Міржақып Дулатов туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ақын, жазушы Міржақып Дулатов қазіргі Торғай облысының Қызбел атырабында 1885 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген. Әуелде молдадан тіл сындырып, артынан Торғайдағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінде бес жыл (1897-1902) оқып білім алады. Екі жаста шешеден, он екі жаста әкеден айырылып, ерте жетім қалған Міржақыптың бүкіл өмірі жоқшылықпен, азаппен, әділетсіздікпен жан аямай күресудің керемет бір үлгісі іспеттес. Ұлт қамы үшін ширығып, соны сүрлеу іздеген Міржақып алдындағы ақыл-ой ағалары - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсыновтарды тауып, олармен пікірлес, ниеттес, мұраттас болып шығады. Осы алаш азаттығы жолындағы ерен достық олардың бүкіл тіршілігінің өзегіне айналды. Міржақып 1904 жылы Омбы, 1905 жылы Қарқаралы, 1906 жылы Орал, Петербор барып, төңкерісшіл ағымдарға араласып, патша отаршылдығына ашық қарсы шығып, жер мәселесін көтеріп, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап еткен ағартушы-демократиялық бағыттағы қазақ оқығандарының ірі өкілі. Ол өз заманындағы көзі қарақты қазақ баласына қолынан келген қамқорлығын, достық махаббатын аямаған. Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларымен де араласқан. Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш өкіметі, Алаш әскері (1905-1920) -бұлардың бәріне де Міржақып Дулатов, білек сыбанып қатысқан, оның әр түрлі ұйымдарына сайланған, ұран жазған, күнделікті шаруаларын іске асырған, баспасөз бетінде насихаттаған, қолына қару алып та күрескен. Осылардың іздері сақталған көптеген тарихи құжаттар, деректер толып жатыр. Ол бұл жолда адастым демеген, имандай ұйыған берік сеніммен әрекет еткен. Кеңес дәуірінде, басқа да алаш басшылары секілді, Міржақыпқа да үлкен іс тапсырылған жоқ, қайта қудаланып, 1922 жылы Кеңес түрмесіне қамалып барып шығады. Орынборда -педагогтік қызметте, Семейде-сот мекемесінде, Ташкентте, Қызылордада газетте қатардағы қызметтерде болды(1920-1928) . 1928жылы ұсталып, содан абақты тауқыметтерін көре-көре, ақыры 1935жылы 5 қазанда Ақтеңіз-Балтық каналының бойындағы Сосновец лагерінде қаза болды. Арада 58 жыл өткен соң ақынның сүйегі туған жеріне әкелініп, ақ жаууып, арулап қойылды. Міржақыптың даңқын қазақ арасы ғана емес, Ресейдегі түрік әлеміне тұтас жайған Оян, қазақ ! кітабы 1909 жылы Уфада шығып, 1911 жылы Орынборда екінші рет басылды. Бұл- қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі. Кітаптың бірінші, екінші басылымдарын патша өкіметі жинатып алдырып, авторды 1911 жылы маусым айында Семей түрмесіне қамап, 19 ай бойы абақтыда ұстаған. Өзінің көркем шығармаларымен, мақалаларымен, қоғамдық істерімен туған елінің махаббатына бөленген Міржақып Дулатов, алаштың өзі тұрғылас азаматтары секілді, Қазан төңкерісінен кейін аз уақыт қана бостандықта әрекет етіп, артынан жазықсыз қудаланып кете барды. Оның еңбектері жойылып, атын атауға тыйым салынды. «Оян, қазақ!» кітабына енген өлеңдерінің атауы «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», «Қазақ халқының бұрынғы мағишаты», «Өнермен хасыл болған нәрселер», «Сайлаулар хақында», «Қазақ жерлері», «Мешіт-медресехақында», «Қазақ халқына діни бір уағыз», «Өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға», «Жастарға», «Терме», «Таршылық халіміз хақында аз мінажат», «Мүдфрие», «З . . . әфендіге жазған мәктүбім», «Жесір даулары хақында », «Жігіттер», «Насихат ғұмумия», «Сөз ақыры». Негізінен, «қазақ, », «жер», «өнер», «дін», «насихат» деген сөздерге ерекше салмақ берілгенін аңғару қиын емес. Кітаптың алғашқы жолдарын оқып көрсек:

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай, Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.

Шамаңды қадари хал көрсетсеңші,

Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.

Осындағы «оян» сөзі-автордың билік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы. Бір шоғыр өлеңде ақын туған халқының өз алдына ел болып, өзін-өзі

билеген тұсын мақтана жырлай келіп, көшпелі жұрттың басындағы көшпелі

бақты көрсетеді. Қазақ-қалмақ, қазақ-орыс қарым-қатынастары тарихын шолып, Ресейге бодан болғаннан кейіні кіріптарлық, қорлық тіршіліктің аянышты суреттерін бейнелейді. Шұрайлы жерлерден, ата қоныстан айырылған қазақ халқының басына түскен тұтас ауыртпалықты ақын қайғылы хал, азалы сарын етіп көрсетеді. Ал қазақтың өз ішіндегі кесапаттар, билікке таласып, надандыққа белшесінен батқан, оқу-білімнен құралақан ескілік, бай мен кедей арасындағы ойсыраған айырма, аянышты тағдыр-осының баршасына ақын өзінің айқынкөзқарасын білдіріп, жаңалыққа, ғылымға, адамгершілікке үндейді. «Алаш»деп ұран салып, «оян» деп шырылдайды, философиялық-публицистикалық ойлар айтады. Ақынның назары, ең алдымен, халқының өткен тарихына, қазіргі жағдайына тоқталады. Ол не нәрсені болса да бөліп алмай, тұтас қарайды. Өз халқымен өзге халықтарды салыстыра отырып, артта қалған мешеу ауыл үшін күйіне зар төгеді. Қараңғыда қамалған елі үшін сергек, жігерлі, салмақты ұран тастайды. «Оян, қазақ!» кітабының әлеуметтік-қоғамдық мәні, айрықша салмағы-өз заманының шындықтарын ашып, келешек көш жолдарын іздеген бағдарламалық сипатында азаматтық, ұлттық берік рухында жатыр. Шабақтап, жанды азапқа салатын ең үлкен жара-қазақ жерінің тағдыры, бұл-азамат үшін айырылмас дерт, тарқамас шер.

Кір жуып, кіндік кескен қайранжерлер,

Мұжыққа, қош аман бол, барасың ба?

Қасиетті бабамыздың зираты,

Қалдың ғой көшесінің арасында.

Моншаға зиратының тасын алып,

Ағашын отқа, мұжық, жағасың да.

Таба алмай бір барғанда еш белгісін,

Көзден жас көлдей болып ағасың да.

Шалқар көл, аққан бұлақ, жайлы қоныс,

Орман-тоғай кетті ғой, ағашың да.

Ойласам мұның бәрін қияли боп,

Қападан ішім оттай жанасың да . . . -

деп ақтарылған ақын даланың отарлану, кіріптар болу трагедиясын терең тебіреніспен көрсете білген. Тіпті өз дәуірі ғана емес, келешекте ел басына түсетін қанды нұқта, темір кесінді көргендікпен болжай білген.

Міржақып Дулатов ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкілдерінің бірі болды. Сондықтан оның поэзиясынан, барлық шығармаларынан тынымсыз іздену, ілгері ұмтылу сарыны, күрес рухы бірден-ақ күшті сезілді. Ақынның алғашқы өлең жинағының аты болған «Оян қазақ!» деген сөзі жалпы жұртқа жар салғандай болып, жаңа дәуірдің қуатты үніндей естілді.

Кітаптің «Оян қазақ!» деген атының өзі халықты мешеуліктің, надандықтың шырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениет- ке жету үшін күресуге шақырған күшті ұран болып естілді. Ақынның озат идеяларға толы өлеңдері көпшіліктің назарын тез аударып, кітап ел ішіне кең тарай бастады. Қазақ жастарын оқыту, мектеп ашу, қазақша газет-журналдар шығару қажеттігін айта отырып, М. Дулатов орыс тілін, мәдениетін игеруге де ерекше мән берді

Міржақып әдебиет, мәдениет ісіне қазақ даласында жаңа демократия- лық, ағартушылық қозғалыс бет алып, кең өріске шыға бастаған тұста араласа бастады. 1905 жылдың өзінде-ақ қазақтың ұлттық интеллигенция- сының өкілдері ұйымдасқан саяси-әлеуметтік күшке айналып, халық мүддесіне бірден-бір сәйкес деп саналған тілек талаптарды патша үкіметінің алдына ашық қоюға шейін барған.

«Оян, қазақ!» 1909 жылы тұңғыш рет жарық көріп кітап 1911 жылы екінші рет жарияланды. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны «Оян, қазақ!» елді бұзатын, дүрліктіретін, революцияға үнднйтін кітап деп тауып, М. Дулатовты қамауға алды, кітапты таратуға оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін шығартады. Кітаптың қолдан-қолға тарап жүрген қаншама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды. «Оян, қазақ!» кітабын оқығанда Міржақыптың халықтың мұң-мұқтажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын сезіліп тұрады. Ақын сөзінің айқын сезіліп тұрады. Ақын өзінің, халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді ол өз замандастарына, көзі ашық зиялыларға тарих, қоғам қандай міндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, ашу-ызадан құтқаратын күшті құрал оқу-білім, өнер, ғылым, адал еңбек, әділдік, адамгешілік үшін күресу екенін ұға білді.

1913 жылы Міржақыптың «Азамат», 1915 жылы «Терме» атты өлең жинақтары жарық көрді. «Азамат» жинағындағы:

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі.

Пайдалан шаруаңа жараса, алаш. -

деген сөздер азамат ақынның алдына қойған қоғамдық мақсатын қалай түсінетінін айқындай түседі, оның алған бетінен, күрескенрлік жолынан таймай, қажымай, талмай, туған халқы үшін еңбек етуге белін буғанын аңдатады.

«Сырым», «Мұң», «Қиял», «Көңіліме», «Арманым», «Қажыған көңіл» секілді өлеңдерді осы топқа жатқызуға болады. Соңғысында ақын:

Желігуге жел көңілім басылмай,

Білім артып, жемісі жұртқа шашылмай.

Ерте менен Кеш тақылдатып қақсам да,

Әуре қылды бақ есігі ашылмай, -

деп тебірене толғанады. Осындай өлеңдер ақынның Жан сезімін танытатыны талассыз.

«Наурыз» аттыөлеңінде ол көктемде бой жазып жадыраған ауылдың көшпелі тұрмысын анық, айқын, жанды суреттемелер арқылы көкейге маңызды Қоғамдық

Жайнаған терең сайлар,

Ойнаған құлын, тайлар.

Ел қонып көл жағалай,

Өріске малын айдар.

Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,

Бұтақта бұлбұл сайрар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақыптың балалық шағы
Патша цензурасы Оян, қазақ
Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
Міржақып дулатов- зерделі сөз зергері
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Міржақып Дулатовтың публицистикалық - лирикалық жинағы
Міржақып Дулатовтың қазақ журналистикасындағы орны мен публицистикалық еңбектері
М. Дулатов - зерделі сөз зергері
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz