Иштван Қоңыр Мандоки еңбектеріндегі түркі әдебиетінің мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

РЕЗЮМЕ

Жұмыстың тақырыбы: Иштван Қоңыр Мандоки еңбектеріндегі түркі әдебиетінің мәселелері

Жұмыстың көлемі: 92

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 94

Жұмыстың жаңалығы: Қоңырдың әдеби мұрасы және түркітектес халықтар әдебиеті, мажар мәдениетімен сабақтастық алғаш рет айтылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - көрнекті түрколог ғалым Иштван Мандоки Қоңырдың ғылыми мұрасының қыр - сырын ашу, өзіне тән ғалымдық қолтаңбасын айқындау, әдеби мұрасының ерекшеліктерін сипаттау, жалпы қазақ әдебиетіндегі мажар түркологиясы және қыпшақтекті ғалымдардың түркітануға қосқан үлесін көрсету.

Жұмыстың нысаны: Иштван Қоңыр Мандокидің ғылыми мақалалары: «Өткен шақтар ізімен немесе құман-қыпшақтар тарихы туралы толғам», «Моңғолиядағы қазақтардың жұмбақтары», «Құман Кодексі» («Кодекс Куманикус») жұмбақтары, «Добруджа татарларының әйгілі үш халық ертегісі» (‘’Trois contes populaires tatares du Dobrudja), «Әлемге құлақ түргізген», «Кіші Куманстан . . . », сұхбаттары (Қырғызстанда және Қазақстанда), хаттары (Тұрсынбек Кәкішұлы және Оразгүл Нұрмағамбетова), естеліктер (Саламат Өтемісұлының, Құралай Иманбекқызының, Nuretdin Demir)

Зерттеу әдісі: Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Иштван қоңыр Мандокидің ғылыми мұрасын зерттеу барысында жүйелі-кешенді, нақты талдау, жинақтау, қорыту, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданды.

Жұмыстың дерек көздері: Зерттеу жұмысы кезінде Б. Қинаятұлының, Вашари Иштванның, Торма Иожефтің, Барта Юлияның, Бенце Иштванның, мақалалары, Тұрсынбек Кәкішевтің және Дихан Қамзабекұлының теориялық еңбектері алынды. Ал дереккөздерге Иштван Мандокидің ғылыми мақалалары негіз болды.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Кіріспеде зерттеудің негізгі принциптері мен мақсаттары баяндалып, объектінің өзектілігі көрсетіледі. Түркітанудағы мажар түркологиясы және қыпшақтекті ғалымдар еңбегі кең түрде баяндалады. Сонымен бірге Иштван Мандоки Қоңырдың ғылыми мұрасы жан-жақты талданып, түркі руханиятына үшінгі ғалымдығы сөз болады. Түркі халықтарының тарихы, әдебиеті мен фольклоры баяндалады. «Кодекс Куманикус» туралы мақаласының маңыздылығы ашылып, қазақ әдебиетінің тарихындағы «Кодекс Куманикус» жұмбақтарының алар орны туралы талқыланады. Қорытындыда екі тарауда сөз болған зерттеу нәтижелері жинақталып, қысқаша түйін жасалды.

Тірек сөздер: қыпшақтар, түркі халқы, түркі халықтарының әдебиеті, ескерткіштер тілі, ауыз әдебиеті, фольклор, мажар түркологиясы, тарих, рухани құндылықтар

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1МАЖАР ТҮРКОЛОГИЯСЫ: ҚЫПШАҚ ТЕКТІ ҒАЛЫМДАР ЖӘНЕ ИШТВАН ҚОҢЫР МАНДОКИ 6

2 ИШТВАН ҚОҢЫР МАНДОКИ-ФОЛЬКЛОРИСТ ҒАЛЫМ . . . 22

3 ИШТВАН ҚОҢЫР МАНДОКИ ӘДЕБИЕТ ЗЕРТТЕУШІСІ. 47

ҚОРЫТЫНДЫ. . 83

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 87

ҚОСЫМШАЛАР . . . 92

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы . Түркі әдебиетін, оның мән-маңызы мен өзіне тән ерекшеліктерін, шығу тегін, қоғамдық қызметі мен әдеби-тарихи процестің заңдылықтарын зерттеуде жүз жылдық тарихы бар мажар түркологиясының ғалымдары, әдебиет тарихы мен фольклорға байланысты іргелі ғылыми еңбектер жазып, түркі әдебиеттану ғылымын дамытып өркендетуге үлкен еңбек сіңірді.

Түркі әдебиеті мен фольклортану ғылымының әлемдік деңгейде танылуына көрнекті түрколог ғалым, Иштван Қоңыр Мандоки (1910-1976) қомақты үлес қосты. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін түркі әдебиетіміздің тарихын зерттеуге арнап, оның ғасырлар бойғы даму, қалыптасу, кемелдену кезеңдерін ашып зерделеуге айтарлықтай үлес қосты. Бұл игі істе ол атақты мажар түркологтары Д. Немет, Л. Лигети секілді зерттеушілермен бірге жемісті еңбек етті. Алайда ғалымның сан салалы ғылыми еңбектері әлі күнге дейін арнайы зерттеліп өз бағасын ала қойған жоқ. Сол себепті ғалымның өмірі мен шығармашылығы арнайы зерттеудің мәні зор. Осыған орай, ең алдымен оның өскен ортасы мен оқып білім, тәлім-тәрбие алған өмір кезеңдеріне зер салған жөн.

Иштван Қоңыр Мандоки 1944-жылдың 10-ақпанында Мажарстандағы ең үлкен өзен Дунай мен Тиса расындағы Кишкуншаг өңірінің Карцаг қаласында дүниеге келген. Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған оны жалпы білім беретін мектепті бітірген соң ешқандай гимназия қабылдамайды. Тауы шағылған Қоңыр туған қаласы Карцаг қаласына келіп, сондағы ауыл шаруашылығы техникумының деректірі Бела Хайдудың көмегімен астыртын оқи бастайды. Алғашында оны оқушылардың ресми тізіміне тіркеу мүмкін болмаса да, қашып­ пысып жүріп оқуын жалғастырады. Қоңырға университеттердің есігі жабық болды. Аз уақыт ат мектебінде атбегі болып жұмыс істеуіне тура келеді. Кейін Мажарстанда саяси ахуал біршама өзгере қалған кезде Немет Дьюла профессордың партиялык кепілдемесінің шапағатымен Өтвөш Лоранд атындағы Будапешт мемлекеттік университетіне 1963 жылы қабылданып, түрік бөлімінде түркітанушы мамандығы бойынша оқыды.

Ол 1981-жылы «Мажарстандағы құман тілінің ескерткіштері» атты диссертациясын қорғайды.

Негізгі зерттеу нысандары бойынша Қоңырдың 60-тай мақаласы жарық көрді. Оның 40-ы ғылыми, 20-сы ғылыми танымдық дүниелер.

Ғалым фольклортанушы ретінде іргелі монографиялық еңбектерімен фольклортану ғылымында өзіндік орнын қалдырды. Әдебиет тарихын зерттеуге де белсене қатысып, көне ескерткіштерді зерттеп жазған еңбектерімен көрінді.

Зерттеу жұмысында Иштван Қоңыр Мандокидің әдебиеттанушылық, фольклортанушылдық еңбектерін, түркі халықтарының ауыз әдебиеті туралы және көне ескерткіштер туралы жазған зерттеулерін ғылыми тұрғыдан саралап талдауға негізделеді. Себебі, осыған дейін қазақ әдебиеттану ғылымында Иштван Қоңыр Мандокидің ғылыми мұрасы әлі жеке зерттеу нысаны ретінде, арнайы қарастырылған емес. Ал, тарих ғылым саласында Бабақұмар Қинаятұлының Қоңыр туралы зерттеулерін ең бірінші атауға болады.

Тақырыптың өзектілігі. Түркі фольклоры, әдебиет тарихы мәселелерін қазақ ғалымдары Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев сынды ғалымдармен қатар венгр ғалымдары Д. Немет, Л. Лигети, И. Вашари сияқты әдебиет зерттеуші ғалымдармен бір кісідей дамытуға қалам қайратымен қатысқан Иштван Қоңыр Мандоки артында қалған ғылыми мұрасын сала-сала бойынша саралаудың маңызы зор.

Білгір ғалым Ишван Қоңыр Мандоки талантты фольклортанушы ретінде де танылып, ауыз әдебиеті үлгілерін Мажарстанда алғашқы ғылыми басылымын дайындап, алғы сөзі мен түсініктерін жазды, қыруар текстологиялық жұмыстар атқарды. Ол сонымен бірге «Кодекс куманикус» жұмбақтарын зерттеу ісінде ерекше көңіл бөліп, акдемиялық басылымдарының сапалы шығуына көп еңбек сіңірді. Әдебиеттанушы, фольклортанушы және мәтінтанушы ғалымның соңында қалған ғылыми еңбектерін қазіргі тәуелсіздік талаптары биігінен қарап бағалаудың мезгілі жетті. Қазақ әдебиетін зерттеудің қай саласында болсын жемісті еңбек еткен ғалым мұрасының бүгінгі әдебиеттану ғылымы үшін ғибраты мол. Сол себепті Иштван Қоңыр Мандокидің әдебиет тарихы мен фольклорды зерттеп, мәтінтану ісіне қосқан үлесін қамтыған жеке диссертациялық еңбек жазу тақырыптың өзектілігін аңғартады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом нысаны болып отырған әдебиет тарихын, фольклор, текстология мәселелерін зерттеген ғалым Иштван Қоңыр Мандоки еңбектерін ұлттық әдебиеттану, фольклортану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырудың қажеттілігі бүгінгі таңда күмән туғызбайды. Тарих ғылымдарының кандидаты Бабақұмар Хинаятұлың көлемді мақалалары ғалымның еңбегіне тарих және түркология мәселесі бойынша жазылған. Осы зерттеу жұмысында Б. Хинаятұлының мақалалары басшылыққа алынды. Алайда Иштван Қоңыр Мандоки туралы арнайы монографиялық түрде жазылған жұмыс жоқ, оның еңбектеріне салиқалы түрде әдебиеттану ғылымы тұрғысынан ғылыми талдау жасалған емес. Сондықтан ғалымның әдебиеттанушылық және фольклортанушылық еңбегі алғаш рет монографиялық тұрғыда зерттеліп отырғандығын баса айту қажет.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - көрнекті әдебиеттанушы - ғалым, Иштван Қоңыр Мандокидің түркі әдебиеті мен фольклоры тарихына байланысты ғылыми еңбектерін жүйелеу, сараптап және талдау негізінде оның осы қазақ филологиясына қосқан үлесін, өзіндік ғылыми ұстанымдары мен көзқарасын және бүгінгі әдебиеттану үшін маңызын анықтау.

Осы мақсаттан туындаған міндеттер төмендегідей:

  • Иштван Қоңыр Мандокидің әдебиет тарихы мен фольклорлық шығармаларды зерттеу әдістерін ашып көрсету., Иштван Қоңыр Мандокидің әдебиет тарихын зерттеудегі ғылыми ұстанымдарының эволюциясын ашу., Ғалымның «Кодекс куманикусты» жариялау мен зерттеу принциптерін талдау. Әдебиет тарихы туралы еңбектерінің кеңес дәуірінің шындығымен және сол тұрғыдағы шығармашылық ортамен байланысын қарастыру, осыған орай әдебиет тарихын дәуірлерге бөлу принциптерінің себеп-салдарын айқындау., Ғалымның текстологиялық ізденістерін қазіргі ғылым биігінен пайымдау.

Зерттеудің дерек көздері. Диплом жұмысында Иштван Қоңыр Мандокидің монографиялық еңбектері мен ғылыми зерттеулері, Б. Хинаятұлы жинастырған Қоңырдың архивтік материалдары Б. Қинаятұлының, Вашари Иштванның, Торма Иожефтің, Барта Юлияның, Бенце Иштванның мақалалары, теориялық еңбектері алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Осыған дейін арнайы зерттеу нысаны болмаған әдебиеттанушы-ғылым Иштван Қоңыр Мандокидің ғылыми мұрасы алғаш рет монографиялық тұрғыда қарастырылып, жан-жақты зерттелді. Бұл ретте ғалымның әдебиет тарихын зерттеуге қосқан үлесі, әдебиет тарихын дәуірлеу принциптерін, ғашықтық жырлар туралы ғылыми тұжырымдары, Ыбырай, Н. Байғанин, І. Жансүгірұлы поэзиясы мен ауыз әдебиеті туралы пайымдары, текстологиялық ізденістері, мажар түркологиясы алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.

Жұмыстың теориялық жəне практикалық маңызы. Филология факультеті студенттерінің қазақ əдебиеті сабақтарында әлем түркологиясы, венгр ғалымдарының еңбектерінің ғылыми өзектілігі жайында мағлұмат беру, ұлттық рухын ояту, теориялық негізін салу мақсатында. Қазақ əдебиеті және венгр әдебиеті байлансы туралы сабақтарда қазақ және венгр халқымен тарихи тамырластық туралы еңбектерді талдау кезінде практикалық маңызын ашып, бағыт - бағдар сілтеу болып табылады.

Зерттеу әдісі: Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Иштван қоңыр Мандокидің ғылыми мұрасын зерттеу барысында жүйелі-кешенді, нақты талдау, жинақтау, қорыту, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданды.

Жұмыстың сарапталуы мен талқылануы: Диссертация жұмысы қазақ əдебиеті кафедрасының мəжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу нəтижелері: Диссертацияның негізгі мазмұнын ашып беретін мақалалар // «Алатау апталығы» газеті N4/2009/ санында, Монголияда шығатын халықаралық әдеби-танымдық «Шұғыла» /2011/ журналында, «Қасиетім ана-тілім» кітабында /Халықаралық олимпиада материалдар жинағы / жарық көрді. Сонымен қатар Иштван Мандокиге арналған «Қазақ тілі: алтай дәуірі, көнепрототүрк кезеңі, түркі ескерткшітері»атты халықаралық конференцияда /Астана, 2008/, І Халықаралық Қоңыр оқуларында /2010/ баяндама жасалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қатар қосымша берілді.

1 МАЖАРСТАН ТҮРКОЛОГИЯСЫ: ҚҰМАН-ҚЫПШАҚ TEKTІ ҒАЛЫМДАР ЖӘНЕ МАНДОКИ ҚОҢЫР

Мадиярлар үшін Шығыс тек географиялык ұғым емес тарихи, мәдени аймаққа саналатындықтан оларда шығыстану ғылымы ұлттың өзін-өзі танып білу мұраты ретінде жолға қойылған. Өзінің этногенезі мен этникалық тарихына жете мән берген мадиярлар 1235 жылы Юлиан Фратердің бастауымен Еділ, Кама бойынан туысқан жұрттарды іздеуді бастаған (яғни ең алғаш шығысқа аттанған жиһанкез Марко Поло емес екендігін осыдан байқаймыз) .

Осындай кызығушылықпен өткен тарих пен туыскандық текті іздестіру мұраты білім, ғылым саласында да тым ертеден қолға алынады. Мажарстан жоғары оқу орындарындарында шығыс тілдерін окытудың үш жүз жылдық. тарихы бар. Теологиялык мақсатта жүрілген елдегі тіл оқыту 1774 жылдан азаматтық білім беру саласына ауысты. XIX ғ. ортасында мадияр тілінің қай тіл семьясына енетіндігі туралы тартыс шегіне жетті. Мұндай ғылыми тартыста Хунфалви Пал мен Буденц Йожеф (1832-1892) бастаған ғалымдар оны финн-угор және түркі тілдерінің аралығындағы позицияда тұр десе, Регули зерттеуінен кейін мадияр тілі түркілерден гөрі финн-угор тілдеріне жақын деген ресми байламға келді. Ал мадияр тіліндегі түрік сөздері олардың Карпат қойнауынан келуден бұрынғы замандарда түркі халықтарымен тарихи-мәдени байланысының нәтижесінен туған деген уәж айтты. Бүл жерде айта кететін бір жай, мадияр тілінің түркілік туыстығын қолдаушылардың пікіріне ден қойсақ, жоғарыда айтылған ұстанымда ресми саясаттың (еуропалық талапқа жақындасу ниетінен туған бұрмалаушылыктың) салқыны тиген. Сол кезден бастап елдегі билеуші саясат мадияр тілі мен генетикалық байланыс мәселесінде үнемі финн-угорлық бағытқа демеу беріп, қолдау керсетумен келді. Дегенмен, тілтанушы Буденц мадияр тілінің фонологияльгк сипаты чуваштарға өте жақын дегенінен танбады және бұл бағытта зерттегендердің уәжі (аргументі) нық болып келді.

XVIII ғасырдан бастап түркі халықтары арасына ондаған мадияр экспедициясы жіберілді: алғашқылардың бірі болып мадиярларға туыс халықты іздеуге шығысқа жаяу аттанған Көрәши Чома (1784-1842) 1819 жылы Үндістанға, Тибетке жетіп, негізгі мақсатынан алшақтап тибетті, буддологияны зерттеумен айналысады. Ал онан кейін Вамбери Армин (1832-1913) тіл зерттеу мақсатымен түркі халыктарының арасында болып, 1865 ж. Азиялық сапардан оралған соң жоғары білімінің жоқтығына қарамастан шығыс тілдерін оқытушысы деген дәреже алып, дәрістер бере бастады.

«1848ж. мадияр ұлт-азаттық төңкерісінен соң жатжұрттықтар тарапынан қысымға ұшыраса да, оларға карсы тегеуірінді қарсылық көрсеткен мадиярлар шығысқа деген аңсары арта берді. Тіптен 1867 ж. Будапешт универститетінде кұрылған көпгеген жаңа кұрылымдар арасында «барлық алтай тілдері кафедрасын» кұру туралы шешімге қол жеткізді. Ол 3 жылдың ішінде жүзеге асты. Оны атақты Вамбери басқарды. Әлемдік алтаистикадағы алғашқы ғылыми құрылым болып табылатын сынау Алтай компорастикалық филологиясы кафедрасында жүрілген түркологиялық зерттеулердің дені ғылыми тартысты шешу саласында (Вамбери мен Буденц арасында) жүрілді. Ол мадиярлардын тілдік туыстығы финн-угорларға жақын деген Буденцтің басымдылығымен аяқталады. Ал Вамбери мадияр түркологиясының бағдарламасын жасаумен ғана шектелді, Вамбери жасаған ол бағдарлама кекейтестілігін әлі жоғалтқан жоқ. Бағдарламада мадияр тіліндегі көне, орта, жаңа түркі сөздерін анықтау, салыстыру, түрік тілінде жазылган көне жазба, дерекнамалық әдебиеттерді қайта бастырып шығару, сараптау, түркі этимологиясы сөздігін жасау деген басым бағыттар айкындалды. Осылайша мадияр-түрік тілдік байланысының құпиясын ашуға болады деп түйді Вамбери. Бірак, ресми саясат тарапынан колдауға ие бола алмаған түркологияның тынысы тарылғанның үстіне тарыла түсті. Олар еңбек ететін негізгі «ұстаханаға» айналған кафедра урал-алтай атауына алмастырылып, кейін финн-угор кафедрасына айналды. »[1. 2] .

Осы кездерде ұлкен тартысқа әркім өз үлесін қосты. Айталык, Уйфалви, граф Сеченшер, Алмаши, Хунфалви, Принц қатарлы ғалымдар Орта Азияға сапарларын ұйымдастырып, нәтижесінде түркі халыктарың Еуропаға, элем жұртшылығына танытуга үлес қосты. Ал Балкан, Бессаравия, Қырым мен Кавказға зерттеу жүргізгендердің саны онан бірнеше есе көп еді. Месарош Дьюла 1906 ж. чуваштарға барып, бір жарым жылдай зерттеумен айналысса, Мункачи Бернат (1860-1937) Батыс Сібір, Еділ бойы финн-угорларын, тарихи-салыстырмалы түркі филологиясымен шұғылданған. "Keleti Szemle" журналын, Орта және Шығыс Азия халықаралық қоғамының Мажарстандық комитетін ұйымдастырған, ол мадиярлар үшін ең маңыздысы - Еділ бұлғарлары мен чуваш тілдерін зерттеуді ұсынды.

Мажарстандағы ұлттық қайта жаңғыру кезеңінде шығыстануды дербес ғылым ретінде дамытуды қолға алды. Кунош Игнац Осман түріктерінің диалектологиялық сөздігін жасады, фольклорын жинады. Барток Бела түрік халық музыкасын алғаш зерттеп, шәкірттер тәрбиеледі. Карачон Имре түрік мұрағаттарындағы жәдігерлерді зерттеді.

“Будапешт университетінің түркология кафедрасының жетекшілері Вамбери Армин 1905ж., Тури Йожеф 1906 ж. бірінен соң бірі қайтыс болуына байланысты орнына тағайындалған жас ғалым Немет Дьюла басшылық етті, ресми түрде 1936 ж. кафедра жетекшісіне сайланды. Мажарстан түркологиясының мұнан кейінгі дамуы Неметтің шығармашылығымен тікелей қатысты болды. Мажарстандағы құман-кыпшактардың Өтемеш руынан тараған Немет Дьюла (02. 11. 1890 Карцаг-1976 Будапешт) 14 жасынан осман түрік тілін үйреніп, 16 жасында Ыстамбұлға аттанған дарынымен ерте көзге түскен, Будапешт университетінің I курсынан-ақ оған Халықаралық таяу шығыс Азия ассоциациясынын Мажарстандық комитеті стипендия беріп, Кавказдағы кұмыктардың, 1913 ж. Өфе төңірегіндегі чуваштардың тілін зертгеуді жүктейді. 1915 ж. университетті бітіргенде 4 томдық осман түрік грамматикасының оқулығын жазып, баспадан шығарды (ағылшын тілінде Turkish Reader for Beginners, The Hague-Paris, 1966. басылған бұл еңбек 50 жылдан соң да маңыздылығын жойған жоқ) . ” [1. 2] .

Кейін Немет батыста Халле, Берлин, Лейпциг университеттерінен білімін шыңдады. 1928жылдан "Мажарстан шығыстануы" монографиялар сериясын шығаруды қоса атқарды. Оны 3923 ж. Мажарстан Ғылым академиясы корреспендент мүшесі етіп қабылдады. Немет 1930 ж. Түркі филологиясы және мадияр көне тарихы институтын құрады.

1932 жылдан Гуманитарлык факультет деканы, 1947-1949 ж. университет ректоры кызметін атқарады. Соньмен бірге Немет 1932 жылдан Мажар Ғылым Академиясының мүшесі, 1939-49 ж. бас хатшы, 1949-54 ж I бөлімнің президенті, 1954-1965 ж. Тілзерттеу институтының директоры қызметтерін қоса атқарды. 1965 ж. зейнетке шыққанға дейін 50 жылдан аса бір университетте қызмет еткен, бес құрлықта оннан астам түрколог профессор шәкірт тәрбиелеген әлемдегі азғана ұстаздардың бірі болып қалды. Сонымен бірге, ол Болғар, ГДР, Саксон Ғылым академияларының корреспендент мүшесі және Финн-угор (1954), Орал-Азия қауымдастығы (1952. Гөттинген), Түрік тіл кұрылымы (1957), Тарих кұрылымы, Британия корольдік Азия зерттеу қауымдастығының (1956) кұрметті мүшесі сияқты жоғары мәртебеге ие болған.

Мадиярлар түркі халыктарының арасынан башқұрттарды зерттеуді және олармен етене байланыс орнатуды басты нысана етіп ұстанды. Бұл кездейсоқгық емес: керісінше тарихилық пен сабақтастықтан туындаған таңдау тәрізді еді. Себебі, қазіргі Башқұртстан аумағында бір кездері мадиярлардың көне Отаны-Магна Хунгария өмір сүрген деген көзкарас сол кездегі зерттеу нәтижелерінде берік орныққан-ды. Орта ғасыр жәдігерлерінде мадияр мен башкұрт атауын бір-біріне алма кезек тели береді. Ал, XII ғасырда Юлианус жекжаттары туысқандарын іздеп келгенде мадиярлардың батысқа карай жөңкілген легінен бөлініп калған тобын башкұрт жерінде кездестіргендігі тарихи жазбалардан белгілі. Әрі, "казан лаңынан" кашып, батыста бас сауғалаган башкұрт зиялыларының бірі Таған Ғалымжан Мажарстанда тұрактап (оның серіктері Орта Азия мен Шыңжан арқылы Түркияға жетіп, Ататүріктің жәрдемімен Зэки В. Тоған Германияда, Ә. Инан жеткен), онда ғылыми, саяси миссиясы арқылы екі халықты жақындастыра түскендігі де себеп болған еді.

Екінші жиһангерлік соғыста жеңілуші жақтың одақтасы болған мадиярлар жері мен халқының біразынан айырылып (I соғыстан соң 1/3 жерінен айрылған) қалжыраған елде 1949 ж. колға алынған білім реформасы бойынша ориенталистика бұрынғыдай еркін гуманитарлык пән емес, керісінше қоғамның нақты сұранысына қызмет етуге тиіс деген талап қойылды. Бұрынғы төрт жылдық абсолютори, кішкене докторлық деген екі сатымен білім алу жойылды. Турік тілдерін музей, кітапхана мамандарына екінші тіл ретінде ғана үйрену мүмкін болып қалды. Өкіметтің қысымына карамастан университет басшылығы көне «өлі» шығыс тілдері мен тарихын оқытуды жалғастыра берді. Дегенмен марксизм-ленинизм көзғарасы тұрғысынан пәннің мазмұнына орасан нұқсан келтірді, қазіргі заманғы түркі тілдерін үйретуге жол бермеді, Кейіннен мәдениет төңкерісі кезеңінде шығыс әдебиеті мен азат халықтардың жетістігін таныту үшін жаңа заманғы шығыс тілі мамандары дайындалды. Бітірушілер кейін радио, кітапхана, музей, әдебиет тәржімасы, білім беру саласынан орын тапты.

1960 ж. университетте түрік, Ішкі Азия, синология шығыс азия кафедралары қайта кұрылып, студенттер қабылдай бастады. Ориенталист студенттер қауымдастығы да дүниеге келіп, игілікті істерге мұрындық болды. Сол студенттердің көбі казір Мажарстан түркологиясының белді өкілдеріне айналыл отыр . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚТЫ КҮЛЛІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫСТЫРУ ҚОҢЫРДЫҢ МАҚСАТЫ ЕДІ
Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақтардың ролі
Венгрия
Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан
Сыпыра жырау туралы
Омар Хайям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы
Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz