Бастауыш білім берудің болашағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Біздің зерттеу жұмысымызда ұсынылатын Бастауыш білім берудің болашағы
жобасы келесі мазмұн құрайды:
• жобаның қажеттілігі;
• жобаның мақсат-міндеттері мен қағидалары;
• жобаның мазмұны мен бағыттары
Жобаның қажеттілігі
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру
парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша
ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып,
тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап
етіп отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ атты жолдауында: Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын
жақсартуда ... заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті
мамандар ұсыну маңызды деп білім берудің даму тенденцияларын айқындаған
болатын.
Қазіргі таңдағы қалыптасып келе жатқан жаңа педагогикалық парадигмаға
сәйкес білім беруді жаңарту оның барлық деңгейлеріндегі бірыңғай
әдіснамалық тұрғыны талап етеді, оның басты қағидалары еліміздің
инновациялық даму бағыттарына негізделген білім беру саясатынан айқын
көрінеді. Бүгінде елімізде ғана емес, батыстағы алдыңғы қатарлы дамыған
елдерде де білім беру жүйесін өзгерту, реформалау өзекті мәселеге айналып
отырғаны белгілі.
Халықаралық ұйымдардың, соның ішінде, европалық білім қауымдастықтары
идеялары мен олардың қозғаушы күштері жаңа білім парадигмасының білім
алушыға бағдарлылық мазмұнын алға қоюда. Оның мәні білім беру мазмұнын
заман талаптарына сай нәтижеге бағдарлау, оны бағалау және сол нәтижені
қамтамасыз ететін білім берудің жаңартылған бағдарламаларын құруды
білдіреді.
Атап айтқанда, халықаралық деңгейде құрылған Болон процесі білім
берудегі білім, білік, дағдыға қоса құзыреттіліктердің қарастырылуын жаңа
парадигма туғызып отырған жаңа қажеттілік деп бағалайды. Білім берудің
мақсаттар жиынтығы құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне
көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың
қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бар
бағалай алу және проблеманың шешу жолдарын табу және т.б.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі
білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Бүгінгі күн талаптарына сай
жаңа білім беру оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар
жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік
проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына,
әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін білімділік,
тәжірибе және әмбебап қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік деңгейде білім беру жүйесінің басым бағыттары деп есептеліп
отырған нәтижеге бағытталған білім беруді қамтамасыз ету оқушының базалық,
әлеуметтік және білімдік құзыреттілігін қалыптастыру жағдайы білім беру
жүйесіндегі белгілі құзыреттіліктерді дамыту кеңістігінің жаңа логикасын
анықтауды талап етеді.
Осылайша отандық білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ізгіліктік,
тұлғалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұрғыдан білім беру
ретінде айқындалып отыр. Оның негізгі мәнісі - мектепте әрбір бала
қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуын, оқушының
өзіндік тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге барлық
жағдайды тудыру. Соған сай, бастауыш мектептің негізгі міндеті - әр білім
алушының даралық қасиеттерінің ашылуына және дамуына көмек беру.
Бұл бағыттар еліміздегі білім берудің жаңа мазмұнын құрастыру арқылы
әлемдік білім кеңістігімен интеграцияланып, осы кеңістіктегі білім беру
талаптарына жауап бере алатын деңгейге жеткізуді көздейді. Осыған орай,
қазіргі отандық педагогикалық қоғам білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа
мазмұнын құрастыру, сынақтан өткізу және оны тәжірибеге енгізудің ауқымды
міндеттерін жүзеге асыруда. Құзыреттілік тұрғыдан жобаланған білім мазмұны
тұлғаны әлеуметтендіру құндылықтарын басшылыққа ала отырып, әр оқушының
өзіндік мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз ететін түйінді құзыреттіліктерін
қалыптастыруға және қолдануға жағдай жасайды.
Қазіргі көзқарастарға сәйкес білім мазмұны тұлғаны жеке өмірінің,
өзіндік білімі мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыруға
бағытталып, оның негізгі мәні құзыреттілік, дамытушылық, іс-әрекеттік,
тұлғалық бағдарлы тұрғыдан қарастырылуы өзекті мәселе болып танылады.
Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа мазмұнын құзыреттілік
тұрғыдан жобалау арқылы мүмкін болатындығын дәлелденіп отыр.
Жобаның мақсат-міндеттері мен қағидалары
Жоба мақсаты: болашақтағы бастауыш білім берудің даму тенденцияларын
айқындау, заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелері, білікті
мамандардан құрылған ақпараттық-білім беру ортасы негізінде бастауыш сынып
оқушысына сапалы, қолжетімді білім беруді қамтамасыз ете алатын жаңа
тұрпатты бастауыш сынып мұғалімі мен бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында
толассыз ақпаратпен сыни тұрғыдан жұмыс істей білетін бастауыш мектеп
түлегінің моделін дайындау.
Дамытушылық мақсаты - өзіндік ой-пікірі мен көзқарасын дәлелді түрде
жеткізіп, оны қорғай алатын, өз білімі мен қабілетін сыни тұрғыдан бағалай
білетін, өзін-өзі дамытып, жетілдіруге және жүзеге асыруға бейімдейтін,
субъект тұлғасын дамытатын бастауыш білім беру ортасын құру.
Тәрбиелік манаты - адамгершілікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке,
төзімділікке, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, қоршаған
табиғат байлығын қорғай біліп, оның сұлулығын бағалай білуге, қоршаған
ортамен қарым-қатынас жасауға және өзін ұстай білуге тәрбиелейтін бастауыш
білім беру кеңістігін жобалау.
Жоба міндеттері:
бастауыш білім берудіц болашағының әдіснамалық-теориялық негізін
анықтау;
- болашақ бастауыш білім беру кеңістігінің моделінің құрылымын жасау;
- болашақтағы жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімі моделін құру және
оның құрылымын, өлшемдерін, деңгейлерін айқындау;
- болашақтағы бастауыш сынып оқушысының педагогикалық-психологшлық
портретін жасау, түйінді құзыреттерінің даму деңгейін анықтау
Жобада негізге алынатын қағидалар: 1. Тану ынтасы қағидасы. Оған
сәйкес ерікті, өз бетімен, саналы ойластырылған ойлау әрекетін қалыптастыру
көзделеді және арнайы тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау жұмысы
ынталандыру көзделеді.
2. Баланың жас ерекшелігіне оқыту үрдісін ұйымдастыру мазмұны мен
формасына психологиялық сәйкес келу қағидасы. Баланың дүниетанымдық
негізінің мазмұндық сипаттамалары еріксіз мектепке дейінгі кезде-ақ қалана
бастайды және бастауыш мектепте оқушылардың дүниетанымын саналы
қалыптастыру жұмысы кең орын алады. Өйткені саналы да мақсатқа бағытталған
ойлау әрекеті аса тиімді және балалар бұл жаста қоршаған шындық болмысты
біртұтас, зерттеу объектісі ретінде қабылдайды, бұған қоса бөлек
объектілерді ажыратып, олардың белгілерін анықтап, түрлі объектілерді өзара
салыстыра алады.
3. Өзіндік жеке дүниетанымдық көзқарасқа ие болу қағидасы. Бұл
біздіңше, ақпараттық сауаттылықты қалыптастыруда маңызды қағидалардың бірі
болып табылады. Мұғалімге оқушының өзінің жинақтаған өмірлік тәжірибесіне
сәйкес дүниені түсіну құқығын мойындау міндетті болып табылады. Себебі,
кері жағдайда басты қағиданың бірі - ерікті ойлау әрекеті қағидасы
бұзылады, соған сәйкес танымдылық үрдісіне де зиян келеді.
4. Белсенділік пен өз бетінділік қағидасы. Оқушының белсенділігі мен өз
бетінділік жұмысы оның іс әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Ал қазіргі
ақпараттық технологиямен жұмыс барысында оқушының белсенділігі мен өз
бетінділік жұмысы тек мақсат емес, нәтижелі жұмыстың қажетті шарты болып
табылады, өйткені бүнда дәстүрлі әдістемемен салыстырғанда мұғаліммен емес,
компьютермен тікелей тілдесуге тура келеді. Білім оқушыға бере салатын зат
емес, оның жеке тұлғалық қаситетіндегі сапалық өзгеріс екендігі және нақты
мақсатқа бағыталған белсенділік пен өз бетімен іздену жұмысы нәтижесінде
жүретін үрдіс екендігі дәлелді түрде меңгертіледі. Сондай ақ өз бетінділік
жұмыс шығармашылық жұмыстың негізі екенін ескеріліп, оқушының әрбір өз
бетімен ізденісі марапатталып, мадақталып отырылады.
5. Өткір талдау қағидасы. Бұл өмірлік тәжірибесі аз бастауыш мектеп
оқушылары үшін маңызға ие ұстаным болып табылады. Өйткені объектілерді,
құбылыстарды үнемі жүйелі ақпараттық талдау, яғни олардың мәнді белгілері
мен қатынастарын ажырату, оқушыларға шексіз көп құбылыстар, деректер
жүйелер мен зандылықтар ортасынан бастауыш сынып оқушылары үшін қиын болып
табылатын әлеуметтік, табиғи және техникалық жүйелердің өзара ұқсастықтарын
аша білуге көмектеседі.
6. Кіріктіру қағидасы. Ол пәнаралық компоненттер тұтастығына сәйкес
іргелі білім қалыптастыруға көмектесетін оқу материалының қатаң логикалық
тәртіпте реттелуін қарастырады.
7. Көрнекілік қағидасы. Оқыту оқушылардың тікелей қабылдайтын нақты
бейнелерге құрылады. Ал компьютер және соған сәйкесті қазіргі ақпарат
құралдары ақпаратты өндеудің әмбебап құралы ретінде кең дидактикалық
мүмкіндіктерге ие.
8. Теорияның практикамен бірлігі қағидасы. Бұл қағиданың қазіргі
ақпараттық технологиялармен жұмыста өзектілігі басым. Өйткені компьютерде
практика жүзінде жұмыс істемей, онымен жұмыс істеудің негізгі білік-
дағдыларын, соның ішінде ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру мүмкін емес.
9. Ізгілендіру қағидасы. Аталған қағидаға сәйкес әрбір оқушыны жоғары
әлеуметтік құндылық иесі деп танып, рухани адамгершілік, интеллектуалды
қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызуды көздейді.
Жобаның мазмұны мен бағыттары
Тәуелсіз Қазақстан елінің мектебі де бүгінгі күндерде дамудың жоғарыда
көрсетілген тарихи сипаттарын азды-көпті бастан кешіріп, әлемдік білім беру
тәжірибесіндегі ізденістерге тән бағытта дамуда.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі қоғамымыздағы саяси,
экономикалық және әлеуметтік түбегейлі өзгерістер білім берудің жаңа
дамуының алғышарты бола отырып, оған жаңа серпін беруде.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты
міндеттерінің бірі - білім мазмұнын жаңарту болып табылады. Білім мазмұны
оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп
қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және
тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі
жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және
қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталған. Білімге бағытталған
оқытудан құзыретті тұлғаға, бағдарлы білім беруге көшу білім мазмұнында
экономикалық, саяси, құқықтық, дене, коммуникативтік мәдениет
компоненттерінің, сонымен бірге еңбек, жанұялық қарым-қатынастар, салауатты
өмір салтын ұстану, өмір қауіпсіздігін сактау мәдениетінің көрініс табуын
көздейді.
Бұл өз кезегінде, қазақстандық білім беру саласына жаңа тұрғыдан бағыт
берді және ол ізгіліктік, тұлғалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік
бағыттарындағы білім беруге шоғырланды. Оның басты мақсаты - оқушының өз
тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, яғни
мектепте әрбір бала қайталанбайтын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
12 жылдық білім беру – қазақ мектебінің болашағы
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Зәки Уәлиди Тоған
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
ҚР-дағы білім беру жүйесі
Пәндер