Гравирлеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Танирбергенов Медеубек ЖҰматайұлы
Гравирлеу
Оқу - әдістемелік құрал
Шымкент 2005
УДК 372. 8:76. 01
ББК 85. 15 л 73
Т 18
Танирбергенов М. Ж.
Гравирлеу (Көркем сурет, графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) - Шымкент, М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ 2005 г. 64 ст.
ISBN 9965 - 667 - 19 - 5
Оқу - әдістемелік құрал бейнелеу өнері бойынша үйірме жетекшілеріне
Пікір берушілер : Педагогика ғылымының докторы,
профессор Ералин К. Е.
Педагогика ғылымының кандидаты,
доцент Кемешев Д. А.
Университеттің оқу - әдістемелік кеңесінен баспаға ұсынылған
Хаттама № 3 22. 01. 2005 ж.
С М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
КІРІСПЕ
Осы жұмыстың мақсаты - көптеген кәсіби және әуесқой суретшілерді жаңадан шығарылған материалдарға гравюра салу әдістерімен таныстыру.
Жаңа материалдарда жаңадан шығарылып, тексерілген гравюра жасау әдістері сияқты, оқырманды қызықтыруы мүмкін, өйткені оларды оңай өндіруге болады.
Қазіргі гравюраның екі түрі - биік және терең - тақтада ойылу әдісімен және эстамп суреттеу әдісімен айыруға болады.
Биік гравюрада сызықтар, сызықшалар, нүктелер тақта бетінде анық көрсетіледі (рельеф) . Олардың үстіне бояу біртұтас болып жағылады да, одан қағазға бастырылады. Биік гравюрның ойылуы маманнан үлкен шеберлікті талап етеді.
Терең гравюра техникасы одан оңайлау. Терең гравюрада барлық сызықтар тақта бетінде ішіне қарай ойылады. Бояу ойылған жерлерге әртүрлі мөлшерде, кесіктердің енділігіне және тереңдігіне қарай жағылады және қағаз бетіне әртүрлі болып сызықшалар, нүктелер түрінде түседі.
Терең гравюраның оңайлығын және көп бейнелеу мүмкіндігін ескере отырып, автор ең анық және жалпыға түсінікті әдістер ізденісінде осы техниканы жаңа материалдармен жұмыс істегенде пайдалануды жөн көрді.
Осы кезге дейін терең гравюра жасауға металл пайдаланып келді. Бірақ металл өңдеу зиянды қышқылдарды пайдалануды және арнайы кәсіби базаны талап етеді.
Соңғы жылдары гравердың жұмысын жеңілдететін басқа материалдарды пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Гравюралаумен кәдімгі суретшінің шеберханасында немесе үйдегі жұмыс столында айналысуға болады.
Мысалға, сол материалдардың бірі - гравердың инесіне оңай берілетін органикалық шыны (плексиглас-акрилат), мөлдір зат. Ол - гравюра жасауда өте маңызды роль ойнайды.
Органикалық шыныны 1944-1949 жылдары сәулет жобаларын және ғылыми еңбектерді суреттеуде пайдаланған. 1945 жылы көбейтуге арналған эстамптар осындай шыныдан жасалған формаларда басылған.
Органикалық мөлдір шыныны пайдалану тәжірибесі 1953 жылдан бастап әртүрлі мөлдір қағаздарды - кальканы, пергаментті, т. б. пайдалануға негіз болды.
Жыл сайын өткізілетін көрмелерде, оның ішінде 1957 ж. Бүкілодақтық көрмеде және дүниежүзлік жастар мен студенттер фестиваліндегі көрмеде органикалық шыныда және қағаз формаларында жасалған жұмыстар көрсетілді.
Қағаз тақталарында гравюра орындалғанда оны көбейту мақсаты қойылмаған. Гравюра жасау шеберлілігіне басты мән берілді. Өйткені қазіргі кезде көбейтуге арналған әртүрлі техника көп, қолдан көбейту өз маңыздылығын жоғалтқан.
Үйрету мақсатында жұмыстың әртүрлі кезіндегі шамасын көбейту мүмкіншілігі кеңінен пайдаланылған. Ондай баспалар суретшінің жұмысының әр қадамын зерттеп, оның жетістіктері мен кемшіліктерін байқау үшін өте маңызды.
Терең гравюраның жаңа түрлері бойынша жұмыс істегенде классикалық әдістер пайдаланылады; формалардан бастырылып алынған эстамп классикалық әдіспен орындалғаннан айнымайды.
Келесі тараудан оқырман осы өнерде пайдаланылатын әртүрлі әдістермен таныса алады.
І. Гравированиенің (ойма жасаудың) классикалық әдістері
Мыста кесіп істелінетін гравюра
XV ғасырдың орталығында пайда болған мысты кесіп істейтін терең гравюраның алдында бойлап тілінген тақтада орындалған кескін ағаш гравюрасы еді.
Биік гравюраның әр сызығы екі жағынан пышақпен ойылып, тақтай бетінде көрсетілетін.
Бұл жұмыс күрделі болғандықтан суретші берген суретке қарап ағаш ұстасы кесетін. Осы еңбекті бөліп істеу жұмыстың құндылығын нәтижесінде жоғалтатын.
Қолөнершілер жасаған гравюралар өздерінің схемалылығымен ерекшеленеді, ал Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері әр суреттін анық түсіріп, ақырын қара түстен ақ түске өткіп отырған. Бұндай сурет жасау үшін икемді техника қажет, сөйтіп, граверлар зергерлік аспаптарды - ине, пунсон, кескішті пайдалана отырып (1, 2, 3 сурет), оларды ағашта емес, мыста қолданды.
Терең гравюраның бірінші пайда болған кезеңінде (1440 ж) суретшілер өздері жұмыста кескішпен орындайтын екен. Бірақ кейін гравюра өнері күрделі жолдармен дамып, жаңа түрлері пайда болып, орындау барысы қиындаған соң, онымен тек қана маман суретші-граверлар айналысатын болды.
Суретші-граверлар үлкен шеберлік танытып, көптеген қиындықтарды жеңіп, кескішпен жұмыс істеуді үйренді (4, 5 сурет) .
Кескішті басып, гравер сызықшыларды әртүрлі енділігімен, тереңділігімен оятын, бірақ суретті ойдағыдай түсіре алмайтын. Түзу қатарлармен орналасып, сызықтар нүктеден нүктеге дейін немесе жатық иректермен түсірілген. Кескішпен ойылған сызықтар, XVIII ғ. Францияда жасалынған көптеген ең жақсы мысқа түсірілген классикалық кескін грювюра шығармаларының өз дәрежесінде орындалмай қалған сияқты.
Осы кезеңде кескіндік гравюраның көп еңбек талап ететіндігі оның жойылуына себеп болды.
Классикалық кескіндік гравюра балғамен соғылған 2, 5-4 мм қызыл мыс тақтайшаларда орындалатын. Кейде тілімділігін арттыру үшін мысқа латунь қосылатын.
Әбден жақсы дайындалған тақтайлардың бетіне шайырлы алғашқа бояу жағылып, арнайы қағаз арқылы сурет түсірілетін. Суретті инемен түсіреді, ол кезде бояу оңай сызылып, мыста сызылады.
Гравюралау қолайлы болуы үшін сызықтарға азот қышқылының әлсіз ерітіндісін жағып, кейінгі жұмыстарын кескішпен орындалған екен.
Гравюра өнерінде жаңа материалдарды қолдану кескішті пайдалануда жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Осыған байланысты классикалық дәстүрлерді зерттеу үлкен мағыналы болып тұр.
Офорт
XVI ғ. ортасында қатал пластикалық сурет өзгеріп, еркін бейнелер пайда болды. Өңнің мағынасы өсті.
Суреттердің жаңа бағыттарының пайда болуы суретшілерді жаңа гравюралау әдістерін іздеуге мәжбүр етті, тек қана пластикалық формаларын емес, жарық пен ауаны да көрсету керек болды. Осы талапқа сай офорт болды, оны орындауға ине пайдаланды.
Офорт - мыста жасалған терең гравюра, тек оның кескіндік гравюрадан айырмашылығы, ол кесілмейді, ал химиялық жолмен ойылып жасалады. Әбден тегістелгеннен кейін тақтаның бетіне қышқылға төзімді бояу қабаты жағылады. Оның құрамында асфальт, канифоль, балауыз, т. б. шайырлар бар. Сурет еркін қозғалатын инемен салынады. Ине мысты сызбай, тек бояуға түседі де, пайда болған сызықтар қышқыл әсеріне түседі. Қышқылдың күштілігіне және
химиялау ұзақтығына байланысты тақтада әртүрлі тереңдікті және енділікті сызықтар пайда болады.
Офорттың басқа гравюра түрлерінің алдындағы басымдылығы - ол еркін қимылды инемен икемді бояуға түсірілуі (6 сурет) .
Суреттің анық түсуіне сызықшалардың еркін тығыздықпен орналасуы әсер етеді; қағазға басылған сурет жоғары көркемділігімен ерекшеленеді.
Офорт өнері ең биік шыңына XVII ғасырда голланд суретшісі Рембрандт ван Рейн (1606-1669) жетті. Ол офорт дамуын бірнеше жыл алға ілгерілетті.
Орыс мәдениетінде офорт кескіндік мыста орындалған гравюрамен қатар Петр реформаларында маңызды ролін атқарды. XVIII ғасырда офорт техникасы Россияда ғылыми және техникалық кітаптарда суреттеуде және көрем әдебиет шығармаларын көбейтуде кеңінен пайдаланды.
Жұмсақ лак ( жабысқақ бояу қабаты )
Офорт жасау үшін жеңіл әдіс - ол жұмсақ лак пайдалану. Оны тақта бетіне тампонмен жағады. Боялған тақтаның үстіне суретші жұқа бұдыр қағаз қойып, қаламмен сурет салады.
Қалам жүргізілген жерде бояу қағазға жабысып, жұмыс біткен соң қағазбен бірге тақта бетінен алынады. Қағазға жабысқан бояу болашақ басылған суретті бейнелейді. Тақта бетінде бояу көшкен сызықшалар суретті көрсетеді.
Кейінгі суреттің химиялық өңдеуі қышқылдың әсерімен металлға тереңдетіледі. Қаламның батуына байланысты қышқыл металлға көп немесе аз әсер етеді ( әртүрлі тереңдікке) .
Жұмсақ бояу қабатты тақтадан жасалынған көшірме қағаз бетінде қаламмен салынған суретке ұқсайды.
Офортта пайдаланылатын жұмсақ лак жеке өзі де, түрлі бояумен де жағылады. Ол акватинта.
Акватинта
XVIII ғасырда әсіресе Францияда акватинта әдісі кеңінен пайдаланылады. Ол орындалу әдісмен перомен салынған, сепиямен толықтырылған.
Акватинта техникасының ерекшелігі - тақта бетін ұсақ шайыр, канифоль немесе асфалть нүктелерімен жабатын түрлі бояу қолданылды. Ол тақтаға жабысу үшін баспа формасын жылытады.
Түрлі бояумен боялған металл әлсіз қышқыл ерітіндісімен химияландырылады. Химияландыру ұзақтылығына байланысты тақтада көптеген майда нүктелері бар дақтар пайда болады.
Химияландыру ұзақтығын жайлап соза беріп, суреттің ашық жерлеріне қорғайтын лак жағып тұрса, түрлі түсті гравюра жасауға болады.
Түрлі бояуды ірі немесе ұсақ түйіршікті шайыр қосу арқылы дайындауға болады. Түйіршіктердің ірілігі суреттің композициясына байланысты. Сызықтарды алдын ала құрғақ инемен ойып, жұмсақ лакқа қаламмен салуға болады. Акватинтаны бірнеше тақтадан түрлі түсті эстамп жасауға пайдалануға болады.
Бірнеше тақтадан көшірілген түрлі түсті акватинта үлгілері өте аз, өйткені ол өте көп қиындықтарды жеңуді талап етеді.
Бір тақтаны қолдан бояп жасау көбірек пайдаланылады. Ең жақсы акватинта түрлі түсті суреттер болып табылады.
Қалам үлгісі ( көркемдеуі )
Қалам үлгісінің мақсаты - қалам боямасы Офорт бояуына тақта үстіне тиісті рулеткамен (7 сурет) нүктелер түсіріледі, кейін олар химияландырыла
ды. Қалам үлгісінде жасалынған гравюралардан істелінген көшірмелер түсті бояулармен басылып, эстамптың суретпен ұқсастығы жоғары дәрежеде болған.
Пунктир сызықты гравюра
Сызықшалы суретті гравюраны топпен толықтыру ұмтылысында XV ғ. пунктир сызықты гравюра кеңінен таралады. Тегістелген мыс тақташасында көптеген нүктелер түсірілетін. Ол үшін пунсон пайдаланатын - зергерлік аспап. Ол үшкір құрыш инесіне немесе кішкентай балтаға ұқсайды.
Пунсон пайдаланғанда, гравюралар тушьпен салынған суретке ұқсата алмаған, өйткені жекелеген нүктелер ылғи көрінетін. Пунсонмен гравюра жасау көбінесе сызықшалы суретте (кескішпен тақтайда немесе офорт әдісімен) пайдаланылған.
Қара үлгі - меццио-тинто
Қара үлгі, немесе меццо-тинто XVII ғ. Пайда болып, ағылшын майлы кескіндемесіне ұқсас кеңінен тараған.
Меццо-тинто Голландияда, әсіресе Англияда кеңінен тараған. Бұл үлгіде көбіне қара біртүсті гравюра жасалған., ал Англияда түрлі-түсті көшірмелерде жасалынған, олар үшін көптеген трафареттер қолданылған. Қара үлгі техникасы тақтаны ерекше өңдеуді талап етеді. Ауыр өткір тісті күрекшемен (8 сурет) және матурамен - домалақ көптікенекті аспаппен. Оларды пайдалану арқылы тақташаның үстінде көптеген майда сызықшалар пайда болып, құрғақ инемен жасалынған сияқты (9 сурет) .
Тақтайдың ашық жерлерін шұңқырларды тегістеп (үшжүзді өткір пышақпен - шабермен, үтіктегішпен және ворониламен) жасайды (10 сурет) .
Әр түстің бір-біріне өтуі мыс тақтасының беті неғұрлым көп өңделсе, солғұрлым әдемі болып түседі. Бір суретпен 15-20 көшірме жасауға болады.
Ұзын сызықшалар қара үлгіде, тек кейде құрғақ инемен жасаса, сызықшалар пайда болады.
Құрғақ ине
Ине ең қарапайым және көп кездесетін, пайдаланылатын құрал. Тегістеліп, боялмаған мыс тақтасының бетінде өткір ине із қалдырады. Жай басып істеген кезде иненің ізі таза, бүдірсіз, химияландырылған офорт немесе кескішпен жүргізген сияқты болып көрінеді.
Қатты басып істеген кезде ине материалға кіріп кетіп, терең және шеттері жыртылған сияқты, көтеріліп тұратын із қалдырады. Әртүрлі күшпен басылып инемен ойылған суреттер жіңішке қылқаламмен жағылған бояу сияқты көрінеді.
Құрғақ ине сызықтары ерекше болып көріну себебі - ине іздерінің және шептерінің боялғанында.
Инені гравюра жасау үшін әртүрлі материалдарда пайдалануға болады. Мыс тақтайына инемен жасалынған гарвюра көп көшірме жасауға жарамайды. Мыстың сапасына қарай, оны 50-70 рет қана істеуге болады.
Литография қаламының сызықшаларына ұқсас дақтар және сызықшалар кальканы ұстарамен немесе басқа өткір құралмен қырған кезде пайда болады. Ал баспа формасының әртүрлі беті планшеттің әртүрлі өңдеуі арқылы істелінеді - калка, қағаз, картон. Осындай фактураның өңделуі эстампты байытады. Жеңіл ашық түс калькада болады, одан қаралау - қағазда, ал қою қара - картонда.
Қағаздың ашық беті картон сияқты бояуды сорып алады да оны жеңіл көшірмеге береді. Калька мен қағаздың бетін тырнау арқылы тақта бетін әртүрлі жасауға болады. Оны инемен қосымша өңдесе, әртүрлі фактуралы көшірмелер жасауға болады, . Басылым формасы көп болса, көшірме түрлері де көп болады.
Пунсонмен, рулеткамен жасалынған қосымша сызықтар, сызықшалар әртүрлі тереңдікте және үлкендікте жасалынады. Олар және ірітүйірлі түйіншіктер, қабықшалар керекті жерлерге тақтай бетіне қойылады және балғамен соғылады. Енді бастап жатқан граверға айтылар кеңес - гравюра жасау алдында бірнеше сынақ жұмыстарын калькаға инемен және пышақпен әртүрлі енділікті және тереңдікті сызықтар жүргізіп, әртүрлі түсті дақтар жасау.
Лакка қосылған түсті қабат
Суретші А. И. Корепцов ұсынған тақтаны бояу жаққан жаққышпен жуу әдісі ерекше нәтиже береді.
Баспа формасының керекті жерлеріне қараша боялған, ішіне майда құм қосылған нитролак жағылады.
Әбден құм ұнтағымен араласқан лак баспа формасының үстіне керекті қалындықта жағылады. Нитролак түйіршіктері тақта бетінде қалай орналасатынын қара түс жақсы көрсетеді. Негізгі бояумен байланысып, ұнтақ баспа формасының бетін түйіршікті көрсетіп, көшірме жасаған кезде бояуды ұстап қалады.
Көшірмеде бояу жаққыштың іздері жақсы көрінеді. Градацияның түсі әртүрлі болуы мүмкін - қою қарадан мөлдірге дейін. Егер гравюраға өзгерістер енгізу керек болса, онда керекті жерлерін қырып, кейін үстіне лак жағуға болады.
Осы әдісті біртүсті гравюрада, түрлі-түсті гравюрада да пайдалануға болады.
Фотоқағазға немесе фотокартонға жасалынған гравюра
Терең гравюраның баспа формасы ретінде бетіне фотосезімді эмульсия қабаты жағылған фотокартон немесе фотоқағаз пайдалануға болады.
Суреттің оригиналы баспа формасына фотосурет әдісімен түсіру полиграфияда және ағаш гравюрасында кеңінен қолданылады. Бұл жерде суреттің көлемі өзгертіліп, айна бейнесімен түсірілуі мүмкін. Айна бейнесін жасау үшін негативтің жылтыр бетін объективке қарай қою керек.
Эмульсия жағылған фотоқағаз калькада қолданылғандай, ине мен пышық қолдану мүмкіншілігін туғызады. Баспада құрғақ (суланбаған) қағаз пайдаланылады, көшірме тиражы 50-ден асады. Гравюра жасауға тек оригинал суреттерді пайдаланған жөн.
Органикалық шыныда және қағаз формаларында басылған гравюралар
Тақтадағы гравюра көшірмемен бітеді. Жаман, сапасыз басылған гравюра өз көркемдік сапасын жоғалтады, ал жақсы орындалған басылым өз сапалылығын эстампта көрсетеді.
Терең гравюра жасаушы гравер өзі бояуды дайындап, сынақ көшірмелерін жасай білуі тиіс. Баспашы көмегін ол тек қана көп тиражды басылым жасаған кезде сұрау керек.
Органикалық шыныда және қағаз формаларында жұмыс істеу офорттың алдындағы артықшылығы, онда гравюра жасау және сынақ көшірмелеу параллель жүргізуге болады, бояуды жуу, кептіру, майсыздандыру сөйтіп қайта бояудың қажеті жоқ.
Жұмыстың күйін білуі үшін (гравюра жасалған кезде), тікелей немесе керісінше көшірме жасау керек болады.
Тікелей сынақ көшірмесін - тақтаның айналы бейнесін беру үшін - жасылынған жұмысты тексеру керек. Керісінше көшірмеде сурет гравюрамен дәл түседі. Осындай көшірмеде барлық қателерді түзулеп, тақтаға түсіруге болады.
Станоктың талеріне қойылған жаңа тіке көшірмеге жұқа қағаз жапсырылып, оның үстінен картон қойылып екі валдың арасынан қатты қысыммен жүргізіледі.
ІІ. Гравюралардың жаңа түрлері
Органикалық шыныдағы терең гравюра
Жоғарыда айтылған классикалық гравюралау әдістері терең гравюра да бес ғасыр бойы металл бетінде жасалынып келді: мыста, құрышта, цинкте, т. б. Барлық гравюралау техникасына енгізілген жаңалықтар қаламмен, перомен сурет салудың жасалу әдістерін көбейтуге және жеңілдетуге бағытталған.
Біздің алдымызда жаңа мақсат тұр. Гравюра жасау өнерін суретшілер көбірек меңгерсе екен, - осы біздің мақсатымыз.
Біздің ізденістеріміз әр суретші тез үйреніп, қолданатын арзан материал табу. Ондай ізденістер бұрын кеңес суретшілері де жасаған, бірақ практикаға енбеген еді.
Ондай ізденістер туралы біз тек әңгімелерден ғана білуімізге болады. Мысалға, суретші В. Д. Замирайло баспа формасы ретінде лак жағылған картон пайдаланған екен. Ал шебер П. Н. Староносов терең гравюраны инемен және кескішпен линолеумге жасаған.
Суретші К. В. Кузнецов өз жұмысында кеңінен тараған картонға түскен гравюралау әдісін жемісті қолданған. Кейбір суретшілер гравированиеде целлулоид пайдаланған, бірақ ол көп таралмады, өйткені целлулоид тез жанатын зат.
1940 жылы кеңес Одағында өнеркәсіпте пластмасса пайда болып, металлдың орнына қолданылды. Бұл жұмыс жасауға өте қолайлы.
Еліміздегі шикізаттардан жасалынған пластмассалардың құрамында байланыстыратын заттары шайыр, битум, целлюлоза эфирлері т. б. және толтырғыштар - кварц және ағаш ұны т. б. бар. Пластамассалар жылуға еритін және жылуға иілетіндер болады. Бірінші түрі қыздырғанда еріп, кейін, қатып қалады, екіншілері ыстыққа еріп, суыққа қатады. Біріншілер кейін өз формасын өзгертпейді. Гравюраға пайдаланылған органикалық шыны мөлдір термопластик сияқты, кәдімгі терезе шишасынан айнымайды. Органикалық шыны сынбайды, қатты, химиялық қышқылдарға және сілтіге төзімді, майға, суға, бензинге шыдамды, оңай престенеді, ысытқан кезде тесіледі және кесіледі. Органикалық шыны пластмасса заводтарында 2-3 мм жуандықта болып шығады.
Органикалық шыны мөлдір болғандықтан гравердың жұмысын өте жеңілдетеді, өйткені оған айна бейнелуін жасау керегі жоқ. Осы суретшінің жұмысын өте жеңілдетеді. Өзнің бірыңғайлылығы және серпінділігіне байланысты органикалық шыны бұзылып жарылмайды.
Органикалық шыны үйкеліске шыдамды, осы мүмкіншілігін эстамп баспасын жасаған кезде цинк пен мыста жасағандай, қатты баспа станок валының қысымына салса болады. Органикалық шынының жеңілдігі де (1, 18-1, 19) суретші үшін қолайлы.
Органикалық шыны ацетонда және дихлорэтанда ерітілу ерекшілігі суретшінің тақтада жіберген қатесін түзелту үшін өте ыңғайлы қызмет етеді. Ал оның әртүрлі атмосфера құбылыстарына төзімділігі ашық ауада істей беру мүмкіншілігін туғызады.
Органикалық шыны таңдаған кезде оның өте мөлдірін, сызықшасыз, жарылмағанын алу керек.
Тақтаны дайындау. Гравюра жасалынатын тақта фаска мен рантаның (тақта шетіндегі бос орын) енділігін ескере отырып қойылады (11 сурет) .
12 - сурет. Конус тәріздес қашалған инемен
органикалық шыныға із түсіру.
13 - сурет. Органикалық шыныны кесуге ыңғайландырылған тақта.
Соңғы көлемі байқау көшірмесін жасаған соң анықталады да, ранта өзгеріп немесе жоюға болады, ал фасканы жаңадан істеуге болады. Фаска жақ тақта станокта басуға жіберілмейді, өйткені өнделмеген шыны шептері қысымға түскенде, эстамп жасалатын қағаз жартылып кетеді. Тақта 3-4 мм болса, фасканың ені 7 мм аз болмау керек. Ал жұқа, 2 мм тақтаны фаскасыз қолдануға болады, тек шеттерін өңдеу керек.
Тақтаны листтен кесіп алу. Тақтаның көлемін анықтап, оны үлкен листтен жуан құрыш инемен кесуге болады. Иненің қимылына қарай ұстау керек. (12, 13 сурет) . Листте бірінші ұзынынан кесіп, бірнеше тақта дайындауға болады. Кейін әр тақтаны кесуге болады. Сызғышпен 5-6 рет қатты кесу және фанер арасына салу арқылы бөлуге болады. Осы жерде шеттерінің кесілуін көру керек, өйткені ол сызықтың соңын кеспей қалуы мүмкін.
Фаска жасаудан бұрын, шынының шеттерін көріп, түзу емес жерлерін түзулеу керек. (14 сурет) .
Фаска өткір пышақпен немесе шабермен (15 сурет) орындалады (жонылады) . Шыны беті тазаланады, ол жылтырайды, оны тегістеудің керегі жоқ.
Фасканың бұрыштарын 2 мм тақта 1-1, 5 см радиуспен тегістеу керек. Одан жұқа тақтада бұрыштарын ғана жонса болды, өйткені үшкір бұрыштарға ілініп су эстамп қағазы жыртылуы мүмкін.
Фаскалар түзу болу үшін, оның сызықшаларын әуелі инемен, сызғышпен шектеу керек.
Тақтаға сурет салу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz