Алматының тарихы, экономикасы, мәдениеті мен қоғамы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

  1. КіріспеАлматының тарихы, экономикасы, мәдениеті мен қоғамы
  2. НегізгіСамал ықшам ауданына шолуЭкскурсияның барысыФото суреттерЭкскурсияның жол сызбасы (картасы)
  3. ҚорытындыБұл жобадан алған тәжірибе

Мен экскурсиямды бастамақ бұрын, Алматы қаласы жөнінде бірер сөз айтып кетсем.

Алматы - Тянь-Шань үлкен тау жүйесінің, Іле-Алатау жотасының қойнауында, Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, теңіз деңгейінен 700-900 метр жоғарыда орналасқан, Республикамыздың ең үлкен, әдемі, көрікті қалаларының бірі.

Аумағы - 170 шаршы метр

Әкімшілік күйі - Қ. Р. маңызы бар қала

Әкімі - Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Халық саны - 1 185 900 адам (2004 ж. )

Уақыт белдеуі - CAST (UTC + 6)

Алматы қаласы 6 ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетiсу, Медеу және Түрксiб аудандары.

Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т. б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллион.

1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.

1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.

1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.

1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.

Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.

1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-шы бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді.

2005 жылы Қазақстан Үкіметімен Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға қатысқан «Boston Consulting Group Inc. » компаниясы шақырылды. Бұл компанияның басты мақсаты қаржы нарығын дамытуда артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т. б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.

Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар - «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, "Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Казақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B. V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5, 3 АҚШ долларын, облигация-3, 6 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының - қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т. б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.

Мәдениет жағынан келсек, Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде. Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі орталықтар болып есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы аталмыш діндердің үлесіне тиеді. Алматы қаласында көптеген діни оқу орындары бар - Ислам мәдениетінің Египет «Нұр-Мүбәрак» университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық пресвитериандық діни семинариясы, «Агапе» және «Жаңа өмір» інжіл колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны.

Мұнда халық қонақжай, кішіпейіл, мәдениетті тұлғалар. Басқа ұлт өкілдермен, жерлестермен өте жақсы қарым-қатынаста. Көмекке қосылуға кез-келген уақытта дайын.

Самал ықшам ауданы , Алматының Медеу ауданында орналасқан. Бұл өте қызықты жер. Ол негізі үш бөлікке жіктелген. Олар: Самал - 1, 2, 3. Әл-Фараби мен Мендіқұлов көшелерінің қиылысының жоғарғы беткейінде Самал-1, Әл-Фараби даңғылының төменгі бөлігінде Самал-2, ал Жолдасбеков пен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысуындағы төменгі аумағында Самал-3 орналасқан. Самал 2 үлкен гипермаркет( Рамстор, Ритц-Палас), спорт кешені (World Class), бизнес центрлер (Нұрлы тау), коммерциялық 19 этаждық 3 үй (3 сестры), № 4 поликлиника, 2 балабақша, кинотеатрлар ( “Арман”, “Номад” ), 2 үлкен мосттар, Қ. Р. -ң Орталық музейі, Оқушылар сарайы, Республика сарайы және Қазақстан қонақ үйінен тұрады. Самалда тек бір ғана мектеп бар, ол Б. Момышұлы атындағы № 131 мектеп.

Менің мақсатым , шет елден, басқа Қазақстанның аудандарынан келген және өздері үшін, өзінің қызығушылығымен тартылған азаматтарға мен таңдаған ауданды барынша, толық, қызықты мәліметтермен таныстыру.

Туристің міндеті:

  • уақытша келген ауданда заңын сақтау
  • уақытша келген аудандағы қоршаған ортаны сақтау, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштеріне ұқыппен қарау;
  • жол жүру ережелерін сақтау
  • экскурсия кезінде жеке қауіпсіздігін қадағалау
  • гидтің әрбір сөзін зейін салып, дұрыс тыңдау
  • осы әр пунктың міндеттемелерін орындауға мүдделі, шеткі жағдайда экскурсияда бұл жеке азаматқа жол жоқ

Гидтің міндеті:

  • туристің сауалнамасына толық, дұрыс жауап қайтару
  • туристің ресурстады еркін пайдалануына, еркін қозғалуына жауапты болу
  • моральдық шығындар мен зардаптарын қайтару
  • туристке жедел медициналық көмек көрсетуге дайын болу
  • сапар мақсаттарына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер көрсету
  • туристі құқықтары мен міндеттерімен толық таныстыру
  • саяхаттың бағдарламасын және бағытын сипаттау, анықтамалар беру

Ортақ міндет:

  • турист пен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында ақшалай төлем процессі барысында, турөнімдегі барлық қызметтердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, көрсететін іс-қағазда келісім шарт жасасу керек

Бағыты мен бағдарламасы:

Кездесу жері Абай даңғылы мен Достық көшесінің қиылысуындағы “Арман” атты кинотеатрдың алды. Көктемге арқан долмен барып қайту. Сосын Достық бойымен Оқушылар сарайдың жанынан өтіп барып Әл-Фараби көшесіне дейін жетіп, Ритц Палас гипермаркетіне кіру. Соның ішіндегі Fast food-іна отырып тамақтану, асты ішіп болған соң, Әл Фараби бойымен Фурманов көшесіне бағытталған бағыт бойынша, Мира көшесіне шығамыз. Жолда спорт кешенін, «Три сестры» дейтін үш үйді, «Нұрлы тау» атты бизнес центрлердің жанынан өтіп, танысуға мүмкіндік бар. Мира көшесіне жеткен соң, сол көшенің бойымен Сәтбаев көшесіне дейін төмен түсеміз. Жол бойында Президенттің Резиденциясын, Қалалық прокуратураны және бес жұлдызды «Анкара» атты қонақ үйін тамашалауға болады. Сәтпаев көшесіне жеткен соң, оңға бұрылып, сол бағытпен Фурманов көшесіне дейін жетеміз. Сол жол жүру барысында Алматының алаңын және Қалалық әкімшілікті көре аламыз. Енді солға бұрылып, Абай көшесіне жетіп, одан соң Достыққа дейін түзу бағытпен Республика сарайына жетеміз. Жол жүру барысында спорттық киім дүкенін, көзілдірік әлемін, әтірлер мен брэндтің киімдерін сататын Француз үйін және үш университетті көре аламыз. Олар UIB, АграрУниверситеті, KIMEP. Соңына қарай еліміздің тұңғыш 25 этажды Қазақстан қонақ үйін көреміз. Сонымен біздің маршрут осылай бітеді.

Аспалы жолға - 42 жыл

Көктөбедегi арқанмен жүретiн аспалы көлiк қашаннан берi бар?

«Көктөбе» демалыс орнының сайтындағы мәлiметке сүйенсек, Көктөбедегi арқан жолын 1967 жылы грузин мамандары салған. Ол Республика сарайы маңынан Көктөбе жотасына дейiн тартылып жатыр. Әуелде оның вагондары қызыл-сары түстi болған. Сауықтық мақсатты көздейтiн көлiк түрi «Алматы қалалық трамвай-троллейбус паркiнiң» қарамағында болды. Айта кетейiк, арқан жолымен Көктөбеге көтерiлу, керiсiнше, таудан төмен түсу 800 теңге тұрады. Ал жетi жасқа дейiнгi балалар үшiн тегiн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
Алматы ежелгі қазақ даласы
Алматы
Қоғамның мәдени дамуындағы жаңа бетбұрыстар
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар тарихы
Алматы қаласы тарихының музейі
Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы мәдени туризм модернизациясы
Тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мәдени-ағартушылық процесстер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz