Зоология пәні мен оның міндеттері


Ф-ӘД-001/026
1. КІРІСПЕ
Пән туралы қысқаша сипаттама:
Зоология (жануартану) - жануарлар туралы ғылым. Бұл ғылым жер бетіндегі жануарлардың құрылысын, дамуын, тіршілігін, өмір сүру ортасын, таралуын, шығу тегін зерттейді.
Зоология пәні жануарларды жан-жақты зерттеу, оның құрылысын, көп түрлілігін, тіршілік әрекетін, таралуын және экологиясын, халық шаруашылығындағы және адам өміріндегі маңызын оқытады. Зоология курсы үлкен, әрі әртүрлі жануарлардың жалпы биологиялық заңдылықтарын қарайды.
Жануарларды үлкен екі топқа бөлеміз:
- омыртқасыздар
- омыртқалылар
Бұл бағдарлама бірінші үлкен топ омыртқасыз жануарлар тобына арнап түзілді.
Университеттерде химия-биология, биология-психология бөлімдерінде омыртқасыздар зоологиясын оқытуда төмендегі шарттарды негізге алу қажет: омыртқасыздардың негізгі белгілерін салыстырмалы түрде жеткізу; омыртқасыздардың алуан түрлілігін тіршілік орталарымен байланыстыру; эволюциялық даму сатыларын көрсету; морфо-биологиялық бейімделушілігі; тіршілік кезеңдеріне анализ жасау; пайдалы омыртқасыздарды көбейту, қорғаудың негізгі шаралары.
Зиянды омыртқасыздарды жою, сақтану шаралары. Нерв системасы мен сезім мүшелерінің эволюциясы т. б.
Студенттерге тіршілік-жоғары ұйымдасқан материя қозғалысының ерекше формасы екендігі туралы түсінік беру.
Пәннің мақсаты:
Зоология пәнінің мақсаты: ол жануарлар құрылысын, тіршілік ету тәсілдерін, биологиялық ерекшеліктерін, эволюциясын, сол сияқты табиғатта және адам өміріндегі маңызын жан-жақты оқытып үйретеді.
Биология мамандандыру саласында зоология іргелі пәндердің біреуі болып саналады. Жануарлар түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келеді, сондықтан зоология көптеген биологилық ғылымдардың негізгісі - систематиканың, салыстырмалы анатомияның, жануарлар физиологиясының, цитологияның, гистологияның, экологияның, салыстырмалы эмбриологияның, этиологияның, биоценологияның, зоогеографияның, протозоологияның, гидробиологияның, паразитология т. б.
Жануарлардың алуан түрлілігінің дамуын, шығу тегін зерттей отырып органикалық дүниенің эволюциясын, заңдалықтарын зерттеуге болады.
Жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыстарының ерекшеліктерін, тіршілік әрекетін, ортаға бейімдеушілігін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану мен оның табиғаттағы қорын сақтау зоологияның негізгі мақсаттары болып саналады.
Пәннің міндеттері:
Жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру.
Лабораториялық құралдармен жұмыс істеуді үйреніп, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдылану.
Жануарлар әлемінің көп түрлілігіне және оларды зерттегенде әрқайсысын зерттеу методикасының әртүрлілігіне байланысты зоология екі бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы - хордалылар типіне жататын жануарларды және омыртқасыздар зоологиясы жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады.
1. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1. Лекция тақырыбы: Зоология пәні мен оның міндеттері.
2. Лекция жоспары:
1. Зоологияның қысқаша даму тарихы.
2. Бір клеткалы жәндіктер.
3. Фараминифералар отряды.
3. Лекция мақсаты: Студенттерге зоология ғылымының даму тарихын, ондағы еңбегі сіңген ғалымдардың еңбегімен таныстыру.
Лекция мазмұны: Зоология жануарлар дүниесінің көп түрлілігін, оның эволюциялық дамуын тіршілік жағдайлары мен байланыста және табиғаттағы, әрі адам өміріндегі маңызын зерттейтін негізгі пәндер: морфология, систематика, физиология, эмбриология, экология, зоогеография, палеонтология, филогенетика. Жануарлардың әр түрлі топтарын зерттейтін зоология тараулары: протистология, гельминтология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология т, б . Зоология жаратылыстанудың басқа салаларымен байланысты.
1. Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер адамзат баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Олар өздері аулаған жануарлардың сырт пішінін паналайтын үңгірлер қабырғасындағы тастарға және күркелерінде қалдырған сүйектерге ойып салып отырған.
Ал жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына ең алғаш жол ашқан гректің ұлы ғалымы және философы Аристотель болды. Аристотель жануарлар классификациясын жасап, зоология систематикасының негізін салған. Ол жануарлардың 500-ден астам түрлерін зерттеп оларды 2 топқа бөлген. 1) «энойма» -қаны бар жануарлар: 2) « анойма» -қаны жоқ жануарлар.
Бірінші топқа қанды жануарларға 1) тірі туатындарды (аңдарды), 2) құстарды 3) бауырмен жорғалаушыларды, қосмекенділерді, 4) балықтарды жатқызды.
Екінші топқа, қансыздарға 1) басаяқты моллюскаларды, шаян тәрізділерді, 3) насекомдарды, өрмекшілерді және құрттарды жатқызды.
Аристотель көптеген кітаптар жазған. Ол насекомдардың толық және шала дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, сүтқоректілердің зәршығару және жыныс мүшелерін айқын бейнеледі, сүтқоректілерді жұптұяқтыларға, балықтарды шеміршектілер мен қатты сүйектілерге бөлді.
Зологияны дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон Ван Левенгук және ағылшын ғалымы Роберт Гук . А. Левенгук қарапайым құрылысты микроскоптарды жасап, тұңғыш рет бір клеткалы тірі жәндіктерді ашты, ал Р. Гук өсімдіктің құрылысын зерттеп, оның клеткадан тұратынын анықтады.
18-ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің жасаған системасын жұртшылық мойындады. Ол өзінің « Табиғат системасы» деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді -туысқа, туыстарды-отрядтарға, ал отрядтарды кластарға біріктірді. К. Линней өсімдіктердің 7540 түрін зерттеп, оларды 24 класқа бөлді, ал жануарлардың 4200 түрін зерттеп, оларды 6 класқа бөлді. 1) сүтқоректілер, 2) құстар, 3) бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер, 4) балықтар 5) насекомдар 6) құрттар-моллюскаларды жатқызған.
2. Қарапайымдылар -бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т, б қызметтрін атқарады.
Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар жалған аяқтары яғни псевдаподиялары және жіп тәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі-митоз.
Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті -копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған клеткадан -зигота пайда болады.
Қарапайымдылардың бір ерекшелігі -қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе) клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі. Қоректену тәсіліне қарай қарапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемімен синтездеу арқылы алады немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді. (бактериялармен, көк жасыл балдырлармен, ) Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Қарапйымдылардың 70-мыңнан астам түрлері белгілі, тұшы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.
Амебалар отряды -негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез-келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін-жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері болады. Амебалар тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп таралған. Денесінің мөлшері әр түрлі 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Амеба жалған аяқтары немесе псевдаподиялары арқылы қозғалады. Амеба бактериялармен, көк жасыл балдырлармен қоректенеді. Қорек заттарын жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, содан кейін асқорыту вакуолі түзіледі. Вакуолдағы ферментер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған зат қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез-келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез-келген жерінен сыртқа шығарып отрады. Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді. Осы вакуоль 3 түрлі қызмет атқарады: зәр шығару, осмос қысымын реттеу, және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарғажәне суға толып жиырылып тұрады. Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амебалар цистаға айналады. Амебалар отрядына еркін өмір сүретін түрлерінен басқа, паразитті өмір сүретін түрлері де жатады. Мысалы, дизентериялық амеба. Денесінің мөлшері 20-30 мкм-адамның тоқ ішегінде өмір сүреді, амебалық дизентерия немесе амебиаза деген ауруын қоздырушы болып табылады.
3. Фораминифералар отряды. Фораминифералар отрядына теңізде тіршілік ететін 4000-нан аса түрлері жатады. Бұлардың дене құрылысы амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы денесі сыртынан көп камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Фораминифералардың қабыршақтары эктоплазмадан бөлінген қалың органикалық ералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған заттан -псевдохитиннен құралған. Осы органикалық затқа көмірқышқыл ізбесті сіңген, сондықтан қабыршақтары жеңіл және берік болып келеді. Фораминифералардың жалған аяқтары қабыршақтың тесігінен сыртқа шығып, жіп тәрізді ұзын, бір-бірімен ұштасып түйінделіп тор жасайды. Бұларды ризоподия деп атайды. Ризоподия негізінде қоректік заттарды ұстау және қозғалу қызметін атқарады. Фораминифералар ұрпақ алмасуы жолымен яғни жыныссыз көбеюі мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруын ұрпақ алмасуы деп атайды. Сөйтіп Фораминифералардың макросфералық формалары клетканың жыныссыз жолмен көбейген кезде пайда болады да, өздері жынысты жолмен көбейеді, ал микросфералық формалары жынысты жолмен пайда болады да өздері жыныссыз жолмен көбейеді.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Жануарлар әлеміне жалпы сипаттама?
2. Зоологияның даму тарихы?
3. Жануарлар әлемінің жүйесі?
4. Қазіргі кезде жануарлар жүйесін қанша типке бөледі, аттарын атаңдар?.
5. Қарапайымдылар әлемі бір клеткалы жәндіктер?
6. Қарапайымдылардың көбеюі және таралуы?
7. Қарапайымдылардың систематикасы?
8. Тамыр аяқтылар класс тармағы?
2. Лекция тақырыбы: Талшықтылар класы -жасыл эвглена.
2. Лекция жоспары:
1. Жануартектес талшықтылар класс тармағы.
2. Көп талшықтылар отряды.
3. Паразиттік тіршілік ететін бір клеткалылар.
3. Лекция мақсаты: Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын үйрену. Талшықтыларға жататын жәндіктердің тіршілігімен танысу.
4. Лекция мазмұны: Талшықтылар класы -Mastigophora. Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақрақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады. Талшықтылардың негзгі белгісі бір немесе бірнеше талшықтарының болуында, бұлар денесінің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып келеді. Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін айналымды жасайды.
Талшықтылардың клеткасы сыртынан мембранамен қапталған. Цитоплазмасы сыртқы жұқа, мөлдір эктоплазма және ішкі түйіршікті эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула деп аталатын қабықша түзейді, осыған байланысты талшықтылардың денесі өзгермей тұрақты болып келеді. Олар ұршық тәрізді не ұзынша сопақтау цилиндр, шар, элипс пішіндес болып келеді.
Талшықтылардың басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Ядро митоз әдісімен бөлінеді, содан кейін цитоплазма клетканың алдыңғы жағынан бастап артқы жағына қарай ұзынынан бойлай екіге бөліне бастайды.
Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай 2 класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар және гетеротрофты жануартектес талшықтылар.
Эвгленалар отряды-Euglenoidea
Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотровты және гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік етеді.
ОЛардың негізгі өкілі -жасыл эвглена. Денесі ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді. Денесіінің алдыңғы жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді қозғалыс жасайды. Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі-стигма орналасқан, қызыл птгмент-гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше ұсақ вакуольдері қоршап жатады.
Ұзынынан бюойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған қапталып цистаға айналады.
1. Жануартектес талшықтылар класс тармағы. Гетеротрофты талшықтылар, еркін немесе паразиттік тіршілік етеді. Олар құрылысы мен тіршілік әрекетіне байланысты көптеген отрядқа бөлінеді. 1. Жағалы талшықтылар отряды-жеке және колония түзіп тіршілік етеді. Талшығы біреу, оның түбін цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Талшықтың қозғалу әсерінен ұсақ органикалық қоректік заттар ( бактериялар, көк жасыл балдырлар т. б ) жағаға жабысып, бірте-бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуоліне өтеді.
2. Тамыраяқты талшықтылар отряды-бір немесе бірнеше талшықтары болады. Олар талшықтарымен қатар жалған аяқтарын да шығара алады, сондықтан да екі кластың аралық иесі болып саналады. Бактериялармен, көк жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз жолмен ғана көбейеді.
3. Гипермастигиналар отряды- көп талшықты, көп ядролы қарапайымдылар. Күрделіленген базаль түіршіктері және жіпшелері болады. Өкілдері тарақандардың ішегінде тіршілік етеді. Көп жағдайда гипермастигиналар мен термиттер селбесіп тіршілік етеді.
4. Опалинина отряды- өкілдерінің енегізгі ерекшелігі көп ядролы, денесі түгел кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы опалининаларды кірпікшелілер класына жатқызған. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты айырмашылығы ядролары бірдей болып келеді, жынысты көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция процесі жүреді. (инфузорияларда -коньюгация. Қосмекенділердің ішегінде тіршілік етеді, сапрофитті жолымен қоректенеді.
2. Көпталшықтылар отряды- өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде толқын тәрізді жарғақ мембранасы және бүкіл денесін бойлап өтетін тығыз тірек таяқша -аксостильдері блады. Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Адамда трихомонас және ләмблия туысының өкілдері кездеседі.
Трихомонос -адамның тоқ ішегіеде тіршілік ететін сопақша келген кішкене 5-15 мкм-ді талшықтылар. Денесінің алдыңғы жағында 4 талшығы болады.
Лямблия-адамның ащы, он екі елі ішегінде және өт жолдарында тіршілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, екі ядросы, 8 талшығы және парабазальді түіршікрі болады. Лямблия ішек ауруын туғызады, кейбір жағдайларда өт жолына, бауырға өтеді. Ауру циста арқылы жұғады.
Трипоносома туысының өкілдері 20-70 мкм-ді сопақша, ұшы сүірленіп келген талшықтылар. Талшығы ұзын, артқы жағынан басталып денесінің алдыңғы жағына келіп бос бітеді. Талшық пен клетка мембранасының арасында толқын тәрізді жұқа жарғақ мембрана түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипанасомалар омыртқалы жануарлар мен адамның қан клеткалары мен ұлпаларында паразиттік тіршілік етеді. Трипанасома адамда болатын «ұйқы ауруын» қоздырушы. Бұл ауру Африкада көп тараған. Трипанасоманы ауру адамнан сау адамға тасушы це-це шыбыны.
Лейшмания-туысының өкілдері ұсақ, көлемі 2-4 мкм, адамның клеткаларының ішінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты олардың талшықтары жойылған, ал қолдан жасаған қоректік ортада және лейшманияларды тасымалдаушы насекомдардың ішегінде олар өздерінің ұзын талшықтарын қайтадан шығарады.
Лейшмания ауруларын жұқтырушы -ұсақ насекомдар -москиттер болады. Лейшманиоз аурулары Кавказда және Орта Азияда көп тараған. Адамды осы ауруға шалдықтыратын негізгі өкілдері -тері ауруын туғызады. Бұл ауруға шалдыққан адамның терісінде терең ойық жаралар пайда болады.
3. Паразиттік тіршілік ететін бір клеткалылар.
Адамның ішек амебасы -адамдардың ішегінде амебаның көптеген түрлері өмір сүреді, бірақ олардың иесіне зияны жоқ, олар ішектегі бактериялармен қоректенеді. Бірақ адам ішінде өмір сүретін зиянды тіршілік ететін дизентерия амебасы кездеседі. Оның әсерінен адам ішек ауруына ұшырайды. (дизентериоз ауруы) Зиянкес адамның ішегінің жұмсақ қабатына өтіп, қан жасушаларымен қоректеніп, көбейеді. Нәтижесінде адамның іші өтуіне апарып соғады. Аурудың таралу жолы циста арқылы, ол қалдық заттармен бірге сыртқы ортаға шығып, тамақпен, сумен қайта түссе даму қайталанып, адам ауруға шалдығады.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Талшықтылар класына жалпы сипаттама?
2. Талшықтылар қалай көбейеді?
3. Өсімдіктектес талшықтылар өкілі?
4. Сауыттылар отряды?
5. Жануартектес талшықтылар?
6. Тамыраяқты талшықтылар отряды?
3. Лекция тақырыбы: Споралылар типі
2. Лекция жоспары:
1 . Кокцидиялар
2. Қан споралылар отряды
3. Миксоспоридиялар класы
3. Лекция мақсаты: Студенттерге споралылардың тіршілік әрекеті мен биологиясын түсіндіру. Споралылардың ағзаға тигізетін әсерін, олардан сақтану жолдарымен таныстыру
Лекция мазмұны: Споралылар типі-Sporozoa
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер.
Паразиттік тіршіліктін әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органойдтары болмайды, тек жынысты клеткаларында - микрогаметаларында -талшығы болады.
Cпоралылар жыныссыз, жынысты және спорагония жолымен көбейеді.
Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны мизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозойдттар деп аталатын жас особьтар шығады.
Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаның ішінде, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар-бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралылардың ішінде орналасады.
Споралылар типі 2 класқа бөлінеді: Грегариналар- Gregarinina және кокцидиятәрізділер -Соссіdiomorpha.
1. Кокцидиялар -кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, ұй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішек эпителий клеткаларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зойт деп атайды (споразойт, мерозойт) . Зойдтың сыртқы үш мембраналы қабық - пелликуламен қапталынған.
Зойттың денесінің алдында екі айырша оргонойдтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрильді - конойд және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2 ден 14-ке дейін - роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіні кіреді. Роптрия шыққан сұиық зат иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, канойд зойт бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді.
Кокциялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қояндардың паразиті - эймерия туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия кезектесіп тұратын мизогония, гометогония және спорогония жолдарымен дамиды. Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып ішінен 8спорозойт шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий ену керек. Конойт және роптриялар арқылы спорозойд клеткаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді.
Бұл жыныссыз көбею кезеңі.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозойттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, микрогамонттардың ядросы көпке бөлініп цитоплазмамен қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметолармен қосылады . Копуллция нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішіндегі спорогония кезеңі өтеді.
Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады.
Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен қапталынып, спороға айналады. Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп - екі спорозойт түзілед.
Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозойттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінің жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму циклын бастайды.
2. Қан споралылар отряды - Haemosporidia.
Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың яғни масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
Безгек масасы адамды шаққанда сілекеймен бірге адам қанына спорозойттар түседі. Спорозойттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді не-месе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зойт құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен спорозойттар қан тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы кезде шизогония көбеюі кезеңі басталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz