ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Әлеуметтік жұмыс коммуникацияның ерекше түрі ретінде

1. 2 Әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы мәдени қызмет

1. 3 Әлеуметтік жұмысты басқарудағы мәдени қызмет

1. 4 Әлеуметтік мәдени қызметтің негізгі міндеттері

2 ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС САЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ

2. 1 Мәдени қызмет әлеуметтік қызметкер мен клиенттің өзара әрекеттесуі ретінде

2. 2 Топтық өзара іс-әрекет мәдени қызметтің тиімділігін жоғарлатудың қайнар көзі ретінде

2. 3 Қазіргі кездегі әлеуметтік қызметкердің мәдени профессиограммасы

2. 4 Әлеуметтік жұмыстағы мәдени қызметті бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әлеуметтік жұмыс маманының ерекше кәсіби біліктілігін қажет етеді, яғни ол бір жағынан білімі, шеберлігі, икемділігі, жоғарғы оқу орнынан алған дағыдылары арқылы қалыптасатын болса, бір жағынан маманның өзінің жеке қосқан үлесі арқылы қалыптасады, олар: мотивтер, қарым-қатынастар, құндылықтар. Маман болып қалыптасуда білімі мен дағдыларға қарағанда, жеке кәсіби біліктілігі маңыздырақ болады. «Көмек көрсету» саласындағы мамандықтарында жеке-кәсіби біліктілігі маман болып қалыптасуда алғашқы орынға шығады.

Қазiргi әлеуметтiк-мәдени және экономикалық жағдайда ашықтықты әрі динамизмді талап ететін кезеңде, кәсіби білікті әлеуметтік қызметкерлердің алуантүрлі ақпараттармен, мәліметтермен жұмыс жасай білуіне және түрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты олардың негізгі міндеттерінде өзгеріс орын алып отыр.

Ақпараттық ортаның сандық және сапалық қайта құрылуы ғылымда ақпарттық төңкеріліс ретінде мәлім, яғни қай қоғамда және қай ұйымдарда қызметтерінде жаңа коммуникациялық жүйені, желілерді және мәдени әлеуметтік технологияларды енгізіп, жасап әрі оларды қолданатын болса, олардың жеңіске жетуі сөзсіз.

Ақпарттық қоғамда негізгі орынға иформатика, әлеуметтік қызмет көрсету саласы мен ғылым ие. Коммуникация арқылы әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қорғауда ең қымбат тауар болып ақпарат және оның барлық ақпарттық қызмет көрсету түрлері болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс жүйесінде кәсіби (адамгершіліктік) ресурстарының тапшылық мәселесі орын алуда, яғни оларды іздеу әрі орынды пайдалану керек. Мәдени қызметте және ақпарттық алмасуда әлеуметтік жұмыс тиімділігін арттыру критерийлері құрылу үстінде. Осыдан орай, әлеуметтік жұмыс тиімділігі мәдени ресурстарды көкейкесті етуіне байланысты.

Мәдениет жиі әлеуметтік өмірдің детерминанты ретінде жүріс-тұрыста, тіл мәселелерінде, әдеп-ғұрыпта немесе адамдардың белгілі бір топтарында көрініс табатыны қарастырылады. Әлеуметтік қызметкер адамзат ресурстарын басқаратын менеджер ретінде алға шығады. Әлеуметтік қызметкер (менеджер) әлеуметтік ортада макро - және микродеңгейде кәсіби өзара қарым-қатынасқа түсу процесінде мақсатына қарай (өзара түсіністікке және келісімге келу үшін) әлеуметтік объектінің мінез-құлқын өзгертуіне ықпал етеді, өзінің өкілеттілігіне байланысты белгілі бір шешімдер қабылдайды, ақпараттық ағындардың бағыттарын реттеп, клиентпен жұмыс жасауда өзін қалай ұстау керектігі туралы тактикалар мен стратегия құрастырады.

Әлеуметтік қызметкердің клиенті болып, яғни әлеуметтік объект тұтастай қоғам (макро деңгей), сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіндегі индивид (микро деңгейде) . Демек, әлеуметтік қызметкер жұмысының тиімділігі қоғамның құқықтық жүйесі мен құндылықтарынан жалпылай және оның шынайлықты субъективті қабылдауына, яғни әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік менеджер) өзінің мәдени деңгейінен байланысты болады. Осыған сәйкес, әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік менеджер) жұмыстағы негізгі кәсіби талабы болып өте жоғары деңгейдегі қарым-қатынасқа түсу мәдениеті болып табылады. Соныменен, әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік менеджер) кәсіби портреті міндетті түрде тұлғаның мәдени сипаттамасын қамту керек. Мәдени мәдени біліктілік деңгейі әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік менеджер) кәсіби шеберлік деңгейін анықтайды. Сәйкесінше, әлеуметтік қызметкердің кәсіби мінездемелерінің қатарында мәдени мәдени біліктілігі болу керек, бұл өз кезегінде әлеуметтік қызметкердің мәдени профессиограмасын құрайды.

1 ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ МӘДЕНИ МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ РЕТІНДЕ

Әлеуметтік коммуникация дегенде біз көп жақтылы және көп арналы ақпараттың белгілі бір әлеуметтік ортада және сол қоғамдағы қабылданған рәміздер көмегімен берілу процес деп түсінеміз. Әлеуметтік коммуникация қауымдастықтар, топтар, қабаттар арасындағы әлеуметтік маңызды ақпаратты беруді жүзеге асырудағы өзара байланыс процесін білдіреді [1, 13б. ] .

Рәміз коммуникацияда адамдық қатынастағы стандартталған, сөзде, әрекетте немесе объектіге, қатынасқа қатысушылардың барлығына берілген, түсінікті мағынаны білдіретін условно-белгілік ақпараттық бірлікті білдіреді.

Коммуникацияда екі жақ - коммуникатор және реципент қатысады. Ал социумда бұл екі индивид, топтар, тобырлық қауымдастықтар болуы мүмкін. Кері байланыс бар болғанда коммуникатор бір уақытта реципиент, ал реципиент - коммуникатор болады.

Коммуникация процесінде субъектілердің мағынамен және мәнмен алмастыратын қызығушылықтары және әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырлады. Мән реципиентке берілу кезінде белгілі бір белгілік жүйеге кодталады (сөзбен, қимылмен, тонмен, позамен және т. б. ) . Реципиент өзіне коммуникатор арқылы берілген белгілерді кодтайды. Белгілердің мағынаға айналуы интерпретация деп аталады. Коммуникациядағы мағыналар - мәннің қайта өңдеуіне келтірлетін хабардың мазмұндық анықтамасы.

Коммуникациялық процесс қоғам өмірінң барлық саласында, сонымен қатар әлеуметтікте де жүреді. Әлеуметтік коммуникацияның әртүрлілігі ретінде тап аралық, кәсіби аралық, этика аралық, аймақ аралық, ұрпақ аралық, жыныс аралық, сонымен қатар жоғары және орташа, төменгі қабаттар арасындағы, элита мен тобыр арасындағы, әкімшілік және

Әлеуметтік коммуникацияның күрделілігі, өзіне қоғамның әлеуметтік иерархиясындағы топ ішілік коммуникацияны және топ аралық коммуникацияны - қабаттар, қауымдастық арасындағы коммуникацияны қамтитындығында. Әлеуметтік коммуникация көптеген әлеуметтік топтар мен қабаттар арасындағы қатынаста көп деңгейлі процесті көрсетеді. Әлеуметтік коммуникацияда жеке тұлға аралықтан өзгеше, жартылай мәдениеттік диалог жүреді (әртүрлі топтағы нормалар мен құндылықтардың айырмашылығы) . Сондықтан өзара түсіну жолындағы әртүрлі белгілер жүйесінде және оның мазмұнында қамтылған, барьер мен қарсылықтар, ақпараттық алмасудағы техникалық және басқа өкілдер арқылы жоғалуды, салдарларды көбейтеді.

Коммуникация қазіргі қоғамда әрбір өнеркәсіптің өмірлік қамтамасыз етілген негізі, сонымен қатар әлеуметтік жұмыстың ұйымдық жүйесі болып табылады. Коммуникация арқасында әлеуметтік қызметтің ішінде және оның сыртында, аралас ұйымдармен және институттармен, тұтынушылармен, клиенттермен, қаржыгерлермен және т. б. ақпараттың жүйеленуі және талдауы, жиналуы жүзеге асады.

Әлеуметтік жұмыста арнайы кәсіби саланы, яғни мәселені шешудегі әлеуметтанулық және әлеуметтік-психологиялық принципке негізделген қоғамдық, топтық, жеке жолы болмаушылықты түсінеміз. Әлеуметтік жұмыс - дара жек тұлғалар мен топтардың әлеуметтік мәселесін шешуге, жағдай жасауға, адамдардың әлеуметтік қызмет атқаруына қабілетін жақсартуға немесе қалпына келтіруге бағытталған әрекеттің ерекше түрі. Әлеуметтік жұмыс - ең бірініші тұрғындардың әлеуметтік байланысқан топтарының, әртүрлі қажеттіліктерін, әлеуметтік кепілденген және жеке тұлғалық қызығушылықты қанағаттандыруға бағытталған, интегративті, пән аралық кәсіби әрекеттің түрі [2, 111б. ] .

Әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде құрылған көмекті қажетсінетін жеке тұлғалар, топтар, адамдар болады. Ал әлеуметтік жұмыстың субъектісі ретінде әлеуметтік әрекетпен қызметке сәйкес немесе қоғамдық бастамаларда айналысатын әлеуметтік жұмысшылар адамдар ретінде, мемлекет өз құрылымымен, қоғамдық, қайырымдылық және басқа ұйымдар және мекемелер қатысады.

Әлеуметтік жұмыс осы әрекеттің мақсатына жетуге мүмкіндік беретін әртүрлі құралдар көмегімен жүзеге асырлады. Құралдардың, әрекеттердің көптүрлілігі мәдени құралда маңызды орын алады.

Басқару әлеуметтік жұмыстың компоненті ретінде объектінің жағдайын алдын ала анықтауды жоспарлауды, шешімді талдауды, бақылауды, әлеуметтік жұмысшыларды таңдауды және дайындауды қамтиды. Ұйымдастырушылық және жеке басқарушылық қызмет белгілі бір кезеңде әлеуметтік жұмыстың мазмұнын анықтайтын, мақсатты бағытталған коммуникациялық әрекетсіз мәнсіз болады.

Әлеуметтік жұмысшының әрекеті мәдени - негізгі қызметті орындауымен үздіксіз байланысты. Мәдени қызметті жүзеге асыра отырып, әлеуметтік жұмысшы көмекті және қолдауды қажет ететіндермен байланыс орнатады. Бұл қызметтің мазмұнына сонымен қатар:

  • ақпарттың алмасуын ұйымдастыру;
  • әлеуметтік қызмет әрекетіне қоғамның әртүрлі институттарын қатыстыру;
  • басқа адамды қабылдау және түсінудегі көмек кіреді [3, 14б. ] .

Кәсіби анықтама әлеуметтік жұмысшының қызметтік міндеттерінің тізіміне мыналарды да жатқызады:

  • шиеленістерді шешуге адамдарға көмек көрсету;
  • әлеуметтік көмек орталықтарын, клубтарды және ассоциацияларды, бірлестіктерді құру жұмыстарына қатысу.

Коммуникацияның мақсаты - білімді, сенімді, хабарды алушылардың тәртібін өзгерту[4, 103-109бб. ] .

Әлеуметтік жұмыстағы коммуникациялар коммуникациялық әрекеттегі субъекті мен объектінің тәртібі, ақпаратпен қамтамасыз ететін байланыс каналдар жүйесі, өзара әрекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырады. Коммуникацияның - интраперсональдық, интерперсональдық және топ аралық деп негізгі үш түрге бөлінеді. Коммуникацияның субъектісі ретінде жеке тұлғалар, топтар және тұтас ұйымдар қатысады. Коммуникация әлеуметтік қызметтердің потенциальды және шынайы тұтынушыларын құрайтын нақты мақсатты аудиторияға бағытталады. Әлеуметтік қорғау экономикалықтан басқа келесі компоненттерді: әлеуметтік-психологиялық қорғау, саяси қорғау, рухани қорғау, құқықтық қорғауды қамтиды. Әлеуметтік қорғалуды тек қана экономикалық және әлеуметтік кепілдікпен шектеуге болмайды. Ол ұят және баспасөз бостандығын, азаматтық туралы заңды, сөз бостандығын да қамтиды. Мәселенің ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық және мәдени аспектілері әлеуметтік қажеттілікті керек ететін қабаттар үшін өте маңызды.

Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік коммуникацияның арнайы жүйесімен мінезделеді. Далалық әлеуметтікте жұмысшыларға, мамандарға және әлеуметтік қорғау мекемесінің бөлімшесінің басшыларына «күнделікті жағымсыз, «қара ақпарат» және фактура - кедейшілік, орналаспағандық, қанағаттанбаушылы, қарттық шырғалаңдар, мүгедектік, жеккөрушілік, ашушаңдық және т. б. туындап отырады» [5, 123б. ] .

Әлеуметтік жұмыстағы коммуникациялық процестер мыналарды қамтиды: І. Құрылым:

  1. Әлеуметтік мәселе жөніндегі қоғамдық түсіну (субъективтік-рәміздік аспекті) .
  2. Әлеуметтік өмірдің стандарты (атрибуттық аспекті) .
  3. Ресурстар (ақпараттық, материалдық, адамдық) (әлеуметтік-экномикалық аспекті) .

ІІ. Деңгейлер:

  1. Әлеуметтік өзара әрекет (интегративті аспекті) .
  2. Пәнаралық өзара әрекет (басқарушылық аспекті) .

Әлеуметтік жұмыс саласындағы басты теоретик П. Д. Павленок, айтқандай әлеуметтік жұмыс әрекеттің әмбебап түрі болып табылады, маманнан әртүрлі саладағы білімін талап етеді және оны тәжірбиеде қолдануды қажет етеді[5, 69б. ] .

Коммуникативистиканы синтетикалық, әлеуметтік коммуникация және ақпараттық байланыс негізіндегі пәнаралық ғылым ретінде, ол сонымен қатар әртүрлі пәндік саладағы білімді талап етеді және әлеуметтік жұмысшының тәжірбиелік әрекетіндегі негізгі объективті ядросы болып табылады. Мәдени қызметті жүзеге асыру әлеуметтік жұмыстың басқа да маңызды қызметтерін тиімді орындауды қажет етеді. Олардың арасында ескерту - профилактикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік-тұрмыстықты айтуға болады.

Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі кәсіби қызметтерді және міндеттерді орындау көбінесе басшылардың, ұйымдастырушылардың және орындаушылардың мәдени жаупкершілігі мен мәдени - орындаушылық шеберлігіне тәуелді болады. Осыған байланысты 2000 жылы РФ Мемлкеттік ЖОО бекітілген кәсіби білім берудегі Мемлекеттік білім беру стандартына құжат ретінде көңіл аударамыз. Мемлекеттік стандартқа сәйкес жалпы кәсібилік пән маманы әлеуметтік жұмыс саласында міндетті:

  • қоғам мен отбасы, үлкендер мен балалар, жеке тұлға мен кіші орта арасында байланысты қамтуды игере алуы керек;
  • адамдар мен кіші топтағы жағдай арасындағы қатынасқа, клиентті әлеуметтік маңызды әрекетті орныдауға бағыттауға әсер ете алуы керек;
  • формальды емес қатынаста жұмыс істей алуы керек;
  • әлеуметтік өзара әрекеттің типологиясы мен формаларын білуі керек[6] .

Келтірліген ұстанымдар мамандардың білімділігінің талаптарының бірі әлеуметтік жұмыс саласында әлеуметтік коммуникация теориясының жоғары деңгейлі білімді, мәдени әрекетті ұйымдастыру саласындағы, әлеуметтік мәселені шешуде және басқаруда, әлеуметтік көмекті көрсетуде жоғары мәдени деңгейін орындауды ұсынады. Әлеуметтік жұмыстың коммуникация ретінде анықталуы тек қана ғылыми-теориялық қажетіліктермен ғана шектелмейді, сонымен қатар шынайы фактінің тәжірбиелік сенімді констатациясы ретінде болады.

Әлеуметтік саладағы басқару жүйесіндегі әлеуметтанулық зерттеулер әлеуметтік жұмысшылардың және педагогтардың клиенттермен, сонымен қатар социумдағы ұйымдардың жағымды имиджін қалыптастыруда және құру әрекетінде коммуникациясын зерттеуді қажеттілікпен енгізеді.

Мәдени әрекетті басқарудың мәселесі әлеуметтік жұмысқа жақын қарастырлады. Кеңінен жалпы түсінік ретінде әлеуметтік сала қатысады. «Онда . . . қоғамдық өмірлік әрекеттің, әлеуметтік және басқа топтардың және жеке тұлғаның, олардың даму жағдайының әлеуметтік факторлар жиынтығы қамтылады. Әлеуметтік сала адамның өмірінің барлық кеңістігін - оның еңбек жағдайынан бастап және болмысын, денсаулығы мен әлеуметтік-таптық және әлеуметтік-этникалық қатынасына дейін қамтиды»[3, 143б. ] .

Әлеуметтанулық түсінікте әлеуметтік сала - жеке тұлға мен адамдардың қауымдастығы өмірінің саласы. Мысалы, кәсіби, демографиялық топтар, таптар өмірінің саласы. Әлеуметтік саланы гуманитарлық, ғылыми-зерттеулік, өндірістік деп (техно сала) ажыратып қарау керек. Сондықтан тар көлемде білім беруді, ғылымды, көркем мәдениетті (өнерді), бұл институттар және ұйымдар саяси салада да, психологиялық, экономикалық, және қоғамның рухани өмірінде де әрекет ететіндіктен әлеуметтік салаға жатқызуға болмайды.

Әлеуметтік саланы нақты бөлу әдіснамалық және тәжірбиелік аспектіде де маңызды. Әлеуметтік саланы суреттей отырып, біз әлеуметтік әрекеттің субъектісі мен объектісіне тоқталамыз. Мәдени әрекеттің мазмұны мен формасы субъекті мен объектінің ауысуына, білім беру деңгейі айырмашылығына, дәрежесіне, кірісіне, тұрғылықты орнына қарай өзгеріп отыруы керек. Әлеуметтік жұмыстың сапасы мен тиімділігі көп жағдайда сол әрекеттің субъектісінің әлеуметтік мінезіне тәуелді болады.

Әлеуметтік саланың екінші маңызды мінезі - оның кеңістігінде индивидтің өмір сүру жағдайына тікелей әсер ететін әлеуметтік мәселелер шешіледі. Бұл жағдайға қарай отырып әлеуметтік сала категориясы өзіне мынадай компоненттерді, денсаулық сақтау, сервис, қамту, жарнамалық әрекет, шоу-бизнес, кәсіби одақтық жұмыс, сауданы қамтиды. Өнерді, рухани мәдениетті, білім беруді, ғылымды, өндірісті, экономиканы, саясатты әлеуметтік саланың сыртына шығара отырып, автор сол процестің теориялық жағдайылығына есеп береді, немесе соңғысы қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттеседі және қиылысады.

Сонымен әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік сала өзара жалпы және ерекше сәйкеседі. Сондықтан мәдени әрекеттің барлық заңдылығы әлеуметтік саладағы әлеуметтік жұмыстың жүйешігінде де әрекет етеді. Сонымен қатар бұл әрекеттің спецификасы оның қызметінің ерекшелігін іздеуге бағыттайды, яғни ол диссертациялық зерттеудің пәні болады.

Әлеуметтік әрекет - өзінің әлеуметтік мәселесін сыртқы көмексіз шешуге қабілетсіз адамдарға көмек көрсетуге бағытталған әрекет. Мәдени әрекет концепциясы теориялық жағдайдан шығады, яғни барлық қабаттар мен топтардың өкілдерінің әлеуметтік мәселелері ақпараттық және мәдени ортамен, әлеуметтік айналыммен байланысқан.

Әлеуметтік жұмыс әрекет түрі және әлеуметтік институт ретінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау технологиясы ретінде қарастырлады. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінде әрбір адамның әлеуметтік құқын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясаттың маңызды аспектісі ретінде түсініледі. Әлеуметтік қорғау ұғымы әлеуметтік саясатта маңызды орны алады және барлық категориясына, сонымен қатар тұрғындардың еңбекке қабілетті бөліміне де таралады. Әлеуметтік қорғау кең көлемде алғанда мына компоненттерді қамтиды: саяси қорғау, әлеуметтік-психологиялық қорғау, әлеуметтік қорғау (тар мағынада), ақпараттық, рухани және интеллектуальдық қорғалғандық, коммуникациялық қорғау, құқықтық қорғау. Әлеуметтік жұмыстың кең мағынасында барлық адамдардың әлеуметтік қорғаулы және барлық аталған элементтердің жиынтығы, бұл жерде тек қана әлеуметтік-экономикалық және физиологиялық қажеттіліктер және тұрғындардың кедей қабаттары ғана емес, сонымен қатар барлық адамдардың коммуникациялық, интеллектуальдық, рухани және ақпараттық қажеттіліктері жөнінде де айтылады.

Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қолдау формасы ретінде - азаматтардың уақытша экономикалық қиын жағдайға ұшыраған кейбір тобына көмек көрсету жүйесінде де жүзеге асырлады. Әлеуметтік қызмет әлеуметтік көмек қызметін де атқарады - жеке азаматтарға немесе тұрғындардың өмірлік қиындықтарын жеңілдетуге немесе сол қиындықтан шығаруға бірігу әрекеті немесе қызмет ету мақсатында жүзеге асырлады.

Ресей Федерациясының (1993 ж. ) тұрғындарға әлеуметтік қызмет жасауды дамыту Концепциясына сәйкес тұрғындардың әртүрлі категориясын территориялық деңгейіде әлеуметтік жұмыстың әртүрлі формасын қамтамасыз ететін бұл механизмнің маңызды жетекшісінің бірі әлеуметтік қызмет ету жүйесін құру болып табылады. Ол өзіне қиын жағдай шегінде тұрған, әртрүлі топтармен тікелей және мақсатты комплексті әлеуметтік қызметтерді қамтиды. Әлеуметтік қызмет ету әлеуметтік қызмет желісі арқылы жүзеге асырлады. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету әлеуметтік жұмыстың бір парадигмасы және оның ұйымдастырушылық формасы ретінде жүргізіледі[7, 182-188бб. ] .

Сонымен, «әлеуметтік жұмыс», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік қолдау», «әлеуметтік көмек», «әлеуметтік қызмет ету», ұғымдары мазмұндық ерекшелігі болсада, өзара байланысты және өзара әрекет ететін және әлеуметтік жұмысқа жартылай қызметті жүйе ретінде әсер етеді. Коммуникациялық процестер контекстінде аталған ұғымдар өзара әрекеттеседі, немесе коммуникацияның әлеуметтік басқару заңдылығында барлық деңгейге, үлгілеріне, формаларына, әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және бағыттарына таралады.

Тұрғындардың өмірлік әрекетінің негізгі саласына жүйелер, элементтер, әлеуметтік қызмет басқарудың институциональдық негізі ретінде әсер етеді. Әлеуметтік қызмет - тұрғындарға қызмет ету барысында, тұрғындарға әлеуметтік көмек пен қызмет ететін құрылым және мамандандырылған мекемелер, басқару органының әлеуметтік жұмысты жүзеге асыратын жиынтығы[7, 183б. ] . Осылай әлеуметтік қызмет әлеуметтік қолдау, көмек, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет ету қызметін орындай отырып, әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі коммуникациялық процестерді басқару формасын ұйымдастыру ретінде жүргізіледі.

Мәдени әрекет талдауы және оңтайландырлуы оның әлеуметтік жұмыс саласындағы басқарлуы бұл диссертациялық зерттеуде құрылымдық-функционалдық әдісте құрастырылған. Құрылымдық функционализм зерттелетін құбылыста тек қана тұрақты құрылымды ғана емес олардың арасындағы функционалдық байланысты да бөліп қарастырады.

Құрылым ұғымында объектілердің бөлімдерінің арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін жиынтықты түсінеміз. Қызмет - белгілі бір элементтің немесе мәдени процестің ұйымдасқан басқару жүйесіндегі қайталанатын мәдени әрекет. Егерде қызмет әлеуметтік жұмысшының немесе басқару жүйесінің мәдени әрекетін білдірсе, онда категория диалогтық кедергі, қатынас, кері байланыс, өзара түсінушілік, екі жақтылы қызмет анықталады.

Жүйелік бағыт жүйенің жалпы теориясы, функционалдық жүйе теориясы, динамикалық талдау құрылымдық-функционалдық әдістің варианты ретінде қарастырлуы мүмкін. Жүйелік подходтың (тәсілнаманың) эволюционизм идеясымен бірігуі (синтезі) өнімдірек болып көрінеді [8, 187б. ] .

Құрылымдық функционализм концепциясы позитивтік әдіснаманың субъекті-объектілік диспозициялық басты бағыты ретінде қарастырлады. Позитивтік әдіснама шеңберінде технологиялық детерминизм концепциясы, ақпараттық қоғам және жүйелік тәсілнама қолданылады. Мәдени технологиялар осы парадигмаға негізделген керекті объектінің кескінін құрастыруды және әлеуметтік өзара әрекет міндетін қояды. Осы тәсілнама жүйенің қатаң бақылау тәртібін ұсынатын кибернетикалық принциппен сәйкес келеді.

«Қызмет» термині осы жұмыста Р. Мертон ұсынған: әрекетті анықтау үшін, әкімшіліктің, менеджердің, әлеуметтік қызмет мамандарының міндетіне кіретін, сонымен қатар нормативтік, стандартталған, мәдени әрекеттер және Әлеуметтік мәдени қызметтің негізгі міндеттері мағынада қолданылады.

«Функционалдық жүйе элементтердің өзгерісі реттелген (функционирование), келісілген, сонымен қатар механикалық тұтастық (объективтілік) туындамайтындығымен мінезделеді. Бұл жүйелердің тұтастығы күштік емес (энергиямен алмасу), функционалдық, яғни элементтердің тәртібі кейбір тұтастық тиімділікті иемденеді, ал өздері тек сол өзгерістерді алып жүруші болып табылады»[9, 69б. ] .

Мәдени әрекет жүйесі - функционалдық жүйенің мысалы. Өзгерістерді мәдени әрекеттер жасаған әлеуметтік жұмыстың барлық жүйесіне тұтастық беретін субстантық элементтер негізінде айтуға болады.

Американ әлеуметтанушысы Т. Парсонс мәдени жүйенің әртүрлі деңгейінің функционалдық жағын терең зерттеп (биологиялық, жеке тұлғалық, әлеуметтік, мәдени) төрт функционалдық қажетті жағдайды бөліп қарады - «жүйелік пререквизиттер»: бейімделу қызметі, интеграция, мақсатқа жету, өзін сақтау [10, 165б. ] . Бейімделу қызметі жүйенің жағдайға бейімделуін, яғни «осында және қазірде» жинақталады. Интеграция мәдени жүйенің барлық қызметінің әрекет координациясын білдіреді. Мақсатқа жету қызметі - мәдени жүйенің стартегиялық бағыттағы қозғалысы үшін әлеуметтік шынайылыққа әсер етудің негізгі құралы (әлеуметтік жұмыстың мақсатының жету бағытындағы) болып табылады. Өзін сақтау қызметі - латенттілік (жасырын) - деген тағы бір атауды алады, кескінді қолдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Бос уақыттың рекреациялық сауықтыру технологиясы
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz