Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 154 бет
Таңдаулыға:   

М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

ӘӨЖ 373. 31 (574) Қолжазба құқығында

КІШІБАЕВА ДАРИХА ЖҮНІСБЕКҚЫЗЫ

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру

13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор

К. Ә. Дүйсенбаев

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:

КІРІСПЕ . . .

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

3: 3
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 1
3: Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесінің филосо-фия, психология, педагогика ғылымдарындағы зерттелу теориясы . . .
13
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 2
3: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптас-тырудың әлеуметтік-экономикалық және психологиялық-педагогикалық шарттары . . .
27
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 3
3: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыру барысы
38
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 4
3: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары . . .
54
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
3:
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
3:
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 2 ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
3:
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 2. 1
3: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру технологиясының педагогикалық сипаттамасы . . .
66
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 2. 2
3: Пәнаралық байланыс арқылы оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру технологиясын тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу . . .
83
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 2. 3
3: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру эксперименті нәтижелерінің өңделуі . . .
111
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
3:
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
3: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
129
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
3: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
133
КІРІСПЕ . . .1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
3: ҚОСЫМШАЛАР . . .
142

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Егемен еліміздің қазіргі жаңару кезеңінде қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторының алатын орны ерекше. Сондықтан да ел өмірінің барлық салаларын жаңарту барысында бала тәрбиесінің мәні мен оның мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осыған байланысты тәрбиенің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік іс-шараларда әрбір баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруды жүзеге асыру.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымы деңгейіне байланысты болғандықтан, Республика халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі мақсат ретінде көрініс табады.

Жастардың ақыл-ойын барынша дамыту, дүниежүзілік ғылым мен техниканы, өндірістік технологияны меңгеру үшін білім беру жүйесін неғұрлым тиімді, ғылыми негізде құру білім беру ісіндегі негізгі міндет. Ғылым, мәдениет, өнер, технология, сондай-ақ қоғамның құқықтық, рухани-адамгершілік, діни негіздерінің қалыптасуы да білім беруге байланысты. Аталған мәселелердің мәні 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында, “Білім” мемлекеттік бағдарламасында мазмұндалғандай, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағыт алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол білім саласында әр адамға білім беруге көшуді негіздейді. Ол жөнінде аталған заңның білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі ретінде: “… жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту” - деп нақтылаған [1] .

Адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Аталмыш құжатта “шығармашылық” ұғымына “… адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген [2] .

Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай делінген: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді” [3] . Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты оқушыларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыруды алға тартады.

Біздің елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып келеді. Солардың қатарына жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті беру қажеттігі. Өзгерістерді жүзеге асыру барысында белгіленген құжаттардың мазмұнындағы негізгі бағыттары мен мақсаты, міндеттері басшылыққа алынуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: бастауыш мектептің бағдарламасына сәйкес шетел тілін, информатиканы оқыту, оқу-тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, олардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға бағытталу қажеттігі көрсетілген [4; 5] .

Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Шығармашылықтың саласы көп (музыкалық, көркем, техникалық, т. с. с. ), әрі сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында дәлелді көрсеткен.

Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділікке тән - тұлға. Шығармашылыққа талпыныс адамның танымдық мотивациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық процестің “оталдырғыш” механизмі ретінде саналады.

Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.

Шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды ұлы дала ойшылары Жүсіп Баласағұн [6], Әл-Фараби [7], Абай [7; 8] тұжырымдарын, көзқарастарын тиісті еңбектерінде білдірген. Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский [9], Ы. Алтынсарин [10], Н. К. Крупская [11], А. С. Макаренко [12] өз шығармаларында қабілеттерді дамыту жолдарын қарастырған.

Ресей ғалымдары Г. С. Альтшуллер [13; 14], А. Г. Ананьев [15; 16], Ю. К. Бабанский [17], Л. С. Выготский [18; 19], В. В. Давыдов [20], В. С. Ильин [21], В. А. Крутецкий [22; 23; 24], Т. В. Кудрявцев [25], А. Н. Леонтьев [26; 27; 28; 29], Н. С. Лейтес [30; 31], Л. В. Занков [32], Б. М. Теплов [33; 34], т. б., сондай-ақ республикамыздың көрнекті ғалымдары Т. Т. Тәжібаев [35], Қ. Б. Жарықбаев [36], М. М. Мұқанов [37] т. б. өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасының негізін қалаған, шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық негіздерін, шығармашылық процестің құрылымын зерттеген.

Шығармашылық қабілеттердің, шығармашыл тұлғаның болуы адам қанындағы құрамның өзгешелігімен сипатталады деген пікір ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін үстем болды. Кеңестік кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулер шығармашылық қабілеттердің нышаны кез келген адамда болатыны дәйекті түрде дәлелденді. Ал, 60-жылдардан бастап жалпы білім беретін мектеп пәндерін оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізілді.

Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, музыкалық қабілеттер (Б. М. Теплов [33] ), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В. И. Киреенко [38] ), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий [23] ), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина [39] ) . Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту (В. Г. Разумовский [40] ), оқушылардың техникалық шығармашылықтарын ұйымдастыру (В. Е. Алексеев [41; 40] ) және т. б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді.

Оқыту арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін педагог-ғалымдар Ш. А. Амонашвили [43], Л. И. Божович [44], Я. А. Пономарев [45] Н. Ф. Талызина [46], Д. Б. Эльконин [47], И. С. Якиманская [48] және т. б. қарастырған және аталған ғалымдардың еңбектері көптеген іс-тәжірибелерге негіз болды.

Республикамызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу (Ә. Қоңыратбаев [49], С. Тілешева [50] ), факультативтер және үйірме жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру (В. Д. Чернов [51] ), оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту (Қ. Ә. Жаманбаева [52] ), оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (А. Б. Мырзабаев [53] ), студенттердің шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қазақ ою-өрнектері арқылы қалыптастыру (М. А. Сутеева [54] ), шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау (Ж. Балкенов [55] ), бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту (М. Мұхамедин [56] ), шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б. А. Тұрғынбаева [57] ), оқушыларды еңбекке баулудағы техникалық шығармашылықты дамыту (М. Қ. Қаламқалиев, А. П. Сейтешов, О. С. Сыздықов [58; 59; 60] ) мәселелері тереңінен зерттелген.

Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, баланың қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Ғылым мен техниканың, өндірістің, табиғат жөніндегі білімдер жүйесінің дамуы білім беру мазмұнының барлық құраушы элементтерінің мазмұндық өзгерісіне алып келеді. Білім мазмұнын айқындайтын құжаттың бірі - оқулық. Қазіргі таңда оқулықтардың, қазіргі бастауыш сынып сабақтарында оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға әдістеменің жоқтығын айқындай келе, Б. А. Тұрғынбаева арнайы зерттеу жұмысын жүргізді. Педагог-ғалымның зерттеуі бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешуге бағытталды.

Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары айқын.

Белгілі педагогтар М. Н. Скаткин, М. А. Данилов [61], И. Д. Зверев [62; 63], В. Н. Максимова [64], И. И. Петрова [65], А. А. Бейсенбаева [66] және басқа ғалымдар пәнаралық байланыстарды теориялық тұрғыдан анықтады, оны жүзеге асырудың дидактикалық, әдістемелік негіздерін қалады.

Бастауыш мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды дамыту бағыттары бойынша көптеген зерттеулер жүргізілген. Педагог-ғалымдарымыз бастауыш класс оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру (С. А. Жолдасбекова [67] ), бастауыш сыныптардағы математиканы оқытуда компьютерді пайдалану (А. Ө. Байдыбекова [68] ), бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда оқу есептерін пайдалану әдістемесін (Ж. Т. Билялова [69] ), бастауыш сынып оқушыларының экономикалық тәрбиесінің педагогикалық негізін (М. З. Жанбөбекова [70] ), бастауыш мектепте сәндік-қолданбалы өнер сабақтарының еңбекке баулумен өзара байланыстарын (А. Т. Рыбкин [71] ), оқушылардың танымдық белсенділіктерін халық педагогикасы құралдары арқылы дамыту (Г. Қоқымбаева [72] ), бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру (Б. Иманбекова, Ф. Саметова [73] ), т. б. мәселелерді қамтыған.

Бастауыш сыныптан бастап оқушылардың әртүрлі оқу пәндерінен алған білімдерін кіріктіру негізгі мақсаттың бірі. Осы себепті жалпы білім беретін мектептің оқу пәні бағдарламаларына педагогикалық міндеттерді әртүрлі деңгейде шешетін және олардың әртүрлі үйлесімділікте мұғалімдердің жүйелеуі мен жоспарлауын жүзеге асырылуына бағдарланатын арнайы “Пәнаралық байланыстар” бөлімі енгізілді. Пәнаралық байланыстардың оқуда дүниетанымдық, политехникалық функцияларды атқаратыны айқындалды.

Қарастырылған жұмыстар мыналар: шығармашылық қабілеттер, еңбек сферасына байланысты қабілеттер және шығармашылық қабілеттерді дамыту, шығармашылыққа баулуды ұйымдастыру, пәнаралық байланыстардың оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды жүзеге асыру мәселесінің зерттелгендігін, сол сияқты бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыратын іс-әрекеттердің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығы.

Демек, пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеті арнайы зерттеу нысанында болмағандығы айқын. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде дамыту мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мәселенің мектеп тәжірибесінде өз дәрежесінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру” деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыстар арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асырудың педагогикалық жолдарын, шарттарын анықтау.

Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш мектептегі оқыту процесі пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылса, оқушылар жүйелі, тиянақты шығармашылық тұрғыдан ұйымдасқан әрекеттер процесі жағдайында болса, онда олардың шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасу нәтижелілігі арта түседі.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи еңбектерді зерттеу және талдау.
  2. "Шығармашылық", "шығармашылық іс-әрекет" ұғымдарының мәні мен мазмұнын айқындау; "Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттері" ұғымының педагогикалық мәнін ашу.
  3. Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау, мазмұнына сипаттама беру.
  4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын, жолдарын анықтау.
  5. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру әдістемесін эксперимент жүзінде тексеру және оларды практикаға ендіру.

Зерттеудің жетекші идеясы - оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды нәтижелі ету.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне қоғам, табиғат пен ой-пікірлердің даму заңдылықтары, жеке тұлға жөніндегі теория және оны дамытудағы шығармашылық-іс-әрекет тәсілдің рөлі жөніндегі, олардың мәнін айқындайтын философиялық, психологиялық-педагогикалық тұжырымдар, “Білім туралы” заңы, іс-әрекет теориясы алынды.

Педагогикалық құбылыстарды (пәнаралық байланыстар негізіндегі шығармашылық іс-әрекетті) талдау кезінде жүйелік-құрылымдық және кешенді тәсілдер пайдаланылды. Біздер пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыруда бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың педагогикалық процестерінің ғылыми нақтылығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін объективтілік әдіснамалық қағидаларға сүйендік.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы бастауыш мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесін зерделеу, талдап қорыту; оқу-әдістемелік құжаттарды (оқу бағдарламаларын, оқу және әдістемелік құралдарды) талдау; бастауыш сынып мұғалімдерімен, оқушыларымен сауалнама жүргізу, әңгімелесу; бастауыш сынып оқушыларының оқудағы және сабақтан тыс шұғылданыстарындағы іс-әрекет нәтижелерін бақылау, зерделеу; педагогикалық-тәжірибелік эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдауда логикалық әдістерді, математикалық статистика әдістерін пайдалану.

Зерттеу көздеріне философ, психолог, педагог - ғалымдардың мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу, шығармашылығын дамыту жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары (Конституция, Білім туралы заң, гуманитарлық білім беру және білім мазмұны тұжырымдамасы, және т. б. ) оқу жоспарлары мен бастауыш мектеп бағдарламалары, оқулықтары мен әдістемелік құралдары, диссертанттың мектептегі тәжірибелік- педагогикалық жұмыстары алынды.

Зерттеу жұмыстары (1998-2005 жж. ) үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (1998-2000 жылдар) тақырып анықталып, зерттеу мәселесіне сәйкес философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалды, зерттеудің ғылыми аппараты, бастауыш мектеп оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы шығармашылық қабілеттерінің, тұлғалық сапасының жай-күйі анықталып, шығармашылық тұлғаның құрылымдық моделі жасалды.

Екінші кезеңде (2001-2003 жылдар аралығындағы) бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыстар негізіндегі шығармашылық іс-әрекетін айқындайтын модель негізінде шығармашылық қабілеттердің бастапқы деңгейі анықталып, шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған арнайы әдістеме мазмұны және осының негізінде тәжірибелік - педагогикалық эксперимент ісі жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2004-2005 жылдардағы) жүргізілген тәжірибе ісі жұмысының қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталды әрі жүйеге келтірілді. Бастауыш мектеп мұғалімдеріне пәнаралық байланыс негізінде оқыту барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін шығармашылық пәнаралық тапсырмалар, логикалық есептер, жаттығулар, дидактикалық ойындар, тестік тапсырмалар жинағы түзілген әдістемелік құрал әзірленді.

Зерттеудің тәжірибелік базасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының №1 Абай атындағы мектеп-интернаттың және №17 Ата-Түрік атындағы, №10 Майшай Әбенова атындағы, Кентау қаласындағы №14 Әл-Фараби атындағы орта мектептердің бастауыш сыныптары және Түркістан қалалық білім беру бөлімінің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету секциясы болды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- шығармашылық тұлғаны қалыптастыру философия, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан зерделенді және оны іс-жүзіне асырудағы әдіс-тәсілдер дәлелді айқындалды;

- "шығармашылық", "шығармашылық іс-әрекет" ұғымдарының мазмұны нақтыланды; "Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттері" ұғымының мазмұны нақтыланды;

- бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс материалдары негізінде қалыптастырудың құрылымдық моделі жасалды және оның мазмұнына сипаттама берілді;

- пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан анықталды;

- пәнаралық байланыс негізіндегі бастауыш сынып оқушыларының зерттеліп отырған іс-әрекетін қалыптастырудың әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, сынақтан өткізілді және алынған нәтижелерді практикаға ендірудің мүмкіндіктері ғылыми-әдістемелік нұсқау ретінде белгіленді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- бастауыш сыныптардағы пәнаралық байланыстар бойынша білімдер мен іскерліктердің мазмұны айқындалды;

- “Пәнаралық байланыс материалдарын бастауыш сыныптарда шығармашылық сипат беруде пайдалану” тақырыбында арнаулы курс бағдарламасы дайындалды;

- бастауыш сыныпта оқытылатын оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес шығармашылық тапсырмаларды (қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында) пайдалануға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Зерттеу нәтижелерін мектеп мұғалімдері, білім жетілдіру институттары мен педагогикалық оқу орындары іс-тәжірибесінде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің нанымдылығы мен негізділігі:

- Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарына жасалған жан-жақты талдаумен және оларды зерттеу барысында негізге алынуымен, мәселені талдауға сәйкес келетін кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен;

- эксперименттік бағдарламаның педагогикалық мақсатқа сәйкес-тілігімен;

- педагогикалық экспериментке қатыстырылған сыныптар мен оқушылар санының жеткіліктілігімен;

- бақылау жұмыстарының бірнеше рет қайталанып алынуымен;

- тәжірибе-эксперименттік жұмыстардың жоспарлылығы және кезеңділігімен, алынған нәтижелердің математикалық статистикалық өңделуімен;

- ұсынылған әдістеменің мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен қамтамасыз етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz