Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары туралы мәліметтер


Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
21 желтоқсанда қазақстандық басшының ұсынысы бойынша Алматыда он бір тәуелсіз мемлекеттер басшыларының келіссөздері өтті. Осы кездесу қорытындысының шын мәнінде тарихи сипаты болды: "Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады". Бұл факті Алматы Декларациясында жазылды.
Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым-қатынасының оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатты. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту қазақстандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.
Қазақстан - Ресей қарым-қатынастары
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғары басшылығы Ресеймен тату көршілік катынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді.
Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО ыдырағаннан кейін болған іргелі өзгерістер және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалап, Қазақстан мен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара қарым-қатынасының жаңа бетін ашты.
1994 жылғы наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі рөл ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды.
1995 жылғы 20 қаңтарда екі елдің Президенттері аса маңызды үш құжатқа қол қойды, олар: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларация; Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шарт; Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келген Қазақстан азаматтарының және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы келісім.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының тағы бір жемісі ретінде РФ Президенті Б. Ельциннің 1998 жылғы 12 қазанда Алматыға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын айтуға болады, оның нәтижесінде 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды, осы құжатты іске асыру жөнінде нақты іс-шаралардың бағдарламасы жасалды. Бұл құжат экономиканың нақты секторының негізгі салаларындағы өндірістік, инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттары мен үйлестіруші тетіктерін белгілейді (отын-энергетика, агроөнеркәсіптік кешендер, металлургия, машина жасау, көлік және басқалары) . Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында яғни тікелей экономикалық операторлардың арасында аймақаралық деңгейде байланыстарды кеңейтуді көздейді.
Іргелес жатқан аймақтар басшыларының 1998 жылғы желтоқсанда Астанада өткен кездесуі тығыз экономикалық қарым-қатынасты дамытудағы өзара мүдделілікті көрсетті.
ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық деқларацияға сәйкес бірлескен Қазақ-Орыс және Орыс-Қазақ университеті құрылу үстінде. Астанада МГУ-дің филиалы ашылды. Мәдениет пен ғылым қайраткерлерінің "Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достық үшін" қоғамдық қауымдастығына үлкен сенім артылып тұр, оның жұмысы екі елдің халықтарын біріктіруге бағытталған.
Қазақстан мен Ресей XXI ғасырға одақтастар және әріптестер ретінде аяқ басты.
2000 жылғы 18-20 маусымда Президент Н. Назарбаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары болды. Мемлекет басшыларының келіссөздерімен қатар сапар шеңберінде қазақстандық басшы Ресей Үкіметінің Төрағасымен, Федералдық Жиналыс Палаталарының Төрағаларымен, сондай-ақ РФ-ның тұңғыш Президенті Б. Ельцинмен кездесулер өткізді. Қазақстан мен Ресей Президенттері экономикалық және гуманитарлық саланы қоса алғанда, екі жақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері бойынша толыққанды және іскерлік сипаттағы келіссөздер өткізді.
Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің 2000 жылғы 9-10 қазанда болған Қазақстан Республикасына ресми сапары екі мемлекеттің тату көршілік және стратегиялық әріптестігі бағытының сабақтастығын, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастықтың нақты проблемаларын шешуде ілгері жүрудің өзектілігін көрнекі түрде паш етті.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы олардың мүдделерінің толық сәйкес келетінін айқындайтын: "Қазақстан Ресейсіз ілгерілей алмайды, бірақ Ресейдің де Қазақстансыз ілгерілеуі қиын" деген қарапайым тұжырымнан көрінеді.
Қазақстан - Американ қарым-қатынасы
Қазақстан - Американ қатынастарының басы 1991 жылғы 25 желтоқсанда басталды. Нақ сол кезде АҚШ Қазақстан Республикасын егеменді мемлекет ретінде ресми таныды. Келесі күні-ақ екі ел арасында елшілер деңгейінде толық ауқымды дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстандағы алғашқы шетелдік елшілік Американікі болды.
Қазақстан - Американ ынтымақтастығының негізі Президент Н. Назарбаевтың 1992 жылғы мамырда АҚШ-қа бірінші ресми сапары барысында қаланды. Екі мемлекеттің басшылары Құрама Штаттар мен Қазақстан арасында жаңа қатынастардың орнатылатыны туралы мәлімдеді.
1992 жылғы желтоқсанда АҚШ бейбітшілік корпусының Қазақстан Республикасындағы қызметі туралы келісімге қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес АҚШ еріктілері біздің елімізде әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға көмек көрсетуге кірісіп кетті
1993 жылғы желтоқсанда мемлекеттік хатшы У. Кристофер мен Вице-президент А. Гордың Алматыдағы келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын жою, апаттық ахуал салдарларын болдырмау және ядролық қарудың таралуына жол бермеу туралы бас келісімге қол қойылды. Қазақстанда ядролық қатер көзін жою ісінде бірлескен қызметтің құқықтық негізіне айналған бұл құжатқа жеті жыл мерзімге қол қойылды және 2000 жылғы желтоқсанда тағы да жеті жылға ұзартылды.
1993 жылғы ақпанда өзара сауда қарым-қатынастары туралы келісім күшіне енді.
Вице-президент А. Гордың 1993 жылы Алматыға ресми сапары Қазақстан - Американ қатынастарын дамытудағы маңызды кезеңді білдіреді. Келіссөздер барысында континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын жою туралы маңызды келісімге қол қойылды. Демократиялық серіктестік туралы хартия пысықталды, ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, сондай-ақ капитал салуды қолдау және өзара қорғау туралы шарт бойынша бекіту грамоталары алмасылды.
1994 жылғы ақпанда Қазақстан Басшысының Вашингтонға екінші ресми сапары кезінде Президенттер Н. Назарбаев пен У. Клинтон демократиялық серіктестік туралы хартияға қол қойды. Хартия Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында екі жақты ынтымақтастықтың бүкіл кешені бойынша серіктестік қатынастарды дамыту үшін сапалық жаңа заңдық жағдай жасаған халықаралық тәжірибедегі бірегей құжат болды.
ЕҚЫҰ-ның жоғары дәрежелі Будапешт кездеуінде 1994 жылғы 5 желтоқсанда АҚШ, Ресей және Ұлыбритания басшылары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz