Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

АУЕЛБЕКОВ ЕРЖАН БУРАХАНҰЛЫ

Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны

Түркістан - 2015

КІРІСПЕ

Егеменді елімізде білім беру мен тәрбиелеудің біртұтас үдерісін қазіргі заман талабына сай жаңаша құру қажеттілігі басым. Келешек ұрпақты туған жеріміздің, Отанымыздың бүкіләлемдік кеңістікте беделді орын алуына еңбек етуге, ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойға сіңіре отырып, жеке тұлға қалыптастыруға, терең білім мен тәрбие алуға, дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруға бағыттау қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясында білім берудің нақты бағыты заңдастырылған. Еліміздегі білім беру жүйесінің аса маңызды бағыттарының ішінде жас ұрпақ дүниетанымын қалыптастыру және оны дамыту мәселесі күрделі сатыға көтерілуде. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы - жас ұрпақты жан-жақты дамытуға негізделген негізгі құжат. Бұл Заңда білім беру жүйесіндегі басты міндет ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі жазылады. Қазіргі жас ұрпаққа білім берудің, оны дамытудың нақты жолдары Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында және жыл сайынғы халыққа жолдауында анық көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 1996 жылы ұсынылған мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында тұлға дүниетанымын қалыптастырудың маңызы былай анықталған: «Жан-жақты мәдениетті тұлға, ең алдымен тұтастай дүниетанымға ие болуы қажет». Яғни, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда ұлттық рухани байлықтарды, көптеген ғылымдар арқылы келетін білім көздерін, ұлттық тәрбие бастауларын пайдалану көзделеді.

Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі мәдени-тарихи мұраны сақтауға ерекше мән беру қарастырылып, оның қазіргі даму жолына қажетті талаптарға жататындығын атап өтті. «Мәдени мұра» деп аталатын арнаулы бағдарламада ұлт мәдениеті мен дүниетанымын зерделеудің біртұтас жүйесін жасауды ұсынды. 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандартында өскелең ұрпақтың дамуы, ғылыми дүниетаным қалыптастыруының айқын бағыттары көрсетілген. Себебі ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың ең жалпы және жоғары формасы.

Осыған орай, егемен еліміздегі қазақ халқының рухани қайта өркендеуі жағдайында оқушыларды халқымыздың рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен қаруландыра отырып, ғылыми педагогиканың, жас ұрпақты ұлтжандылық пен патриотизмге тәрбиелеудің обьективті қажеттілік болғандығын айта кету орынды. Яғни, қазіргі таңда білім беру саласында жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру ерекше маңызға ие.

Жеке тұлғаның бүкіл дүниетанымын қалыптастыру - күрделі әрі ұзақ мерзімді үдеріс болып табылады. Сол себепті әрбір адамның дүниеге көзқарасын негіздеу мәселесі оның туылғаннан бастап отбасындағы тәрбиеде, мектепке дейінгі кезеңде, әсіресе бастауыш сыныптарда жүзеге асырылуы қажет. Баланың бастауыш сыныпта қалыптасқан дүниетанымы - оның бүкіл өмірлік дүниетанымының маңызды бастауы, іргетасы болып есептеледі. Бастауыш сынып оқушыларының (бұдан кейін БСО) дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен бағыттары жалпы білім беретін бастауыш сатыдағы білім мазмұны тұжырымдамасында да қарастырылған. Осы бағыттағы ауқымды жұмыстардың ішінде пәндер интеграциясы арқылы келешек ұрпақты оқытып, тәрбиелеу, дамыту мәселелері ерекше мәнге ие.

БСО-ның дүниетанымын қалыптастыру - бейнелеу өнері пәніне байланысты ұйымдастырылған пәндер интеграциясы жұмыстарының негізінде жүзеге асыруға болатын, күрделі эстетикалық тәрбиені қатар жүргізетін, көркем шығармашылық пен баладағы ауқымды психикалық үдерістердің дамуын, танымы мен терең сезімдерін арттыратын ұзақ әрі кең салалы үдеріс.

Қазіргі бастауыш мектептердің алдындағы басты міндеттердің бірі - біртұтас оқу-тәрбие үдерісіндегі тарихи, ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастығын бұзбай сақтай отырып, оқушыларының кең ауқымды дүниетанымын қалыптастыруға жағдай туғызу және оны сапалы түрде жүзеге асыру.

Әрбір оқушының әр түрлі ғылымдар бастауларынан нәр ала отырып, пәндерді кіріктіру арқылы қажетті білімдерді танып, біліп, игеруі, олардың дүниетанымын қалыптастырып, оның кең әрі ауқымды болуына септігін тигізуге жағдай жасайтыны анық. Дегенмен, БСО-ның дүниетанымын қалыптастыруды бейнелеу өнері арқылы пәндер интеграциясында жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негізін айқындау - әлі де болса шешімін таппай отырған мәселелердің бірі.

Сол себепті оқу-әдістемелік құралдың негізгі проблемасы бейнелеу өнері арқылы пәндер интеграциясында БСО-ның дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДА ПӘНДЕР ИНТЕГРАЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық даму, күрделі өзгерістер заманындағы қазіргі түбегейлі мәселе - адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы дәрежесіне көтеріп, дамыту.

Сондықтан қазіргі заманғы дамудың барысында қазақ мектептерінің, оның ішінде бастауыш мектептің алдына қойған көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде жалпы бастауыш білім беру үрдісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру және оны дамытуды атауға болады. БСО-ның дүниетанымын қалыптастырудың, оны пәндер интеграциясы негізінде дамытудың ғылыми-теориялық негідерін анықтау кезінде бұл мәселенің әлі де толық деңгейде зерттелмегендігі анықталды. БСО-ның пәндер интеграциясы негізінде дүниетанымын қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық өзіндік ерекшеліктері, дүниені танып білуде дұрыс әрі ғылыми көзқарас қалыптастырудың жолдары мен жүру ерекшеліктерінің толық баламасы, түсініктемесі айқындалмағаны көптеген қиындықтарды туындатты.

Адамның жеке басының қалыптасу мәселелеріне төрт дүниенің көптеген ойшыл өкілдері атсалысты, саналуан тұжырымдамалар мен анықтамалар беріп, зерттеп, өздерінің ақыл-ойларын ортаға салды. Осыған орай, зерттеу пәні ретінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дүнитанымын қалыптастырудың сипаттамасын анықтау мақсатында философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді саралап, зерттеп, оларға талдау жұмысын жүргіздік.

Қазақстандағы педагогика ғылымының да келелі мәселелерінің бірнешеуін баса назар сала көрсетуге болады: республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық үдеріс кезінде тиімді пайдалану мәселесі; жеке бастың өзін-өзі танып білуі, өзін-өзі дамыту, өзіндік іс-әрекеті, өзінің құқықтық ережелерін біліп, өзін-өзі қорғауы, егеменді елдің ерікті азаматы болу мәселесі; қазіргі жанұядағы тәрбиесі мәселесі; әртүрлі пәндерді оқып үйренуді диалектикалық тұрғыдан жүргізу, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми кіріктіру байланыстарын зерттеу мәселесі т. б.

Көптеген жылдар, ғасырлар бойы адамзаттың асылдары мен ойшылдарын көп толғандырған адам мәселесі - қазіргі қайта жаңғыру заманының да ең өзекті мәселесі. Ұлы ғұламалардың, ойшылдардың дүниені танып, білуді анықтайтын өлім мен өмір, жалғандық пен шындық, жан мен тән туралы күрделі ұғымдар туралы ойларында келешек өскелең ұрпаққа берілетін сарқылмас мол қазына жатыр.

Дүниетанымдық ұғымдардың өзегінде ұлттық дүниетаным жатады. Соған сәйкес, Қорқыт Ата, Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Низами, Әлішер Науаи, Ұлықбек, Абай, Шоқан т. б. халықтың ұлы перзенттерінің ой толғаныстары мен дүниенің, жаратылыстың ақиқатын, мәнін ашуға тырысқан көзқарастары қазіргі өмірдің көптеген сырларын танып білудің қайнар көзі болып табылады.

Қорқыт ата - қазақ музыкасының, күйінің бастаушысы, халық қамқоршысы, ақын әрі дарынды данышпан ретінде бүкіл әлемге танымал халық ұстазы. ¦лы даналық иегерінің төрт ғаламға тараған «Қорқыт ата кітабы» дүниенің не екенін, жамандық пен жақсылық, өмір мен өлім, құндылық, әділетсіздік туралы жазылған дүниетанымдық әрі тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық байлығымыз болып саналады. Ол: «Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес», - деп өмір мен өлім табиғатын заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Әбу Насыр әл-Фараби - әлемдегі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұлама. Адамзатқа дүниетанымын арттыру үшін алты текке бөлінетін денелерді білу керектігін көрсетеді, яғни 1 - аспан, 2 - ақыл-парасатты жануарлар, 3 - ақыл парасатсыз жануарлар, 4 - өсімдіктер, 5 - минералдар, 6 - төрт негіз (күн, жер, су, ауа) . Жанның басты бөлшектері мен күштеріне нәрлендіру, түйсіндіру, елестету, ұмтылу, ақыл-парасатты жатқызады.

Дүниетанымның анықталуы дүниеге көзқарас, яғни адамның тіршілік болмысынан пайда болған қоғамдық тарихи-құбылысымен байланысты болады. Адамның әрбір тарихи кезеңдерде табиғат, ондағы құбылыстар, өмір, тіршілік, тұрмыс туралы өзіндік көзқарасы, түсінік-ұғынулары болады. Адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі де - осы дүниеге көзқарас болып табылады.

Дүниетанымның табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дұрыс бейнелеуі және ол заңдылықтарды меңгерудің, адамдардың практикалық іс-әрекетінде қолданудың жолдарын көрсетуі басқа да ғылыми емес көзқарастардан айырмашылығын білдіреді. Дүниетаным адам, қоғам, табиғатқа деген философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарды білдіреді . Дүниетанымның барлық жүйесінің негізін философиялық көзқарас пен сенім құрайды.

Дүниетаным құрылымын, оның басты қарастыратын объектісін қоғамдық сананы саралау арқылы түсіндіру М. Орынбеков, А. Спиркин, В. В. Журавлев, Ә. Н. Нысанбаев, М. Федосеев, Д. Кішібеков, Ж. Әбділдин, Ә. Тұрғынбаев т. б. философтардың пікірінде кең орын алады. Олар дүниетанымды тұтас дүние ретінде, ондағы адамның орны жайындағы түсініктер мен пікірлердің жиынтығы ретінде салыстырмалы түсініктер береді. А. С. Спиркин дүниетанымның құрылымына білім, сенім және мұратты кіргізеді. Адамның әлеуметтік жағдайы, тәрбиесі білімі арқылы оның дүниетанымы қалыптасады деп нақтылайды.

М. Орынбеков: «Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады», -дейді.

Дүниетанымды дүниенің бейнелену нәтижесі деп түсіндіре келіп, оның қалыптасу деңгейлерін В. П. Ратникова, В. Н. Лавриенко сынды философтар анықтады. Олардың түсіндірулерінше, бейнелеудің алғашқы деңгейі түйсікпен байланысты болып, құбылыстардың дүниесі, болмыстың сыртқы, жеке көріністері белгіленеді. Ал, дүниені сезіну, түсіну - бейнелеудің екінші деңгейі екендігін көрсетеді, яғни құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау жұмысын жүргізген. Дүниетанымның қалыптасуына бейнелену арқылы дүниедегі құбылыстар, процестердің мәндері мен заңдылықтарының ашылуы тікелей ықпал жасайтындығы нақты көрсетіледі.

Егеменді қазақ жеріндегі өскелең ұрпақ өкілдеріне, яғни, бастауыш мектеп оқушыларына туған халқының дүниетанымымен сабақтастыру, ұлттық мақтаныш пен ұлттық рухты көтеру, ел тарихы мен өнерін қадірлеп, салт-дәстүр мен мәдениетін сіңіру сияқты күрделі мәселелерді шешу де қазіргі өмір талабына жатады.

Көшпенді өмір тіршілігінен, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар мен ұлттық мәдениет көздерінен халқымыздың ұлттық дүниетанымының негізгі белгілері жасалған. Осыларға сәйкес наным-сенім, дүниеге көзқарас сипаты да анықталады. Философ Д. Кішібековтың осыған сәйкес тұжырымында қазақ халқының мінез-құлқы оны қоршаған ортаға - кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан малға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасатындығы айтылады.

Осындай жоғарыдағы философиялық пікірлерді талдай келе, дүниетаным - адам санасындағы дүниенің сыртқы бейнесі ғана емес, оның сол дүниеге, қоғамдық өмірге қарым-қатынасы, адамдардың философиялық, саяси, құқықтық, адамгершілік және эстетикалық идеалдары мен сенімдерінің жиынтығы деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, дүниетаным адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің жалпы бағытын анықтайды.

Адамның дамуы мен қалыптасуы педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы тәжірибелерден дәлелденген негізгі үш факторға сүйенеді, яғни биологиялық немесе тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбиенің негізінде қалыптасып, жүреді. Дегенмен, ежелгі грек философтары Аристотель, Платон адамның дамуын тұқым қуалаушылық табиғатымен байланысты болатындығын дәлелдеп, тұжырымдар жазды.

Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша, балалардағы тәжірибенің аздығы олардың қиялына ықпал жасайды, яғни оның тарлығына себепші болады. Ол: «Егер керемет, ұлы жаңалық ашудың тарихына жүгінсек, онда барлық жағдайда бұл жаңалықтар орасан зор, жинақталған тәжірибелер нәтижесінде табылғандығы анықталады. Барлық қиял нақты осы тәжірибенің жинақталуынан басталады. Тәжірибе неғұрлым бай болса, онда осындай басқа жағдайларда да қиял бай болуы қажет», - деп түсіндіреді [99; 10-б. ] .

Адамды жеке тұлға ретінде қарастырып, оның құрылымы туралы мәселелерге көптеген психологиялық пікірлер мен талдаулар жасалынды. Белгілі бір топ психологтар - В. В. Богословский , А. Степанов, А. Г. Ковалев, С. П. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев жеке тұлғаны үш жағынан қарауды ұсынады, яғни бағыттылық (бағдары, қызығуы, қажеттіліктері), қабілеттері, темперамент пен мінездік жағынан зерттейді.

В. В. Богословский, А. Степанов, А. Г. Ковалев жеке тұлғаның дүниетанымдық сапасын оның ғылымилығы мен мазмұндығы, мақсаттылығы мен жүйелілігі, логикалық дәлелділігі, іс-әрекет және мінез-құлықпен байланыстарының белгілері бойынша анықтайды.

А. Г. Ковалев жеке тұлғаның дүниетанымын қоғамдық болмыстың бейнеленуі ретінде қарастырып, оның қалыптасуының бірден-бір факторы деп тәрбиені көрсетті. А. Г. Ковалев жеке тұлға мәселесін қарастыра келіп, жеке тұлға дүниетанымының сапалық ерекшеліктерін көрсетті, яғни бағыттылық, ғылымилық, сенімділік, оның іс-әрекет пен мінез-құлықпен байланысы деп анықтап берді.

Еліміздегі психология ғылымының дамуына көп еңбек сіңірген психолог ғалым Т. Тәжібаев жеке тұлғаны әлеуметтік қатынастар мен сапалы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі екендігін жазды.

Қ. Жарықбаев дүниетаным мен сенімді, мотивтер мен қажеттерді, бейімділік пен қызығуларды, мұрат пен талғамды жеке тұлғаның өмірлік бағытын көрсетуші компоненттер екендігін тұжырымдайды.

Психологтар жеке тұлғаны қалыптастыруда әлеуметтік жағдайлар мен оқушылардың дербес ерекшеліктері негізге алынатындығын баяндап, дәлелдейді. Бұл пікірлер Р. С. Немов, А. Петровский, А. С. Асмолов, С. М. Жакупов, Ж. И. Намазбаева, Қ. Шерьязданова т. б. еңбектерінде айтылады. Дүниетанымның интеллектуалдық, тұлғалық, практикалық сипатын ашуда жеке тұлға қалыптасуындағы өзіндік «мен» мазмұнын айқындауда психологтардың еңбектері зор.

Педагогикалық тұжырымдамаларда дүниетаным жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының анықтаушы факторы ретінде түсіндіріледі. Дүниетаным, оның жеке тұлғаның дамуымен өзара байланысы, дүниетаным құрылымының компоненттері туралы Б. Лихачев, Ю. Бабанский, В. Беспалько, И. П. Подласый т. б. еңбектерінде баяндалған. Дүниетанымның дамумен байланыста өрбитіндігін, яғни әрдайым дамып отыратын, қоршаған орта, өмір, тіршілік етумен қатар жүретіндігін анықтаған педагогтар дамуды жеке тұлғаны жетілдіріп, кемелдендірудің өте күрделі диалектикалық үрдісі екендігін көрсетті.

Жеке адамның дамуы дегеніміз - оның жүйке жүйесіндегі қызметтік мүмкіншіліктерінің, психикалық үдерістерінің, адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық жеке рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихын айтамыз.

Педагогика тәрбиені, әлеуметтік ортаны және тұқым қуалаушылықты бала дамуына, жеке адамның дамуына ықпал етуші факторлар ретінде танытады. Оқушылардың ғылым негіздерінен терең, берік білім алу қажеттілігінің маңыздылығын анықтаймыз.

Ғылыми дүниетанымның қалыптасу деңгейін анықтауда көптеген зерттеу жұмыстарындағы дүниетаным қалыптастыру өлшемдері жөнінде тұжырымдарды аңғардық. Соған сәйкес дүниетанымды қалыптастырудың жалпы өлшемдеріне мыналар жататындығын көрсетуге болады:

- ғылыми білімнің тереңдігі;

- шындықты диалектикалық тұрғыда ұғыну қабілеті;

- әлеуметтік белсенділіктің көрінуі;

Оқушылар дүниетанымын қалыптастыру деңгейі мынадай көрсеткіштермен өлшенеді:

- дүниетанымды қалыптастыру және қоғам мен табиғаттың даму үрдісінің ғылыми мәнін түсіну үшін нақты мағынасы бар теориялық қорытындыларды, ұғымдар мен заңдылықтарды оқушылардың білуі;

- оқушылардың сенімдері мен көзқарастарының беріктігі;

- оқушылардың дүниетанымдық ұстанымдарының нақты қоғамдық істерде, өздерінің мінез-құлқы мен әрекеттерінде көрінуі.

Адамды жер бетіндегі құдайдың ең жоғарғы жаратушысы екендігін атап көрсеткен педагогиканың көрнекті өкілі, чех педагогі Ян Амос Коменский 6 жастан 12 жас аралығындағы балалардың дүниені тануда шаршауды білмейтіндігін, себебі шаршау туралы ойламайтындығын ерекше назар аудара жазған. Дж. Локк баланың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбиенің маңызды әрі шешуші ролін айқындап, баланы тәрбиелеу барысында таза тақтаға баламалайды, яғни тәрбие бала дамуының бірден-бір көзі екендігін, баланы тәрбиелеудің деңгейі оның келешектегі дүниетанымының да сапасын көрсететіндігін тұжырымдайды. И. Подласый адамның жеке тұлға болуы үшін өзінің ішкі қасиеттерін ашуға талпынуы тиіс екендігін айта келе, «жеке тұлға» ұғымын адамның әлеуметтік сипаттамасы деп анықтайды. Ғалым бастауыш мектепте тұлғалық қасиеттердің негізі қаланатындығын да ерекше атап көрсетеді.

Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық еңбектерде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбие мәселелері айтыла келе, дүниетанымның негізгі төрт түрлі құрылымдық компоненттері, яғни білім, сенім, адам мұраты, дүниетаным көрсетіледі. Осы мәселе бойынша мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне, күрделі дүниетанымдық білім қалыптастыру қабілеттеріне қарай саралай отырып, БСО дүние, қоршаған орта, табиғат, қоғамдағы оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің алғашқы негіздерін игеретінін, сонымен қатар, оқыту-тәрбиелеу барысында Отан, халық, бейбітшілік, болашақ т. б. туралы түсініктері қалыптасатындығын айқындалған.

БСО-ның дүниетанымы да ғылыми білімдердің жүйесіне топтастырылып, негізделеді. Сондықтан олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ең маңызды алғы шарттарының, талаптарының негізі - нақты деректерге негізделген білімдермен қаруландыру. Яғни, ғылыми дүниетаным ғылымы білімге негізделуі қажет. Нақты айтқанда, ғылыми білім - жеке тұлғаны қалыптастырудың, дүниені терең танудың тірегі деп есептеледі. Берілетін білім неғұрлым терең, нақты әрі ғылыми деректерге негізделетін болса, онда соғұрлым оқушының бүкіл объективті дүние құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсінуіне мүмкіндік туады. Білім арқылы оқушы дүниені бейнелейтін мол тәжірибе жинақтау үшін қоғам құбылыстарының, табиғаттағы құбылыстардың, адам өміріндегі саналуан құбылыстардың объективті жақтарын зерттеп, түйсініп, түсінеді.

Дүниетаным қалыптастыру жас ұрпақты тәрбиелеудің, қиындықтарды жеңіп, алдыға ұмтылуға тәрбиелеудің қазіргі кездегі өте қажетті шарты болып табылады. Дүниетаным қалыптастыру, оны қазіргі даму сатысына қарай бағыттау - бастауыш мектепте білім берудің көкейкесті мәселелерінің бірі.

БСО-ның өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес олардың дерексіз ойлау қабілетіне қарағанда нақты көру қабілетінің деңгейі жоғары болады. Сондықтан олар өздерін қоршаған ортасындағы заттарды ұстап, көріп, сипап, салыстырып барып, нақты дүниеге көзқарастарын толықтырып, білім көздерімен сусынданады. Қарапайым білімдер - БСО-ның дүниетаным қалыптастыруындағы бастапқы боспалдақ болып табылады.

Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тек шынайы дүние туралы білімдердің саналы игерілуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Яғни, оқушылардың игеріп жатқан құбылыстардың мәнін, олардың даму заңдылықтарын түсінген кезде, алынған білімді алдыдағы оқу және практикалық міндеттерді шешуде шығармашылықпен қолдануды білген кезде ғана мүмкін болады .

Ғалымдардың дүниетанымды адамдардың қоғам, қоршаған орта туралы ғылыми, философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарастардың және адам іс-әрекетінің бағыт-бағдарын анықтайтын біртұтас жүйе ретінде қарастыратын ойлары мен пікірлері, тұжырымдары бір арнаға келіп түйіседі. Осылардан кейінгі дүниетаным мәселелерін ғылыми зерттеудің философиялық, психологиялық, педагогикалық, қорытынды нәтижелері мынадай тұжырымдарды анықтайды:

1. Еліміздегі және алыс жақын шетелдердегі философтардың және ойшылдарының ой-пікірлері бойынша дүниетанымды қалыптастыратын себептерге мыналар жатады:

а) дүниетаным адамның қажеттіліктері мен мұқтаждарын қозғаушы және қоршаған ортадағы іс-әрекетті, бағыт-бағдарды реттеуші қызмет атқарады. Дүниетаным адамның жас ерекшеліктеріне, психологиялық өзіндік ерекшеліктеріне, оның өмірлік ұстанымдарына байланысты болады;

ә) дүниетаным адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеушісі, сенім мен мұратының тірегі әрі көрсеткіші болып саналады;

б) дүниетаным жеке адамды, тұлғаны дамытудың басты факторы болып табылады;

в) дүниетаным білім берудің қажетті іргетасы болғандықтан, ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың ең маңызды шарттарының бірі - бұл ғылыми білім беру болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІНДЕ АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы интеграциялау мәселелері
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Интеграцияланған оқыту тұжырымдамасы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Саусақпен сурет салу әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz