Тараз қаласымен экскурсия
ЭКСКУРСИЯ.
1-ші күн
16.30 – келісілген жерде жиналдық. 17.00 – Алматы қаласынан шықтық. 19.00
– кешкі ас Авразия кафесінде. 19.00 – 01.00 – Георгиевка – Тараз қ.
01.00 – 03.00 – түнгі Тараз қаласымен экскурсия.
2-ші күн
07.00 – Айша Бибі және Бабаджа Хатун кесенесі. 08.00 – 09.00 – Шымкент
қаласы, Зафар кафесінде таңғы ас.
Айша Бибі және Бабаджа Хатун кесенесі
АЙША БИБІ
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш – Айша-бибі
мазары орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына
алынған. Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани
мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша –бибі кесенесі Орталық Азиядағы
плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен
безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық
фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке
суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-
азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы
болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған
қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне
жазба тақпағы сақталып қалған: Күз...Қара бұлт.Әлем керемет... Біздің
күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен
жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері
ішінен бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар
эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше
сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан
арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс
ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді.
Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса,
тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп
есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі
Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас
қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-
тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін-жерін қорғаумен жүргенде Қараханның
уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт
өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз
қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп,
жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.
Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада
суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас
жабдығына кіріседі.
Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас
әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады.
Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған
жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің
ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен
кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап
кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.
Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға
хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп
кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін
қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның
құлағына: Айша, сен енді бибі болдың! деп үш рет айқайлапты.
Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан
кездеспейді.
Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп,
басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін
салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес
белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.
Бабаджа-Хатун кесенесі
Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сәулет
ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады.
Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде
жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның
қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс
болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі
кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін
мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.
09.00 – 11.30 – Шымкет қаласынан шығып – Шәуілдір ауылы – Отырар
қалашығы, 11.30 – 12.30 –Отырар қалашығымен экскурсия,Отырар музейі, Отырар
моншасы, Отырар қаласының орны.
Оңтүстік-Қазақстан облысы: Шымкент, Отырар қаласының орны
Отырар, ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ
астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елдімекеннің пайда болуы
біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді. Алғаш рет Отырар
және Фараб атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ.
кезеңі, моңғол шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі
болды. 1219 жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлады. Алайда,
Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен шығыс арасындағы
жолда ірі сауда орталығына айналды. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде
Темірлан қайтыс болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты.
Қалажұрттың жалпы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық
ескерткіштердің көпшілігінің сипатына тән.
Көне Отырар қаласының орны
Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында
орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында
орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-
Ортасырдария жазығына кіреді.
Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған
каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды.
Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды.
Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін
тигізіп отырды. А. Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында,
Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін
суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін
қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш,
Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ
бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына
дейін барған.Шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53
километрдей, батыстан шығысқа қарай 54 километрдей. Шұрат территориясында
130 астам ескерткіштер бар.
Отырар қаласының орны (АЭРОСУРЕТ)
2004-2007 жылдары Мәдени мұра және Ежелгі Отырарды жаңғырту
мемлекеттік бағдарламалары аясында, Отырар қалашығының бірқатар
ескерткіштерін (XIV ғ. жұма мешіті, XVI ғ. тұрғын үй орамы, XI-XII ғғ.
тұрғын жайлары, қабырғалар, орталық қақпа және Дарваза-и суфи (Сопы
қақпасы), стратиграфиялық шурф, XIV ғ. моншасы) зерттеу, консервациялау
және музейлендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Шұрат
ескерткіштері Көк-Мардан, Құйрыктөбе, Жалпақтөбе, Уәсиж қалашықтары,
Талтақай және Қоңыр мазараттарына кешенді зерттеу жүргізілді. Отырар
шұратын аэрофотоқұжаттау іске асырылды, ең жаңа компьютерлік жетістіктерді
пайдалана отырып шұраттың ежелгі ирригациясы зерттелді. 8 мыңнан астам
аэросуреттер түсірілді. Шұраттың геоақпараттың негізі жасалды. Бұл
Қазақстан археологиялық ғылымында жасалған ең ақпаратты және ауқымды жүйе.
Отырар қаласының орны (АЭРОСУРЕТ)
Отырар шұраты – Қазақстан Республикасы археологиясының жауһары.
Археологиялық зертттеулерді, консервациялық шараларды жалғастыру, туристік
инфрақұрылымды дамыту – шұрат ескерткіштерін Дүниежүзілік мәдени мұра
тізіміне енгізу процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Отырар мемлекеттік археоло¬гиялық қорық-музейіне биыл 30 жыл толды
Бүгінде қазақ халқының орта ға¬сырлық ғылымы мен білімі, мә¬дениеті
мен өнерінің кең тараған өлкесі Отырар даласының тарихи жәдігерлерін көздің
қарашығын¬дай сақтап, насихаттап келе жат¬қан Республикада алғаш құрылған
Отырар мемлекеттік археология¬лық қорық-музейіне 30 жыл, осы өңірде
археологиялық кешенді қазба жұмысы жүргізілгеніне 40 жыл, Арыстанбаб
кесенесінің қай¬та қаланғанына 100 жыл толып отыр.
Қорық-музей республика кө¬лемінде археологиялық жәдігер¬лерді
зерттеуді, қазба жұмысын жүргізетін, реставрация және же¬дел жөндеу арқылы
ескерткіштер¬ді сақтау барысын дамытатын бір¬ден-бір мекеме десек, Отырар
өңі¬рі¬нің бай тарихи ескерткіштерінің болашағын бағамдай білген ауыл
ұстаздары Асантай Әлімов, Әуел¬хан Есжанов, Адасхан Алтаев, Еркебай
Бүрлібаев өлкеміздің тарихи мұралары туралы ма¬қалалар жазып, жә¬дігерлер
жи¬настырып, мектеп жаны¬нан өлкетану музейлерін ұйым¬дастырды. Отырар
ауда¬нындағы (Қызылқұм ауданы) алғашқы музей 1962 жылы Балтакөл
мектебіндегі ұстаз А.Алтаевтың ұйымдасты¬руы¬мен ашылды. Ағаларымыз елге
елеусіз болып қалған әр¬бір ескерткіштер маңынан та¬былған, халық қолында
жүр¬ген археологиялық, этногра¬фия¬лық жәдігерлерді жинас¬тырып, сақтап,
қазақ халқы¬ның өткен тарихын елге та¬ны¬тып, жас ұрпақты елін-же¬рін,
Отанын сүюге, ұлттық тари¬хын білуге, халқының шын сүйген азаматы болып
қалыптасуына сү¬белі үлес қосты.
Отырар мемлекеттік архео¬ло¬гиялық қорық музейінің негізі осындай
бастамалар арқылы 1967 жылы Асантай Әлімов ашқан мектеп мұражайынан бастау
алды. 1973-1975 жылдар аралығында облыстық өлкетану музейінің фи¬лиалы
ретінде қорында 600 жәді¬гері бар аудандық өлкетану му¬зейі, 1976 жылы
аудандық мемле¬кеттік өлкетану музейі, 1979 жыл¬дың 11 мамырынан бастап
ғы¬лыми зерттеу, мәдени ағарту және Қазақстанда тұңғыш рет архео¬ло¬гиялық
тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесі болды. Қазіргі музей ғимаратының
іргетасы 1979 жылдың 9 қазанында қаланып, 1982 жылдың басында толық
пайдалануға берілді. Музейдің ішкі көрме залын жасақтауды
“Қаз¬музейреставрация” маман¬дары жүргізді. Сол жылдан бері аудан
көлеміндегі ескерткіштерді қорғайтын қорық-музейі болып табылады.Отырар
мемлекеттік архео¬ло¬гиялық қорық-музей қызметінің мақ¬саты тарихи және
мәдени маңы¬зы бар археологиялық және сәулет ескерткіштерін сақтау болса,
онда тарихи мұраларды жи¬нақтау, сақтау, ғылыми зерт¬теу, ес¬керт¬кіштерді
қор¬ғау, ағартушылық-экс¬курсиялық көпші¬лік жұмыстарын жүр¬гі¬зетін бес
ғылыми бөлім жұмыс жасайды. Сонымен қатар ғы¬лыми кітапхана қо¬рында 3000-
ға тарта аса сирек кездесетін кітаптар бар. Музей қо¬рында музей сала¬сына
қатысты өткен тарихымыз бен рухани мә¬дениетімізді, тұр¬мыс-салтымызды
ха¬лыққа көр¬некті түрде жеткізетін 22 мыңнан астам жәдігерлер сақ¬таулы.
Сондай-ақ му¬зей қорын жылына ел ішінен және қазба жұ¬мысы кезінде табылған
300-ден астам жәдігер толықтырады.
2008 жылғы есеп бой¬ын¬ша, археологиялық көрме за¬лында 356,
этнография көрме за¬лында 465, Әл-Фараби залында 78, Арыстанбаб кесенесінде
18, Отырар тө¬беде 1, музей ауласында 5, музей¬дің ғылы¬ми кітапханасында
56, әде¬биет және өнер бөлімінің экспо¬зиция залында 700 жәдігер қой¬ылған.
Жалпы саны 1679 дана көр¬некілер мен кі¬таптар көпшіліктің көріп танысуына
және тарихи мә¬ліметтер алу үшін қойыл¬ған. Көрме залдарына қойылатын
жәдігерлер уақытына қарай өзгер¬тіліп оты¬ры¬лады. Музей қорындағы
жәдігерлер саны 22281 дана. Негізгі қордағылар 19861, көмекші қорда¬ғылар
2460 дана.
Археология бөлімінің жәдігер¬лері І-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтиды.
Атап айтқанда, күйдірілген саз балшықтан, құрылыс кірпіш¬терінен бастап,
нәзік фарфор, шы¬ны, ыдыс аяқ, сүйек, алтын, күміс, мыс теңгелер, темір
бұйымдар және т.б. жәдігерлер топтастырылған. Оның ішінде Көкмардан
бейітінен табылған ІІІ-V ғасырдың темір бұй¬ымдары, VІ-ХІІІ ғасырдың мақта,
бидай күйінділері, VІІІ-ІХ ғасыр¬дағы ішкі қабырғаларды сәндейтін оюлы
ағаштардың өртенген қалдық¬тары, ХІV-ХV ғасырларға тән Оты¬рардағы орталық
мешіттің алтын жалатылған сәндік кірпіштері, әрлеу тақталары және ХV-ХVІ
ғасырдың сырлы ыдыстары бар.
Этнография бөлімінде ХІХ-ХХ ғасырдағы осы өңірдегі ел ішінен жиналған
қазақ халқының тұрмыс¬салты, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz