Дәрілік өсімдіктердің тарихы
ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ
МИНИCТРЛIГI
Ш.Уәлихaнoв aтындaғы Көкшeтaу унивeрcитeті КЕАҚ
Педагогикалық институт
Биoлoгия және оқу әдістемесі кaфeдрacы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін пайдасы
Орындаған: Давидкул Қ.Н
Дайындаған: Хамитова Г.Ж
Көкшетау- 2022 ж.
Мазмұны
Кіріспе
І Негізгі бөлім
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері
Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әсер етуші биологиялық активті заттар
ІІ Ғылыми зерттеу бөлімі
2.1 Зерттеу жұмысын жүргізу
2.2 Ерінгүлділер тұқымдасы. Жалбыз
2.3. Астралар тұқымдасы. Кәдімгі мыңжапырақ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мыңдаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі ауруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудын өте бай тәжiрибесi жинақталды. XX ғасырда ғылым мен техниканын дамуы нәтижесiнде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмiрге әкелдi. Соның нәтижесiнде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нəтижесiнде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендедi. Бiрақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгерiп, оларды кеңiнен пайдалана бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсiмдiктерден алынган дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрiлер сатып алуға шамалары жок. Сондыктан олар бұрынғыша емдеудiн дәстүрлi әдiстерiн қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзi халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбiр Азия мемлекеттерiнде, мысалы Қытай, Жапония, Үндістан бұрынғыша қазiргi заманғы медицина жетiстiктерiмен қатар халык емшiлерiнiң емдерiн кеңiнен қабылдауда. Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардын көбiсi табиғи жолмен алынган дәрiлердi артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда (1974 жылдан 1989 жылға дейiнгi 15 жыл ішінде) фармацевтикалык жолмен алынган препараттарды сатып алу 2.6 есе өссе, табиги жолмен алынган дәрiлер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсiмдiктерден алынған дәрiлер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.
Америка Құрама Штаттарында дәрiгерлердiң жазған рецептерiнiң 25%-ы өсiмдiк препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргiзгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Белгияда-60%, Англияда-74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген.
Қазақстанда дәрiханаларда сатылатын қымбат дәрiлердiң 70- 90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елiмiзде фармацевтикалық өндiрiстi дамыту үшiн әрине көп уақыт және өте көп қаражат керек. Сондықтан мұндай жағдайда бiздiң елiмiз үшiн әрине дәрiлiк өсiмдiктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру әлдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерiн кеңiрек пайдалану кажет.
Соңғы жылдары осы мәселенің өзектiлiгiн ескере отырып Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңiл бөлiп қаржыландырып келеді. Кейбiр институттардың, акционерлiк қоғамдардың және жеке кәсiпкерлердiң белсендiлiгi натижесiнде соңғы жылдары дәрiлiк өсімдіктерден алынған шикiзат мөлшері айтарлықтай артты. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардын ауқымы кеңеюде. Әрине бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшiн әсiресе кейбiр дәрiлiк өсiмдiктер үшiн қауiптi жактары да жок емес. Осыған байланысты Дүниежүзiлiк денсаулык сактау Ұйымы (ДДСҰ) дәрiлiк өсiмдiктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердiң азаматтары үшiн бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Сондыктан сол ДДСҰ-ң нұсқауын халыққа тезірек жеткiзiп тусiндiру үшiн Қазақстанда академик Н.Д. Беклемишевтiң басшылығымен бiраз маман ғалымдар Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.Н., Адекенов С.М., Түлемисова К.А. Қазақстан Республикасының Фармакологиялық Мемлекеттiк комитетiнiң ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы Дәрілік өсiмдiктерiмен жұмыс жасаудың нұсқауы деген арнайы жинақ кітап шығарды. Бұл жинакта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтiрiлген [1].
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктердің ерекшелігін, емдік қасиетін терең зерттеп білсек, онда көптеген аурулардың алдын алар едік. Қазіргі кезде көптеген ауруларды өсімдіктермен емдеу үй жағдайында қолайлы бола бастады. Мың теңге тұратын дәрі, шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын орны ерекше. Сол себепті дәрілік өсімдіктердің дамыту жолдарын кең көлемде қарастыру.
Жұмыстың мақсаты: Өсімдіктердің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Өсімдіктен дайындалатын тұнбалар мен ем-домдардың жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Өсімдіктер тарихына сипаттама жасау;
2. Дәрілік өсімдіктерге сипаттама беру;
3. Өсімдіктердің қолданылуы мен емдік қасиеттерін анықтау
Зерттеу нысаны: Дәрілік өсімдіктер
1.1. Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр турлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ бiлген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасында ауыздан-ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Бiздiң ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы iлiм бiздiң эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерiнде өмiр сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдiк қасиеті бар өсiмдiктердiң жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауруларды емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрiлiк өсiмдiктердi кептірген кезде күн көзінен олардың дәрiлiк қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екендігі дәлелденген. Осы себепті Шумерліктер кейбiр өсiмдiктердi түнде жинау керек екендiгiн ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдiсiн, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетiнде дәрілік шөптер өсірілетін арнай бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрiлiк өсiмдiктердiң емдiк қасиетiн кеңiнен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз т.б. өсiмдiктердiң дәрiлiк қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрiлiк өсiмдiктердi жинаумен қатар ассириялыктар сиякты оларды қолдан егiп өсірумен айналысқан. Олар дәрiлiк өсiмдiктердi көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрiлiк өсiмдiктердiң Фармакологиялық түсуiн жеңiлдететiн топтарға бөлген. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгiлi. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақтар құпиясы мол "шипалы қойма" іспеттес. Оңтүстік Қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсiмдiк ǝлемінде 3000 дай түрлі шөптер өседі, солардын iшiнде көп мөлшерде дәрiлiк өсiмдiктер бар.
Бұл жерде бiрқатар эндемикалык өсімдіктер - бар, олар дәрі жасау саласында өте манызды рөл атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.
Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ - бақ, шайшеп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл жұмыршак, долана, есек мия, ак мия, дәрiлiк жоңышқа, киiккот, тасшөп, т.б.
Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргiзiлген. Осыдан келiп жалпы дәрілік өсiмдiктердi ауруларды емдеуге қолдануда Греция елi бiраз рөл атқарған. Греция дәрiгерi Гиппократ дәрiлiк өсiмдiктердiң екi жүзден астам түрiн жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсiнiк берген. Ал, Грециянын Диоскорид деген дәрiгерi өзінің "Дәрілік заттар" деген еңбегінде дәрiлiк өсiмдiктiң алты жүз түрiнiң қолданылу жолдарын жазган. Медицина саласының жетiстiктерi көбiнесе дәрiлiк өсiмдiктерге байланысты. Дәрiлiк өсiмдiктер бұрынғы кездерде де адамга өте пайдалы болган, болып қала да бередi. Кейiнгi кездерде өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрiлiк өсiмдiктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкiншiлiгi - 75 пайыз, соған қарағанда дәрiлiк шөптердiң жиналуы әлі де болса калыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенiн кеңiнен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсiмдiктердi тексере келсе, дәрiлiк шөптердi мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәлiметтердi Оңтүстік Батыс Азия халықтары да бiздiң заманымызға жеткiзген. Соның iшiнде Индия фармакологтары өз елiнiң флорасынан өсiмдiктiң сегiз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрiгерлерiнiң емдеу әдiстерi бiлiм негiзiнде құрылған.
Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп.
Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрiлiк өсiмдiктер туралы кiтап жаңа эрадан екi жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзiнiң жиырма жетi жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрiгерлiк еңбегiн шығарған.
Бұл еңбекте дәрiлiк өсiмдiктердiң екi мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрiлiк өсiмдiктердi жинау, келтiру, одан дәрi жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәлiметтер берілген.
Дәрілік өсімдіктер адам өмірі мен денсаулығының маңызды көзі болған және болады да, сондықтан оған деген қажеттiлiк денсаулықты сақтау мақсаттарына жыл сайын өсуде. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныстың өсуiне байланысты, оларды табиғи әсерлерде дайандау өстi, бiрақ оның өзi қазiргi уақытта өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге қабілетсіз.Көптеген дәрiлiк өсiмдiктер регенерациялык қабілеттілігінің төменділігімен сипатталады, олардын жер астының бөлiмi орташа есеппен қалпына келедi [2].
Мәдени тұрғыда егілген дәрілік өсімдіктерді қолданудың жабайы өсетін шикiзат жинақтарына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар, өйткені табиғи ресурстардың әлсіздеу қауiптiлiгi төмендейдi және өңделуге жоғары сапалы шикізатының едәуір бірқалыпты партия өсiру қадағалауымен қамтылған.
Оңтүстік Қазақстан ТОО "Химфармга", сонымен қатар түгелдей республикадағы болып табылады [3].
Дерменені мәдениетке енгiзудiң алғашкы тәжiрибелерi ВИЛАР- дың қызметкері С.А.Суетинмен Оңтүстік Қазақстанда жүргiзiлдi және зерттеулері оңды нәтижелер берді [4].
Т.Н.Джанабаев Шымкент облысы шарттарында үшкір жапырақты кассийдің биологиялық ерекшелiктерiн оқып білу мақсатында зерттеу
жұмыстарын жүргiздi және эффективті әдістерін өңдедi, кейiн "Дармин" совхозына енгiзудi көздеуі Оңтүстік Қазақстандағы қызмет қатарының биологиялық ерекшеліктері мен өнiмдiлiгiн А.М.Маралбаев зерттедi [5].
Бұл шаруашылықтарда осы мәдениеттердің айтарлықтай жоғары өнімді және шикізатты дайындауды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды. Осының негiзiнде зауыт формацияға саласодин, антросенин, глауцин, мукалтин және т.б. сияқты бағалы жартылай фабрикаттарды шығарды.
Қазақстанның оңтүстік - шығыс, оңтүстiктiң аридтік шарттарында самарқанд өлмес гүлдi өсімдігінің биологиялық жане морфологиялық ерекшеліктері, жасау әдістері зерттелді. Самарқанд өлмес гүлді өсімдігінің мәдени өндірістік плантацияларда өндірістік зерттеулерден өтті [6].
Сонымен, Оңтүстік Қазақстанда әртүрлі флоралық аймақтардың культивирлеуге болады.
1.2. Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
XX ғасырдан бастап дәрілік өсімдіктер мен олардан алынатын препараттарға айтарлыктан назар аударыла бастады. Дәрілік өсiмдiктерге назар аударудың басты себебі- олардың жоғары терепевтикалық (емдік) құндылығы, керi әсерiнiң аз болуы.
Адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдiк бұзылып, табиғатқа көптеген зиян келiп жатыр. Оның басты бiрiншi факторы - жер бетіндегі халық санының күн санап өсуі. Егерде1800 жылы планетамызда 1 млрд адам тiршiлiк етсе, 1900 жылы 2 млрд, 1980 жылы 4 млрд-қа жетті. Адам санының тез өсуiнiң бiр себебі - санитарлық жағдай мен медициналық көмектiң жақсаруы. Өткен ғасырларда мыңдған адамдар оба, тырысқақ ауруларынан кайтыс болган. Сонымен қатар, халықтың таралуы да айтарлықтай әсер етеді. Көптеген жылдар бойы халықтың көп бөлiгi ауылды жерлерде тұрған.
Табиғатқа кері әсер ететiн екiншi фактор-ауыл шаруашылығында химиялық заттардың (тынайтқыштар, пестицидтер, инсектицидтер) көптеп пайдалануы мен өндiрiстiк индустриализациясы.
Үшiншi фактор - өндiрiстiк және транспорттық қалдықтардың атмосфера, топырақ пен суға таралуы. Атмосферадағы екi газдың тепе-теңдігі де өте маңызды орын алады. Атмосферадғы көмірқышқыл газын реттеуге мұхитта қатысады. Мұхиттың буферлік маңызының ролі онын бетiнде кауiптi мұнай пленкаларының көбеюi нәтижесiнде темендеп отыр. Оттегi тек кана тiрi заттарга емес, сонымен қатар машиналар мен самолеттерге де қажет. Ауада көмірқышқыл газы концентрациясының көбеюі парник эффектiсiне әкелiп соқтыруы мүмкiн.
Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы
Академик Николай Васильевич Павлов - Қазақстандағы ботаниктер мектебiнiң негiзiн қалаған және ұйымдастырған. Қазақ ғылым академиясының Ботаника институтының бiрiншi директоры. Академик Павлов 1893 жылы 23 мамырда Санкт-Петербургте қызметкердiң жанұясында өмірге келген. 1917 жылы Москвада ауылшарушылық академиясын бiтiрдi.
Н.В Павлов, өзiнiң ғылымдағы өмiрiнiң көп бөлiгiн Қазақстанға арнады. 1920 жылдары Павлов Торғай, Ақмола, Талдықорған және Алматы облыстарың, Жоңғар Алатауын, Балқаш өңiрiн зерттеді.
Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде бiрнеше іргелі жұмыстар жазылып жарияланды.
Биология ғылымдарының докторы профессор Кукенов Мәдениет Картайұлы Қазақстандағы Ботаникалық ресурстану ғылымының негiзiн қалаушылардың бiрi болды, ол бұл ғылымның ғылыми негiзiн жасап, пайдалы өсiмдiктердi тиiмдi пайдаланып қорғауға үлкен үлес қосты. М.К.Кукеновтың жетекшiлiгiмен және тікелей қатысуымен бiрнеше iргелi ғылыми жұмыстар орындалып өндiрiске енгiзiлдi. М.К.Кукенов шикiзаттық өсімдіктерді зерттеудiң ғылыми-теориялық негiзiн, шаруашылықтағы игерудiң негізін, және Республика территориясында ресурстық жұмыстарды жүргiзудiң көпжылдық бағдарламасын жасады.
М.К.Кукенов 180-нен астам ғылыми енбек жазды, оның iшiнде 1) Флавоноидсодержащие растения Юго-Востока Казахстана (1984); 2) Ресурсы лекарственных растении Казахстанского Тянь-Шаня (1989) деген монографиялары және Ботаническое ресурсоведение Казахстана (1999) деген оқулығы бар [7].
Пайдалы өсiмдiктердi тиiмдi пайдаланып қорғап және сақтаудың негiзгi екi жолы бар:
1) Өндiрiстiк популяциялары бар жоғары өнiмдi учаскелер есепке алынуы керек және тұрақты бақылауда болуы керек.
2) Шикiзаттық өсiмдiктердi мәденилендіру. Бiрақ та пайдалы өсімдіктерді мәденилендіру процесі өте ұзақ және шығыны көп, яғни экономикалық жағынан тиiмсiз. Өйткенi өсiмдiктерге алдымен суарылатын, құнарлы топырақты жер керек [1].
Профессор М.К. Көкеновтың (1999) ойынша, Қазақстанның ботаник- ресуртанушыларының алдында болашақта мынадай мiндеттер тұр.
1. Қазақстан және оның жеке региондары флорасындағы пайдалы өсiмдiктердiң биологиялық алуантүрлiлiгiн зерттеуді жалғастыра беру
2. Әрбiр жеке шикiзаттық өсiмдiктердiң ресурстық сипаттамасын жасау, онын iшiнде мiндеттi түрде болуы керек: 1) Экологиялык- фитоценотикалык; 2) фитохимиялык ерекшеліктері; 3) ресурстық көрсеткіштері; 4) экономикалық бағасы; 5) пайдаланудың тиiмдiлiгi және т.б.
3. Жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштердiң бәрiне талдау жасаудың негiзiнде республикамыздағы бар өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.
4. Республикада бар шикiзаттар негiзiнде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау. Ол бағдарламада Республиканың әр регионы үшін қандай саланы және өндiрiстi қамту қажет екендiгiн керсету.
5. Бірыңғай ғылыми-өндiрiстiк орталық құру. Ол орталық өсiмдiктер шикiзатын жинаудан бастап соңғы өнiм алғанша жүргiзiлетiн жұмыстардың барлығын үйлестiру керек [8].
Республикамызда дәрiлiк өсiмдiктер және олардың ресурстарының жағдайы туралы докторлық диссертациялар қорғалды (Д.К. Айдарбаева 2010. Н.Г. Гемеджиева 2010, А.Б. Мырзагалиева 2010).
Д.К. Айдарбаева-пайдалы (онын ішінде дәрілік өсімдіктер бар) өсiмдiктердiң қазiргi жай-күйiн және пайдалануын есепке ала отырып, бұл өсімдік түрлерiнiң шикiзат даярлау қарқынын сараптап, әр өсiмдiк түрлерiне жеке-жеке тоқталып, оларды тиiмдi пайдалану және сақтау жөнiнде ұсыныстар берген [9].
И.Г.Гемеджиева-алғаш рет Солтүстік Тянь-Шань Жоңғар провинцияларында таралган алкалоидты өсiмдiктердiң тiзiмiн жасап, оларға жан-жақты талдау жүргiзген. Нәтижесінде Солтүстік Тянь-Шань Жоңғар провинцияларында кездесетін алкалоидты өсiмдiктердiң таралуы жөнінен Қазақстандағы ең кең таралған орталығы екендiгi аныкталган және оларды тиiмдi пайдаланудың ғылыми негiзi жасалган [10].
А.Б. Мырзағалиева-Батыс Алтай және Нарын жоталарының табиғи флорасының дәрiлiк өсiмдiктерiн зерттеген нәтижесiнде зерттеуге алынған 8 жотаның өнiмдiк қоры келесідей екендiгiн айқындаған. Иванов жотасында-21 түр (2737,4т), Үлбі жотасында-22түр (2162,1т), Оба жотасында-13 түр (1986,3т), Листвяга жотасында-23 түр (3032,3т), Холзун жотасында -30 түр (3328,1т), Көксу жотасында -15 түр (2654,8т). Тигирецкий жотасында -11 түр (1487,3г), Нарын жотасында-22 түр (2843,0т) бар екендiгiн зерттеу нәтижелерiнде анықтаған [11].
1.3. Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері
Көптеген жаңа ғылыми жұмыстар әлi белгiсiз дәрiлiк өсiмдiктердi зерттеуге бағытталған. Жаңа дәрiлiк өсiмдiктердi табудың 3 жолы бар.
1-шi жолы - биогенетикалық ұқсастық, туыстық әдіс.Өсiмдiктердiң бiр бiрiне ұқсастары көп болады. Олардың негiзiнен басты белгiлерi өсiмдiк мүшелерiнде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бiр туысқа жатқызады.
Дәрiлiк өсiмдiктердiң жақын түрлерiн зерттеу өте үлкен маштабта жүргiзiледi және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсiмдiгi маңызды жүрек гликозидтерiнiң көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрыңғы КСРО аймағында өспейдi. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая. н. ресничатая және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерiнiң бар екендiгi анықталды.
Дәрiлiк өсiмдiктердi табудың екiншi жолы - елек деп аталады. Оның негiзi емдiк маңызы бар деген жергілікті флора өсiмдiктерiне жаппай химиялық талдаулар жүргiзу болып табылады. Дәрiлiк өсiмдiктердi iздеудiң бұл жолы аса көп еңбектi талап етеді. Бұл әдіспен Фармацевтикалық өндірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрiлiк заттар табылды. Мысалы, бұл әдiспен Рихтер сораны (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдiсi медицина үшiн өте маңызды және бұл әдiспен жұмыс істеуге болады.
Дәрілік өсімдіктерді табудың үшiншi жолы халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екi тiлде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екi медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, кұрылысын және қызметiн, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеудi дәрiгерлер және ғалымдар қатар алып жүрген. Келесi медицина қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулерi де бар. Адам тарихының бастауларында осы екi медицина бiр болды, және кез-келген эмпирикалық медицина жүйесi Шумер - Египет - Грек, Үнді және Қытайлық- халықтық медицинадан бастау алады [1].
Дәрілік өсiмдiктердi жинау әдісі. Өсiмдiктiң жер үсті бөлігін гүлімен қосып төменгі жапырақ жағынан орақпен орып алады. Кейбiр биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесiп алады немесе гүлдейтін сабағын ғана сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажетi жоқ. Себебi оларда шипалық касиеті бар заттар өте аз, және мұндай шикiзаттардан дәрi дайындауға болмайды. Егер жинайтын өсiмдiкте сабағы көп болса, оны кептiрiп болған соң жапырағы жоқ сабақтарды тастайды. Мұндай әдісті көбінесе жұпаргүлге, түйежоңышқаға және т.б. қолданады (бұл өсімдіктерді, барлығында сабақтары көп және оларда әсер етушi заттары жоқтың қасы) кейбiр дәрі дәрмектер тек гүлдерден ғана жасалады, бiз бұл сөздi тырнақшаға аламыз. Себебi, бұндай атпен фармакогнозияда тек жеке гүлдердi ғана емес бүкіл гүлденуді атайды. Әсіресе күрделі гүлділерде, сонымен қатар гүлдiң жеке бөліктері де қарастырылады. Гүлді гүлдеудiң бастапқы кезеңiнде жинау керек, гүл солу белгiлерiн көрсетпей тұрғанда. Бұл кезеңде гүлдерде әсер етушi заттар көп болады, сақтау кезiнде аз түседі, кебудi жақсы өткiзедi және өздерiнiң нақышын жақсы сақтайды. Гүлдердi қолмен жинайды. Шикiзат ретiнде гүлдерiн қолданатын өсімдіктер үшін ерекше жинау үлгiсi бар. Гүлшоқтары iрi кейбiр өсiмдiктердi жинаудың оңай механизмі бар, арнайы қалақша және тырнауыштары бар қорапша жасайды (төменгі жағында ұстауышы бар). Тырнауышты гүлшоқтарына жақындатып әкеліп, тез жыдамдықпен жұлып алады, кейiннен ол қалақшаға түседі. Осылай мысалы, дәрiханалық түймедақтың (аптечная ромашка) гүл шоқтарын жинайды.
Жемістері де жапықтары мен гүлдерi сиякты кұрғақ ауа-райында жиналады. Олардың толық пiскен кезеңiнде қолмен сындыру арқылы жинайды. Шетен және тмин өсiмдiктерiнiң жемiстерi қолшатырында орналасқан күйiнде жұлып алынады. Кейiн кептiрiп болған соң аяқшаларынан айырып алады. Жемісті қолмен тазалау арқылы алады. Шiрiген жемiстi алмайды. Көптеген нәрлі жемiстердi (черника, таңқурай, бүлдiрген) жинау өте қиын, iшiнен матамен қабатталған корзинага саламыз, жемiстер бiр-бiрiн езіп тастамас үшін әр қабатын жапырақтарымен жабамыз. Бұл кезде жемiстi дәрi үшiн жинап жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Тамырын немесе тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсiмдiк гүлдеп болған соң қазып алады. Осы кезде бұларда шипалық қасиетi бар заттар көп болады және олар үлкен, әрi ауыр болады. Тамырды жинау уақытын созып жіберуге болмайды, себебі жапырағы мен жемісі түсіп біткен соң өсімдікті тану өте қиын болады. Кейбір түрлердің тамыры мен тамырсабағын ерте көктемде қазып алуға болады. Қазылған тамыр мен тамырсабағын жердiң бетiне алып шығарады. Тамырды сiлкiлеп топырағынан босатады сосын суға салады немесе арнайы ыдысқа тамырмен толтырып, суға салып кояды. Себебі су топырақтан тамырға жабысқан ұсақ тастарды жуады. Жуылған тамырларды таза шөпке. қаптарға немесе пергамент қағазқа қойып кептiредi. Сосын тамыр мен тамырсабақты сабақтың қалдықтарынан тазалайды. Сонымен қатар тамырды зақымдалған немесе шіріген бөлiктерiнен тазалап, соңғы кептіру аймағына алып кетедi.
Қазақстандағы кейбiр дәрiлiк өсiмдiктердi жинаудың жылдық мөлшері туралы мәліметтер келтiрiлген [12].
Жалпы дәрiлiк өсiмдiктiң жер үсті мүшелерiн тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды.
Қазіргі кезде 2,5 мыңнан аса өсімдіктердің дәрілік қасиеттері бар екендігі белгілі. Ал тәжірибе жүзінде олардың тек 10% -ы ғана қолданылады. Сапалы шикізат алу үшін оларды дұрыс дайындаудың өз ережелері бар [13].
Өсімдіктерді кептіру әдісі. Барлық дәрiлiк өсiмдiктердi кептiру керек, оларды аптекаға немесе зертханаға, заводтарға беруге үйге сақтауға қатыссыз барлығын кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикiзаттың сапасына әсер етуi мүмкiн. Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нəрсеге алып келуi мүмкiн. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тiрi күйiнде болатын болса, оларда ферменттердiң жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етушi заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керсінше улы заттарға айналдыруы мумкiн. Ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz