Өнеркәсіп алаңдарын жоспарлау және құру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Өнеркәсіпті ғимараттардың ең басты жоспарлары.

Өнеркәсіп алаңдарын жоспарлау және құру. Өнеркәсіп алаңы функционалдық қолдануы бойынша ережеге сәйкес, аймақтарға бөлінген: зауыттық, өндірістік, көмекші, қоймалы.

Зауыт территориясының жоспарлау жобасын құра отырып, құрылыстың жинақылық және көркемдік деңгейін, инженерлі желілердің ұзындығын, көгалдандырудың қатысты ауданын, жоспарлау көрсеткішін талдай отырып, бірнеше нұсқаларын жасау керек.

Ең басты жоспардың шешіміне көңіл аудара отырып, жобалаушы және архитектор болашақ кәсіпорынның спецификасын және ерекшеліктерін, ескеру, технологиялық процесті, адам және ағындарының ерекшеліктерін, қоршаған орта бойынша іс-шараларды, сондай-ақ архитектуралы-көркемдік талаптарын меңгеру қажет. Өнеркәсіпті кәсіпорынның басты жоспарының жобасының сапасын сипаттайтын, техника-экономикалы көрсеткіштердің маңызы зор.

Өнеркәсіпті кәсіпорын өндіріс түріне тәуелсіз және оның құрылымы негізгі өндіріс объектілерінің топтарынан тұрады, өндірісті қызмет ету және еңбекшілерге қызмет ету.

Негізгі өндіріс объектісіне дайындаушы, өңдеуші және жинау цехтары кіреді.

Өндіріске қызмет ету объектілері административті белгідегі ғимараттарда жүзеге асатын, өндірістің техникалық қызмет көрсету жүйесіне кіретін, ғимараттар тобынан тұрады.

Еңбекшілерге қызмет көрсету объектілеріне мәдени-тұрмыстық, оқу-білімдік, санитарлы гигиеналық белгідегі ғимарат топтары кіреді.

Технологиялық процеске сай жобаланған, яғни өндіріс фазасы бойынша, негізгі өндіріс ғимараттарына әдетте-дайындау құю ұстамы, өңдеуші, жинаушы, металды цехтар кіреді.

Технологиялық ағымның бағытына және сипатына байланысты басты жоспарды шешудің құрылымдық схемасын ажыратады;

Үлкен оське перпендикулярлы ұйымдасқан, көлденең ағын (2. 16а сурет), үлкен ось бойында жобаланған, ұзына бойлы ағын (2. 16б сурет) және құрастырылған (2. 16в сурет) .

Өнеркәсіпті кәсіпорындарды жобалау тәжірибесінде, жаңаларында да сонымен бірге ертеректе құрылғанда да, әдетте кәсіпорын алаңындағы цехтарды, өзінің белгісі бойынша жақындарын топқа біріктіру қабылданған; негізгі өндіріс цехтарына-дайындаушы, өңдеуші, жинаушы; көмекші өндіріске- құрал-жабдықты, үлгіні жөндеу және т. б. ; қызмет көрсету өндірісіне-энергетикалық, көлікті, қоймалы және т. б.

Зоналардың өзара дұрыс орналасуымен ғимараттарды топтау-кәсіпорынның басты жоспарын тиімді құрудың негізі. Территорияны зоналау өндірісті процестің нақты ұйымдастыру шарты бойынша, сондай-ақ санитарлы гигиеналы және өртке қарсы талаптар бойынша өнеркәсіпті кәсіпорынды неғұрлым рационалды шешім жасауға мүмкіндік береді. Өртке қауіптілігі жоғары өндірісті ғимараттарды, зауыт территориясының желдетілген жағындағы желді ескеріп орналастыру керек; қоймалы құрылыстарды темір жолды тиімді пайдалануды ескеріп, оның шекарасының сыртына жуық орналастырған тиімдірек.

Машина құрылыс зауыттарының механикалық цехы, ереже сай, цехтарды дайындаушы ғимараттармен топтайды.

Машина құрылыс зауыттарының дайындаушы цехтарының тобын, болат, шойын құюды қоса отырып, оларды механикалыққа қатынасы бойынша желдетілген жағына орналастыру тиімді. Осы топтағы цехтар металдың, пішіндейтін материалдарды, отынды көп мөлшерде қолданады, сондықтан оларда темір жол көлігінің дамыған жол желілері бар, соған сәйкес, машина құрылыс зауыттарының дайындаушы тобын темір жол көлігінің жолдарының алаңына жақын орналастыру қажет. Сонымен бірге бұл зауыттар көп энергия қолданады, сондықтан олар зауытты энергетикалық құрылыс (ТЭЦ) тобына жақын болуы керек.

Көмекші цехтар тобын (құрал - жабдықты, жөндеу-машаналы, жөндеу-құрылысты және т. б. ) өңдеуші және дайындаушы цехтардың зонасының қиылысқан жерінде орналастырылады. Жеке зонаға сондай-ақ өртке қауыптілігі жоғары, ағаш өңдеуші цехтарын бөлуге болады.

Энергетикалық құрылыс топтарына жылу энергетикалық станциясы, отын қоймасы, үлестіргіш қондырғылар және т. б. кіреді, оларды әдетте темір жолдарға жақын, дайындаушы цех топтарына көршілес орналастырады.

Шаң, газ бөлетін, жылу энергетикалық станциясын зауыттан тыс орналастыру тиімді.

Еңбекшілерге қызмет көрсету ғимарат топтарына, асхана, поликлиника, мектеп, ГПТУ және басқа администраторлы-шаруашылық ғимараттары кіреді. Бұл ғимараттарды ережеге сай, жұмыс орнына зауытқа кіреберіс жерде, жарды бөлігін кәсіпорын территориясынан тыс орналастырады.

Кәсіпорынға кіретін жерді еңбекшілердің кіретін жағына орналастырады. Егер бірнеше кіретін пунктер жоспарланса оларды бір-бірінен 1. 5км аралықта орналастыру қажет. Жүру жолдарының темір жолмен немесе автомобильді жолдарымен қиылысу орындарында жүріс ағыны 300 адам/сағ болғанда көпірлер, туннельдер немесе галереяларды жасауды қарастыру керек.

Тұрмыстық ғимараттарға кіретін жерлерді өнеркәсіпті ғимараттардың жанынан өтетін темір жол жаққа орналастыру ұсынылмайды.

Еңбекшілерді мәдени-тұрмыстық қызмет етудің жалпы объектілері, сондай-ақ кәсіпорындардың ғылыми-техникалық қызмет көрсету объектісін өнеркәсіпті тораптың қоғамдық ортаны құрамына орналастырған ыңғайлы.

Негізгі назарды СН және Пе өнеркәсіп саласы үшін орналастырылған, кәсіпорын алаңын құрылыс тығыздығына бөлу керек. Өнеркәсіпті кәсіпорынның алаңының құрылыс тығыздығы, дуалдағы кәсіпорын алаңына құрылыс алаңының қатынасындай пайызбен анықталады.

Құрылыс ауданын ашық технологиялы, санитарлы-техникалы, энергетикалы және басқа да қондырғылардың эстокадрларды және арту-тусіру алаңдарын, сондай-ақ автомобильдердің машиналардың, механизмдердің ашық тұрақтарын және әр түрлі белгідегі ашық қоймаларды қоса отырып, барлық түрдегі құрылыс ғимараттармен қамтылған, алаң суммасы ретінде анықтайды.

Өнеркәсіп кәсіпорынның территориясын құру мен жоспарлау тәсілдері әртүлі болуы мүмкін, себебі олар технологиялық процестің тобына, негізгі ғимараттың этаждылығына және олардың өлшеміне тәуелді. Жоспарлау тәжәрибесінің басты жоспарының құрылымына және қабылданған схемаға байланысты, өнеркәсіпті алаңдарды құрудың түрлі жүйесі қабылданған: қатарлы панельді- кварталды, блокты-панельді кварталды көп кварталды, периметрлі- тік бұрышты және т. б. (2. 17 сурет) .

Панель деп екі жағы жүру жолдарымен шектелген, құрылыс жазықтығын айтамыз. Құрылыстың панельді жүйесінде, панель шегінде ғиматтарды нақты және ұйымдастырылған түрде бөлу керек.

Машина құрылыс зауыттарында панельге кіретін жерге жақын механикалық цехтарды орналастырады: механожинау, құрал-жабдықты және металды суықтай өңдейтін басқа цехтар. Келесі панельдерге әдетте дайындаушы ыстық цехтарды орналастырады.

Панельдерді дұрыс жоспарлау және құру зауыттың басты жоспарының негізгі жинақты және экономикалық шешімі болып табылады. Құрылыстың архитектуралы шешімі және үнемдеу шарты бойынша негізгі назарды өндірістік ғимараттардың бірінші панельдерін жоспарлауға бөлу керек. Панельді құрылыс кезінде зауыт алаңының пішіні зауыт ішіндегі темір жол, көлік жұмыстарын орналастыруға және территория құрудың үнемділігіне әсер етеді, ол пайдалану шығындарын төмендетеді. Сондықтан зауыт алаңының пішінін мұқият таңдау қажет.

Өнеркәсіпті кәсіпорынның территориясының құрылысының тығыздығын жоғарлатуды цехтарды ірі ғимараттарға «блоктап» топтауға қабілеттенеді. Бұл тәсіл кәсіпорын территориясының алаңын қысқартып қана қоймай, сонымен бірге ғимараттардың сыртқы қоршауларының ұзындығын, көлік құралдарын, инженерлі коммуникациялардың тартылысын қысқартады. Сондықтан негізгі өндіріс және өндірістің техникалылық қызмет көрсету объектілерін неғұрлым ірі ғимараттарға біріктіру керек. Трансформаторлы станцияларды және үлестіргіш пунктерді, желдеткіш қондырғыларын, газ және жанбайтын сұйықтарды айдайтын тегеурінді қондырғыларды жеке емес, өндірісті ғимараттардың ішіне орналастыру қажет.

Цехтарды блоктау тоқыма және машина құрылыс өнеркәсіптерінде оңай, ол металлургияда және өнеркәсіптің басқа салаларында қиынырақ. Алайда ірі блокталған кәсіпорындардың кемшілігінде атаған дұрыс. Промстройпроект жүргізген талдауда, көрсетілгендей, кең ғимаратта жер бетінің еңісі, алдыңғы шешіммен салыстырғанда 2. 5 . . . 3есе азайтылуы керек, яғни 1% аспау қажет.

Үлкен емес алаңға бірнеше өндірістерді орналастыру, жұмысшылардың шектен көп щоғырлануына алып келеді, яғни адам ағындарын көбейтеді және қоғамдық көлік артады. Мұндай кәсіпорындарда көліктің жедел түрлерін ұйымдастыруға көңіл бөлу қажет; автобус, троллейбус, электрлі темір жол және т. б.

Зиянды өндірістерді блоктау жағдайында, өндіріс конструкциясымен бірге, бөлінетін зияндардың деңгейінің ұлғаятынын ескеру қажет.

Цехтарды блоктау мысалы ретінде (2. 18 сур) құю зауытының басты жоспарының екі нұсқасы көрсетілген; блоктауға дейін және одан соң. Ең басты жоспар негізгі өндірістік, көмекші және қызмет көрсету цехтарын қарастырады. Зауыт сұр шойынның құю цехтарын, аз сериялы құю цехының, жөндеу және жабдықты цехтарының құрамында жобаланған. Дайын өнім, шойын, кокс, пішіндеу материалдарын, химикаттарды, көмір қышқылдар, мұнай өнім қоймалары кіретін, қоймалы шаруашылық қарастырылған: администраторлы тұрмыстық және конторлы белгідегі объектілер жобаланған. Болат еріткіш және сұр шойынды құю цехтарын ені 54м, ұзындығы 300м жуық, еріту және құю, пішіндеу, стерженьді, тазалау бөлімшелері бар, екі этажды корпуста орналастыру керек. Бірінші этажда кейбір қоймалар, бояу бөлімдері, жабдықтарды жөндеу шеберханалары орналасқан.

Блокталған нұсқада ең басты жоспарда алдында белгіленген 19-дан 8-і ғана сақталған, ол ең басты жоспардың технико экономикалы көрсеткіштерін жпқсартуға мүмкіндік береді. (2. 2. кесте)

2. 19а сурет екі мамандандырылған кәсіпорынның басты жоспарының схемасы көрсетілген. Жобалау процесінде жеке телімдерде және блокталған ғимараттарда өнеркәсіпті объектілердің түрлі нұсқалары қарастырылған. Нәтижесінде бір корпуста екі өндірісті блоктауды қарастыратын нұсқаны қабылдады. (2. 19б сурет) . Жеке орналастыру кезіндегі кәсіпорынның басты жоспарының көрсеткіштеріне ұқсас блокталған нұсқадағы бұл екі кәсіпорынның басты жоспарының негізгі көрсеткіштерін салыстырғанда мынадай қорытындылар шығады: екі кәсіпорынды бір корпуста орналастыруда, кәсіпорынның санитарлы -гигиеналық талаптарын жақсартатын территория алыңын қысқартуға мүмкіндік береді: сыртқы инженерлі коммуникациялар және өту жолдары сондай-ақ жұмысшылардың демалу орындары екі кәсіпорынмен бір уақытта орналасады; зауыт алаңын қысқарту және құрылыс тығыздығын жоғарылату нәтижесінде, жол құрылысы бойынша жұмыс көлемі төмендейді.

Тоқыма фабрикасының және арнай цехтың басты жоспарларының нұсқалары бойынша технико- экономикалық көрсеткіштерін салыстырғанда, блокталған нұсқаның үлкен құндылықтары шығады: ғимарат саны 11-ден 1-ге дейін қысқарған, кәсіпорын территориясы 6. 58га немесе 54% азайған, құрылыс тығыздығы 50. 2 % жеткен.

Блокталған нұсқа бойынша жалпы құрылыс құнына қатысты, жалпы алаңдық шығындар, блокталмаған нұсқамен салыстырғанда 2. 4 есе қысқартылған. Өнеркәсіпті кәсіпорындардың басты жоспарларын жобалу мысалдары машина құрылыс және қара металлургия кәсіпорындарының басты жоспарын жобалау тәжірибесіндегі жеке мысалдарды қарастырайық.

Машина құру зауыттары көптеген жағдайларда ірі машина құрылыс зауыттарының алаңдарын панельді -кварталды принцип бойынша құрылған, өнеркәсіпті тарап құрылымына ұқсас байламын жіктеу мақсатында тік бұрышты пішінде таңдайды. Автомобильді, тракторлы және кейбір машина құрылыс зауттарын жобалау кезінде, көбінесе 3 немесе 4 панельді схемасын қолданады.

Бірінші панелге - механожинау, құралжабдықты цехты, екіншісінде - құю, ұсталы үшіншісіне - қоймалы обьектілерді, көмекші цехтарды, төртіншісіне - энергетикалы обьектілерді орналастыру шешімі дұрысырақ.

Машина құрылыс кәсіпорынның басты жоспарының шешімі 2. 20 суретте берілген.

Ірі дамыған өнеркәсіпті кәсіпорын ауданы 1500га тікбұрышты тілімде орналасқан. Басты автомобильді жолдағы кәсіпорын алаңы оңтүстік және солтүстік бөлікке бөлінген негізгі өндіріс тілімінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дайындаушы цехтары телімнің солтүстік бөлігінде орналасқан. Кәсіпорынның басты жоспарының схемаларда өндірістік, санитарлы және көлікті зоналау қарастырылған.

2. 21 сурет. Кеңейтуді есептеген зауыттың басты жоспары көрсетілген, 2. 22сурет - жүк автомобильдердің ірі зауыттарында автомобильді өндірісінің басты жоспары.

Ауыр экскаватор зауытын жобалау кезінде мәскеулік Проомстрой проект архитекторлары пайдалануға кеуекпен ендіретін, кәсіпорынның басты жоспарының мүмкін болатын шешімдері ұсынылған нормалы нұсқаулардың бірі 2. 23 суретінде келтірілген. Нұсқаларды бағалау кезінде цехтар қатарын ірі блокталган корпустарға біріктіру мүмкіндігі ескерілді.

Қараметаллургия зауыты. Кез-келген басты жоспардың, соның ішінде металлургия зауыттың басты мәселесі, зауыт алаңында құрылыстар мен ғимараттардың орналасуымен байланысты сұрақтардың, комплесті шешімі, санитарлы-гигиеналы, өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ зауытты кеңейтуді ескеретін, ең жақсы өндірістік байланыстарды құру болып табылады. Металлургиялық зауыттың басты жорпарын жасау кезіндегі негізгі факторлары өндірістің қабылдаған көлемі, технологиялық процестің талабы және қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Метталлургиялық зауыт комплексіне 300 . . . 400 және одан көп ғимараттар мен құрылыстар кіреді (2. 26сурет) . зауыттың негізгі өндірісіне жататын, неғұрлым маңызды обектілері доменді, болатеріткіш және прокат цехтары. Металлургиялық кәсіорынның басты жоспарының қандай да бір нұсқасын таңдауға, ең басты өндірісті байланыстар әсер етеді. Яғни көлік, себебі металлургиялық өндірісті процес жүкайналымымен ерекшеленеді. Мысалы, шикізатқа, отынға және металлургиялық зауыттың түрлі материалдарына тәуліктік қажеттілік 60мың тоннаға жетуі мүмкін.

Теміржолдан басқа көліктің басқа да түрлері қолдануы мүмкін, әртүрлі транспортерлер, тізбекті конвейерлер, арқанды жолдар, рольганга, монорелсті, пневмо және гидро көліктер. Конвейерлі жүйе кәсіпорын территориясын қолдануды жоғарылатады.

Металлургиялық зауыттың басты жоспарын жобалау кезінде, негізгі жалпы шарттарды сақтаумен қатар, арнайы талаптарды соның ішінде экологиялық, металлургиялық зауыттағы құрылыстар мен ғимараттардың орналасуын қосымша ескеру қажет(2. 24 сур. ) . Доменді және коксхимиялы цехтарды және кәсіпорын теліміндегі отын мен шығынды көптеп қолданушыларды, сұрыптау станцияларына жақын орналастыру керек. Ол жүктелген вагондардың жүрісін қысқартады. Мысал ретінде доменді цехтың схемасын қарастырамыз (2. 25-2. 26сур. ) . Коксхимиялы цехты немесе зауытты домендіге параллель орналастырамыз. Олар біріксе коксдоменді блокты құрайды, ол доменді цехқа кокс және көмірді беруге арналған кішкене ұзындықтағы транспортерларды қолдануға мүмкіндік береді. Доменді пештерді шикізат материалдарының дайын өнімінің және қалдықтардың қуатты ағымдарының бар болуына байланысты территорияда бөлшектеу талап етіледі. Сондықтан шешімдер қатарында аралдық орналасу (2. 27а сур. ) қабылданған. Болат еріткіш цехтарды доменді цехтарының осьтеріне бұрыш жасап орналастырады (2. 27б сур. ) .

Кәсіпорындардың барлық звеналары мен агрегаттарының, жұмысының тиімділігі басты жоспардың шешімінің жинақтылық деңгейіне тәуелді. Қазіргі металлургиялық кәсіпорындар үшін құрылыс тығыздығы 28 . . . 35% деп қабылдайды. Кәсіпорынның басты жопарының схемасын, тиімді жобалау нұсқаларын техника-экономикалы көрсеткіштерін талдау негізінде таңдайды. Қараметаллургия кәсіпорынын жобалау кезінде, басты жоспардың сызықтық және жинақты схемасы қолданылады. Шешімді таңдау, доменді болат еріту және прокатты өндірістедің өзара ораналасуына байланысты схемалы таңдауға архитектуралы-жоспарлау және компазициялы талаптар әсер етеді. Басты жоспардың компазициясының сызықты схемасы, негізгі өндірісті зоналарын реттілікпен орналасса (2. 28а сур. ), ал жинақы параллельді орналасады(2. 28б сур. ) . Сызықты схемамен Бокара (Үнді) қаласындағы Череповец металлургия зауыты салынса, жинақтылық (параллельді) бойынша Фукуяма (Жапония) қаласындағы металлургиялық зауыт.

Химия және мұнайхимия зауыттары. Химия және мұнайхимиялық өнеркәсіпте кәсіпорынды кеңінен ұйымдастыру, құрылымды бірліктің қандай да бір жүйесімен байланысты, қабылданған технологиялық шешіммен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атырау мұнай өңдеу зауыты ҚОӘБ жүргізу
1965 жылғы экономикалық реформа және оның аяқталмауы
Кәсіпорын экономикасы жайында
Жогарғы партиялық басқару жүйесіндегі өзгерістер
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер
Сүт шикізатының сипаттамасы
Елді мекен аумақтарын есептеу
Мал шаруашылығы секторын дамыту
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы ақпарат
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz