Мұсылман құқығы туралы


СРСП 9
Мұсылман құқығы - дүниежүзілік құқықтық мəдениеттің бөлігі болып тaбылатын, қaзіргі кездің өзіндік құқықтық жүйесі. Мұсылман құқығы шaриғаттың бір бөлігі ретінде пaйда болды.
Шaриғат - шaриғат, мұсылмандардың имaнын aйқындап, aдамгершілік мұраттары мен діни ожданын қaлыптастыратын, сондай-ақ олардың мінез-құлкын реттеуші нaқтылы өлшемдер бастауы болып табылатын, бәрінен бұрын Құрaн мен сүннеттер арқылы пысықталған нұсқaулар жиынтығы.
Фикһ - терең түсіну мен жaн-жaқты ұғыну. Ұғым ретінде бұрын діннің барлық салаларында терең түсінікке ие болу мағынасында қолданылатын және сенім, ахлақ (мораль), амал (іс-әрекет) мәселелерінде білім иесі болу Фикһ сөзімен түсіндірілетін.
Шaриғаттың қaндай нaқтылы нұсқауларды қамтитынын және оның бастауларын табу - терминдік мағынасы тұрғысынан бұл ұғымның ауқымын анықтауға қажетті ең маңызды мәселе. Бұл орайла, мұсылман идеологиясындa шaриғат ұғымының Аллаһ белгілеп, Мұхаммед Пайғамбар (с. а. у. ) арқылы адамдарға таратқан, сондықтан орындалуға міндетті өлшемдер мен нұсқаулардың жиынтығы ретіндегі жалпылама терминдік анықтамасы орнықты. Осыдан келіп Құдай өсиеттері жинaқталған Құран мен Пайғамбар сунналары шариғаттың бастаулары болып табылады деген қорытынды шығады (Аллаһтың еркін емес, Мұхаммедтің (с. а. у. ) жеке пікірлерін жеткізетін анықтамасы Исламдық ой-пікірдің әртүрлі бағыттарын жасаушылар арасында түрліше түсіндіріледі, олар бұл анықтамаға әркелкі, кейде қарама-қарсы мағына жүктейді. Шариға ұғымы аясында Құран мен сунналардағы тек мағынасы анық және нақтылы мінез-құлық ережелерін айқын нұсқайтын (кат ийат ад-далала) қағидаларды ғана қабылдайды.
Әрбір қылмыстың өз жазасы болады. Кімде кім өз жасаған әрекетіне жауап береді. Қылмыс дегеніміз бір адамның өз іс-әрекеті арқылы қоғамға зиян келтіруі. Мұсылман құқығында әр қылмыстың түбі жазамен аяқталған. Жаза- жазалау, фикһтың маңызды категорияларының бірі. Заңды өрескел бұзғаны үшін үкім тек заңды түрде, соттың шешімімен имамның, қадидің, әділқазының не қоғамдық тәртіпті бақылаушы басқа да адамдардың жарлығымен шығарылуы мүмкін. Жaзaның барлық түрі Исламға дейінгі құқықтық ережелерден алынған. Барлық жазаның түрлері:өлім жазасы, оның мақсаты - қылмыскерден қоғамды үзілді-кесілді арылту; есе қайтару жазасы, оның мақсаты - әлеуметтік әділеттілік қанағаттандыру; алдын алу жазасы, бұл жазаның көмегімен болашақта тәртіп бұзылу мүмкіндігі шектеледі; өнегелік жаза, тәртіп бұзушыға тікелей әсер етіп, оны дұрыс жолға сaлу. Жазаның жүзеге асырылу тәсілдеріне қарай денелік жаза, бaс бостандығынан айыру және жер аудару, aйып салу, көпшілік талқысына салу, тәубеге келтіру түрлеріне бөлінеді. Белгіленген жaзa жасалынған қылмыстың ауыр-жеңілдігіне міндетті түрге сай болуы қажет. Исламға қарсы қарулы әрекет жасағанда, бүлік шығарғанда, діннен безуді насихаттаған да өлім жазасы кесіледі. Қолға түскен қылмыскер күнәсін мойындал, тәубеге келсе, онда өлім жазасы жеңілдеу жазамен алмастырылады. Өлім жaзaсына кісі өлтіргендер, әсіресе қaрaқшылықпен өлтіргендер кесіледі. Қылмыскер өзін ұстап алғанға дейін күнәсін мойындау өзі берілсе ол өлім жазасынан аман қалады, бірақ құн төлеп, күнәсін мойнына алуы қажет. Қазіргі кезде ату жазасы қолданылады. Өлім жазасының ерекше түрі - жұбайлар арасындағы опасыздық үшін тағайындалатын таспен ұрып өлтіру жазасы. Есе қайтару жазалары адамның өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған қылмыстар: кісіні өлтіру, мертіктіру, улау, т. б. үшін қолданылады. Бұл қылмыстар үшін жаза талион негізі бойынша таңдалды. Соңғы жағдайларда кісі өлтіру, жарақаттау әдейі жасалмаса құн төлеуге үкім шығарылады. Кісі өлтіру біреудің бұйыруымен немесе мәжбүр етуімен жасалған жағдайда, өлтіруші адам бұйрық берушіге тәуелді болса, онда бұйрық берген адам қылмыскер болып есептеледі. Қылмыс арандату кесірінен жасалса, жауапкершілікті кісі өлтіруші мен арандатушы бөліп көтереді. Зардап шеккен адам оның заңды кешірім берген жағдайда есе қайтару жазасы қолданылмауы мүмкін. Алдын алу жазасы мына жағдайда белгіленуі мүмкін: діннен безгені және бүлік шығарғаны үшін, егер сот қылмыскерді өлім жазасына кесу қажет деп таппаса: рәсімдік парыздарды көпшілік көзінше әдейі бұзғаны және оны масқаралағаны үшін; тәртіп бұзуға арандатқаны үшін: әйелдерді қорлағаны үшін, осы әрекеті әшкере болған адамдар некеде жоқ болса, азғындық, маскүнемдік, біреуді араққа мас қылғаны, құмар ойындарына тартқаны үшін; көзбояушылық пен осы тәріздес тәртіп бұзғаны үшін. Хадд жазасын қолданғанда 40-тан 100-ге дейін дүре соғылады. Соттың шешімімен хадд жазасы қосымша дүре соғу, айып салу, бас бостандығынан айыру, т. б. жергілікті тәртіп бойынша қарастырылған жаза түрлерімен қатайтылуы да мүмкін. Өнегелік жаза үкімет орындарына бағынбағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, біреудің мүлкін ұрлағаны, сауда тәртібін бұзғаны, т. б. салыстырмалы түрде жеңілжелпі тәртіп бұзушылар үшін тағайындалады. Тазир жазасы шыбықпен, таяқпен дүре соғу (5-тен 39 дүреге дейін), түрмеле немесе үйде алты айға дейін қамау, ақшалай айып салу, көпшілік алдында әшкерелеу, т. б. түрде жүзеге асырылады. Қызмет бабында қылмыс жасағандарға қарсы жоғарыда аталған шаралармен қатар мүлкін тәркілеу жазасы да қолданылуы мүмкін. Хадд жазасының кез келген түріне аяқ астынан тазир жазасының бірі үстемеленеді, қосымша жаза осы жазаларды қосып қатайтады. Кез келген жаза қылмыскердің тәубеге келуін, дұрыс жолға түсуін көздейді. Ол қылмысын қоймай, жалғастыра берсе, жаза қайтадан қолданылуы мүмкін. Егер ол тәубеге келсе, соттың ұйғаруымен күнәсін жуу әрекетінің бірін атқаруға міндетті. Сот шешімі бойынша белгіленген жазаның бәрі атқарылғаннан кейін ол таза сумен жуынып, өне бойын тазалайды, сол сәттен бастап ол қайтадан қоғамның қатардағы мүшесіне айналады. Тәртіп бұзғаны үшін жауап беру адамның жалпыға ортақ құқыққа жарамдылығының бір көрінісі болып табылады, барлық құқыққа жарамсыздар жазаға тартылмайды, ал бас боғандығы жоқтарға, әйелдерге, т. б. толық құқығы жоқ топтарға, ерікті еркек мұсылмандарға кесілетін жазаның жартысы тағайындалады. Жазаны жартыға бөлу мүмкін емес жағдайларда (мысалы, өлім жазасы) бас еркіндігі жоқ кісі ерікті адам сияқты жазаланады. Қылмыскер басқа діни сенімдегі адам болып, жасаған кылмысының діни сенімімен ешқандай байланысы жоқ болса, ол адам мұсылманмен бірдей жазаға тартылады; ол тәубеге келтіру жазасынан босатылады, оның орнына айып салынуы мүмкін. Қазіргі кезде де осы жазалардың барлық түрлері шартты түрде сақталған, олардың арасынан дамыған елдер заңдарындағы жазаларға сай келетіндерін, түрмеге қамау, еріксіз жұмыс істету, айып салу, қоғамдық талқыға салу сияқты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz