Жеке гистология


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІ
“МЕДИЦИНА БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ”ЖШС
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖҰМАШОВ С. Н
Жеке гистология
(оқу құралы)
Түркістан, 2010
УДК 611-018 (075)
ББК 28. 86+74. 58я73
ISBN 9965-856-03-6
Жұмашов Сайдулла Нұрахұлы - медицина ғылымдарының докторы.
Жеке гистология (оқу құралы)
Пікір жазғандар:
Мейрамов Г. Г. - Е. Букетов атындағы КарМУ-нің м. ғ. д., профессор, ҚР
Жоғарғы мектеп академиясының корреспондент мүшесі
Сисабеков Қ. Е. - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика
академиясының, морфология пәндері кафедрасының
меңгерушісі, м. ғ. д., профессор.
Ә. Н. Темірбеков - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
Университеті, оқу-клиникалық базасының, морфология
және физиология кафедрасының доценті
Бұл оқу құралында студенттер организмнің гистологиялық құрылысын түсінуін, үйренуін жеңілдетуге арналған. Оқу құралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес түзілген.
Оқу құралы медициналық жоғары оқу орындарында барлық факуль-теттердің студенттеріне, аспиранттардың, интерндердің, клиникалық ордина-торлардың, университет, педагогика институттарының биология факульте-тінің студенттері және әртүрлі маман дәрігерлерінің гистология, цитология, эмбриология курсын жоғары деңгейде үйренуіне арналған ғылыми зерттеуші мамандарға арналған.
ББК 28. 86+74. 58я73
“Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар
республикалық орталығы”ЖШС жұмыс комиссия мүшелерінің шешімімен оқулық
ретінде бекітілді және басылымға рұқсат берілді.
№___ Хаттама “”2010ж.
©Жұмашов С. Н.
Екінші басылымға алғы сөз
Гистология анатомия, физиология және басқа фундаменталь пәндермен бірге медицина пәнінің негізін құрайды. Бұл пәндерді терең үйрену үшін болашақ дәрігерлердің жан-жақты білікті маман болып жетілуін тағайындаушы үлкен факторлардың бірі болып есептелінеді.
Оқулықтың 2000 жылғы баспадан шығарылғандығы, осы күнге дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының студенттері үшін әдістемелік нұсқау болып қолданып келеді. Бірақ ғылымның дамуы тоқтап тұрмайды. Мысалы, өткен жылдары кезеңінде биопсия әдісінің кең дамуының себебінен гистология пәні байытылды. Тірі адам организмі және оның құрылысы, қызметі туралы кейбір жаңа мәліметтер алынды. Бұл оқулықтың қайтадан басылуы және толықтырылған басылымы соңғы ғылымның жетістіктерімен байытылып, ағзалар жүйесіне толық сипаттама берілді. Сондай-ақ, қанның түзілуі және иммундық қорғаныс организмдердің иммуноморфологиялық тарау болып бөлінді. Иммундық ағзалардың толық микроскопиялық құрылымына, ішкі секреция бездері қазіргі заман талаптарына сәйкес, олардың толық гистологиялық құрылымынтүсті суреттермен, ситуациялық есептер және тест сурауларымен толықтырылды.
Оқулықты қайта басылымға дайындауда Ташкент мемлекеттік медицина институтының гистология кафедрасының меңгерушісі, проф К. А. Зуфаровтың, проф М. Рысұлының оқу құралдарынан пайдаланылып, студенттерге түсінікті болу үшін кейбір медициналық терминдер қазақшаға аударылды.
Сондай-ақ оқулықтың қайта өңдеп шығарылуына ОҚММА гистология және микробиология кафедрасының қызметкерлеріне және аға оқытушы Н. Ж. Қалменовке, Ж. С. Айтжановаға өз алғысымды білдіремін.
Автор
Микроскопиялық техника.
Гистологиялық зерттеулер техникасы.
Аспаптар
Гистологиялық микропрепараттарды сәулелі микроскоптың көмегімен сәулені дұрыс түсіріп көруден бастайды. Ол үшін айнаның ойыс жағымен жарық сәулесін бұйым үстелшесіне қойылған микропрепаратқа бағыттайды Зерттелетін микропрепаратты зерттеуде микроскоп объективінің (х8) кіші ұлғайтқышымен көруден бастайды. Кіші ұлғайту объективінің линзасымен жапқыш әйнек арақашықтығы 1 см-дей болады. Микропрепаратты анық көру микробұранда көмегімен жүзеге асырылады. Өте ұсақ гистологиялық микроқұрылымдарды үйрену үшін иммерсиялық объективті (х90) қолданады. Бұл жағдайда препараттың жапқыш айнасына 1 тамшы иммерсиялық майды тамызып, микробұранданы қолданып препараттың анық көрінуін қамтамасыз етеміз. Жұмысты аяқтағаннан кейін объектив және жапқыш айнадағы майды дәкемен сүртіп тазалайды.
Микроскоп. Студенттердің тәжірибелік сабақта күнделікті қолданатын негізгі аспабы сәулелі микроскопты пайдалану. Ол обьектінің үлкейтілген және сырт бейнесін алуға мүмкіндік береді. Микроскопта оптикалық және механикалық бөлімдері ерекшелінеді.
Оптикалық бөлімі . Бұл бөлімге микроскоп мойнының револьвер қондырғысына орнатылған объективтер, дүрбі (окуляр) және сәулемен жарықталатын құрылғы жатады. Объектив - линзалардың күрделі жүйесі. Көбінесе х8, х20, х40, х90 объективтерін қолданады. Қолдану және конструкция ерекшеліктері бойынша объективтер құрғақ (х8, х20, х40) және иммерсиялық (х90) болып бөлінеді. Дүрбі объектив берген бейнені ұлғайтады. Көбінесе х5, х7, х10, х15 дүрбілерін қолданады.
Объективтің негізгі техникалық сипаты шешуші қабілеті, яғни ең аз ара қашықтық, онда объектінің екі жақын орналасқан нүктелері бөлек беріледі. Жарық микроскобында ол негізінен сәуле толқынының ұзындығымен анықталады және оның үштен бір бөлігіне сәйкес келеді.
Оптикалық бөліміне, яғни жарық беретін құрылымына: айна (бір жағы ойыс, оны сәуле шашатын жарық кезінде қолданады, екінші жағы - тегіс) ; конденсор, оның көмегімен жарық шоғыры препаратта орталықтандырылады. Айнаның көмегімен жарық шоғыры конденсорға жіберіліп, сол арқылы зерттелетін микропрепаратқа бағытталады.
Механикалық бөлім. Микроскоптың оптикалық бөлімі механикалық бөліммен қосылған. Оған штатив, микро- және макробұрандалары бар құрылым микроскоп мойны (тубус) жатады.
Микроскопта алынатын ұлғаюларды объективті дүрбіге үлкейту арқылы анықтайды. Біздің елімізде кең таралған “МБН” және “Биолам” микроскоптары 2000 ретке дейін үлкейтеді.
Микроскопиялық тексеру техникасы. Гистологиялық препаратты микроскопиялық тексеруді сәулемен анық жарық түсіруден бастайды. Ол үшін
жарық шоғырын жинайтын ойыс айна мен конденсор көмегімен түсетін жерге біркелкі жарық бөлінеді. Зерттелетін препаратты заттық үстел үстіне қойып, зерттеу барысында кішкене ұлғайтқышпен қарап бақылайды, ол кезде линза мен зерттеу үстелшесінің арасы 1 см шамасындай болуы керек. Препаратты кішкене ұлғайтқышпен бақылап, препараттың зерттелетін жерін анықтап, оны көру аймағының ортасына орналастырады. Орталықтандырылған жарықты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа қояды. Дүрбіге қарап отырып, шағын микробұранданы препараттың қажетті жері анық көрінгенге дейін ептеп қозғайды. Үлкен ұлғайтқышпен препаратты қараған кезде, оның анық көріністе болуы микробұрандамен реттеледі. Өте кіші гистологиялық микро құрылымдарды зерттеу үшін иммерсиялық объективті (х90) қолданады. Иммерсия майы тамшысы тамызылған гистопрепаратты объективтің линзасы майға жанасу үшін тубусты түсіреді. Микробұранданы қолдана отырып, айқын бейнені алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін майды объективтен және шыны үстінен дәкемен тазалап тастайды.
Гистологиялық техника . Гистологиялық препараттарды, әдетте бұл арнайы гистологиялық бояғыштармен боялған ағзалар, тіндер немесе жасушалар кесінділері дайындаудың негізгі кезеңдері мыналар:
- Материалды алу және бекіту;
- Тығыздау;
- Кесінділерді микротом жәрдемімен кесіп алу.
- Бояу;
- Консервілейтін орталыққа енгізу.
Гистологиялық препараттар зерттеу мақсатына байланысты уақытша (бір рет зерттеу үшін дайындалады) және тұрақты (ұзақ уақыт бойы сақталып қолданылады) болып бөлінеді. Уақытша препаратты салатын орта ретінде глицерин немесе суды қолданады.
Бекіту. Бекіту мақсаты тірі организмді тұрақтандыруда, яғни тіршілік процесін тоқтатуда болып отыр. Бұл кезде зерттелетін ағзаның тірі кезіндегі құрылымын сақтап қалуға ұмтылу қажет. Бекіткіштер (фиксаторлар) қарапайым және күрделі болады. Қарапайым бекіткіштерге: формалин (әдетте, 10-12% ерітіндісі), метил спирті, осмий тетраоксиді және т. б.
Күрделі бекіткіштер бірнеше компоненттерден тұрады. Мысалы, Буэн қоспасының құрамына формалин, спирт, пикрин қышқылы және Ценкер сұйығының құрамына - сілті қышқылы, сулема, калий бихроматы, натрий сульфаты.
Бекіту ұзақтығы, зерттелетін заттың мөлшері мен қалыңдығына байланысты 2-24 сағат аралығында болуы мүмкін. Материалды жылдам бекіту үшін ағзалар мен тіндердің кішірек үлгілерін алады (0, 5 - 2 см) . Бекіту мөлшері бекітілетін материалдың мөлшерінен 20-30 рет жоғары болуы керек. Бекітудің көптеген тәсілдерінен кейін зерттелген микропрепаратты сумен жуады. Бекіткіштер әсерінің салдарынан зерттелетін үлгінің мөлшері біршама азайып, тығыздалады.
Тығыздау. Гистологиялық препаратты дайындаудың мақсаты зерттелетін материалға қажетті қалыңдығы бар жұқа кесінділерді алуға мүмкіндік жасайтын тығыздық беру болып табылады. Мұны екі тәсілмен жүзеге асырылады: үлгіні қатыру немесе тығыздалған ортамен сіңіру (парафин, целлоидин және т. б. ) .
Парафин немесе целлоидинге салу үшін бекітілген үлгілерді құрғатады, өйткені бекіткіштердің көпшілігі сулы ерітінділер болып табылады және су тығыздалатын ортамен араласпайды.
Парафинге құю. Парафин қалыпты температурада қатады, сондықтан сіңіру алдында оны термостатта 52-56 о С дейін ысытады. Парафин спиртпен араласа алмайтындықтан, аралық орта (ксилол, толуол және т. б. ) қолданады.
Үлгіні спиртте дегидратациялағаннан кейін, оны ксилол мен абсолют спирттің теңдей қоспасына, кейінен таза ксилолға ауыстырады. Одан әрі материалды бірнеше сағатқа парафин мен ксилол қоспасына (37 о С-та ), содан соң 1-2 сағат таза ерітілген парафинге салып, (52-56 о С температура кезінде), соңынан формаларға (қағаз немесе метал) ауыстырады. Үлгілер бар бекітілген парафиннен тік бұрышты блоктарды кеседі, оны ағаш кубикке ерітілген парафинмен бекітеді. Осындай түрде материал кесуге дайын.
Целлоидинге құю. Целлоидин - арнайы дайындалған целлюлоза. Дегидратациядан кейін үлгіні абсолютті спиртпен сусыз эфирдің теңдей қоспасына, ал содан соң целлоидиннің 2, 4 және 8% ерітіндісіне бірнеше тәулікке ауыстырады. Одан әрі материалды хлороформ буында тығыздайтын қою целлоидинге ауыстырады. Бекітілген целлоидиннен блокаторды кеседі, ағаш кубиктерге желімдейді және сақтау үшін 70%-ті спиртке салады. Бұл құюдың кемшілігі тығыздалудың ұзақтығы (10-15 тәулік), кесінділерді 7-8 мкм-ден жіңішке етіп алу мүмкін еместігі.
Жарық микроскоп және микроскоптағы сәуле жолы.
(M. Ross және E. Reith бойынша)
Жарықтандыру жүйесі: 1-жарық көзі; 2-айна; 3-диафрагма; 4-конденсор.
Оптикалық жүйе: 5-объектив; 6-окуляр.
Механикалық жүйе: 7-тубус; 8-штатив; 9-колонка; 10- заттық үстелше.
(П. Казымбет, М. Рысұлы, Ж. Б. Ахметов. )
Электронды микроскоптың жалпы көрінісі .
Жарық (сол жақта) және электрондық (оң жақта) микроскоптардағы сәуле жолы.
(M. Ross және E. Reith бойынша)
Электронды микроскоптың компоненттері: 1-катод; 2-анод; 3-конденсор- электромагнитті катушка; 4-үлгі; 5-объектив электромагнитті катушка;
6-окуляр-электромагнитті катушка; 7-люминесцентті экран (қалқан) .
(П. Казымбет, М. Рысұлы, Ж. Б. Ахметов. )
Кескіндерді дайындау. Кескіндерді дайындау үшін арнайы аспап - микротомды қолданады. Оның үш негізгі бөлігі бар: объектіні ұстаушы (ағаш кубикті блокқа қатайту үшін) ; микрометриялық механикалық жүйе (объекті ұстағышты берілген шамаға беру үшін) ; микротомдық пышақты ұстаушы.
Микротомның әртүрлі конструкциясы бар. (Микротомдар) . Арнайы суытатын үстелдермен жабдықталған микротомдарды бекіткіштер әсерінен құтылу керек болған жағдайда қолданады, мысалы гистохимиялық зерттеулер кезінде. Осы микротомдарда 10-20 мкм және одан да үлкен қалыңдықтағы кескіндерді алады.
Кескіндерді бояу . Гистологиялық практикада қолданылатын бояғыштар химиялық қасиеттеріне байланысты үш топқа бөлінеді: негізді, қышқылды және бейтарап. Негізді бояғыштар (азур, гематоксилин, кармин және т. б. ) боялатын негіздің тұздары болып табылады. Негізді бояғыштармен таңдамалы боялатын гистологиялық құрылымдар базофильді деп аталады. Негізді бояғыштартармен жасуша ядроларын бояйды. Қышқылды бояулармен (эозин, қышқыл фуксин) әдетте цитоплазмалық құрылымдарды бояйды. Қышқыл бояумен боялатын гистологиялық құрылымдар оксофильді деп аталады. Бейтарап бояғыштар боялатын негіздермен қышқылдың тұздары болады.
Микротом (кесінді жасауға арналған аспап) .
(R. V. Kristic бойынша)
1-пышақ; 2-үлгі отырғызылған парафинді блок (шығыр) ; 3-кесінді; 4-беру құрылғысы
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі өте күрделі құрылым, организмдегі барлық тіршіліктің негізін реттеп басқарады, сондай-ақ, ағзаның сыртқы ортамен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар эндокринді жүйемен тығыз байланысып, біртұтас жүйке-гуморальды басқару орталығын құрайды. Болашақ дәрігерлерге ми жүйесінің құрылысын білудің маңызы зор, себебі организмдегі барлық өмірге маңызды процестер бас миы мен жұлынның реттеушілік қасиеті арқылы басқарылады.
Жұлын
Екі симметриялық жартыдан құралған: алдыңғы жағынан терең орталықты қуыстық, артқы жағынан дәнекер тінді тосқауылмен екі жартысы бөлініп тұрады. Жұлынның ішкі бөлігі - сұр зат, сыртқы бөлігі - ақ заттардан құралады. Сұр зат- Н құрылысы /көбелек тәріздес/, өсінділері мүйіздерден: а) алдыңғы /вентральды/; б) артқы (дорзальды) ; в) бүйірлі (латеральды) болады. Сұр затында нейрондар, миелинсіз жүйке талшықтары, жұқа миелинді талшықтар және нейроглийлері болады.
Сұр зат нейриттері жұлыннан шығып вентральды мүйіздеріндегі мультиполярлық жасушалары, өсінділері сұр заттан шықпай синапстарды құраушы ішкі жасушалар және аксондары, жұлынның басқа сегменттерінің ақ затына және бас мидың кейбір бөлімдеріне қарай өткізуші жолдарды құраушы шумақты (тұтамды) жасушалардан тұрады. Сондай-ақ, мультиполярлық жүйке жасушалары сұр заттың құрамдық бөлігі болып саналады. Дорзальды мүйіз орналасқан жерде жұлынға шеткеріден әр түрлі импульстарды тасушы артқы өсінді енеді. Дорзальды мүйізінде әсерлерді өткізуші жасуша денелері орналасқан.
Вентральды мүйізінде шеттік қоздырушы нейрондардың денелері ірі жасушалар орналасқан, олардың аксондары алдыңғы өсінділерін құрайды (жасуша денесі, жұлын бүйіріндегі вегетативті нейрондардың аксондарынан тұрады) .
Дорзальды мүйіздің артқы өсінділері сезуші қызметін орындаушы жүйке талшықтары шумақтарынан (тұтамдарынан) құралған, алдыңғы өсінділері негізінен қозғаушы болып, олардың құрамына вегетативтік талшықтар кіреді.
Дорзальды мүйізде қуыс қабат, желімді (желатинді) заттар, жұлынның меншікті ядросы және дорзальды (Кларк) ядролары болады. Қуыс қабатта глиалды, көп мөлшерде ұсақ өсінділі жасушалар бар. Желімді заттарда жүйке жасушалары аз болып, глиоциттер көп болады. Меншікті ядролар өсінділі жасушалардан құралған, аксондары жұлынның қарама-қарсы жағына өтіп, ол жерде жұлын-мишық және жұлын- таламикалық жол құрап мишыққа және көру төмпешігіне қарай бағытталады.
Дорзальды (Кларк) ядро ірі өсінділі нейрондардан құралған. Аксондары мүйізді дендриттерімен бірге сұр затты кесіп өтіп, ақ заттың бүйірлі тізбегіне енеді және дорзальды жұлын - мишық өткізу жолы құрамына мишыққа көтеріледі (Флеминг жолы) .
Жұлынның аралық аймағында медиальды және латеральды аралық ядролары орналасады. Медиальды ядро нейрондарының нейриттері вентральды жұлын-мишық өткізу жолы құрамына кіреді. Латеральды ядролар бүйір мүйіздерінде орналасып ассоциативтік симпатикалық нейрондар жиынтығынан құралған.
Вентральды мүйіздерінде ең ірі мультиполярлық нейрондары (100-140 мкм), медиальды және латеральды қоздырғыш нейрондары бар. Медиальды нейрондарды дене мен омыртқа жотасы бұлшық еттері қызметтерін реттейді, латеральдылар мидың мойын және бел бөліміндегі бүршіктерінде орналасып, қол мен аяқ бұлшық еттерінің қан тамырларымен қамтамасыз етілуін реттейді. Бұл аталған қоздырушы нейрондар ірі және ұсақ мотонейрондарға бөлінеді. Ірі-мотонейрондар шеміршек бұлшықеттерінің кенеттен тез қысқаруын, ұсақ - мотонейрондар, олардың тонусының сақталуын қамтамасыз етеді. Мотонейрондардың аксондары бұлшықет талшықтарының баяу қысқару процестерінде қатынасады.
Жұлынның ақ заты шеттік бөлімінде орналасып, миелинді қабықпен оралған көтеруші және төмен түсуші жүйке талшықтарының бөлімінде үш бөлік болады, олар алдыңғы мүйіз арасында орналасады. Жұлынның меншікті аппаратында қысқа өткізуші жолдар және жұлынды бас мимен байланыстырушы ұзын өткізуші жолдар болады.
Жұлынның сұр затының негізін нейроглийдің ұзын және қысқа өсінділі астроциттері құрайды. Олигодендроглиоциттер жүйке талшықтарының қабығының қалыптасуына қатынасады. Эпендимоциттер жұлынның сұйықтығы өтуші канал қабырғаларын құрап, сұйықтықтың мөлшері мен құрамының тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Микроглийлер (макрофагтар) қан арқылы
енген моноциттерден дамиды және де олар сұр затпен ақ заттарда бір тегіс орналасады.
Вегетативті (автономды) жүйке жүйесі . Организмнің висцеральды қызметтерін (ас қорыту жүйесі секрециясы, қан қысымы, терлеу, дене температурасы, зат алмасуы, т. б. ) бақылаушы жүйке жүйесінің бөлігі вегетативті (автономды) жүйке жүйесі деп аталады. Олар физиологиялық, морфологиялық белгілеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық деп аталады. Олар ағзалардың жүйкемен қамтамасыз етілуіне (иннервациясына) қатысады. Вегетативті жүйке жүйесі орталық бөлім (бас миы ядросы мен жұлын ядросы) және шеттік бөлімнен, жүйке өзектері түйіндері (ганглийлер) және оралымдардан құралады.
Вегетативті жүйке жүйесінің орталық бөлім ядросы орталық ми және сопақша мида орналасады, одан басқада жұлынның сегізкөз бөлімінде (сегменті), бел бөлімінде және көкіректің бүйірлі мүйіздерінде кездеседі. Вегетативті жүйенің эфферентті талшықтары, екі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден құралады, олардың әрқайсысы организмдерге эфферентті талшықтарды жолдайды. Әрбір бөлімнің эфферентті талшықтарының ағзаға әсері ерекшелікке ие болады. Мысалы, тегіс бұлшықетке, 1-ші бөлім талшығы импульсы, қысқарушы әсер етсе, 2-ші бөлім эфферент талшығының импульсы, бұлшықеттің кейбір бөліктерін босаңсытады. Эфферентті талшық импульсы гипоталамус арқылы реттеліп басқарылады. Кейбір тіндерде (мыс., тегіс бірыңғай салалы бұлшықет және секретті бездер жасушалар) жүйкеленуінде бір бөлімнің эфферентті талшығы қатысады.
Вегетативті жүйенің екі бөлімі: симпатикалық және парасимпатикалық орталық жүйке жүйесінен басталады (бірақ әртүрлі бөліктен) .
Екі бөлімде орталық жүйке жүйесінен бұлшықет және бездерге баратын эфферентті жол екі нейроннан құралады. Бұл нейрондардың 1-шісінің денесі эфферент тізбегіндегі орталық жүйке жүйесінде, 2-шісінің денесі орталық жүйке жүйесінен сыртта орналасады. Біріншісі ганглий алды, денесі орталық жүйке жүйесінен сыртта орналасады, 2-шісі- ганглионнан кейінгі деп аталады.
Симпатикалық бөлім. Жұлынның көкірек және сегізкөз үсті бөлігінен сұр заттың интермедиолатеральдық бағанасы, алдыңғы және артқы бағанасы өтеді. Интрамедиолатеральдық бағананың жүйке жасушалары денесі кішкентай, аксондары миелинсіз, жұлынның алдыңғы мүйізі жүйкелері құрамына шығады, алдыңғы мүйіздің қысқа бөлімін қамтиды (ақ дәнекер тіндер бұтағын) . Симпатикалық бөлімнің жүйке түйіндері (ганглийлері) орналасуына қарай: паравертебральды, превертебральды және терминальды болып ерекшеленеді.
Парасимпатикалық бөлім. Олардың талшықтары бездер мен бұлшықет бөлімдерін жүйкелендіреді (симпатикалық бөлім бұларға қарама-қарсы 2-ші бөлігіне әсер етеді), екі эфферентті нейрон тізбегі болады.
Нейрон тізбектерінің екеуі де бір-бірінен ұзақтау болған орталық жүйке жүйесі бөліктерінен басталады. Ганглий алды талшықтан тарайтын нейрон денесі сопақша ми және орталық ми сұр затының ядросына орналасады, бұл талшықтар орталық жүйке жүйесінің 3-7-9-10- жұп бас жүйкелерінен басталады. Ганглий алды талшықтың қалған жұптары жамбас бөлімнің 2-3 және 4-ші жұлын миы жүйкелері құрамында, одан соң, олардың бұтақтарында ішкі ағзаларды жүйкелендіреді.
Ганглий алды талшықтар бас және жамбас бөлімі жүйкелерінен тарайтындықтан краниосакральды бөлім деп аталады. Ганглий алды талшықтар терминальды ганглийлерде (бұлшықет және бездерге жанасушы) аяқталады.
Вегетативті жүйке жүйесі орталық бөлімнің мультиполярлық нейрон ядролары вегетативті жүйке жүйесінің рефлекторлық доғасында ассоциялық нейрондар құрайды. Олардың нейриттері жұлынның алдыңғы мүйіздері арқылы немесе бас сүйегі жүйкелері арқылы орталық жүйке жүйесінен алыстап, нәтижесінде шеттік вегетативті ганглийлердің бірінің нейрондарында синапс құрайды. Олар вегетативті жүйке жүйесінің - ганглий алды талшықтары болып есептелінеді (көбінесе миелинді болады), оларды холинергиялық синапс деп атайды, құрамында ұсақ мөлдір синапстық көпіршіктер мен аз мөлшерде қара түсті везикулалары бар (көпіршік мөлшері 40-60 нм; везикулаларда 60-150 нм) .
Вегетативтік жүйке жүйесінің шеттік түйіндері (симпатикалық пара- және превертебральды ганглийлер және бастың парасимпатикалық түйіндері) ағзалардан тыс, ағзалар қабырғаларында (асқорыту жолы, жүрек, қуық, т. б. ) интрамуральды жүйке оралымдары құрамында кездеседі.
Паравертебральды ганглийлер омыртқаның екі бүйірінде, өздерінің байланыстырушы өзегімен симпатикалық тізбек құрайды.
Превертебральды ганглийл қарын аортасында және оның басты бұтақтарында қарын оралымдарының ганглийлерін құрайды.
Вегетативті ганглийлерді дәнекер тінді капсулалар қаптайды, дәнекер тін қыртыстары түйін паренхималарына еніп, өсінді (ост) құрайды. Түйіндер мультиполярлық жүйке жасушаларынан құралған. Нейрон дендриттері көп, күшті бұтақталған, аксондары постганглионарлық (миелинсіз) талшықтар құрамына сәйкес келуші ішкі организмдерге жетеді. Әрбір нейрон оның базальды мембранасын қоршайды, оның сыртында жұқа дәнекер тінді қабық орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz