ИНЕШАНШУ ЖӘНЕ КҮЙДlРУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ
САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрік университеті
Г. А. Дущанова, А. М. Абдухалыков
ИНЕШАНШУ ЖӘНЕ КҮЙДlРУ
ТҮРКІСТАН
2004
УДК 614. 1
ББК 53. 59
Пікір білдірушілер:
- Қазаќстан дєрігерлердіњ біліктілігін жетілдіру институтыныњ Шығыс медицинасы кафедрасының меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Чемерис А. В.,
- Қараѓанды мемлекеттік медицина академиясыныњ Жүйке аурулары кафедрасының меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторыАбдрахманова М. Ғ.
Авторлар: Дущанова Г. А., Абдухалыков А. М.
Инешаншу және күйдiру
Оқулық - 2003-445 б.
ISBN
ЌР жоғарғы медициналық оќу орындарыныњ оќу-єдістемелік бірлестігініњ мєжілісінде оќулыќ ретінде бекітілген (хаттама N6, 07. 07. 2003ж) .
ХКТУ-нiң медицина факультетi жүйке аурулары және шығыс медицинасы кафедрасының меңгерушiсi м. ғ. д., профессор Г. А. Дущанова және м. ғ. к., доцент А. М. Абдухалыков жазған «Инешаншу және күйдiру» оқулыѓы шығыс медицинасының ең маңызды бөлiмдерiнiң бiрi - инешаншу және күйдiру әдiстерiне арналған. Бұл оќулыќ ќазiргi күнде инешаншу мамандыѓы бойынша дәрiгерлердi қазақ тiлiнде оқыту және дайындау үшiн жазылған алғашқы кiтаптардың бiрi болып табылады. Оқулық екi бөлiмнен тұрады, бiрiншi бөлiмiнде инешаншу мен күйдiру әдiстерiнiң даму тарихы, оның ежелгi шығыс медицинасының теориялық негiздерi, арналар мен акупунктуралық нүктелердiң топографиясы, олардың көрсетпелерi мен қолдану әдiстерi кеңiнен сипатталған, ѓажайып арналар, арнадан тыс және акупунктураның жаңа нүктелерi, аурикулотерапия мен скальпотерапия туралы да мағлұмат алуға болады. Оқулықтың екiншi бөлiмiнде әр түрлi аурулардың шығыс медицинасы тұрғысынан негiзгi нозологиялық формалары бойынша этиологиясы, патогенезi, клиникасы мен емi жазылған. Оқулық қарапайым және жеңiл тілде жазылған, мәлiметтерді тез қабылдауға ыңғайлы.
Оқулық жоғары медицина оқу орындарының шығыс медицинасы факультетiнiң студенттерi мен дәрiгер-интерндері үшiн және шығыс медицинасынан дәрігер-мамандарды дайындауға арналған.
ББК 53. 59
Д. 86
ISBN Дущанова Г. А.
Абдухалықов А. М.
КlРlСПЕ
Бұл кiтап инешаншу туралы қазақ тiлiнде жазылған алғашқы оқулықтардың бiрi болып табылады. Ине шаншып емдеу әдiсiне соңғы кезде үлкен көңiл бөлiнiп отыр. Б±л емдеу әдiсi дәстүрлi Қытай медицинасының бiр бөлiгi болып табылады. Оқулық көне дәстүрлi Қытай медицинасының теорияларына негiзделiп жазылған, дао, инь-ян, ци мен қан, цзан-фу, арна мен коллатеральдар, алты патогендi фактор, жетi көңiл күй туралы маѓл±мат берілген. Бұл аурудың пайда болуын және оларды инешаншу арқылы емдеудi дәстүрлi Қытай медицинасының т±рѓысынан дұрыс түсiнудің негiзі болып табылады.
Бiз көне дәрiгерлердiң адам ағзасы табиғаттың бiр бөлiгi екендiгiн, халық медицинасының даналығын, олардың «денсаулық-ауру» туралы көзқарасын, диагностикалық критерийлерiн көрсету арқылы, бұл iлiмнiң осы кезеңде де өзекті екенiн айтқымыз келдi.
Оқулықта классикалық инешаншудың теориялық негiздерi және инешаншуды нәтижелі қолдану үшiн ауруды дәстүрлi Қытай медицинасының тұрғысынан қарау керектігі келтiрiлген. Себебі ќазiргi кезеңдегi медицина бiлiмiн алған дәрiгерлер, инешаншуды қолданғанда диагностикалық және емдеу әдiстерi арасында қайшылықтарды көп кездестіредi.
Оқулықтың теориялық бөлiмiнде дәстүрлi Қытай медицинасының негiзгi теориялыќ концепциялары берiлген: Дао, Инь-Ян, У-синь, арна мен коллатеральдар, цзан-фу, ци мен қан, сұйықтықтар. Толығынан арналар жүйесi кµрсетілген: 12 бас арналар, «Ғажайып арналар», коллатеральдар, т. б. Арналар жүйесiнiң құрылысы мен функционалды қ маңызы сипатталған, олардың әр түрлi патологиялары, емдеу єдістері берiлген.
Акупунктуралық нүктелердi анықтауды жеңiлдету үшiн олардың қытайша аттары және сандық белгiленуi көрсетілген. Арнадан тыс және жаңа нүктелердiң топографиясы мен көрсетпелерi келтiрiлген. Оқулықта аурикулотерапияның және скальпотерапияның негiздерi берiлген.
Екiншi бөлiмiнде аурулардың сипаттамасы дәстүрлi Қытай медицинасы негiзiнде олардың синдромдар бойынша ажыратпалы диагностикалық белгiлерi көрсетiлген, нүктелердi таңдау және олардың талдауы жазылған, емдеу єдістері келтірілген.
I БӨЛlМ
ЖАЛПЫ ИНЕШАНШУТЕРАПИЯ
I ТАРАУ
АКУПУНКТУРА МЕН КҮЙДlРУДlҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Акупунктура (инешаншу) мен күйдiру, қытайша чжэнь-цзю (чжэнь-инешаншу‚ цзю-күйдiру) әдiсi Қытайда өте көне заманда пайда болған‚ оның тарихы тас дәуiрiнен басталады‚ сол кездiң өзiнде адамдар мен малды емдеу үшiн тас инелер қолданған (“биан тас ине”) .
Iшкi Монголияның Дуо-лин аймағында жаңа тас дәуiрiнiң қазбаларында 4‚5 цуньдiк тас инелер табылған. Сондай тас инелер Кытайдың Шанданг провинциясының Ризао округiнде де табылған‚ олардың ұзындығы 8‚3 см - 9‚1 см болған. Оларды қан шығару үшiн‚ ци мен қан айналымын реттеу үшiн қолданған. Бұл археологиялық табыстар акупунктура әдiсiнiң алғашқы қауым кезiнен пайда болғанын дәлелдейдi.
“Жай сұраулар” кiтабының 12 тарауында: “Биан тас инемен” емдеу Қытайдың Шығысында пайда болған‚ ал күйдiру Солтүстiкте пайда болған” деп жазылған.
Археологиялық зерттеулер осыдан 3 мың жыл бұрын акупунктура мен күйдiрудiң иероглифтары сүйек пен тасбақаның панцирiне жазылғанын анықтап отыр.
Металл (қола) өңдеу әдiстерi пайда болғанда мыс инелер жасалынды. Осы кезде Инь-Ян‚ У-синь философиялық теориялары пайда болды‚ ал медицина саласында пульс‚ қан‚ дене сұйықтары‚ Ци‚ шэнь‚ бес дыбыс‚ бес түстi бояу‚ бес дәм‚ т. б. және адам денесiнiң сыртқы ортаға бейiмделу принциптерi туралы түсiнiк болды. Осылай дәстүрлі Қытай медицинасының теориялық негiздерi қалыптасты.
Соғысушы елдер Квин династиясы кезiндегi және Батыс Хан династиясы тұсында (б. д. д. 475-221 жылдары; б. д. д. 206 жылдан-б. д. 24 жылы) металдан жасалынған медициналық акупунктураға арналған инелер пайда болды. Осыдан бастап акупунктура тез дами бастады. Металл иненiң 9 түрi пайда болды (“Ғажайып нүкте” кiтабында көрсетiлген) . 1968 жылы Кебей провинциясының Манченг округiнде Батыс Хан династиясының моласы қазылып ашылды (б. д. д. 113 ж. ) ‚ онда төрт алтын‚ бес күмiс ине табылды. Сол кездегi дәрiгерлер ауруларды әр түрлi әдiстермен емдеген: инешаншу‚ күйдiру‚ шөптермен емдеу‚ массаж‚ жылы компресс және т. б.
Мавангдуйдегi (Хунан провинциясы) Хан моласын ашқанда екi жiбек матаға жазылған арналар мен коллатеральдар теориясы табылған (б. д. д. 3 ғасыр) .
Сол уақытта дєст‰рлі Қытай медицинасының теориялық негiздерi туралы “Хуан Ди Нэй Цзин” деген көне кiтапта жазылды. Онда дєст‰рлі Қытай медицинасының негiзгi принциптерi ретiнде Инь-ян теориясы‚ У-син теориясы‚ цзан-фу‚ арналар мен коллатеральдар‚ ақыл мен жан‚ ци‚ қан‚ дене сұйықтары‚ бес сезiм мен алты сыртқы патогендi факторлар көрсетiлген‚ ал акупунктура мен күйдiру негiзгi емдеу әдiсi деп айтылған. Бұл кiтап Қытай медицинасының теориялық негiзiн құрды.
256-260 жылдары белгiлi дәрiгер Хуан Фу Ми «Цзя И Цзин» (“Акупунктура мен күйдiрудiң жүйеленген классикасы”) атты трактатын жазды. Ол “Жай сұраулар”‚ “Акупунктура каноны” және “Акупунктура нүктелерi мен күйдiру негiзi каноны” кiтаптарын қолданды. Трактат 12 томнан‚ 128 тараудан тұрады‚ 349 акупунктуралыќ нүкте жазылған. Бұл кiтап акупунктура тарихында ең ықпалды еңбектердiң бiрi болады. Трактатта цзан-фу‚ ци мен қан теориялары‚ каналдар мен коллатеральдар‚ акупунктуралық нүктелер‚ пульс диагностикасы‚ акупунктура әдiстерi‚ олардың клиникалық қолданулары жазылған.
Суй (581-618 жж. ) және Тан династиясы (618-907 жж. ) кезiнде акупунктура мен күйдiру жақсы дамыды. Бұл кезде акупунктура туралы кiтаптар жүйеге келтiрiлдi‚ Сун Сы Мяо «Цзянь Цзин Фан» (“Мың алтын құйма тұратын‚ жедел жәрдем нұсқаулары” және “Мың алтын құйма тұратын‚ жедел жәрдем нұсқауларына қосымша”, 650-652 ж; 680-682 ж) кiтаптарын жазды жєне “Үш проекция диаграммасын” сызды‚ онда 12 тұрақты арна‚ 8 қосымша арналар түрлi түстi етiп көрсетiлген‚ 650 акупунтуралыќ нүкте салынған.
Тан династиясы кезiнде империялық медициналық бюро құрамында 4 медициналық және фармациялық департамент болды. Соның iшiнде бiреуi акупунктураны басқарды. Оның штатында 1 профессор‚ 1 ассистент болды‚ олар студент-дәрiгерлердi оқытты.
Бес династия (907-960 ж. ), Лиа династиясы (916-1125 ж. ), Сонг династиясы (960-1279 ж. ), Ийн династиясы (1115-1234 ж. ) ‚ Юан династиясы (1206-1368 ж. ) тұсында өкiметтiң қолдауымен Ван Вей И «Тун Жэнь Шу Сюе Чжэнь Цзю Ту» (“Жаңа қола фигурада иллюстрацияланған “Акупунктура мен күйдiру қолбасшы кiтабын”) жазды (1026 ж. ) . 1027 ж. Ван Вей Идiң жобасымен екi қола мүсiн құйылды‚ (iшкi мүшелермен‚ арналармен) сол кезде “Акупунктура мен күйдiру шығу тегiнiң каноны” (Ванг Дзингдзанг) ‚ “14 арнаның экспозициясы” (1341 ж., Хуа Шоу) атты кiтаптары жазылды.
Бұл кезде теорияның және емдеу әдiстерiнiң әр түрлi бөлiмдерi дамыды‚ оның көптеген тармақтары пайда болды - балалар аурулары‚ жедел жәрдем‚ жалпы ауырсынуды басу‚ т. б. Осы кезде анатомия бөлiмi кеңiнен дамыды‚ анатомияны зерттеуде өлiктер кеңiнен қолданылды‚ хроноакупунктура емдеу әдiстерi қалыптасты.
Минг династиясы кезiнде (1368-1644 жж. ) акупунктура үлкен жетiстiктерге жеттi:
1) акупунктурадан көптеген еңбектер пайда болды. Олар инешаншудан осы уақытқа дейiнгi бiлiмдi талдап‚ реттедi‚ тереңдеттi;
2) әр түрлi емдеу әдiстерiн жүйеге келтiрiп‚ талдау жасалынды;
3) күйдiру мен қыздыру әдiсiне өте көп көңiл бөлiндi;
4) акупунктуралық нүктелер жүйеге келтiрiлiп‚ жаңа нүктелер пайда болды. Бұл кезде көп атақты дәрiгерлер шықты, мысалы, атақты Ян Цзи Чжоу 1601 жылы атақты «Чжэнь Цзю Да Чэнь» (Инешаншу мен күйдiрудiң толық қолбасшы кiтабы) трактатын жазды.
Кинг династиясынан опиум соғысына дейiн (1644-1840 ж. ) шөппен емдеу әдiстерi кеңiнен дамып, акупунктуралық емдеу әдiсiне көңiл бөлiнбедi. 1822 жылы Империялық медициналық колледждiң акупунктура мен күйдiру департаментi жабылды‚ себебі оны қажетсiз деп тапты.
1911 жылғы революция Кинг династиясының билiгiн жойды, акупунктураны одан әрi дағдарысқа келтiрдi. Жаңа өкiмет Қытай медицинасын әшкерелеп‚ оның дамуына кедергi келтiрдi. 1914 жылы Қытай өкiметi оны қолдануға тыйым салды‚ Қытай медицинасы құлдырап күйредi.
Алайда, Батыс Европа медицинасы Қытай медицинасына үлкен қөңiл бөліп, оны зерттеп, ғылыми тұрғыдан қарады. 1934 жылы Тан Шинның “Электропунктура принциптерi мен техникасы”, “Электропунктураны зерттеу” жарыққа шыққан жұмыстарының маңызы өте зор болды, осы жұмыстардың нәтижесінде Қытайда электроакупунктура қолданыла бастады.
Қытайда компартия жеңiске жетiп, билiкке келген соң чжэнь-цзю терапиясының қайта дамуы басталды. Ол кеңiнен зерттелiп, тәжірибеде қолданыла бастады. 1945 жылы халықаралық Бетуе атындағы госпитальда акупунктура клиникасы ашылды. 1947 жылы алғашқы рет “Акупунктура мен күйдiру қолбасшы” кiтабы жарық көрдi. 1948 жылы Кытай өкiметi акупунктура курсын Денсаулық Мектептерiнiң бағдарламасына енгiздi. 1951 жылы Қытайда акупунктура мен күйдiру Экспериментальды институты ашылды, ол 1955 жылы Академия болып қайта құрылды да басшысы болып Чжу Лянь тағайындалды. Оның “Қазiргi заман Чжэнь-цзю терапиясының қолбасшы” атты кiтабы 1959 жылы орыс тiлiне аударылды, бұл Совет Одағындағы дәстүрлі Ќытай медицинасының алғашқы кiтабы едi. 1975 жылы БОДҰ-ның нұсқауымен Пекинде, Шанхайда және Нанкинде Халықаралық акупунктура курстары жұмыс iстей бастады және акупунктураның дүние жүзiне кеңiнен тарауға себебiн тигiздi. 1979 жылы Бүкiл Қытайлыќ акупунктура мен күйдiру Ассоциациясы ашылды, ол барлық елдерде осы саланы дамытуға жұмылдырды.
Европада акупунктура туралы алғашқы мәлiметтер XIII ғасырда пайда болды, ал XVII ғасырда инешаншу әдiсiмен емдеу туралы “Қытай медицинасының құпиялары” деген кiтап Гренобльде бiрiншi рет басылып шықты, онда ауруларды инемен емдеу әдiсi туралы айтылады және ол әдiс «акупунктура» деп аталады.
Инемен емдеу әдiсiн алғашқы рет Россияда 1828 жылы Медико-хирургиялық академияның профессоры П. Чаруковский “Әскери-медициналық” журналда хабарлады.
Қытай халық медицинасын зерттеуде орыс дәрiгерi А. Татаринов үлкен үлес қосты (1817-1886 ж. ), ол Пекинде рухани миссияның құрамында жұмыс iстеп жүрiп, орыс тiлiне «Хуанди-Нэй-Цзин» кiтабын аударды, «Инешаншу мен мокса - олар Қытайда қандай» кiтабын жазды, пульс диагностикасы, сот медицинасында, емдiк өсiмдiктер жөнiнде өте маңызды зерттеулер жасады. Бұл емдеу әдiсiн кейiн келе Э. Вяземский, П. Корниевский, т. б. кеңiнен сипаттады.
Совет Одағында чжэнь-цзю емдеу әдiсi 1956 жылы бiр топ совет мамандары Қытай Халық Республикасынан оралғаннан соң кең дами бастады. Сол жылы СССР Денсаулық сақтау министрлiгiнде И. Кочергиннiң басшылығымен чжэнь-цзюдi зерттейтiн комитет құрылды. 1957 жылы “Инешаншу мен күйдiрудiң уақытша әдiстемелiк нұсқаулары” бекiтiлдi. 1958 жылы Бүкiлодақтық 1-шi терапевттер съезiнде В. Вогралик чжэнь-цзю әдiсiнiң клиникалық-физиологиялық негiздерi мен iшкi аурулар клиникасында қолдануы туралы баяндама жасады. Бұл оқиға чжэнь-цзюдың дамуына үлкен әсер еттi.
Келесi кезеңдерде Горькийде, Москвада, Ленинградта, т. б. қалаларда ғылыми конференциялар өттi, үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары басылды. Ол қалаларда дәрiгерлердiң мамандығын жетiлдiру курстары ашылды. 1977 жылы Бүкiлодақтық Рефлексотерапия институты ашылды, оныњ алғашқы директоры профессор Р. Дуринян тағайындалды, институт келешекте үлкен ұйымдастыру орталығына айналды, бара келе СССР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң орталық ғылыми-зерттеу Рефлексотерапия институты болып, онда үлкен ғылыми зерттеу жұмыстары жасалынды.
Қазақстан республикасында алғашқы рет 1986 жылы Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтында инерефлексотерапия курсы ашылып (меңгерушiсi доцент М. Ахметов), 1988 жылы өз алдына кафедра болып қайта құрылды (меңгерушiсi профессор А. Чемерис) . Чжэнь-цзюдiң Қазақстанда одан әрi дамуы профессор А. Чемеристiң атымен тығыз байланысты. 1991 жылы кафедра “Шығыс медицина” кафедрасына айналды, онда инерефлексотерапия, су-джок, мануальды медицина курстары ашылды. Бұл кафедра чжэнь-чзю емдеу әдiсiнiң дамуына үлкен үлесiн қосты, ғылыми-әдiстемелiк орталығына айналды. Халықаралық байланыстарды нығайтып, әлемге танымал ғалымдардың басын қосып (Кореядан доктор Пак Чжэ Ву, Англиядан доктор К. Дантон), Қазақстанда Су-джок, мануальды медицинаны дамытты. Сол жылдары көптеген ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткiзiлдi, бiрнеше ғылыми мақалалар жинағы жарыққа шықты, акупунктурадан оқулықтар мен кiтаптар, чжэнь-цзюден қысқаша энциклопедия, атлас, мануальды медицинадан оқулықтар шығарылды.
Қазақстанда чжэнь-цзюдiң одан әрi дамуына 1991 жылы Түркiстанда Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң ашылуы, сол университеттегі медицина факультетiнiң неврология кафедрасында шығыс медицинасы курсының ұйымдастырылуы себепші болды (меңгерушiсi профессор Г. А. Дущанова), кейiннен ол Неврология және шығыс медицинасы кафедрасына айналды. Кафедра құрамында инешаншу және күйдiру, цигун, шығыс фитотерапиясы, мануальды медицина пәндері енгізілді. Шығыс медицинасы мамандарын дайындау жөнiнде үлкен ұйымдастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Оған м. ғ. д., профессор Г. А. Дущанованың және м. ғ. д., профессор С. Ш. Шалхаровтың еңбегi көп сiңдi. Қысқа уақыттың iшiнде алғашқы рет Қазақстан тарихында медицина жоғары оқу орындарында студенттердi шығыс медицинасы мамандығы бойынша дайындау басталды. 1999 жылы ХҚТУ медицина факультетi алғашқы рет шығыс медицинасы мамандарын дайындап шығарды. Бұл оқиға Қазақстан медицинасының тарихында бірінші болып орын алды.
II ТАРАУ
ШЫҒЫС МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГlЗДЕРl
Жоғарыда айтылғандай чжэнь-цзю терапиясының теориялық негiздерi Хань династиясының тұсында (б. д. д. 206-220 ж. ж. ) толық қалыптасып болды. Ол “Хуан Ди Нэй Цзин” кiтабында жинақталып‚ жүйеге келтiрiлiп (көп жылғы жиналған бiлiм), бiртұтас бiлiм болып жазылды.
Ол үш философиялық принциптерге негiзделген, олар: Дао‚ Инь-Ян және У-синь.
- Дао
“Дао” iлiмi (жол‚ бiлу, тану) бойынша табиғатта барлық құбылыс тығыз реттелуіне байланысты гармонияда жєне динамикалық байланыста болады‚ оның негiзiндегi тәртiп “Дао” принципi арқылы реттеледi.
“Дао” принциптерiн медицинада қолдану:
1) Адам ағзасы бiртұтас жүйеленген жүйе‚ ол сыртқы орта принциптерi мен заңдылықтарына бағынады. Адам табиғатпен гармонияда тұру керек. Дәрiгер соны бақылап отыру керек‚ бiр кезде дәрiгердiң мiндетi адамға дұрыс өмiр сүрудi (салауатты өмiр сүру) жыл уақытына‚ күнiне байланысты диета қолдануды‚ ауру тудырмайтын профилактикалық шараларды қолдануды үйрету болған. Сол үшiн дәрiгер айлық алған (дәрiгер адам ауырмағаны үшiн айлық алған‚ ауырған кезде ол тегiн емдеген) .
2) “Дао” бiлiмiндегi бiртұтастық идеясы диагностика мен терапияның бастауыш пункты болады:
3) Жалпы табиғаттағы сияқты Инь-ян медицинада өз көрiнiсiн табады‚ ол дєст‰рлі Қытай медицинасыныњ аурулар теориясының негiзi және аурудың фазасы мен типтерi туралы iлiм болады.
- Инь-Ян
Жоғарыда айтылғандай табиғат бiртұтас‚ әрқашан қозғалыста‚ өзгерiсте‚
және екi қарама-қарсы құбылысқа байланысты - (бағынышты) - олар Инь-Ян деп аталады.
Ян ұғымы - таудың жарық күнгей жағы‚ жарық, жылы ауа‚ динамикалық позитивтi жасаушы‚ еркек тип. Янның символы - от.
Инь - ұғымы - таудың көлеңке терiскей жағы‚ қараңғы‚ суық‚ су‚ пассивтi‚ негативтi‚ сақтаушы‚ әйел тип. Иннiң символы - су.
1) Инь-ян бiр-бiрiне тәуелдi және қарама-қарсы‚ бiрiн-бiрi толықтырып отырады.
2) Инь-ян тығыз байланыста‚ бiреуi көбейсе‚ екiншiсi азаяды. Таза ян жоқ‚ таза Инь-жоқ‚ “Иньде ян бар‚ Янда - инь бар”.
1-кесте
Инь-Ян концепциясы
(Г. Шмидт бойынша, 1982 ж. )
Таудың жарық жағы
Жарық
Жылы
Ауа
Динамикалық
Позитивтi
Өндiрушi
Еркек принцип
Таудың көлеңке жағы
Қараңғы
Суық
Су
Пассивтiк
Негативтi
Сақтаушы
Әйелдiк тип
Ян мен Инь теңдiгi адам өмiрi мен табиғаттағы өмiрдiң негiзi, ал олардың аралығындаѓы теңдiк бұзылса‚ дисгормония пайда болады.
Инь-ян концепциясыныњ медицинада қолданылуы:
- Аѓзаныњ құрылысы
2-кесте
Инь-Ян концепциясы
(Г. Шмидт бойынша, 1982 ж. )
Ақыл (ой)
Энергия
Дене (сома)
Қан (дене сұйықтары)
Сыртқы бөлiгi
Терi, бұлшық еттердiң беткi қабаты, дененiң жоғарғы жағы
Артқы жағы
Сол жағы
Iшкi бөлiгi
Бұлшық еттердiң терең қабаты, сүйектер, дене қуысы
Алдыңғы жағы
Оң жағы
Қуыс мүшелер
асқазан, өт қабы, аш iшек, тоқ iшек, қуық
Тығыз мүшелер
Талақ, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек
Көңiлдi
Жылдам
Көңiлсiз
Баяу
Жедел
Динамикалық
Созылмалы
Баяу
Бетi қызыл
Суық сусындарды қажет етедi
Бетi бозғылт
Ыстық сусындарды қажет етедi
Атлет, сангвиник,
Ян типтi
Астеник, меланхолик
Инь типтi
- Патогенезi
Инь-Ян тепе-теңдiгi болғанда, ағзада гармония, денсаулық жақсы болады.
Инь басым болып, Ян төмендесе, ағзада патология - суық синдромы болады.
Инь төмен болып, Ян басым болса, ағзада патология - ыстық синдромы болады.
- Диагностикада
Инь синдромында төмендегi клиникалық көрiнiстер болады: аурудың терi қабаттары бос‚ түсi бозғылт‚ аурудың қозғалысы баяу‚ ауру жаурағыш болады‚ пульстың соғуы - баяу.
Янь синдромында келесi клиникалық көрiнiстер болады: аурудың дене құрылысы жақсы‚ терiсi қызыл шырайлы‚ қозғалысы жылдам‚ бақуатты (энергичное) ‚ пульсі - жылдам‚ сыртқы.
- Терапияда
а) Сыртқы патогендi фактор ағзаға енiп, Ян-Инь тепе-теңдiгi бұзылған кезде, Ян Инь-нен басым болса, Ян-ды әлсiрету (азайту) керек; ал егер Ян Инь-нен төмен болса, Инь-дi басу (азайту) керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz