқа жазбаша және графикалық құжаттар, кинофотоқұжаттары мен үн баспалары, ежелгі қолжазбалар, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін басылымдар.
Әлеуметтік-экономикалық ресурстарға тарихқа, мәдениет пен адамдардың қазіргі өміріне байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады: өндірістің, ауыл шаруашылығының ерекше кәсіпорындары, көлік, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындарының мекемелері, театрлар, спорт мекемелері, ботаникалық бақтар, хайуанаттар бағы, океанарийлер, этнографиялық және фольклорлық ескерткіштер, сонымен қатар бүгінгі күнге дейін жеткен халық салт-дәстүрлері, т. б.
Дегенмен, туризм үшін қолайлы табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайы бар аймақтарды туристік ресурстарға айналдыру үшін тиісті қажеттілік пен оларды туристік шаруашылықта игеру мұмкіндігін туғызу керек.
Табиғи кешендерді туристік-демалатын жер ресурстарына айналдыру келесі тәртіп бойынша іске асырылады: 1) табиғи кешендер туристік сұраныстың болмағандығынан ресурс ретінде қаралмайды; 2) туристік сұраныстың пайда болуы табиғи кешендердің зерттелуі мен бағалануын қажет етеді; 3) қоғамдық қажеттілікке байланысты еңбек пен қаражаттың жұмсалуы нәтижесінде табиғи кешендер ресурстарға айналады; 4) туристік сұраныстың өсуімен бірге қолайлығы жағынан нашарлау табиғи кешендер де тиісті мелиорациядан кейін ресурстарға айналады.
Әлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық демалатын жерлер ресурстарына айналған жағдайда да осындай құбылыс пайда болады. Мәдени-тарихи және этнографиялық объектілерге деген туристік сұраныс неғұрлым жақсы сақталған, қол жетерлік объектілерді зерттеп, бағалауға әкеледі. Сұраныстың өсуі, тұрғындардың мәдени дамуы деңгейінің өсуі пайдаланылатын объектілердің көбеюіне әкеледі, олардың басым бөлігі қайта қалпына келтірілгеннен кейін экскурсияларда пайдаланылады. Әлемуеттік-экономикалық объектілер бабаларымыз еңбектерінің жемісі бола отыра, танымдық сипаттағы туристік қызметтердің құралы ретінде көрініс табады [3] .
Туристік - демалатын жер ресурстары - тарихи түсінік, өйткені уақыт өте келе, кейбір ресурстардың рөлі мен құрылымы, туристік қажеттіліктің көлемі өзгеріп отырады, бұл табиғи, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген жаңа объетілердің қолданысқа енуіне әкеледі.
Туризмнің кез келген түрінің ресурстары ерекше сипатта болады. Санаториялық-курорт туризмі үшін әр түрлі минералды сулар мен балшықты су пайдаланылады; емдік қасиеті әсер ететін ауа райы мен табиғаты, өзіндік микроклиматы бар үңгірлер мен тұз кені. Ем алу демалысы қолайлы және жағымды климат кезеңдері, су, өсімдік, рельеф және сауықтыру эффектті тудыратын ланшафттың басқа да элементтері мен қасиеттері негізінде дамиды. Спорттық туризм үшін аймақтың жолдары, елді мекендердің аз немесе тым алыс болуы тәрізді көрсеткіштер маңызды болады. Экскурсиялық туризм объектілері - тарихи-мәдени және табиғи көз тарталық жерлер, ерекше шаруашылық объектілері, фольклорлық мерекелер мен халық мәдениетінің элементтері (ұлттық ойындар, халық кәсібі) .
Туристік-демалатын жер ресурстарының маңызды сипаттамалары:
1) ТРС ықтимал сыймдылығын анықтау үшін қажетті қорлардың (минералды сулар, құнды аймақтың алаңы, туристік орталықтардың экскурсиялық потенциалы (сағатпен өлшегенде) ) игерілу деңгейінің көлемі;
- Ықтимал аумақты, санитарлық қорғау округін анықтауға мүмкіндік беретін ресурстар алаңы (су қоймалары мен жағажайлар алаңдарының көлемі, аумақтағы өсімдіктер, құрғақшылық, қар жату мерзімі) ;
- Туризм уақытын, туристер легін анықтайтын пайдалану кезеңі (жағымды климаты, шомылу кезеңі, қар жату ұзақтығы) ;
- Ресурстар басым бөлігінің орналасқан аймақтарының өзгермеуі;
- Жұмсалатын қаражат мөлшері мен пайдалану шығындарының төмендігі тез арада инфрақұрылымды қалыптастырып, әлемуттік және экономикалық пайда алуға, кейбір ресурстарды өз қалауынша пайдалануға мүмкіндік береді;
- Табиғатты тиімді пайдалану және аббатандыруға бағытталған іс шараларды жүргізу нәтижесінде жерді талай мәрте пайдалауға болады.
Қазіргі кезде демалыс пен туризм ресурстарын тікелей және жанама деп бөледі. Біріншілер қатарына туристердің өздері пайдаланатын ресурстар жатады - ландшафтың әсемдігі мен ерекшелігі, түрғылықты жердің ем-шипа қасиеттері, тарихи-мәдениет ескертікштері мен басқа да танымдық объектілер, оларсыз туризм индустриясы болмайды. Бірақ тікелей туристік ресурстарды игеру үшін жанама ресурстарды пайдалану қажет - шикізат, жылу-қуат, материалдық, қаржы және т. б. Яғни қосымша ресурстар. Бұл жіктеу аймақтың туризм саласында пайдаланудағы ерекшелігін көрсетіп қана қоймайды, тікелей ресурстардың алатын орнын атап көрсетеді.
Туристік-демалатын жер ресурстары туризмнің аймақтық ұйымдастырылуына, туристік аудандар мен орталықтардың қалыптасуына, олардың ерекшеліктері мен экономикалық тиімділігіне әсер етеді. Еліміздегі туристік-демалыс қызметін аймақтық ұйымдасытыруды ғылыми негізден ұзақ мерзімге болжау үшін адамдардың демалатын жер ресурстарының түрлері мен сапасына қоятын талаптарын ескере отыра оларды анықтау, түгендеу және бағалау жөнінде үлкен жұмыстарды жүргізу қажет [4] .
Жоғарыда айтылғанды талдай келе мынадай қорытынды жасауға болады - қазіргі туризм туристік-демалатын жер ресурстары орналасқан жердің ерекшелігі мен сапасын ескерусіз мүмкін емес.
1. 2 Аймақтағы демалатын жерлер потенциалын зерттеу әдістері
Павлодар обласы Қазақстан Республикасының солтүтік шығысында, дала және жартылай шөлді зонада орналасқан облыстың бірі болып табылады. Облыс территориясында оңтүстіктен солтүстікке қарай кеме жүзетін Ертіс өзені, шығыстан батысқа қарай Оңтүстік - Сібір теміржол желісі өтеді. Облыс солтүстігінде Омбы облысымен, солтүстік шығысында Новосібірмен, шығысында Алтай және Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде шығыс Қазақстан және Қарағанды облысымен, батысында - Ақмола және шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі (Сурет 1) . Облыс территориясының алып жатқан жері 124, 8 мың. кв. км құрайды [13] .
Сурет 1 . Павлодар қаласының жалпы көрінісі [40] .
Павлодар облысы және тамаша жерлерінің бірі Баянаул, туристік-рекреациялық зоансы, ТМД туристер арасында аса танымал жерлердің бірі болып саналады. Туритсік аймақ ретіндегі территория тарихымен дамуы, жалпы географиялық зерттеулермен байланысты.
Облыс орталығы - Павлодар қаласы, Республиканың көне және әдемі қалалардың бірі болып саналады. Қазақстанның ең ірі өзендерінің бірі - Ертіс өзен жағалауында орналасқан. Өзінің кең көшелер даңғылымен, саялы бақтаымен аллеяларымен, гүл бақшаларымен, атқымаларымен, жыл мезгілінің кез келген уақытында ауасының тазалығымен қала қонақтарын қарсы алады. Павлодарлықтар отанының тарихи және мәдени ескерткіштеріне аса жоғары құрметпен қарайды. Мұражайлар, көрмелер, мәдени жетістіктегі презентациялар өте танымал. Қала мәдени дәстүрлерге тарихқа бай.
2005 жылы департамент кәсіпкерлігі және Павлодар облысының өндірістік өнеркәсібі туристік қызмет көрсету бөлімін құрды, сонымен қатар осы жылы Қазақстан Республикасының спорт және туризм агенствасының туристік қызмет пен іс - әрекеттің лицензиялы фунциялары жергілікті басқару органдарына берілді. 2009 жылдың ақпан айында лицензиялы функциялар Қазақстан Республикасының спорт және труизм Министірлігінің индустрия комитететіне жүктелді. Павлодар облысының туристік инфрақұрылымының туристік қызмет жабдықтаушысы болып табылады [5] .
Аймақтағы демалатын жерлер потенциалы - табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық компоненттерді қамтитын күрделі құрылым.
«Потенциал» ұғымы іс жүзінде бар және белгілі мақсатқа жету үшін пайдаланыла алатын барлық мүмкіншіліктер, құралдар, қорлар, дерек көздер жиынтығы болып табылады.
Аймақтағы демалатын жерлер потенциалын зерттеу мәселелерімен ғылымның әр түрлі бағыттарының өкілдері (географтар, экологтар, экономистер, дәрігерлер, т. б. ) айналысады, олар зерттелетін құбылыстың аталуына да, оның құрылымына да өздерінің көзқарастарын білдіреді. Біз келесі географтардың түсініктемелеріне негізделдік: Ю. А. Веденин, Н. С. Мироненко, В. С. Преображенский, т. б. Олар демалатын жерлер потенциалы - белгілі аймақта демалыс қызметін ұйымдастыру алғышарттарының жиынтығы деп біледі. Оны құрастыратын барлық компоненттерді ескере отыра кешенді түрде зерттеу қажет, ол объектті өзектілігі мен келешегі тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Демалатын жерлер потенциалының құрылымын құрастыратын бастапқы элементтер ретінде біз табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы компоненттерді алдық. Сонымен қатар, демалатын жерлер потенциалының көрсеткіштері келесідей: климат ресурстары, минералды су, көлдер мен өзен қорлары, жидектер, саңырауқұлақтар қорының көлемі, кәсіптік жануарлардың түрлері. Тарихи-мәдени потенциал қоғам дамуының әр кезеңіндегі оның құндылықтар жиынтығын қамтитын объектілерден тұрады. Аймақтағы демалатын жерлер потенциалының әлеуметтік құрастырушасының ерекшелігі демалыс қызметін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тұрғындардың ерекшелігін (саны, жас мөлшері, ұлты, діні, т. б. ) анықтаумен айқындалады. Аймақтың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі де демалатын жерлер потенциалының маңызды компоненті болып табылады [6] .
Демалатын жерлер потенциалының көп құрылымды құрылысын кешенді географиялық зерттеулер негізінде тануға болады, олар оның шынайы мұмкіншіліктерін анықтап, тиімді пайдалану жолдарын жоспарлауға мүмкіндік береді.
1. 2. 1 Табиғи - туристік ресурстар
Гусиный перелет. “Гусиный перелет” неоген кезеңінің бай жануарлар әлемінің Палеонтологиялық орнының ашылуы (25 - 2 млн. жыл) Павлодар Ертіс өңіріне бұрынғы Кеңес Үкіметінің палеозоологтарын Павлодар Ертіс өңіріне әкелді. Өкінішке орай, барлық табылған палеомәлімет ғалымдармен әкетілетін болды, себебі біріншіден, сол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы болған жоқ, екіншіден, палеонтологиялық қалдықтардың зерттеліп, сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми мекеме болған жоқ (сурет 2, 3) . Қазіргі кезде қазба кешенін әзірлеумен, ескерткіш орнында саябақ кешенін (ашық аспан астындағы мұражай) әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, мұнда кез келген адам ертедегі жануарлар сүйектерінің қазба жұмыстарын байқай алады, сонымен қатар ерте кезеңдегі негізгі жануарлар түрлері жасалатын скульптуралық галерея жұмысына қатыса алады.
Сурет 2. «Гусиный перелет» ескерткішінің жалпы көрінісі [8]
Сурет 3. «Гусиный перелет» ескерткіш ауданындағы сүйек қалдықтарының көрінісі [8]
Орналасқан жері. Ескерткіш Павлодар облысы Ертіс өзенінің оң жағалауында, Павлодар қаласының солтүстік бөлігінде, темір жол көпірінен оңтүстікке жақын 500 м орында орналасқан [19] .
Тарихи анықтама. Ескерткіш 1923 жылы мәскеулік палеонтолог Ю. А. Орловпен ашылған, осыдан кейін мұнда 1929-30 жж. палеонтологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады, мұның салдарында бірнеше мыңдаған плиоцен-миоцендік жасындағы ертедегі сүтқоректілер сүйектерінің қадықтары табылған (қазіргі африка фаунасының шығу тегі) . Палеонтологиялық институт қазбаларымен бұғының 20 түрі, жирафтың 40 түрі, мүйізтұмсықтың 140 түрі, гиппарионның 200 түрі және т. б.
Шалдай қарағайлы тоғайы 2003 жылы құрылған “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының құрамына енеді.
Резерваттың аумағы - 279 мың гектар, соның ішінде 150 мың га - бұл орманды аумақтар: қарағайлы тоғайлар, көктерек тоғайлары мен қайыңдықтар. Суыртпақтап өскен тоғайлар - құм басудан қорғайтын бірегей табиғи тежеуіш, сулы қабатты сақтаушы, біздің ормандары аз даламыздың тынысы. Яғни, бүкіл аймақтың барынша тиімді экологиялық реттеушісі.
Шалдай қарағайлы тоғайы - Ертіс Павлодар өңірінің басты көз тартарлық жерлерінің бірі. Планетарлық ауқымдағы табиғат ескерткіші - ғарыштан түсірілген фотосуреттерде олар Обь пен Ертіс атты қос өзеннің арасында жіңішке және ұзын (жүздеген шақырымға созылған) қарықтар түрінде көрінеді. Олардың саны бесеу, соның ішінде екеуі ғана қазақстандық-ресейлік шекарадан асып, Ертіске жетеді: біреуі кішірек - Семейге өте жақын, екіншісі ауқымдырақ - Ертіс деп аталады - Павлодар облысында.
Пікірлердің бірі бойынша, суыртпақтап өскен тоғайлар ағаш тұқымдары мен қолайлы құмды топырағы бар ежелгі мұзарт солтүстік-шығыстан сырғи келе бірнеше жерден ормансыз даланы жырып өткеннен кейін ғана пайда болды.
Шалдай қарағайлы тоғайы ақ тиіннің жергілікті түрі - телеуітпен әйгілі. Олар мұнда көп, терісі әдемі көкшіл түсті, кеңестік дәуірде оларды кәсіптік мақсатта аулап, жүнін Италияға жіберетін, онда бағалы жүнді сол жақтың тігіншілері әйелдер әшекейлеріне белсенді енгізетін [8] .
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты - табиғатты қорғау және ғылыми мекемесі дәрежесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ. 2003 жылы құрылған бұл резерват Павлодар облысының шұбыртпалы орманында орналасқан, жалпы алаңы 277961 га құрайды.
Резерваттың республикалық маңызы бар, ол Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне бағынады.
Ол республиканың солтүстік-шығысында селеу-бетегелі қыр аймағында орналасқан. Аймақттың климаты құрғақ. Орманда негізінен 1934 жылы академик В. Н. Сукачев Құлынды қарағайының ерекше түріне жатқызған қарапайым қарағай өседі. Қарапайым қарағайдан айырмашылығы - оның тұқымдары мен жаңғақтары 1, 5-2 есе ірілеу және қылқаны 8 жыл тұра алады. Қарағай шайырының да айырмашылығы бар - шайыр көбіректеу шығарылады және оның компоненттері құндылау. Қарағай қолайсыз ауа райы жағдайларына төзімді.
Шұбыртпалы қарағай орманы құмды жерлерде өседі. Өсімдіктерден селеу-бетеге формациясы басым: селеу, бетегі, қиякөлен, қыр жусаны, т. б. өсімдік түрлері 35-40 шамасында, олардың басым бөлігі жойылып бара жатқан және сирек кездесетін түрлер, оларды ерекше қорғау қажет.
Шұбыртпалы ормандардың жауанарлар әлемі өте бай. Сүтқоректілердің 40 жуық түрі мен 200-ге жуық құс түрі бар. Орманда бұлан, елік, түлкі, қоян, дала суыры, қасқыр, сілеусін, тиын, күзен, қосаяқ, т. б. мекендейді [36] .
Жоғарыда көрсетілген деректер табиғи компонеттердің барлығын зерттеу, сақтап қалу, қайта қалпына келтіру қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдейді. Осы мәселелерді шешу «Ертіс» мемлекеттік орман резерватына жүктелген:
Негізгі мақсаттар:
- Экожүйелерді, ерекше табиғи кешендер мен объектілерді сақтап қалу;
- Бұзылған табиғи кешендер мен объектілерді қайта қалпына келтіру;
- Табиғи кешендерді өз қалпында зерттеу;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz