Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ: МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
3
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1 БАЯНАУЫЛ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК КЛАСТЕР ҚҰРУҒА МҮМКІНШІЛІГІ
5
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Баянауыл ұлттық паркінің туристік - рекреациялық ресурстары
5
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Ұлттық саябақтың туристік инфрақұрылымы: коммуникация, жол тораптары, байланыс
11
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары
12
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2 БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
14
МАЗМҰНЫ: 2. 1 Баянауыл ұлттық паркін туристік бағытта дамыту бағдарламаларында туристік кластер құру мәселесі
14
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Баянауыл ұлттық паркінде туристік кластер құру жолдары
26
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
33
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
35

КІРІСПЕ

Елімізде туризм экскурсиясын кең көлемде дамытудың маңызы мен қажеттілігі мемлекеттік құжаттарда нақтылы көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі - Қазақстанның экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту болса, оның бір жолы - туризм. Қазақстанда кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне айналып келеді. Туристік саяхат жасау - дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Баянауыл саябағы аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Алғашқы бетте ішкі туризмді дамытуға талпынған мемлекетіміздің әр облысында арнайы бағдарламалар сап түзеді. Павлодар облысындағы 2010-2012 жылдарды қамтитын өңірлік туризмді дамыту бағдарламасы жүзеге асуда. Өңіріміздің жалғыз танымал бренді, келушілердің көзін тартып, еріксіз еліктіретін жер жәннаты Баянауыл өлкесінде заманға сай инфрақұрылым жасау, туристік өнімдердің желісін құру аймақ алдында тұрған маңызды міндет. Баянауылдың тұнған сұлу табиғатына қатысты біз әңгімелеген жайларға қарап отырып-ақ, елімізде тарихи, экологиялық, спорттық және экстремалды туризмнің бірнеше түрін шоғырландырып, дамытуға толық мүмкіндік бар екенін көрдік. Жалпы еліміз бойынша кенжелеп қалған туризм саласын баянауылдықтар жоғарыдан нұсқау күтіп отырмай-ақ, дер кезінде қолға алып, ұтымды пайдаланған кезде ғана тоз-тозы шыққан ауыл жолдары жөнделіп, мәдениет үйлері қалыпқа келтіріліп, таза ауыз су мәселесі шешіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрмыс деңгейі біршама көтерілер еді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі аймағындағы туризмді дамыту мәселесі қаржыға кеп тірелген уақытта инвесторлардың да көмегі ауадай қажет болды.

Енді осынау бір туристік потенциалы толығымен қамтылған жердің туристік әлеуетін көтеру мәселесі бар. Бұл аймақтағы табиғи-тарихи ресурстардың мол болғанымен ондағы туристік кластердің дамымауы бұл аймақтағы туристік әлеуетті көтермейді.

Жұмыстың зерттеу обьектісі: Жұмыстың тікелей зерттеу обьектісі болып Баянауыл аймағы мен Баянауыл ұлттық саябағы болып табылады және де қосымша обьект ретінде баянауыл аймағымен шекаралас Павлодар облысының басқа аудандары мен Павлодар және Екібастұз қалалары.

Жұмыстың зерттеу пәні: Баянауыл аймағының туристік-рекреациялық, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ресурстарына баға беріп, осы ресурстардың туризмді дамытудағы мүмкіншілігін ашып көрсету.

Жұмыстың өзектілігі: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының туристік - рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындап, осы өлкенің рекреациялық қуаттылығын көрсету және табиғатты пайдалану принципіне негізденіп, оның табиғи ортасын сақтауды қамтамассыз ету. Осы өлкенің табиғи-туристік мүмкіншіліктерін бағалай отырып аймақты үлкен халықаралық дәрежедегі демалыс орнына айналдыру. Туристер мен демалушылардың демалу мүмкіншіліктері толық көрсетілді. Қазіргі мүмкіншіліктер мен келешекте болуға тиісті мүмкіншіліктерге ұсыныстар жасалды. Ауданның туристік-рекреациялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени мүмкіншіліктеріне қарай туристік кластер құру мәселесіне талдау жасалды.

Жұмыстың мақсаты: Баянауыл аймағының туристік мүмкіншіліктері мен оның экономикалық-әлеуметтік жағдайына талдау жасап, ауданда орналасқан негізгі туристік нысан болып табылатын Баянауыл ұлттық саябағынада туризмді және туристік кластерді қалыптастыру мен дамытатын негізгі факторларды анықтау. Туристік ресурстарына талдау жасай отырып туристік кластер құру мүмкіншіліктері мен мәселелеріне тоқталу.

Жұмыстың міндеті:

- Ұлттық саябақтардың туризмге байланысты теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу, даму тарихын анықтау, туристік кластер құру мәсәлесін қарастыру

- Ұлттық саябақтардың шаруашылығы саласының инфрақұрылымы мен экологиясын қарастыру;

- Баянауыл аймағының қазіргі туризм ахуалына талдау жасау.

- Баянауыл ұлттық саябағының мәдени - тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігін сипаттап анықтау.

- Баянауылдың туристік әлеуетін көтеру жолдарын қарастыру.

- Баянауыл аймағында туристік кластер құру үшін қажетті факторлардың мүмкіншілігін бағалау

- Ұлттық саябақтағы туристік кластерді құрайтын факторларды қалыптастыру.

- Баянауыл аймағының табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктерін сараптау және рекреациялық құндылығын анықтау;

Ғылыми-әдістемелік маңызы: Баянауыл ұлттық саябағының мәдени -тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігі көрсетілген.

Зерттеудің ақпараттық және ғылыми-әдістемелік базасы : Бітіру жұмысында көбінесе туризм саласына байланысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен Павлодар облысының туризмді дамытуға арналған бағдарламалары басшылыққа алындыю Сонымен қоса Баянауыл аймағы жайлы оқулықтар мен ғылыми жұмыстар қарастырылды. Туристік кластерді ұйымдастыруға байланысты шетелдік тәжірибеде назардан тыс қалмады.

Тәжірибелік маңызы: Баянауыл ұлттық саябағының туристік әлеуеті, оның ішінде, Баянауыл ұлттық саябағының инфрақұрылымы толығымен көрсетілген. Баянауыл ұлттық саябағының туристік-рекреациялық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ресурстарының мүмкіншілігі бағалана отырып туристік кластер құру және туризм және экскурсиялық ерекшеліктеріне байланысты маршруттар мен турлар құрастырылды.

1 БАЯНАУЫЛ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК КЛАСТЕР ҚҰРУҒА МҮМКІНШІЛІГІ

1. 1 Табиғи туристік - рекреациялық ресурстар

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді. Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды. Парктің жалпы аумағы 68 453 га. құрайды.

Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін жоғары) . Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған.

Баянауыл таулы-орман массивіне таулы және жазықты он бір түрлі аймаққа бөлінеді .

1. Территориялық қорықты қозғалмалы зона. Аймақтың 77 пайызын қамтиды. Бұл ландшафты-экологиялық сипаттама және ландшафтық участіктерді, жануарлар мен өсімдіктерді, құстарды, жойылып бара жатқан ландшафты қалпына келтіру мақсаты көзделеді. Қорғармалы территориялар өздерінің ерекшеліктеріне қарай зона тар-мақтарына бөлінеді

- қорық режиміндегі зона тармағы;

- заказник режиминдегі;

- ландшафты біртіндеп қалпына келтіру;

- жас қарағайлы ормандар бөлігі.

2. Демалыс рекреациялы зона. Территорияның 15 процентін қамтиді.

Табиғи ортаны сақтау және оған адам жіберуде күшті қадағалау мақса-тымен территорияға белгіленген шаршрут бойынша зонаға саяхат жасау-ға рұқсат етіледі. Ондай маршрут Баянауыл және Баян тауы маңында орналасқан. Ол жерлерде табиғат ескерткіштері және әдемі көріністер көп. Екінші бір маршрут Біржан мен Торайғыр көлінің маңында орналасқан. Өз кезеңінде зона тармақтарына бөлінеді:

- рекреациялық кешендер мен қызмет көрсету орталығы;

- туризм мен экскурсиялық, яғни интенсивті түрде адам қатынайтын зона тармағы;

- қысқа мерзімдік демалыс үшін рұқсат етілетін жер;

- парктің буферлік зонасы;

- экскурсиялық танамыдық зона;

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Қорғалатын зона

1 - қорық режиміндегі зона тармағы

2- заказник режиміндегі

3- ландшафты біртіндеп қалпына келтіру режиміндегі

4- жас қарағайлы ормандар бөлігі

Рекреациялық шаруашылық зона

5- рекреациялы комплекстер мен қызмет көрсету орталығы

6- туризм мен экскурциялық түрде адам қатынайтын зона тармағы

7- қысқа мерзімдік демалыс үшін рұхсат етілетін жер

8- парктің буферлік зона

Қорғалатын рекреациялық зона

9- экскурсиялық танымдық туризм зона тармағы

10- энтенсивтік туризм яғни адам жіберу зона тармағы

11- қоныстық пункт

12- табиғи парктың шекарасы

Сурет 1. Баянауыл ұлттық паркінің территориялық жіктелуі [1]

Аймақтың геологиялық тарихи ұзақ уақытты қамтиды. Бұл жерлерде әр түрлі қатпарланулар және интрузиялардың иеленулері болып отырған. Өте күшті суланудың әсерлері төменгі және орта девон кезінде өткен. Ортаның девонның аяғында вулканизм сөніп орнына шөгінді жыныстардың жинақталуы орын алған. Төменгі карбоннан соң бұл аймақ жалпы көтерілуге ұшыраған. Пайда болған тау системасы полезойдан бастап триасқа дейін үнемі денудацияланып отырған, олегеоценде аймақ қайтадан көтерілу нәтижесінде су эрозиясы күшті орын алған.

Жасыбай көліне келер жолдың бойында, тау өлкесінің шегінде жеке дара төбе етегінен шың құзы «Қос батырдың басы» тұр. Дулығасын маңдайына көлеңкелей баса киіп, түсі салқын «Жас батыр» қырға қыранша көзін тігіп, өлкеде жатқан елінің сақшысы болып тұрса, артындағы ақылшысы қаба сақал, абзал жүзді «Кәрі батыр» осы өлкеде бейбіт жатқан еліне, сұлу табиғат ортасына мерейі қанып, маужыраған сезіммен етекке көз салады. Қос батырдың сыртындағы өлкеде бейбіт өмірдің белгісіндей «Көгершін» тас шыңы тұр.

- спело- альпинизм (Найзатас, Қоңыр әулие үңгірі, Драверт гроты т. б ) ;

- діни ( Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды қасиетті адамдардың мазалары, әулие бұлақ сияқты қасиеті мол бұлақтар т. б. ) ;

- тарихи - мәдени (тастағы жазбалар, қорған қалдықтары, мұражайлар тізбегі, тарихи оқиғалар) ;

- велотуризм (Жасыбай жол торабында) және т. б. туризм түрлерін атауға болады, ол үшін өлкеде туристік - рекреациялық ресурстар жеткілікті;

Туристік - рекреациялық ресурстарының көп бөлігін белсенді және танымдық туристік саяхаттарға қолдана отырып, тиімді экономикалық мақсатта пайдалануға болады. Өлкенің туризмді дамыту мақсаттарын төмендегідей сипатта айқындауға болады:

- тиімділігі жоғары туризм индустриясын жасай отырып, туризмді эканомиканың кірісті саласына айналдырып, халықаралық туристік рынок шығаруға қабілеттілігін арттыру;

- өлкенің туристік потенциялын арттыру;

- мәдени - тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау мен тиімді пайдалану ;

- қоршаған ортаны қорғау шараларын қамтамасыз ету және мәдени мұраны сақтау;

- туризм саласындағы халықаралық ынтымастықты дамыту;

- туристік іс әрекеті мемлекеттік реттеу;

Паркте өсімдіктің төрт түрі бар тоғай, орманды дала, орман мен шабындық. Горчаковскийдің мәліметтері бойынша Баянауыл МҰТП-де 441 жоғары тамырлы өсімдіктер есептелген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет қызметкерлерімен 2005-2008 жж. аралығында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі шеңберінде өткізілетін «Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер» бағдарламасына сәйкес «БМҰТП тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша экологиялық зерттеулер» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, 475 түр анықталды, түгендеу мәліметтері бойынша жалпы саны 4 бөлімгі, 6 классқа, 72 тұқымдасқа, 260 текке, 485 түрді құрайды. Жаңадан қосылған учаскелерді ескере отырып, тізім 500 түрге дейін өсті, мәліметтер ТОО Ecology Buseness Consulting-2007жүргізген зерттеулерінен берілді. Бұл жерде қазақтың ұсақ шоқысының өсімдіктер дүниесінің үштен бір бөлігі кездеседі. Ең көп таралғаны күрделігүлділер (Asteraceae), астық тұқымдастар (Роасеае), раушангүлділілер (Rosaceae), бұршақтылар (РаЬасеае), ерінгүлдер (Eamiaceae) қалампырлар (Caryophyllaсеае) .

Көктемгі жанаргүл Қазақстанда өсетін сегіз түрдің ішіндегі ең әдемісі және ең сирек кездесетіні. Бұл өсімдік бұрыннан халықтық медицинада жүрек ауруына қарсы қолданылған. Үнемі тегіс жинау салдары бұл түрдің азайып кетуіне әсер етті. Сонымен қатар сәндік мақсатта жанаргүл өте тартымды.

Сурет 2. Ақбет тауы [1]

Баянауыл ұлттық паркінде 9 көл бар. Алты көл айдыны бір шаршы километірден аспайды, тек үш көл ғана 1 км ден 7, 4 шаршы километірге дейін алқапты алып жатыр. Барлық көлдің аумағы 15, 3 шаршы километр және ол ұлттық парк аумағының 3 %-тін құрайды. Орман ағаштары біркелкі өспейді. Жоғары биоклиматтық белдеуде қарағай, арша мен таңқурай өседі. Төменгі аймақта қарағай, қайың мен қоса арасында терек араласқан ағаштар кездеседі. Тау өзегі мен ойпаң жерлерде қарағай мен қайыңы бар сирек ағаштар, сондай-ақ жазық жерлерде - шөбі шүйгін көктерек өседі. Тау өзеншесі мен бұлақтарын қуалай қайың, жабысқақ қараағаш араласқан тал, мойыл өседі. Бұталардан - қарақат, таңқурай, итмұрын, кәдімгі шәңкіш және Сібір шетені өсіп шығады. Аласа таулы Баянауыл жерінің өсімдіктер дүниесін 260 түр мен 72 тұқымдас жалпы алғанда 518 өсімдік құрайды. Бұл алқапта жұмыс істеген ботаниктер сирек кездесетін өсімдіктер өсетінін анықтаған [38] .

Паркте шомылуды, тауларда серуендеуді, шыңдарға өрмелеуді, тау велосипедтерімен жүруді қоса алғанда бірнеше демалыс түрлері бар. Көптеген демалу аймақтарында туристік экскурсиялар жүргізіледі, онда белгілі бір төлем төлеп, парктің негізгі көз тартар жерлерін - “киелі үңгірді”, “тас басты” және тағы басқаларын көруге болады. Жасыбай көлі басқа көлдер арасында суы ең таза және мөлдір болғандықтан, негізгі шомылатын жер болып табылады. Сонымен бірге оның жағасынан көркем көрініс ашылады. Дәл осы көлдің жағасында көптеген демалу аймақтары жұмыс істейді, жағажайда катамарандар, еспелі және мотормен жүретін қайықтары жалға беріледі.

Туристерді Баянауылда көп ғасырлар бойы желмен және сумен мүжілгендігі нәтижесінде ғажайып кескіндерге айналған, кейбір кезде жануарларға, адамдарға немесе таудан түсіп келе жатқан жүк машинаға ұқсайтын жеке шыңдар мен тастар ерекше қызықтырады. Барынша әйгілі шыңдардың арасында - «тас бас» мүсіні, оның «Кемпір тас» деген атауы кең тараған. Белгілі бір жағынан байқап қарағанда ол шынымен шашсыз, тіссіз, кекесін зұлымдықпен күліп тұрған кемпірдің басына ұқсайды. Ғажайып түрдегі басқа тастардың арасында - түйе, мамонт пен горилланың бастары, А. С. Пушкиннің қырынан қарағандағы сұлбасы, ұшатын тарелка, динозавр, көгершін, жылқының басы және көптеген басқа да тастар бар. Шыңға өрмелеушілер арасында Бөлке тауы және Ер жүректілер шыңы, сондай-ақ ең биік тау ретінде Ақбет тауы кең тараған. Бөлке тауының шыңында құрғақшылық кезінде тартылатын алты көл орналасқан.

Сурет 3. Жалмауыз кемпір бейнесіндегі тас мүсін [1]

Сурет 4. Қоңыр Әулие үңгірі [1]

Бұндағы көз тартар жер - «киелі Қоныр Әулие үңгірі». Сенімдер бойынша үңгірге кірген әрбір адам оның қабырғасына алақанын қойып тілек тілесе, одан кейін шыға беріске басын бұрмай үңгірден шықса, оның тілегі орындалады деп есептеледі. Сонымен бірге үңгір баласы жоқ ата-аналарға балалы болуға көмектеседі деген сенім бар, ол үшін үңгірде арнайы рәсім орындау керек екен. Бұның рас-өтірігіне қарамастан, үңгірге кіруге болатын күндері туристер көптеп келіп жатады. Ол барынша жоғары жерде орналасқан, оған апаратын тік өрдің бір жақырымдай жерін жаяу өтуге тура келеді. Соңғы жылдары жолдың соңғы аса тік бөлігінде бұл мақсаттарға арнап арнайы ағаш саты орнатылған.

Сабындыкөл көлі Баянауыл селосында, Ақбет пен Нияз тауларын екіге бөлген орында орналасқан. Су жиналым ауданы жалпы 35, 9 км2, су бетінің айдыны 7, 4 км2. Көл қазаншұңқыры Баянауыл тауларында орналасқан. Су айрықтың абсолютттік белгілері 50-1022 м шегінде ауытқиды. Суқойманың қазаншығы ретінде ендік тектоникалық жарылыспен жасалған қазаншұңқыр болып табылады. Ағаш өсімдік түрлері су жиналым ауданының 75% алып жатыр, шамамен 4-5%батпаққа айналған. Көл жоспар бойынша қисық алмұрт тәрізді пішінге ие және жағалау сызығы қаттты тілімденген. Оның батыс шегіндегі су беті мен солтүстік-батыс жағалауының уақытша суағының арнасы жағалаудан құрақпен қапталған. (ені 10-200 м) . Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалаулары ені 5-10м және кей жерлері ірі жартасты тау беткейлерінен құралып, шығысыстағы обвалды жағалауының биіктіі 5-7 м биіктікке ие және жартасты болп келеді. Максималды амплитудасы су деңгейінен шамамен 2, 7м ауытқиды., жылдық сулы жылдар бойынша орта есеппен 0, 6м. Көлдің ең терең жері 9, 5м, басым тереңдігі 6м. Көлдің суы тұщы, су құрамы гидрокорбонатты натрийлі. Судың температурасы 2, 8 ден 19, 3 ˚С жетеді.

Сурет 5. Жасыбай көлі [1]

Жасыбай көлі Ақбет пен Өгелең шыңдары арасындағы жазық тәрізді терең өткелде орналасқан. Су беті айдыны 3, 7 км2, су жиналым көлемі 31, 7км2. Орманмен жабылуы 90% . Су қойма қазаны ретінде бөлшектенген беткейлі тауаралық ойыс болады. Көл жоспар бойынша алмұрт пішінді жоспарға ие. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300м) . Жағалаулары тау беткейлері граниттерден құрылған көбінде тік құзды тауаралық тектоникалық ойысты келеді. көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300м) . Жағалауларын көбінде гранитоидтармен қалыптасқан тік және эрозиялық тораппен қатты тілімденген тау беткейлері құрайды. Кей жерлерде биіктігі 2, 4м жайпақ жаға орналасқан. Жағалау жағажайы жіңішке келген (10-30м), құмды. Түбі тегіс, құмды әр жерде тас кесектері бар. Максималды тереңдігі 14 м, көп жерінде 9-10м. Көл суы тұщы, амиак іздері табылған.

Торайғыр көлі Баянауыл тауларының солтүстік жағалауында орналасқан. Су жиналымының жалпы ауданы 2, 9км2, ал су бетінің айдыны - 1, 9км2. Су жиналымы таулы және шоқылы бөлікке анық бөлініп жатыр; алғашқысы оңтүстікте орналасқан (Баянауыл мемлекеттік ұлтық парк аумағында), екіншісі солтүстікте (парк аумағынан тыс жерде) . Таулы суайрық бөлігінде абсолютті белгілер 800-1027м жетеді (Ақбет тауы) . Су жиналымының таулы, неғұрлым активті бөлігі тік, көбінесе жартасты беткейлі жерлер арралас ормандармен, ал етектерінде өскіндер мен шіліктермен тілімденген. Алқаптың солтүстік шоқылы еніп кеткен бөлігінің тереңдігі 15-50м болатын таяз логтармен бөлшектенген. Ормандар мен бұталар 35% алып жатыр. Су қойманың қазаншығын тектоникалық түзілісті суға толы терең беткейлі ойыс құрайды. Көлдің су беті өсімдіктерден бос. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігнде мөлшері 80х250 және 30х8 м тең болатын екі жартасты арарл орналасқан. Оңтүстік және батыс жағалаулары кристалдық жыныстардан құралған тік және биік. Шығыс және батыс жайпақ жағасының беткейлері (биіктігі 4 м) көп мөлшерлі ұсақталған және кесекті ірі түйірлі құмдардан құралған. Түбі тегіс, қатты құмды-гравийлі орталыққа қарай сәл қисайған. Максималды тереңдігі 11 м, көп жерінде - 6м. Көл суы біраз тұзды, құрамы гидрокарбонатты-хлорлы натрилі.

Ұлттық парк аумағында 20 шақты бұлақтар мне уақытша су ағындары бар. Ең ірілері: Шетеспе, Кенді, Телеубұлақ (Малдыбұлақ), Рыбный ключ, және Баянауыл тауларының шығыс беткейінде, Жасыбай көлінің батысында орналасқан бірқатар атаусыз бұлақтар. Шетеспе өзені (Еспе) Баянауыл тауларының оңтүстік-батыс беткейінде ағын түзеді, Малайка шатқалында жер асты суларының арқасында екі бұлақ түрінде тұзды тартылуға таяу Комбобсор көліне келіп құяды. өзеннің ұзындығы 33 км, сужиналымының ауданы 227 шаршы шақырым. Өзеннің жалпы құлау көрсеткіші 181 шаршы шақырым, орташа қисаю көрсеткіші 5, 5% [2] .

1. 2. Ұлттық саябақтың туристік инфрақұрылымы: коммуникация, жол тораптары, байланыс

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтың рекреациялық орталығы ретінде 1-ші орында Жасыбай көлі және оның маңайы болғандықтан, мұнда екі жол торабы болады. Олар:

  1. Баянауыл - Жасыбай жол торабы;
  2. Торайғыр - Жасыбай жол торабы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық парктерді туристік –экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Туризм инновациясы
Табиғат тазалығы – денсаулық кепілі
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың туристік-рекреациялық даму мүмкіншіліктері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Парктің көз тартар жерлері
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Туризм түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz