АҚ КӨГЕРШІН СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІК МОДЕЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім) . Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон - ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген[8] .

Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды) . Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе, Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды[1] .

Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық - күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық - шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк

мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған[7] .

Көгершін - бейбітшілік құсы

Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы -көгершін құсы.

Көгершін - көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгін біз сіздерге көгершіннің «бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы сөз қозғайтын боламыз. "Көк құрақ - көлдің сәулеті, құс пен аң - ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні - құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды - махаббаттың, қарлығашты - мейірімнің, бүркітті - ержүректіктің нышаны ретінде қараған

1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Талайларды боздатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездікдер Конгресстің өтуіне себепші болды.

Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде танымбелгі керек болады да, олар атақты Пабло Пикассодан танымбелгі үшін сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге ықшамды және көзге бірден түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келеді[21] .

Болуы туралы мұнан да қызықты хикая бар. Халық арасындағы аңызға сенсек, күндердің күнінде танымал суретшіге бір өте кедей адам келіп: «Пабло, сен ұлы шеберсің, маған қайырым ете көр . . . Маған әйтеуір бір сурет салып берсең, мен оны өзгелерге сатып, адам секілді тамақтанған болар едім», -дейді. Аң-таң болған Пикассо қолына қағаз алып, бірер минуттің ішінде «бейбітсүйгіш» құстың суретін салып береді.

Бұл аңыздың ақиқат болуы әбден ықтимал. Өйткені Конгресс оқиғасынан бұрын, Паблоға суретші әкесі кішкентай кезінде (4 жастан бастап сурет салған екен) суреттерінде көгершін табандарын салуды бұйырып отырған көрінеді[8] .

1 «АҚ КӨГЕРШІН» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІК МОДЕЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ

«Ақ көгершін» сән үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер

Көгершіннің бейбітшілік құсы ретінде бейнеленуін түсіндіру аса қиын емес. Кезінде Нұх Пайғамбардың кемесіне зәйтүн бұтағын алып келіп, топан судың аяқталғанын және Құдайдың адамдармен татуласқандығын жеткізген дәл осы інжіл құсы болған. Сонымен қатар осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын әйгілі Венераның көгершіндері Марстың дулығасына жұмыртқалағандықтан, Соғыс Құдайы кезекті қантөгістен бас тартып, халықтың аман қалғандығы туралы антикалық аңызды еске түсіруге де болады[13] .

Пикассо қызының есімін Палома (испан тілінде-көгершін деген мағынаны білдіреді) деп қойғандығына қарағанда, аталған құсқа еркеше ілтипатпен әрі ыстық ықыласпен қарған секілді[10] .

Айтпақшы, бейбітшілік нышаны ретінде ер көгершін емес, ұрғашы көгершіннің алынғандығын да біле жүріңіз.

Ақ түс . . . Қар мен бордың, сүт пен қағаздың түсі . . . Иә, ақ түс туралы білетініміз осы ғана. Осы ағаттығымыздың орнын толтыру үшін ақ түс туралы шағын зерттеуді бірге жүргізейік.

Ақ түс - бейбітшіліктің нышаны

Оңтүстік американдық үндістерде ақ түс бейбітшіліктің, бақыттың нышаны. Ежелгі Перуліктерде де бірлестік пен татулықтың белгісі саналып келген. Жаугершілік заманда ақ түсті жалау - берілуді, татуласуға деген ниетті білдірген екен. Осыған дейін ақ көгершін - бейбітшіліктің нышаны екендігін де айтып өткен болатынбыз.

Әлеуметтік мағынасы Француздық этнограф Виктор Тэрнердің теориясы бойынша, ақ түс-тұқымның, әйел мен еркектің нышаны екен. Ана сүтінің ақ болуынан оны ана мен баланың нышаны ретінде таниды.

Ал Ортағасырларда Еуропа халықтарында ақ түс жоғарғы биліктің, кейде кәрілік пен ұзақ ғұмырдың нышаны ретінде танылған[6] .

Психологиядағы мағынасы

Ақ түс - таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Пәктік, тазалық нышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді. Пәк қалыңдықтар ақ көйлекті осы себеппен де киеді[25] .

Кішкентай балалардың ұғымында «ақ түс» бостандықтың белгісі. Өйткені, көптеген ертегілердің қаһармандары қиын кедергілерді жеңіп, ақ әлемге жетуге талпынып жатады.

Діндегі мағынасы

Шығыс халықтарында ақ түс - қазаның түсі. Егер қара түсті киім киілсе, қайтыс болған адамның жаны ештеңе көрмейді, сондықтан ақ киім киген дұрыс делінген. Сондай-ақ шығыстықтар ақ түсті ақыл мен тәкаппарлықтың нышаны санаған. Индуизмнің бір бағытында ақ - оттың түсі болса, өте ерте замандарда судың түсі болған[23] .

Геральдикадағы мағынасы

Елтаңбаны жасауда ақ түстің орнына күміс қолданылады. Аталған геральдика ғылымында ақ тазалық пен пәктіктің нышаны саналады.

Сиқырдағы мағынасы

«Ақ сиқыр»- мейірімділікті паш етіп, зұлымдықпен айқас барысындағы негізгі құрал ретінде пайдаланылады. Ал алхимиктерде ақ түс ылғалдылықты білдіреді.

Соғыстағы мағынасы

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери қызметтен қашқан француздықтарға қорқақтың нышаны ретінде ақ түсті қауырсындар берген екен[2] .

Сәндегі мағынасы

Ақ түс кез келген адамға жараса кетеді. Ақ түсті киім кисеңіз, ол ашуланшақтық қасиетіңізге тосқауыл қойып, қанағатсыздықтан құтқарады . Мұндай түсті киімдерді әдетте айналасына ұнағысы келетіндер киеді екен. Халық жадында қалыптасқан сенім бойынша, ақ түс - тіл-көзден сақтайды.

Көгершін құсы. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.

Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Моногамды. Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР-де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух (СоІumЬа оепаs), вяхирь (СоlumЬа раІambиs) иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар СССР-дің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін (Columbа Ііvіа), зікірлі көгершін (StrерtореІіа) Мадагаскарға таяу жердегі Маврсекия, Бурбон, Родригец аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні - деген түрлері тіршілік еткен.
Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері - ағашты, тау-лы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1-2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады.

Жұмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен түқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зыяндарын тигізеді[24] .

Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған.

1 . 2. «АҚ КӨГЕРШІН» Сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі

Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.

Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақтымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М. Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді[23] .

Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі - қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.

Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім - “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі - сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім - кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия(зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т. б. ), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік) ; 2) әйелдер бас киімі:сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады[6] .

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.

Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды[21] .

Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер - өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді[23] .

Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, “бой тұмар”, белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана-шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер) . Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз[18] .


2. «АҚ КӨГЕРШІН» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫН АЙҚЫНДАУ

2. 1 «АҚ КӨГЕРШІН» Сән үлгілерінің үйлестіру құралдары

Киім - адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеніңде тігін бұйымдарды өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика дамуының, сондай - ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшілігін, халық тұрмысының, көркемдік талап - талғамы мен салт - дәстүрінің талаптарын бейнелейді. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Адам б
олмаса киім өзінің мағынасын жоғалтады, оған тән қызметтер жойылады. Сондықтан, киім формасының даму заңдылықтары ылғи да, моданың сұрасына және дәуірдің көркемдік талаптарына тәуелді емес, адам тұлғасының тектоникасына тәуелді болып есептелінеді. Киімді әркім өз бетінше тандайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатының белгісі болып табылады. Киімнің жоғары сапасы бәрінен бұрын қолданылатын материалдардың сапасына, оның да дұрыс таңдалуына, модельдің көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруіне байланысты болады[19] .
Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға арналған жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуы заманға сай киім ассортиментін киімге арналған жаңа материалдарының ассортиментін жетілдіру мүмкіншіліктерін елеулі кеңейтті. Нарық еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап етеді. Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан, яғни «Burda» сән журналынан үлгідегі киім модельдерімен таныстық. Курстық жұмыстың мақсаты: сән ағымына сай денебітімге қонымды
сән үлгісін таңдау және сол бұйымды тігу мен өңдеу ерекшеліктерін ескерту. Осы мақсаттарды орындау барысында адам тұлғасының ерекшеліктерін және кемшіліктерін айқындайтын, тұлғаға сәнді сипаттама беретін модель ойлап табылады[14] .

Осы мақсаттарды орындау барысында мынандай міндеттер орындалады: осы мерзімге сай мода тенденцияларын зерттеу;
сән журналынан алынған дайындалатын тігін бұйымның сән үлгісін таңдау және сән үлгіні дайындауға қажетті материалдарды таңдау;
бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі мен нұсқау картасын құрастыру;
бұйымның өзіндік құнын анықтау. Өзіне дұрыс таңдалған үлгі табиғи эстетикалық қасиеттерін жоғалтпай, сәндікті болады, өте әдемікөрнекті қылдырады. Осы курстық жұмыстың шығармашылық объектісі - адам

Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. - қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады[16] . Мысалға, шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткен. Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі[13] .

2. 2Костюм композициясының түсі, декоры және фоктурасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асыл мұра сән үлгілері
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Еңбекке баулу сабақтарында 3-сынып оқушылардың қазақтың зергерлігі өнерін таныстыруда эстетикалық талғандарын қалыптастыру
Бастауыш математика курсындағы құрама есептер
Оқушыларды еңбекке баулу арқылы технология сабағында оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары
«Орыс өзенінің маржандары» атты сән үлгісін жобалау
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Ою-өрнектер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz