Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЕНІМІМ

Атақты педагог, ғалым В. А. Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Сенім. Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. А. С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.
Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда өте сақ болғандары жөн. Оқушының қабілетін, әрине асыра бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш.
Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: “әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.

Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.
Төзім мен сабыр сақтау . Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды.
Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.
Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ.

Ұстаз - ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында жоғарыда көрсетілген кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту

Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Сөздік қорын дамытудағы әдіс-тәсілдер.
  2. Сөздік арқылы байланыстыра сөйлеудегі деңгейлік тапсырмалардың маңызы;
  3. Мақал-мәтел - халық даналығының айғағы.

ІІІ. Қорытынды.

“Мұралардың ең қымбаты -сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады.

Асыл сөз мәңгі жасайды” (Ғ. Мұстафин)

І. Кіріспе бөлімі.

Сөз - әрбір ұлттың сенім, сезім салт әрекетінен өмір танымынан ой құралып, белгілі бір басқыштарынан өтіп барып, қалыптасқан белгілі болмыстың, сурет көрмесі, сөз болып айтылып, жазылатын ұғым түсініктерінің туындысы.

Тіл үйрету осы жоғарыда айтылған заңдылықтарды еске ала отырып, басқа тіл өнерін үйренуде оның үш түрлі заңдылығы бар.

  1. Әр сөздің мағынасын түсіне отырып, ол сөзді жаттау.
  2. Үйренген сөзді қайталау барысында дауыстап оқу, айту.
  3. Сол сөзді жаттау арқылы тілді үйрену.

Тіл үйрету әрекеті баланың ақыл-ойын дамыту жұмысымен тығыз байланысты. Баланың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеу - оқу жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына жол бермей, дұрыс тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін мыналар ескеріледі:

  • Өз ойын дәлелдеп айта білуге үйрету;
  • Оқушының ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуы;
  • Өз бетімен ойлау қабілетін дамыту;

Ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда «Кімде кім оқушының сөздік қорын, тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс», - дегендей, ақыл әрекеті ойдың дамуына қашанда негіз болады.

Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Мұғалім әрбір өтілетін сабағын қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай оқыту тиіс. Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оның білімге деген құштарлығы дами түседі. Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған нақты сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек.

ІІ Негізгі бөлім.

Сөздік қорын дамытудағы әдіс-тәсілдер

Қазіргі таңда өз ана тілінде таза сөйлеу - әрбір адамның ұлттық мақтанышы, жан азығы. Өз тілін, өз ата - бабасын, өз топырағын менсінбеген ұрпақтан жақсы азамат шығады деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекетіміздің даму барысында ана тілінде таза, мәдениетті, дұрыс сөйлейтін ұландарды тәрбиелеудің ролі орасан зор. Бір қатар ғалымдардың сөйлеу мәдениетін дамыту жөніндегі пікірлеріне сүйенетін болсақ, тіл білімінің атасы А. Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп, көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де қызметін сөз өнері атқара алады» деген. Ұлы ағартушы, педагог - ғалым Ы. Алтынсарин: «Сөйлеу мәдениетін дамыту - оқушының мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын одан әрі дамыту байыту» десе, психолог Н. Жинкин «Сөйлеу - интелектінің даму каналы», деп тұжырымдайды. К. Д. Ушинскийдің ізбасары, белгілі әдіскер Н. Ф. Бунаков «Бастауыш мектептің негізгі пәні деп, шынын айтқанда ана тілін есептеу керек» деп көрсеткен екен. әдіскер - ғалым С. Рахметова да ана тілі пәні арқылы оқушылардың сөздік мәдениетін дамытудың негізгі үш бағытын көрсеткен. Олар:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту (жаңа сөздер үйрету, мақал - мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ) .
  2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс.
  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша әңгіме, мәнерлеп оқу, мазмұндама, шығарма жазу.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттарын оқытудың маңызы ерекше.

Сөздік арқылы байланыстыра сөйлеудегі деңгейлік тапсырмалардың маңызы ;

Сөздік жұмыс тіл дамытудың ірге тасы, сондықтан оқушының байланыстыра сөйлей білуді үйретудегі мұғалімнің жұмысының маңызы өте зор. Мысалы, рольдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсіл. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың әдеби сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарына жеке - жеке тоқталып, оны бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алу керек. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді.

Міндетті деңгей:

  • Шығарманы түсінуге, ұғынуға бағытталады;

Алгоритмдік деңгей:

  • Тапсырмаларды оқуға, шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады;

Эвристикалық деңгей:

  • Оқушының пәнінен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды;

Шығармашылық деңгей

  • Оқушының өзіндік іс-әрекет жасауына бағыттайды;

Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойынды қолданады. Ойын әрекеті баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалды мектеп. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты, ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарын жатқызуға болады.

Топтық жұмыстарға бірыңғай топтық жұмыс және сараланға топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланға топтық жұмыстарда тапсырма топтың қабілетін, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Деңгейлік тапсырамалар оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады, өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқушының білім деңгейін анықтау үшін, қазақ тілі сабағында мынандай деңгейлік тапсырамаларды пайдалануға болады.

Мысалы, 1-деңгей.

  1. Бірыңғай дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.

А) шілде; В) маусым; С) сәуір;

  1. Туынды зат есімді тап:
Зат есім
Зат есім: Негізгі
Туынды
Зат есім: Ас
Асхана
Зат есім: Ойын
. . .
Зат есім: Дос
. . .
Зат есім: жылқы
. . .

2-деңгей:

  1. Өлеңді болымсыз етістікпен толықтыр:

Ғылым таппай . . .

Орын таппай . . .

  1. Болымды етістікті тап:
Болымды етістік
Болымсыз етістік
Болымды етістік: үз
Болымсыз етістік: Үзбе
Болымды етістік: . . .
Болымсыз етістік: Барма
Болымды етістік: . . .
Болымсыз етістік: Күлме
Болымды етістік: . . .
Болымсыз етістік: ойнама
  1. 3- деңгей:

Өлеңнен зат есімді тап.

Сұңқар шыңын сүйеді,

Тұлпар қырын сүйеді.

Егінші жерін сүйеді,

Ер жігіт елін сүйеді.

Перфокартамен жұмыс

Сөздер
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
жуан
жіңішке
қатаң
ұяң
үнді
Сөздер: Үйрек
Дауысты дыбыстар:
Дауыссыз дыбыстар:
Сөздер: Қобыз
Дауысты дыбыстар:
Дауыссыз дыбыстар:
Сөздер: Сандық
Дауысты дыбыстар:
Дауыссыз дыбыстар:
Сөздер: тауық
Дауысты дыбыстар:
Дауыссыз дыбыстар:

Оқушылардың сабақта сөздік қорын қызығушылығын, танымдылық қабілетін қалыптастыруда деңгейлік тапсырмаларды ойын түрінде де қолдануға болады.

  1. «Ұйқасын тап» ойыныны.

Орыннан - орынға ауысқан

Ұшқалақ қара ала . . .

  1. «Шартты белгілерді сөйлету» ойыны.

Аспан . Далада жауып тұр. Көлдің бетін басты.

  1. Абай. «Жазғытұры»

Суретті сөзге айналдырып, өлеңді көшіріп жаз.

боздап, қоздап қорада шу,

пен да сайда ду-ду.

мен майысып қарағанда,

Сылдыр қағып, бұраңдап, ағады .

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазіргі кезедегі жаңа технологиялардың әдіс- тәсілдері мен түрлі суреттер мен бейне көрсетілімдер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады. Мысалы, Венн диаграммасын қолдана отырып, жануарлардың ерекшелігін салыстырту.

Құс Аң

Оқушвлардвң сөздік қорын дамытуда деңгейлеп оқыту, балалардың шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, сөздік қорларын дамыту, байыту үшін атқарылатын жұмыстардың бірі - өлең құрастыру. Ең алғаш ұйқас деген сөздің мағынасын түсіндіру, оқыған өлеңдеріндегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор.

Өлең құрастыруға мына төмендегідей жұмыс жүргізуге болады. «Ұстазыма» деген өлең құрастырады.

жасырып,

асырып,

ұстазым,

ұқсағым.

Осы шығармашылық жұмысымды күнделікті сабағымда пайдалана отырып, қол жеткізген нәтижелеріме тоқталайын.

  1. сыныптың өзінде оқушыларым еркін сурет бойынша әңгіме құрастырып, шағын өлең шумақтарын құрастыра білді. Сабағымда көбінесе «Ертегіні жалғастыр . . . », «Мақалды аяқта» сияқты тапсырмаларды орындап отырдым. Мысалы: Жұманәлі Алманың шығарған өлеңі:

Жаз келді алақай,

Қуанды балақай.

Орманда, тоғайда,

Өсіпті қалақай.

Сыныбымда 24 оқушының 36 пайызы өлең шығару қабілетіне ие болса, ал қазіргі таңда 4- сыныпта оқушыларымның 68 пайызы өлең ұйқасын тауып, ойларынан қиял-ғажайып әңгімелер құрастыра алады. Мысалы:

Сейіт Жанарыс, Зетхан Мария, Махашова Айжамалдың кез келген тақырыпта шығарған өлеңдер жинағы бар. Сейіи Жанарыстың өлеңдер жинағының саны 30-дан асты. Аудандық, облыстық балалалрға арналған газет-журнал басылымына өлеңдері мен мақалалары шығып отырды.

Мысалы: «Тіл» тақырыбында жазған өлеңін ұсынып отырмын.

Тілім менің ұраным,

Тілім менің жыр әнім.

Тілім менің болмаса,

Болмасы анық адамның.

Тіл қазынам байлығым,

Тіл азығым ай, күнім.

Тіліммен мен мақтанам,

Тіліммен мен ақталам.

Көп адамдар тілін бұрмалап сөйлейді,

Неге олар тілін жетік білмейді.

Өзге тілді қосып сөйлеп шұбарлап,

Ана тілін жек көріп, менсінбейді.

Мақал-мәтел - халық даналығының айғағы.

Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.

Оқушылардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, мынадай тәсілдер пайдаланамын.

- сөздік жұмыс (әңгімелеу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, анкеталар т. б. )

- көрнекі құралдар қолдану (сурет, бейне фильм т. б. )

Оқушының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль

атқаратын жұмыстың бірі-сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде,

бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше.

Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Мақал - сөздің мәйегі. Мәйек - бір қазан сүтті ашытатын (ұйтатын) ұйтқы, яғни қысқа да нұсқа айтылатын сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сөздің ұйытқысы. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген - білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері . . . Мақал бейнелі сөз, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан да ол жаттауға, есте сақтауға, пайдалануға оңай. Өйткені, қазақ мақалдарының құрылымы қысқа, өлеңге жуық, онда ұйқас бар, дыбыс үндестігі бар.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолданамын:

  • Қарама-қарсы сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,

Мысалы: « Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»

« Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ»

« Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет. »

« Кәрліктің алды - жігіттіктің соңы »

« Адам бір терінің ішінде - толады да солады да»

  • сын есімдерді бар мақалдарды жазу,

Мысалы: « Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»

« Жақсы кісінің ашуы, жибек орамал кепкенше»

« Әдепсіз бала - аяққа басылған шала»

« Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз»

  • тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу,

Мысалы. « Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан»

«жеңгесі» - оның жеңгесі - тәуелдік жалғау, жекешк

түрінде, 3-жақ

« Жаманға айтқан ақылың , дала атқан оқпен тең»

«ақылың» - сенің ақылың - т. ж. 2- жақ, жекеше түрінде,

  • мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге сөз құрамына талдау жасау,

Мысалы: «Сабыр түбі . . . »

«Балалы үйдің . . . »

«Ағайыныңды іске шакырма, . . . »

  • мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу,

Мысал: « Тіл . . . » «Тіл - қылыштан өткір»

« Өнер алды . . . » «Өнер алды - қызыл тіл»

  • мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айтып, жаттатқызу

Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады» -

Человека прославляет труд,

« Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» -

Не рой другому яму, сам упадешь

«Өлгенше үйрен» -

Век живи, век учись -

  • Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жиі қолданылатын көрсеткіш - септік жалғау, берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын талдау жұмысын жасаймыз:

( Не? ) Оқу - білім бұлағы,

(Не? ) Білім - өмір шырағы.

( Кімнің?) Білімдінің алды жарық,

( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп.

( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,

( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.

(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.

( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.

Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай -

секілді тапсырмалар жүргіземін.

Көрсетілген мақал мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы берілгенін байқағандай, осындай элементтерді пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді - деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талпынады. Әдетте, мақалдар жаттап алу үшін ғана бермеймін, әрбір мақалдың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын қатар түсіндіріп отырамын. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талаптанады. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Қорыта келгенде оқушылардың сөздік қорын дамыту тәсілдерін алғашқы сауат ашу кезеңінен бастап қолдану барысында олардың сөйлеу дағдысы қалыптасты. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын, оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, ой-өрісі дамытатын тапсырмаларды қолдану барысында сөздік қорларының біршама өскендігі байқалды.

1 кесте «Ана тілі сабағы не үшін ұнайды? Сауалнамасының қорытындысы»

өте ұнайды
ұнайды
: Шығармашылықпен жұмыс істеу үшін
өте ұнайды: 47%
ұнайды: 53%
: Мәнерлеп оқу үшін
өте ұнайды: 67%
ұнайды: 33%
: Мәтінді мазмұндау үшін
өте ұнайды: 56%
ұнайды: 44%
: Ана тілінде таза сөйлеу үшін
өте ұнайды: 87%
ұнайды: 13%

Оқушылардың екі жылдық қорытындысы бойынша сөздік қорының жетістігі

  1. кесте
2009 ж
2010 ж
: мәнерлеп оқулары
2009 ж: 45%
2010 ж: 69%
: өз ойларын жеткізулері
2009 ж: 50%
2010 ж: 73%
: әдеби тілде сөйлеулері
2009 ж: 38%
2010 ж: 41%
: Мәтінмен жұмысістеулері
2009 ж: 53%
2010 ж: 62%

3 кесте «Сөздік қорларының салыстырмалы мониторингі»

Бүгінгі таңда біз қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін белсенді, білімді, шығармашыл балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан да теориялық білімнің негізін ғана меңгеріп қоймай, жаңа білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін жүйелі, тиімді қолдана білуіміз керек.

Әрбір оқушы жарық жұлдыз болып жанатынына олар үнемі жұлдыз болып

жанып, өз ана тілінің жанашыры болатынына, ана тілінде таза сөйлеп тақылдайтынына, сөздік қоры мол, бәсекеге қабілеті бар, өз тілінің кемеңгері бола алатындарына сенімім мол. Осы оқушыларымның жұлдыз болып жануы үшін ұстаздық ауыр да қиын еңбек жолындағы ұстаздық қағидам:

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Рахметова С Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: п. ғ. д. дисс. -Алматы, 1994-291 б.
  2. Игенбаева Б. Қ. Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі. Алматы, 2002-25 б.
  3. Қалижарова Н. Сауат ашуға арналған дидактикалық материал. Өскемен, 2001-75 б.
  4. Мусина С, Млодағалиев Б. Оқыту технологияларын енгізу жолдары

Қазақстан мектебі, 2002 №8, 18/-22 б.

5. Бастауыш мектеп. 2006 ж. №3, 2007ж . № 6, 2006ж . № 5,

6. «12 жылдық білім» журналы». 2005 ж. № 5, 2006ж №8,

2007 ж, № 4.

7. Бастауыш сыныптарда оқушыларды сауатты жазуға үйрету.

Зұлыпхарова Т. Ш. Шымкент, 2004 ж.

8. Сауат ашу және жазу. «Алматыкітап» баспасы, 2005 ж

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік:

Оқушыларды сан есіммен, олардың түрлерімен таныстыру. Сан есімді тауып сұрақ қоя білуге үйрету;

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, жаңа сөздер үйретіп, сөздік қорын молайту;

Б) Тәрбиелік:

Оқушыларды ұлттық дәстүрді сыйлауға, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап т. б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, суреттер, танымдылық жұмыс, плакат, ойындар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеп дайындау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру, пысықтау.

ІІІ. Сын есімді пысықтау үшін тест жұмысын жүргізу, балаларға таратып беру, жинау барысында «Көбелектер» ойынын ойнатамын.

--Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

- Әдемі, бір, жүрді деген сөздерден сын есімді тап.

- Гүл әдемі екен.

- Сын есімге сөйлем құра.

Қызыл сөз қандай сөз табына жатады.

ІҮ. Жаңа сабақ

Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш

Біз жинаймыз күш

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз.

-401-жаттығудағы өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу.

  • Екікөзің не үшін керек?
  • Жақсыларды көру үшін.
  • Екіқолын не үшін керек?
  • Елге көмек беру үшін.
  • Екіқұлағың не үшін керек?
  • Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Қарамен жазылған сөздер қандай сұраұққа жауап береді?

  • Неше? Қанша?
  • Ол сөздер нені білдіреді?
  • Заттардың санын білдіреді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Баланың сөйлеу тілінің дамуында жаңылпаш пен жұмбақ қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту
Оқушылардың сөздік қорын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының ерекшеліктері
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz