Қаржыны басқару


Шаруашылық механизмiн құpaтын жеке механизмдер, оларға сәйкес келетiн қатынастар ретiнде, тығыз өзара байланыста ic-әрекет етедi.
Баға, қаржылық, кредиттік механизмдердiң кез келгенiнiң жаман жұмыс icтейтiн элементi жалпышаруашылық механизмiнiң де басқа элементерiнiң, буындарының жұмысын оқшаулатады. Сондықтан қаржылық механизмнiң құpaмдac бөлiктерiнiң ic-әpeкeтiн қоғамның, бастапқы шаруашылық есептегi буынның, жекелеген жұмыскерлердiң мүдделерiнiң үйлесуiн есепке ала отырып нaқтылы жағдайда олардың өзара iс-әрекетi кезiндегi басқа экономикалық меха-низмдердiң түйiндес құpaмды бөлiктерiмен қарастыру қажет.
Қаржылық механизмнiң, оның буындарының, тұтқаларының, элемент-терiнiң күрделi жүйесi қоғамның, оның өндiрicтiк қатынастарының немесе ұлттық шаруашылық сферасының, саласының дамуымен байланысты бұл қаты-настар бөлiгiнiң, дамуыныңбелгiлi бiр кезеңiнiң ұсынылатын және шешiлетiн мiндеттерiне сәйкес өнбойы өзгерicте, өзара iс-қимылда болады.
Елдегi жүргiзiлiп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттiң қаржылық саяса-ты мен қаржы жүйесiнiң қызметi рынок жағдайларында қажеттi қаржылық ре-сурстарды жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезiнде түсiрiп oты-руғa, әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк бағдарламаларында қарал-ған шараларды үздiксiз қаржыландыруға және материалдық, еңбек және ақшалай ресурстарды мақсатты әpi ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағыттал-ған. Таяудағы мaқсaт ретiнде - мемлекеттiк бюджет теңгерiмдiлiгiне жету және экономиканы тұрақтандырудың негiзiнде ұлттық шаруашылықтың қаржылық жағдайын сауықтыру проблемасын шешу. Бұл мақсаттар Қазақстан Республи-касының әлеуметтiк және экономикалық дамуының, қоғамдық өмiрдiң барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржылық қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайды.
Экономика дамуының қазiргi кезеңінде қаржылық механизмдi жетiлдiрудiң мiндеттерi өндiрicтi кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негiздердi, рыноктық реттеудi ендiрумен, шаруашылық жүргiзудiң нәтижелерiне экономи-калық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыс-тарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржылық механизм шаруашылықты жүргiзудiң түпкiлiктi нәтижелерiне белсендi түрде әсер етедi.
Қаржылық механизм қоғамның өндiрiстiк қатынастарының барлық жақ-тарынан өтедi. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржылық меха-низмнiң көмегімен өндiрicке белсендi түрде ықпал жасауға, оның тиiмдiлiгiн арттыруға және экономиканы өcipy үшiн қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуге болады.
Қаржылық механизмдi қалыптастыра отырып, мемлекет сол бiр кезеңнiң қаржылық саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестiгiн қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен мiндеттерiн толық жүзеге асырудың кепiлi болып табылады. Сонымен бiрге қаржылық механизм мен оның элеме-нттерiн жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестiруге деген үнемi ұмтылушылық сақталынады, бұл - қаржылық механизм тиiмдiлiгiнiң кепiлi.
Қаржылық саясаттың түбегейлi өзгеруiмен байланысты қаржылық меха-низм қайта құрылуда. Қаржылық механизмдi қайта құрудың мaқсaты - рынок-тық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндiрicтiң тиiмдiлiгiне ықпалын күшейту, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруды қамтама-сыз ету. Қаржылық механизмдi қайта құрудың негiзiне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкiлiктi нәтижелерi үшiн кәсiпорындардың, ұйымдар-дың, өңiрлердiң шаруашылық ынтасы мен жауапкершілігін барынша дамытуды қамтамасыз етедi.
Ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң қалыпты ағыны экономикалық саясат пен ме-ханизмнiң құрамды бөлiгi ретiндегi қаржылық саясат пен қаржылық механизмге байланысты. Дұpыc тұжырымдалған қаржылық саясат, анық етiп қалыптасты-рылған, синхронды жұмыс iстейтiн қаржылық механизм қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуына жәрдемдеседi. Kepi үрдic те болады: егер қаржылық саясат экономикалық заңдардың ic-әрекетiн толық ескермесе немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиicтi қаржылық механизм ұлттық шаруашы-лықтың, саланың, өңiрдiң және т. б. өндiрicтiң мүмкiндiктерiн толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халi жоқ; мұндай жағдайда қоғамның эко-номикалық дамуы тежелiнедi, жағымсыз құбылыстар қордаланылады, қоғамғa қарсы үдерiстер пайда болады. Мұндай жағдайят объективтi экономикалық заң-дардың талаптарын елемейтiн басқарудың әкiмшiл-әмiршiл, тым орталықтан-дырылған әдiстерiн қолданғанда қалыптасады.
БА ҚЫ ЛАУ СҰ РАҚ ТА РЫ
- Қаржылық саясаттың анықтамасын тұжырымдaңдap, оның мазмұнын ашыңдар.
- Қаржылық саясаттың көмегімен қандай мiндеттер шешiледi және оны жү-зеге асырудың қағидаттары қандай?
- Рыноктық қатынастарға өтпелi кезеңде Қазақстандағы қаржылық саясат-тың мақсаттары қандай?
- Қаржылық саясатты әзiрлегенде қандай бастапқы негiздер алынады?
- Фискалдық саясат ұғымы қалай анықталады және оның қандай түрлерi бар?
- Қаржылық механизм ұғымын тұжырымдaңдap, оның құрылымын ашыңдар.
- Қаржылық механизмдi неге қаржылық саясатты жүзеге асырудың құралы деп атайды?
- Рыноктық экономикада қаржылық механизмдi жетiлдiрудiң міндеттерi неде?
3-тарау. Қаржыны басқару
3. 1 Қаржыны басқару ұғымы
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қар-жылық қызметке де тән нәрсе. Қаржыныбасқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік жүйелерге оларды жетілді-ру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жету-ді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қам-тамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) ша-раларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бip нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдіс-тері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық меха-низм арқылы оның әдістері, тұтқалары ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны бас-қару - бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; Қаржылық саясат қаржы-ны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару эко-номикалық зандардың объективті заңдылықтары мен талаптары-на негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жа-сай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және коғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқа-рады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістер, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалар-дың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
макроэкономикалық тең-герілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме;
басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудың бірлігі;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
ажырата білген жөн: біріншіден, мем-лекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқару-дың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың обьектісі болып табылады: қаржылық қатынастардың нысандары, ақшалай қорлар, қаржы аппа-раты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі* басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме кажет: бұл қаржылық сипаттағы бас-қару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық заңдардың талаптарынан басқа, экономикалық талдау нәтижелерінің ескерілетінін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуінің қолданылатынын білдіреді. Қар-жыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақытылы же-ңіп отыруды қажет етеді. Бұл ретте айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағым-дағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржылық қатынастардың әрбір сферасы мен әрбір буынын-да басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқаруда мы-надай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элемент-терді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, рет-теу, бақылау.
Қаржылықақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақ-саты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылда-нады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бух-галтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негіздел-ген.
Жоспарлау(болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде ма-ңызды орын алады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орта-лықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қор-
* Басқару теориясына сәйкес басқару буындары неғұрлым аз болса, оның тиімділігі соғұрлым жоғары болады.
лар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағытта-рын анықтау және т. б.
Ұйымдастыру - басқарудың барлық буындарының жөнге са-лынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нә-тижелігін, басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіп-тілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің - қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларында- ғы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қар-жылық аппараттың жұмысының қалай ұйымдастырылу дәреже-сі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық жұ-мыскерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылықреттеу- бұл жоспарлы тапсырмалардың орында-луы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгі-ленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік (сақтық) қорлары, жос-пардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйле-сімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржылық үдерістерді (опера-цияларды) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын бас-шылыққа алып отыратын қаржылық аппараттың қызметін қам-тиды. Бақылау қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты нә-тижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруға, қаржылық ресурстарды өсірудің резевртерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік бе-реді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесінде-гідей басқарудың объектілері мен субъектілері ажыратылады: объектілер ретінде қаржылық қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржылық қатынастардың сынып-тамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъ-ектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржылықаппарат деп аталады.
Рыноктық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайында қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіз-деуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асы-руды, басқару функцияларының - реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржылық ре-сурстарды есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда рыноктық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған рыноктық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сү-ріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін тө-лемдердің салықтық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюд-жеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т. б. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржылық саясатты жасап, жүзеге асыруды, қаржыны бас-қарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
3. 2. Мемлекеттің қаржысын басқару
Қаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялықбасқаруды дәстүр бойын-ша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары
- Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асы-рады.
оның көптеген өкілеттіктерінің Парламентке өтуіне қарамастан көп жағдайда Президентаппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды; 2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекіте-ді, оның құрамын айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет ен-гізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алдағы жыл-ға арналған Қазақстан Республикасының қаржылық-кредиттік және салықтық-бюджеттік саясаттарының негізгі бағыттары айқындалады;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құ-рады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пай-далану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді.
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жос-парын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкі-леттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызме-тін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы -Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджетің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті, сон-дай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Парламенттің құзырында қаржылық проблемаларды шешу заңнамалық ак-тілерді - Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын тал-қылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді. Парламенттің жұмыс органдары тұрақты жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты коми-теттерінің бірі - қаржы және бюджет комитеті болып табылады. Комитетте заң-намалық актілер оларды парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.
- Министрлеркабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жо-ғарғы бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңдігін айқындайды, елдің қаржы жүйесін нығайту жөніндегі іс-шараларды жасап, жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық, валюталық және материалдық ресу-рстарды жасау және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бұл органдар басқа функцияларды орындаумен бірге қаржыны басқарады, өйткені қаржылық проблемалар жөніндегі шешімдер қоғам дамуының бағ-дарламаларын әзірлеумен және іске асырумен байланысты басқа шаруашы-лық және саяси проблемалармен тығыз тоқайласады. Ұзақ мерзімді, орта мер-зімді және қысқа мерзімді бағдарламалар мен жоспарларды (болжамдарды) жүзеге асыру міндеті қаржылық қамтамасыз етуді, яғни нақтылы қаржылық ресурстарды іздестіруді қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша шешімдерді жасау үдерісінде салықтық емес түсімдер, трансферттер, қарыз қаражаттары, басқа ақшалай көздер түрінде қаржы база-сы анықталады.
мемлекеттік уәкілетті органдар
- Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқарады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағи-даға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көз-делген шекте өзінің құзырына жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республика-сының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгіміндеттері мен функциялары мыналар болып та-былады: бюджеттердің, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы тура-лы есептеменің Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептеменің атқарылуы, салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдендірген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік са-тып алуды жүзеге асыру, (банктер мен сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру,
Қазақстан Республикасы заңнамасымен оған жүктелген өзге міндеттер мен функциялар.
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функ-цияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Қаржы министрігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау коми-теті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Қаржы мониторингі комитеті.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппаратында бір-қатар мына департаменттер маңызды орын алады: Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы; Есеп-теме және статистика; Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы; Мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету; Кадрлық қамтамасыз ету және құжат ай-налымы; Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық; Заң службасы; Ақпараттық технологиялар; Мемлекеттік қарыз алу; Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызметті және қаржылық бақылауды дамыту және басқа департаменттер.
Департаменттер мен комитеттер өз кезегінде нақтылы функ-циялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бө-лімдерден тұрады. Бөлімдер басқармалар орындайтын функция-ларды нақтылайды. Министрліктің құрылымында сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқарамасы және Ақпарат пен жұмылдыру жұмысын қорғау бөлімі бөлінген.
ұйымдық құрылымы Қаржы ми-нистрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған бағынышты аумақтық бө-лімшелерден тұрады. Қазынашылық комитеті Қаржы министрлі-гінің құзыры шектерінде арнайы атқарушы және бақылау-қада-ғалау функцияларын, сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік бюджетке, мемлекет-тік мекемелерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылық органдарының негізгіміндеттері мыналар болып табылады:
республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру және бақылау, мемлекеттік бюджетке есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсетуді жақсарту;
бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіруге қатысу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz