БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Жер бедері

1. 5 Геологиялық құрылысы. Литологиялық - стратиграфиялық жыныстардың кешені

1. 6 Қарастырылған аумақтың тектоникалық құрылысы және пайдалы қазбаларының таралуы

3. АРАҚАШЫҚТЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ

СИПАТТАМАСЫ

3. 1 Ғарыштық суреттердің түрлері

3. 2 Арақашықтықтан зерделеу жүйесі.

4. ФОТОАҚПАРАТ- БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗІ

4. 1. Денудация және эрозионды тілімдену аудандары

4. 2. Кешенду аккумуляция аудандары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Белгілі - бір аумақты меңгеру арқылы сол жердің нақты табиғат кешендерінің жағдайлары мен байлықтарын анықтап, талдау керек. Осындай зерттеу аумағына Батыс Қазақстан облысын геоморфологиялық және қазіргі бедер түзуші процестердің даму қарқындылығы тұрғысынан қарастыру жатады.

Батыс Қазақстан облысының жалпы жер бедерінің көрінісі жазық. Оның солтүстігі мен шығыс бөлігінде онша биік емес қыраттар кездеседі. Орталығы және оңтүстік бөлігі ойпатты жазық болып келіп, шамамен 49º с. е. қарай (Тайпақ ауылы) Каспий маңы депрессиясы (теңіз деңгейінен тәмен жататын территориялар) басталады. Ол Атырау облысының территориясында Каспий теңізіне дейін - 28 м деңгейіне жетеді.

Жер бедерінің негізгі типтері: Жалпы Сырт, Орал маңы (Ембі) үстірті, Сырт алды кертпеші, Каспий маңы ойпаты және Жайық өзенінің аңғары.

Қарастырып отырылған ауданның климаты қатаң континентті, бұл оның географиялық орналасуы бойынша Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік - шығысында орналасқандықтан, күн жылуының түсуінде қыс пен жазда үлкен айырмашылық тудырады, сондықтан күн мен түн, жаз бен қыс арасындағы тез арада температураның ауытқуына әкеледі. Күн радиациясының түсу мөлшері сол жердің қандай ендікте жатқанына, атмосфераның тұнықтығына, күннің жарықтығы мен ұзақтығына байланысты.

Аумақ өзендері тұйық алапқа жатады. Бұл негізінен геологиялық құрамына, климатының ерекшелігіне байланысты. Жайық өзенінің алабындағы өзендер негізінен қар суынан қоректенеді. Өзендердің тасуы мен су мөлшерінің молаюы қардағы су қорына, оның еру жылдамдығына, топырақтық той қабатының қалыңдығына байланысты.

Топырақ қабаты мынандай негізгі түрлерден тұрады: оңтүстік кара топырақ, қоңыр қызғылт, қызғылт, ашық қызғылт және сұр топырақ. Аудан топырағының жалпы өзіне тән сипаты - оның геологиялық қалыптасу жастығы және бәрінің бірдей кұрамында тұз қоспаларының көп мөлшерде болуы.

Зерттеліп отырған территорияда негізінен дала және шөлейт зоналарының өсімдіктері кең тараған. Жайық өзенінің бойында әр түрлі ағаштардан тұратын орман алқабы бар.

Аудан аумағы кембрийге дейінгі қатты кристалды негізден тұратын Шығыс Еуропа платформасының құрамына кіреді. Сол себепті бұл аймақтар тау тузілу процесіне ұшырамаған.

Зерттеліп отырған ауданның жыныстар мен ежелгі теңіз жануарларының қалдықтарынан тұратын құрылымға байланысты болып кездеседі. Өлкенің табиғат байлығы Қазан төңкерісіне дейінгі аз зерттелді. Кеңес үкіметінің кезінде жан-жақты жоспарлы зерттеу жұмысының нәтижесінде, облыстың территориясында дүниежүзілік маңызы бар мұнай, газ қорларының бар екені анықталды. Қазіргі уақытта мұнай-газ қорлары, құрылысқа, өнеркәсіпке қажетті пайдалы қазбалардың түрлері халық шаруашылығында игеріліп жатыр.

Әртүрлі аудандарды зерттегенденде, нәтижесі оң болып шығу үшін, көп түрлі бедер пішіндерін нақты жүйеге біріктіру қажет, яғни оларды нақты шартты белгілеріне қарай жүйелеу керек. Бұндай жүйелеу пішіндердің генетикалық байланысын және кеңістікте және уақытта жер беті дамуының заңдылықтарын көрсету керек, сонымен қоса геоморфологиялық карталардың легендесын құрастырудың негізі болуы тиіс. Қарастырылған мәселе бойынша көптеген жұмыстар басылып шығарылды. Көптеген ғалымдар геоморфологиялық карталарда морфогенетикалық кешенді, бедердің типі мен пішінін бөліп көрсетуді ұсынды.

Қарастырылып отырған аумағымызда екі бедер типі анықталған. Ол:

1) денудациялық жазық, 2) аккумуляциялық жазықтар.

Жайық өзенінің орта ағысы алабындағы жүріп жатқан қазіргі бедер түзуші үрдістер негізінен ағын сулардың әрекетіне тығыз байланыста дамиды.

Өзен аңғардарының шегінде төрт жайылма үсті террасалары бөлінеді: төменгі төрттік, орта төрттік, екі жоғарғы төрттік, сондай-ақ екі қазіргі заманғы жайылмалық террасалар.

Қарастырылып отырған аумақтағы табиғи ресурстарды игерудің қарқынды үрдісі қоршаған ортаның ластануымен қатар жүруде. Мұнай-газ кен - орындарының қызметі, мұнай және газ кұбырларының құрылысы, транспорт құралдары санының өсуі, жерді шектен тыс жырту, ауыл шаруашылығында және улы химикаттарды қолдану, каналдар құрылысы, жайылымдарды жүйесіз қолдану және егіншілік мәдениетінің шектен тыс пайдалану зерттеліп отырған ауданның экологиясына түбегейлі өзгерістерге әкелді. Соның ішінде, Жайық өзеніне олардың тигізетін әсері жоғары болып саналады.

Ең бастысы, Жайық өзенінің жүйесінің ластануы, ал бұл топырақ және өсімдік жамылғысының бұзылуы мен антропогендік (ең алдымен, техногендік) шөлдену үрдісіне әкеледі. Су ресурстарының азаюы мен олардың өнеркәсіп, мұнай -газ өнімдерімен және басқа да улы заттармен ластануы, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде адамдардың денсаулығының нашарлауын туғызады

  1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Жер бедері

Батыс Қазақстан облысының географиялық жағдайына келетін болсақ, Батыс Қазақстан облысы - республикамыздың батысында, Жайық өзенінің екі бетіндегі көлемді аймақта орналасқан. Ол солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Саратов, Самара, батысында- Волгоград, оңтүстік-батысында - Астрахань облыстарымен шектеседі. Ал оңтүстігі мен шығысында Ақтөбе және Атырау облыстарының территориясына ұласады.

Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы наурыздың 10 құрылған болатын. Қазіргі алып жатқан территориясының көлемі 151, 3 мың шаршы шақырымға жетеді немесе Қазақстан территориясының 5, 9 %-ін құрайды.

Облыс аумағы солтүстіктен оңтүстікке 425 шақырымға, шығыстан батыс бағытта 585 шақырымға созылып жатыр. Өзінің көлемі жөнінен кейбір Батыс Еуропа елдерінен, мысалға Болгариядан, Венгриядан әлдеқайда үлкен. Ал Қазақстан Республикасының 14 облысының ішінде жер көлемі жөнінен 6-орын алады /1/.

Оның физикалық-географиялық жағдайы жөнінен мына ерекшеліктерін атап өтуге болады:

Облыстың территориясы 48°-51º35' солтүстік ендік және 45°30'-54°35' шығыс бойлықтардың аралығын камтиды.

Еуразия континентінің ішкі ауданында жатыр, яғни Атлант мұхитынан және оның теңіздерінен 2, 5 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл оның климатының қатаң континентті болуына, сонымен бірге топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және табиғатына үлкен әсер етеді. Жалпы, территориясының дала және шөлейт зонасында орналасуы адам өміріне онша қолайсыздық жасамайды.

Облыс территориясының Орал және Волга бойы экономикалық аудандарымен шекаралас болуының шаруашылық жағынан дамуына үлкен әсері бар. Сонымен бірге іргелес жатқан Ақтөбе және Атырау облыстарымен экономикалық тығыз байланыстары оның экономикалық-географиялық жағдайын жақсарта түсуде. Батыс Қазақстан облысының мемлекетаралық көлік-экономикалық байланыстары шаруашылыққа тиімді. Сонымен бірге облыстың Еуропа мен Азияның аралығында, сондай-ақ шикізат көзінің мол аудандарына және өнеркәсібі жақсы дамыған орталыққа жақын орналасуы халық шаруашылығының барлық салаларының ең алдымен өнеркәсібі мен көлік қатынасының тез өсуіне жағдай жасайды.

Батыс Қазақстан облысының территориясын бес географиялық (орографиялық) ауданға бөлуге болады: Жалпы Сырт, Орал маңы (Ембі) үстірті, Сырт алды кертпеші, Каспий маңы ойпаты және Жайық өзенінің аңғары.

Жоғарғы плиоценнің континентальды және делювилі төрттік шөгінділермен өңделген сыртты қыраттар оңтүстікке еңістелген бет түрінде өзіндік көрініс береді. Бұл бедер тегістелген жайпақ шыңдарының жондары мен қырқалары және еңіс беткейімен бөлшектелген сыртты қыраттарға жыра және сай арқылы тілімделген. Облыстың солтүстік бөлігін Жалпы сырт сілемдері алып жатыр. Оның жер бедері толқынды, тайыз ойлы және көтеріңкі қыратты болып келеді. Жалпы Сырттың ең биік жері 80-150 м дейін жетеді, Кейбір төбелер ол деңгейден де асып кетеді. Жалпы Сырттың субендік бағытта созылған Деркөл жонының абсолюттік биіктігі, жергілікті халық «Ешкі тауы» деп атайтын төбенің биіктігі 251 м. /24/

Жалпы Сырттың «Ақ сырт» деген сілемдері Батыс Қазақстан облысыньщ аумағы ішкерілей еніп жатыр, яғни Жайық өзенінің оң жақ жағасымен Орал қаласының маңына жетеді. Ол Ақборлы тауы деген атпен бірте-бірте оңтүстікке қарай 73 м-ге дейін аласарады.

Жалпы Сыртты Шаған және Деркөл өзендерінің аңғарлары тіліп өтіп, аллювийлі шөгінді жыныстар қалыптастырады. Жер бедері егістікке жыртылмаған тың жерлерден, әр түрлі кіші төмпешіктер мен ойпаңдардан тұ-
рады. Мысалы, осы жер бедерін қазақ халқы өзіндік атауымен «Шұбарлы дала» деп атайды. /2/

Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа созылып жатқан Орал арты сыртының биіктігі 117 м-ге жетеді. Сыртты қыраттар оңтүстігі мен оңтүстік шығысында Каспий маңы ойпатынан Сырт алды кертпешімен бөлінеді. Сырт алды жарлы биіктік - Жалпы Сырт пен Орал маңы (Ембі) үстіртінің оңтүстік беткейлерін алып жатыр. Бұл негізінен Каспий маңы ойпатымен аралықта ендік бағытта жіңішке белдеу болып қалыптасқан. Кіші өзендердің аңғарларымен солтүстіктен оңтүстікке қарай тілімделіп, бірнеше суайрықтық жазықтарға бөлінеді.

Бұның батыс бөлігінде ескі сатылы (террассалы) жер сақталған. Олар Каспий теңізі суының бірнеше рет көтерілу және қайту кезеңдерінде пайда болған.

Сурет 1 - Жалпы Сырттың бедері.

Бұл кертпеш Деркөл жонында ені 2-3 км-ге дейін жететін және бедердің құлау нүктесі 1 км-ге 50 м болатын тік беткей болып келсе, Орал арты сыртында ол биіктігі 1 км-ге 1-2, 5 м-ге дейін төмендейтін еңістілігімен сипатталады. Бұның батыс бөлігінде екі сатылы жер сақталған, олар Каспий теңізі суының бірнеше рет көтерілу және қайту кезеңдерінде пайда болған. Мысалы, Баку трансгрессиясына байланысты борлы шөгінділер биіктігі 65-90 м дейін.

Хвалын кезеңіне тән теңіздік шөгінділер екінші сатылы жазықтарды қалыптастырған. Бұл шөгінді жыныстардың үстіңгі қабаты саздақ аралас ұсақ тастардан тұрады. Беткей жыралы - сайлармен тілімденіп бірнеше суайрықтық жазықтарға бөлінген.

Каспий маңы ойпаты - бұл абсолюттік нүктелері 40-25 м-ге дейін төмендейтін, оңтүстікке еңістелген, теңіздің жоғарғы төрттік шөгінділерінен құралған бедер. Ол территорияның оңтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Көзге бірбеткей тегіс болып көрінгенімен, Каспий маңы ойпаты көптеген кіші өзендердің аңғарларымен, тұйық су қоймаларымен тілімделген. Оның шегінде, Жайық өзені аңғарынан шығысқа қарай көктем кезінде еріген қар суын жиеайтын дала ойпаңдары мен көлшіктер және көлтабандар, лента тәрізді лимандар кішігірім төмендеулерінде кездеседі. Кейбір жерлерде көлтабандардың көлемі едәуір үлкен болып келеді. Орташа тереңдігі 2-4 м аралығында, мұнда әр түрлі өсімдіктер өседі.

Сурет 2 - Орал алды үстірті

Каспий маңы ойпатында сорлар кең таралған. Олардың тереңдіктері 10-20 м. жетеді. Сорларға қар еріген кезде сай-саладан су құйылып, бетіне шығып жатқан тұздарды ерітеді. Жаз айларында (маусым, шілде) құрғап, бетінде түздың жұқа қабыршақтары қалыптасады. Бүлардың ішінде көлемділері облыстың батысындағы Арал соры, Әукетай, Турке соры, т. б. Мысалы, сорлардың көбінің емдік қасиеті бар. Эр түрлі тұз ерітіндісінен тұратын сор балшықтарын жергілікті халық буын, тері ауруларын емдеуге пайдаланады. /1/

Каспий маңы ойпатының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде құмды шағылдар көп тараған. Үлкен территорияны алып жатқаны - Нарын құмы. Мұндағы кұм мыңдаған жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің, теңіздің саязданған орнында пайда болған, Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, төбелер (биіктігі 20-40 м) қалыптасқан. Құмды аудандар өсімдік дүниесіне өте бай. /24/

Батыс Қазақстан облыстың солтүстік-шығыс бөлігін Орал маңы (Ембі) үстірті алып жатыр. Жер бедері бірнеше өзен аңғарларымен тілімделген. Осы жерден ағып өтетін Утва және Елек өзендерінің негізгі суайрықтарын құрайды. Қарастырылып отырған аумаққа оның солтүстік - батыс беткейі кіреді. Орташа биіктігі 110-235 м аралығында. Осы Орал маңы үстіртінде Батыс Қазақстан облысының ең биік нүктесі жатыр. Орал маңы (Ембі) үстіртін құрайтын жыныстар бор дәуірінде пайда болған. Оның үстіңті қабатын төрттік дәуірдің сарғыш, сұрғылт саз және құм қабаттары жауып жатыр, кейбір жерлерінде борлы қабаттар кездеседі. Сондықтан да жергілікті : халық бұл жерлерге Ақтау, Ақсай, Ақдөң деген атаулар берген. /2/

Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде абсолюттік биіктігі 71, 4 м болатын жоғарғы бор және палеоген жыныстарынан құралған Сантас таулы қыраты орналасқан.

Жайық өзенінің ортаңғы және төменгі ағысының аңғары - жер бедеріне өзінің көптеген жылдар бойғы ағысының әсерімен бірнеше белгілер қалдырған. Жайық өзені аңғарының солтүстік бөлігінде қазіргі жайылмасынан басқа төрт сатылы жазықтық, ал оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында екі сатылы жазық пен қазіргі жайылма пайда болған.

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, облыс территориясының солтүстік бөлігі Каспий маңы ойпатына карағанда ерте қалыптасқан, сондықтан өзен бойындағы сатылы жазықтардың оңтүстікке қарай кему себебі дәлелді жағдай.

Жайық езенінің қазіргі жайылмасы солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп тарыла береді. Мысалы, Елек және Утва саласының қосылатын жерлерінде 12-13 шақырым болса, Индер көлінің маңайында 7-10 шақырым. Жайылма енінің ең кенейетін жері Орал қаласының маңында 50 шақырымға дейін жетеді. Жайық өзенінің анғары жазықты, жалды, дөңесті болып кезектесіп келіп отырады.

1. 2 Облыстың климаттық ерекшеліктері

Батыс Қазақстан облысының климаты қатаң континетті. Қысы суық бірақ батыстан келетін циклондардың әсерінен кейбір кездерде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыссы әрі кұрғақ, ұзақ болады. Өзіне тән ерекшеліктері: күн сәулесі мол түседі, құрғақшылық жиі болып тұрады, қар жамылғысы жұқа, мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көктемде және өсімдіктің көктеу кезінде топырақта ылғалдың қоры аз болады.

Батыс Қазақстан облысының климатына әсер етуші факторлар бірнешеу. Сонын ішінде ең негізгілері мыналар:

1. Күн радиациясының әсері. Облыстық территориясы қоңыржай белдеуде жатыр. Географиялық орны Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысында орналасқандықтан, күн жылуының түсуінде қыс пен жазда үлкен айырмашылық болады.

Күн радиациясының, түсу мөлшері сол жердің қандай ендікте жатқанына, атмосфераның тұнықтығына, күннің жарықтығы мен ұзақтығына байланысты. Батыс Қазақстан облысының территориясы 51º35'-48º солтүстік ендіктің аралығында болғандықтан, күннің жарық болуы, оның ұзақтығы мен жиынтығы, оның радиация мөлшері солтүстіктен онтүстікке қарай көбейе береді. Сол сияқты жиынтық радиацияның мөлшері де территорияда бірдей емес. Солтүстігінде, шамамен 49° с. е. дейін 1 шаршы см 110 к/кал тең болса, ал оңтүстігінде 120 к/кал жетеді. /11/

2. Ауа қозғалысының әсері. Батыс Қазақстан облысының аумағына жыл бойы үш түрлі ауа массалары әсер етеді. Бұлар - арктикалық, полярлық, (қоңыржай) және тропиктік ауа массалары.

Амуқтың климатына батыстан, Атлант мұхитынан келетін ауа массалары әсер етеді. Бұл ауа массалары жылдың қай мезгілінде болсын климатты жұмсартып ылғал әкеледі. Қыс кезінде батыс және оңтүстік-батыс ауа массаларының ағыны ауа райын жылытады, аспанды бұлт торлап, қар жиі жауады. Жаз кезінде Атлант мұхитының ауа массалары ыстықты бәсеңдетіп, ылғалды арттырып, жауын-шашын түсіреді.

Көктемнің соңғы күндері және жаз айларында құрғақ тропиктік ауа массаларының әсері өте зор. Бұл кезде мұнда жоғары атмосфералық қысым қалыптасады. Тұран ойпатынан соғатын оңтүстік, оңтүстік шығыс желдері аңызақ әкеледі. Кейбір жылдары тропиктік ауа массасының екпінділігіне байланысты құрғақшылық болып ауыл шаруашылығына ұлкен зиян келтіреді.

Жылдың әр мезгілінде екі түрлі ауа массаларының шектескен жерлерінде ауа фронттары пайда болып, циклондар мен антициклондар аудан территориясына ішкерілей енеді. Циклондар атмосфераның төменгі кабатын қатты өзгерістерге ұшыратады, оның әсерінен ауа массаларының қозғалысы күшейеді, жел көтеріледі. Батыс Қазақстан облысының аумағында циклондар батыстан және солтүстік-батыстан соғып өтеді. Мұхит кеңістігінде пайда болған циклондар бұлтты, жауын-шашынды ауа райын қалыптастырады

Жазда аудан шегінде азор антициклонының шығыс тармағы таралып, ал қыста ол азия антициклонының батыс тармағына ауысады. Осының салдарынан, жазда айтарлықтай аз бұлттылықпен және жер бетінің қарқынды қызуымен, ал қыста қатты суынуымен көрініс табады. Циклондар белсенді емес, соған байланысты жауын-шашын аз түседі. Ылғалдану коэфициентінің өте төмен болуымен және құрғақшылық күндердің айтарлықтай көп болуымен сипатталады.

Қысы суық, қар жамылғысының орташа қалыңдығы 25-30 см, ал наурыз айының бірінші жартысында ең үлкен қалыңдықтағы қар жамылғысы байқалады. Қар жамылғысының орташа калыңдығы солтүстік аудандарда 15-25 см, оңтүстігінде 10-15 см. Оның тұрақты жату кезеңі солтүстігінде 125-130 күн, орталық аудандарында 100-120 күн, оңтүстігінде 80-100 күн шамасында. Кейбір жылдары оңтүстігінде кар жамылғысы мүлде тұрақты болмайды (орташа 10 жылда рет) .

Қыс айы 128-130 күн-ге созылады, қаңтар айының орташа температурасы -14, 8ºС. Ең жылы шілде айының орташа температурасы 22, 5ºС, ал орташа жылдық температура +4, 8-5ºС. Атмосфералық жауын-шашынның көпжылдық мәліметтер бойынша жылдық қосындысының мөлшері 270-300 мм, яғни ол жылы кезеңде(сәуір-қазан) түсетін жауын -шашынның 60-75%-на сай, құрғақшылық кезеңдерінде аз түсетіндіктен 180-480 мм аралығында ауытқып тұрады. Жауын-шашынның түсуі облыстың солтүс-тігінде 300 мм-ден астам болса, оңтүстігінде 190 мм-ге дейін кемиді. Орал қаласында жылына орташа 374 мм жауын-шашын түссе, Чапаев елді мекенінде - 250 мм, Тайпақта - 183 мм. Қуаңшылық кезең 1, 5-2 айға созылады. Облыстыд территориясында жылы кезең солтүстігінде және шығыс бөліктерінде 120-140 күндей, ал оңтүс-тігінде және батыс бөліктерінде 140-160 күндей болады. Ауаның 10°-тан жоғары температурасының қосындысы солтүстігінде 2800°, оңтүстігінде 3000-3400°-қа жетеді.

Алғашқы күздік үсіну шамамен 26 қыркүйекте, ал соңғы көктемдік 9 мамырда байқалған. Кейбір уақытта көктемнің жай үсінуі болады, оның салдарынан гүлдер және еменнің түйіндері, үйеңкі ағаштары, зақымдалынады, ал ол дұрыс өнім алуға кері әсер етеді. Вегетациялық кезеңде ылғадылықтың жетіспеуі, ағашты және бұталы түрлердің дамуына кері әсер етеді, осының салдарынан өнім мен дәннің уақытынан бұрын түсуіне әкеледі. Жауын-шашыың аз түсуі ормандағы зиянды жәндіктердің дамуына және өрт қауіпін жоғарлатады.

3. Жер бедері ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына белгілі бір мөлшерде әсер етеді, сондықтан әр жердің өзінің микроклиматы болады. Жер бедерінің әсері. Жер бедері ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Сондықтан әр жердің өзінің микроклиматы болады.

1. 5 Геологиялық құрылысы. Литологиялық - стратиграфиялық

жыныстардың кешені

Аудан аумағы кембрийге дейінгі қатты кристалды негізден тұратын Шығыс Еуропа платформасының құрамына кіреді. Сол себепті бұл аймақтар тау тузілу процесіне ұшырамаған. Геосинклиналды ауданда кездесетін шөгінді жыныстардын қатпарлануы немесе жанартау процестері бұл аймақтарда болмаған.

Каспий маңы ойпаты батысында Ергеней, солтүстігінде Жалпы Сырт, ал шығысында Орал маңы үстіртімен (Оңтүстік Орал және Мұғалжар тау алды) щекаралас орналасып, кең тектоникалық ойпатты көрініс береді. Оңтүстігінде ол Сотүстік Каспий теңізінің суына өтеді. Н. И. Андрусов пікірі бойынша Каспий маңы ойпаты өзіндік құрылымдық элемент ретінде орта миоценде басталған және Кавказ мен Кавказ арты тауларының қалыптастырған тектоникалық таулар мен тығыз байланысты болған. Орта плиоценде, ақшағыл ғасырының аяғында ойпаттың солтүстік бөлігі тектоникалық деформацияға ұшыраған және теңіз деңгейі астына батқан. А. А. Богданов пікірі бойынша Каспий маңы ойпатының анағұрлым қарқынды дислокациясы палеоген мен ақшағыл аралығында болған. Каспий маңы ойпатының ақшағыл теңізі астына төменденуіне әкелген дислокация табиғатын әртүрлі ғалымдар әртүрлі қарастырған, Каспий маңы ойпатын синеклиза деп санаған Н. А. Шатскина, грабен деп санаған А. П. Православлев немесе жер- жерден лықсымамен күрделенген кең иілім деген М. М. Жуков болған. /22/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz