Қарапайымдыларға жалпы сипаттама


Жоспар
Кіріспе
- Қарапайымдыларға жалпы сипаттама
- Қарапайымдылардың типке бөлінуі
- Сәулелілер типі.
- Қорытынды Қарапайымдылардың жіктелуі
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қарапайымдылар
Қарапайымдылар - бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микронная бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1, 5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сүйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп түрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі зәр арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін қарапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болгандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су клетканың ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып түрады, соның нәтижесінде клетка жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты) . Ядрода қабықша, ядро шырыны, ядрошық және хромосомалар болады.
Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер.
Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі -митоз.
Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған клеткадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс клеткаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс клеткаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді.
Қарапайымдалардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай қарапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын орга-никалық заттармен қоректенеді. Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене алады, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена -миксотроф.
Қарапаиымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.
Бұлар 5 типке бөлінеді.
Сәулелілер RADIOLARIN тоқталатын болсақ.
Сәулілердің басқа саркодалардан айырмашылығы - ішкі скелетінің (қаңқа) болуына байланысты формаларының геометриялы дұрыс және ерекше көп түрлі болуы. Сәулелілер-тек қана теңізде планктонды тіршілік ететін жануарлар. Бұлардың 7-8 мың түрлері белгілі, теңіздің барлық тереңдіктерінде кездеседі, тіпті экспедициялар 8 мың метрден астам терендікте де кездестірген. Көбінесе жылы теңіздерде тіршілік етеді.
Көпшілік радиоляриялардың күрделі құрылысты минерадды ішкі қаңқасы жақсы дамыған. Денесі шар төрізді, бірақ басқа формалары сәуле тәрізді таралып кетеді. Көпшілігінде бір ірі орталық ядросы болса, сол сияқты көп ядролы түрлері де кездеседі.
Сәулелілердің денесінің эндоплазма мен эктоплазманың бір бөлігінен тұратын бөлімі бір немесе бірнеше ядролармен орталық хитинді капсуланың ішінде орналасады. Капсула сыртындағы плазмада пигменттер көп болады. Капсула ішіндегі плазма сыртындағысымен орталық капсуладағы тесіктер арқылы байланысады. Капсула сыртындағы қалың қабатты плазма орталық капсуланы қоршап жатады да көптеген вакуольдармен жануар денесінің тығыздығын азайтып, планктонды тіршілікке бейімдейді.
Капсула сыртындағы плазмада және орталық капсуланың ішінде бір клеткалы балдыр-зоохлорелла симбиозды тіршілік етеді. Олар радиоляриялар шығарған көмір қышқыл газын сіңірсе, радиоляриялар балдырлардың шығарған оттегін пайдаланады.
Радиоляриялардың псевдоподиялары капсула ішіндегі плазмадан басталып, орталық капсуланың тесіктері арқылы капсула сыртындағы плазмадан жан-жаққа радиадды таралып кетеді. Олар фораминифералардың ризоподиялары сияқты ұзын, жіңішке болып келеді және тармақталып, түйінделіп күрделі тор жасайды да қоректік заттарды (балдырлар, басқа қарапайымдылар) ұстау қызметін атқарады.
Сәулелілерде псевдоподиялардан басқа тармақталмайтын аксоподиялар да болады. Олардың радиалды орналасқан орталық қаңқа жіпшесі бар. Бұл жалған аяқтар қарапайымдының денесін үлкейтіп, суда "қалқып" түруына мүмкіндік жасайды және оларға қоректік заттар да жабысады.
Кейбір сәулелілердің қаңқасы болмайды. Көпшілігінің минералды күрделі құрылысты қаңқасы кремний тотығынан немесе күкірт қышқыл стронцийден түрады. Радиолярияның қаңқасы берік, жеңіл, сондықтан ол екі түрлі қызмет атқарады-қарапайымдының денесін қорғайды және суда қалқып тұруын қамтамасыз етеді, себебі денесінің сыртында әртүрлі өсінділері немесе инелері болады. Қаңқасы геометриялы формалы өте әсем орналасқан инелер (спикулдар) және бірінің ішінде бірі орналасқан қуыс әшекей шарлар бірлесіп қоңырауды, бас киімді және т. б. еске түсіреді.
Сәулелілер жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею кезінде радиолярияның денесі екіге бөлінеді, алдымен митозды жолмен ядро, онан кейін орталық капсула жене минералды қаңқа, ең соңында капсула сыртындағы плазма бөлінеді.
Көпшілік радиолярияда екі талшығы бар кішкене гаметалар пайда болады. Acantharia-да гаметалардың қосылуы мен зигота байқалады. Бірақ фораминиферадағы сияқты радиолярияда жыныссыз және жынысты көбеюдің дұрыс кезектесіп, алмасып тұруы байқалмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz