Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында экологиялық торларды құрудың маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 574.873 2 (584 5)
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында экологиялық торларды
құрудың маңыздылығы

Байтурсинов К.К. б.ғ.д., профессор
Дайрабаев Р.А. а.ш.ғ.к., доцент
Елюбаева Ғ.О. магистрант

(А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан қаласы)

Резюме
В статье приводится пути охраны бухарского оленя в пойме Сырдарьи Южно-
Казахстанской области.

Қазақстанда биоресурстардың ерекшелігіне және оның алуантүрлілігіне
мән беріп, оларды сақтап қорғауға ғылыми тұрғыдан жан-жақты
зерттеулер жасалып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы экологиялық
жағдайдың өзгеруі, табиғат пен тіршілік иелерінің арасындағы
тепе-теңдіктің бұзылуы да жан-жануарлардың кейбір түрлерінің
жоғалып кету қаупін тудырады. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау
әлем мамандарының алдында тұрған үлкен мәселе. Бұл жағдай
Қазақстан зоологтары мен биологтарын да мазалаумен келеді.
Биологиялық алуантүрлілікті, тепе-теңдікті сақтап, пайдалану
ерекше қолға алыну қажет.
Қазақстан территориясында ерекше және маңызды әлемдік фаунаның
генетикалық қоры жиналған: қарақұйрық, қызыл қасқыр, ақбөкен, құлан,
Қаратау және Алтай архары, Тянь-Шань аюы, қар барсы, ортаазиялық
сілеусін, ителгі, жұртшы, құмай және т.б.
Солардың бірі – бұқар бұғысы (сурет 1) (сervus elaphus bactrianus
Lydekker, 1990) .
Сурет 1

Бұқар бұғысы
Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) — жұптұяқтылар отрядына
жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына
бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка
бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған.
Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік,
марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола
облыстарының орманды алқаптарын мекендейді.
Бұқар бұғысы, немесе ақ марал (лат. Cervus elaphus bactrianus) – ақ
маралдар арасындағы ең ұсағы және Орталық Азия жағдайында шөл және шөлейт
жерлерде өмір сүруге бейімделген жалғыз түр. Ол Амударияның тек шектеулі
аймағында ғана тіршілік етеді. Бұғы өзен бойындағы тоғайда ғана тұрақтанып,
жақын маңайдағы тауға ешқашан көтерілмейді. Ертеректе бұғылар жиі
кездесетін. Бірақ шаруашылықта тоғай талдарын отын ретінде пайдалану,
өрттің әсерінен бұғылардың саны күрт төмендеді. Бұл жануарлардың тарихи
мекен ортасы Амудария мен Сырдария өзендері және Қызылқұм болатын [1,2].
Қазақстанда бұқар бұғылары Сырдария өзенінің төменгі және ортаңғы ағысы мен
Қызылқұмды мекендейтін [3,4]. Салмағы 200 келі шамасында. Реңі ақшыл-
күлгін, жыл мезгіліне қарай терісі сәл қоңыр-сары – сұр түстерге де
келіңкіреп тұрады. Қазақстан маралдың сұлулығы мен бекзаттығын бағалап,
альпі раушан гүлін маралшөп деп атап кеткен. Бұл жануар тек қана Орталық
Азияның тоғайлы ормандарында кездеседі. Қазақстан Республикасының Қызыл
Кітабы мен ғаламдық қауіп төніп тұрған жануарлар тізіміне енгізілген.
Ертеректе бұқар бұғылары Сырдария өзені бойын (сурет 2) мекендеген
[5].

Сурет 2. Сырдария өзені.

Соңғы рет Сырдария тоғайында бұқар бұғысы 1950 жылдары
байқалған . Ең соңғы бұқар бұғысы 1956 жылы атып алынған [6].
1960 жж ортасында бұқар бұғылары тек Амударияның қорықтары мен
Дарганата сақталды. Сақталған бұғылардың саны – 350-400 басты құрады.
Жануарларды қорғау шараларының арқасында Орталық Азияның бірқатар елдерінде
бұғылардың саны 1980 жылдардың басында 1000-ға жетті. Қазақ ССР Министлер
Кеңесі шешімімен 1981 жылы 22 бас бұғы Іле өзенінің ортаңғы ағысында
орналасқан Қарашеңгел мемлекеттік аң аулау шаруашылығына әкелінді.
Шаруашылықтағы күйі келіскен бұғылардың саны 1991 жылы 120 басқа артып,
2001 жылы 310 басқа жетті [7].
1999 жылы Нидерландиялық WWF қолдауымен Бұқар бұғыларын тарихи
ареалында сақтау және қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) Орталық Азия
биоалуантүрлілігін сақтау, саны азайған түрлерін қайта қалпына
келтіру мақсатына арналған бағдарламасы бойынша арнайы жоба
дайындалды.
2000 жылы бұқар бұғыларын өзінің тарихи мекен еткен
ортасында сақтау және қалпына келтіру үшін дүниежүзілік жабайы
табиғат қоры қаржыландыра бастаған кезде ҚР ҰҒА-ның зоология
институты Түркістан қаласына қарасты Сырдария өңірін
реинтродукцияны бастау үшін ең қолайлы жер деп дәлелдеді.
Түркістанда бұғыларды қорғау, күтіп-бағу және қадағалау
жұмыстары үшін вольерлер жүйесі мен инфрақұрылыс салынды. Тұқымбақ
Сырдария өзенінің бойында мемлекеттік орман қоры жерінің
Бұғытүбек деп аталатын бөлігінде орналасқан. Бұқар бұғысын
өсіруге, бұрынғы ортасын қайта қалпына келтіру мақсатында 2 га
жер аумағы берілген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім берудегі этикалық, эстетикалық проблемалар
Мұхиттарды қорғау
Биологиялық әралуандылық
Оршаған ортаны қорғау
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы.
Халықаралық табиғатты қорғау одағы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Табиғатты қорғау мәселелері
Тұрақты даму концепциясы. Қала тұрғысында даму
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы мәлімет
Пәндер