VISUAL ВАSІС-ТЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

VISUAL ВАSІС-ТЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІ

ВАSІС қазіргі уақытта программалаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Q Ваsіс-тің ең күшті мүмкіндіктерін, оның ең негізгі алгоритмдік құрылымдарын және жаңаша ақпараттық-технологиялық амалды - Мs Оffiсе немесе Іnternet Ехрlоrer сияқты ресурстарды бірлесіп пайдалану идеологиясын бойына жинақтаған, ол кәсіби программист үшін де, жаңадан үйренушіге де бірдей тартымды.

VISUAL ВАSІС-тің арқасында, соңғы кезде ойыншық саналған Бейсик тілі программалау тілдерінің ең қарапайымы жөне ең күштісі болды. VISUAL ВАSІС қысқа мерзімде Windows-қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалар жасауға мүмкіндік береді, бұл жағдай кәсіби программистердің оны пайдалануын жиілетіп, оның позициясын құрастырушылар бәсекесінде күшейте түседі.

VISUAL ВАSІС программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін ерекше тартымды. Бірнеше түйінді сөз үйреніп, Windows -та жұмыс істеу дағдылары болса жеткілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Раіпі сияқты дайын объектілерді экранның қажетті орнына жай ғана тасымалдап отыруға болады.

VISUAL ВАSІС программалау жүйесі Windows -тың барлық офистік қолданбаларына енгізілген, бұл жағдай ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.

ОБЪЕКТІ-БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ТҮСІНІП

Объекті-бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:

• объект;

• объектінің қасиеті;

• объектінің әдісі;

• оқиға;

• объектілер класы.

Объект - қасиеттер мен әдістер жиынтығы

Мысалы, автомобиль объект болады, өйткені түс, модель, жылдамдық сияқты қасиеттері бар. Екпін, аялдама автомобильдің іс-әрекетіне - одісіне - қатысты. Осылайша, қасиет дегеніміз объектіге тән нәрсе, әдіс дегеніміз - объектінің іс-әрекеті.

Қасиет - объектінің сипаттамасы. Әдіс - объект орындай алатын әрекет.

Объекті-бағытталған программалауда объектімен жұмыс істеу үшін келесі жазу пішімі қолданылады:

Объект. әдіс

Объект. қасиет

Объект. қасиет. әдіс

Оқиға - объекті жағдайының қайсыбір әрекетке жауап ретінде өзгеруі.

Мысалы, пайдаланушының Word мәтіндік процессоріндегі алфавиттік-сандық перненің басу әрекетіне жауап ретінде символ пайда болады. Объектілер кластарға біріге алады.

Класс - әдістер немесе қасиеттер ортақтығымен сипатталатын объектілер жиынтығы.

VISUAL ВАSІС -тің бүкіл программалауы оқиғалардан құралған. Өңцеу дегеніміз бірінші жолда оқиғаны өндеушінің атын көрсететін процедура.

Private SUB объект аты-оқиғаны өңдеушінің аты (параметрлері)

операторлар

Еnd SUВ

Мысалы, Сlіск оқиғасы маусты шерткенде пайда болады:

Private SUB command1_С1іск ()

рrint "жұмыс аяқталды"

еnd

Еnd SUВ

Мауспен command атты объектінің үстінен шертсеңіз (VISUAL ВАSІС -те бұл батырма) "жұмыс аяқталды" сөздері басылып шығарылады және епё операторы команданы орындауды аяқтайды. Келесі процедура Labell атты объектіде "ІСКЕ ҚОСУ" жазуын (Сарtions қасиеті) орындайды:

Private SUB command1_С1іск ()

Labell Сарtion= «ПУСК»

Еnd SUВ

VISUAL ВАSІС ОРТАСЫНДА ҚОЛДАНБА ҚҰРУ

VISUAL ВАSІС -ті жүктеу үшін командалар бірізділігін орындаңыз: ПУСК => Программы => Місrosoft VISUAL ВАSІС 5. 0 = VISUAL ВАSІС 5.

Пайда болған New Project терезесінде Standart ЕХЕ -ні таңдап, ОТКРЫТЬ батырмасын басу керек.

VISUAL ВАSІС ортасында қолданба қүруды екі кезеңге бөлуге болады:

1. Экрандық интерфейсті жобалау;

2. Программа мәтінін жазу.

ЭКРАНДЫҚ ИНТЕРФЕЙСТІ ЖАСАУ

VISUAL ВАSІС жүктелген соң экранда (IDЕ) жинақталған ортасы пайда болды.

VISUAL ВАSІС - тің жинақталған ортасы

Меню және құрал-саймандар панельдері Windows -тың басқа қолданбаларымен бір стильде орындалған. Сондықтан VISUAL ВАSІС -ке тән жөне өте қарапайым қолданбаны жасау үшін қажетті элементтердің ғана қызметі түсіндіріледі.

Меню және құрал саймандар панелі

Фон және жазу түсін өзгерту үшін View => Соlor Раlettе менюін пайдалануға болады.

Түстер палитрасы

Пішінді ерекшелейміз де, ол үшін ақ фон, ал тор сызықтар желісі үшін - қара фон қоямыз. Тор сызықтар желілерінің ара қашықтығын беру үшін Тооls = Орtіоns =G еnеrаl менюінің пунктін таңдау керек те, Width және Неіgth өрістерінің қажетті мәндерін (мысалы 60 және 60) іске қосу керек. Тор сызықтар желілері пішіндегі элементтерді текістеуге көмектеседі.

Пішіндер макетінің терезесі сіздің макетіңіздің экранда қандай орын алатынын көрсетеді және тасымалдау жолымен оның орнын өзгертуге көмектеседі. Макетті монитордың ортасына қойып көріңіз.

Жоба терезесі Бағыттауыш сияқты жобаңыздың қүрамын көрсетеді. Қолданбаны қүрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді. Өте қарапайым жобада бір пішін болады. Жоба дискіге . УВР кеңейтуімен жазылады.

Пішіндер конструкторы. Бұл терезеге пішіннің кескіні немесе программаның (кодтың) терезесі шығарылады. Ауыстырып қосу View меню пунктінің көмегімен іске асырылады:

View > Оbjесt

View > Соdе

Пішін. Шын мәнінде бұл да терезе, оған қолданбаларды жасау негізінде түрлі басқару элементтерін орналастыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
Ms access-ті үйренуде компьютерді пайдаланудың алғышарттары
Ақпараттық (информациялық) қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік технологияны білім беруде қолдану мәселесі
VISUAL ВАSІС программалау жүйесі
Visual Basic 6 ортасында программалық код
Delphi ортасында «Кітапхана» ақпараттық жүйесін құру
Алгоритм ұғымы
Қасиеттер тізімі
Файлдар және файлдық жүйе
Оқу үрдісіндегі компьютерлік технология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz