Айша бибі кесенесі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті
ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.
Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты
мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік
ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің
әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға
дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI-
XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын
1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ
филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы
Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген
Құрылысы

Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен
ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде
қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене
безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған.
Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен
безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-
өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде
бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана
суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар
бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м)
орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен
қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше
беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл
бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып
келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу
арқылы әсемделген. Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4
м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың
біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған.
Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен
қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан,
сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен
толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен
бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан
арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы
сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ
плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп
жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық
сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір
дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын
аңғарылады.

Аңыз

Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар
сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да
қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында
жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның
әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған
сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
[өңдеу]
Қалпына келтіру

“Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институты Айша бибі кесенесін қалпына
келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына
келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында
жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы
шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі
белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту
қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы
желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр
жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына
келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.[2]
[өңдеу]
Галерея

[өңдеу]
Тағы қараңыз
Айша бибі
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,
2005 ISBN 9965-26-095-8
↑ Қазақ энциклопедиясы, 1-том

26.01.2009 16:55
Айша бибі кесенесі
ЮНЕСКО сарапшыларының бағалауынша өн бойы өрнекпен өріліп, айшықпен
көмкерілген және 60-тан астам түрлі оюлармен безендірілген терракот
кірпіштер сыртқы жапсырма емес, қабырғалық материал болып өрілген әлемдегі
жалғыз мұра Айша бибі кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің
бірі. 12 ғасырда салынған. Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі
ауылында орналасқан. Кесене құрылысын 1897 жылы В.Каллаур, 1938-1939
жылдары А.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық
мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан Ғылым академиясының экспедициясы
зерттеген. Айша Бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Айша бибі ? шамамен
11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне сапарлап келген
Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын
естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң,
алаңдаған Айша бибі Күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман
болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат
сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан
Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел
шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде
сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді.
Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең
болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады.
Келін болып босаға аттамаса да уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында
шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан Айша бибі қабірінің үстіне
күмбез тұрғыздырады. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х 7,6 метр, бұрыштары бағана тіреулер
арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3 х 1,4 м) орнатылған. Батыс
жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның
ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар
тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс
өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс
өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі
кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 биктікте бағаналарға араб
әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде күз, бұлттар,
дөңгеленген дүние... деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы
80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш
әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен
және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы
кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін
қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене
қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш
ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60
түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен
қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім
тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын
алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі хикаясын
зерттеген тараздық журналшы Б.Әбілдаев Айша бибі деген пьеса жазды. Айша
бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің
тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік
мәдени мұра тізіміне енгізілген. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық
энциклопедиясы, 1 том

26.01.2009 16:55
Айша бибі кесенесі
ЮНЕСКО сарапшыларының бағалауынша өн бойы өрнекпен өріліп, айшықпен
көмкерілген және 60-тан астам түрлі оюлармен безендірілген терракот
кірпіштер сыртқы жапсырма емес, қабырғалық материал болып өрілген әлемдегі
жалғыз мұра Айша бибі кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің
бірі. 12 ғасырда салынған. Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі
ауылында орналасқан. Кесене құрылысын 1897 жылы В.Каллаур, 1938-1939
жылдары А.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық
мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан Ғылым академиясының экспедициясы
зерттеген. Айша Бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Айша бибі ? шамамен
11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне сапарлап келген
Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын
естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң,
алаңдаған Айша бибі Күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман
болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат
сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан
Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел
шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде
сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді.
Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең
болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады.
Келін болып босаға аттамаса да уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында
шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан Айша бибі қабірінің үстіне
күмбез тұрғыздырады. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х 7,6 метр, бұрыштары бағана тіреулер
арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3 х 1,4 м) орнатылған. Батыс
жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның
ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар
тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс
өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс
өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі
кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 биктікте бағаналарға араб
әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде күз, бұлттар,
дөңгеленген дүние... деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы
80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айша бибі кесенесі және тарихи орындар
Ортағасырдағы сәулет өнері
Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері
Қарахан кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Айша бибі кесенесі
Тараз қаласымен экскурсия
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Жамбыл облысындағы дін
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері
Пәндер